Мемлекеттік қызметтер
және ақпарат онлайн

A
A
A
Бірыңғай байланыс орталығы 14148-800-080-7777 ҚОҢЫРАУ ШАЛУ ТЕГIН

Жеке және заңды тұлғалар үшін ЭЦҚ алу тәртібі


Электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) алу үшін Сізге бағдарламалық қамтамасыз етуді орнату және on-line режимінде өтінім беру қажет.
Сіздің жабық кілтіңіз ЭЦҚ сыртқы құрылымға немесе файлдық жүйеге құрылатын болады. Өтінім сәтті берілгеннен кейін, тиісті құжаттар
пакетін жинап, Сізге ҚР ҰКО Тіркеу Орталығына берілген өтінімді растау үшін жүгіну қажет.


1Бағдарламалық қамтамасыз етуді орнату

Оn-line режимінде өтінімді сәтті беру үшін Сізге бағдарламалық қамтамасыз етуді орнату қажет: ҰКО негізгі сертификаттары және Java (1.6).

2ЭЦҚ алу жөніндегі нұсқаулық

Өтінім берместен бұрын, Сізге ЭЦҚ алу жөніндегі нұсқаулықпен танысуды ұсынамыз.

3ҚР ҰКО Тіркеу орталығына тапсыру үшін қажетті құжаттардың тізімі

Жеке тұлғалар үшін

Заңды тұлғалар үшін

  • 1. Өтінім нөмірі бар және өтініш берушінің қолы қойылған белгіленген үлгідегі өтініш.
  • 2. Өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжат – (жеке куәлігі, ҚР төлқұжаты, ықтияр хат, уақытша куәлігі) және оның көшірмесі.
  • 3. Үшінші тұлғаның мүддесі атынан әрекет еткен жағдайда нотариаттық куәландырылған белгіленген үлгідегі сенімхат.
  • 1. Өтінім нөмірі бар және өтініш берушінің қолы қойылған белгіленген үлгідегі өтініш.
  • 2. Өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжат – (жеке куәлігі, ҚР төлқұжаты, ықтияр хат, уақытша куәлігі) және оның көшірмесі.
  • 3. Мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің (БСН көрсетілген) түпнұсқасы және оның нотариаттық куәландырылған көшірмесі.
  • 4. Заңды тұлғаның атынан өтініш берушіге, тіркеу куәлігінің иесіне берілген белгіленген үлгідегі сенімхат. Заңды тұлғаның бірінші басшысы немесе оның міндетін атқарушы тұлға үшін сенімхаттың орнына жұмыс орнынан анықтама немесе заңды тұлғаның мөрімен куәландырылған бірінші басшының қызметіне немесе оның міндетін атқарушы тұлғаны тағайындау туралы бұйрықтың (шешімнің, хаттаманың) көшірмесі ұсынылады.
Құжаттар 1 ай ішінде ұсынылмаған жағдайда, өтінімнің күші жойылады.