Мемлекеттік қызметтер
және ақпарат онлайн

A
A
A
Бірыңғай байланыс орталығы 14148-800-080-7777 ҚОҢЫРАУ ШАЛУ ТЕГIН

1-қадам - Нұсқаулықпен танысу және БЖ орнату

Электрондық цифрлық қолтаңбаны екі жолмен алуға болады (қалауыңызша):

1. ЭЦҚ-ны жаңа үлгідегі жеке куәліктің чипіне жазу арқылы. Бұл үшін  жақын маңында орналасқан ХҚКО барып, жеке куәлікті көрсету керек. Жеке куәлікке жазылған ЭЦҚ-мен тек арнаулы карт-ридер болған кезде ғана жұмыс жасауға болады. Бұл жөнінде толығырақ осы бетте біле аласыздар.

2. ЭЦҚ алуға онлайн-өтінімді беріп, оны компьютерде сақтау арқылы. Бұл жағдайда да берілген өтінімді растау үшін ХҚКО бару қажет. Онлайн-өтінімді беру рәсімі төменде көрсетілген үш кезеңнен тұрады (1-қадам - Нұсқаулықты оқу және БҚ орнату, 2-қадам - онлайн-өтінімді беру, 3-қадам - онлайн-өтінімді растау және ЭЦҚ алу).

Нұсқаулықпен танысу және бағдарламалық жасақтама орнату

Тіркеу куәлігін алу үшін Сізге on-line режимінде өтініш беру қажет. Сыртқы құрылымына немесе файлдық жүйеге Сіздің жабық кілтіңіз ЭЦҚ құрылатын болады. Өтінішті ойдағыдай бергеннен кейін, тиісті құжаттар пакетін жинап, Сізге ҚР ҰКО Тіркеу Орталығына өтініш білдіру қажет, онда тіркеу куәлігін шығаруға Сіздің өтінішіңіз берілген болатын.

Онлайн-тапсырыс берердің алдында, пайдаланушының нұсқаулығымен танысыңыз:

Бағдарламалық жасақтама орнату:

  • Java бағдарламалық жасақтама;

Егер сіз автоматты орнатушының көмегімен негізгі сертификатты орнатуға қиналсаңыз, онда қол режиміндегі  негізгі сертификатты жүктеңіз және іске қосыңыз.

 

Заңнама
"Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 7 қаңтар N 370-ІІ Заңы
"Қазақстан Республикасы Ұлттық куәландырушы орталығының тіркеу куәліктерін беру және кері қайтарып алу" электрондық мемлекеттік қызметтің регламенті
"Қазақстан Республикасының Ұлттық куәландырушы орталығының тіркеу куәліктерін беру және кері қайтарып алу" мемлекеттік қызмет стандарты


Жоғары