Ашық үкімет порталдарында WCAG 2.0 халықаралық стандартына сәйкес нашар көретіндерге арналған нұсқа іске асырылды. Баспаға шығару нұсқасы
2019 жылғы 1 сәуір01.04.2019 ж. «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ WCAG 2.0 халықаралық стандартына сәйкес нашар көретіндерге арналған Ашық үкімет порталдарының нұсқасы жүзеге асырылатыны туралы хабарлайды.
Бұл нұсқаның басты ерекшелігі – дұрыс таңдалған түсті гаммасы. Көру проблемалары бар пайдаланушылар үшін сайттың түсі қарама-қарсы емес, барлық түсті гамма барынша монотонды.
Стандартқа сәйкес нашар көретіндерге арналған порталдардың нұсқасы келесі қағидаттарға сәйкес келеді:
Қабылдау – Порталдың ақпарат және интерфейс элементтері пайдаланушыларға қабылдау үшін қолжетімді:
- қаріп өлшемі 3 есе ұлғайтылуы мүмкін;
- қара-ақ немесе керісінше ақ-қара мәтін түсін және фонды таңдау мүмкіндігі;
- әріптер арасындағы интервалдың 3 түрін және қаріп стильдерінің 2 түрін таңдау мүмкіндігі;
Басқару – пайдаланушы интерфейсі мен навигацияның барлық элементтері басқару үшін қолжетімді, яғни порталдардың әдеттегі нұсқаларының барлық негізгі функционалы мүмкіндіктері шектеулі адамдар үшін нашар көретіндерге арналған нұсқаларға бейімделген;
Түсініктілік – порталдардың мазмұны мен интерфейсі жалпы пайдаланушыға түсінікті және стандартқа сәйкес нашар көретіндерге арналған нұсқаларда flash анимация мен бейне роликтер пайдаланылмайды, сондай-ақ суреттерді қосу/өшіру мүмкіндігі бар;
Сенімділік – түрлі платформалармен және браузерлермен үйлесімді бір мазмұн, яғни пайдаланушылар порталдардың функционалын әртүрлі браузерлер мен платформаларда арнайы нұсқада толық көлемде пайдалана алады.
Ашық Үкіметтің негізгі мақсаты айқын есеп беретін мемлекетті құру, азаматтардың мемлекетті басқарудағы құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту, сондай-ақ мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыру үшін жаңа технологияларды пайдалану болып табылады.