Сіз авторизациялаудан өтпедіңіз. Қызметті алу үшін авторизациялаудан өту немесе немесе тіркелу керек.

Қызметті онлайн алу

  1. Порталда авторлану және «Қызметті онлайн алу» батырмасы бойынша өту.
  2. Өтінімді толтыру және ЭЦҚ қол қою (электрондық цифрлық қолтаңбамен). Өтінімге құжаттарды қоса тіркеу:

нотариаттық кеңсеге ұсынуға арналған анықтама алу мақсатында

кәмелетке толмаған балаға тиесілі тұрғын үй кепілдігімен несие ресімдеу үшін банктерге анықтама алу үшін

  1. Жеке кабинетте («Қызметтерді алу тарихы» тарауында өңделген анықтамамен танысу  және талап етілген жерге ұсыну.

Қосымша: бірге берілетін құжаттардың  рұқсат етілетін максималды көлемі 1 МБ-тан аспауы керек

Қызметті ХҚКО-да алу  

  1. Мемлекеттік қызметті алушының (кәмелетке толмаған балалардың екі ата-анасының (ерлі-зайыптылардың) немесе оларды алмастыратын адамдардың (қорғаншылар (қамқоршылар), патронат тәрбиешілер) өтініші.
  2. Заңды өкілдерінің кепілде тұрғын үйді беру туралы нотариалды расталған өтініші, банк алдында міндеттерін тиісінше орындамаған жағдайда кепілді тұрғын үйді беру туралы жақын туыстарының нотариалды расталған өтініші.
  3. Тұрғын үйдің меншік иелері болып табылатын кәмелетке толмаған баланың оқу орнының басшысы куәландырған жылжымайтын мүлікті иеліктен айыру жөніндегі мәмілелерді жасауға анықтама-келісімі.
  4. Ерлі-зайыптылардың біреуі болмаған жағдайда, оның мәмілелерді ресімдеуге нотариуспен расталған сенімхаты.
  5. Қайтыс болуы туралы куәлік;
  6. Мемлекеттік қызметті алушының (заңды өкілдердің) жеке басын растайтын құжаттың деректері;
  7. Баланың туу туралы куәлігінің (2007 жылғы 13 тамызға дейін туылған жағдайда) деректері;
  8. Некеге тұру туралы куәлігінің (некеге 2008 жылға дейін тұрған жағдайда) деректері;
  9. Некені бұзу туралы куәлігінің (неке 2008 жылға дейін бұзылған жағдайда) деректері;
  10. № 4 нысандағы анықтаманың (бала 2008 жылға дейін некеден тыс туылса) деректері;
  11. Жылжымайтын мүлікке (жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы куәлік, мүлікке техникалық паспорт) құжаттардың деректері.

 

Қызмет көрсету нәтижесі

Cправка органов, осуществляющих функции по опеке или попечительству, для оформления сделок с имуществом, принадлежащим на праве собственности несовершеннолетним детям, выдаваемая по месту нахождения недвижимого имущества, либо мотивированный ответ об отказе в оказании государственной услуги