Мемлекеттік қызметтер
және ақпарат онлайн

A
A
A
Бірыңғай байланыс орталығы 14148-800-080-7777 ҚОҢЫРАУ ШАЛУ ТЕГIН

«Электрондық үкімет» веб-порталын пайдалану құқықтары туралы келісім

1. Тіркеу түрін таңдау
2. Тіркеу

1. Жалпы ереже

1.1. Осы Пайдаланушылық келісім (бұдан әрі - Келісім) «электрондық үкімет» веб-порталының және оның құрауыштарының Иесі, Әкімшісі және Пайдаланушысы арасындағы өзара байланысты реттейді;

1.2. Осы Келісімде келесі түсініктер пайдаланылады:

  1. «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – Портал) – барлық шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге қолжетімділіктің бірыңғай терезесін құрайтын ақпараттық жүйе;
  2. Порталдың құрауыштары – жекелеген электрондық қызметтер, ақпарат және (немесе) сервистерді ұсынуға мамандандырылған Порталдың бөліктері;
  3. электрондық қызмет (бұдан әрі - Қызмет) – ақпараттық технологияларды қолданумен ақпараттық, интерактивтік және транзакциялық қызметтерді жеке және заңды тұлғаларға ұсыну;
  4. Портал және оның құрауыштарының иесі (бұдан әрі - Иесі) ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган;
  5. Портал және оның құрауыштарының пайдаланушысы (бұдан әрі – Пайдаланушы) – Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы аясында оған қажетті интерактивтік мемлекеттік қызметтер немесе ақпарат, электрондық ақпараттық ресурстарды алу үшін Портал және оның құрауыштары қолданатын, Порталда және оның құрауыштарында тіркелген осы Келісімнің талаптарын қабылдаған кез келген жеке немесе заңды тұлға;
  6. Портал және оның құрауыштарының әкімшісі (бұдан әрі – Әкімші) – «Ұлттық ақпараттық технологиялар» акционерлік қоғамы;
  7. қызмет беруші – орталық мемлекеттік органдар, Қазақстан Республикасының шетелдік мекемелері, облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана, аудандар, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары, қаладағы аудандар, аудандық маңызы бар қалалар, кенттер, ауылдар, ауылдық округтердің әкімдері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді көрсететін жеке және заңды тұлғалар;
  8. қысқа мәтіндік хабарлама (бұдан әрі – SMS-хабарлама) – ұялы байланыс арқылы ақпаратты беру және қабылдау бойынша ұялы байланыс операторымен көрсетілетін қызмет;
  9. «мобильдік үкімет» - Портал құрауышы, – ұялы байланыс технологиялары және Интернет арқылы электрондық нысанда көрсетілетін қызметтерге және өзге қызметтерге қолжетімділікті ұсынатын ақпараттық жүйе;
  10. PUSH – мобильдік телефонның экранында пайда болып, маңызды оқиғалар мен жаңартулар туралы хабарлайтын «мобильдік үкімет» пайдаланушыларының мобильді қосымшасының қысқаша шығатын хабарламалары;
  11. мобильдік қосымша – бұл Пайдаланушының мобильдік құрылғысында іске қосылған және орнатылған және Интернет пен ұялы байланыс желісі арқылы электрондық нысанда «мобильдік үкімет» арқылы көрсетілетін өзге қызметтер мен мемлекеттік қызметтерге рұқсат ұсынатын бағдарлама;
  12. қызмет көрсету субъектісі – Портал арқыды электрондық қызметтерді көрсететін жеке немесе заңды тұлға;
  13. электродық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба және электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен құрылған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиістілігін және мамзұнының өзгермеушілігін растайтын электрондық цифрлық символдар жинағы.

1.3. Осы Келісімде пайдаланылатын барлық терминдер және анықтаулар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес түсіндіріледі.

2. Келісім мәні

2.1. Осы Келісім көпшілік оферта болып табылады. Порталдың және оның құрауыштарының материалдарына қолжетімділікті алумен, Пайдаланушы осы Келісімнің барлық талаптарына қосылған және қабылдаған болып есептеледі;
2.2. Әкімші Иесінің келісімімен кез келген уақытта бір тарапты тәртіпте осы Келісімнің талаптарын өзгертуге құқылы. Бұндай өзгерістер Келісімнің алдыңғы нұсқасын бір уақытта жоюмен Порталдағы Келісімнің жаңа нұсқасын орналастырған кезеңнен бастап 3 (үш) күн өтуі бойынша күшіне енеді;
2.3. Енгізілген өзгерістермен Пайдаланушы келіспеген кезде ол Порталға және оның құрауыштарына қолжетімділіктен бас тартуға және Порталдың және оның құрауыштарының сервистерін және материалдарын пайдалануды тоқтатуға міндетті;
2.4. Порталдың құрауыштарын пайдалану Порталдың Жеке кабинетінде орналасқан оларды пайдалану бойынша нұсқаулыққа сәйкес Пайдаланушымен жүзеге асырылады;
2.5. SMS – хабарламалар арқылы қызметтер көрсету, хабарламалар алу, соның ішінде ақпараттық сипатта, SMS – форматты хабарламалар ақылы болып табылады және Пайдаланушының телефон теңгерімі есебінен төленеді. SMS – хабарламалардың құны Пайдаланушының ағымдық тарифтік жоспарымен тарифтеледі. PUSH-хабарламалар тегін болып табылады;
2.6. Портал және оның құрауыштары арқылы қызметтерді көрсету нәтижесінде алынған мәліметтердің дұрыстығы үшін қызмет беруші немесе қызмет көрсету субъектісі жауапты;
2.7. Пайдаланушы порталда тіркеу нысанында көрсеткен электрондық адрес келесі жағдайларда хабарлама алуға арналған:

  1. Пайдаланушының қызметтік хабарламаларды алуға жазылуы;
  2. уақытша парольді алу паролін қалпына келтіру;
  3. құрылған жаңа паролді алу.
2.8. Осы Келісімге қол қоя отырып, Пайдаланушы осы арқылы Пайдаланушының Порталда ұсынылған оның дербес және өзге деректерін Портал және оның құрауыштары арқылы оған қызметтерді көрсету мақсатында, сондай-ақ ұсынылатын (көрсетілетін) Қызметтердің сапасын жақсарту мақсатында жинау, өңдеу, сақтау және пайдалануға жазбаша келісім береді.

3. Тараптардың құқықтары мен міндеттері

3.1. Иесі және Әкімші:
3.1.1. Пайдаланушы енгізген деректердің дұрыстығын, соның ішінде мемлекеттік және өзге органдарға жүгіну жолымен тексеру қажеттілігі туындағанда;
3.1.2. Пайдаланушы осы Келісімнің талаптарын бұзған жағдайда Пайдаланушыны тіркеуден бас тартуға, Пайдаланушының есептік жазбасын жоюға немесе оқшаулауға;
3.1.3. SMS – хабарламалар және PUSH – хабарламалар форматындағы ақпараттық сипаттағы хабарламаларды Пайдаланушыға жіберуге құқылы.
3.2. Пайдаланушы:
3.2.1. 1414 нөмірі бойынша Бірыңғай байланыс орталығына жүгініп, Портал және оның құрауыштарын пайдалануға қатысты Әкімшіден консультациялық және тәжірибелік көмек алуға құқылы.
3.3. Иесі және Әкімші:
3.3.1. Пайдаланушының немесе оның заңды өкілінің келісімінсіз немесе өзге заңды негізсіз оларды жария етуге жол бермеу жолымен Пайдаланушының дербес деректерінің құпиялылығын қамтамасыз етуге;
3.3.2. Порталдың және оның құрауыштарының қызмет етуін қамтамасыз етуге;
3.3.3. Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген жағдайларды қоспағанда Пайдаланушының қолжетімділігі үшін оған сеніп тапсырылған деректермен алмасу процесімен байланысты емес бөгде адамдардан құпияда сақтауға құқылы.
3.4. Пайдаланушы:
3.4.1. Портал және оның құрауыштарының қызметтерін алу үшін:

  1. ЖСН (жеке тұлғалар) немесе БСН (заңды тұлғалар үшін) болуы;
  2. тіркеуге дейін «электрондық үкімет» саласында қолданылатын ҚР Ұлттық куәландырушы орталығымен берілген қолданыстағы ЭЦҚ тіркеуге дейін болуы;
  3. тіркеу рәсімінен өту.
3.4.2. Иесіне және Әкімшісіне Порталда тіркелу нысанында немесе оның құрауыштарын пайдалануда тармақтар бойынша дәл және толық ақпаратты Иесіне және Әкімшісіне ұсынуға;
3.4.3. Қазақстан Республикасының заңнамасын немесе халықаралық құқық нормаларын бұзатын ретінде қаралуы мүмкін, оның ішінде Портал және оның құрауыштарының сервистерін және қалыпты жұмысын бұзуға әкелуі мүмкін немесе әкелетін авторлық және/немесе сабақтас құқықтар саласындағы әрекеттерді қабылдамау;
3.4.4. Порталда және оның құрауыштарында Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына және жалпы қабылданған мораль және адамгершілік нормаларына қайшы келетін пікірлер және өзге жазбаларға жол бермеу;
3.4.5. Порталдағы жұмыста өзін басқа адам ретінде ұсынбауға, вирустар немесе басқа зиянды бағдарламалық қамтамасыз етуді қамтитын материалдар немесе басқа зиянды бағдарламалық қамтамасыз етуді пайдаланбауға, өз ЭЦҚ пайдалануға;
3.4.6. Порталды және Порталдан алынған ақпаратты Портал және Порталда алынған ақпаратты ұлтаралық алауыздық және Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген өзге мақсаттарда, терроризм, экстремизм мақсатында пайдаланбауға міндетті.

4. Тараптардың жауапкершілігі

4.1. Тараптардың барлығына немесе біріне зиян тигізуге әкелген осы Келісімнің талаптары бұзылған жағдайда, кінәлі тарап Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапты болады;
4.2. Әкімші Портал және оның құрауыштарына қызмет көрсету бойынша жоспарлы және жоспардан тыс іс-шараларды өткізген жағдайда немесе Әкімші, Иесіне байланысты емес себептер бойынша туындаған Портал және оның құрауыштарыныі жұмыстағы уақытша істен шығулар және үзілістер үшін жауапты емес;
4.3. Иесі және Әкімші Пайдаланушы Порталға және оның құрауыштарына қолжетімділікті жүзеге асыратын компьютер, мобильдік байланыс құрылғысының ақаулары, байланыс желісіндегі уақытша істен шығулар және үзілістер, өзге ұқсас істен шығулар үшін жауапты емес;
4.4. Иесі және Әкімші Пайдаланушының алдында басқа Пайдаланушылар, қызмет берушілер және Порталдың және оның құрауыштарының кез келген қатысушыларының әрекеттері үшін жауапты емес;
4.5. Иесі және Әкімші кез келген тікелей, жанама шығын, соның ішінде қалт жіберілген пайда, пайдаланудан зиян, деректердің жоғалуы немесе қандай да бір басқа материалдық емес шығындар, беделіне зиян және төмендегілер салдарынан туындайтын өзге шығындар үшін жауапты емес:

  1. Пайдаланушының және оның құрауыштарының Порталды пайдалануы немесе пайдалану мүмкін еместігі;
  2. Иесі және (немесе) Әкімшігің Келісім талаптарын өзгертуі.
4.6. Пайдаланушы Порталда және оның компоненттерінде тіркеуде ұсынылатын деректердің дұрыстығы, сондай-ақ Порталды пайдалану процесіндегі деректерді уақытылы жаңарту және түзету үшін толық жауапты;
4.7. Пайдаланушы Порталда және оның құрауыштарында тіркелумен және оның құрауыштарын пайдаланумен байланысты өзінің деректерін үшінші адамға беру, өзі туралы дұрыс емес мәліметтерді ұсыну нәтижесінде туындайтын барлық тәуекелдер және мүмкін шығынды өзіне алады.

5. Өзге де ережелер

5.1. Осы Келісімнен немесе онымен байланысты туындайтын барлық мүмкін даулар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес шешуге жатады;
5.2. Пайдаланушылардың бірі Келісім ережелерін бұзған жағдайда Әкімші тарапынан әрекетсіздік Иесінің Портал материалдарының заңнамаға сәйкес қорғалатын мүліктік және мүліктік емес құқықтарын қорғау және өзінің мүдделерін қорғаудың тиісті әрекеттерін кешірек қабылдау құқығынан айырмайды.

Тіркеудің аталмыш түрі сізге тұрақты пайдаланушы мәртебесін береді. Сіз электрондық үкімет порталының барлық қызметтері мен сервистерін шектеусіз қолдана аласыз.

Тіркеудің аталмыш түрі сізге профилді уақытша пайдалану құқығын ұсынады. Толық құқықтарды алу үшін сізге ЭЦҚ көмегімен авторлану немесе оны өз ЭЦҚ қол қойып, мемлекеттік қызметтердің бірін алу қажет.

Егер сіз 90 күнтізбелік күн ішінде порталға кіргеннен кейін, өз есеп жазбаңызбен авторланбасаңыз, әкімшілік сіздің профильдік мәліметтеріңізді жоюға құқылы.