Қызметті онлайн алу

  1. Авторлану және «Қызметті онлайн алу» батырмасы бойынша өту
  2. Өтінімді толтыру және ЭЦҚ қол қою (электрондық цифрлық қолтаңбамен).
  3. Жеке кабинетте («Қызметтерді алу тарихы» тарауында) өңделген анықтамамен танысу  және талап етілген жерге ұсыну.
Онлайн өтініш беру "оралман" мәртебесі бар адамдар үшін қол жетімді емес.

Қызметті мемлекеттік органда және ХҚКО алу (қажетті құжаттар)

  1. Өтініш.
  2. Жеке басын куәландыратын құжат:
    • ҚР азаматтары – жеке куәлік (паспорт);
    • шетелдіктер және азаматтығы жоқ тұлғалар – ҚР-да шетелдіктің ықтиярхаты және азаматтығы жоқ тұлғаның ішкі істер органдарында тіркелгені туралы белгісі бар куәлігі;
    • оралмандар – оралман куәлігі.

Қызмет көрсету нәтижесі

Жұмыссыз ретінде тіркеу туралы анықтама немесе қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәйекті жауап.