Мемлекеттік қызметтер
және ақпарат онлайн

A
A
A
Бірыңғай байланыс орталығы
1414
8-800-080-7777 (қоңырау шалу тегін)



Жоба

«Мемлекеттік қызметтер туралы»

Қазақстан Республикасының Заңы

Осы Заң мемлекеттік қызметтер саласындағы қатынастарды реттейді, мемлекеттік органдардың құзыретін, мемлекеттік қызметтер саласындағы жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен міндеттерін белгілейді, сондай-ақ осы саладағы мемлекеттік саясатты іске асырудың негізгі норамаларын айқындайды.

1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

1) мемлекеттік қызмет – Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған, бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын, жеке және заңды тұлғалардың (мемлекеттік органдарды қоспағанда) өтінімдері немесе өтінімдерісіз орындалатын жеке және заңды тұлғалардың (мемлекеттік органдарды қоспағанда) заңды құқықтары мен мүдделерін қанағаттандыруға бағытталған орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың, олардың ведомстволық тәуелді ұйымдарының және өзге заңды және жеке тұлғаларының іске асырушылық функцияларының бір түрі;

2) мемлекеттік қызмет көрсетуді алушы – мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінде олардың заңды құқықтары мен мүдделері қанағаттандыру мәні болатын жеке және заңды тұлға;

3) композитті мемлекеттік қызмет көрсету – мемлекеттік қызмет көрсетудің логикалы байланысқан жиынтығы, оны көрсету үдерісі бірнеше мемлекеттік қызмет көрсету субъектілерінің белгілі бір салада алушының қызмет алу қажеттігі пайда болған кезден бастап соңғы нәтижені (нәтижелерді) алғанға дейін барлық кезеңдердегі өзара іс-әрекетін талап етеді;

4) мемлекеттік қызмет көрсету субъектісі – олардың қызмет көрсетуін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекет қаржыландыратын орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар, олардың ведомстволық тәуелді ұйымдары, өзге жеке және заңды тұлғалар;

5) мемлекеттік қызметтер тізілімі – мемлекеттік қызмет көрсету стандартын әзірлейтін мемлекеттік орган көрсетілетін мемлекеттік қызметтер, мемлекеттік қызмет көрсетуді алушылар, мемлекеттік қызмет көрсету субъектілерінің, әр мемлекеттік қызмет көрсету үлгісі, нәтижесі, және өзге сипаттамалары бойынша тізімді қамтитын нормативтік құқықтық акт;

6) мемлекеттік қызмет көрсету стандарты – мемлекеттік қызмет көрсету үдерісі, үлгісі, мазмұны және нәтижесі сипаттамалары қамтылған мемлекеттік қызмет көрсетуге талаптар бекітетін нормативтік құқықтық акт;

7) мемлекеттік қызмет көрсету регламенті – мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарының сақталуына талаптар бекітетін және мемлекеттік қызмет көрсету субъектілерінің қызмет тәртібін анықтайтын нормативтік құқықтық акт;

8) мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы уәкілетті орган – саясатты қалыптастыруды және мемлекеттік қызмет көрсету саласының кешенді дамуын жүзеге асыратын орталық мемлекеттік орган;

9) ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган – мемлекеттік қызмет көрсетуді автоматтандыру саясатын қалыптастыруды және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіруді жүзеге асыратын орталық мемлекеттік орган;

10) мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау жөніндегі уәкілетті орган – мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылауды жүзеге асыратын орталық мемлекеттік орган;

11) мемлекеттік қызмет көрсету сапасын сыртқы бақылау – мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау жөніндегі уәкілетті органның және оның аумақтық бөлімшелерінің мемлекеттік қызмет көрсету субъектілерінің мемлекеттік қызмет көрсету стандарттары мен регламенттерін сақтауды тексеру және мониторингілеу жөніндегі қызметі;

12) мемлекеттік қызмет көрсету сапасын ішкі бақылау – мемлекеттік қызмет көрсету субъектілерінің мемлекеттік қызмет көрсету стандарттары мен регламенттерін сақтауды тексеру және мониторингілеу жөніндегі тиісті орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың қызметі;

13) мемлекеттік қызмет көрсету сапасын қоғамдық бақылау – мемлекеттік қызмет көрсету субъектілерінің мемлекеттік қызмет көрсету сапасын және тәртібін бағалауға бағытталған қоғамдық ұйымдардың қызметі;

14) халыққа қызмет көрсету оратлығы – «жалғыз терезе» принципі бойынша өтінімдерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін мемлекеттік қызмет көрсетуді алушыларға беру жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға;

15) «жалғыз терезе» принципі – мемлекеттік қызмет көрсетуді алушының мемлекеттік қызметті көрсету кезінде құжаттарды жинау және әзірлеуге шекті қатысуын және оның мемлекеттік қызмет көрсету субъектісімен тікелей байланысын шектеуді қарастыратын мемлекеттік қызмет көрсетуді ұсыну үлгісі;

16) халыққа қызмет көрсету орталықтарының ақпараттық жүйесі – Қазақстан Республикасының халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы мемлекеттік қызмет көрсету үдерісін автоматтандыруға және мониторингілеуге арналған ақпараттық жүйе;

17) «электронды үкімет» веб-порталы – нормативтік құқықтық базаға және электронды үлгіде көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге консолидирленген барлық үкіметтік ақпаратқа бірыңғай қолжетімділікті көрсететін ақпараттық жүйе;

18) мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай Call-орталық – Қазақстан Республикасында көрсетілетін мемлекеттік қызмет көрсету туралы мемлекеттік қызмет алушыларды ақпараттандыруды қамтамасыз ететін ақпараттық-анықтамалық қызмет;

19) мемлекеттік қызмет көрсетуді автоматтандыру – мемлекеттік қызмет көрсетуді электронды нысанға көшіру үшін мемлекеттік қызмет көрсету субъектісінің әкімшілік процестерін қайта құру;

20) мемлекеттік қызмет көрсету процесін оңтайландыру – мемлекеттік қызмет көрсету процедурасын ықшамдауға, оның ішінде талап етілетін құжаттар тізімін, мемлекеттік қызмет көрсету мерзімін қысқартуға және оны көрсету процесінде артық тетіктерді жоюға бағытталған шара;

21) шағым – мемлекеттік қызметті алушының немесе оның мүдделерін қорғауға құқылы тұлғалардың мемлекеттік қызмет көрсетуді алу кезінде заңды құқытар мен мүдделерді қалпына келтіру және қорғау туралы мемлекеттік қызмет көрсету субъектілерінің заңсыз әрекетін немесе әрекетсіздігін жою жөніндегі талабы;

2-бап. Мемлекеттік қызметтер саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасы

1. Мемлекеттік қызметтер саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен құралады.

2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта Осы Заңда қолданылатыннан өзге қағидалар белгіленсе, онда халықаралық шарттық қағидасы қолданылады.

3-бап. Осы Заңның қолданылатын саласы

Осы Заң мемлекеттік қызметерді көрсету және алу кезінде туындайтын, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттік қызметтер саласындағы мемлекеттік органдар мен ұйымдардың құқықтарын қорғау кезіндегі қатынастарды реттейді.

4-бап. Мемлекеттік қызметтер саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі үдерістері

Мемлекеттік қызметтер саласындағы мемлекеттік саясат:

1) сапалы мемлекеттік қызметтер көрсету;

2) мемлекеттік қызметтердің қол жетімділігі;

3) мемлекеттік қызметтерді көрсету рәсімдерінің ашықтығы мен айқындығы;

4) мемлекеттік қызметтерді алушылардың бағыттылығы;

5) мемлекеттік қызметтер алушылардың заңды құқықтары мен мүдделерін сақтау;

6) мемлекеттік қызметтер саласындағы нормативтік құқықтық қамтамасыз етудің ашықтығы, айқындығы, қол жетімділігі;

7) мемлекеттік қызметтерді көрсетудің құқықтық және ұйымдастырушылығы біріңғайлығының негіздері;

8) мемлекеттік қызметтерді көрсету кезіндегі ғылыми тәсіл мен инновацияларды қолдану;

9) мемлекеттік қызметтердің мемлекеттік қызметтер стандарттарына сәйкес келіун қамтамасыз ету бойынша лауазымды тұлғалардың жауапкершілігі.

5-бап. Мемлекеттік қызметтердің жіктелуі

1. Қазақстан Республикасында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер:

әкімшілік мемлекеттік қызметтерге;

әлеуметтік мемлекеттік қызметтерге;

қоғамдық мемлекеттік қызметтерге жіктеледі.

2. Мемлекеттік қызметті алушының өтініші бойынша мемлекеттік қызметті көрсету суббъектілерімен көрсетілетін рұқсат беру құжаттары бойынша (лицензиялау, тіркеу, сертификаттау бойынша құжаттары қосқанда), сараптамалық, ғылыми қорытындылар, анықтамалар және өзге де ақпараттық құжаттар, жеке және заңды тұлғаларды құжаттандыру қоғамдық қатынас саласына байланысты мемлекеттік қызметтер әкімшілік мемлекеттік қызметтер болып табылады.

3. Мемлекеттік қызметті алушының өтініші бойынша мына салаларда мемлекеттік қызметті көрсету суббъектілерімен көрсетілетін мемлекеттік қызметтер (әкімшілік мемлекеттік қызметтерге жататын мемлекеттік қызметтерді санамағанда) әлеуметтік мемлекеттік қызметтер болып табылады:

білім беру;

денсаулық сақтау;

әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамтамасыз ету;

мәдениет және ақпарат;

дене шынықтыру және спорт.

4. Мемлекеттік қызметті алушының өтінішісіз мына салаларда мемлекеттік қызметті көрсету субектілерімен көрсетілетін қоғамдық игілікті алуды қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік қызметтер қоғамдық болып табылады:

қоғамдық тәртіп және қауіпсіздік;

елді мекендерді абаттандыру;

қала құрылысы;

тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық;

көлік және коммуникация.

5. Әкімшілік, әлеуметтік және қоғамдық мемлекеттік қызметтер түрлері Қазақстан Республикасы Үкіметімен анықталады.

2-тарау. МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕР САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ

6-бап. Мемлекеттік қызметтер саласындағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыреті

Қазақстан Республикасының Үкіметі:

1) мемлекеттік қызметтер саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарды әзірлейді;

2) Мемлекеттік қызметтер тізілімін бекітеді;

3) мемлекеттік қызметтің үлгілік стандартын бекітеді;

4) мемлекеттік қызметтің үлгілік регламентін бекітеді;

5) мемлекеттік қызметтік стандартын бекітеді;

6) автоматтандыруға жататын мемлекеттік қызметтердің тізімін бекітеді;

7) халыққа қызмет көрсмету орталықтары арқылы көрсетілуге жататын мемлекеттік қызметтер таңдау қағидаларын бекітеді;

8) Конституцияға, Қазақстан Республикасы заңдарына және Қазақстан Республикасы Президенті актілеріне сәйкес мемлекеттік қызметтер саласындағы өзге де құзіреттерін жүзеге асырады.

7-бап. Мемлекеттік қызметтер саласындағы уәкілетті органның құзыреті

Мемлекеттік қызметтер саласындағы уәкілетті орган өз құзіреті шеңберінде:

1) мемлекеттік қызметтер саласындағы мемлекеттік саясат бойынша ұсыныстарды әзілейді;

2) мемлекеттік қызметтер саласын реттейтін мәселелер бойынша нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді және бекітеді;

3) мемлекеттік қызметтің үлгілік стандартын әзірлейді;

4) мемлекеттік қызметтің үлгілік регламентін әзірлейді;

5) мемлекеттік қызметтер тізілімін әзірлеу және жүргізу тәртібін анықтайды;

6) мемлекеттік қызметтердің стандарттары мен регламенттерін әзірлеуіне мониторинг жүргізеді және оның тәртібін анықтайды;

7) мемлекеттік қызметтің өзіндік құның есептеу тәртібін анықтайды;

8) мемлекеттік қызметтер саласындағы мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіреді;

9) осы Заңмен, өзге де Қазақстан Республикасы заңдарымен, Қазақстан Республикасы Президенті және Қазақстан Республикасы Үкіметі актілерімен көзделген өзге де құзыреттерді жүзеге асырады.

8-бап. Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бақылау бойынша уәкілетті органның құзыреті

Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау бойынша уәкілетті орган өз құзыреті шегінде:

1) мемлекеттік қызмет көрсету сапасына сыртқы бақылау жүргізеді;

2) мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қоғамдық бақылау жүргізуді қамтамасыз етеді;

3) мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру бойынша мемлекеттік қызметтер субъектілерінің қызметін қадағалайды;

4) ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасына әдістемелік әзірлейді;

5) мемлекеттік қызмет сапасын бақылау мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерді бекітеді және әзірлейді;

6) мемлекеттік қызметтердің стандарттары мен регламенттерін жетілдіру бойыншы ұсынымдарды әзірлейді;

7) мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау ... жетілдіру бойынша ұсынымдарды әзірлейді;

8) осы Заңмен өзге де Қазақстан Республикасы заңдарымен, сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Президенті және Қазақстан Республикасы Үкіметі актілерімен жүктелген өзге де құзыретті жүзеге асырады.

9-бап. Ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органның құзыреті

Ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган өз құзыреті шегінде:

1) мемлекеттік қызмет көрсету субъектілерін және мемлекеттік қызметті алушылардың ақпараттық қамсыздануын жетілдіруді қамтамасыз етеді;

2) мемлекеттік қызмет көрсету саласында бірыңғай ақпараттық кеңістікті және ақпараттық инфрақұрылымды қалыптастыруды жүзеге асырады;

3) мемлекеттік қызмет көрсету субъектілері қазметінің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз етеді;

4) мемлекеттік қызметті автоматтандыру жөнінде ұсыныстар әзірлейді;

5) мемлекеттік қызмет көрсетудің автоматтандырылуын бақылауды жүзеге асырады;

6) халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызмет етуін бақылауды жүзеге асырады;

7) мемлекеттік қызмет көрсету субъектілері мен халыққа қызмет көрсету орталықтарының өзара іс-қимылын үйлестіреді;

8) мемлекеттік қызмет туралы ақпаратты ұсыну жөнінде Бірыңғай Call-орталығының қызметін үйлестіреді;

9) автоматтандыруға тиісті мемлекеттік қызмет көрсету тізімін қалыптастырады;

10) композитті мемлекеттік қызмет көрсету тізімін әзірлейді және бекітеді;

11) мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау жөніндегі уәкілетті органмен бірлесіп мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалаудың әдіснамасын әзірлейді;

12) «электронды үкімет» веб-порталының кешенді технологиялық шешімін әзірлеудә және қосуды іске асырады;

13) халыққа қызмет көрсету орталықтары қызметі мәселелері жөніндегі әдіснамалық қамтамасыз етуді жүзеге асырады;

14) халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы көрсетілуі тиіс мемлекеттік қызмет көрсетуді іріктеу ережесін әзірлейді;

15) халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметі ұйымдастыру тәртібін әзірлейді және бекітеді;

16) халыққа қызмет көрсету орталықтары мәселелері жөніндегі нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді және бекітеді;

17) халыққа қызмет көрсету орталықтары ақпараттық жүйесінің мемлекеттік органдар, олардың ведомстволық тәуелді органдары және өзге мемлекеттік қызмет көрсететін заңды және жеке тұлғалардың ақпараттық жүйесімен ақпарат алмасу ережесін әзірлейді және бекітеді;

18) халыққа қызмет көрсету мәселелері туралы жеке және заңды тұлғалардың өтінімдерін бекітілген тәртіпте қарастырады;

19) Осы Заңмен, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарымен, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президенті және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерімен жүктелген өзге де міндеттерді атқарады.

10-бап. Мемлекеттік қызметтер саласындағы орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың құзыреті

1. Орталық мемлекеттік органдар өздерінің құзыреті шегінде:

1) мемлекеттік қызметтер стандарттарын әзірлейді;

2) мемлекеттік қызметтер регламенттерін әзірлейді және бекітеді;

3) мемлекеттік қызметтер стандарттары мен регламенттеріне сәйкес мемлекеттік қызметтерді көрсетеді;

4) мемлекеттік қызмет көрсету регламенттерін әзірлеу жөнінде жергілікті атқарушы органдардың қызметін үйлестіреді;

5) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетуді автоматтандыруды қамтамасыз етеді;

6) мемлекеттік қызмет көрсету сапасын ішкі бақылауды жүзеге асырады;

7) мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыруды қамтамасыз етеді;

8) мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарының қолжетімдігін қамтамасыз етеді;

9) мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы мемлекеттік қызмет көрсету алушыларды ақпараттандыруды қамтамасыз етеді;

10) мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау үшін мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау жөніндегі уәкілетті органға ақпарат ұсынады;

11) мемлекеттік қызмет көрсету сапасын мониторингілеу, бағалау және бақылау үшін қоғамдық ұйымдарға ақпарат ұсынады;

12) Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше көзделмесе, халыққа қызмет көрсету орталықтарына мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті мәліметтерді қамтитын ақпараттық жүйелерге қолжетімділікті ұсынады;

13) бұқаралық ақпарат құралдары, оның ішінде мемлекеттік қызмет көрсету субъектілерінің интернет-көздерінде шығару арқылы мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылауды жүргізу нәтижелерін жариялайды;

14) мемлекеттік қызмет көрсетуді алушылардың шағымдары мен өтінімдерін қарастырады, қызмет барысында жол берілген бұзушылықтар мен кемшіліктерді жояды;

15) Осы Заңмен, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарымен, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президенті және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерімен жүктелген өзге де міндеттерді атқарады.

2. Жергілікті атқарушы органдар өз құзыреті шегінде:

1) Мемлекеттік қызмет көрсету регламентін әзірлейді және бекітеді;

2) Мемлекеттік қызмет көрсету стандарттары мен регламенттеріне сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетуді жүзеге асырады;

3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің автоматтандырылуын қамтамасыз етеді;

4) мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарының талаптарына сәйкес оның ішінде мемлекеттік қызмет көрсету регламентін әзірлеу кезінде мемлекеттік қызмет көрсетудің бірыңғай әрекетін қамтамасыз етеді;

5) мемлекеттік қызмет көрсету сапасын ішкі бақылауды жүргізеді;

6) мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыруды қамтамасыз етеді;

7) мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарының қолжетімділігін қамтамасыз етеді;

8) мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы мемлекеттік қызмет көрсетуді алушылардың ақпараттандырылуын қамтамасыз етеді;

9) мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау үшін мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау жөніндегі уәкілетті органға ақпарат ұсынады;

10) мемлекеттік қызмет көрсету сапасын мониторингілеу, бағалау және бақылау үшін қоғамдық ұйымдарға ақпарат ұсынады;

11) Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше көзделмесе, халыққа қызмет көрсету орталықтарына мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті мәліметтерді қамтитын ақпараттық жүйелерге қолжетімділікті ұсынады;

12) бұқаралық ақпарат құралдары, оның ішінде мемлекеттік қызмет көрсету субъектілерінің интернет-көздерінде шығару арқылы мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылауды жүргізу нәтижелерін жариялайды;

13) мемлекеттік қызмет көрсетуді алушылардың шағымдары мен өтінімдерін қарастырады, қызмет барысында жол берілген бұзушылықтар мен кемшіліктерді жояды;

14) Осы Заңмен, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарымен, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президенті және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерімен жүктелген өзге де міндеттерді атқарады.

11-бап. Мемлекеттік қызметтер саласындағы мемлекеттік қызметтер көрсету өзге де субъектілерінің құзыреті

1. Мемлекеттік қызмет көрсетудің өзге субъектілеріне орталық мемлекеттік органдардың және жергілікті атқарушы органдардың ведомстволық тәуелді ұйымдары, және мемлекеттік қызмет көрсетілуі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекетпен қаржыландырылатын өзге жеке және заңды тұлғалар тиісті.

2. Мемлекеттік қызметтер көрсетудің өзге де субъектілер өз құзыреті шегінде:

1) мемлекеттік қызмет көрсетуді емлекеттік қызмет көрсету стандарттары мен регламенттеріне сәйкес көрсетеді;

2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің автоматтандырылуын қамтамасыз етеді;

3) мемлекеттік қызмет көрсету сапасын ішкі бақылауды жүзеге асырады;

4) мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыруды қамтамасыз етеді;

5) мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарының қолжетімдігін қамтамасыз етеді;

6) мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы мемлекеттік қызмет көрсету алушыларды ақпараттандыруды қамтамасыз етеді;

7) мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау үшін мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау жөніндегі уәкілетті органға ақпарат ұсынады;

8) мемлекеттік қызмет көрсету сапасын мониторингілеу, бағалау және бақылау үшін қоғамдық ұйымдарға ақпарат ұсынады;

9) Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше көзделмесе, халыққа қызмет көрсету орталықтарына мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті мәліметтерді қамтитын ақпараттық жүйелерге қолжетімділікті ұсынады;

10) бұқаралық ақпарат құралдары, оның ішінде мемлекеттік қызмет көрсету субъектілерінің интернет-көздерінде шығару арқылы мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылауды жүргізу нәтижелерін жариялайды;

11) мемлекеттік қызмет көрсетуді алушылардың шағымдары мен өтінімдерін қарастырады, қызмет барысында жол берілген бұзушылықтар мен кемшіліктерді жояды;

12) Осы Заңмен, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарымен, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президенті және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерімен жүктелген өзге де міндеттерді атқарады.

3-тарау. МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ КӨРСЕТУ СУБЪЕКТІЛЕРІ МЕН АЛУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ ЖӘНЕ МІНДЕТТЕРІ

12-бап. Мемлекеттік қызметтерді алушылардың құқықтары мен міндеттері

1. Мемлекеттік қызметті алушы мынаған құқылы:

2) мемлекеттік қызмет көрсету, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету субъектілері туралы толық, сенімді және уақытылы ақпарат алуға;

3) мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетуді алуға;

4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес электронды нысанда мемлекеттік қызмет көрсетуді алуға;

5) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес халыққа қызмет көрсету орталықтарында мемлекеттік қызмет алуға;

6) Осы Заңның 27 бабына сәйкес мемлекеттік қызмет уақытылы және\немесе сапасыз немесе көрсетілмеген жағдайда мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелеріне шағымдануға;

7) Осы Заңмен және Қазақстан Республикасының өзге заңнамалық актілерімен қарастырылған өзге құқытарды іске асыруға

2. Мемлекеттік қызметті алушы мынаған міндетті:

1) мемлекеттік қызмет көрсету субъектілеріне мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарына сәйкес мемлекеттік қызмет алу үшін қажетті құжаттар тізімін ұсынуға;

2) мемлекеттік қызмет алу үшін мемлекеттік қызмет көрсету субъектілеріне ұсынылған ақпараттың сенімділігін және заңдылығын қамтамасыз етуге;

3) Мемлекеттік қызметтер туралы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын ұстану;

4) Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес өзге де міндеттерді атқару.

13-бап. Мемлекеттік қызметтерді көрсету субъектілерінің құқықтары мен міндеттері

1. Мемлекеттік қызметті көрсетуші субъектілер мынаған құқылы:

1) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті қажетті қосымша ақпарат үшін тиісті мемлекеттік органдарға өтініммен жүгінуге;

2) мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттарды мемлекеттік қызмет көрсетуді алушыдан талап етуге;

3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот органдарына заңды құқытар мен мүдделерді қорғау үшін жүгінуге;

4) Мемлекеттік қызмет көрсетуді алушыдан Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет көрсету туралы қолданыстағы заңнаманы сақтауды талап етуге.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету субъектілері мынаған міндетті:

1) Мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарына сәйкес мемлекеттік қызметті көрсетуге;

2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетуді электронды нысанда көрсетуді қамтамасыз етуге;

3) мемлекеттік қызмет көрсету сапасын ішкі бақылауды жүргізу, оның шеңберінде стандарттарда бекітілген статистикалық мәліметтер, статистикалық бақылаулар мен қызмет көрсету сапасы көрсеткіштерінің талдауын жинақтауды жүргізуге;

4) мемлекеттік қызмет көрсету туралы толық, өзекті және сенімді ақпаратты ұсынуға;

5) мемлекеттік ақпараттық жүйеде қолжетімді кез-келген қосымша ақпаратты мемлекеттік қызмет көрсетуді алушыдан талап етуге жол бермеуге;

6) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ақпаратты мемлекеттік қызмет көрсетуді алушылардан талап етпей мемлекеттік қызмет көрсету субъектілерімен алмасуды қамтамасыз етуге;

7) Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше көзделмесе, халыққа қызмет көрсету орталықтарына мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті мәліметтерді қамтитын ақпараттық жүйелерге қолжетімділікті ұсынуға;

8) мемлекеттік қызмет көрсету стандартымен бекітілген мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін бір күннен кеш емес мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін халыққа қызмет көрсету орталығына жіберуге;

9) мемлекеттік қызмет көрсетуді алушыны тиісті тұлға немесе органның шағымды қарастыру үдерісі туралы орны мен уақыты туралы уақытылы хабардар етуге;

10) мемлекеттік қызмет көрсетуді алушылардың өтінімдерін, қажет болған жағдайда олардың қатысуымен толық, жан-жақты және уақытылы қарастыруды қамтамасыз етуге;

11) мемлекеттік қызмет көрсетуді алушыларды олардың шағымдарын мемлекеттік қызмет көрсету субъектілеріне немесе құзыреттілікке сәйкес лауазымды тұлғаларға қарастыруға жірегендігі туралы хабардар етуге;

12) мемлекеттік қызмет көрсетуді алушыларды олардың шағымдарын қарастыру және қабылданған шаралар қорытындылары туралы ақпараттандыруға;

13) мемлекеттік қызмет көрсетуді алушылардың бұзылған заңды құқықтары мен мүдделерін қалпына келтіруге бағытталған шаралар қабылдауға;

14) бұқаралық ақпарат құралдары, оның ішінде мемлекеттік қызмет көрсету субъектілерінің интернет-көздерінде шығару арқылы мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылауды жүргізу нәтижелерін жариялайды;

15) Мемлекеттік қызметтер туралы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын ұстану;

16) Осы Заңмен, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарымен, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президенті және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерімен жүктелген өзге де міндеттерді атқару.

4-тарау. МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ СТАНДАРТЫ

14-бап. Мемлекеттік қызмет стандартының құрылымына қойылатын талаптар

1. Қазақстан Республикасында мемлекеттік қызметтерді көрсету мемлекеттік қызметтердің стандарттарына сәйкес көрсетіледі.

2. Мемлекеттік қызмет стандартының құрылымы мынаны көздейді:

1) негізгі ережелер;

2) мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі;

3) мемлекеттік қызметті көрсету кезіндегі жұмыс үрдісі;

4) мемлекеттік қызметтің нәтижесі;

5) мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесінің шағымдану тәртібі;

6) мемлекеттік қызметтерді электронды нысанда және халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы көрсету ерекшеліктері осы заңнын 5-бабымен көзделген мемлекеттік қызметтерді көрсету ерекшеліктерін ескеретін мемлекеттік қызметтерді жітеуін ескере отырып өзге де талаптар.

15-бап. Мемлекеттік қызмет стандартын әзірлеуіне қойылатын негізгі талаптар

1. Мемлекеттік қызметтерді көрсету субъектілерімен көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасына бірыңғай талаптарды қамтамасыз ету үшін орталық мемлекеттік органдармен мемлекеттік қызметтің стандарты әзірленеді.

2. Мемлекеттік қызмет саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша орталық мемлекеттік органмен әзірленетін мемлекеттік қызметтің стандарты Қазақстан Республикасы Үкіметімен бекітіледі.

Мемлекеттік қызметті көрсету электронды нысанды көздейтін және халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы мемлекеттік қызметтің стандарты ақпараттандыру саласындаңы уәкілетті органмен қосымша келісуді талап етеді.

3. Мемлекеттік қызметтің стандарты Қазақстан Республикасы Үкіметімен бекітілетін мемлекеттік қызметтің үлгілік стандарты негізінде әзірленеді.

Мемлекеттік қызметтің үлгілік стандарты мемлекеттік қызметтер саласындағы уәкілетті органмен әзірленеді.

5-тарау. МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ РЕГЛАМЕНТІ

16-бап. Мемлекеттік қызмет регламентінің құрылымына қойылатын талаптар

1. Мемлекеттік қызметтің регламенті мемлекеттік қызметтер көрсету субъектілерінің әрекетін (әрекеттенуін), сондай-ақ, олардың мемлекеттік қызметті көрсету үрдісіне қатысатын ақпараттық жүйелерін бекітеді.

2. Мемлекеттік қызмет регламентінің құрылымы мынаны көздейді:

1) негізгі ережелер;

2) уақыт шығының көрсете отырып мемлекеттік қызметті көрсету кезеңдік үрдісі;

3) мемлекеттік қызметті көрсету субъектілері құрылымдық бөлімшелерінің әрекет ету тәртібі, сондай-ақ мемлекеттік қызметті көрсету кезіндегі оның ақпараттық жүйелерін қолдану;

4) композитті мемлекеттік қызметті көрсету кезіндегі мемлекеттік қызметтер өзге де субъектілерінің әрекет ету тәртібі;

5) композитті мемлекеттік қызмет электронды нысанда көрсету кезіндегі мемлекеттік қызмет көрсету субъектілерінің ақпараттық жүйелерінің әрекет ету тәртібі;

6) мелекеттік қызметті көрсету кезіндегі жұмыс принциптері;

7) мемлекеттік қызметтің нәтижесі;

8) мемлекеттік қызметтерді электронды нысанда және халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы көрсету ерекшеліктері осы заңнын 5-бабымен көзделген мемлекеттік қызметтерді көрсету ерекшеліктерін ескеретін мемлекеттік қызметтерді жітеуін ескере отырып өзге де талаптар.

17-бап. Мемлекеттік қызметтер регламентін әзірлеуге қойылатын талаптар

1. Мемлекеттік қызметтерді көрсету субъектілерінің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша қызметін ұйымдастыру үшін орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдармен мемлекеттік қызметтердің регламенттері әзірленеді және бекітіледі

2. Мемлекеттік қызмет регламенті оның құзыретіне мемлекеттік қызмет көрсету кіретін орталық мемлекеттік немесе жергілікті атқарушы органмен әзірленеді және бекітіледі.

3. Орталық мемлекеттік орган әзірлейтін мемлекеттік қызметтің регламенті орталық мемлекеттік органның нормативтік құқықтық актісімен бекітіледі.

Жергілікті атқарушы орган әзірлейтін мемлекеттік қызметтің регламенті жергілікті атқарушы органның нормативті құқықтық қаулысымен бекітіледі.

Композитті мемлекеттік қызметтің регламенті оны көрсету үрдісіндегі қатысатын мемлекеттік қызметті көрсету субъектілерімен бірлесіп әзірленеді және бекітіледі.

4. электронды нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызмет және халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызмет регламенті ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органның келісімі бойынша бекітіледі.

5. Мемлекеттік қызметтер регламенті Қазақстан Республикасы Үкіметімен бекітілетін мемлекеттік қызметтің үлгілік регламенті негізінде әзірленеді.

Мемлекеттік қызметтің үлгілік регламенті мемлекеттік қызметтер саласындағы уәкілетті органмен ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп әзірленеді.

6-тарау. МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕР ТІЗІЛІМІ

18-бап. Мемлекеттік қызметтер тізілімінің құрылымы

1. Қазақстан Республикасында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер Мемлекеттік қызметтер тізіліміне енгізілуге жатады.

2. Мемлекеттік қызметтер тізілімін әзірлеу және жүргізу мемлекеттік қызметтер саласындағы уәкілетті органмен жүзеге асырылады.

Мемлекеттік қызметтер тізілімі Қазақстан Республикасы Үкіметімен бекітіледі.

3. Мемлекеттік қызметтер тізілімі мына ақпаратты көздейді:

1) Қазақстан Республикасы көрсететін мемлекеттік қызметтер тізбесі;

2) мемлекеттік қызметтерді алушылар;

3) мемлекеттік қызметтер стандарттарын әзірлеуші орталық мемлекеттік органдар;

4) мемлекеттік қызметтер тізілімін көрсететін субъектілері;

5) мемлекеттік қызметтерді көрсетудің нысаны мен нәтижесі;

6) Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес өзге де мәліметтер.

7-тарау. МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ КӨРСЕТУГЕ ҚОЙЫЛАТЫН НЕГІЗГІ ТАЛАПТАР

19-бап. Мемлекеттік қызметтерді көрсетуге қойылатын талаптар

1. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызметтер мемлекеттік қызметтердің стандарттары мен регламенттеріне сәйкес көрсетіледі.

Қазақстан Республикасының заңнамасы сәйкес мемлекеттік қызметтер электрондық нысанда көрсетіледі.

2. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді көрсету ақылы немесе тегін түрде жүзеге асырылады.

Ақылы негізде көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге Қазақстан Республикасының Бюджеттік кодексімен және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актілеріне сәйкес төлемді талап ету арқылы көрсетілетін мемлекеттік мемлекеттік қызметтер жатады.

Тегін негізде көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес төлемді талап етпейтін мемлекеттік қызметтер жатады.

20-бап. Электрондық нысандағы мемлекеттік қызметтерді көрсетуге қойылатын талаптар

1. Мемлекеттік қызметтерді электрондық нысанда көрсету ақпараттық-телекоммуникациялық технологияларды қолдану арқылы мемлекеттік қызметтерді көрсетуді көздейді, соның ішінде «электрондық үкімет» порталы арқылы орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар және өзге де мемлекеттік қызметтерді көрсету субъектілері веб-сайт мемлекеттік қызметтер көрсету субъекті.

2. Электронды нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді көрсету нәтижесі электрондық құжат болып келеді.

3. Электронды нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызмет толық немесе ішінара автоматтандырылған мемлекеттік қызмет көрсету үрдісін көздейді.

Мемлекеттік қызметті көрсету үрдісін толық автоматтандыру мемлекеттік қызметті көрсету үрдісіндегі қағаз құжатайналымды болдырмайды.

Мемлекеттік қызметтерді көрсету үрдісін ішінара автоматтандандыру мемлекеттік қызметті көрсету үрдісіндегі қағаз және электронды құжатайналым тәртіптілігін көздейді.

4. Электронды нысанда мемлекеттік қызметтерді көрсету мемлекеттік қызметті алушының электрондық цифрлі қолтаңбасының бар болуы кезінде көрсетіледі, сондай-ақ мемлекеттік қызметті алушының жеке сәйкестендіру нөмірінің жеке тұлға түрінде болуы, бизнес сәйкестендіру нөмірінің заңды тұлға түрінде болуы.

Электрондық цифрлі қолтаңбаны талап етпей электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізімі Қазақстан Республикасы Үкіметімен анықталады.

5. Мемлекеттік қызметтің субъектісінің электрондық цифрлі қолтаңбасымен қол қойылған электронды құжат нысанында алынған электронды нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі, заңды күші бойынша мемлекеттік қызмет көрсету субъектісінің мөрі бар қағаз тасушыдағы құжатқа сай келеді.

8 тарау. ХАЛЫҚҚА ҚАЗМЕТ КӨРСЕТУ ОРТАЛЫҚТАРЫНДА МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ КӨРСЕТУДІ ҰЙЫМДАСТЫРУ.

21-бап. Халыққа қызмет көрсету орталықтарында мемлекеттік қызметтерді көрсетуді ұйымдастыру ерекшеліктері.

1. Халыққа қызмет көрсету орталықтарында мемлекеттік қызметтерді көрсету Қазақстан Республикасының осы Заңына, заңнамалық және өзге нормативтік құқықтық акілерге сәйкес «бір терезе» принципі бойынша іске асырылады.

2. Халыққа қызмет көрсету орталықтарының негізгі қызметтік мәні «бір терезе» принципі бойынша мемлекеттік қызметтер стандарттарымен қарастырылған тиісті құжаттардың қосымшасымен өтініштер қабылдау және дайын (рәсімделген) құжаттарды беру жөнінде мемлекеттік қызмет көрсету болып табылады.

3. Халыққа қызмет көрсету орталықтары мен мемлекеттік қызметті көрсету субъектілері арасындағы әрекет тек Қазақстан Республикасының Халыққа қызмет көрсету орталықтарының ақпараттық жүйесі арқылы өтініш берушінің қатысуынсыз жүзеге асырылады.

4. Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы көрсетілуге тиісті мемлекеттік қызметтерді іріктеу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі анықтайды.

5. Мемлекеттік қызметті алушыда электронды сандық қол болмаған жағдайда, халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкеріне қызметтік мақсатта пайдалануға берілген электронды сандық қолды мемлекеттік қызметті алушының өтінішін куәландыру құзыреті беріледі.

6. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен қарастырылған жағдайларда халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы мемлекеттік қызметтерді көрсету электронды нысанда да іске асырылуы мүмкін.

7. Халыққа қызмет көрсету орталықтары ақпаратты жүйесінің мемлекеттік қызметті көрсету субъектілерінің ақпараттық жүйесімен ақпарат алмасу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі анықтайды.

8. Халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіруді және олардың қызмет мәселелері жөніндегі әдістемелік қамтамасыз етуді ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган іке асырады.

9. Халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін ұйымдастыру тәртібін ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган анықтайды.

22-бап. Халыққа қызмет көрсету орталықтарының функциялары, құқықтары және міндеттері.

1. Халыққа қызмет көрсету орталықтары келесі функцияларды іске асырады:

1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету жөнінде мемлекеттік қызметті алушылардың өтініштерін қабылдау;

2) өтініш берушілерді халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі туралы, рәсімдеуге қабылданған құжаттарды мемлекеттік органдардың, олардың құрылымдық бөлімшелері мен өзге жеке және заңды тұлғалардың орындау барысы туралы, сондай-ақ халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы көрсетумен байланысты мемлекеттік қызметтердің өзге мәселелері жөнінде ақпараттандыру;

3) мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөнінде мемлекеттік қызметтерді көрсету субъектілерімен өзара ықпалдасу;

4) Қазақастан Республикасының заңнамасымен басқаша қарстырылмаса, мемлекеттік қызметтерді көрсету нәтижелерін мемлекеттік қызметті алушыға беру;

5) Қазақстан Республикасының заңнамасында қарастырылған өзге функциялар;

2. Халыққа қызмет көрсету орталықтары өз функцияларын іске асыру кезінде:

1) мемлекеттік қызметті көрету субъектілерінен мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар мен ақпараттарға сұрау салуға;

2) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында өзгеше қарастырылмаса, мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажет мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызметті көрсету субъектілерінің ақпараттық жүйесіне шектеусіз қолжетімділікке ие болуға құқылы.

3. Халыққа қызмет көрсету орталықтары өз функцияларын іске кезінде:

1) мемлекеттік қызметтер стандарттарын басшылыққа алуға;

2) мемлекеттік қызметті көрсету кезінде халыққа қызмет көрсету субъектілерінің ақпараттық жүйесінен мемлекеттік қызметті алушыдан талап етпей қолжетімді ақпаратты қолдануды қамтамасыз етуге;

3) Қазақстан Республикасының территориясында мемлекеттік қызметті көрсету субъектілері көрсететін мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі, талаптары мен мерзімдері туралы мемлекеттік қызметті алушыға толық және өзекті ақпаратты ұсынуға;

4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметтік, коммерциялық немесе өзге қорғалатын құпияны құрайтын мемлекеттік қызметті көрсету кезінде алынған мәліметтерді жарияламауға міндетті.

9 тарау. МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІ КӨРСЕТУ САПАСЫНЫҢ ІШКІ, СЫРТҚЫ ЖӘНЕ ҚОҒАМДЫҚ БАҚЫЛАУЫН ЖҮРГІЗУ

23-бап. Мемлекеттік қызметті көрсету сапасын бақылауды жүргізу принциптері

Мемлекеттік қызметті көрсету сапасын бақылауды жүргізу келесі принциптерге негізделеді:

1) объективтілік;

2) бейтараптылық;

3) жан-жақтылық.

24-бап. Мемлекеттік қызметті көрсету сапасын ішкі бақылауды жүргізу тәртібі.

1. Мемлекеттік қызметті көрсету сапасын ішкі бақылауды орталық және жергілікті атқарушы органдардың жауапты құрылымдық бөлімшелері жүргізеді.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын ішкі бақылаудың объектілері орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың аймақтық құрылымдыр мен ведомстволық тәуелді ұйымдар, сондай-ақ тиісті салада мемлекеттік қызметті көрсететін өзге жеке және заңды тұлғалар болып табылады.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын ішкі бақылаудың пәні:

1) мемлекеттік қызметтердің бекітілген стандарттар мен регламенттердің және өзге мемлекеттік қызметтер туралы заңнаманың орындалу сапасы;

2) мемлекеттік қызмет стандарттары мен регламенттерінің, мемлекеттік қызметтер туралы заңнаманың бұзылу фактілерінің болуы;

3) анықталған бұзушылықтардың себептерін белгілеу;

4) осы Заңның 27 бабында қарастырылған тәртіпте мемлекеттік қызметті алушылардың шағымдарын қарастыру.

4. Мемлекеттік қызметті көрсету сапасын ішкі бақылау келесілерді қамтиды:

1) мемлекеттік қызметтер стандарттары мен регламенттерінің сақталуын бақылауды, мемлекеттік қызметті алушылардың шағымдарын қарастыру рәсімін іске асыру;

2) мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру жөнінде ұсыныстар әзірлеу;

3) мемлекеттік қызметтерді көрсетудің бизнес-процесін оңтайландыру жөнінде ұсыныстар әзірлеу;

4) мемлекеттік қызмет көрсету стандарттары мен регламенттерін жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу;

5) мемлекеттік қызмет көрсету сапасын ішкі бақылау қорытындылары бойынша қабылданатын шараларды мониторингілеу және талдау;

6) мемлекеттік қызмет көрсету сапасын ішкі бақылау қорытындылары бойынша мемлекеттік қызмет стандарттары мен регламенттерінің және Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметтер туралы өзге заңнаманың орындалмағаны немесе тиісті орындалмағаны үшін лауазымды тұлғаны жауапкершілікке тарту жөнінде ұсыным енгізу.

5. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын ішкі бақылау қорытындылары бойынша:

1) мемлекеттік қызмет көрсету сапасын ішкі бақылауды жүргізу барысы туралы қысқаша ақпаратты;

2) Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметтер туралы заңнаманың бұзылу фактілері (анықталған жағдайда) туралы мәліметтерді;

3) мемлекеттік қызмет көрсету сапасын ішкі бақылау барысында Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметтер туралы заңнамасының бұзылуын жою және анықталған фактілердің қайталануын алды алуға бағытталған шараларды қабылдау жөнінде ұсынымдарды;

4) мемлекеттік қызметтер стандарттары мен регламенттерін жетілдіру жөнінде ұсынымдарды;

5) мемлекеттік қызметті көрсету жөнінде тексерілетін субъектлердің қызметін жақсарту жөнінде ұсынымдарды қамтитын мемлекеттік қызмет көрсету сапасын ішкі бақылау актісі құрылады.

7. Қазақстан Рсепубликасының заңнамасымен мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылауды жүргізудің ерекшеліктері бекітілуі мүмкін.

25-бап. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын сыртқы бақылауды жүргізу тәртібі.

1. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын сыртқы бақылауды мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бақылау жөніндегі уәкілетті орган жүзеге асырады.

2. Мемлекеттік қызмет сапасын сыртқы бақылау объектісі мемлекеттік қызмет көрсету субъектілері болып табылады.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын сыртқы бақылаудың пәні:

- мемлекеттік қызметтердің бекітілген стандарттары мен регламенттерінің Мемлекеттік қызмет көрсетудің үлгілік стандарттары мен Мемлекеттік қызмет көрсетудің үлгілік регламентіне сәйкестігі;

1) мемлекеттік қызмет стандарттары мен регламенттерінің, мемлекеттік қызметтер туралы заңнаманың бұзылу фактілерінің болуы;

2) анықталған бұзушылықтардың себептерін белгілеу;

3) анықталған бұзушылықтарды жою жөнінде шаралар әзірлеу;

4) осы Заңның 27 бабында қарастырылған тәртіпте мемлекеттік қызметті алушылардың шағымдарын қарастыру.

4. Мемлекеттік қызметтер сапасын бақылау жүзеге асырылатын ақпараттар көзі ретінде:

1) орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың статистикалық мәліметтері;

2) бағаланатын мемлекеттік қызмет көрсету субъектілерінде жүргізілген тексерулер нәтижелері;

3) орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың ресми интернет-құралдарын талдау қорытындылары;

4) мемлекеттік қызметтерді алушыларды сұрау нәтижелері;

5) қоғамдық бірлестіктердің мәліметтері болады.

5. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау жөніндегі уәкілетті органның қызмет мыналарды қамтиды:

1) мемлекеттік қызметтер стандарттары мен регламенттерінің сақталуын сыртқы бақылауды, мемлекеттік қызметті алушылардың шағымдарын қарастыру рәсімін іске асыру;

2) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру жөнінде ұсныстар әзірлеу;

3) мемлекеттік қызмет көрсету сапасын ішкі бақылау нәтижелерін талдау;

4) мемлекеттік қызмет көрсету сапасын сыртқы бақылау нәтижелері бойынша қабылданған шараларды мониторингілеу және талдау;

5) мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың қызмет тиімділігін талдау.

6. Мемлекеттік қызмет сапасын сыртқы бақылауды іске асыру кезінде мемлекеттік қызмет сапасын бақылау жөніндегі уәкілетті орган:

1) қызметтік немесе Қазақстан Республикасының заңнамасымен қорғалатын құпияның құпиялылық режимін сақтауды ескеріп мемлекеттік қызмет көрсету субъектілерінен қажетті ақпарат пен құжаттаманы белгіленген мерзімде сұрауға және алуға;

2) тәуелсіз сарапшыларды тартуға;

3) мемлекеттік қызмет көрсету сапасын сыртқы бақылау қорытындыларын бұқаралық ақпарат құралдарында орналастыруға құқылы.

7. Тексерулер қорытындылары бойынша мемлекеттік қызмет көрсету сапасын сыртқы бақылау қорытындылары жөнінде акт құрылады, ол келесілерді қамтуы тиіс:

1) мемлекеттік органның мемлекеттік қызметтер туралы заңнаманы, мемлекеттік қызмет стандарттары мен регламенттері талаптарының сақталуы туралы талдамалық ақпарат;

2) сапасыз мемлекеттік қызмет көрсету себептерін талдау;

3) мемлекеттік қызмет көрсету стандарттары мен регламенттерінің және Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет көрсету туралы өзге заңнамасының орындалмауы немесе тиісті орындалмауы үшін лауазымды тұлғаларды жауапкершілікке тарту жөнінде ұсыныс;

4) мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру жөнінде ұсыныстар.

Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын сыртқы бақылау қорытындылары мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың қызмет тиімділігінің қорытынды бағасын қалыптастыру кезінде пайдаланылады.

8. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын сыртқы бақылау қорытындылары туралы акт анықталған бұзушылықтарды жою және бұзушылықтар үшін жауапты лауазымды тұлғаларды жауапкершілікке тарту жөніндегі шараларды қабылдау үшін мемлекеттік қызмет көрсету субъектісінің бірінші басшысына жіберіледі.

26-бап. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын қоғамдық бақылауды жүргізу тәртібі

1. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын қоғамдық бақылауды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген қоғамдық бірлестіктер жүзеге асырады.

2. Мемлекеттік қызмет көрсетуді қоғамдық бақылауды жүргізу тәртібі қоғамдық бірлестіктердің жарғылары мен Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметтер туралы қолданыстағы заңнамасына сәйкес анықталады.

3. Мемлекеттік қызмет сапасын қоғамдық бақылаудың объектісі мемлекеттік қызмет көрсету субъектісі болып табылады.

4. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын қоғамдық бақылаудың пәні:

1) мемлекеттік қызмет көрсету субъектілерінің бекітілген мемлекеттік қызмет стандарттарын және мемлекеттік қызмет туралы Қазақстан Республикасының өзге заңнамалық актілерін сақтауы;

2) мемлекеттік қызметті алушылардың мемлекеттік қызмет сапасымен және оларды көрсету тәртібімен қанағаттану деңгейі;

3) осы Заңнын 27 бабында қарастырылған тәртіпте мемлекеттік қызмет алушылардың шағымдарын қарастыру;

4) бекітілген мемлекттік қызмет ережелерін және Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы өзге заңнама нормаларының бұзылу фактілері.

5. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын қоғамдық бақылау келесілерді қамтиды:

1) мемлекеттік қызмет стандарттары мен регламенттерінің сақталуын мониторингілеу және талдау;

2) мемлекеттік қызмет алушылар шағымдарын қарастыру рәсімдерін жүргізу;

3) мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру жөнінде ұсыныстар әзірлеу;

4) мемлекеттік қызмет көрсету стандарттары мен регламенттерін жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу.

6. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қоғамдық бақылау жүргізу кезінде қоғамдық бірлестіктер:

1) Қазақстан Республикасының заңнамасымен қорғалатын мемлекеттік құпины, коммерциялық немесе өзге құпияны құрайтын құжаттар мен ақпараттарды есептемегенде, мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі мемлекеттік қызмет көрсету субъектілерінің қызметіне қатысты қажетті құжаттар мен ақпаратты мемлекеттік қызмет көрсету субъектілеріне сұрау салуға;

2) мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қоғамдық бақылау қорытындыларын мемлекеттік қызмет көрсету субъектілеріне және өзге мемлекеттік органдарға жәберуге;

3) мемлекеттік қызмет көрсету сапасына мемлекеттік бақылау жүргізу қорытындыларын бұқаралық ақпарат құралдарында орналастыруға құқылы.

7. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын қоғамдық бақылау кезінде қоғамдық бірлестіктер:

1) мемлекеттік қызмет көрсету субъектілерін мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қоғамдық бақылау өткізілетіні жөнінде оны өткізу мерзімінен кешіктірмей хабарлауға;

2) мемлекеттік қызмет көрсету субъектілерінің өтінімдері бойынша осы баптың бірінші тармағымен қарастырылған мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қоғамдық ұйымдардың қоғамдық бақылау жүргізу құқығын ратайтын ақпарат пен өзге құжаттарды ұсынуға;

3) мемлекеттік қызмет көрсету субъектілеріне ұсыныстармен бірге мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қоғамдық бақылау қорытындыларын жіберуге міндетті.

8. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қоғамдық бақылау жүргізу қорытындылары бойынша мыналардан тұратын қорытынды әзірленеді:

1) мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қоғамдық бақылау жүргізу барысы туралы ақпарат;

2) Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет көрсетулер туралы заңнаманың бұзылуы туралы анықталған мәліметтер;

3) мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қоғамдық бақылау жүргізу барысында анықталған Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет көрсетулер туралы заңнамасындағы бұзылушылықтарды жою жөнінде және анықталған бұзушылықтардың қайталануын алдын алуға бағытталған ұсыныстар;

4) тексерілетін мемлекеттік қызмет көрсету субъектілерінің қызметін жақсарту жөнінде ұсыныстар.

9. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қоғамдық бақылау жүргізу қорытындылары бойынша бір ай мерзімі кезеңінде қорытынды:

1) қызметі қоғамдық бақылау объектісі болған мемлекеттік қызмет көрсету субъектісіне;

2) мемлекеттік қызмет көрсету сапасын қоғамдық бақылаудың объектісі болған қызмет саласы құзыретіне кіретін немесе мемлекеттік қызмет көрсету субъектісі ведомстволық тәуелді болатын мемлекеттік органға;

3) мемлекеттік қызмет көрсету сапасына сыртқы бақылау жүргізу жөніндегі уәкілетті органға жіберіледі.

Қорытынды қағаз және/немесе электронды түрде мемлекеттік қызмет көрсету субъектісінің немесе мемлекеттік қызмет көрсету сапасын қоғамдық бақылаудың объектісі болған қызмет саласы құзыретіне кіретін немесе мемлекеттік қызмет көрсету субъектісі ведомстволық тәуелді болатын мемлекеттік органның немесе мемлекеттік қызмет көрсету сапасына сыртқы бақылау жүргізу жөніндегі уәкілетті органның кеңсесінде тіркеліп жіберіледі.

10. Қорытынды мемлекеттік қызмет көрсету сапасын қоғамдық бақылау қорытындылары жүргізілген соң бір ай мерзімі ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында міндетті жариялануға тиісті.

11. Қызметі бақылау объектісі болған мемлекеттік қызмет көрсету субъектісі қоғамдық бірлестік қорытындысын ескеріп және мемлекеттік қызмет көрсету сапасын қоғамдық бақылаудың объектісі болған қызмет саласы құзыретіне кіретін немесе мемлекеттік қызмет көрсету субъектісі ведомстволық тәуелді болатын мемлекеттік органмен және мемлекеттік қызмет көрсету сапасына сыртқы бақылау жүргізу жөніндегі уәкілетті органмен кілісіп:

1) мемлекеттік қызмет көрсету сапасын қоғамдық бақылау барысында анықталған бұзушылықтарды жою және мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру жөнінде шаралар жоспары;

2) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында қарастырылған тәртіпте Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет көрсету туралы заңнамасының бұзылуына (анықталған жағдайда) кінәлі лауазымды тұлғаларды жауапкершілікке тарту шаралары қабылданады.

10 тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР

27 бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет көрсету туралы заңнамасының бұзылуына жеке және заңды тұлғалардың шағымдану тәртібі.

1. Мемлекеттік қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсетілмеген және/немесе уақытылы және/немесе сапасыз көрсетілген жағдайда мемлекеттік қызмет көрсету субъектісі лауазымды тұлғасының әрекетіне (әрекетсіздігін) немесе шешіміне сотқа дейінгі (соттан тыс) және/немесе соттық тәртіпте шағымдануға құқылы.

2. Сотқа дейінгі шағымдануға дейін (соттан тыс) мемлекеттік қызметті алушы:

1) мемлекеттік қызмет көрсету субъектісіне;

2) мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағымдана алады.

3. Мемлекеттік қызметті алушы қоғамдық бірлестіктерге мемлекеттік қызмет көрсету сапасы жөнінде шығыммен және ұсыныспен жүгінуге құқылы.

4. Шағым жазбаша түрде қағаз тасығышта немесе мемлекеттік қызмет көрсету субъектілерінің немесе мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау жөніндегі уәкілетті органның ресми сайттарында немесе «электронды үкіметтің» веб-порталында орналастыру арқылы электронды түрде беріледі және мыналарды қамтуы керек:

1) шағым беруші мемлекеттік қызметті алушылар үшін:

жеке тұлға – өтінім берушінің тегі, аты, әкесінің аты, оның тұрғылықты мекен-жайы туралы ақпарат, байланыс телефоны, шағымға жауап жолдану үшін электронды (болған жағдайда) немесе пошталық мекен-жайы;

заңды тұлғаға – атауы, орналасу туралы мәлімет, байланыс телефоны, шағымға жауап жолдану үшін электронды (болған жағдайда) немесе пошталық мекен-жайы.

2) төмендегіні қамтитын шағым негізі:

мемлекеттік қызмет көрсету субъектісінің, оның лауазымды тұлғасының, әрекетінің (әрекетсіздігінің) немесе шешімінің атауы;

мемлекеттік қызмет көрсету субъектісінің шағым түскен шешімдері және әрекеті (әрекетсіздігі) туралы мәлімет, оның лауазымды тұлғасы;

мемлекеттік қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету субъектіс лауазымды тұлғасының әрекетімен (әрекетсіздігімен) немесе шешімімен келіспеу негізіндегі дәлел. Мемлекеттік қызметті алушы оның дәлелдерін дәлелдейтін құжаттарды, немесе олардың көшірмелерін (болған жағдайда) ұсына алады;

3) күні және мемлекеттік қызметті алушының қолы (шағым қағаз тасушыда берілген жағдайда).

5. Мемлекеттік қызметті көрсетпеу және/немесе уақытылы оныдамау және/немесе сапасыз орындау нәтижесінде болған мемлекеттік қызметті көрсету субъектісі лауазымды тұлғасының әрекетіне (әрекетсіздігіне) немесе шешіміне шағым осындай әрекет (әрекетсіздік) орын алған немесе шешім қабылданған күннен бастап үш ай мерзімі кезеңінде беріледі.

6. Мемлекеттік қызмет көрсету субъектісіне немесе мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау жөніндегі уәкілетті органға келіп түскен шағым тіркелген күннен бастап 15 күнтізбелік күн ішінде шағымдарды қарастыру жөніндегі құзыреттілігі берілген лауазымды тұлғаның қарастырылуына тиісті.

7. Шағымды қарастыру мерзімі 5 күнтізбелік күннен кешіктірмей ұзартылуы мүмкін, ол туралы осы баптың 6 тармағында көрсетілген уақыт болғанға дейін үш күнтізбелік күн ішінде шағымданған мемлекеттік қызметті алушыға жазбаша нысанда (шағым қағаз тасығышта келіп түскен жағдайда) немесе электронды нысанда ұзарту себептерін көрсетіп жіберіледі.

Ұзарту себептері:

1) шағым мәнін қосымша зерделеудің қажеттігі;

2) оқиға орнына барумен қатар шағым негізділігін тексеру немес қайта тексеру қажеттігі;

3) өзге мемлекеттік қызмет көрсету субъектілерінен, мемлекеттік қызмет көрсету субъектілері лауазымды тұлғаларынан қосымша мәлімет алу қажеттігі.

8. Шағымда қарастыру қорытындылары бойынша шағым түскен мемлекеттік қызметті көрсету субъектісі немесе мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау жөніндегі уәкілетті орган келесі шешімдердің бірін қабылдайды:

1) шағымды қанағаттандырады;

2) шағымды қанағаттандырудан бас тартады.

9. Мемлекеттік қызметті алушыға шағымды қарастыру қорытындылары туралы ынталандырушы жауап қағаз немесе электронды нысанда (мемлекеттік қызметті алушының талабы бойынша) осы баптың 6 тармағында көросетілген шешім қабылданған күннен кейінгі күні, ал шағымды қарастыру мерзімін ұзартқан жағдайда осы баптың 6 және 7 тармақтарында көрсетілгендей жіберіледі.

10. Шағым қанағаттандырылған немесе мемлекеттік қызмет көрсету субъектілері лауазымды тулғалары тарапынан Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы заңнамасын бұзу фактісі мына кезде анықталған жағдайда құжаттарды шағымдарды қарастыру құзыреті берілген лауазымды тұлға мемлекеттік қызмет көрсету субъектісінің бірінші басшысына береді:

1) мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарымен анықталған мерзімнің бұзылуы;

2) мемлекеттік қызмет көрсету үшін мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарымен қарастырылмаған құжаттар және (немесе) төлем талап ету;

3) мемлекеттік қызмет көрсетпеу;

4) шағымды қарастыру тәртібі және (немесе) мерзімін бұзу және (немесе) оларды қарастырудан заңсыз бас тарту немесе жалтару.

11. Осы баптың оныншы тармағында қарастырылған бұзушылықтар үшін мемлекеттік қызмет көрсету субъектісінің бірінші басшысы бұзушылық жасаған лауазымды тұлғаға тәртіптік жаза қолдануға құқылы:

мемлекеттік қызметкер болып табылмайтын үшін – Қазақстан Респубикасының еңбек заңнамасына сәйкес сөгіс түрінде;

мемлекеттік қызметкер болып табылатын үшін – Қазақстан Респубикасының мемлекеттік қызмет туралы заңнамасына сәйкес сөгіс түрінде

Осы баптың оныншы тармағында қарастырылған бұзушылықтар қайталанған жағдайда, тәртіптік жаза қолданылған бір жыл кезеңі ішінде мемлекеттік қызмет көрсету субъектісінің бірінші басшысы бұзушылық жасаған лауазымды тұлғаға тәртіптік жаза қолдануға құқылы:

мемлекеттік қызметкер болып табылмайтын үшін – Қазақстан Респубикасының еңбек заңнамасына сәйкес қатаң сөгіс түрінде;

мемлекеттік қызметкер болып табылатын үшін – Қазақстан Респубикасының мемлекеттік қызмет туралы заңнамасына сәйкес қызметке толық емес сәйкестік үшін ескерту түрінде.

12. Жазбаша шағымдар келесі жағдайларда қарастырылмайды:

1) шағымда шағымданған мемлекеттік қызметті алушының толық аты-жөні және жауап жолданатын пошталық мекен-жай көрсетілмесе;

2) шағымда мемлекеттік қызметті көрсету субъектісінің лауазымды тұлғасының, сондай-ақ оның отбасы мүшелерінің өміріне, денсаулығына және мүлігіне қауіп төндіретін әдепсіз немесе жәбірлеуші сөздер бар;

3) шағым тексті оқылмайтын болса, ол туралы шағым түсірген мемлекеттік қызметті алушыға оның аты-жөні және пошталық мекен-жайы оқылатындай болса, телефон немесе факсимиль байланысы, электронды пошта арқылы (ондай ақпарат болған жағдайда) хабарланады;

4) бұдан бұрын мемлекеттік қызметті алушыға ынталандырушы жазбаша жауап берілген шағым мазмұны бұрынғы шағым мазмұнын қайталаса және шағымда жаға дәлелдер мен жағдайлар келтірілмесе. Мұндай шағым түскен жағдайда мемлекеттік қызметті алушыға бұдан бұрын берілген жауаптар немесе осы жауаптардың көшірмелерінің жазбаша хабарлама жіберіледі.

13. Мемлекеттік қызмет субъектісінің нақты лауазымды тұлғаларының әрекетін (әрекетсіздігін) немесе шешімін қамтитын мемлекеттік қызмет алушының жолдамасы осы лауазымды тұлғаларға қарастыру және (немесе) шешім қабылдау үшін жіберілмейді.

14. Мемлекеттік қызмет көрсету субъектісі лауазымды тұлғасының әрекетін (әрекетсіздігін) және шешімін шағымдану туралы қағаз немесе электронды түрде берілген барлық жолдамалар мемлекеттік қызмет көрсету субъектісінің немесе мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау жөніндегі уәкілетті органның шағымдар есебі журналында бекітіледі.

15. Шағым сотқа дейінгі (соттан тыс) тәртіпте қанағаттандырылмаса, мемлекеттік қызметті алушы заңнамада бекітілген тәртіпте сот органдарына шағымдануға құқылы.

16. Мемлекеттік қызметті алушының шығымы сотпен қанағаттандырылса, осы баптың оныншы тармағында қарастырылған Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметтер туралы заңнамасын бұзған лауазымды тұлға Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы заңнамасында белгіленген жауапкершілікке жауапты болады.

28 бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет көрсету туралы заңнамасының бұзылғаны үшін жауапкершілік

Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет көрсету заңнамасының бұзылуы осы Заңмен және Қазақстан Республикасының өзге заңымен белгіленген жауапкершілікке әкеледі.

29 бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі

Осы Заң ресми түрде бірінші рет басылымға шыққан соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының

Президенті                                                                                                           Н. Назарбаев



Назад в раздел
Сіздің Т.А.Ә *:
Сіздің ұсынысыңыз *:
E-mail *:
Жаңа ұсыныстар туралы хабарлмаға жазылу *:
Автоматтаты толтырудан қорғау
Жаңарту

image