"Некенің бұзылуы туралы тіркеуге электронды өтініш беру"

қызмет электрондық форматта қолжетімді


Қызметті алу (қажетті құжаттар)    

сот шешімінің негізінде некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды тіркеу үшін

  1. Белгіленген нысандағы өтініш.
  2. Жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін).
  3. Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы сот шешімінің көшірмесі.
  4. Бюджетке мемлекеттік баждың төленгенін растайтын құжат.
  5. Көрсетілетін қызметті алушының өкілі жүгінген жағдайда нотариатта  куәландырылған сенімхат.

кәмелетттік жасқа толмаған балалары жоқ ерлі-зайыптылардың өзара келісімі бойынша некесін бұзуын тіркеу үшін

  1. Өтініш.
  2. Жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін).
  3. Некені қию (ерлі-зайыптылық) туралы куәлік.
  4. Бюджетке мемлекеттік баждың төленгенін растайтын құжат.

сот шешімінің негізінде белгіленген тәртіпте хабар-ошарсыз кеткен немесе жан күйзелісі сырқатының немесе ақыл-есі кемдігінің салдарынан әрекетке қабілетсіз деп танылған адамдармен, не қылмыс жасағаны үшін үш жылдан астам мерзімге бас бостандығынан айыруға сотталған адамдармен некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды тіркеу үшін

  1. Белгіленген нысандағы өтініш.
  2. Жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін).
  3. Сот шешімінің немесе сот үкімінің көшірмесі.
  4. Неке қию (ерлі-зайыптылық) туралы куәлік.
  5. Бюджетке мемлекеттік баждың төленгенін растайтын құжат.
  6. Көрсетілетін қызмет алушының өкілі жүгінген жағдайда нотариалды куәландырылған сенімхат.

өзгерістер, толықтырулар және түзетулер енгізу үшін

  1. Өтініш.
  2. Жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін).
  3. Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы куәлік, егер куәліктің түпнұсқасы жоғалған болса – некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы анықтама.
  4. Бюджетке мемлекеттік баждың төленгенін растайтын құжат.
  5. Көрсетілетін қызметті алушының өкілі жүгінген жағдайда нотариатта  куәландырылған сенімхат.

Қызмет көрсету нәтижесі

Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы куәлік, енгізілген өзгерістерімен, толықтыруларымен және түзетулерімен некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы  қайталама куәлік.

Порталда - электрондық өтінішті алғанын растау және некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды тіркеу күнінің белгілеуі туралы хабарлама.