Сіз авторизациялаудан өтпедіңіз. Қызметті алу үшін авторизациялаудан өту немесе немесе тіркелу керек.

Сервистің көмегімен сізге тізімде берілген мемлекеттік органдарға өтініш жазу және жіберу мүмкіндігі беріледі. Бұл жерде өтініштің жеткізілуіне кепіл алуға, орындалу мәртебесін бақылауға және осы жерде порталда өтінішке жауап алуға болады.

 

Бұл үшін не істеу керек?

  1. www.egov.kz-та авторлану.
  2. «Электрондық өтініштер» сервисін таңдау.
  3. Ұсынылған нысанды толтыру.
  4. ҚР ҰКО ЭЦҚ-мен қол қою;
  5. Мемлекеттік органға жіберу.

 

Құжатты қарастыру кезінде пайдаланушының жеке кабинетіне келеді:

1) жеткізілуі туралы хабарлама;

2) өтінішті тіркеу, тіркеу күні менмемлекеттік органда тағайындалған тіркеу нөмірі көрсетілген хабарлама немесе өтінішті тіркеуден бас тарту себебі көрсетілген тіркеуден бас тарту туралы хабарлама;

3) орындаушы мен орындау мерзімі көрсетілген орындауға жіберу туралы хабарлама;

4) орындаушы, орындау күні мен өтінішті қарастыру нәтижелері туралы хабарлама, немесе мемлекеттік органның құзыретіне сәйкес орталық және жергілікті атқарушы органдарға және өзге органдарға жіберуі туралы ақпарат;

5) орындаушы, орындау күні мен өтінішті қарастыру нәтижелері туралы хабарлама, немесе мемлекеттік органның құзыретіне сәйкес орталық және жергілікті атқарушы органдарға және өзге органдарға жіберуі туралы ақпарат.

Ескерту: «Электрондық өтініштер» электрондық қызметін пайдаланушының нұсқаулығын осы жерден жүктеуге болады.

Сіздің жүгінуіңізге кіріс нөмірі тағайындалғаннан кейін мемлекеттік органның одан арғы әрекеттері туралы ведомствоның кеңсесіне тікелей қоңырау шалу арқылы  біле аласыз. Бұл жерден сіз ҚР мемлекеттік органдарының телефондары мен мекенжайларын біле аласыз.

Қызмет көрсету нәтижесі

Өтінішке жауап (Хат). Өтінішті қарау нәтижелері туралы ақпарат немесе мемлекеттік орталық, жергілікті атқарушы және аумақтық органдарға жіберу туралы ақпарат