Сіз авторизациялаудан өтпедіңіз. Қызметті алу үшін авторизациялаудан өту немесе немесе тіркелу керек.

Паспорт, жеке куәлік қалай алу керектігі туралы бейнероликті қараңыздар

Қызметті онлайн алу

  1. Порталда авторлану және  "Қызметке онлайн тапсырыс беру"  батырмасы бойынша өту.
  2. Өтінімді толтыру және ЭЦҚ қол қою (электрондық цифрлық қолтаңбамен).Өтінімге құжаттарды қоса тіркеу:
  3. Қажет болған кезде қызметтерді көрсету үшін мемлекеттік баж алымын төлеу
  • Төлеу туралы толығырақ

  1. Жеке кабинетте («Қызметтерді алу тарихы» тарауында) көрсетілген уақыт ішінде келіп түсетін, сіздің өтініміңізді өңдеу туралы хабарламамен танысу.

*Портал арқылы жеке басын куәландыратын құжатты жаңа үлгідегі құжатқа ауыстыру қажет болған кезде алуға болады. Өзге жағдайда қызмет ХҚКО-да немесе өкілетті органда көрсетіледі.Онлайн қызметті Астана қаласының тұрғындары ала алады.

Қызметті ХҚКО арқылы алу (қажетті құжаттар):

  1. 3,5х4,5 см форматындағы екі фотосүрет;
  2. Құжат үшiн мемлекеттiк баж төлегенi туралы түбiртектi (мемлекеттiк баж төлеуден босатылған тұлғалар растайтын құжаттарын) ұсынады.
  1. Төмендегі құжаттардың бірі:
    • туу туралы куәлiк (16 жасқа толған соң жеке куәлiк алу кезiнде, 16 жасқа дейiн паспорт алу кезiнде);
    • ҚР азаматының паспорты (паспорт ауыстырған кезде);
    • Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлiгi (жеке куәлiктi ауыстырған кезде, 16 жасқа толған кезде бiрiншi рет паспорт алған кезде);
    • iшкi iстер органдары беретiн белгiленген нысандағы ҚР азаматтығына қабылданғаны туралы анықтама (ҚР азаматтығына қабылдануға байланысты құжаттарды алған кезде);
    • Қазақстан Республикасының шетелдiк мекемелерi берген қайтып оралу куәлiгi (Қазақстан Республикасы азаматының паспортын шет елде уақытша жүргенде жоғалтқан кезде).

Қызметті портал арқылы алу үшін

Ескертпе

Қызмет көрсету нәтижесі

Қазақстан Республикасы азаматының паспортын және жеке куәлiгiн беру.