Мемлекеттік қызметтер
және ақпарат онлайн

A
A
A
Бірыңғай байланыс орталығы 14148-800-080-7777 ҚОҢЫРАУ ШАЛУ ТЕГIН

Қазақстан Республикасының министрліктері мен комитеттері

Министрліктер мемлекеттік басқарманың тиісті саласына басшылықты жүзеге асырушы Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдары болып саналады. Министрліктердің құқықтық мәртебесі заңға тәуелді актілердегі қызмет салаларын реттеуші түрлі заңдарда бекітілген. Министрліктер ҚР Президентінің бұйрығымен құрылады, қайта құрылады және тартылады.  Министрлердің орынбасарлары Премьер-Министрдің ұсынысы бойынша үкіметпен тағайындалады. Сонымен қатар министрліктерде министрдің бұйрығымен орындау үшін, шешімдерді қабылдай алатын консультациялық, үйлестіруші және кеңесші алқа бөлімшелері құрылады. Министрліктің құрылымында министрлік қызметіне тапсырылған салаларды тікелей басқаруды жүзеге асыратын департаменттер, басқармалар, комитеттер құрылады. Министрліктер, екі жақты бағынатын өңірлік бөлімшелерге ие: тігінен тиісті министрлікке бағынатын және көлденеңнен жергілік әкімшілікке бағынатын (мысалы, білім бөлімдері, қаржы бөлімдері және т.б). Министрліктер оларға тапсырылған басқару салалардың жағдайына және одан әрі дамуы үшін, ғылыми – техникалық ілгерілеуі үшін, осы саланың барлық өнімдеріне деген мемлекет мұқтаждығының толық қанағаттануына жауап береді. Министрліктер тапсырылған салаларға басшылық етеді, оларға берілген құқық шегіндегі барлық мәселелерді шешуге өкілетті, өз қызметтерінде салааралық мәселелерді шешу және жобаларды әзірлеу үшін басқа да министрлік және ведомстволармен байланысты және өз ара қарым-қатынастарды жүзеге асыруға шақырады. Министрліктер өз құзыретінің шегінде жоғары тұрған мемлекеттік үкімет органдарының және басқармаларының заңдарын және басқа да шешімдерін, Президент қаулыларын орындау мақсатында және соның негізінде актілерді шығарады. Министрліктердің актілері  бұйрықтар, нұсқаулар, ережелер  ретінде шығарылады. Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 6 тамыздағы № 875 Жарлығы  бойынша Үкіметте 12 министрліктер мен 30 комитеттерден артық мекемелер жұмыс істейді.

hiddenБарлық тізімдерді жасыру     showБарлығын ашу

ҚР Ішкі істер министрлігі

ҚР инвестиция және даму жөніндегі министрлігі

ҚР Денсаулық және әлеуметтік даму министрлігі

ҚР Сыртқы істер министрлігі

ҚР Мәдениет және спорт министрлігі

ҚР Білім және ғылым министрлігі

ҚР Қорғаныс министрлігі

ҚР Энергетика министрлігі

ҚР Ұлттық экономика министрлігі

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі

ҚР Қаржы министрлігі

ҚР Экономикалық ықпалдастыру істері министрлігі

ҚР Әділет министрлігі

ҚР Мемлекеттік Қызмет істері министрлігі

 


Жоғары