Egov.kz порталында Семей полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарға арналған жаңа қызмет пайда болды Баспаға шығару нұсқасы
2022 жылғы 18 сәуірСемей сынақ полигоны аумағында 1949-1965 жылдар аралығында, сондай-ақ 1966-1990 жылдар аралығында өмір сүрген азаматтар eGov.kz порталында жаңа қызметтің көмегімен мемлекеттен төлем ала алады.
Осындай қызмет еліміздегі ХҚКО-ының және Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандар мен облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының көмегімен де көрсетіледі.
Тек 2021 жылдың өзінде ХҚКО арқылы 7 мыңға жуық адам қағаз түрінде өтініш берген болатын.
«Бұл қызмет бұрын ХҚКО арқылы қағаз түрінде ғана көрсетілетін. Азаматтаға ыңғайлы болу үшін мемлекеттік органдармен бірлесіп, қызметті онлайн форматқа көшірдік. Бұл Семей өңірінің тұрғындары үшін өте маңызды әрі қажетті қызмет деп ойлаймыз. «ҰАТ» АҚ ұжымының атқарған жұмысының арқасында онлайн мемлекеттік қызметтердің тізімі күннен-күнге өсіп келеді», - деп «ҰАТ» АҚ басқарма төрағасы Ростислав Коняшкин атап өтті.
Қызметті пайдалану үшін egov.kz порталына кіріп, басты бетте «Әлеуметтік қамсыздандыру» бөлімін ашып, «Отбасыларға көмек» тармағын таңдап, қажет қызметті таңдау қерек. Әрі қарай, пайдаланушы:
- порталда авторизацияланады;
- онлайн қызметке тапсырыс береді;
- барлық қажетті жолдарды толтырады;
- ЭЦҚ немесе екі факторлы аутентификация көмегімен өтінімге қол қояды.
Комиссияның шешімі туралы ақпарат болмаған жағдайда, куәліктің телнұсқасын алу және біржолғы төлемді тағайындау туралы өтініш беру мүмкіндігі бар. Ол үшін 1-ші қадамда қызметтердің 2 және 3 ішкі қызмет түрін таңдау керек.
Куәлік болмаған жағдайда, сіз куәлік алуға және біржолғы төлемді тағайындауға өтініш бере аласыз. Ол үшін 1-ші қадамда 1 және 3 ішкі қызмет түрін таңдау қажет.
Бейне нұсқаулыққа сілтеме: https://www.youtube.com/watch?v=a3tejTlHI40
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі 20 жұмыс күні ішінде қалыптастырылатын және пайдаланушының «Жеке кабинетінде» сақталатын хабарлама болып табылады. Хабарламаны алғаннан кейін өтініш беруші тұрғылықты жері бойынша жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінен жеке куәлікті / жеке куәліктің телнұсқасын алуы қажет.
Біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы өңірлер, республикалық маңызы бар қалалар және мемлекет астанасы бойынша өтемақы төлеу кестесіне сәйкес жүзеге асырылады.
Айта кететін жағдай, төлем бір реттік болып табылады және оны бұрын алған адамдарға берілмейді.
1992 жылғы 18 желтоқсандағы № 1787-XII қолданыстағы заңнамаға сәйкес зардап шеккен азаматтарға біржолғы өтемақы 1993 жылдан бастап берілетіндігі жайлы хабарлаймыз.