Ескерту: «Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы» Қазақстан Республикасының Кодексiн қолданысқа енгiзу туралы 2010 жылғы 30 маусымдағы № 298-IV Заңын қараңыз.
РҚАО-ның ескертпесi!
Осы заңға өзгерiс енгiзу көзделген - ҚР 2011.07.05 N 452-IV (2011.10.13 қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
РҚАО-ның ескертпесi!
2012 жылғы 1 қаңтарға дейiн 251-бабының 1-тармағының 4) тармақшасын қоспағанда, Кодекстiң бүкiл мәтiнi бойынша ҚР 2010.06.30 N 298-IV Заңына сәйкес «сәйкестендiру нөмiрi», «сәйкестендiру нөмiрлерi», «сәйкестендiру нөмiрiн», «сәйкестендiру нөмiрiнiң» деген сөздер тиiсiнше «тiркеу нөмiрi», «тiркеу нөмiрлерi», «тiркеу нөмiрiн», «тiркеу нөмiрiнiң» деген сөздерге сәйкес деп есептелсiн.
МАЗМҰНЫ
Осы Кодекс Қазақстан Республикасындағы кеден iсiнiң құқықтық, экономикалық және ұйымдық негiздерiн айқындайды және Қазақстан Республикасының егемендiгi мен экономикалық қауiпсiздiгiн қорғауға, Қазақстан экономикасының дүниежүзiлiк экономикалық қатынастар жүйесiндегi байланыстарын жандандыруға және сыртқы экономикалық қызметтi ырықтандыруға бағытталған.
ЖАЛПЫ БӨЛIМ
1-бөлiм. НЕГIЗГI ЕРЕЖЕЛЕР
1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1-бап. Қазақстан Республикасындағы кеден iсi
(кедендiк реттеу)
1. Қазақстан Республикасындағы кеден iсi (кедендiк реттеу) деп Қазақстан Республикасы айрықша юрисдикцияға ие кеден одағының кедендiк аумағының бөлiгiнде (Қазақстан Республикасының аумағында) тауарларды кеден одағының кедендiк шекарасы арқылы өткiзумен, оларды кеден одағының бiрыңғай кедендiк аумағында кедендiк бақылауда тасымалдаумен, уақытша сақтаумен, кедендiк декларациялаумен, кедендiк рәсiмдерге сәйкес шығарумен және пайдаланумен, кедендiк бақылау жүргiзумен, кедендiк төлемдердi және салықтарды төлеумен байланысты қатынастарды, сондай-ақ кеден органдары мен көрсетiлген тауарларды иелену, пайдалану және оларға билiк ету құқығын iске асыратын тұлғалар арасындағы билiк қатынастарын реттеу танылады.
2. Қазақстан Республикасындағы кедендiк реттеу кеден одағының кеден заңнамасына, ал ондай заңнамамен реттелмеген бөлiгiнде Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
3. Кеден iсiн iске асыру кезiндегi мемлекеттiк басқару саласы кеден iсiнiң аясы болып табылады.
2-бап. Кеден iсi саласындағы басшылық
1. Кеден iсi саласында тiкелей басшылық жасауды кеден iсi саласындағы уәкiлеттi орган жүзеге асырады.
2. Кеден iсi саласындағы уәкiлеттi орган кеден одағының кеден заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес:
1) Қазақстан Республикасындағы кеден саясатын жүргiзедi;
2) осы Кодексте көзделген нормативтiк-құқықтық актiлердi әзiрлейдi және бекiтедi;
3) кеден органдарына басшылықты жүзеге асырады;
4) өзiнiң құрамына кiретiн ведомствоның өкiлеттiгiн айқындайды;
5) ақпараттық жүйелердi, байланыс жүйелерiн және деректер беру, кедендiк бақылау техникалық құралдарының, сондай-ақ ақпараттық қорғау құралдарының жүйелерiн әзiрлейдi және құрады;
6) кеден iсi саласындағы қызметтi жүзеге асыруға арналған тiзiлiмге енгiзу туралы шешiм қабылдайды;
7) кедендiк әкiмшiлiк жүргiзудi жүзеге асырады;
8) тауарлар мен көлiк құралдарының кеден одағының кедендiк шекарасы арқылы өтуiне кедендiк бақылауды жүзеге асырады;
9) сыртқы экономикалық және кеден iсi саласындағы өзге де қызметке қатысушыларды уақтылы ақпараттандыруды, оның iшiнде кеден одағының және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамаларына өзгерiстер мен толықтырулар туралы ақпараттандыруды тұрақты негiзде қамтамасыз етедi;
10) кедендiк статистиканы жүргiзедi;
11) осы Кодексте, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасының Президентi мен Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң актiлерiнде көзделген өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
3-бап. Қазақстан Республикасының кеден заңнамасы
1. Қазақстан Республикасының кеден заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және мыналардан:
1) осы Кодекстен;
2) қабылдануы осы Кодексте көзделген нормативтiк құқықтық актiлерден тұрады.
Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Кодекстегiден өзгеше ережелер белгiленсе, онда халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.
2. Егер осы Кодексте өзгеше белгiленбесе, кедендiк декларацияны немесе өзге де кедендiк құжаттарды тiркеу күнi қолданылатын кеден iсi саласындағы кедендiк-тарифтiк реттеу шаралары, тыйым салулар мен шектеулер, Қазақстан Республикасының кеден және салық заңнамалары қолданылады.
3. Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында белгiленген талаптарды бұза отырып, кеден одағының кедендiк шекарасы арқылы тауарлар өткiзiлген кезде, егер осы Кодексте өзгеше белгiленбесе, тауарлар кеден одағының кедендiк шекарасын iс жүзiнде кесiп өткен күнi қолданылатын Қазақстан Республикасының кеден және салық заңнамасы, кедендiк-тарифтiк реттеу шаралары, тыйым салулар мен шектеулер қолданылады.
Егер кеден одағының кедендiк шекарасын тауарлар iс жүзiнде кесiп өткен күн белгiленбесе, белгiленген талаптарды бұзушылықтар анықталған күнi қолданылатын Қазақстан Республикасының кеден және салық заңнамалары, кедендiк-тарифтiк реттеу шаралары, тыйым салулар мен шектеулер қолданылады.
4-бап. Осы Кодексте пайдаланылатын негiзгi ұғымдар
1. Осы Кодексте пайдаланылатын негiзгi ұғымдар:
1) авария – тасымалдаудың, сақтаудың және пайдаланудың (қолданудың) әдеттегi жағдайлары кезiндегi табиғи өзгерiстердi, сондай-ақ осындай жағдайлардағы төтенше және болдырмау мүмкiн болмайтын жағдайларды (еңсерiлмейтiн күштi) қоспағанда, кедендiк бақылаудағы көлiк құралдары және (немесе) өзге де тауарлар ұшыраған, кеден одағының және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамаларында көзделмеген сандық және (немесе) сапалық өзгерiстерiне әкеп соқтырған, меншiк иесiнiң және (немесе) мұндай өзгерiстер кезiнде иелiгiнде тауарлар болған тұлғаның қасақана iс-қимылынан болмаған, салдары бойынша техникалық, технологиялық немесе өзге де сипаттағы зиянды оқиға;
2) декларант – тауарларды декларациялайтын не оның атынан тауарлар декларацияланатын тұлға;
3) жеке пайдалануға арналған тауарлар – кедендiк шекара арқылы алып жүрiлетiн немесе алып жүрiлмейтiн багажда, халықаралық почта жөнелтiмдерiнде немесе өзге де тәсiлмен өткiзiлетiн жеке адамдардың жеке, отбасылық, үй және кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыруға байланысты емес өзге мұқтаждықтарына арналған тауарлары;
4) жөнелтушi кеден органы – тауарларды кедендiк транзит кедендiк рәсiмiмен орналастыруға байланысты кедендiк операцияларды жасайтын кеден органы және (немесе) кеден одағына мүше мемлекеттiң өзге кеден органы;
5) кедендiк баж – кеден органдары тауарларды кеден одағының кедендiк шекарасы арқылы өткiзуге байланысты өндiрiп алатын мiндеттi төлем;
6) кедендiк баждардың, салықтардың төленуiн бас қамтамасыз ету – осы Кодексте айқындалатын уақыт кезеңi iшiнде қолданыста болатын және Қазақстан Республикасының аумағында кедендiк операцияларды жүргiзуге байланысты тәуекелдердi өтейтiн кедендiк баждардың, салықтардың төленуiн қамтамасыз ету;
7) кедендiк баждардың, салықтардың төленуiн қамтамасыз ету – кеден одағының кеден заңнамасында және осы Кодексте көзделген кедендiк баждарды, салықтарды төлеу жөнiндегi мiндеттердi кеден органдарының алдында орындау кепiлдiгiнiң тәсiлi;
8) кедендiк бақылау – кеден одағының кеден заңнамасын және Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтауды қамтамасыз ету мақсатында, оның iшiнде тәуекелдердi басқару жүйесiн пайдалана отырып, кеден органдары жүзеге асыратын шаралардың жиынтығы;
9) кедендiк декларация – белгiленген нысан бойынша жасалған, тауарлар туралы, таңдалған кедендiк рәсiм туралы мәлiметтердi және тауарларды шығару үшiн қажеттi өзге де мәлiметтердi қамтитын құжат;
10) кедендiк инфрақұрылым - кеден органдарының жұмыс iстеуiне жағдай жасайтын, сондай-ақ кеден органдарының лауазымды адамдарына әлеуметтiк қызмет көрсетуге арналған ғимараттардың, құрылғылардың және құрылыстардың жиынтығы;
11) кеден одағының кедендiк аумағына тауарларды әкелу – тауарларды халықаралық почта жөнелтiмдерiмен жiберудi, кеден органдары шығарғанға дейiн құбыржол көлiгiн және электр беру желiлерiн пайдалануды қоса алғанда, нәтижесiнде олар кез келген тәсiлмен кеден одағының кедендiк аумағына келген, кеден одағының кедендiк шекарасынан өткiзуге байланысты iс-әрекеттердi жасау;
12) кеден одағының кедендiк аумағынан тауарларды әкету – тауарларды халықаралық почта жөнелтiмдерiмен жiберудi, кеден одағының кедендiк шекарасынан iс жүзiнде өткiзiлгенге дейiн құбыржол көлiгiн және электр беру желiлерiн пайдалануды қоса алғанда, кез келген тәсiлмен кеден одағының кедендiк аумағынан әкетуге бағытталған iс-әрекеттердi жасау;
13) кеден одағының кедендiк шекарасынан өту – адамның кеден одағының кедендiк аумағынан шығуға, кеден одағының кедендiк аумағына кiруге тiкелей бағытталған iс-әрекетi және (немесе) адамның кедендiк бақылау аймағында болуы, сондай-ақ тауарлар мен көлiк құралдарын кеден одағының кедендiк шекарасынан iс жүзiнде өткiзу;
14) Кеден одағының комиссиясы – кеден одағының тұрақты жұмыс iстейтiн бiрыңғай реттеушi органы;
15) кеден одағына мүше мемлекеттiң тұлғасы – кеден одағына мүше мемлекетте тұрақты тұратын жерi бар жеке тұлға, оның iшiнде кеден
одағына мүше мемлекеттiң заңнамасына сәйкес тiркелген дара кәсiпкер; заңды тұлға, сондай-ақ кеден одағына мүше мемлекеттiң заңнамасына сәйкес құрылған заңды тұлға болып табылмайтын құрылым;
16) кеден органының қызмет аймағы – оның шегiнде кеден органы кедендiк бақылаудағы халықаралық тасымалдың тауарлары мен көлiк құралдарына қатысты кедендiк бақылауды жүзеге асыратын аумақ
17) кедендiк рәсiм – тауарларды кеден одағының кедендiк аумағында немесе оның шегiнен тыс жерде пайдалану және (немесе) оған билiк ету талаптары мен шарттарын кеден мақсаттары үшiн айқындайтын нормалардың жиынтығы;
18) кедендiк декларациялау – декларанттың кеден органына тауарлар туралы, таңдалған кедендiк рәсiм туралы мәлiметтердi және (немесе) тауарларды шығару үшiн қажеттi өзге де мәлiметтердi мәлiмдеуi;
19) кедендiк құжаттар – кедендiк мақсаттар үшiн ғана жасалатын құжаттар;
20) кедендiк операциялар – кеден одағының және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамаларын сақтауды қамтамасыз ету мақсатында тұлғалар мен кеден органдары жасайтын iс-әрекеттер;
21) кедендiк төлемдер – кеден одағының кедендiк шекарасы арқылы тауарлардың өткiзiлуiне байланысты осы Кодекске сәйкес төлеушiнiң бюджетке төлеуiне жататын кедендiк әкелу мен әкету баждары, кедендiк алымдар;
22) кеден одағының кедендiк аумағы - кеден одағының бiрыңғай кедендiк аумағы, оны кеден одағына мүше мемлекеттердiң аумақтары, сондай-ақ кеден одағына мүше мемлекеттердiң айрықша экономикалық аймақтары және құрлықтық қайраңдары, жасанды аралдар, қондырғылар, құрылыстар және және оларға қатысты кеден одағына мүше мемлекеттер айрықша юрисдикцияға ие өзге де объектiлер құрайды;
23) Кеден одағының кеден кодексi – 2009 жылғы 27 қарашада Минск қаласында Кеден одағының кеден кодексi туралы шартпен қабылданған халықаралық нормативтiк құқықтық акт;
24) Кеден одағының кедендiк шекарасы – кеден одағына мүше мемлекеттердiң айрықша экономикалық аймақтарындағы және құрлықтық қайраңдарындағы жасанды аралдардың, қондырғылардың, құрылыстардың және оларға қатысты кеден одағына мүше мемлекеттер айрықша юрисдикцияға ие өзге де объектiлердiң шектерiн қоса алғанда, кеден одағы кедендiк аумағының шектерi;
25) кеден одағының тауарлары – кеден одағының кедендiк аумағындағы:
толығымен кеден одағына мүше мемлекеттердiң аумақтарында өндiрiлген;
кеден одағының кедендiк аумағына әкелiнген және осы Кодекске және (немесе) кеден одағына мүше мемлекеттердiң халықаралық шарттарына сәйкес кеден одағының тауарлары мәртебесiн алған;
кеден одағына мүше мемлекеттердiң аумақтарында осы тармақшаның екiншi және үшiншi абзацтарында көрсетiлген тауарлардан және (немесе) шетелдiк тауарлардан жасалған және осы Кодекске және (немесе) кеден одағына мүше мемлекеттердiң халықаралық шарттарына сәйкес кеден одағының тауарлары мәртебесiн алған тауарлар;
26) кеден одағына мүше мемлекеттердiң халықаралық шарттары – кеден одағының шарттық-құқықтық базасын құрайтын халықаралық шарттар;
27) кеден өкiлi – кеден одағының кеден заңнамасына және осы Кодекске сәйкес декларанттың немесе өзге мүдделi тұлғаның атынан және тапсырмасы бойынша кедендiк операцияларды жасайтын Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы;
28) кеден iсi саласындағы қызметтi жүзеге асыратын тұлға – кеден өкiлдерiнiң кедендiк тасымалдаушылардың уақытша сақтау қоймалары, еркiн қоймалар, кеден қоймалары, бажсыз сауда дүкендерi иелерiнiң тiзiлiмiне енгiзiлген заңды тұлға;
29) коммерциялық құжаттар – шот-фактура (инвойс), арнайы тiзбелер, тиеу және орау парақтары мен сыртқы сауда және өзге де қызметтi жүзеге асыру кезiнде, сондай-ақ тауарларды кеден одағының кедендiк шекарасы арқылы өткiзуге байланысты мәмiлелердi жасауды растау үшiн пайдаланылатын басқа да құжаттар;
30) көлiктiк (тасымалдау) құжаттар – коносамент, жүк құжаты немесе тауарларды тасымалдау шартының бар екенiн растайтын және мұндай тасымалдау кезiнде оларға iлесiп жүретiн өзге де құжат;
31) көлiк құралдары – кез келген су кемесiн, әуе кемесiн, автомобиль көлiк құралын, тiркеменi, жартылай тiркеменi, темiржол көлiк құралын (темiржол қозғалмалы құрамы, темiржол қозғалмалы құрамының бiрлiгi) немесе оларға арналған техникалық паспорттармен немесе техникалық формулярлармен көзделген қосалқы бөлшектерi, керек-жарақтар мен жабдықтары, егер олар көрсетiлген көлiк құралдарымен бiрге тасымалданатын болса, олардың конструкциясында көзделген май құю ыдыстарындағы жанар-жағармай материалдары, салқындату және өзге де техникалық сұйықтар бар контейнердi қамтитын тауарлар санаты;
32) қазақстандық тұлға – Қазақстан Республикасының азаматы, Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын жерi бар, азаматтығы жоқ адам, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасында тiркелген дара кәсiпкер, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған заңды тұлға;
33) қылмыстар және әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес олар бойынша кеден органдары қылмыстық қудалауды жүзеге асыратын қылмыстар және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кеден органдары әкiмшiлiк процесс жүргiзетiн (iс жүргiзудi жүзеге асыратын) әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар;
34) межелi кеден органы – қызмет өңiрiнде жөнелтушi кеден органы белгiлеген тауарларды жеткiзу орны бар не кедендiк транзит кедендiк рәсiмiн аяқтайтын кеден органы және (немесе) кеден одағына мүше мемлекеттiң өзге де кеден органы;
35) мынадай:
қосалқы бөлшектер мен жабдықтарды қоспағанда, су кемелерiн, әуе кемелерiн және поездарды жүру жолында немесе аралық аялдама не тұрақ пункттерiнде қалыпты пайдалануды қамтамасыз ету және техникалық қызмет көрсету үшiн қажеттi;
осы керек-жарақтардың сатылуына немесе сатылмауына қарамастан, өздiгiнен жүретiн және өздiгiнен жүрмейтiн лихтерлер мен баржаларды (бұдан әрi – су кемелерi) қоса алғанда, теңiз (өзен) кемелерiнiң, iшкi суларда жүзетiн кемелердiң, «өзен-теңiз» суларында жүзетiн кемелердiң, су асты қанаттары бар кемелердiң, ауа жастығындағы кемелердiң және шағын көлемдi кемелердiң, әуе кемелерiнiң бортында жолаушылар мен экипаж мүшелерiнiң немесе поездарда жолаушылар мен поезд бригадасы қызметкерлерiнiң тұтынуына арналған;
су кемелерiнiң, әуе кемелерiнiң бортында тұтыну мақсатынсыз, осы кемелердiң жолаушылары мен экипаж мүшелерiне сатуға арналған керек-жарақтар – тауарлар;
36) мүдделi тұлғалар – тауарларға қатысты мүдделерi кеден органдарының шешiмдерiмен, iс-әрекеттерiмен (әрекетсiздiгiмен) тiкелей және жеке қозғалатын тұлғалар;
37) өткiзу пунктi – темiржол, автомобиль, су не әуе қатынасының шегiнде орналасқан, адамдарды, тауарлар мен көлiк құралдарын кеден одағының кедендiк шекарасы арқылы өткiзуге арналған, кедендiк инфрақұрылымы бар, Қазақстан Республикасының Үкiметi және (немесе) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарымен белгiленген кеден одағы кедендiк шекарасының Қазақстан Республикасының аумағындағы учаскесi;
38) почта операторы – Қазақстан Республикасының почта туралы заңнамасына және Дүниежүзiлiк почта одағының актiлерiне сәйкес почта қызметi саласында қызмет көрсетуге құқығы бар Қазақстан Республикасының тұлғасы;
39) салықтар – тауарларды кеден одағының кедендiк аумағына әкелу кезiнде кеден органдары өндiрiп алатын қосылған құн салығы және акциз (акциздер);
40) тарифтiк емес реттеу шаралары – Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында, Кеден одағы комиссиясының шешiмдерiнде және Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес қабылданған Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiнде белгiленген сандық және экономикалық сипаттағы өзге де тыйым салу мен шектеулердi енгiзу жолымен жүзеге асырылатын тауарлармен сыртқы сауданы реттеу шараларының кешенi;
41) тасымалдаушы – тауарларды және (немесе) жолаушыларды кеден одағының кедендiк шекарасы арқылы тасымалдауды және (немесе) кеден одағының кедендiк аумағы шегiнде кедендiк бақылаудағы тауарларды тасымалдауды жүзеге асыратын немесе көлiк құралдарын пайдаланғаны үшiн жауапты болып табылатын тұлға;
42) тауар – кеден одағының кедендiк шекарасы арқылы өткiзiлетiн кез келген жылжымалы мүлiк, оның iшiнде ақпарат жеткiзгiштер, кеден одағына мүше мемлекеттердiң валютасы, бағалы қағаздар және (немесе) валюталық құндылықтар, жол чектерi, электр энергиясы және энергияның өзге де түрлерi, сондай-ақ жылжымайтын мүлiкке теңестiрiлген өзге де өткiзiлетiн заттар;
43) тауарларды алушы - тасымалдаушы кедендiк бақылаудағы тауарларды жеткiзуге мiндеттi болатын, тауарлардың iлеспе құжаттарында көрсетiлген тұлға;
44) тауарларды кеден одағының кедендiк шекарасы арқылы өткiзу – тауарларды кеден одағының кедендiк аумағына әкелу немесе тауарларды кеден одағының кедендiк аумағынан әкету;
45) тауарларды шығару – кеден органдарының мүдделi тұлғаларға тауарларды мәлiмделген кедендiк рәсiм талаптарына сәйкес немесе осы Кодекске сәйкес кедендiк рәсiмдермен орналастыруға жатпайтын тауарлардың жекелеген санаттары үшiн белгiленген шарттарға сәйкес пайдалануға рұқсат беретiн әрекетi;
46) тауарларды кеден одағының кедендiк шекарасы арқылы заңсыз өткiзу – тауарларды кеден одағының кедендiк шекарасы арқылы белгiленген жерлерден тыс немесе осы жерлердегi кеден органдары жұмысының белгiленбеген уақытында, не кедендiк бақылаудан жасырып, не тауарларды дұрыс декларацияламай немесе декларацияламай, не тауарлар туралы дұрыс емес мәлiметтер бар құжаттарды пайдалана отырып және (немесе) жалған не басқа тауарларға жататын сәйкестендiру құралдарын пайдалана отырып өткiзу, сол сияқты осылай өткiзуге тырысу;
47) тауарларға iлеспе құжаттар – кеден одағының кедендiк шекарасы арқылы өткiзiлетiн тауарларға арналған коммерциялық және көлiк құжаттары;
48) тауар партиясы – кеден органына бiр немесе бiрнеше көлiк құжаты бойынша бiр мезгiлде ұсынылатын және бiр жүк жөнелтушiден бiр жүк алушының атына жолданатын тауарлар, сондай-ақ бiр почта жүкқұжаты бойынша жөнелтiлетiн не багаж ретiнде бiр тұлға өткiзетiн тауарлар;
49) тұлға – жеке және (немесе) заңды тұлға, сондай-ақ, егер осы Кодекстен өзгеше туындамаса, заңды тұлға болып табылмайтын құрылым;
50) тыйым салу мен шектеу – тарифтiк емес реттеу шараларын, тауарлармен сыртқы саудаға қатысты және ұлттық мүдделердiң негiзiнде енгiзiлетiн шараларды, тауарлармен сыртқы саудадағы тыйым салулар мен шектеулердiң ерекше түрлерiн, экспорттық бақылау, оның iшiнде әскери мақсаттағы, техникалық реттеу өнiмдерiне қатысты шараларды қамтитын кеден одағының кедендiк шекарасы арқылы өткiзiлетiн тауарларға қатысты қолданылатын шаралар кешенi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында, Кеден одағы комиссиясының шешiмдерiнде және Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес қабылданған Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiнде белгiленген санитарлық-эпидемиологиялық, ветеринариялық, карантиндiк, фитосанитарлық және радиациялық талаптар;
50-1) уәкiлеттi заңды тұлға - Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындаған, төлеушiнiң билiк етуi шектелген мүлкiн өткiзу саласындағы заңды тұлға;
51) халықаралық почта жөнелтiмдерi – кеден одағының кедендiк аумағының шегiнен тыс жерге жөнелту үшiн қабылданған, кеден одағының кедендiк аумағына келiп түсетiн не осы аумақ арқылы транзитпен өтетiн және Дүниежүзiлiк почта одағының актiлерiнде көзделген iлеспе құжаттары бар почта жөнелтiмдерi;
52) халықаралық тасымалдың көлiк құралдары – жүктердi тиеу, түсiруге, өңдеуге және қорғауға арналған арнайы жабдығы, материалдық-техникалық жабдықтау және жарақтандыру заттары, сондай-ақ көлiк құралын жүру жолында жөндеуге, оған техникалық қызмет көрсетуге немесе оны пайдалануға арналған қосалқы бөлшектерi мен жабдығы бар, жүктердi, жолаушыларды және (немесе) багаждарды халықаралық тасымалдауды бастау және (немесе) аяқтау мақсатында кеден одағының кедендiк аумағына әкелiнетiн немесе оның шегiнен тыс жерге әкетiлетiн көлiк құралдары;
53) шартты шығару ? тауарларды пайдалану және билiк ету жөнiндегi шектеулердi сақтау шартымен тауарларды шығару;
54) шетелдiк тауарлар – кеден одағының тауарлары болып табылмайтын тауарлар, сондай-ақ осы Кодекске сәйкес шетелдiк тауарлар мәртебесiн алған тауарлар;
55) шетелдiк тұлға – кеден одағына мүше мемлекеттiң тұлғасы болып табылмайтын тұлға;
56) экспресс-жүк – халықаралық почта жөнелтiмдерiмен жөнелтiлетiн тауарларды қоспағанда, ұйымның электронды ақпараттық жүйесiн және дара жүкқұжатқа сәйкес мүмкiн болатын ең аз және (немесе) бекiтiлген уақыт аралығы iшiнде аталған тауарларды алушыға дейiн жеткiзу мақсатында тасымалдауды қадағалауды пайдалана отырып, жылдамдықпен тасымалдау шеңберiнде көлiктiң кез келген түрiмен тасымалданатын тауар.
2. Осы Кодекстiң мақсаттары үшiн өзге де ұғымдар осы Кодекстiң тиiстi баптарында айқындалған мағынада пайдаланылады.
3. Осы Кодексте пайдаланылатын Қазақстан Республикасы азаматтық және басқа салалары заңнамасының терминдерi, егер осы Кодексте өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасы заңнамасының осы салаларында олар қалай пайдаланылса, сол мағынада пайдаланылады.
Ескерту. 4-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2010.12.28 N 368-IV (алғашқы ресми жариялағанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
5-бап. Кеден одағының және (немесе) Қазақстан
Республикасының кеден заңнамасында белгiленетiн
мерзiмдердi есептеу тәртiбi
1. Кеден одағының және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамаларында белгiленген мерзiм күнтiзбелiк күнмен немесе жылдармен, айлармен, күндермен немесе сағаттармен есептелетiн уақыт кезеңiнiң өтуiмен айқындалады.
Мерзiм болуға тиiс оқиға немесе жасалуға тиiс iс-әрекет көрсетiле отырып та айқындалуы мүмкiн.
2. Егер кеден одағының және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында уақыт кезеңiмен айқындалған мерзiмнiң басталуын және аяқталуын анықтау үшiн мерзiмдердi есептеудiң арнайы тәртiбi белгiленбесе, кеден одағының және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында осы баптың 3-8-тармақтарында көзделген ережелер қолданылады.
3. Уақыт кезеңiмен айқындалған мерзiмнiң өтуi күнтiзбелiк күннен немесе оқиғаның болуы анықталған күннен кейiнгi келесi күнi басталады.
4. Жылдармен есептелетiн мерзiм мерзiмнiң соңғы жылының тиiстi айы мен күнiнде аяқталады.
5. Айлармен есептелетiн мерзiм мерзiмнiң соңғы айының тиiстi күнiнде аяқталады.
Егер айлармен есептелетiн мерзiмнiң аяқталуы тиiстi күнi жоқ айға келетiн болса, онда мерзiм осы айдың соңғы күнiнде аяқталады.
6. Егер мерзiмнiң соңғы күнi жұмыс iстемейтiн күнге келетiн болса, одан кейiнгi жақын жұмыс күнi мерзiмнiң аяқталу күнi болып есептеледi.
7. Егер мерзiм қандай да бiр iс-әрекеттi жасау үшiн белгiленсе, ол мерзiмнiң соңғы күнiнде сағат жиырма төртке дейiн орындалуы мүмкiн.
Бiрақ, егер бұл iс-әрекет ұйымда жасалатын болса, онда мерзiм осы ұйымда белгiленген ережелер бойынша тиiстi операциялар тоқтатылған сағатта аяқталады.
Мерзiмнiң соңғы күнiнде сағат жиырма төртке дейiн почта операторына тапсырылған жазбаша мәлiмдемелер және хабарламалар мерзiмiнде берiлген деп есептеледi.
8. Мерзiм жұмыс күндерiмен есептелген жағдайда, жұмыс күндерi деп Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жұмыс iстемейтiн күн деп жарияланған мереке күндерiне келмейтiн аптаның дүйсенбiден жұмаға дейiнгi күндерi түсiнiледi.
Егер тауарларды кеден одағының кедендiк шекарасы арқылы өткiзу орындарында және кеден органдары орналасқан өзге орындарда кеден органдарының жұмыс уақыты болып жұмыс iстемейтiн күндер белгiленсе, осы кеден органдарының жұмыс күндерiмен есептелетiн кедендiк операцияларды жасау мерзiмi жұмыс iстемейтiн күндердi қамтиды.
2-тарау. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ КЕДЕН ОРГАНДАРЫ
6-бап. Қазақстан Республикасының кеден
органдары жүйесi
1. Қазақстан Республикасының кеден органдары (бұдан әрi – кеден органдары) өз құзыретi шегiнде Қазақстан Республикасында кеден iсiн жүзеге асыратын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де өкiлеттiктердi орындайтын мемлекеттiк органдар болып табылады.
2. Қазақстан Республикасының кеден органдары жүйесi:
1) кеден iсi саласындағы уәкiлеттi органнан;
2) кеден iсi саласындағы уәкiлеттi органның аумақтық (облыстар, республикалық маңызы бар қала, астана бойынша) бөлiмшелерiнен;
3) кедендерден;
4) кеден бекеттерiнен;
5) кеден одағының кедендiк шекарасындағы бақылау-өткiзу пункттерiнен;
6) мамандандырылған кеден мекемелерiнен тұрады.
3. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмiмен кедендiк ақпараттық-есептеу орталығы, кедендiк зертханалар, кинологиялық, оқу-әдiстемелiк, ғылыми-зерттеу және басқа да мамандандырылған кеден мекемелерi, жоғары кәсiби және қосымша бiлiм беретiн бiлiм мекемелерi, сондай-ақ қызметi осы Кодекске сәйкес кеден органдарына жүктелген мiндеттердi шешуге жәрдемдесетiн мемлекеттiк кәсiпорындар құрылады.
4. Кеден органдарының кеден органдарына тән танымдық туы және танымдық белгiсi болады.
Кеден органдарының танымдық туы мен танымдық белгiсiнiң сипаттамасын және қолданылу тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.
5. Кеден iсi саласындағы уәкiлеттi орган қылмыстар профилактикасы, азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын, қоғамның және мемлекеттiң мүдделерiн қорғау, халық тарапынан сенiм мәселелерiне басымдық берiп, өкiлдi органдар мен жұртшылық беретiн сыртқы бағалау тетiктерiн айқындай отырып, сыбайлас жемқорлық деңгейiнiң рейтингтiк бағасын енгiзiп, есептiлiк және қызметтi бағалау жүйесiн жетiлдiредi, сондай-ақ азаматтық қоғам институттарымен ынтымақтастықтың әртүрлi нысандарын белгiлейдi.
Ескерту. 6-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2011.01.06 N 379-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
7-бап. Кеден органдары қызметiнiң принциптерi
Кеден органдарының қызметi:
1) заңдылық
2) сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың және кеден iсi саласындағы қызметтi жүзеге асыратын тұлғалардың құқықтарын, бостандығын және заңды мүдделерiн қамтамасыз ету;
3) баршаның заң алдындағы теңдiгi;
4) жариялылық принциптерiнде құрылады.
8-бап. Кеден органдарының негiзгi мiндеттерi
Кеден органдары кеден одағының кедендiк аумағында мынадай негiзгi мiндеттердi шешудi:
1) кеден одағының бiрыңғай сауда саясатын iске асыруға жәрдемдесудi;
2) орындалуын бақылау кеден органдарына жүктелген кеден одағының кеден заңнамасының, Қазақстан Республикасы кеден заңнамасының және өзге де заңнамасының орындалуын қамтамасыз етудi;
3) кедендiк операциялар жасауды және кедендiк бақылау жүргiзудi, оның iшiнде өзара әкiмшiлiк көмек көрсету шеңберiнде жүргiзудi;
4) кедендiк төлемдердi және салықтарды, сондай-ақ арнайы, демпингке қарсы және өтемдiк баждарды өндiрiп алуды, олардың есептелуiнiң дұрыстығын және уақтылы төленуiн бақылауды, өз құзыретi шегiнде оларды мәжбүрлеп өндiрiп алу шараларын қабылдауды;
5) өз құзыретi шегiнде кедендiк-тарифтiк реттеу шараларының, кеден одағының кедендiк шекарасы арқылы өткiзiлетiн тауарларға қатысты тыйым салулар мен шектеулердiң сақталуын қамтамасыз етудi;
6) өз құзыретi шегiнде кедендiк реттеу саласында тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерiнiң сақталуын қамтамасыз етудi және кеден одағының кедендiк шекарасы арқылы тауар айналымын жеделдету үшiн жағдай жасауды;
7) өз құзыретi шегiнде кеден одағына мүше мемлекеттердiң ұлттық қауiпсiздiгiн, адам өмiрi мен денсаулығын, жануарлар мен өсiмдiктер әлемiн, қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi шараларды, сондай-ақ кеден одағына мүше мемлекеттердiң халықаралық шарттарына сәйкес кеден одағына мүше мемлекеттердiң валюталарын, бағалы қағаздарды және (немесе) валюталық құндылықтарды, жол чектерiн кеден одағының кедендiк шекарасы арқылы өткiзуге бақылауды жүзеге асыру кезiнде қылмыстық жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмдi қаржыландыруға қарсы iс-қимыл жөнiндегi шараларды қамтамасыз етудi;
8) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қылмыстар мен әкiмшiлiк құқық бұзушылықтарды анықтауды, олардың алдын алуды және жолын кесудi;
9) өз құзыретi шегiнде кеден одағының кедендiк аумағында зияткерлiк меншiк құқығын қорғауды қамтамасыз етудi;
10) кедендiк статистиканы жүргiзудi;
11) Қазақстан Республикасындағы кедендiк реттеудi әзiрлеуге қатысуды және iске асыруды;
12) өз құзыретi шегiнде Қазақстан Республикасының егемендiгi мен экономикалық қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудi;
13) кедендiк декларациялау мен кедендiк бақылауды жүзеге асыруды және жетiлдiрудi, сондай-ақ кеден одағының кедендiк шекарасы арқылы өткiзiлетiн тауарлар мен көлiк құралдарына қатысты кедендiк операцияларды жүргiзудi оңайлатуға ықпал ететiн жағдайлар жасауды;
14) тауарларды шығарғаннан кейiн кедендiк бақылауды жүзеге асыруды, сондай-ақ берешектердi өндiрiп алу жөнiнде шаралар қабылдауды;
15) кеден iсi саласындағы Қазақстан Республикасы халықаралық мiндеттемелерiнiң орындалуын қамтамасыз етудi және Қазақстан Республикасының кеден iсi саласындағы халықаралық шарттарын әзiрлеуге қатысуды;
16) бiрыңғай бюджет саясатын iске асыруға, кеден органдарының материалдық-техникалық және әлеуметтiк базасын дамытуға қатысуды;
РҚАО-ның ескертпесi!
17) тармақша 2011.07.01 бастап қолданысқа енгiзiледi (ҚР 2010.06.30 N 298-IV Заңының 1-бабын қараңыз).
17) кеден одағының кедендiк шекарасы арқылы өткiзу пункттерiнде радиациялық бақылау жүргiзудi;
РҚАО-ның ескертпесi!
18) тармақша 2011.07.01 бастап қолданысқа енгiзiледi (ҚР 2010.06.30 N 298-IV Заңының 1-бабын қараңыз).
18) кеден одағының кедендiк шекарасы арқылы автомобиль өткiзу пункттерiнде көлiктiк және санитарлық-карантиндiк бақылау жүргiзудi;
РҚАО-ның ескертпесi!
19) тармақша 2011.07.01 бастап қолданысқа енгiзiледi (ҚР 2010.06.30 N 298-IV Заңының 1-бабын қараңыз).
19) кеден одағының кедендiк шекарасы арқылы автомобиль өткiзу пункттерiнде ветеринарлық-санитарлық бақылау және өсiмдiктер карантинi бойынша бақылау органдарының қызметтерiн үйлестiрудi;
20) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес шет мемлекеттердiң кеден органдарымен және өзге органдарымен және халықаралық ұйымдармен ынтымақтастықты;
21) осы Кодексте көзделген өзге де мiндеттердi орындауды қамтамасыз етедi.
9-бап. Кеден органдарының құқықтары
Кеден органдары:
1) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдарынан және шет мемлекеттердiң органдарынан, декларанттардан, кеден iсi саласындағы қызметтi жүзеге асыратын тұлғалардан және тексерiлетiн тұлғалардан қажеттi ақпаратты, сондай-ақ кеден iсi саласына қатысты құжаттар мен мәлiметтердi сұратуға және алуға;
2) кедендiк бақылау жүргiзу кезiнде бiлiмнiң әр түрлi салаларының мамандарын тартуға;
3) кеден одағының кедендiк аумағынан кеден органдарының рұқсатынсыз шығып кеткен көлiк құралдарын тоқтатуға, сондай-ақ су және әуе кемелерiн мәжбүрлеп қайтаруға;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес соттарға талап қоюға;
5) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кеден iсi саласында құқық бұзушылық, қылмыс жасаған немесе құқық бұзушылық, қылмыс жасаған деп күдiк келтiрiлген адамдарды ұстауға және Қазақстан Республикасының кеден немесе өзге де органдарының қызметтiк үй-жайларына жеткiзуге;
6) Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiне сәйкес фактiлер мен оқиғаларға құжаттама жүргiзуге, бейне және дыбыс жазба жасауға, киноға және фотосуретке түсiруге;
7) кеден органдарының ресми өкiлдерiн Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес шет мемлекеттерге жiберуге;
8) ақпараттық жүйелердi, байланыс жүйелерiн және деректердi беру жүйелерiн, кедендiк бақылаудың техникалық құралдарын, сондай-ақ ақпаратты қорғау құралдарын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әзiрлеуге, жасауға, иеленуге және пайдалануға;
9) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кеден органдарына жүктелген функцияларды орындау үшiн қаруды, арнаулы техникалық және өзге де құралдарды, сондай-ақ арнаулы иттердi қоса алғанда, тауарларды иеленуге;
10) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дене күшiн, арнаулы құралдарды және атыс қаруын қолдануға;
11) «Жедел-iздестiру қызметi туралы» Қазақстан Республикасының заңына сәйкес жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асыруға;
12) Қазақстан Республикасының Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексiне сәйкес әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер бойынша хаттамалар жасауға;
13) кеден iсi саласындағы әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және Қазақстан Республикасының Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексiнде көзделген тәртiппен әкiмшiлiк жазалар қолдануға;
14) осы Кодексте, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентiнiң және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң актiлерiнде көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы.
10-бап. Кеден органдарының мiндеттерi
1. Кеден органдары:
1) декларанттардың және кеден iсi саласындағы қызметтi жүзеге асыратын тұлғалардың заңды құқықтарын сақтауға және мемлекет мүдделерiн қорғауға;
2) кеден органының және (немесе) кеден органының лауазымды адамдарының шешiмiне, iс-әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағымдарды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен және мерзiмдерде қарауға;
3) кеден одағының кедендiк шекарасы арқылы тауар айналымын жеделдетуге ықпал ететiн жағдайлар жасау жолымен сыртқы сауданың дамуына жәрдемдесуге;
4) кеден одағының кедендiк шекарасы арқылы өткiзiлетiн тауарлар мен көлiк құралдарына қатысты кедендiк бақылауды жүзеге асыруға;
5) Қазақстан Республикасының қылмыстық iс жүргiзу заңнамасында көзделген тәртiппен кеден iсi саласындағы қылмыстар туралы iстер бойынша анықтауды жүзеге асыруға;
6) өз өкiлеттiгi шегiнде декларанттарға және кеден iсi саласындағы қызметтi жүзеге асыратын тұлғаларға өз құқықтарын iске асыруға жәрдемдесуге;
7) кедендiк төлемдер мен салықтардың толық өндiрiп алынуын және бюджетке уақтылы аударылуын қамтамасыз етуге;
8) өз құзыретi шегiнде осы Кодексте белгiленген мерзiмдерде шешiмдер қабылдауға және декларанттардың және кеден iсi саласындағы қызметтi жүзеге асыратын тұлғалардың кеден одағы және (немесе) Қазақстан Республикасы кеден заңнамасында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актiлерiнде белгiленген талаптарды сақтауы және мiндеттердi орындауы бойынша олардың қызметiн бақылауды жүзеге асыруға;
9) Қазақстан Республикасының сыртқы саудасының кедендiк статистикасын және арнаулы кедендiк статистикасын жүргiзудi жүзеге асыруға;
10) өз құзыретi шегiнде кеден одағының кедендiк шекарасын күзетудi және Қазақстан Республикасының кеден заңнамасының және өзге де заңнамасының сақталуын бақылауды қамтамасыз етуге;
11) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кеден органдарының қызметiне, кеден органдарының лауазымды адамдарына және олардың отбасы мүшелерiне қатысты құқыққа қарсы iс-әрекеттерден қорғауды қамтамасыз етуге;
12) өз құзыретi шегiнде кеден iсi саласындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу, жолын кесу және оларды анықтау жөнiнде жұмыс жүргiзуге;
13) кеден iсi саласындағы құқық бұзушылықтардың жасалғандығы туралы ақпарат жинауды және талдауды жүзеге асыруға;
14) Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiк органдарымен және басқа да тиiстi мемлекеттiк органдарымен өзара iс-қимыл жасай отырып, кеден одағының кедендiк шекарасын қорғауды қамтамасыз ету жөнiндегi шараларды жүзеге асыруға;
15) өтiнiштердi уақтылы, объективтi және жан-жақты қарауды және кеден iсi саласына келiп түсетiн сауалдар мен ұсыныстарды ескере отырып, жауап берудi немесе тиiстi iс-әрекеттер жасауды қамтамасыз етуге;
16) кеден iсi саласында ақпарат және консультация берудi өтеусiз жүзеге асыруға;
17) Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде айқындалған тәртiппен басқа да мемлекеттiк органдармен, сондай-ақ тиiстi мемлекеттiк органдардың бiрлескен актiлерi негiзiнде аталған органдардың келiсiмiмен өзара iс-қимыл жасауға;
18) кеден iсiн жетiлдiру және кедендiк әкiмшiлiк жүргiзудiң тиiмдi әдiстерiн енгiзу мақсатында сыртқы экономикалық және өзге де қызметке қатысушылармен өзара iс-қимыл жасауға;
19) қаржы мониторингi жөнiндегi уәкiлеттi органның сұратуы бойынша, «Заңсыз жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмдi қаржыландыруға қарсы iс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес өздерiнiң ақпараттық жүйелерiнен мәлiметтердi табыс етуге;
20) белгiленген мерзiмдерде бюджетке төленбеген кедендiк төлемдер мен салықтардың сомаларын, сондай-ақ өсiмпұлды өндiрiп алуға;
21) кеден одағының және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамаларына сәйкес кедендiк әкiмшiлiк жүргiзудi жүзеге асыруға;
22) мемлекет меншiгiне айналдырылған тауарлардың сақталуын қамтамасыз етуге;
23) осы Кодексте және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентiнiң және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң актiлерiнде көзделген басқа да мiндеттердi орындауға мiндеттi.
2. Кеден органдары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес олар бойынша iс жүргiзу Қазақстан Республикасының өзге де мемлекеттiк органдарының құзыретiне жатқызылған қылмыстар мен әкiмшiлiк құқық бұзушылықтарды анықтаған кезде, Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртiппен және мерзiмдерде мұндай құқық бұзушылықтар мен қылмыстар бойынша қолда бар материалдарды Қазақстан Республикасының тиiстi мемлекеттiк органдарына беруге мiндеттi.
11-бап. Кеден органдарының орналасатын жерлерi
1. Кеден органдарының орналасатын жерлерiн кеден одағының кедендiк шекарасы арқылы өткiзiлетiн халықаралық тасымал тауарлары мен көлiк құралдарын кедендiк бақылауды жүзеге асыру қажеттiгiн ескере отырып, тауарлар партиясының көлемiн және Қазақстан Республикасы көлiктiк әлеуетiнiң даму қарқынын негiзге ала отырып, кеден iсi саласындағы уәкiлеттi орган белгiлейдi.
2. Осы баптың 3-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, кеден органдары тiкелей кеден органдарына тиесiлi үй-жайларда орналасады.
3. Кеден органдары кеден терминалдарының, әуежайлардың, порттардың, темiржол станцияларының аумағында және (немесе) үй-жайларында, халықаралық почта алмасу орындарында, сондай-ақ кеден iсi саласындағы қызметтi жүзеге асыратын тұлғаларға тиесiлi аумақта және (немесе) үй-жайларда орналасуы мүмкiн.
Көрсетiлген жағдайларда қажеттi аумақтар және (немесе) үй-жайлар кеден органдарына Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында көзделген тәртiппен шарт негiзiнде берiледi.
12-бап. Кедендiк операциялар жүргiзiлетiн орындар
Осы Кодексте белгiленген жағдайларды қоспағанда, кедендiк бақылаудағы тауарлар мен көлiк құралдарына қатысты кедендiк операциялар осы Кодекстiң 186-бабында айқындалған кедендiк бақылау аймақтарында жүзеге асырылады.
13-бап. Кеден органдарының жұмыс уақыты
1. Кеден органдарының жұмыс уақытын кеден iсi саласындағы уәкiлеттi орган осы баптың 2-тармағында көзделген жағдайларды ескере отырып, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес белгiлейдi.
2. Кеден одағының кедендiк шекарасы арқылы өткiзу пункттерiндегi кеден органдарының жұмыс уақыты шекарадағы өзге де бақылаушы органдардың жұмыс режимiмен, көрсетiлген өткiзу пункттерi орналасқан теңiз және өзен порттарының, әуежайлардың, темiр жол станцияларының жұмыс режимiмен, сондай-ақ шет мемлекеттiң шектес өткiзу пункттерiндегi кеден органдары мен өзге де бақылаушы органдардың жұмыс уақытымен үйлестiрiледi.
14-бап. Кеден органдарының талаптарын орындаудың
мiндеттiлiгi
1. Кеден органдарының және олардың лауазымды адамдарының талаптары Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес осы талаптар өздерiне қатысты қойылатын барлық тұлғалардың орындауы үшiн мiндеттi.
2. Осы баптың 1-тармағында белгiленген кеден органдарының және олардың лауазымды адамдарының талаптарын орындамау, сондай-ақ кеден органдарының лауазымды адамдарына жүктелген мiндеттердi орындауға кедергi келтiретiн басқа да iс-әрекеттер Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жауаптылыққа әкеп соғады.
15-бап. Кеден органдарының құқық қорғау қызметi
1. Кеден органдары контрабанда туралы, кедендiк төлемдердi, салықтарды төлеуден жалтару туралы iстер бойынша анықтау органдары болып табылады, олар бойынша iс жүргiзу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кеден органдарының қарауына жатады.
2. Кеден органдары Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексiмен қылмыс деп танылған, олар бойынша iс жүргiзу кеден органдарының қарауына жататын құқыққа қарсы әрекеттi дайындайтын, жасайтын немесе жасаған тұлғаларды анықтау, халықаралық шарттарға сәйкес халықаралық кеден ұйымдарының, шет мемлекеттердiң кеден және өзге де құзыреттi органдарының сауал салуларын орындау мақсатында жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асырады.
Кеден органдары жедел-iздестiру қызметiн «Жедел-iздестiру қызметi туралы» Қазақстан Республикасының заңына сәйкес жүзеге асырады.
3. Кеден органдары Қазақстан Республикасының Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексiне сәйкес әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер бойынша әкiмшiлiк процестi жүргiзедi (iс жүргiзудi жүзеге асырады) және тұлғаларды әкiмшiлiк жауаптылыққа тартады.
16-бап. Кеден органдары алған ақпаратқа көзқарас
1. Кеден одағының кеден заңнамасына немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кеден органдары алған кез келген ақпаратты олар тек кеден мақсаттары үшiн, оның iшiнде қылмыстар мен әкiмшiлiк құқық бұзушылықтардың алдын алу және жолын кесу үшiн ғана пайдаланады.
2. Кеден органдарының, олардың лауазымды адамдарының, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осы баптың 1-тармағында көрсетiлген ақпаратқа қол жетiмдiлiк алған өзге де тұлғалардың мемлекеттiк, коммерциялық, банктiк, салықтық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпия (жасырым) болып табылатын ақпаратты және басқа да жабық ақпаратты, осы баптың 3-тармағында белгiленген жағдайларды қоспағанда, жария етуге, жеке мақсатта пайдалануға не үшiншi тұлғаларға, оның iшiнде мемлекеттiк органдарға беруге құқығы жоқ.
Кеден органдары өздерiне берiлген ақпаратты, егер мұндай ақпарат мемлекеттiк органдарға Қазақстан Республикасының заңнамасымен жүктелген мiндеттердi шешу үшiн қажет болса, Қазақстан Республикасының мемлекеттiк, коммерциялық, банктiк, салықтық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны (жасырымды) және басқа да жабық ақпаратты қорғау жөнiндегi заңнамасының, сондай-ақ Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарының тәртiбiмен және талаптарын сақтай отырып, осы органдарға бередi.
3. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кеден органдары өздерiне берiлген ақпаратты өтiнiштер бойынша:
1) Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарына – тiркелген тергеуге дейiнгi тексеру материалдары, сондай-ақ iс жүргiзуiндегi қылмыстық iстер және әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер бойынша прокурордың тексеру жүргiзу туралы қаулысының негiзiнде;
2) соттарға – олардың талап етуi бойынша;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген жағдайларда бiрлескен актiлерде айқындалатын тәртiппен Қазақстан Республикасының өзге де мемлекеттiк органдарына;
4) қаржы мониторингi жөнiндегi уәкiлеттi органға – «Заңсыз жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмдi қаржыландыруға қарсы iс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бередi.
4. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес басқа да мемлекеттiк органға ақпаратты беру жағдайларын қоспағанда, осы баптың 3-тармағына сәйкес алынған кез келген ақпарат жария етуге және таратуға жатпайды.
17-бап. Кеден органдарының шешiмiне, кеден органдарының
және олардың лауазымды адамдарының iс-әрекетiне
әрекетсiздiгiне) шағымдану
Кез келген тұлға кеден органдарының шешiмдерiне, кеден органдарының немесе олардың лауазымды адамдарының iс-әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген мерзiмдерде және тәртiппен шағымдануға құқылы.
3-тарау. КЕДЕН ОРГАНДАРЫНЫҢ ӨЗГЕ МЕМЛЕКЕТТIК
ОРГАНДАРМЕН, СЫРТҚЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ
ҚЫЗМЕТКЕ ҚАТЫСУШЫЛАРМЕН ЖӘНЕ КЕДЕН
IСI САЛАСЫНДАҒЫ БАСҚА ДА ТҰЛҒАЛАРМЕН
ӨЗАРА ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСЫ
18-бап. Кеден органдарының мемлекеттiк органдармен
өзара iс-қимылы
1. Кеден органдары өз функцияларын Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртiппен дербес және өзге де мемлекеттiк органдармен өзара iс-қимыл жасай отырып, сондай-ақ бiрлескен актiлердiң негiзiнде тиiстi мемлекеттiк органдардың немесе аталған органдардың келiсiмiмен жүзеге асырады.
2. Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде көзделген жағдайларды қоспағанда, кеден органдарының қызметiне араласуға тыйым салынады.
19-бап. Кедендiк бақылау жүргiзу кезiнде кеден
органдары мен салық қызметi органдарының
өзара iс-қимылы
Кеден органдары мен салық қызметi органдары өзара iс-қимыл кезiнде кедендiк және (немесе) салықтық бақылау жүргiзу үшiн қажеттi ақпаратпен алмасады.
Кеден органдары мен салық қызметi органдарының өзара iс-қимыл тәртiбiн кеден iсi саласындағы уәкiлеттi орган айқындайды.
20-бап. Көлiктiң жекелеген түрлерiнде
кедендiк бақылау жүргiзу кезiнде кеден
органдарының басқа да тұлғалармен өзара
iс-қимылы
1. Кедендiк бақылауды жүзеге асыру мақсатында кеден органдары ұлттық темiр жол компаниясымен, темiр жол көлiгi саласындағы ұлттық тасымалдаушымен, Қазақстан Республикасының халықаралық әуежайларымен, теңiз және өзен порттарымен өзара iс-қимылды жүзеге асырады.
2. Кеден органдары мен аталған заңды тұлғалардың өзара iс-қимыл тәртiбi Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде және кеден iс саласындағы уәкiлеттi орган мен көлiк саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органның бiрлескен актiлерiнде айқындалады.
21-бап. Кеден органдарының сыртқы экономикалық
қатысушылармен және басқа да тұлғалармен
өзара iс-қимылы
1. Қазақстан Республикасындағы кедендiк реттеудi жетiлдiру және кедендiк әкiмшiлiк жасаудың тиiмдi әдiстерiн енгiзу мақсатында сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар, кеден iсi саласындағы қызметтi жүзеге асыратын тұлғалар, сондай-ақ өзге де мүдделi тұлғалар, оның iшiнде қоғамдық бiрлестiктер мен ұйымдар кеден iсi мәселелерi жөнiндегi консультациялық кеңестердiң жұмысына қатысады.
2. Кеден iсiн жетiлдiру мәселелерi жөнiндегi консультациялық кеңестер кеден iсi саласындағы уәкiлеттi органның, кеден iсi саласындағы уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшелерiнiң және кедендердiң жанынан құрылады.
Кедендiк реттеудi жетiлдiру мәселелерi жөнiндегi консультациялық кеңестер туралы үлгi ереженi кеден iсi саласындағы уәкiлеттi орган бекiтедi.
Кеден iсiн жетiлдiру мәселелерi жөнiндегi консультациялық кеңестiң мүшелерi осы Кодекстiң 32-бабы 3-тармағында айқындалған бiлiктiлiк емтихандарын кеден органдары өткiзген кезде қатысуға құқылы.
22-бап. Кеден органдарының шет мемлекеттердiң
кеден және өзге де органдарымен және халықаралық
ұйымдармен ынтымақтастығы
Кеден органдары өз функцияларын жүзеге асыру кезiнде Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес шет мемлекеттердiң кеден және өзге де органдарымен және халықаралық ұйымдармен ынтымақтастық жасайды.
4-тарау. АҚПАРАТТАНДЫРУ ЖӘНЕ КОНСУЛЬТАЦИЯ БЕРУ
23-бап. Қазақстан Республикасының кеден
заңнамасы туралы ақпараттандыру
1. Қазақстан Республикасының кеден заңнамасы туралы ақпараттандыру ресми және өзге де мерзiмдiк баспасөз басылымдарында Қазақстан Республикасы кеден заңнамасының нормативтiк-құқықтық актiлерiн жариялау жолымен, сондай-ақ ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, олар туралы ақпаратты телевизия және радио арқылы жалпы жұрттың назарына жеткiзу жолымен жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасының кеден заңнамасы туралы ақпараттандыру ауызша түсiндiрулер мен хабарландырулар, ақпараттық стендтер, табло, буклеттер және өзге де баспа материалдары, сондай-ақ бейне-, дыбыс және Қазақстан Республикасының кеден заңнамасы туралы ақпарат тарату үшiн қолданылатын басқа да техникалық құралдар пайдаланыла отырып, оның iшiнде көпшiлiктiң қолы жетiмдi және тегiн таныстырылатын мынадай жерлерде:
1) кеден одағының кедендiк шекарасы арқылы өткiзу пункттерiнде;
2) әуежайларда, темiржол және автомобиль станцияларында, су порттарында;
3) халықаралық тасымалдарды орындайтын көлiк құралдарында;
4) осы Кодексте айқындалатын кедендiк бақылау аймақтарында, сондай-ақ кеден органдары айқындайтын өзге де жерлерде жүзеге асырады.
2. Кеден органдары тұлғалардың ресми интернет-ресурстарында орналастырылған Қазақстан Республикасының кеден заңнамасы туралы ақпаратқа олардың кедергiсiз қол жеткiзуiн қамтамасыз етедi.
24-бап. Кеден органдарының консультация беруi
1. Кеден органдары мүдделi тұлғаларға Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына қатысты мәселелер және кеден органдарының құзыретiне кiретiн өзге де мәселелер бойынша консультация бередi.
2. Кеден органдарының консультация беруi ауызша және жазбаша нысандарда тегiн жүзеге асырылады. Кеден органы мүдделi тұлғаның жазбаша сауал салуы бойынша ақпаратты мүмкiндiгiнше қысқа мерзiмде жазбаша нысанда, бiрақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген мерзiмнен кешiктiрмей беруге мiндеттi.
3. Консультация беру кезiнде кеден органдарының лауазымды адамдары кеден органының атынан кедендiк декларацияларды және Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес кеден органына ұсынылуға жататын өзге де құжаттарды тексермейдi, сондай-ақ мұндай кедендiк декларациялар мен құжаттарды жасамайды.
Осы тармақтың бiрiншi бөлiгiнде көрсетiлген құжаттарды толтыруға байланысты консультациялар, мүдделi тұлға табыс еткен ақпаратты тексермей, ауызша нысанда жүргiзiледi.
4. Консультация беру кезiнде кеден органының лауазымды адамы:
1) кеден органдарының құзыретiне кiрмейтiн мәселелер бойынша консультация жүргiзуге;
2) мүдделi тұлғалар табыс еткен құжаттарға өзгерiстер мен толықтырулар енгiзуге;
3) мүдделi тұлғалардың құжаттарына өкiмдiк жазбалар жазуға, кеден органдарына нұсқау беруге немесе қандай да бiр өзге де тәсiлмен кеден органының кейiнгi шешiмдерiне немесе кеден органдарына жүктелген функцияларды жүзеге асыру кезiнде оның лауазымды адамының iс-әрекетiне ықпал етуге;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жария етуге жатпайтын мәлiметтердi хабарлауға құқылы емес.
5. Консультацияларды жүргiзу кезiнде мүдделi тұлғаларға берiлген ақпарат тауарларға қатысты кедендiк операцияларды жасау кезiнде кеден органының немесе оның лауазымды адамының шешiм қабылдауы немесе iс-әрекет (әрекетсiздiк) жасауы үшiн негiздеме болып табылмайды.
5-тарау. КЕДЕН ОРГАНДАРЫНЫҢ КЕДЕН IСI САЛАСЫНДАҒЫ
ҚЫЗМЕТТI ЖҮЗЕГЕ АСЫРАТЫН ТҰЛҒАЛАРМЕН ӨЗАРА
ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСЫ
25-бап. Кеден өкiлi
1. Осы Кодекстiң 26-бабында айқындалған талаптарға сай келетiн Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы кеден өкiлi болып табылады.
Заңды тұлға кеден өкiлдерiнiң тiзiлiмiне енгiзiлгеннен кейiн кеден өкiлi болып танылады.
Кеден өкiлдерiнiң тiзiлiмiн кеден iсi саласындағы уәкiлеттi орган жүргiзедi.
2. Кеден өкiлi декларанттың немесе өзге де мүдделi тұлғалардың атынан немесе тапсырмасы бойынша Қазақстан Республикасының аумағында кеден одағының және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес кедендiк операциялар жасайды.
3. Кеден өкiлдерiнiң декларанттармен немесе өзге де мүдделi тұлғалармен қарым-қатынасы шарт негiзiнде құрылады.
4. Кеден өкiлдерiнiң тiзiлiмiндегi ақпарат, сондай-ақ аталған тұлғаларды тiзiлiмнен шығару туралы деректер кеден iсi саласындағы уәкiлеттi органның интернет-ресурсына орналастырылады.
Кеден iсi саласындағы уәкiлеттi орган ай сайын әр айдың бесiншi күнiнен кешiктiрмей, көрсетiлген интернет-ресурсқа жаңартылған тiзiлiмдi орналастыруды қамтамасыз етедi.
5. Кеден өкiлдерiнiң кедендiк операцияларды тiкелей жүзеге асыратын қызметкерлерiне қойылатын бiлiктiлiк талаптары және мұндай адамдарға кедендiк декларациялау жөнiндегi маманның бiлiктiлiк аттестатын беру шарттары осы Кодекстiң 32-бабында айқындалады.
6. Кедендiк операцияларды жасау кезiнде кеден өкiлi үшiн осы Кодекске сәйкес белгiленген декларант немесе өзге де мүдделi тұлғалар кедендiк операцияларды жасаған кездегi жағдайлардан қолайлылығы кемiрек жағдайлар белгiленбеуге немесе сол кезде қойылатын талаптардан неғұрлым қатаң талаптар қойылмауға тиiс.
26-бап. Кеден өкiлдерiнiң тiзiлiмiне енгiзу шарттары
Кеден өкiлдерiнiң тiзiлiмiне енгiзу үшiн заңды тұлға мынадай шарттарға сәйкес келуге тиiс:
1) бұл тұлғаның штатында осы Кодекстiң 32-бабына сәйкес берiлетiн бiлiктiлiк аттестаты бар, кедендiк декларациялау жөнiндегi кемiнде екi маманның болуы қажет;
2) өкiлдiк берiлетiн тұлғалардың мүлкiне зиян келтiру немесе осы тұлғалармен шарттарды бұзу салдарынан басталуы мүмкiн азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн сақтандыру шартының болуы қажет. Сақтандыру сомасының мөлшерi шартта белгiленедi;
3) осындай қамтамасыз етудi ұсынған күнгi Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес белгiленген валюта айырбастаудың нарықтық бағамын қолдана отырып, кемiнде бiр миллион евроға баламалы сомаға кедендiк баждардың, салықтардың төленуiн қамтамасыз етудi ұсынуы қажет.
27-бап. Кеден өкiлдерiнiң тiзiлiмiне енгiзу тәртiбi
1. Кеден өкiлдерiнiң тiзiлiмiне енгiзу туралы өтiнiш еркiн нысанда толтырылады және онда:
1) кеден өкiлдерiнiң тiзiлiмiне енгiзу туралы кеден iсi саласындағы уәкiлеттi органға қолдаухат;
2) өтiнiш берушiнiң атауы, орналасқан жерi туралы, ашылған банктiк шоттары туралы мәлiметтер, сондай-ақ өтiнiш берушi өтiнiш берген күнi кеден өкiлi ретiнде өз қызметiн солар арқылы жүзеге асыруды жоспарлап отырған оқшауланған құрылымдық бөлiмшелерiнiң тiзбесi және орналасқан жерi;
3) өтiнiш берген күнi өтiнiш берушiнiң штатындағы кедендiк декларациялау жөнiндегi мамандар туралы мәлiмет;
4) кедендiк баждардың, салықтардың төленуiн қамтамасыз ету туралы мәлiмет;
5) өтiнiш берушiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн сақтандыру шарты (шарттары) туралы мәлiмет болуға тиiс.
2. Мәлiмделген мәлiметтердi растайтын мынадай құжаттар:
1) заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктiң түпнұсқасы (өтiнiштi қарау аяқталғаннан кейiн кеден органы түпнұсқаны өтiнiш берушiге қайтаруға мiндеттi) не нотариат куәландырған көшiрмесi;
2) тұлғаның салық төлеушi ретiнде тiркелгенiн растайтын құжаттың түпнұсқасы (өтiнiштi қарау аяқталғаннан кейiн кеден органы түпнұсқаны өтiнiш берушiге қайтаруға мiндеттi) не нотариат куәландырған көшiрмесi;
3) құрылтай құжаттарының нотариат куәландырған көшiрмелерi;
4) өтiнiш берушiнiң қызметкерлерi болып табылатын кедендiк декларациялау жөнiндегi мамандардың бiлiктiлiк аттестаттарының көшiрмелерi;
5) кедендiк декларациялау жөнiндегi мамандарды жұмысқа қабылдау туралы бұйрықтар не олармен жасалған еңбек шарттары;
6) осы Кодекстiң 16-тарауына сәйкес кедендiк баждардың, салықтардың төленуiн қамтамасыз етудi растайтын құжаттар;
7) банктерден оларда ашылған шоттар туралы растау;
8) азаматтық-құқықтық жауапкершiлiктi сақтандыру шарты өтiнiшке қоса берiледi.
3. Кеден iсi саласындағы уәкiлеттi орган өтiнiштi қоса берiлетiн құжаттармен бiрге ол тiркелген күннен бастап күнтiзбелiк он бес күн iшiнде қарайды.
4. Тiзiлiмге енгiзу туралы шешiм кеден iсi саласындағы уәкiлеттi орган басшысының (оны алмастыратын адамның) бұйрығымен ресiмделедi және бұйрық қабылданған күннен бастап күшiне енедi.
5. Кеден өкiлдерiнiң тiзiлiмiне енгiзуден бас тарту туралы шешiм осы баптың 2-тармағында көрсетiлген барлық құжаттар табыс етiлмеген немесе өтiнiш берушi осы Кодекстiң 26-бабында белгiленген талаптарға сай келмеген жағдайда қабылданады. Өтiнiш берушi аталған бұзушылықтарды жойғаннан кейiн өтiнiш осы Кодексте белгiленген тәртiппен қаралады.
6. Тұлғаны кеден өкiлдерiнiң тiзiлiмiне енгiзген немесе енгiзуден бас тартқан жағдайда кеден iсi саласындағы уәкiлеттi орган өтiнiш берушiнi жазбаша нысанда хабардар етедi.
28-бап. Кеден өкiлдерiнiң тiзiлiмiнен шығару үшiн
негiздер
1. Кеден өкiлдерiнiң тiзiлiмiнен шығару үшiн мыналар:
1) осы Кодекстiң 26-бабында белгiленген кеден өкiлдерiнiң тiзiлiмiне енгiзу шарттарының сақталмауы;
2) кеден өкiлiнiң оны кеден өкiлдерiнiң тiзiлiмiнен шығару туралы өтiнiшi;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес заңды тұлғаның таратылуы;
4) қайта құруды қоспағанда, заңды тұлғаның қайта ұйымдастырылуы негiз болып табылады.
2. Кеден өкiлдерiнiң тiзiлiмiнен шығару туралы шешiм шығару себебi көрсетiле отырып, кеден iсi саласындағы уәкiлеттi орган басшысының (оны алмастыратын адамның) бұйрығымен ресiмделедi.
3. Бұйрық қабылданған күннен бастап бес жұмыс күнi iшiнде тиiстi ақпарат аталған тұлғаға жазбаша нысанда жiберiледi.
4. Тұлға осы баптың 1-тармағының 1)-2) тармақшаларында көзделген негiздер бойынша кеден өкiлдерiнiң тiзiлiмiнен шығарылған жағдайда, аталған тұлғаның тиiстi тiзiлiмге енгiзу туралы қайтадан берiлген өтiнiшiн кеден iсi саласындағы уәкiлеттi орган тұлғаны мұндай тiзiлiмнен шығару туралы бұйрық қабылданған күннен бастап бiр жыл өткеннен кейiн қарайды.
29-бап. Кеден өкiлiнiң құқықтары
1. Кедендiк операцияларды жасау кезiнде кеден өкiлi кеден органдарымен өзара қарым-қатынаста өзiнiң мүддесiн бiлдiруге уәкiлеттiк беретiн тұлғамен бiрдей құқықтарға ие болады.
2. Кеден өкiлi өз қызметiн жүзеге асыру кезiнде:
өкiлдiк беретiн тұлғадан кедендiк мақсаттар үшiн қажеттi, оның iшiнде коммерциялық, банктiк және заңмен қорғалатын өзге де құпия болып табылатын ақпараты не басқа жабық ақпараты бар құжаттар мен мәлiметтердi талап етуге және осындай құжаттар мен мәлiметтердi осы Кодексте белгiленген талаптардың сақталуын қамтамасыз ететiн мерзiмдерде алуға;
осы Кодекстiң 7-тарауында белгiленген тәртiппен кедендiк мақсаттар үшiн кеден органдары қажеттi ақпараттарды автоматтандырылған өңдеу, деректердi электрондық жолмен беру үшiн пайдаланатын олардың ақпараттық жүйелерiне қол жеткiзуге құқылы.
30-бап. Кеден өкiлiнiң мiндеттерi
1. Кедендiк операцияларды жасау кезiнде кеден өкiлiнiң мiндеттерi кеден одағының және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамаларында белгiленген талаптар мен шарттарға негiзделген.
Кеден өкiлiнiң мiндеттерiне мәлiмделген кедендiк рәсiмдердiң талаптары мен шарттарын сақтауға байланысты кедендiк операциялар жасау, сондай-ақ кеден одағының және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамаларына сәйкес оларға өкiлдiк берушi тұлғаларға ғана жүктелетiн өзге мiндеттердi жасау кiрмейдi.
2. Өкiлдiк берiлген тұлғадан алған мемлекеттiк, коммерциялық, банктiк және заңмен қорғалатын өзге құпия (жасырым) болып табылатын ақпаратты не басқа да жабық ақпаратты кеден өкiлi және оның қызметкерлерi, Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, жария етпеуге немесе өз мақсаттары үшiн пайдаланбауға, өзге тұлғаларға бермеуге тиiс.
3. Кеден өкiлi Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен кеден органдарына есептiлiк, оның iшiнде ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, есептiлiк табыс етуге мiндеттi.
4. Кеден өкiлiнiң кеден органдарының алдындағы мiндеттерi өкiлдiк беретiн тұлғамен жасалған шартпен шектелмейдi.
5. Мiндеттер барлық кеден өкiлi үшiн бiрдей болып табылады. Жекелеген кеден өкiлдерi үшiн айрықша (эксклюзивтiк) құқықтар және жеке-дара сипаттағы өзге де артықшылықтар беруге тыйым салынады.
6. Кеден өкiлi кеден өкiлдерiнiң тiзiлiмiне енгiзiлген кезде өзi мәлiмдеген мәлiметтердiң өзгергенi туралы кеден iсi саласындағы уәкiлеттi органды мұндай мәлiметтер өзгерген күннен бастап бес жұмыс күнi iшiнде хабардар етуге мiндеттi.
РҚАО-ның ескертпесi!
7-тармақ 2011.07.01 бастап қолданысқа енгiзiледi (ҚР 2010.06.30 N 298-IV Заңының 1-бабын қараңыз).
7. Кедендiк операцияларды жасау кезiнде кеден өкiлiне кедендiк баждар мен салықтарды төлеу жөнiндегi мiндет кедендiк баждар мен салықтарды төлеушiмен бiрге туындайды.
31-бап. Кеден өкiлiнiң жауапкершiлiгi
Кеден одағы және (немесе) Қазақстан Республикасы кеден заңнамаларының талаптарын сақтамағаны үшiн кеден өкiлi Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
32-бап. Кедендiк декларациялау жөнiндегi маман
1. Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындаған тәртiппен кеден iсi саласындағы уәкiлеттi орган берген бiлiктiлiк аттестаты бар кедендiк декларациялау жөнiндегi маман кеден өкiлiнiң атынан кедендiк декларациялау жөнiндегi iс-әрекеттердi жасау құқығына ие.
Кеден өкiлi мен кедендiк декларациялау жөнiндегi маманның қарым-қатынасы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жасалатын еңбек шартының негiзiнде құрылады. Кедендiк декларациялау жөнiндегi маман еңбек шарты жасалған кезден бастап кеден өкiлiнiң атынан кедендiк декларациялау жөнiндегi iс-әрекеттердi жүзеге асыруға құқылы.
2. Кеден өкiлi кедендiк декларациялау жөнiндегi маманның кеден органдары алдындағы мiндеттерiн шектей алмайды.
3. Кедендiк декларациялау жөнiндегi маман аттестатын алу үшiн бiлiктiлiк емтиханын тапсыру қажет.
Кеден iсi саласындағы уәкiлеттi орган айқындаған кеден органдары кеден органдарының ақпараттық жүйелерiн пайдалана отырып, бiлiктiлiк емтихандарын өткiзедi.
Бiлiктiлiк емтихандарын өткiзу мерзiмдерi кеден органының интернет-ресурсына орналастырылады.
Бiлiктiлiк емтихандары кемiнде айына бiр рет өткiзiледi.
4. Бiлiктiлiк емтиханын тапсыру үшiн оны жүргiзгенге дейiн, осы баптың 3-тармағының 2 бөлiгiнде айқындалған еркiн нысандағы өтiнiштi кеден органына табыс ету қажет. Өтiнiшке:
1) жеке басын куәландыратын құжат;
2) техникалық және кәсiптiк немесе жоғарғы бiлiмiн растайтын құжаттың нотариат куәландырған көшiрмесi;
3) 3,5х4,5 сантиметр көлемiндегi екi түрлi-түстi фотосы қоса берiледi.
5. Бiлiктiлiк емтихандарын тапсырған кезде осы баптың 3-тармағының екiншi бөлiгiнде белгiленген кеден органдары бiлiктiлiк емтихандарын тапсырған кезден бастап бес жұмыс күнiнен кешiктiрмей кедендiк декларациялау жөнiндегi маманның аттестаттарын берудi жүргiзедi.
6. Кедендiк декларациялау жөнiндегi маманның аттестаты немесе бейджi жоғалған (бүлiнген), сондай-ақ тегi, аты және әкесiнiң аты өзгерген жағдайда, бұрын кедендiк декларациялау жөнiндегi маманның аттестатын берген кеден органына:
1) жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесi;
2) 3,5х4,5 сантиметр көлемiндегi екi түрлi-түстi фото қоса берiлген еркiн нысандағы өтiнiштi табыс ету қажет.
7. Бағдарламаны әзiрлеу, бiлiктiлiк емтихандарын өткiзу тәртiбiн, бiлiктiлiк емтиханы үшiн сұрақтар әзiрлеудi және оны бекiтудi, аттестат алуға үмiткердiң бiлiмiн бағалаудың критерийлерiн белгiлеудi, бiлiктiлiк аттестатының, бейджiнiң, кедендiк декларациялау жөнiндегi маманның жеке нөмiрлiк мөрiнiң нысанын кеден iсi саласындағы уәкiлеттi орган айқындайды.
8. Кедендiк декларациялау жөнiндегi маман аттестатының қолданылу мерзiмi екi жыл болады.
9. Кедендiк декларациялау жөнiндегi маманның бiлiктiлiк аттестаты:
1) аттестат өтiнiш берушi табыс еткен толық емес немесе дұрыс емес мәлiметтер негiзiнде берiлген;
2) кедендiк декларациялау жөнiндегi маман аттестатының қолданылу мерзiмi аяқталған жағдайда күшiн жояды.
10. Бiлiктiлiк аттестатының күшiн жою туралы шешiм, күшiн жою себептерiн көрсете отырып, кеден iсi саласындағы уәкiлеттi орган басшысының (оны алмастыратын адамның) бұйрығымен ресiмделедi.
Бiлiктiлiк аттестатын беру туралы қайтадан берiлген өтiнiштi кеден iсi саласындағы уәкiлеттi орган күшiн жою туралы бұйрық қабылданған күннен бастап бiр жыл өткеннен кейiн қарайды.
33-бап. Кедендiк тасымалдаушы
1. Осы Кодекстiң 34-бабында айқындалған талаптарға сай келетiн Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы кедендiк тасымалдаушы болып табылады.
Заңды тұлға кедендiк тасымалдаушылар тiзiлiмiне енгiзiлгеннен кейiн кедендiк тасымалдаушы болып танылады.
Кедендiк тасымалдаушылар тiзiлiмiн кеден iсi саласындағы уәкiлеттi орган жүргiзедi.
2. Кедендiк тасымалдаушы кедендiк бақылаудағы тауарларды кеден одағының және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамаларына сәйкес кеден одағының кедендiк аумағы бойынша тасымалдауды жүзеге асырады.
3. Кедендiк тасымалдаушылардың тiзiлiмiндегi ақпарат, сондай-ақ аталған тұлғаларды тiзiлiмнен шығару туралы деректер кеден iсi саласындағы уәкiлеттi органның Интернет-ресурсына орналастырылады.
Кеден iсi саласындағы уәкiлеттi орган ай сайын әр айдың бесiншi күнiнен кешiктiрмей аталған Интернет-ресурсқа жаңартылған тiзiлiмдi орналастыруды қамтамасыз етедi.
4. Кедендiк тасымалдаушылардың мәртебесi құжатпен расталады, оның нысаны мен қолданылу тәртiбi Кеден одағы комиссиясының шешiмiмен белгiленедi.
Осы тармақтың бiрiншi бөлiгiнде көрсетiлген құжатты кеден iсi саласындағы уәкiлеттi орган бередi.
34-бап. Кедендiк тасымалдаушылар тiзiлiмiне енгiзу
шарттары
Мыналар:
1) заңды тұлғаның кеден органына өтiнiш берген күнiне дейiн кемiнде екi жыл бойы жүктердi тасымалдау жөнiндегi қызметтi жүзеге асыруы;
2) кедендiк баждардың, салықтардың төленуiн қамтамасыз етудi енгiзу күнiндегi Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес валюта айырбастаудың нарықтық бағамын қолдана отырып, кемiнде екi мың евроға баламалы сомаға осындай қамтамасыз етудi ұсыну;
3) егер жүктердi тасымалдау жөнiндегi қызмет Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметтiң осы түрiн жүзеге асыруға арналған рұқсат ету құжатының болуын талап етсе, көрсетiлген құжаттың болуы;
4) тауарларды тасымалдау үшiн пайдаланылатын көлiк құралдарының, оның iшiнде кедендiк пломбалары және мөрлерi бар тауарларды тасымалдау үшiн жарамды көлiк құралдарының меншiгiнде, шаруашылық жүргiзуiнде, оралымды басқаруында, жалға алынған болуы;
5) кеден органына өтiнiш берген күнi кедендiк төлемдердi, салықтарды және өсiмпұлдарды төлеу бойынша орындалмаған мiндеттiң болмауы;
6) кеден органына өтiнiш берiлген күнге дейiнгi бiр жыл iшiнде Қазақстан Республикасы Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексiнiң 400-407, 410-412, 414, 415, 427-429, 434, 438-баптарына сәйкес әкiмшiлiк жауапкершiлiкке тартылу фактiлерiнiң болмауы;
7) әрбiр көлiк құралында кеден органына сигнал беру арқылы аталған көлiк құралының тұрған жерiн анықтауға мүмкiндiк беретiн техникалық жабдықтың болуы осы тұлғаны кедендiк тасымалдаушылардың тiзiлiмiне енгiзу шарттары болып табылады.
Техникалық жабдыққа қойылатын талаптар және оны қолдану тәртiбi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысымен белгiленедi.
35-бап. Кедендiк тасымалдаушылар тiзiлiмiне енгiзу
тәртiбi
1. Кедендiк тасымалдаушылар тiзiлiмiне енгiзу туралы өтiнiш еркiн нысанда толтырылады және онда:
1) кедендiк тасымалдаушылар тiзiлiмiне енгiзу туралы кеден iсi саласындағы уәкiлеттi органына қолдаухат;
2) өтiнiш берушiнiң атауы, орналасқан жерi туралы, ашылған банк шоттары туралы мәлiметтер;
3) жүктердi тасымалдау жөнiндегi қызметтi жүзеге асыру мерзiмi туралы мәлiмет;
4) кедендiк баждардың, салықтардың төленуiн қамтамасыз ету туралы мәлiмет;
5) егер жүктердi тасымалдау жөнiндегi қызмет Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес рұқсат ету құжатының болуын талап етсе, аталған құжаттың болуы туралы мәлiмет;
6) кедендiк тасымалдаушы ретiнде қызметтi жүзеге асыру кезiнде пайдаланылуы көзделетiн иелiгiндегi халықаралық тасымалдаудың көлiк құралдары, оның iшiнде кедендiк пломбалары және мөрлерi бар тауарларды тасымалдау үшiн жарамды көлiк құралдары туралы мәлiмет (жалпы саны, техникалық сипаттамалары);
7) әрбiр көлiк құралында кеден органына сигнал беру арқылы аталған көлiк құралының тұрған жерiн анықтауға мүмкiндiк беретiн техникалық жабдықтың бар екендiгi туралы мәлiмет қамтылуға тиiс.
2. Мәлiмделген мәлiметтердi растайтын мынадай құжаттар:
1) заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктiң түпнұсқасы (өтiнiштi қарау аяқталғаннан кейiн кеден органы түпнұсқаны өтiнiш берушiге қайтаруға мiндеттi) не нотариат куәландырған көшiрмесi;
2) тұлғаның салық төлеушi ретiнде тiркелгенiн растайтын құжаттың түпнұсқасы (өтiнiштi қарау аяқталғаннан кейiн кеден органы түпнұсқаны өтiнiш берушiге қайтаруға мiндеттi) не нотариат куәландырған көшiрмесi;
3) құрылтай құжаттарының нотариат куәландырған көшiрмелерi;
4) банктерден оларда ашылған шоттары туралы растаулар;
5) осы Кодекстiң 16-тарауына сәйкес кедендiк баждардың, салықтардың төленуiн қамтамасыз етудi растайтын құжаттар;
6) кедендiк тасымалдаушы ретiнде қызметтi жүзеге асыру кезiнде пайдаланылуы көзделетiн халықаралық тасымалдаудың көлiк құралдарына иелiк ету құқығын растайтын құжаттардың нотариат куәландырған көшiрмелерi;
7) халықаралық тасымалдаудың көлiк құралдарын кедендiк пломбалары және мөрлерi бар тауарларды тасымалдауға жiберу туралы куәлiктердiң көшiрмелерi;
8) егер, қызметтiң мұндай түрi Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүктердi тасымалдау жөнiндегi қызметтi жүзеге асыруға арналған рұқсат ету құжатының болуын талап етсе, көрсетiлген құжаттың көшiрмесi;
9) қызмет аймағына тұлға тiркелген кеден iсi саласындағы уәкiлеттi орган аумақтық бөлiмшесiнiң осы Кодекстiң 34-бабы 1-тармағының 4) және 7) тармақшаларында айқындалған шарттарға сәйкестiгiне қорытындысы өтiнiшке қоса берiледi.
3. Кеден iсi саласындағы уәкiлеттi орган өтiнiштi қоса берiлетiн құжаттармен бiрге ол тiркелген күннен бастап күнтiзбелiк он бес күн iшiнде қарайды.
4. Тiзiлiмге енгiзу туралы шешiм кеден iсi саласындағы уәкiлеттi орган басшысының (оны алмастыратын адамның) бұйрығымен ресiмделедi және бұйрық қабылданған күннен бастап күшiне енедi.
5. Кедендiк тасымалдаушылардың тiзiлiмiне енгiзуден бас тарту туралы шешiм осы баптың 2-тармағында көрсетiлген барлық құжаттар табыс етiлмеген немесе өтiнiш берушi осы Кодекстiң 34-бабында белгiленген талаптарға сай келмеген жағдайда қабылданады. Өтiнiш берушi аталған бұзушылықтарды жойғаннан кейiн өтiнiш осы Кодексте белгiленген тәртiппен қаралады.
6. Тұлғаны кедендiк тасымалдаушылардың тiзiлiмiне енгiзген немесе енгiзуден бас тартқан жағдайда кеден iсi саласындағы уәкiлеттi орган өтiнiш берушiнi жазбаша нысанда хабардар етедi.
36-бап. Кедендiк тасымалдаушылар тiзiлiмiнен шығару
үшiн негiздер
1. Кедендiк тасымалдаушылардың тiзiлiмiнен шығару үшiн мыналар:
1) осы Кодекстiң 34-бабының 2) – 4) және 7) тармақшаларында белгiленген кедендiк тасымалдаушылардың тiзiлiмiне енгiзу шарттарының сақталмауы;
2) кедендiк тасымалдаушының осы Кодекстiң 37-бабының 1) – 3) тармақшаларында көзделген мiндеттердi сақтамауы;
3) кедендiк тасымалдаушының өзiн кедендiк тасымалдаушылар тiзiлiмiнен шығару туралы өтiнiшi;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес заңды тұлғаның таратылуы;
5) қайта құруды қоспағанда, заңды тұлғаның қайта ұйымдастырылуы негiз болып табылады.
2. Кедендiк тасымалдаушылар тiзiлiмiнен шығару туралы шешiм, шығару себебi көрсетiле отырып, кеден iсi саласындағы уәкiлеттi орган басшысының (оны алмастыратын адамның) бұйрығымен ресiмделедi.
3. Бұйрық қабылданған күннен бастап бес жұмыс күнi iшiнде тиiстi ақпарат аталған тұлғаға жазбаша нысанда жiберiледi.
4. Тұлға осы баптың 1-тармағының 1) - 3) тармақшаларында көзделген негiздемелер бойынша кедендiк тасымалдаушылар тiзiлiмiнен шығарылған жағдайда, аталған тұлғаның тиiстi тiзiлiмге енгiзу туралы қайтадан берiлген өтiнiшiн кеден iсi саласындағы уәкiлеттi орган тұлғаны мұндай тiзiлiмнен шығару туралы бұйрық қабылданған күннен бастап бiр жыл өткен соң қарайды.
37-бап. Кедендiк тасымалдаушының мiндеттерi
Кедендiк тасымалдаушы:
1) кедендiк транзит кедендiк рәсiмiне сәйкес тауарларды тасымалдау кезiнде осы Кодексте белгiленген шарттарды сақтауға және талаптарды орындауға;
2) кедендiк транзит кедендiк рәсiмiне сәйкес тасымалданатын тауарлардың есебiн жүргiзуге және кеден органдарына мұндай тауарларды тасымалдау туралы есептiлiктi, оның iшiнде ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, Қазақстан Республикасы Үкiметi белгiленген тәртiппен табыс етуге;
3) осы Кодекстiң 331 және 332-баптарында көзделген жағдайларда кедендiк баждарды, салықтарды төлеу жөнiндегi мiндеттердi орындауға;
4) тауарларды жөнелтушiден, оларды алушыдан немесе экспедитордан алған мемлекеттiк, коммерциялық, банктiк және заңмен қорғалатын өзге де құпия (жасырым) болып табылатын ақпаратты не басқа да жабық ақпаратты, Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген жағдайларды қоспағанда, жария етпеуге не өз мақсаттары үшiн пайдаланбауға және өзге тұлғаларға бермеуге;
5) кедендiк тасымалдаушылардың тiзiлiмiне енгiзiлген кезiнде өзi мәлiмдеген мәлiметтер өзгергенi туралы кеден iсi саласындағы уәкiлеттi органды мұндай мәлiметтер өзгерген күннен бастап бес жұмыс күнi iшiнде хабардар етуге мiндеттi.
38-бап. Кедендiк тасымалдаушының жауапкершiлiгi
Кедендiк транзит кедендiк рәсiмiне сәйкес тауарларды тасымалдау кезiнде өзiнiң мiндеттерiн орындамағаны немесе тиiсiнше орындамағаны үшiн кедендiк тасымалдаушы осы Қазақстан Республикасының заңдарына немесе кеден одағына мүше мемлекеттердiң заңнамасына сәйкес жауапты болады.
39-бап. Уақытша сақтау қоймасының иесi
1. Осы Кодекстiң 40-бабында айқындалған шарттарға сай келетiн Қазақстан Республикасының аумағында құрылған Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы уақытша сақтау қоймасының иесi болып табылады.
Заңды тұлға уақытша сақтау қоймалары иелерiнiң тiзiлiмiне енгiзiлгеннен кейiн уақытша сақтау қоймасының иесi болып танылады.
2. Уақытша сақтау қоймасының иесi Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында белгiленген жағдайларда және шарттарда кедендiк бақылаудағы тауарларды сақтауды жүзеге асырады.
3. Кеден iсi саласындағы уәкiлеттi органының аумақтық бөлiмшелерi уақытша сақтау қоймалары иелерiнiң тiзiлiмiндегi ақпаратты, сондай-ақ тиiстi қызметтi тоқтата тұру, қайта бастау немесе аталған тұлғаларды тiзiлiмнен шығару туралы деректердi кеден iсi саласындағы уәкiлеттi органға жiбередi.
Кеден iсi саласындағы уәкiлеттi орган ай сайын әр айдың бесiншi күнiнен кешiктiрмей кеден iсi саласындағы уәкiлеттi органның интернет–ресурсына жаңартылған тiзiлiмдi орналастыруды қамтамасыз етедi.
40-бап. Уақытша сақтау қоймалары иелерiнiң
тiзiлiмiне енгiзу шарттары
1. Мыналар:
1) меншiгiнде, шаруашылық жүргiзуiнде, оралымды басқаруында немесе жалға алынған, уақытша сақтау қоймасы ретiнде пайдалануға арналған және мынадай талаптарға сай келетiн:
көлiк құралдарының аумаққа кiруiн және аумақтан шығуын, адамдардың қойма аумағында соңғы күнтiзбелiк отыз күн iшiнде болған оқиғалар туралы бейне ақпараттарды қарауды жүзеге асыруға мүмкiндiк беретiн, тәулiк бойғы режимде жұмыс iстейтiн бейне бақылау құралдарымен жабдықталған аумаққа және (немесе) үй-жайларға (кедендiк бақылауға жататын құжаттар, тауарлар мен көлiк құралдары тұрған) кiруiн және аумақтан және (немесе) үй-жайлардан шығуын бақылау жүйесiнiң болуы;
қажеттi тиеу-түсiру механизмдерiнiң және арнаулы техниканың, сондай-ақ орналастырылатын тауарлар мен көлiк құралдарының сипатына сәйкес сертификатталған таразы жабдығының, ал арнаулы сақтау орнына газ орналастырылатын жағдайда тиiстi есептеу аспаптарының болуы;
техникалық жарамды кiреберiс жолдарының болуы;
тауарларды тексерiп қарау үшiн орындардың, оның iшiнде электр жарығымен жарақтандырылған және соңғы күнтiзбелiк отыз күн iшiнде болған оқиғалар туралы бейне ақпараттарды қарауды жүзеге асыруға мүмкiндiк беретiн, тәулiк бойғы режимде жұмыс iстейтiн бейне бақылау құралдарымен жабдықталған орындары бар жабық алаңдардың болуы;
жапсарлас тиеу-түсiру алаңдарын қоса алғанда, аумақ осы Кодекстiң 186-бабының 3-тармағына сәйкес белгiленуге және оның бетон немесе асфальт төсемi болуға тиiс;
аумақта қойма қызметiне байланысы жоқ ғимараттар (құрылыстар) мен имараттар орналаспауға тиiс;
жапсарлас тиеу-түсiру алаңдарын қоса алғанда, аумақ (бiр немесе бiрнеше қойма үй-жайлары мен алаңдар) бiртұтас және бөлiнбейтiн кешен болуға, бiр почта мекенжайы бойынша орналасуға және барлық периметрi бойынша бiрыңғай үздiксiз қоршауы болуға тиiс үй-жайлардың және (немесе) ашық алаңдардың болуы;
2) сақтауда тұрған басқа тұлғалардың тауарларына зиян келтiру немесе басқа тұлғалармен жасалған сақтау шарттарының өзге талаптарын бұзу салдарынан туындауы мүмкiн өзiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн сақтандыру шартының болуы. Сақтандыру сомасының мөлшерi шартта белгiленедi;
3) кеден органына өтiнiш берген күнi кедендiк төлемдердi, салықтарды және өсiмпұлдарды төлеу бойынша орындалмаған мiндеттемелердiң болмауы;
4) кеден органына өтiнiш берген күнге дейiн бiр жыл iшiнде Қазақстан Республикасы Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексiнiң 400, 405, 410-412, 414, 415, 417, 430, 434, 438-баптарына сәйкес әкiмшiлiк жауаптылыққа тартылу фактiлерiнiң болмауы заңды тұлғаны уақытша сақтау қоймалары иелерiнiң тiзiлiмiне енгiзу шарттары болып табылады.
2. Егер үй-жайларды және (немесе) ашық алаңдарды иелену жалға алу шарты негiзiнде жүзеге асырылатын болса, мұндай шарт уақытша сақтау қоймалары иелерiнiң тiзiлiмiне енгiзу туралы өтiнiш кемiнде бiр жыл мерзiмге берiлген күнге жасалуға тиiс.
41-бап. Уақытша сақтау қоймалары иелерiнiң
тiзiлiмiне енгiзу тәртiбi
1. Уақытша сақтау қоймалары иелерiнiң тiзiлiмiне енгiзу туралы өтiнiш еркiн нысанда толтырылады және онда:
1) қызмет аймағына қойма құрылатын кеден iсi саласындағы уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшесiне уақытша сақтау қоймалары иелерiнiң тiзiлiмiне енгiзу туралы қолдаухат;
2) өтiнiш берушiнiң атауы туралы, тұрған жерi туралы, ашылған банктiк шоттары туралы мәлiмет;
3) өтiнiш берушiнiң иелiгiндегi және уақытша сақтау қоймасы ретiнде пайдалануға арналған үй-жайлар және (немесе) ашық алаңдар туралы, олардың тұрған жерi, жайластырылуы, жабдықталуы және материалдық-техникалық жарақтануы туралы мәлiмет;
4) өтiнiш берушiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн сақтандыру шарты (шарттары) туралы мәлiмет;
5) қажеттi тиеу-түсiру тетiктерiнiң және арнайы техниканың, сондай-ақ орналастырылатын тауарлар мен көлiк құралдарының сипатына сәйкес сертификатталған таразы жабдығының, ал арнаулы сақтау орнына газ орналастырылатын жағдайда тиiстi есептеу аспаптарының болуы туралы мәлiмет қамтылуға тиiс.
2. Мәлiмделген мәлiметтердi растайтын мынадай құжаттар:
1) заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктiң түпнұсқасы (өтiнiштi қарау аяқталғаннан кейiн кеден органы түпнұсқаны өтiнiш берушiге қайтаруға мiндеттi) не нотариат куәландырған көшiрмесi;
2) тұлғаның салық төлеушi ретiнде тiркелгенiн растайтын құжаттың түпнұсқасы (өтiнiштi қарау аяқталғаннан кейiн кеден органы түпнұсқаны өтiнiш берушiге қайтаруға мiндеттi) не нотариат куәландырған көшiрмесi;
3) құрылтай құжаттардың нотариат куәландырған көшiрмелерi;
4) банктерден оларда ашылған шоттары туралы растаулар;
5) қызметтi жүзеге асыру кезiнде уақытша сақтау қоймасы ретiнде пайдалануға арналған үй-жайларға және (немесе) ашық алаңдарға иелiк ету құқығын растайтын құжаттардың нотариат куәландырған көшiрмелерi;
6) уақытша сақтау қоймасы ретiнде мәлiмделген үй-жайлар мен аумақтардың жоспарлары мен сызбалары;
7) қажеттi тиеу-түсiру механизмдерiнiң және арнаулы техниканың, сондай-ақ орналастырылатын тауарлар мен көлiк құралдарының сипатына сай келетiн сертификатталған таразы жабдығының, ал арнаулы сақтау орнына газ орналастырылатын жағдайда тиiстi есептеу аспабының бар екенiн растайтын құжаттар;
8) уақытша сақтау қоймасы иесiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн сақтандыру шарты өтiнiшке қоса берiледi.
3. Өтiнiштi қоса берiлетiн құжаттармен бiрге қызмет аймағына қойма құрылатын кеден iсi саласындағы уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшесi оны тiркеген күннен бастап күнтiзбелiк он бес күн iшiнде қарайды.
4. Кеден iсi саласындағы уәкiлеттi орган аумақтық бөлiмшесiнiң лауазымды адамы осы Кодекстiң 208-бабының 3-тармағына сәйкес өтiнiш берушiнiң үй-жайлары мен аумақтарының осы Кодекстiң 40-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында айқындалған талаптарға сәйкестiгiн қарауды жүргiзедi.
5. Тiзiлiмге енгiзу туралы шешiм кеден iсi саласындағы уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшесi басшысының (оны алмастыратын адамның) бұйрығымен ресiмделедi және бұйрық қабылданған күннен бастап күшiне енедi.
6. Уақытша сақтау қоймалары иелерiнiң тiзiлiмiне енгiзуден бас тарту туралы шешiм осы баптың 2-тармағында көрсетiлген барлық құжаттар табыс етiлмеген немесе өтiнiш берушi осы Кодекстiң 40-бабында белгiленген талаптарға сай келмеген жағдайда қабылданады.
Өтiнiш берушi аталған бұзушылықтарды жойғаннан кейiн өтiнiш осы Кодексте белгiленген тәртiппен қаралады.
7. Тұлғаны уақытша сақтау қоймалары иелерiнiң тiзiлiмiне енгiзген немесе енгiзуден бас тартқан жағдайда кеден iсi саласындағы уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшесi өтiнiш берушiнi жазбаша нысанда хабардар етедi.
42-бап. Уақытша сақтау қоймасы иесiнiң
қызметiн тоқтата тұру
1. Уақытша сақтау қоймасы иесiнiң жазбаша өтiнiшi бойынша ол жүзеге асыратын қызмет алты айға дейiнгi мерзiмге тоқтатыла тұруы мүмкiн.
2. Уақытша сақтау қоймасы иесiнiң қызметiн тоқтата тұру туралы шешiм аталған тұлғаның өтiнiшi тiркелген күннен бастап он жұмыс күнi iшiнде қызмет аймағына қойма құрылатын кеден iсi саласындағы уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшесi басшысының (оны алмастыратын адамның) бұйрығымен ресiмделедi және бұйрық қабылданған күннен бастап күшiне енедi.
3. Осы баптың 2-тармағында көзделген бұйрық қабылданған күннен бастап тауарларды уақытша сақтау қоймасына орналастыруға жол берiлмейдi.
4. Уақытша сақтаудағы халықаралық тасымалдаудың тауарлары мен көлiк құралдары осы баптың 2-тармағында көзделген бұйрық қабылданған күннен бастап күнтiзбелiк отыз күн iшiнде өзге уақытша сақтау орындарына орналастырылуға және (немесе) басқа кедендiк рәсiммен орналастыруға мәлiмделуге тиiс.
5. Уақытша сақтау қоймасы иесiнiң жазбаша өтiнiшi бойынша ол жүзеге асыратын қызмет (осы Кодекстiң 40-бабында айқындалған шарттарды сақтаған кезде) аталған тұлғаның өтiнiшi тiркелген күннен бастап он жұмыс күнi iшiнде кеден iсi саласындағы уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшесi басшысының (оны алмастыратын адамның) бұйрығымен қайта басталады.
6. Уақытша сақтау қоймасы иесiнiң қызметiн тоқтата тұру туралы немесе аталған қойма иесiнiң тиiстi қызметтi қайта бастауы туралы кеден iсi саласындағы уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшесi басшысының (оны алмастыратын адамның) бұйрығы қабылданған күннен бастап бес жұмыс күнi iшiнде мұндай ақпарат аталған қойма иесiне жазбаша нысанда жiберiледi.
43-бап. Уақытша сақтау қоймалары иелерiнiң
тiзiлiмiнен шығару үшiн негiздер
1. Уақытша сақтау қоймасының иелерiнiң тiзiлiмiнен шығару үшiн:
1) осы Кодекстiң 40-бабы 1-тармағының 1) және 2) тармақшаларында белгiленген уақытша сақтау қоймалары иелерiнiң тiзiлiмiне енгiзу шарттарының сақталмауы;
2) уақытша сақтау қоймасы иесiнiң осы Кодекстiң 44-бабының 1) – 5), 7) және 8) тармақшаларында көзделген мiндеттердi сақтамауы;
3) уақытша сақтау қоймасы иесiнiң өзiн уақытша сақтау қоймасы иесiнiң тiзiлiмiнен шығару туралы өтiнiшi;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес заңды тұлғаның таратылуы;
5) қайта құрылуды қоспағанда, заңды тұлғаның қайта ұйымдастырылуы негiз болып табылады.
2. Уақытша сақтау қоймалары иелерiнiң тiзiлiмiнен шығару туралы шешiм шығару себептерi көрсетiле отырып, қызметi қойма құрылған аймақтағы кеден iсi саласындағы уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшесi басшысының (оны алмастыратын адамның) бұйрығымен ресiмделедi.
3. Бұйрық қабылданған күннен бастап бес жұмыс күнi iшiнде тиiстi ақпарат аталған қойма иесiне жазбаша нысанда жiберiледi.
4. Тұлға осы баптың 1-тармағының 1)-4) тармақшаларында көзделген негiздер бойынша уақытша сақтау қоймалары иелерiнiң тiзiлiмiнен шығарылған жағдайда, аталған тұлғаның тиiстi тiзiлiмге енгiзу туралы қайтадан берген өтiнiшiн кеден iсi саласындағы уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшесi тұлғаны мұндай тiзiлiмнен шығару туралы бұйрық қабылданған күннен бастап бiр жыл өткеннен кейiн қарайды.
44-бап. Уақытша сақтау қоймасы иесiнiң мiндеттерi
Уақытша сақтау қоймасының иесi:
1) тауарларды уақытша сақтау кезiнде осы Кодексте белгiленген шарттарды сақтауға және талаптарды орындауға;
2) уақытша сақтау қоймасындағы тауарлардың сақталуын қамтамасыз етуге;
3) сақтауда тұрған тауарлардың есебiн жүргiзуге және олар туралы есептiлiктi, оның iшiнде ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, Қазақстан Республикасы Үкiметi белгiленген тәртiппен кеден органдарына ұсынуға;
4) уақытша сақтау қоймасының қызметкерлерi болып табылмайтын және тауарларға қатысты өкiлеттiгi жоқ бөгде адамдарды сақтауда тұрған тауарларға кеден органының рұқсатынсыз жiбермеуге;
5) сақтауда тұрған тауарларға кеден органы лауазымды адамдарының қол жетiмдiлiгiне қатысты кеден органдарының талаптарын орындауға;
6) уақытша сақтау қоймасының жұмыс iстеуi тоқтатылған жағдайда уақытша сақтау қоймасына тауарларды орналастырған тұлғаларға осы қойманың жұмыс iстеуiн тоқтату туралы шешiм қабылданған күннен кейiнгi күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде мұндай шешiм туралы хабарлауға;
7) осы Кодекстiң 270-бабында көзделген жағдайларда кедендiк төлемдер мен салықтарды төлеу жөнiндегi мiндеттi орындауға;
8) заңды тұлғаны уақытша сақтау қоймалары иелерiнiң тiзiлiмiне енгiзген кеден iсi саласындағы уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшесiн уақытша сақтау қоймалары иелерiнiң тiзiлiмiне енгiзген кезде өзi мәлiмдеген мәлiметтердiң өзгергендiгi туралы мұндай мәлiметтер өзгерген күннен бастап бес жұмыс күн iшiнде хабардар етуге мiндеттi.
Уақытша сақтау қоймасының аумағы тек осы Кодексте белгiленген талаптарға сәйкес пайдаланылуға тиiс. Көрсетiлген орындарды өзге мақсаттарға пайдалануға жол берiлмейдi.
45-бап. Уақытша сақтау қоймасы иесiнiң жауапкершiлiгi
Уақытша сақтау қоймасының иесi тауарларды уақытша сақтау кезiнде өз мiндеттерiн орындамағаны немесе тиiсiнше орындамағаны үшiн Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
46-бап. Кеден қоймасының иесi
1. Осы Кодекстiң 47-бабында айқындалған талаптарға сай келетiн Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы кеден қоймасының иесi болып табылады.
Заңды тұлға кеден қоймалары иелерiнiң тiзiлiмiне енгiзiлгеннен кейiн кеден қоймасының иесi болып танылады.
2. Кеден қоймасының иесi осы Кодексте белгiленген жағдайларда және шарттарда кедендiк бақылаудағы тауарларды сақтауды жүзеге асырады.
3. Кеден қоймасы иесiнiң декларанттармен немесе өзге мүдделi тұлғалармен қатынасы шарт негiзiнде құрылады.
4. Кеден iсi саласындағы уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшесi кеден қоймалары иелерiнiң тiзiлiмiндегi ақпаратты, сондай-ақ тиiстi қызметтi тоқтата тұру, қайта бастау немесе аталған тұлғаларды тiзiлiмнен шығару туралы деректердi кеден iсi саласындағы уәкiлеттi органға жолдайды.
Кеден iсi саласындағы уәкiлеттi орган ай сайын әр айдың бесiншi күнiнен кешiктiрмей кеден iсi саласындағы уәкiлеттi органның интернет-ресурсына жаңартылған тiзiлiмдi орналастыруды қамтамасыз етедi.
47-бап. Кеден қоймалары иелерiнiң тiзiлiмiне енгiзу
шарттары
1. Мыналар:
1) меншiгiнде, шаруашылық жүргiзуiнде, оралымды басқаруында немесе жалға алынған, уақытша сақтау қоймасы ретiнде пайдалануға арналған және мынадай талаптарға сай келетiн үй-жайлардың және (немесе) ашық алаңдардың болуы:
ашық үлгiдегi қоймалар үшiн – қойма аумағында соңғы күнтiзбелiк отыз күн iшiнде болған оқиғалар туралы бейне ақпараттарды қарауды жүзеге асыруға мүмкiндiк беретiн, тәулiк бойғы режимде жұмыс iстейтiн бейне бақылау құралдарымен жабдықталған аумаққа көлiк құралдарының кiруiн және аумақтан шығуын, адамдардың және аумаққа (немесе) үй-жайларға (кедендiк бақылауға жататын құжаттар, тауарлар мен көлiк құралдары тұрған) кiруiн және аумақтан және (немесе) үй-жайлардан шығуын бақылау жүйесiнiң болуы;
қажеттi тиеу-түсiру механизмдерiнiң және арнаулы техниканың, сондай-ақ орналастырылатын тауарлар мен көлiк құралдарының сипатына сәйкес сертификатталған таразы жабдығының, ал арнаулы сақтау орнына газ орналастырылатын жағдайда тиiстi есептеу аспаптарының болуы;
техникалық жарамды кiреберiс жолдардың болуы;
тауарларды тексерiп қарау үшiн орындардың, соның iшiнде электр жарығымен жарақтандырылған және соңғы күнтiзбелiк отыз күн iшiнде болған оқиғалар туралы бейне ақпараттарды қарауды жүзеге асыруға мүмкiндiк беретiн, тәулiк бойғы режимде жұмыс iстейтiн бейне бақылау құралдарымен жабдықталған жабық алаңдардың болуы;
жапсарлас тиеу-түсiру алаңын қоса алғанда, аумақ осы Кодекстiң 186-бабының 3-тармағына сәйкес белгiленуге және бетон немесе асфальт төселуге тиiс;
аумақта қойма қызметiмен байланысты емес ғимараттар (құрылыстар) мен имараттар орналаспауға тиiс;
жапсарлас тиеу-түсiру алаңын қоса алғанда, аумақ (бiр немесе бiрнеше қойма үй-жайы мен алаң) бiртұтас және бөлiнбейтiн кешен болуға, бiр почта мекенжайы бойынша орналасуға және барлық периметрi бойынша бiрыңғай үздiксiз қоршауы болуға тиiс;
2) басқа тұлғалардың сақтауда тұрған тауарларына зиян келтiру немесе басқа тұлғалармен жасалған сақтау шарттарының өзге талаптарын бұзу салдарынан туындауы мүмкiн өзiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн сақтандыру шартының бар болуы. Сақтандыру сомасының мөлшерi шартта белгiленедi.
3) кеден органына өтiнiш берген күнi кедендiк төлемдердi, салықтарды және өсiмпұлдарды төлеу бойынша орындалмаған мiндеттемелердiң болмауы;
4) кеден органына өтiнiш берген күнге дейiн бiр жыл iшiнде Қазақстан Республикасы Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексiнiң 400, 405, 410-412, 414, 415, 417, 423, 430, 434, 438-баптарына сәйкес әкiмшiлiк жауаптылыққа тартылу фактiлерiнiң болмауы заңды тұлғаларды кеден қоймалары иелерiнiң тiзiлiмiне енгiзу шарттары болып табылады.
2. Егер үй-жайларды және (немесе) ашық алаңдарды иелену жалға алу шарты негiзiнде жүзеге асырылатын болса, мұндай шарт уақытша сақтау қоймалары иелерiнiң тiзiлiмiне енгiзу туралы өтiнiш берiлген күнi кемiнде бiр жыл мерзiмге жасалуға тиiс.
48-бап. Кеден қоймалары иелерiнiң тiзiлiмiне енгiзу
тәртiбi
1. Кеден қоймалары иелерiнiң тiзiлiмiне енгiзу туралы өтiнiш еркiн нысанда толтырылады және онда:
1) қызмет аймағына қойма құрылатын кеден iсi саласындағы уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшесiне уақытша сақтау қоймалары иелерiнiң тiзiлiмiне енгiзу туралы қолдаухат;
2) өтiнiш берушiнiң атауы туралы, тұрған жерi туралы, ашылған банктiк шоттары туралы мәлiмет;
3) кеден қоймасының типi туралы мәлiмет;
4) өтiнiш берушiнiң иелiгiндегi және кеден қоймасы ретiнде пайдалануға арналған үй-жайлар және (немесе) ашық алаңдар туралы, олардың тұрған жерi, жайластырылуы, жабдықталуы және материалдық-техникалық жарақтануы туралы мәлiмет;
5) өтiнiш берушiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн сақтандыру шарты (шарттары) туралы мәлiмет;
6) қажеттi тиеу-түсiру механизмдерiнiң және арнаулы техниканың, сондай-ақ орналастырылатын тауарлар мен көлiк құралдарының сипатына сәйкес сертификатталған таразы жабдығының, ал арнаулы сақтау орнына газ орналастырылатын жағдайда тиiстi есептеу аспаптарының бар екендiгi туралы мәлiмет болуға тиiс.
2. Мәлiмделген мәлiметтердi растайтын мынадай құжаттар:
1) заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктiң түпнұсқасы (өтiнiштi қарау аяқталғаннан кейiн кеден органы түпнұсқаны өтiнiш берушiге қайтаруға мiндеттi) не нотариат куәландырған көшiрмесi;
2) тұлғаның салық төлеушi ретiнде тiркелгенiн растайтын құжаттың түпнұсқасы (өтiнiштi қарау аяқталғаннан кейiн кеден органы түпнұсқаны өтiнiш берушiге қайтаруға мiндеттi) не нотариат куәландырған көшiрмесi;
3) құрылтай құжаттарының нотариат куәландырған көшiрмелерi;
4) банктерден оларда ашылған шоттары туралы растаулар;
5) кеден қоймасы ретiнде қызметтi жүзеге асыру кезiнде пайдалануға арналған үй-жайларға және (немесе) ашық алаңдарға иелiк ету құқығын растайтын құжаттардың нотариат куәландырған көшiрмелерi;
6) кеден қоймасы ретiнде мәлiмделген үй-жайлар мен аумақтардың жоспарлары, сызбалары;
7) қажеттi тиеу-түсiру механизмдерiн және арнаулы техниканы, сондай-ақ орналастырылатын тауарлар мен көлiк құралдарының сипатына сәйкес сертификатталған таразы жабдығын, ал арнаулы сақтау орнында газ орналастырылатын жағдайда тиiстi есептеу аспаптарын иелену құқығын растайтын құжаттар;
8) кеден қоймасы иесiнiң жауапкершiлiгiн сақтандыру шарты өтiнiшке қоса берiледi.
3. Өтiнiштi қоса берiлетiн құжаттармен бiрге қызмет аймағында қойма құрылатын кеден iсi саласындағы уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшесi оны тiркеген күннен бастап күнтiзбелiк он бес күн iшiнде қарайды.
4. Кеден iсi саласындағы уәкiлеттi орган аумақтық бөлiмшесiнiң лауазымды адамы осы Кодекстiң 208-бабының 3-тармағына сәйкес өтiнiш берушiнiң үй-жайлары мен аумақтарының осы Кодекстiң 47-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында айқындалған талаптарға сәйкестiгiне қарауды жүргiзедi.
5. Тiзiлiмге енгiзу туралы шешiм кеден iсi саласындағы уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшесi басшысының (оны алмастыратын адамның) бұйрығымен ресiмделедi және бұйрық қабылданған күннен бастап күшiне енедi.
6. Кедендiк қоймалар иелерiнiң тiзiлiмiне енгiзуден бас тарту туралы шешiм осы баптың 2-тармағында көрсетiлген барлық құжаттар табыс етiлмеген немесе өтiнiш берушi осы Кодекстiң 47-бабында белгiленген талаптарға сай келмеген жағдайда қабылданады.
Өтiнiш берушi аталған бұзушылықтарды жойғаннан кейiн өтiнiш осы Кодексте белгiленген тәртiппен қаралады.
7. Тұлғаны кеден қоймалары иелерiнiң тiзiлiмiне енгiзген немесе енгiзуден бас тартылған жағдайда кеден iсi саласындағы уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшесi өтiнiш берушiнi жазбаша нысанда хабардар етедi.
49-бап. Кеден қоймасы иесiнiң қызметiн тоқтата тұру
1. Кеден қоймасы иесiнiң жазбаша өтiнiшi бойынша ол жүзеге асыратын қызмет алты айға дейiнгi мерзiмге тоқтатыла тұруы мүмкiн.
2. Кеден қоймасы иесiнiң қызметiн тоқтата тұру туралы шешiм аталған тұлғаның өтiнiшi тiркелген күннен бастап он жұмыс күнi iшiнде қызмет аймағына қойма құрылатын кеден iсi саласындағы уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшесi басшысының (оны алмастыратын адамның) бұйрығымен ресiмделедi және бұйрық қабылданған күннен бастап күшiне енедi.
3. Осы баптың 2-тармағында көзделген бұйрық қабылданған күннен бастап тауарларды кеден қоймасына орналастыруға жол берiлмейдi.
4. Уақытша сақтаудағы тауарлар мен көлiк құралдары осы баптың 2-тармағында көзделген бұйрық қабылданған күннен бастап күнтiзбелiк отыз күн iшiнде өзге уақытша сақтау орындарына орналастырылуы және (немесе) басқа кедендiк рәсiммен орналастыруға мәлiмделуге тиiс.
5. Кеден қоймасы иесiнiң жазбаша өтiнiшi бойынша ол жүзеге асыратын қызмет (осы Кодекстiң 47-бабында айқындалған шарттар сақталған кезде) аталған тұлғаның өтiнiшi тiркелген күннен бастап он жұмыс күнi iшiнде кеден iсi саласындағы уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшесi басшысының (оны алмастыратын адамның) бұйрығымен қайта басталады.
6. Кеден қоймасы иесiнiң қызметiн тоқтата тұру туралы немесе аталған тұлғаның тиiстi қызметтi қайта бастауы туралы кеден iсi саласындағы уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшесi басшысының (оны алмастыратын адамның) бұйрығы қабылданған күннен бастап бес жұмыс күнi iшiнде мұндай ақпарат жазбаша нысанда қойма иесiнiң назарына жеткiзiледi, сондай-ақ кеден iсi саласындағы уәкiлеттi органға жiберiледi.
50-бап. Кеден қоймалары иелерiнiң тiзiлiмiнен
шығару үшiн негiздер
1. Кеден қоймалары иелерiнiң тiзiлiмiнен шығару үшiн:
1) осы Кодекстiң 47-бабының 1-тармағының 1) және 2) тармақшаларында белгiленген кеден қоймалары иелерiнiң тiзiлiмiне енгiзу шарттарының сақталмауы;
2) кеден қоймасы иесiнiң осы Кодекстiң 51-бабының 1) – 6), 8) және 9) тармақшаларында көзделген мiндеттердi сақтамауы;
3) кеден қоймасы иесiнiң өзiн кеден қоймалары иелерiнiң тiзiлiмiнен шығару туралы өтiнiшi;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес заңды тұлғаның таратылуы;
5) қайта құрылуды қоспағанда, заңды тұлғаның қайта ұйымдастырылуы кеден қоймалары иелерiнiң тiзiлiмiнен шығару үшiн негiз болып табылады.
2. Кеден қоймаларының иелерiн тiзiлiмнен шығару туралы шешiм, шығару себептерi көрсетiле отырып, қызмет аймағына қойма құрылатын кеден iсi саласындағы уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшесi басшысының (оны алмастыратын адамның) бұйрығымен ресiмделедi.
3. Бұйрық қабылданған күннен бастап бес жұмыс күнi iшiнде тиiстi ақпарат жазбаша нысанда қойма иесiнiң назарына жеткiзiледi, сондай-ақ кеден iсi саласындағы уәкiлеттi органға жiберiледi.
4. Тұлғаны осы баптың 1) - 3) тармақшаларында көзделген негiздер бойынша кеден қоймалары иелерiнiң тiзiлiмiнен шығарған жағдайда, аталған тұлғаның тиiстi тiзiлiмге енгiзу туралы қайтадан берген өтiнiшiн кеден iсi саласындағы уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшесi тұлғаны мұндай тiзiлiмнен шығару туралы бұйрық қабылданған күннен бастап бiр жыл өткеннен кейiн қарайды.
51-бап. Кеден қоймасы иесiнiң мiндеттерi
1. Кеден қоймасының иесi:
1) кеден қоймасындағы тауарлардың сақталуын қамтамасыз етуге;
2) кеден қоймасында тауарларды сақтауға қатысты осы Кодексте белгiленген шарттар мен талаптарды сақтауға;
3) кедендiк бақылауды жүргiзу мүмкiндiгiн қамтамасыз етуге;
4) кеден қоймасында сақтауда тұрған тауарлардың есебiн жүргiзуге және мұндай тауарлар туралы, оның iшiнде ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен есептiлiктi кеден органдарына ұсынуға;
5) кеден қоймасының қызметкерлерi болып табылмайтын және тауарларға қатысты өкiлеттiгi жоқ бөгде адамдарды сақтауда тұрған тауарларға кеден органының рұқсатынсыз жiбермеуге;
6) сақтауда тұрған тауарларға кеден органы лауазымды адамдарының қол жетiмдiлiгiне қатысты кеден органдарының талаптарын орындауға;
7) кеден қоймасының жұмыс iстеуi тоқтатылған жағдайда, кеден қоймасына тауарларды орналастырған тұлғаларға осы қойманың жұмыс iстеуiн тоқтату туралы шешiм қабылданған күннен кейiнгi күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде мұндай шешiм туралы хабарлауға;
8) тауарлардың авария немесе еңсерiлмейтiн күш әсерi салдарынан жоғалуын қоспағанда, оларды жоғалтқан не кеден органының рұқсатынсыз тауарларды берген жағдайда осы Кодекске сәйкес кедендiк баждарды, салықтарды төлеу бойынша мiндеттер туындаған кезде кедендiк әкелу баждарын, салықтарын төлеуге;
9) заңды тұлғаны кеден қоймалары иелерiнiң тiзiлiмiне енгiзген кеден iсi саласындағы уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшесiн кеден қоймалары иелерiнiң тiзiлiмiне енгiзген кезде өзi мәлiмдеген мәлiметтердiң өзгергендiгi туралы мұндай мәлiметтер өзгерген күннен бастап бес жұмыс күнi iшiнде хабардар етуге мiндеттi.
Кеден қоймасының аумағы тек осы Кодексте белгiленген талаптарға сәйкес пайдаланылуға тиiс. Көрсетiлген орындарды өзге мақсаттарда пайдалануға жол берiлмейдi.
52-бап. Кеден қоймасы иесiнiң жауапкершiлiгi
Кеден қоймасының иесi кеден қоймасында тауарларды сақтау кезiнде өзiнiң мiндеттерiн орындамағаны немесе тиiсiнше орындамағаны үшiн Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
53-бап. Бажсыз сауда дүкенiнiң иесi
1. Осы Кодекстiң 54-бабында айқындалған шарттарға сай келетiн Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы бажсыз сауда дүкенiнiң иесi болып табылады.
Заңды тұлға бажсыз сауда дүкендерi иелерiнiң тiзiлiмiне енгiзiлгеннен кейiн бажсыз сауда дүкенiнiң иесi деп танылады.
2. Бажсыз сауда дүкенiнiң иесi бажсыз сауда кедендiк рәсiмiмен орналастырылған тауарларды сақтауды және кеден одағының кедендiк аумағынан кететiн жеке тұлғаларға, сондай-ақ шетелдiк дипломатиялық өкiлдiктерге, оларға теңестiрiлген халықаралық ұйымдардың өкiлдiктерiне, консулдық мекемелерге не дипломатиялық агенттерге, консулдық лауазымды адамдар мен олармен бiрге тұратын отбасы мүшелерiне бөлшек саудада сатуды жүзеге асырады.
3. Кеден iсi саласындағы уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшесi бажсыз сауда дүкендерi иелерiнiң тiзiлiмiндегi ақпаратты, сондай-ақ тиiстi қызметтi тоқтата тұру, қайта бастау немесе аталған тұлғаларды тiзiлiмнен шығару туралы деректердi кеден iсi саласындағы уәкiлеттi органға жолдайды.
Кеден iсi саласындағы уәкiлеттi орган ай сайын әр айдың бесiншi күнiнен кешiктiрмей кеден iсi саласындағы уәкiлеттi органның интернет-ресурсына жаңартылған тiзiлiмдi орналастыруды қамтамасыз етедi.
54-бап. Бажсыз сауда дүкендерi иелерiнiң тiзiлiмiне
енгiзу шарттары
Мыналар:
1) меншiгiнде, шаруашылық жүргiзуiнде, оралымды басқаруында немесе жалға алынған, бажсыз сауда дүкенi ретiнде пайдалануға арналған және мынадай талаптарға жауап беретiн үй-жайлардың болуы:
сауда залы жеке тұлғалардың кеден одағының кедендiк шекарасы арқылы жол жүруi кезiнде әкететiн тауарларын кедендiк декларациялау жүргiзу үшiн белгiленген орыннан тыс жерлерде болуға тиiс;
бажсыз сауда дүкенiнiң аумағында сауда операцияларын жүзеге асыруға арналған орындар, сондай-ақ тауарлардың сақталуын қамтамасыз ету және тауарларды сатуға әзiрлеу (орамасын ашу, ыдысынан босату және басқалары) жөнiндегi операцияларды жүзеге асыруға арналған жеке қоршалған орындар болуға тиiс;
2) егер бөлшек саудаға арналған тiркеу немесе рұқсат құжаттарын алу мiндетi Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделсе, ол құжаттардың болуы;
3) кеден органына өтiнiш берген күнi кедендiк төлемдердi, салықтарды және өсiмпұлдарды төлеу бойынша орындалмаған мiндеттеменiң болмауы;
4) кеден органына өтiнiш берген күнге дейiн бiр жыл iшiнде Қазақстан Республикасының Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексiнiң 400, 405, 409-415, 423, 429, 434, 438-баптарына сәйкес әкiмшiлiк жауаптылыққа тартылу фактiлерiнiң болмауы заңды тұлғаларды бажсыз сауда дүкендерi иелерiнiң тiзiлiмiне енгiзу шарттары болып табылады;
5) осы Кодекстiң 409-бабының 1-тармағы 2) тармақшасында көзделген бажсыз сауда дүкендерi үшiн тиiстi тiзiлiмге енгiзудiң қосымша шарттарын Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.
55-бап. Бажсыз сауда дүкендерi иелерiнiң тiзiлiмiне
енгiзу тәртiбi
1. Бажсыз сауда дүкендерi иелерiнiң тiзiлiмiне енгiзу туралы өтiнiш еркiн нысанда толтырылады және онда:
1) қызмет аймағында осындай дүкен құрылатын кеден iсi саласындағы уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшесiне бажсыз сауда дүкендерi иелерiнiң тiзiлiмiне енгiзу туралы қолдаухат;
2) өтiнiш берушiнiң атауы туралы, тұрған жерi туралы, ашылған банктiк шоттары туралы мәлiмет;
3) өтiнiш берушiнiң иелiгiндегi және бажсыз сауда дүкенi ретiнде пайдалануға арналған үй-жайлар туралы, олардың тұрған жерi, жайластырылуы туралы мәлiмет;
4) егер бөлшек саудаға арналған тiркеу немесе рұқсат құжаттарын алу мiндетi Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделсе, ол құжаттардың болуы туралы мәлiмет қамтылуға тиiс.
2. Мәлiмделген мәлiметтердi растайтын мынадай құжаттар:
1) заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктiң түпнұсқасы (өтiнiштi қарау аяқталғаннан кейiн кеден органы түпнұсқаны өтiнiш берушiге қайтаруға мiндеттi) не нотариат куәландырған көшiрмесi;
2) тұлғаның салық төлеушi ретiнде тiркелгенiн растайтын құжаттың түпнұсқасы (өтiнiштi қарау аяқталғаннан кейiн кеден органы түпнұсқаны өтiнiш берушiге қайтаруға мiндеттi) не нотариат куәландырған көшiрмесi;
3) құрылтай құжаттарының нотариат куәландырған көшiрмелерi;
4) банктерден оларда ашылған шоттары туралы растаулар;
5) бажсыз сауда дүкенi ретiнде пайдалануға жарамды үй-жайларға иелiк ету құқығын растайтын құжаттардың нотариат куәландырған көшiрмелерi;
6) бажсыз сауда дүкенi ретiнде мәлiмделген үй-жайлар мен аумақтардың жоспарлары, сызбалары;
7) егер бөлшек саудаға арналған тiркеу немесе рұқсат құжаттарын алу мiндетi Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделсе, ол құжаттардың нотариат куәландырған көшiрмелерi өтiнiшке қоса берiледi.
3. Өтiнiштi қоса берiлетiн құжаттармен бiрге қызмет аймағында бажсыз сауда дүкенi құрылатын кеден iсi саласындағы уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшесi оны тiркеген күннен бастап күнтiзбелiк он бес жұмыс күнi iшiнде қарайды.
4. Кеден iсi саласындағы уәкiлеттi орган аумақтық бөлiмшесiнiң лауазымды адамы осы Кодекстiң 208-бабының 3-тармағына сәйкес өтiнiш берушiнiң үй-жайлары мен аумақтарының осы Кодекстiң 54-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында айқындалған талаптарға сәйкестiгiне қарауды жүргiзедi.
5. Тiзiлiмге енгiзу туралы шешiм орталық кеден iсi саласындағы уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшесi басшысының (оны алмастыратын адамның) бұйрығымен ресiмделедi және бұйрық қабылданған күннен бастап күшiне енедi.
6. Бажсыз сауда дүкендерi иелерiнiң тiзiлiмiне енгiзуден бас тарту туралы шешiм осы баптың 2-тармағында көрсетiлген барлық құжаттар табыс етiлмеген немесе өтiнiш берушi осы Кодекстiң 54-бабында белгiленген талаптарға сай келмеген жағдайда қабылданады.
Өтiнiш берушi аталған бұзушылықтарды жойғаннан кейiн өтiнiш осы Кодексте белгiленген тәртiппен қаралады.
7. Тұлғаны бажсыз сауда дүкендерi иелерiнiң тiзiлiмiне енгiзген немесе енгiзуден бас тартылған жағдайда кеден iсi саласындағы уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшесi өтiнiш берушiнi жазбаша нысанда хабардар етедi.
56-бап. Бажсыз сауда дүкенi иесiнiң қызметiн тоқтата тұру
1. Бажсыз сауда дүкенi иесiнiң жазбаша өтiнiшi бойынша ол жүзеге асыратын қызмет алты айға дейiнгi мерзiмге тоқтатыла тұруы мүмкiн.
2. Бажсыз сауда дүкенi иесiнiң қызметiн тоқтата тұру туралы шешiм аталған тұлғаның өтiнiшi тiркелген күннен бастап он жұмыс күнi iшiнде қызмет аймағына дүкен құрылатын кеден iсi саласындағы уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшесi басшысының (оны алмастыратын адамның) бұйрығымен ресiмделедi және бұйрық қабылданған күннен бастап күшiне енедi.
3. Осы баптың 2-тармағында көзделген бұйрық қабылданған күннен бастап тауарларды бажсыз сауда дүкенiне орналастыруға жол берiлмейдi.
4. Бажсыз сауда дүкенiнде тұрған тауарлар осы баптың 2-тармағында көзделген бұйрық қабылданған күннен бастап күнтiзбелiк отыз күн iшiнде өзге бажсыз сауда дүкендерiне орналастырылуға және (немесе) басқа кедендiк рәсiммен орналастыруға мәлiмделуге тиiс.
5. Бажсыз сауда дүкенi иесiнiң жазбаша өтiнiшi бойынша ол жүзеге асыратын қызмет (осы Кодекстiң 54-бабында айқындалған шарттар сақталған кезде) аталған тұлғаның өтiнiшi тiркелген күннен бастап он жұмыс күнi iшiнде кеден iсi саласындағы уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшесi басшысының (оны алмастыратын адамның) бұйрығымен қайта басталады.
6. Бажсыз сауда дүкенi иесiнiң қызметiн тоқтата тұру немесе қайта бастауы туралы кеден iсi саласындағы уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшесi басшысының (оны алмастыратын адамның) бұйрығы қабылданған күннен бастап бес жұмыс күнi iшiнде мұндай ақпарат жазбаша нысанда қойма иесiнiң назарына жеткiзiледi, сондай-ақ кеден iсi саласындағы уәкiлеттi органға жiберiледi.
57-бап. Бажсыз сауда дүкендерi иелерiнiң тiзiлiмiнен
шығару үшiн негiздер
1. Бажсыз сауда дүкендерi иелерiнiң тiзiлiмiнен шығару үшiн:
1) осы Кодекстiң 54-бабының 1) және 2) тармақшаларында белгiленген бажсыз сауда дүкендерi иелерiнiң тiзiлiмiне енгiзу шарттарының сақталмауы;
2) бажсыз сауда дүкенi иесiнiң осы Кодекстiң 58-бабында көзделген мiндеттердi сақтамауы;
3) бажсыз сауда дүкенi иесiнiң өзiн бажсыз сауда дүкенi иесiнiң тiзiлiмiнен шығару туралы өтiнiшi;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес заңды тұлғаның таратылуы;
5) қайта құрылуды қоспағанда, заңды тұлғаның қайта ұйымдастырылуы негiз болып табылады.
2. Бажсыз сауда дүкендерi иелерiнiң тiзiлiмiнен шығару туралы шешiм, шығару себептерi көрсетiле отырып, қызмет аймағына дүкен құрылған кеден iсi саласындағы уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшесi басшысының (оны алмастыратын адамның) бұйрығымен ресiмделедi.
3. Бұйрық қабылданған күннен бастап бес жұмыс күнi iшiнде тиiстi ақпарат жазбаша нысанда дүкен иесiнiң назарына жеткiзiледi.
4. Тұлғаны осы баптың 1-тармағының 1) - 3) тармақшаларында көзделген негiздер бойынша бажсыз сауда дүкендерi иелерiнiң тiзiлiмiнен шығарған жағдайда, аталған тұлғаның тиiстi тiзiлiмге енгiзу туралы қайтадан берген өтiнiшiн кеден iсi саласындағы уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшесi тұлғаны мұндай тiзiлiмнен шығару туралы бұйрық қабылданған күннен бастап бiр жыл өткен соң қарайды.
58-бап. Бажсыз сауда дүкенi иесiнiң мiндеттерi
Бажсыз сауда дүкенiнiң иесi:
1) осы Кодекске сәйкес бажсыз сауда кедендiк рәсiмiмен орналастырылған және өтпеген тауарлардың сақталуын қамтамасыз етуге;
2) осы Кодексте белгiленген шарттар мен талаптарды сақтауға;
3) кедендiк бақылауды жүргiзу мүмкiндiгiн қамтамасыз етуге;
4) бажсыз сауда дүкенiне тауарлардың түсу және осы дүкенде оларды өткiзу есебiн жүргiзуге, сондай-ақ кеден органдарына мұндай тауарлар туралы есептiлiктi, оның iшiнде ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, Қазақстан Республикасы Үкiметi белгiлеген тәртiппен табыс етуге;
5) осы Кодекстiң 411-бабына сәйкес кедендiк баждарды, салықтарды төлеу бойынша мiндеттер туындаған кезде кедендiк баждарды, салықтарды төлеуге;
6) заңды тұлғаны бажсыз сауда дүкендерi иелерiнiң тiзiлiмiне енгiзген кеден iсi саласындағы уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшесiн бажсыз сауда дүкендерi иелерiнiң тiзiлiмiне енгiзген кезде өзi мәлiмдеген мәлiметтердiң өзгергендiгi туралы мұндай мәлiметтер өзгерген күннен бастап бес жұмыс күнi iшiнде хабардар етуге мiндеттi.
Бажсыз сауда дүкенiнiң аумағы тек осы Кодексте белгiленген талаптарға ғана сәйкес пайдаланылуға тиiс. Көрсетiлген орындарды өзге мақсаттарға пайдалануға жол берiлмейдi.
59-бап. Бажсыз сауда дүкенi иесiнiң жауапкершiлiгi
Бажсыз сауда дүкенiнiң иесi бажсыз сауда дүкендерiндегi тауарларды сақтау және өткiзу жөнiндегi талаптарды, сондай-ақ бажсыз сауда кедендiк рәсiмiнiң талаптарын сақтамағаны үшiн Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
60-бап. Еркiн қойма иесi
Кеден органдарының еркiн қойма иелерiмен өзара қарым-қатынасы Қазақстан Республикасының халықаралық шартында және (немесе) Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын тәртiппен белгiленедi.
Ескерту: 60-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2011.07.05 N 452-IV (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
6-тарау. УӘКIЛЕТТI ЭКОНОМИКАЛЫҚ ОПЕРАТОР
61-бап. Уәкiлеттi экономикалық оператор
1. Осы Кодекстiң 62-бабында көрсетiлген шарттарға сай келетiн, осы Кодекстiң 65-бабында көзделген арнайы оңайлатуларды пайдалануға құқылы заңды тұлға уәкiлеттi экономикалық оператор болып табылады.
2. Заңды тұлғаға уәкiлеттi экономикалық оператор мәртебесiн кеден iсi саласындағы уәкiлеттi орган уәкiлеттi экономикалық операторлар тiзiлiмiне енгiзу туралы куәлiк беру арқылы бередi және ол Қазақстан Республикасының барлық аумағында танылады.
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған заңды тұлғаға уәкiлеттi экономикалық оператор мәртебесi берiледi.
Уәкiлеттi экономикалық операторлар тiзiлiмiне енгiзу туралы куәлiктiң нысанын кеден iсi саласындағы уәкiлеттi орган бекiтедi.
62-бап. Уәкiлеттi экономикалық оператор мәртебесiн
беру шарттары
Мыналар:
1) осы тармақшаның екiншi бөлiгiнде белгiленген жағдайды қоспағанда, кедендiк баждардың, салықтардың төленуiн бас қамтамасыз ету ұсынылатын күнi Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес белгiленетiн валюталардың нарықтық бағамы бойынша бiр миллион евроға баламалы сомаға кемiнде бiр жыл мерзiмге осы Кодекстiң 16-тарауында көзделген тәртiппен осындай қамтамасыз етудiң болуы;
Тауарларды өндiру қызметiн жүзеге асыратын және (немесе) Кеден одағы комиссиясының шешiмiмен айқындалған критерийлерге сәйкес келген кезде кедендiк әкету бажы қолданылмайтын тауарларды экспорттайтын тұлғалар мұндай қамтамасыз ету ұсынылатын күнi Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес белгiленетiн валюталардың нарықтық бағамы бойынша жүз елу мың евроға баламалы сомаға кедендiк баждардың, салықтардың төленуiн қамтамасыз етудi ұсынады;
2) кемiнде екi жыл сыртқы сауда қызметiн жүзеге асыру;
3) кеден органына өтiнiш берген күнi Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес кедендiк төлемдер мен салықтар бойынша берешегiнiң болмауы;
4) кеден органына өтiнiш берген күнi Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес берешектердiң (бересiнiң) болмауы;
5) кеден органына өтiнiш берген күнi өтiнiш берушiнiң, құрылтайшылардың, акциялардың бақылау пакетi бар акционерлердiң Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 209, 214, 250-баптарына сәйкес өтелмеген соттылығының болу фактiлерiнiң болмауы;
6) өтiнiш берушiнiң кеден органына өтiнiш берген күнi бiр жыл iшiнде Қазақстан Республикасы Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексiнiң 405, 410, 417, 421, 423, 424, 426-434, 438-баптарына сәйкес әкiмшiлiк жауаптылыққа тартылу фактiлерiнiң болмауы;
7) кедендiк операцияларды жасау кезiнде кеден органдарына ұсынылған мәлiметтердi шаруашылық операцияларын жүргiзу туралы мәлiметтермен салыстыруға мүмкiндiк беретiн, мынадай талаптарға сай келетiн:
кедендiк декларацияларды декларациялаудың, бақылаудың және есепке алудың, оның iшiнде кеден органдары пайдаланатын бағдарламалық өнiмдермен сәйкес келетiн бағдарламалық өнiмдi мiндеттi түрде қолдана отырып, автоматтандырылған жүйесi бар;
бөгде адамдардың рұқсатсыз қол жеткiзуiнен құжаттарды сақтау және компьютер жүйесiн қорғау мақсатында қауiпсiздiк жөнiндегi ақпараттық технологиялық шараларды қамтамасыз ететiн;
тауарлар мен көлiк құралдарының iс жүзiндегi санының құжаттар бойынша деректермен сәйкес келмеуiн анықтау үшiн iшкi бақылау жүйесi бар тауарлардың есебiн жүргiзу жүйесiнiң болуы заңды тұлғаға уәкiлеттi экономикалық оператор мәртебесiн беру шарттары болып табылады.
63-бап. Уәкiлеттi экономикалық оператор куәлiгiн
беру, оның қолданылуын тоқтата тұру және керi
қайтарып алу тәртiбi, уәкiлеттi экономикалық
оператордың мiндеттерi
1. Уәкiлеттi экономикалық операторлар тiзiлiмiне енгiзу туралы куәлiк алу үшiн заңды тұлға кеден iсi саласындағы уәкiлеттi органға осындай тұлғаның уәкiлеттi экономикалық операторлар мәртебесiн беру шарттарына сәйкестiгiн растайтын мәлiметтерi бар, заңды тұлға басшысының қолы қойылған және мөрмен куәландырылған өтiнiштi, сондай-ақ мынадай құжаттарды:
құрылтай және тiркеу құжаттарының нотариат куәландырған көшiрмелерiн;
нысанын кеден iсi саласындағы уәкiлеттi орган белгiлейтiн толтырылған сауалнаманы;
осы Кодекстiң 144-бабына сәйкес кедендiк төлемдердiң, салықтардың төленуiн бас қамтамасыз етудi растайтын құжаттардың бiрiн ұсынады.
2. Кеден iсi саласындағы уәкiлеттi орган өтiнiштi және оған қоса берiлген құжаттарды қарау кезiнде ондағы мәлiметтердi тексередi, сондай-ақ кеден iсi саласындағы уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшелерiне өтiнiш берушiнiң уәкiлеттi экономикалық оператор мәртебесiн беру шарттарына сәйкестiгiне осы Кодекстiң 24-тарауында көзделген көшпелi кедендiк тексеру жүргiзудi тапсырады.
Өтiнiштi және оған қоса берiлетiн құжаттарды қарау, сондай-ақ көшпелi кедендiк тексеру жүргiзу нәтижелерi бойынша кеден iсi саласындағы уәкiлеттi орган өтiнiш және көрсетiлген құжаттар тiркелген күннен бастап күнтiзбелiк тоқсан күннен кешiктiрмей, уәкiлеттi экономикалық операторлар тiзiлiмiне тұлғаны енгiзу туралы куәлiктi беру жөнiнде не бас тарту себебi көрсетiле отырып, мұндай куәлiктi беруден бас тарту жөнiнде шешiм қабылдайды.
Уәкiлеттi экономикалық операторлар тiзiлiмiне тұлғаны енгiзу туралы куәлiктi беру жөнiндегi шешiм кеден iсi саласындағы уәкiлеттi орган басшысының (оны алмастыратын адамның) бұйрығымен ресiмделедi.
Өтiнiш берушi өтiнiште, сауалнамада мәлiметтердi толық көрсетпеген не осы баптың 1-тармағында көзделген құжаттар болмаған жағдайда, кеден iсi саласындағы уәкiлеттi орган өтiнiш және оған қоса берiлетiн құжаттар тiркелген күннен бастап бес жұмыс күнiнен кешiктiрмей, бас тарту себебiн көрсете отырып, куәлiктi беруден бас тарту туралы өтiнiш берушiге жазбаша түрде хабарлайды.
3. Уәкiлеттi экономикалық оператор:
1) кеден iсi саласындағы уәкiлеттi органға уәкiлеттi экономикалық оператор мәртебесiн алған кезде өзi мәлiмдеген мәлiметтердiң өзгергендiгi және (немесе) толықтырылғаны туралы мұндай өзгерiстер және (немесе) толықтыруларды растайтын тиiстi құжаттарды ұсыну жолымен өзгерiстер және (немесе) толықтырулар енгiзiлген күннен бастап бес жұмыс күнi iшiнде хабарлауға;
2) кедендiк баждардың, салықтардың төленуiн бас қамтамасыз етудiң қолданылу мерзiмi аяқталған кезде уәкiлеттi экономикалық оператор мұндай мерзiм аяқталатын күнге дейiн күнтiзбелiк отыз күннен кешiктiрмей, кеден iсi саласындағы уәкiлеттi органға көрсетiлген бас қамтамасыз етудiң қолданылу мерзiмiн ұзарту не кедендiк баждардың, салықтардың төленуiн бас қамтамасыз ету туралы жаңа құжаттарды ұсынуға;
3) осы Кодекстiң 62-бабы 7-тармағының талаптарын сақтауға мiндеттi.
4. Уәкiлеттi экономикалық операторлар тiзiлiмiне енгiзу туралы куәлiктiң қолданылуы:
1) Уәкiлеттi экономикалық оператор Уәкiлеттi экономикалық операторлар тiзiлiмiне енгiзу туралы куәлiктiң қолданылуын тоқтата тұру туралы өтiнiш берген;
2) берешектердi төлеген кезге дейiн, осы Кодекстiң 160-бабының 2-тармағында белгiленген мерзiм өткеннен кейiн кедендiк төлемдер, салықтар және өсiмпұлдар төлеу бойынша берешектерi болған;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес түбегейлi шешiм шығарылғанға дейiн өтiнiш берушiге, құрылтайшыларға, акциялардың бақылау пакетi бар акционерлерге қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 209, 214, 250-баптарына сәйкес қылмыстық iс қозғалу фактiлерi болған;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес түбегейлi шешiм шығарылғанға дейiн Қазақстан Республикасы Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексiнiң 405, 410, 417, 421, 423, 424, 426-434, 438-баптары бойынша әкiмшiлiк iс жүргiзудiң қозғалу фактiлерi болған;
5) осы баптың 3-тармағында белгiленген мiндеттер орындалмаған кезде тоқтатыла тұрады.
Кеден iсi саласындағы уәкiлеттi орган уәкiлеттi экономикалық операторлар тiзiлiмiне тұлғаны енгiзу туралы куәлiктiң қолданылуын тоқтата тұрған кезден бастап бес жұмыс күнi iшiнде оны жазбаша хабардар етедi.
5. Уәкiлеттi экономикалық операторлар тiзiлiмiне енгiзу туралы куәлiктiң күшi:
1) уәкiлеттi экономикалық оператор өзiн уәкiлеттi экономикалық операторлар тiзiлiмiнен шығару туралы өтiнiш берген;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес заңды тұлға таратылған;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес заңды тұлға қайта ұйымдастырылған;
4) өтiнiш берушi, құрылтайшылар, акциялардың бақылау пакетi бар акционерлер Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 209, 214, 250-баптарына сәйкес қылмыстық жауапкершiлiкке тартылған;
5) Қазақстан Республикасы Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексiнiң 405, 410, 417, 421, 423, 424, 426-434, 438-баптарына сәйкес әкiмшiлiк жауаптылыққа тартылған кезде жойылады.
6. Уәкiлеттi экономикалық операторлар тiзiлiмiне тұлғаны енгiзу туралы куәлiктiң қолданылуын тоқтату туралы шешiм кеден iсi саласындағы уәкiлеттi орган басшысының (оны алмастыратын адамның) бұйрығымен ресiмделедi және бұйрық қабылданған күннен бастап күшiне енедi.
64-бап. Уәкiлеттi экономикалық операторлар тiзiлiмi
Кеден iсi саласындағы уәкiлеттi орган уәкiлеттi экономикалық операторлар тiзiлiмiн жүргiзедi және ай сайын әр айдың бесiншi күнiнен кешiктiрмей оны кеден iсi саласындағы уәкiлеттi органның интернет-ресурстарында жариялауды қамтамасыз етедi.
Уәкiлеттi экономикалық операторлар тiзiлiмiнiң және осындай тiзiлiмге енгiзу туралы куәлiктiң нысанын кеден iсi саласындағы уәкiлеттi орган айқындайды.
65-бап. Уәкiлеттi экономикалық операторға берiлетiн
арнайы оңайлатулар
1. Уәкiлеттi экономикалық операторға мынадай арнайы оңайлатулар берiлуi мүмкiн:
1) уәкiлеттi экономикалық оператордың үй-жайларында, ашық алаңдарында және өзге аумақтарында тауарларды уақытша сақтау;
2) кедендiк декларацияны бергенге дейiн осы Кодекстiң 298-бабына сәйкес тауарларды шығару;
3) тауарларды шығаруға байланысты кедендiк операцияларды уәкiлеттi экономикалық оператордың үй-жайларында, ашық алаңдарында және өзге де аумақтарында жүргiзу;
4) кеден органдарына кеден одағының кедендiк шекарасы арқылы өткiзiлуi көзделген тауарлар, осындай тауарларды өткiзетiн халықаралық тасымалдың көлiк құралдары, кеден одағының кедендiк аумағына тауарлардың әкелiну немесе мұндай аумақтан әкетiлу уақыты мен орны, кеден одағының кедендiк аумағына келетiн немесе мұндай аумақтан кететiн жолаушылар туралы алдын ала ақпараттарды электронды түрде табыс ету;
5) егер декларант ретiнде уәкiлеттi экономикалық оператор болса, кедендiк транзит рәсiмдерiн жүзеге асырған кезде кеден органдары осы Кодекстiң 321-бабында көзделген кедендiк баждар мен салықтардың төленуiн қамтамасыз етудiң ұсынылуын талап етпейдi.
2. Осы бапта көзделген арнайы оңайлатулар уәкiлеттi экономикалық оператор осындай арнайы оңайлатуларды қолдану көзделетiн тауарлардың декларанты болуға құқылы болған жағдайларда ғана қолданылады.
3. Осы бапта көзделген арнайы оңайлатулар қолданылмайтын тауарлар тiзбесi Кеден одағы комиссиясының шешiмiмен айқындалады.
66-бап. Кеден органдарына алдын ала ақпараттарды
табыс ету
1. Уәкiлеттi экономикалық операторлар, тасымалдаушылар, оның iшiнде кедендiк тасымалдаушылар, кеден өкiлдерi және өзге де мүдделi тұлғалар кеден органдарына кеден одағының кедендiк шекарасы арқылы өткiзiлуi көзделген тауарлар, мұндай тауарларды өткiзетiн халықаралық тасымалдаудың көлiк құралдары, кеден одағының кедендiк аумағына тауарлардың әкелiну немесе мұндай аумақтан әкетiлу уақыты мен орны, кеден одағының кедендiк аумағына келетiн немесе мұндай аумақтан кететiн жолаушылар туралы алдын ала ақпараттарды электронды түрде табыс ете алады.
2. Кеден органдары Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес кеден одағына мүше мемлекеттердiң, шет мемлекеттердiң кеден органдарымен (қызметтерiмен) алдын ала ақпарат алмасуды жүзеге асырады.
3. Кеден органдарына алдын ала ақпаратты мiндеттi түрде беру жағдайлары, оны беру көлемi, тәртiбi және кедендiк мақсаттар үшiн пайдалану Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес айқындалады.
7-тарау. АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕЛЕР МЕН АҚПАРАТТЫҚ
ТЕХНОЛОГИЯЛАР
67-бап. Кеден органдары пайдаланатын ақпараттық жүйелер,
ақпараттық технологиялар және оларды қамтамасыз
ету құралдары
1. Кедендiк операциялар ақпараттық жүйе мен ақпараттық технологияларды, оның iшiнде ақпарат берудiң электронды тәсiлiне негiзделген технологияларды, сондай-ақ оларды қамтамасыз ету құралдарын пайдалана отырып жасай алады.
2. Ақпараттық жүйе мен ақпараттық технологияларды енгiзу тиiстi халықаралық стандарттарды және Қазақстан Республикасының ақпараттандыру туралы заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының ақпараттық қауiпсiздiгi талаптарын қамтамасыз етудi ескере отырып жүзеге асырылады.
3. Кеден органдары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кеден органдары әзiрлеген, шығарған немесе сатып алған ақпараттық жүйелердi, ақпараттық технологияларды және оларды қамтамасыз ету құралдарын пайдаланады.
4. Кедендiк мақсаттар үшiн ақпараттық жүйелердi, ақпараттық технологияларды, оларды қамтамасыз ету құралдарын және ақпараттарды қорғаудың бағдарламалық–техникалық құралдарын пайдалану шарттары мен тәртiбiн, сондай-ақ ақпарат алмасудың электронды тәсiлiне негiзделген ақпараттық өзара iс-қимылды ұйымдастыру кезiнде оларға қойылатын талаптарды кеден iсi саласындағы уәкiлеттi орган айқындайды.
68-бап. Декларанттардың және кеден iсi саласындағы
қызметтi жүзеге асыратын тұлғалардың меншiгiндегi
бағдарламалық өнiмдер
1. Осы Кодексте көзделген құжаттар мен мәлiметтердi ұсыну үшiн декларанттар және кеден iсi саласындағы қызметтi жүзеге асыратын тұлғалар пайдаланатын бағдарламалық өнiмдер сәйкес болуға тиiс талаптарды Қазақстан Республикасы Үкiметi белгiлейдi. Аталған талаптар кеден iсi саласындағы уәкiлеттi органның ресми интернет-ресурсында, веб-порталында орналастырылады.
2. Бағдарламалық өнiмдердiң Қазақстан Республикасы Үкiметi белгiлеген талаптарға сәйкестiгi тексерiлгеннен кейiн ғана оларды кедендiк мақсаттар үшiн пайдалануға жол берiледi.
3. Бағдарламалық өнiмдердi тексерудi жүргiзу үшiн осы баптың 1-тармағында аталған тұлға бағдарламалық өнiмге тексеру жүргiзу туралы кеден iсi саласындағы уәкiлеттi органға мынадай мәлiметтер:
1) өтiнiш берушi туралы мәлiмет: жеке тұлға үшiн - тегi, аты, әкесiнiң аты (ол болған кезде) және оның тұратын жерi (мекенжайы); заңды тұлға үшiн - атауы және орналасқан жерi (мекенжайы); сәйкестендiру нөмiрi;
2) жеке тұлға үшiн – жеке басын куәландыратын құжаттың нөмiрi, заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктiң нөмiрi қамтылған өтiнiш бередi.
Өтiнiшке оны жасаған адам қол қояды және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мөрi болуға тиiс болса, мөрмен куәландырады.
4. Өтiнiшпен бiрге мынадай құжаттар:
1) жеке тұлға үшiн - жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесi; заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiк (нотариат куәландырған көшiрмесi);
2) бағдарламалық өнiмдерге бағдарламалық және пайдалану құжаттамаларының жиынтығы;
3) бағдарламалық өнiмдi әзiрлеу кезiнде лицензияланған бағдарламалық құралдардың пайдаланылғанын растайтын құжаттар;
4) әзiрленген бағдарламалық өнiм арқылы кедендiк құжаттарды толтырудың ережелерiне сәйкес ресiмделген кедендiк құжаттардың электронды көшiрмелерiнiң үлгiлерi қоса берiлуге тиiс.
5. Өтiнiш тiркелген күннен бастап он бес жұмыс күнiнен аспайтын мерзiмде кеден iсi саласындағы уәкiлеттi орган өтiнiште көрсетiлген мәлiметтердi, сондай-ақ осы баптың 4-тармағында көрсетiлген құжаттарды қарайды және тексередi.
6. Кеден iсi саласындағы уәкiлеттi орган кедендiк құжаттардың электронды көшiрмелерiн қалыптастыру бойынша бағдарламалық өнiмдердi әзiрлеушiлердiң тiзiлiмiн жүргiзедi, онда мынадай мәлiметтер:
1) бағдарламалық өнiмдi әзiрлеушi болып табылатын тұлғаның атауы;
2) бағдарламалық өнiмнiң атауы;
3) бағдарламалық өнiм нұсқаларының нөмiрi;
4) электронды кедендiк құжаттардың түрi қамтылады.
7. Кедендiк құжаттардың электронды көшiрмелерiн қалыптастыру бойынша бағдарламалық өнiмдердi әзiрлеушiлердi тiзiлiмге енгiзу туралы шешiм кеден iсi саласындағы уәкiлеттi орган басшысының (не оны алмастыратын адамның) бұйрығымен ресiмделедi және осы баптың 5-тармағында көзделген мерзiмнен кешiктiрiлмей өтiнiш берушiнiң мекенжайына жiберiледi. Бағдарламалық өнiмдi әзiрлеушiнi тiзiлiмге енгiзуден бас тартылған жағдайда, кеден iсi саласындағы уәкiлеттi орган өтiнiш тiркелген күннен бастап бес жұмыс күнiнен кешiктiрмей, бас тарту себептерi туралы аталған тұлғаны жазбаша нысанда хабардар етедi. Өтiнiш берушi ескертулердi жойғаннан кейiн осы баптың 3 және 4-тармақтарына сәйкес құжаттарды қайтадан табыс етуге құқылы.
8. Кедендiк құжаттардың электронды көшiрмелерiн қалыптастыру бойынша бағдарламалық өнiмдердi әзiрлеушiлердi тiзiлiмге енгiзу және шығару туралы ақпарат тиiстi бұйрық қабылданған күннен бастап үш жұмыс күнiнен кешiктiрiлмей кеден iсi саласындағы уәкiлеттi органның ресми интернет-ресурсында, веб-порталында орналастырылады.
9. Бағдарламалық өнiмдерге қойылатын талаптар өзгерген жағдайда жариялануға және кеден iсi саласындағы уәкiлеттi органның ресми интернет–ресурсында, веб-порталында орналастырылуға жатады.
Кеден iсi саласындағы уәкiлеттi орган бұрын тексерген бағдарламалық өнiмдi өз қызметiнде пайдаланатын тұлға оларды осы тарауда көзделген тәртiппен жаңадан белгiленген талаптарға сәйкес келтiруге мiндеттi.
69-бап. Декларанттарға және кеден өкiлдерiне кедендiк
құжаттардың электронды көшiрмелерiн
қалыптастыруға рұқсат беру
1. Декларант немесе кеден өкiлi кеден iсi саласындағы уәкiлеттi органның кедендiк құжаттардың электронды көшiрмелерiн қалыптастыруға арналған рұқсатын алу үшiн кеден iсi саласындағы уәкiлеттi органға мынадай мәлiметтер:
1) өтiнiш берушi туралы мәлiмет: жеке тұлға үшiн - тегi, аты, әкесiнiң аты (ол болған кезде) және оның тұратын жерi (мекенжайы); заңды тұлға үшiн - атауы және орналасқан жерi (мекенжайы); сәйкестендiру нөмiрi;
2) жеке тұлға үшiн – жеке басын куәландыратын құжаттың нөмiрi, заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктiң нөмiрi қамтылған кедендiк құжаттардың электронды көшiрмелерiн қалыптастыруға арналған рұқсатты беру туралы өтiнiш табыс етедi.
Өтiнiшке оны жасаған адам қол қояды және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мөрi болуға тиiс болса, мөрмен куәландырады.
2. Өтiнiшпен бiрге мынадай құжаттар:
1) жеке тұлға үшiн - жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесi; заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiк (нотариат куәландырған көшiрмесi);
2) кеден iсi саласындағы уәкiлеттi органның меншiгiндегi кедендiк құжаттардың электронды көшiрмелерiн қалыптастыру бойынша бағдарламалық өнiмдердi пайдалану жағдайларын қоспағанда, бағдарламалық өнiмдердi әзiрлеушiлер тiзiлiмiне енгiзiлген тұлғамен жасалған шарттың нотариат куәландырған көшiрмесi қоса берiлуге тиiс.
3. Өтiнiш тiркелген күннен бастап бес жұмыс күнi iшiнде кеден iсi саласындағы уәкiлеттi орган өтiнiштегi мәлiметтердi, сондай-ақ осы баптың 2-тармағында көрсетiлген құжаттарды қарайды және тексередi.
4. Көрсетiлген мәлiметтер мен құжаттар белгiлеген талаптарға сәйкес келген жағдайда, кеден iсi саласындағы уәкiлеттi орган өтiнiш берген тұлғаны осы баптың 3-тармағында көзделген мерзiмде өз шешiмi туралы жазбаша хабардар етедi. Кеден iсi саласындағы уәкiлеттi органның жазбаша шешiмiнде берiлген код көрсетiледi, кейiннен оны өтiнiш берген тұлға әрбiр қалыптастырған кедендiк құжаттардың электронды көшiрмесiнде белгiленген жиекке жазады.
5. Өтiнiш берушiге берiлген код кеден өкiлi ретiнде қызметтi жүзеге асыратын тұлғалардан басқа, өзге тұлғалар өткiзетiн тауарларға кедендiк құжаттардың электронды көшiрмелерiн қалыптастыру үшiн пайдаланылмайды.
6. Осы баптың 2-тармағында көрсетiлген құжаттар табыс етiлмеген жағдайда, кеден iсi саласындағы уәкiлеттi орган кедендiк құжаттардың электронды көшiрмелерiн қалыптастыруға арналған рұқсатты беруден бас тартады және осы баптың 3-тармағында көзделген мерзiмде өтiнiш берушiге бұл туралы жазбаша хабарлайды.
7. Кеден iсi саласындағы уәкiлеттi органның берiлген код көрсетiлген жазбаша шешiмiн кеден iсi саласындағы уәкiлеттi орган мынадай жағдайлардың бiрi туындаған кезде:
1) өтiнiш берушi осы баптың 5-тармағында белгiленген талаптарды бұзған;
2) өтiнiш берушi бағдарламалық өнiмдердi әзiрлеушiмен шарттың күшiн жойған және бұл туралы кеден iсi саласындағы уәкiлеттi органға хабарламаған кезде керi қайтарып алуы мүмкiн.
8. Кеден iсi саласындағы уәкiлеттi органның осы берiлген код көрсетiлген жазбаша шешiмiн керi қайтарып алу өтiнiш берушiге берген кодтың күшiн жоюға және мұндай кодпен қалыптастырылған кедендiк құжаттардың электронды көшiрмелерiн қабылдаудан бас тартуға әкеп соғады.
9. Осы баптың 2-тармағында көрсетiлген құжаттардағы мәлiметтер өзгерген кезде декларант немесе кеден өкiлi мәлiметтер өзгерген күннен бастап күнтiзбелiк он күн iшiнде кеден iсi саласындағы уәкiлеттi органды болған өзгерiстер туралы жазбаша хабардар етедi.
10. Осы баптың 7-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, өтiнiш берушiге берiлген кодтың қолданылу мерзiмi шектелмейдi.
70-бап. Кеден органдарының ақпараттық ресурстары
1. Кедендiк операцияларды жүргiзу кезiнде табыс етiлетiн құжаттар мен мәлiметтер, сондай-ақ оларды жүзеге асыру үшiн қажеттi құжаттар негiзiнде қалыптастырылған кеден органдарының ақпараттық ресурстарына қол жетiмдiлiк шектеулi болады. Ақпараттық ресурстарды қалыптастыру тәртiбi және оларға қол жетiмдiлiк Қазақстан Республикасының ақпараттандыру туралы заңнамасымен айқындалады.
Кеден органдарының ақпараттық ресурстары деп кеден органдарының ақпараттық жүйелерiнде жасалатын, өңделетiн және жинақталатын деректер базасы қамтылатын құжатталған ақпараттың ұйымдастырылған жиынтығы түсiнiледi.
Кеден органдарының Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына қатысты ақпараттық ресурстары ашық және жалпыға бiрдей қол жетiмдi болып табылады.
Жалпыға бiрдей қол жетiмдi ақпараттық ресурстар кеден iсi саласындағы уәкiлеттi органның ресми интернет-ресурсында, веб-порталында орналастырылады.
2. Тұлғалардың кеден органдарының иелiгiндегi, шектеулi қол жетiмдi ақпараттық ресурстардағы ақпаратты алу тәртiбi Қазақстан Республикасының ақпараттандыру туралы заңнамасымен айқындалады.
71-бап. Ақпаратты және ақпараттық процестер мен
ақпараттандыруға қатысатын субъектiлердiң
құқықтарын қорғау
1. Ақпаратты және ақпараттық процестер мен ақпараттандыруға қатысатын субъектiлердiң құқықтарын қорғау Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.
2. Қорғау бағдарламалық өнiмдермен, ақпараттық жүйелермен және ақпараттық технологиялармен үйлесiмдi және Қазақстан Республикасының техникалық реттеу туралы заңнамасында белгiленген тәртiппен мiндеттi түрде сертификаттауға жататын ақпаратты қорғаудың арнаулы бағдарламалық–техникалық құралдарын енгiзу және пайдалану арқылы қамтамасыз етiледi.
3. Ақпаратты қорғау құралымен қамтамасыз етiлетiн ақпаратты қорғау деңгейi ақпараттың санатына сәйкес келуi тиiс. Ақпаратты қорғау деңгейiнiң белгiлi бiр санатқа сәйкес келуiн иелiгiнде ақпараттық ресурстары бар кеден органдары қамтамасыз етедi.
Ақпаратты қорғау және ақпарттық қорғау құралдарын пайдалану жөнiндегi талаптардың сақталуын бақылауды кеден iсi саласындағы уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырады.
72-бап. Кеден органдарының ақпарат алмасуы
Кеден органдары халықаралық шарттарда және Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалатын тәртiппен және шарттарда шет мемлекеттердiң кеден органдарымен, сондай-ақ халықаралық және өзге де ұйымдармен халықаралық ақпарат алмасуға қатысады.
8-тарау. КЕДЕНДIК СТАТИСТИКА
73-бап. Тауарлармен сыртқы сауданың кедендiк
статистикасы
1. Тауарлармен сыртқы сауданың жай-күйiн, қарқынын және даму үрдiсiн талдау мақсатында кеден органдары тауарлармен сыртқы сауданың кедендiк статистикасының деректерiн қалыптастыру үшiн тауарлардың кеден одағының кедендiк шекарасы арқылы өткiзiлуi туралы мәлiметтердi жинауды және өңдеудi жүргiзедi.
2. Кеден органдары тауарлармен сыртқы сауданың кедендiк статистикасын Кеден одағы комиссиясының шешiмiмен бекiтiлген әдiснамаға сәйкес жүргiзедi.
3. Кеден органдары тауарлармен сыртқы сауданың кедендiк статистикасының деректерiн:
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Үкiметiне, мемлекеттiк органдарына және өзге де ұйымдарына;
халықаралық шарттарда белгiленген тәртiппен халықаралық ұйымдарға табыс етедi.
4. Кеден одағының комиссиясы кеден одағының тауарларымен сыртқы сауданың кедендiк статистикасының деректерiн кеден одағына мүше мемлекеттердiң мемлекеттiк органдарына және халықаралық шарттарға сәйкес халықаралық ұйымдарға ұсынады.
5. Кеден органы Қазақстан Республикасы сыртқы саудасының кедендiк статистикасының деректерiн кеден iсi саласындағы уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен және мерзiмдерде жариялайды.
6. Кеден органдары мемлекеттiк, коммерциялық, банктiк және заңмен қорғалатын өзге де құпияны (жасырымды) не басқа да жабық ақпаратты қамтымайтын тауарлармен сыртқы сауданың кедендiк статистикасының деректерiн, оларды алуға мүдделi Қазақстан Республикасының ұйымдарына Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен және шарттарда ұсына алады.
74-бап. Арнаулы кедендiк статистика
1. Кеден органдарына жүктелген мiндеттердi шешудi қамтамасыз ету мақсатында кеден iсi саласындағы уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен арнаулы кедендiк статистика жүргiзiледi.
2. Кеден органдары арнаулы кедендiк статистиканың деректерiн кедендiк мақсаттар үшiн ғана қолданады.
75-бап. Статистикалық мақсаттар үшiн пайдаланылатын
құжаттар және мәлiметтер
1. Статистикалық мақсаттар үшiн тұлғалардың кеден одағының және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамаларына сәйкес ұсынатын құжаттары мен мәлiметтерi пайдаланылады.
2. Статистикалық мақсаттар үшiн пайдаланылатын мәлiметтерге осы Кодекстiң 16-бабының ережелерi қолданылады.
9-тарау. КЕДЕН ОДАҒЫНЫҢ СЫРТҚЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ
ҚЫЗМЕТIНIҢ БIРЫҢҒАЙ ТАУАР НОМЕНКЛАТУРАСЫ.
ТАУАРЛАРДЫ СЫНЫПТАУ
76-бап. Кеден одағының Сыртқы экономикалық
қызметiнiң бiрыңғай тауар
номенклатурасы
Кеден одағының Сыртқы экономикалық қызметiнiң бiрыңғай тауар номенклатурасы (бұдан әрi – Сыртқы экономикалық қызметтiң тауар номенклатурасы) сыртқы экономикалық қызметтiң сыртқы сауда және өзге де түрлерiн кедендiк-тарифтiк және тарифтiк емес реттеу шараларын жүзеге асыру, кедендiк статистиканы жүргiзу үшiн қолданылады.
77-бап. Сыртқы экономикалық қызметтiң
тауар номенклатурасын жүргiзу
1. Сыртқы экономикалық қызметтiң тауар номенклатурасы Дүниежүзiлiк кеден ұйымының Тауарларды сипаттау мен кодтаудың үйлестiрiлген жүйесiне және Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығының Сыртқы экономикалық қызметiнiң бiрыңғай тауар номенклатурасына негiзделедi.
2. Сыртқы экономикалық қызметтiң тауар номенклатурасын Кеден одағының комиссиясы бекiтедi.
3. Сыртқы экономикалық қызметтiң тауар номенклатурасына өзгерiстер енгiзу туралы шешiмдердi кеден iсi саласындағы уәкiлеттi органның ұсыныстары негiзiнде Кеден одағының комиссиясы қабылдайды.
Сыртқы экономикалық қызметтiң тауар номенклатурасын және оған өзгерiстер енгiзу туралы шешiмдi Кеден одағының комиссиясы жариялайды.
4. Сыртқы экономикалық қызметтiң тауар номенклатурасын техникалық жүргiзу Кеден одағы Кеден кодексiнiң 51-бабының 4-тармағында белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.
78-бап. Тауарларды сыныптау
1. Тауарларды кедендiк декларациялау кезiнде олар Сыртқы экономикалық қызметтiң тауар номенклатурасы бойынша сыныпталуға жатады.
2. Кеден декларациясында мәлiмделген тауарларды сыныптаудың дұрыстығын тексерудi, бақылау-өткiзу пункттерiнiң және мамандандырылған кедендiк мекемелердiң лауазымды адамдарын қоспағанда, кеден органдарының лауазымды адамдары жүзеге асырады.
3. Тауарлардың дұрыс жiктелмеуi анықталған жағдайда, осы баптың 2-тармағында анықталған кеден органы тауарларды сыныптауды дербес жүзеге асырады және Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындаған нысан бойынша тауарларды сыныптау жөнiнде шешiм қабылдайды.
4. Тауарларды сыныптау деп қарастырылатын тауарларды Сыртқы экономикалық қызметтiң тауар номенклатурасы бойынша нақты тауарлық позицияларға, субпозицияларға және кiшi субпозицияларға кезең-кезеңмен жатқызу түсiнiледi.
Тауарларды сыныптау мына негiзгi критерийлердiң:
1) тауар орындайтын функция;
2) тауар жасалған материал негiзiнде жүзеге асырылады.
Бұл ретте, тауарлардың өңделу дәрежесiн ескере отырып, оларды Сыртқы экономикалық қызметтiң тауар номенклатурасына түсiнiктеме берудiң негiзгi ережелерiн және бөлiмдерге, топтарға ескертпелердi (оның iшiнде тауарлық позицияларға, субпозицияларға ескертпелердi), сондай-ақ ерекше сыныптау мәселелерiн түсiндiретiн қосымша ескертпелердi қолдану негiзiнде тауарлық субпозицияларға бiрдей жатқызу принципi сақталады.
5. Тауарларды сыныптау кезiнде кеден органдары, декларанттар немесе кеден өкiлдерi түсiнiктеме берудiң негiзгi ережелерiн; бөлiмдерге, топтарға, позицияларға ескертпелердi; Сыртқы экономикалық қызметтiң тауар номенклатурасына түсiнiктеменi; Дүниежүзiлiк кеден ұйымының Үйлестiрiлген жүйесi жөнiндегi комитетiнiң Сыныптау бойынша пiкiрлер компендиумiн; кеден iсi саласындағы уәкiлеттi органның тауарларды сыныптау бойынша алдын ала шешiмдерiнiң электрондық базасын; Кеден одағы комиссиясының және кеден iсi саласындағы уәкiлеттi органның тауарлардың жекелеген түрлерiн сыныптау бойынша түсiнiктемесiн қолданады.
6. Тауарларды сыныптау кезiнде кеден органдары декларант табыс еткен жөнелтушi елдiң кедендiк декларацияларының көшiрмелерiн, егер декларант мұны табыс ете алатын жағдайда, тәуелсiз сарапшы ұйымдардың қорытындыларын, анықтамаларын, сондай-ақ тауарларға iлеспе құжаттарда көрсетiлген мәлiметтердi назарға алады.
7. Кедендiк декларациялау үшiн кедендiк декларация берген кезде декларант Сыртқы экономикалық қызметтiң тауар номенклатурасы бойынша тауарды сыныптайды және кедендiк декларацияда тауардың кодын мәлiмдейдi.
8. Егер тауарларды кедендiк декларациялау кезiнде декларант кедендiк декларацияда тауарлардың кодын дұрыс мәлiмдеген болса, онда кеден органының лауазымды адамы қосымша құжаттарды табыс етудi сұрамай, тауарлардың сыныпталуы бойынша мәлiметтердi тексерудi аяқтайды.
9. Егер тауарларды кедендiк декларациялау кезiнде декларант кедендiк декларацияда тауарлардың кодын Сыртқы экономикалық қызметтiң тауар номенклатурасы бойынша дұрыс мәлiмдемеген болса, онда кеден органының лауазымды адамы декларанттан тауарларды сыныптау үшiн қажеттi қосымша құжаттарды бiр жұмыс күнi iшiнде жазбаша сұрайды. Кеден органы күнтiзбелiк бес күннен кешiктiрмей Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындаған нысан бойынша тауарларды сыныптау жөнiнде шешiм шығарады.
10. Тауарларды сыныптау үшiн қосымша құжаттар сұралған жағдайда, кеден органы декларанттың жазбаша өтiнiшi бойынша:
кедендiк баждар мен салықтарды төлеу қамтамасыз етiлген кезде - кедендiк баждар мен салықтар салынатын;
кеден органының жазбаша сұрау салуында белгiленген мерзiмде сұратылған құжаттарды беру бойынша декларанттың мiндеттемесi болған кезде кедендiк баждар мен салықтар салынбайтын тауарлардың шартты шығарылуын жүзеге асырады.
Кедендiк баждар мен салықтардың төленуiн қамтамасыз ету сомасының мөлшерi iшкi тұтыну үшiн шығарудың кедендiк рәсiмi мәлiмделген кезде төлеуге жататын кедендiк баждар мен салықтардың сомасынан аз болмауға тиiс.
Кедендiк баждар мен салықтардың төленуiн қамтамасыз етудiң қолданылу мерзiмi тауарлар шартты шығарылған күннен бастап күнтiзбелiк отыз күннен кем болмауға тиiс.
11. Декларант кеден органының тауарларды сыныптау жөнiндегi шешiмiмен келiскен жағдайда, декларант кедендiк декларацияда мәлiмделген мәлiметтердi осы Кодекстiң 289-бабының 1-тармағына сәйкес өзгертуге немесе толықтыруға тиiс.
12. Кеден органының тауарларды сыныптау жөнiндегi шешiмi екi дана етiп ресiмделедi және оған тауарларды кедендiк декларациялауды жүргiзген кеден органының басшысы (оны алмастыратын адам) қол қояды.
13. Кеден органының тауарларды сыныптау жөнiндегi шешiмiнiң орындалуы мiндеттi болып табылады.
14. Кеден органы қабылдаған тауарларды сыныптау жөнiндегi шешiммен келiспеген жағдайда, декларант немесе кеден iсi саласындағы қызметтi жүзеге асыратын тұлға не олардың өкiлдерi Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кеден органының немесе кеден органы лауазымды адамының iс-әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағым жасауға құқылы.
15. Тауарларды сыныптау жөнiндегi шешiмге шағым жасалған кезде шағым жасаған тұлға кеден iсi саласындағы уәкiлеттi органға бұйымдардың фотосуреттерiн, суреттерiн, сызбаларын, паспорттарын, тауарлардың сынамасын және үлгiлерiн, тауарлардың негiзгi техникалық, коммерциялық сипаттамаларын және тауарларды бiрдей сыныптауға мүмкiндiк беретiн ақпаратты ұсынады.
16. Кеден органдарының тауарларды сыныптау жөнiндегi шешiмдерiнiң бланкiлерi қатаң есептiлiк бланкiлерi болып табылады, олардың типографиялық тәсiлмен орындалған, кеден органының кодын қамтитын есептiк сериясы және нөмiрi болады.
17. Кеден iсi саласындағы уәкiлеттi орган немесе кеден iсi саласындағы уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшесi осы тарауға сәйкес тауарларды сыныптау жөнiнде алдын ала шешiмдер қабылдайды және кеден iсi саласындағы уәкiлеттi органның ресми интернет-ресурсында, веб-порталында жариялауды қамтамасыз ете отырып, тауарлардың жекелеген түрлерiн сыныптау бойынша түсiндiрулер бередi.
Тауарларды сыныптау жөнiнде алдын ала шешiмдер тауарларды Қазақстан Республикасының аумағында декларациялау кезiнде мiндеттi болып табылады.
18. Кеден iсi саласындағы уәкiлеттi орган тауарларды сыныптау жөнiндегi алдын ала шешiмдердiң деректер қорын жүргiзудi жүзеге асырады.
79-бап. Алдын ала шешiм қабылдау тәртiбi
1. Сыртқы экономикалық қызметтiң тауар номенклатурасы бойынша тауарларды сыныптау жөнiндегi алдын ала шешiмдi қабылдау тәртiбi осы Кодекстiң 80-83-баптарымен айқындалады.
2. Алдын ала шешiм тауардың белгiлi бiр маркасын, моделiн, артикулi мен модификациясын қамтитын әрбiр атауына қабылданады.
3. Алдын ала шешiмнiң нысаны Кеден одағы комиссиясының шешiмiмен айқындалады.
4. Өтiнiш берушi алдын ала шешiмдi жоғалтқан жағдайда кеден iсi саласындағы уәкiлеттi орган немесе кеден iсi саласындағы уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшесi өтiнiш берушiнiң жоғалтқан алдын ала шешiмге сiлтемесi бар жазбаша өтiнiшiнiң негiзiнде жазбаша өтiнiш тiркелген күннен бастап бес жұмыс күнi iшiнде өтiнiш берушi бұрын алған алдын ала шешiмнiң телнұсқасын бередi.
5. Кеден iсi саласындағы уәкiлеттi орган осы Кодекстiң 213-бабына сәйкес тауарларды сыныптау жөнiндегi алдын ала шешiмдермен ақпараттық алмасуды жүзеге асырады.
80-бап. Алдын ала шешiм қабылдау туралы өтiнiш
1. Алдын ала шешiмдi тұлғаның (бұдан әрi осы тарауда – өтiнiш берушi) жазбаша түрде немесе электрондық құжат түрiнде берген өтiнiшi негiзiнде кеден iсi саласындағы уәкiлеттi орган немесе кеден iсi саласындағы уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшесi қабылдайды.
2. Тауарларды сыныптау жөнiндегi алдын ала шешiмдi қабылдау туралы өтiнiште тауарлардың толық коммерциялық атауы, фирмалық атауы, негiзгi техникалық, коммерциялық сипаттамалары және тауарларды бiрдей сыныптауға мүмкiндiк беретiн өзге де ақпарат болуға тиiс. Қажет болған жағдайда осы алдын ала шешiмдi қабылдау үшiн өтiнiш берушiнiң мөрiмен куәландырылған бұйымдардың фотосуреттерi, суреттерi, сызбалары, төлқұжаттары, тауарлардың сынамалары мен үлгiлерi және басқа да құжаттары табыс етiледi.
3. Егер өтiнiш берушi табыс еткен мәлiметтер алдын ала шешiм қабылдау үшiн жеткiлiксiз болса, кеден iсi саласындағы уәкiлеттi орган немесе кеден iсi саласындағы уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшесi өтiнiш берушiнi кеден органына алдын ала шешiм қабылдау туралы өтiнiш берген күннен бастап күнтiзбелiк он бес күн iшiнде қосымша ақпарат беру қажеттiлiгi туралы хабардар етедi. Қосымша ақпарат өтiнiш берушiге жазбаша хабарланған күннен бастап күнтiзбелiк отыз күн iшiнде табыс етiлуге тиiс. Егер ақпарат белгiленген мерзiмде берiлмесе, алдын ала шешiм қабылдау туралы өтiнiш қабылданбайды.
81-бап. Алдын ала шешiм қабылдау және оның қолданылу
мерзiмдерi
1. Алдын ала шешiм қабылдау туралы өтiнiш тiркелген күннен бастап күнтiзбелiк жиырма күн iшiнде алдын ала шешiм қабылданады.
Осы Кодекстiң 80-бабының 3-тармағына сәйкес қосымша ақпарат беру қажет болған жағдайда, осы тармақтың бiрiншi бөлiгiнде көрсетiлген мерзiм тоқтатыла тұрады және сұрау салынған мәлiметтердi қамтитын соңғы құжат алынған күннен бастап қайта жаңартылады.
2. Егер осы Кодекстiң 82-бабына сәйкес алдын ала шешiм өзгертiлмесе, керi қайтарылмаса не оның қолданысы тоқтатылмаса, ол қабылданған күннен бастап үш жыл бойы қолданылады.
82-бап. Алдын ала шешiмнiң қолданылуын тоқтату,
оны өзгерту немесе керi қайтару
1. Кеден iсi саласындағы уәкiлеттi орган немесе кеден iсi саласындағы уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшесi өзi қабылдаған алдын ала шешiмнiң қолданысын тоқтату, оны өзгерту немесе керi қайтарып алу туралы шешiм қабылдай алады.
Алдын ала шешiмнiң қолданысын тоқтату, оны өзгерту немесе керi қайтарып алу туралы шешiм өтiнiш берушiге алдын ала шешiмнiң қолданысын тоқтату, оны өзгерту немесе керi қайтарып алу туралы шешiм шығарылған күннен кейiнгi күннен кешiктiрiлмей жiберiледi.
2. Егер кеден iсi саласындағы уәкiлеттi орган немесе кеден iсi саласындағы уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшесi өтiнiш берушi алдын ала шешiмдi қабылдау үшiн жалған немесе қолдан жасалған құжаттар, дұрыс емес және (немесе) толық емес мәлiметтер ұсынғанын анықтаса, алдын ала шешiмнiң қолданысын тоқтату туралы шешiм қабылданады.
Алдын ала шешiмнiң қолданысын тоқтату туралы шешiм осындай алдын ала шешiм қабылданған күннен бастап күшiне енедi.
3. Алдын ала шешiмдi өзгерту:
кеден iсi саласындағы уәкiлеттi орган немесе кеден iсi саласындағы уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшесi немесе өтiнiш берушi алдын ала шешiм қабылдау кезiнде жiберiлген кемшiлiктердi анықтаған;
Кеден одағының комиссиясы тауарлардың жекелеген түрлерiн сыныптау жөнiнде шешiмдер немесе түсiнiктемелер қабылдаған жағдайларда жүргiзiледi.
Кеден iсi саласындағы уәкiлеттi органның немесе кеден iсi саласындағы уәкiлеттi орган аумақтық бөлiмшесiнiң алдын ала шешiмдi өзгерту туралы шешiмi осы шешiмдi өзгерту туралы шешiмде көрсетiлген мерзiмде күшiне енедi.
4. Алдын ала шешiм:
соларға қатысты алдын ала шешiм қабылданған тауарлардың сыныпталуына әсер ететiн Сыртқы экономикалық қызметтiң тауар номенклатурасына өзгерiстер енгiзiлген;
Дүниежүзiлiк кеден ұйымы кеден одағына мүше мемлекеттер қолданатын тауарларды сыныптау жөнiнде шешiм қабылдаған;
Кеден одағының комиссиясы тауарлардың жекелеген түрлерiн сыныптау жөнiнде шешiмдер немесе түсiнiктемелер қабылдаған жағдайларда қайтарып алынады.
Алдын ала шешiмдi қайтарып алу туралы шешiмдi кеден iсi саласындағы уәкiлеттi орган немесе кеден iсi саласындағы уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшесi Кеден одағы комиссиясының шешiмдерi мен түсiнiктемелерi жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк отыз күн iшiнде қабылдайды және осындай шешiмдермен бiр мезгiлде күшiне енедi.
5. Алдын ала шешiмнiң қолданысын тоқтату, оны өзгерту немесе қайтарып алу туралы шешiм осындай шешiм қабылданған күннен кейiнгi күннен кешiктiрiлмей кеден органдарының назарына жеткiзiледi.
83-бап. Алдын ала шешiмдердiң жариялылығы
Мемлекеттiк, коммерциялық, банктiк және заңмен қорғалатын өзге де құпия (жасырым) болып табылатын ақпаратты не мүдделi тұлғаға қатысты басқа да жабық ақпаратты қоспағанда, алдын ала шешiмдер Кеден одағы комиссиясының ресми интернет-ресурсында орналастырылады.
84-бап. Белгiлi бiр уақыт кезеңi iшiнде әртүрлi
партиямен әкелу көзделген, құрастырылмаған
немесе бөлшектелген түрдегi, оның iшiнде
жинақталмаған немесе аяқталмаған түрдегi
тауарды сыныптау туралы шешiм қабылдау
тәртiбi
1. Декларациялау ерекшелiктерi осы Кодексте көзделген, белгiлi бiр уақыт кезеңi iшiнде әртүрлi партиямен әкелу көзделген, құрастырылмаған немесе бөлшектелген түрдегi, оның iшiнде жинақталмаған немесе аяқталмаған түрдегi тауарды сыныптау туралы шешiмдi (бұдан әрi – жинақталмаған түрдегi тауарды сыныптау туралы шешiм) тұлғаның жазбаша өтiнiшi негiзiнде кеден iсi саласындағы уәкiлеттi орган қабылдайды.
2. Жинақталмаған түрдегi тауарды сыныптау туралы шешiм өтiнiш берушiге мына шарттар бiр мезгiлде сақталғанда:
сыртқы сауда шарты (келiсiмшарты) өтiнiш берушiнiң атынан жасалған;
өтiнiш берушi тауарларды алушы болып табылған кезде берiледi.
3. Жинақталмаған түрдегi тауарды сыныптау туралы шешiм қабылдау жөнiнде өтiнiш:
нотариат куәландырған сыртқы сауда шартын (келiсiмшартын);
өтiнiш берушi туралы мәлiметтi;
тауар туралы мәлiметтi (атауы, тауардың құрамдас бөлiктерiнiң тiзбесi);
тауарды жеткiзу мерзiмiн;
тауар орналастырылатын кедендiк рәсiмдi;
тауарды декларациялау жүзеге асырылатын кеден органының атауын қамтуға тиiс.
Өтiнiшке құжаттар қоса берiледi, олардың негiзiнде жинақталмаған түрдегi тауарды сыныптау туралы шешiм қабылданады (жұмыс iстеу принципi мен функцияларын көрсете отырып, тауардың және оның құрамдас бөлiктерiнiң техникалық сипаттамасы, монтаждау немесе жинау тәсiлдерiнiң сипаттамасы, тауар және оның құрамдас бөлiктерi жасалған материалдардың сипаттамасы, жинақтау сызбалары, схемалары, мүмкiн болса тауардың фотосуреттерi, өндiрушiлердiң каталогтары, бейне материалдар, егжей-тегжейлi ерекшелiгi).
4. Өтiнiш кедендiк декларациялау үшiн тауардың бiрiншi партиясы табыс етiлгенге дейiн берiледi.
5. Егер өтiнiш берушi табыс еткен құжаттар мен мәлiметтер жинақталмаған түрдегi тауарды сыныптау туралы шешiм қабылдауға жеткiлiксiз болса, кеден iсi саласындағы уәкiлеттi орган өтiнiш берушiге сыныптау туралы шешiм қабылдау туралы өтiнiш берiлген күннен бастап күнтiзбелiк он бес күн iшiнде қосымша ақпарат беру қажеттiлiгi туралы хабарлайды.
Қосымша ақпарат өтiнiш берушiге жазбаша хабарланған күннен бастап күнтiзбелiк отыз күн iшiнде табыс етiлуге тиiс.
Егер ақпарат белгiленген мерзiмде берiлмесе не өтiнiш берушi тауарды жинақталмаған түрдегi тауарды сыныптау үшiн қажеттi құжаттар мен мәлiметтердi табыс етуден бас тартса, мұндай тауарды сыныптау туралы шешiм қабылдау жөнiндегi өтiнiш қайтарылады.
Жинақталмаған түрдегi тауарды сыныптау туралы шешiм қабылдау туралы өтiнiш:
егер тауардың құрамдас бөлiктерi құрастырылмаған немесе бөлшектелген түрде, оның iшiнде жинақталмаған немесе аяқталмаған түрде сыныптау ережелерiне сәйкес аяқталған немесе жинақталған тауардың коды бойынша сыныпталатын тауарды құрмаса;
өтiнiште және оған қоса берiлетiн құжаттарда бiр-бiрiне қайшы келетiн ақпарат болған кезде қайтарылады.
85-бап. Жинақталмаған түрдегi тауарды сыныптау туралы
шешiм қабылдау мерзiмi
1. Жинақталмаған түрдегi тауарды сыныптау туралы шешiм өтiнiш тiркелген күннен бастап күнтiзбелiк отыз күн iшiнде қабылданады.
Осы Кодекстiң 84-бабының 5-тармағына сәйкес қосымша ақпарат беру қажет болған жағдайда, осы тармақтың бiрiншi бөлiгiнде көрсетiлген мерзiм тоқтатыла тұрады және сұратылған мәлiметтердi қамтитын соңғы құжатты кеден iсi саласындағы уәкiлеттi орган алған күннен бастап жаңартылады.
2. Жинақталмаған түрдегi тауарды сыныптау туралы шешiмнiң нысанын Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайды.
86-бап. Жинақталмаған түрдегi тауарды
сыныптау туралы шешiмнiң қолданылу мерзiмi
Жинақталмаған түрдегi тауарды сыныптау туралы шешiм қабылданған күнiнен бастап күшiне енедi және қатарынан күнтiзбелiк он екi айдан аспауға тиiс.
87-бап. Жинақталмаған түрдегi тауарды сыныптау
туралы шешiмдi өзгерту немесе оның
қолданылуын тоқтату
1. Жинақталмаған түрдегi тауарды сыныптау туралы шешiмдi өзгерту:
1) кеден органдары орындауға мiндеттi тауарлардың жекелеген түрлерi жөнiндегi шешiмдi және түсiнiктеменi кеден iсi саласындағы уәкiлеттi орган қабылдаған;
2) жинақталмаған түрдегi тауарды сыныптау туралы шешiм қабылдаған кезде немесе өтiнiш берушi құжаттар дайындаған кезде жiберiлген қателер, әрiп қателерi анықталған;
3) Кеден одағының сыртқы экономикалық қызметiнiң тауар номенклатурасы өзгертiлген жағдайларда жүргiзiледi.
Жинақталмаған түрдегi тауарды сыныптау туралы шешiмдi өзгерту туралы шешiм жинақталмаған түрдегi тауарды сыныптау туралы шешiмдi өзгерту туралы шешiмде көрсетiлген күннен бастап күшiне енедi.
2. Жинақталмаған түрдегi тауарды сыныптау туралы шешiмнiң қолданысын тоқтату:
1) егер кеден органы өтiнiш берушiнiң жинақталмаған түрдегi тауарды сыныптау туралы шешiм қабылдау үшiн жалған немесе қолдан жасалған құжаттар немесе дұрыс емес мәлiметтер бергенiн анықтаған;
2) егер кедендiк декларация Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында көзделген мерзiмде тапсырылмаған;
3) егер өтiнiш берушi тауар жеткiзуден жазбаша түрде бас тартқан, оның iшiнде шартты түрде шығарылған тауардың құрамдас бөлiктерi болған жағдайларда жүргiзiледi.
Егер шартты түрде шығарылған тауардың құрамдас бөлiктерi сыныптау ережесiне байланысты жинақталмаған түрдегi тауарды сыныптау туралы шешiмде көрсетiлген аяқталған немесе жинақты тауардың сыныптау кодына жататын болса, жинақталмаған түрдегi тауарды сыныптау туралы шешiмнiң қолданысын тоқтату туралы шешiм қабылданбайды.
Сыныптау туралы шешiмнiң қолданысын тоқтату туралы шешiм сыныптау туралы шешiм қабылданған күннен бастап күшiне енедi.
88-бап. Жинақталмаған түрдегi тауарды сыныптау
туралы шешiмнiң қолданысы тоқтатылған
кезде тауарларды сыныптау
Жинақталмаған түрдегi тауарды сыныптау туралы шешiмнiң қолданысы тоқтатылған кезде тауардың жеткiзiлетiн жеке құрамдас бөлiктерi кеден одағының және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамаларында белгiленген тәртiппен кедендiк декларация тапсырыла отырып, кедендiк декларациялауға жатады. Бұл ретте, машинаның көрсетiлген құрамдас бөлiктерi кеден одағы сыртқы экономикалық қызметiнiң Тауар номенклатурасына сәйкес жеке тауарлар ретiнде сыныпталады.
89-бап. Жинақталмаған түрдегi тауарды сыныптау
туралы шешiмдердiң есебi
Жинақталмаған түрдегi түрдегi тауарды сыныптау туралы шешiмдердiң есебiн кеден iсi саласындағы уәкiлеттi орган жүзеге асырады.
90-бап. Жинақталмаған түрдегi тауарды сыныптау туралы
шешiмнiң қолданылу мерзiмiн ұзарту
1. Кеден iсi саласындағы уәкiлеттi орган жинақталмаған түрдегi тауарды сыныптау туралы шешiмнiң қолданылу мерзiмi аяқталғанға дейiнгi кемiнде күнтiзбелiк отыз күн iшiнде берiлген өтiнiш берушiнiң жазбаша өтiнiшi болған кезде көрсетiлген шешiмнiң қолданылу мерзiмiн тауардың жекелеген құрамдас бөлiктерiн толығымен жеткiзу кезеңiне ұзартады.
2. Өтiнiш берушi кеден iсi саласындағы уәкiлеттi органға жазбаша өтiнiшiнде мына мәлiметтер:
оған сәйкес кеден одағының Сыртқы экономикалық қызметi тауар номенклатурасының бiрыңғай коды бойынша тауардың жекелеген құрамдас бөлiктерiн кедендiк декларациялау жүзеге асырылатын жинақталмаған түрдегi тауарды сыныптау туралы шешiмнiң нөмiрi мен қабылданған күнi;
оған сәйкес кеден одағының Сыртқы экономикалық қызметi тауар номенклатурасының бiрыңғай коды бойынша тауардың жекелеген құрамдас бөлiктерiн кедендiк декларациялау жүзеге асырылатын шарттың деректемелерi;
жинақталмаған түрдегi тауарды сыныптау туралы берiлген шешiмнiң қолданылу мерзiмiнде тауардың барлық жекелеген құрамдас бөлiктерiн кедендiк декларациялауды аяқтаудың мүмкiн еместiгiне негiз болған себептер;
тауардың жекелеген құрамдас бөлiктерiн кедендiк декларациялауды жүзеге асыратын кеден органының атауы;
тауардың жекелеген құрамдас бөлiктерiнiң соңғы партиясын әкелу аяқталатын мерзiм көрсетiлуге тиiс.
3. Әкелiнген тауардың жекелеген құрамдас бөлiктерiн шартты шығару үшiн табыс етiлген ресiмделген кедендiк декларациялардың көшiрмелерi алдын ала сыныптау шешiмiнiң қолданылу мерзiмiн ұзарту туралы өтiнiшке қоса берiледi.
4. Алдын ала сыныптау шешiмiнiң қолданылу мерзiмiн ұзарту туралы өтiнiш кеден iсi саласындағы уәкiлеттi органда тiркелген күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн iшiнде қаралады.
5. Жинақталмаған түрдегi тауарды сыныптау туралы шешiмнiң қолданылу мерзiмiн ұзарту туралы шешiм екi дана етiп ресiмделедi.
Бiрiншi данасы өтiнiш берушiге жiберiледi. Екiншi данасы белгiлi бiр уақыт кезеңi iшiнде әртүрлi партиямен әкелу көзделген, құрастырылмаған немесе бөлшектелген түрдегi, оның iшiнде жинақталмаған немесе аяқталмаған түрдегi тауарларды кедендiк декларациялауды жүзеге асырған кеден органына жiберiледi.
10-тарау. ТАУАРЛАР ШЫҒАРЫЛҒАН ЕЛ
91-бап. Тауарлар шығарылған ел туралы жалпы ережелер
1. Кеден одағының кеден заңнамасында белгiленген критерийлерге сәйкес тауарлар толығымен өндiрiлген немесе жеткiлiктi түрде өңделген (қайта өңделген) ел тауарлар шығарылған ел болып есептеледi. Бұл ретте тауарлар шығарылған ел деп елдер тобы, не елдердiң кеден одақтары не, егер тауарларды шығарған елдi айқындау мақсаты үшiн оларды бөлiп көрсету қажеттiлiгi болса, елдiң өңiрi немесе бөлiгi түсiнiледi.
2. Тауарлар шығарылған елдi айқындау кедендiк-тарифтiк және тарифтiк емес реттеу шараларын қолдану тауарлар шығарылған елге байланысты болған барлық жағдайларда жүргiзiледi.
3. Тауарлар шығарылған елдi айқындау тауарлар шығарылған елдi айқындау ережелерiн реттейтiн Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес жүзеге асырылады.
4. Кеден iсi саласындағы уәкiлеттi орган немесе кеден iсi саласындағы уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшесi тауарлар шығарылған ел туралы алдын ала шешiм қабылдай алады.
Кеден iсi саласындағы уәкiлеттi орган немесе орталық кеден iсi саласындағы уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшесi тұлғаның (өтiнiш берушiнiң) өтiнiшi бойынша тауарлар туралы мәлiметтер болған кезде тауарлар шығарылған елдi айқындауға қатысты алдын ала шешiм қабылдайды.
Тауарлар шығарылған елдi айқындауға қатысты алдын ала шешiмдердi кеден iсi саласындағы уәкiлеттi орган преференциалдық және преференциалдық емес режимдердi қолданған кезде қабылдайды. Тауарлар шығарылған елдi айқындауға қатысты алдын ала шешiм қабылдау нысанын Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайды.
92-бап. Тауарлар шығарылған елдi растау
1. Тауарлар шығарылған елдi растауда кеден iсi саласындағы уәкiлеттi орган немесе кеден iсi саласындағы уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшесi тауарлардың шығарылған елiн растайтын құжаттардың табыс етiлуiн талап етуге құқылы.
2. Тауарлардың шығарылған жерi туралы декларация немесе тауарлардың шығарылған жерi туралы сертификат тауарлардың шығарылған елiн растайтын құжаттар болып табылады.
93-бап. Тауардың шығарылған жерi туралы декларация
1. Тауарлардың шығарылған жерi туралы декларация, тауарларды шығарған елдi айқындауға мүмкiндiк беретiн мәлiметтер көрсетiлген жағдайда, тауарларды әкетумен байланысты тауарларды шығарған ел туралы дайындаушы, сатушы немесе жөнелтушi жасаған мәлiмдемелердi бiлдiредi. Мұндай декларация ретiнде коммерциялық немесе тауарға қатысы бар кез келген басқа құжаттар пайдаланылады.
2. Егер тауарлардың шығарылған жерi туралы декларацияда тауарларды шығарған ел туралы мәлiметтер қолданылуы тауарларды шығарған елдi айқындау ережелерi мәселелерiн реттейтiн Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында көзделгеннен өзгеше критерийлерге негiзделсе, тауарларды шығарған ел осы халықаралық шарттарда айқындалған критерийлерге сәйкес айқындалады.
94-бап. Тауардың шығарылған жерi туралы сертификат
1. Тауарлардың шығарылған елi туралы куәландыратын және осы елдiң немесе, егер әкету елiнде сертификат тауарлар шығарылған елден алынған мәлiметтер негiзiнде берiлсе, әкету елiнiң уәкiлеттi органдары немесе ұйымдары берген құжат тауардың шығарылған жерi туралы сертификат болып табылады.
Егер тауардың шығарылған жерi туралы сертификатта тауарлар шығарылған ел туралы мәлiметтер, қолданылуы тауарлар шығарылған елдi айқындау ережелерi мәселелерiн реттейтiн Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында көзделгеннен өзгеше критерийлерге негiзделсе, тауарлар шығарылған ел осы халықаралық шарттарда айқындалған критерийлерге сәйкес айқындалады.
2. Тауарларды Қазақстан Республикасының аумағынан әкету кезiнде, егер көрсетiлген сертификат келiсiмшарт талаптары бойынша, тауарларды әкелу елiнiң ұлттық ережелерi бойынша қажет болса немесе, егер көрсетiлген сертификаттың болуы халықаралық шарттарда көзделсе, Қазақстан Республикасының уәкiлеттi органдары немесе ұйымдары тауарлардың шығарылған жерi туралы сертификатты бередi.
Тауардың шығарылған жерi туралы сертификатты берген уәкiлеттi органдар мен ұйымдар оның көшiрмесiн және соның негiзiнде тауарлардың шығарылған жерi расталған өзге де құжаттарды берiлген күнiнен бастап кемiнде бес жыл сақтауға мiндеттi.
3. Тауардың шығарылған жерi туралы сертификат кедендiк декларациямен және Қазақстан Республикасына кедендiк рәсiммен әкелiнетiн тауарларды орналастыру кезiнде табыс етiлетiн басқа да құжаттармен бiр мезгiлде табыс етiледi. Сертификат жоғалған жағдайда Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен берiлген телнұсқа қабылданады.
4. Егер тауардың шығарылған жерi туралы сертификат кеден одағының кеден заңнамасында белгiленген оны ресiмдеуге және (немесе) толтыруға қойылған талаптарды бұза отырып ресiмделсе, кеден органы тарифтiк преференциялар беру үшiн негiз ретiнде мұндай сертификатты қараудан бас тарту туралы шешiмдi дербес қабылдайды.
5. Кедендiк бақылауды жүргiзу кезiнде кеден органы қосымша құжаттар немесе нақтылау мәлiметтерiн сұрап тауарлардың шығарылған жерi туралы сертификатты берген елдiң уәкiлеттi органдары мен ұйымдарына өтiнiш беруге құқылы. Мұндай өтiнiш тауарларды кедендiк рәсiммен орналастыру кезiнде мәлiмделген тауарлардың шығарылған елi туралы мәлiметтердiң негiзiнде оларды шығаруға кедергi келтiрмейдi.
95-бап. Тауарлар шығарылған елдi растайтын
құжаттарды табыс ету
1. Қазақстан Республикасының аумағына тауарларды әкелу кезiнде, егер Қазақстан Республикасының аумағында осы тауарлар шығарылған елге Қазақстан Республикасының заңнамасына және (немесе) халықаралық шарттарына сәйкес тарифтiк преференциялар берiлетiн жағдайда, тауарлар шығарылған елдi растайтын құжат берiледi. Аталған жағдайда, тауарлар шығарылған елдi растайтын құжат кеден органына кедендiк декларация табыс етумен бiр мезгiлде табыс етiледi. Бұл ретте, тарифтiк преференциялар беру Қазақстан Республикасының заңнамасына және (немесе) халықаралық шарттарына сәйкес анықталған нысан бойынша тауардың шығарылған жерi туралы сертификат беру қажеттiлiгiне байланысты болуы мүмкiн.
Кедендiк баждардың, салықтардың ставкаларын және (немесе) тарифтiк емес реттеу шараларын қолдануға әсер ететiн тауарлар шығарылған ел туралы мәлiмделген мәлiметтер дұрыс емес екендiгiнiң белгiлерi анықталған кезде, кеден органдары тауарлардың шығарылған елiн растайтын құжатты табыс етудi талап етуге құқылы.
2. Осы баптың 1-тармағының ережелерiне қарамастан:
1) кеден одағының кеден заңнамасына немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тауарлары Қазақстан Республикасының аумағына әкелiнуi немесе оның аумағы арқылы транзитке тыйым салынған ел тауарлар шығарылған ел болып табылатын белгiлердi кеден одағы анықтаған жағдайларды қоспағанда, егер Қазақстан Республикасының аумағына әкелiнетiн тауарлар кедендiк баждарды, салықтарды төлеуден толық босатыла отырып, кедендiк транзит кедендiк рәсiмiне немесе уақытша әкелу кедендiк рәсiмiне мәлiмделсе;
2) егер жеке тұлғалар тауарларды Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарының нормаларына сәйкес кеден одағының кедендiк шекарасы арқылы өткiзсе;
3) егер кеден одағының кедендiк шекарасы арқылы өткiзiлетiн, бiр алушының атына бiр уақытта және бiр тәсiлмен және бiр жөнелтушi жөнелткен тауарлардың жалпы кедендiк құны Кеден одағының комиссиясы бекiткен сомадан аспаса;
4) кеден одағының кеден заңнамасында көзделген өзге де жағдайларда тауарлардың шығарылған елiн растайтын құжатты беру талап етiлмейдi.
96-бап. Тауарлардың шығарылған елдi айқындау кезiнде
оларды кедендiк рәсiмдермен орналастырудың
қосымша шарттары
1. Тауарлардың шығарылған елiн растайтын құжаттар болмаған кезде, егер оларды табыс ету тарифтiк преференциялар беру үшiн мiндеттi болып табылса, осындай тауарларға қатысты осы баптың 2- тармағының 1) тармақшасында көзделген жағдайды қоспағанда, басқа мемлекеттерге (мемлекеттер топтарына) берiлетiн режимнен қолайлылығы кем емес режим (бұдан әрi – ұлтқа неғұрлым қолайлы режим) беру туралы өзара шарттық мiндеттемелерi бар шет мемлекеттердiң (шет мемлекеттер топтарының) аумағынан шығарылған тауарларға қолданылатын ставкалар бойынша кедендiк баждар төлеуге жатады.
2. Тауарлардың шығарылған елiн растайтын құжаттар болмаған өзге де жағдайларда не табыс етiлген құжаттардың тиiстi тұрғыда ресiмделмеген белгiлерi табылған және (немесе) тауарлардың шығарылған елiн растайтын құжаттар немесе нақтылайтын мәлiметтер табыс етiлгенге дейiн дұрыс емес мәлiметтерi бар болған жағдайда:
1) егер кеден органы тауарлардың шығарылған елi онымен ұлтқа ең қолайлы режимдi беру туралы өзара шарттық мiндеттемелер жоқ шет мемлекет (шет мемлекеттер топтары) болып табылатын белгiлерiн анықтаса, тауарларға қатысты ұлтқа ең қолайлы режимдi беру туралы өзара шарттық мiндеттемелер жоқ шет мемлекеттiң (шет мемлекеттерi топтарының) аумағынан шығарылған тауарларға қолданылатын ставкалар бойынша кедендiк баждарды төлеуге жатады, не көрсетiлген ставкалар бойынша кедендiк баждарды төлеудi қамтамасыз ету ұсынылады;
2) егер кеден органы тауарлардың шығарылған елi тауарларды әкелуге шектеу қойылған ел болып табылатынын көрсететiн белгiлердi анықтаса, декларант белгiленген шектеулердiң сақталғанын растайтын құжаттарды табыс еткен немесе арнайы, демпингке қарсы не өтемдiк бажды төлеудi қамтамасыз еткен жағдайда кедендiк рәсiммен тауарларды орналастыру жүзеге асырылады. Арнайы, демпингке қарсы баждың не өтемдiк баждың төленуiн қамтамасыз ету, әкелiнетiн кедендiк баждардың төленуiн қамтамасыз ету үшiн осы Кодексте көзделген тәртiппен жүргiзiледi;
3) егер кеден органы тауарлардың шығарылған елi, оның тауарлары кеден одағының кедендiк аумағына әкелуге тыйым салынған ел екенiн көрсететiн белгiлердi анықтаған жағдайда, кедендiк ресiмдеуге тауарларды орналастыру жүзеге асырылмайды.
3. Осы баптың 1-тармағында және 2-тармағының 1) тармақшасында көрсетiлген тауарларға қатысты кеден органы кедендiк декларацияны тiркеген күннен бастап бiр жыл өткенге дейiн осы тауарлардың шығарылған елi расталған жағдайда, тарифтiк преференциялар беру режимi немесе ұлтқа ең қолайлы режим қолданылады (қалпына келтiрiледi). Бұл жағдайда кедендiк әкелу баждарының төленген сомалары осы Кодекстiң 17-тарауына сәйкес қайтаруға (есепке жатқызуға) жатады.
11-тарау. ТАУАРЛАРДЫҢ КЕДЕНДIК ҚҰНЫ
97-бап. Кедендiк құн туралы жалпы ережелер
1. Осы тараудың ережелерi Кеден одағының бiрыңғай кедендiк тарифiн қолдану мақсатында тауарлардың кедендiк құнын айқындаудың бiрыңғай қағидаларын, сондай-ақ кеден одағының тауар айналымын реттеу үшiн енгiзiлетiн (енгiзiлуi мүмкiн) кедендiк-тарифтiк реттеуден ерекшеленетiн өзге де шараларды қолдануды реттейдi. Аталған ережелер тауарлар кеден одағының кедендiк аумағына әкелу кезiнде кеден одағының кедендiк шекарасынан iс жүзiнде кесiп өткен жағдайда қолданылады және мұндай тауарларға қатысты өткен кезiнде мәлiмделген кедендiк рәсiмнiң нормалары қолданылады.
2. Тауарлардың кедендiк құнын - декларант не декларанттың атынан және оның тапсырмасы бойынша әрекет ететiн кеден өкiлi, ал осы Кодексте белгiленген жағдайларда кеден органы айқындайды.
3. Егер тауарларды декларациялау кезiнде олардың кедендiк құнының нақты шамасын есептеу үшiн қажеттi нақты мәлiметтердi растайтын құжаттардың жоқ болуына байланысты оны айқындау мүмкiн болмаса, тауарлардың кедендiк құнының нақты шамасын айқындауды кейiнге қалдыруға жол берiледi. Бұл жағдайда оны декларанттағы құжаттар мен мәлiметтер негiзiнде мәлiмдеуге және мәлiмделген кедендiк құнды негiзге ала отырып, кедендiк баждарды, салықтарды есептеу мен төлеуге жол берiледi.
Осы тармақтың бiрiншi бөлiгiне сәйкес кедендiк құнды айқындау жағдайлары, сондай-ақ кедендiк құнды декларациялау және бақылау тәртiбi, мұндай жағдайлар үшiн кедендiк баждарды, салықтарды есептеу мен төлеу ерекшелiктерi Кеден одағы комиссиясының шешiмiмен белгiленедi.
4. Осы тараудың ережелерi кеден одағының кедендiк шекарасы арқылы өткiзiлетiн, жеке пайдалануға арналған тауарларға қолданылмайды.
5. Осы тараудың мақсаттары үшiн пайдаланылатын ұғымдар мынадай мағынаға ие:
«әкелiнетiн тауарлар» – кеден одағының кедендiк аумағына әкелу мақсатында кеден одағының кедендiк шекарасы арқылы өткiзiлетiн тауарлар;
«белгiлi бiр сыныптағы немесе түрдегi тауарлар» - бiрдей немесе бiртектi тауарларды қоса алғанда, жасалуы экономикалық қызметтiң тиiстi түрiне жататын тауарлардың бiр тобына немесе қатарына жататын тауарлар;
«бухгалтерлiк есептiң жалпыға бiрдей қабылданған принциптерi» - белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасында қолданылатын бухгалтерлiк есеп қағидаларының жүйесi;
«бiрдей тауарлар» - барлық жағынан да, оның iшiнде физикалық сипаттары, сапасы мен репутациясы жағынан бiрдей тауарлар. Сыртқы түрiндегi елеусiз айырмашылықтар, егер бұл тауарлар басқа жағынан осы абзацтың талаптарына сәйкес болса, тауарларды бiрдей деп танымау үшiн негiз болып табылмайды. Егер тауарлар олар бағаланатын (әкелiнетiн) елдiң өзiнде шығарылмаса немесе, егер осы тауарларға қатысты жобалау, әзiрлеу, инженерлiк, конструкторлық жұмыстар, көркемдеп әрлеу, дизайн, экскиздер, сызбалар және өзге де сол сияқты жұмыстар кеден одағының кедендiк аумағында орындалған болса, олар бiрдей тауарлар деп есептелмейдi. «Өндiрiлген» («өндiрiлдi») деген ұғым тауарларға қатысты «өндiрiп алынған», «өсiрiлген», «жасалған» (оның iшiнде тауарларды монтаждау, жинау немесе бұзып бөлшектеу арқылы) деген ұғымды бiлдiредi. Бағаланатын тауарларды өндiретiн тұлғадан өзге тұлға өндiрген бiрдей тауарлар сол өндiрушiнiң бiрдей тауарлары анықталмаған не қолда бар ақпарат пайдалануға келмейдi деп есептелген жағдайда ғана назарға алынады;
«бiртектi тауарлар» - барлық жағынан бiрдей емес, бiрақ ұқсас сипаттамалары бар және осындай материалдардан өндiрiлген ұқсас құрамдас бөлiктерден тұратын тауарлар бағаланатын (әкелiнетiн) тауарлар сияқты функцияларды орындауға мүмкiндiк бередi және оларды коммерциялық өзара ауыстыруға болады. Тауарлар бiртектi болып табыла ма дегендi анықтау кезiнде сапа, репутация және тауар таңбасының болуы сияқты сипаттамалары ескерiледi. Егер тауарлар бағаланатын (әкелiнетiн) тауарлар өндiрiлген елде өндiрiлмесе немесе осы тауарларға қатысты жобалау, әзiрлеу, инженерлiк, конструкторлық жұмыстар, көркемдеп әрлеу, дизайн, экскиздер, сызбалар және соған ұқсас өзге де жұмыстар кеден одағының кедендiк аумағында орындалған болса, олар бiртектi деп есептелмейдi. «Өндiрiлген» («өндiрiлдi») деген ұғым тауарларға қатысты «өндiрiп алынған», «өсiрiлген», «жасалған» (оның iшiнде тауарларды монтаждау, жинау немесе бұзып бөлшектеу арқылы) деген ұғымды бiлдiредi. Бағаланатын тауарларды өндiрушiден өзге тұлға өндiрген бiртектi тауарлар сол өндiрушiнiң бiрдей тауарлары анықталмаған не қолда бар ақпарат пайдалануға келмейдi деп есептелген жағдайда ғана қаралады;
«кеден одағының кедендiк аумағына тауарлар келетiн орын» - тиiстi Тарап мемлекетiнiң мемлекеттiк шекарасын iс жүзiнде кесiп өткеннен кейiн тауарлар жеткiзiлуге тиiс кеден одағының кедендiк аумағы арқылы өткiзу пунктi. Кедендiк құнды анықтау мақсатында осы ұғымды нақтылау кеден одағы органдарының бiрлескен шешiмiне сәйкес жүзеге асырылуы мүмкiн;
«өзара байланысты тұлғалар» - мына шарттардың ең болмағанда бiрiне сай келетiн:
1) бiрi бiрiнiң қызметкерi немесе директоры (басшылары) болып табылатын;
2) заңды түрде танылған iскер әрiптестер болып табылатын, яғни шарттық қатынастармен байланысты, пайда алу мақсатында әрекет ететiн және бiрлескен қызметтi жүзеге асырумен байланысты шығыстар мен залалдарды бiрлесiп көтеретiн;
3) жұмыс берушi және қызметкер, қызметшi болып табылатын;
4) екеуiнiң де айналысқа шығарылған дауыс беретiн акцияларының бес немесе одан да көп пайызын тiкелей немесе жанама иеленетiн, бақылайтын немесе ұстаушы болып табылатын қандай да бiр тұлға;
5) олардың бiрi басқасын тiкелей немесе жанама бақылайтын;
6) олардың екеуiн де үшiншi тұлға тiкелей немесе жанама бақылайтын;
7) олардың екеуi үшiншi тұлғаны тiкелей немесе жанама бақылайтын;
8) туысқан немесе бiр отбасының мүшелерi болып табылатын тұлға.
Бiрлескен кәсiпкерлiк немесе өзге қызметте әрiптестер болып табылатын және бұл орайда олардың бiрi басқасының айрықша (жалғыз) агентi, айрықша дестрибьюторы немесе айрықша концессионерi болып табылатын тұлғалар, бұл қалай ұсынылса да, егер осы аталған тұлғалар көрсетiлген жағдайлардың бiрiне сай келсе, осы тараудың мақсаттары үшiн өзара байланысты деп есептелуге тиiс;
«үшiншi елдер» - 2007 жылғы 6 қазандағы Бiрыңғай кеден аумағын құру және кеден одағын қалыптастыру туралы шарттың қатысушылары болып табылмайтын мемлекеттер.
6. Егер тұлға басқа тұлғаға қатысты заңды түрде немесе iс жүзiнде шектеулердi немесе нұсқамаларды қолданатын болса, ол осы тұлғаны бақылаушы тұлға деп есептеледi.
98-бап. Кеден одағының кедендiк аумағынан әкетiлетiн
тауарлардың кедендiк құнын айқындау
1. Кеден одағының кедендiк аумағынан әкетiлетiн тауарлардың кедендiк құны экспортқа сату кезiнде iс жүзiнде төленген немесе төленуге тиiс мәмiле бағасының негiзiнде айқындалады.
2. Тауардың кедендiк құнын айқындау кезiнде мәмiле бағасына, егер бұрын енгiзiлмеген болса, мынадай шығыстар:
1) тауарды әуежайға, портқа немесе кеден одағының кедендiк аумағынан әкететiн өзге жерге дейiн жеткiзу жөнiндегi шығыстар:
тасымалдау құны;
тауарларды тиеу, түсiру, қайта тиеу және ауыстырып тиеу жөнiндегi шығыстар;
2) сақтандыру құны;
3) сатушы шеккен шығыстар;
комиссиялық және брокерлiк сыйақылар;
егер Сыртқы экономикалық қызметтiң тауар номенклатурасына сәйкес контейнерлер немесе айналымға көп түсетiн басқа да ыдыстар бағаланатын тауарлармен бiртұтас зат ретiнде қаралса, олардың құны;
буып-түю материалдары мен буып-түю жөнiндегi жұмыстардың құнын қоса алғанда, буып-түю құны;
4) бағаланатын тауарларды сатудың шарты ретiнде сатушының тiкелей немесе жанама түрде төлеуiне жататын, бағаланатын тауарларға байланысты лицензия бергенi үшiн роялти және алымдар, егер мұндай роялти және алымдар iс жүзiнде төленген немесе төленуге тиiстi бағаға қосылмаған болса;
5) кейiннен қайта сатудан сатушыға тiкелей немесе жанама түрде түсетiн кiрiстiң бiр бөлiгi, оның iшiнде жеңiлдiкпен салық салынатын мемлекеттерде алынған, Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес салық салынатын кiрiс;
6) егер Қазақстан Республикасының салық заңнамасына немесе Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағынан тауарларды әкетуге байланысты сатушыға өтем төлеуге жатпаса, Қазақстан Республикасының аумағында алынатын салықтар енгiзiледi.
3. Тауардың кедендiк құнын айқындау кезiнде, бұрын мәмiле құнына енгiзiлген және құжатпен расталуы мүмкiн жағдайда, мынадай төлемдер мен шығыстар:
1) жабдықтарды монтаждау, жинау, жөндеу немесе мұндай жабдықтарды кеден одағының кедендiк аумағынан әкеткеннен кейiн техникалық көмек көрсетуге жұмсалатын шығыстар;
2) тауарларды кеден одағының кедендiк аумағынан әкеткеннен кейiн оларды жеткiзу жөнiндегi шығыстар;
3) тауарларды кеден одағының кедендiк аумағынан әкеткеннен кейiн оларды жеткiзудi сақтандыру құны;
4) импорт елiнде төленетiн кедендiк баждар мен салықтар мәмiле бағасынан алып тасталады.
4. Мәмiле бағасы болмаған кезде, әкетiлетiн тауарлардың кедендiк құны әкетiлетiн тауарды өндiруге немесе иеленiп алуға, сақтауға және тасымалдауға байланысты шығындар туралы экспорттаушы-сатушының бухгалтерлiк құжаттамасының декларант берген үзiндi көшiрмесi негiзге алынып айқындалады. Бұл ретте, осы баптың 2-тармағында тiзiп көрсетiлген шығыстар да ескерiледi.
5. Әкетiлетiн тауардың мәлiмделген кедендiк құнын растайтын мәлiметтер болмаған жағдайда, мұндай тауардың кедендiк құнын кеден органдары бiрдей немесе бiртектi тауарлар бойынша қолда бар мәлiметтер негiзiнде не тәуелсiз сараптама нәтижелерi негiзiнде айқындайды.
99-бап. Кеден одағының кедендiк аумағына әкелiнетiн
тауарлардың кедендiк құнын айқындау
1. Кеден одағының кедендiк аумағына әкелiнетiн тауарлардың кедендiк құны 1994 жылғы Тарифтер мен сауда жөнiндегi бас келiсiмнiң (ГАТТ, 1994) кедендiк мақсаттар үшiн тауарларды бағалау жөнiндегi принциптерi мен ережелерi ескерiле отырып, Кеден одағының кедендiк шекарасы арқылы өткiзiлетiн тауарлардың кедендiк құнын айқындау туралы келiсiмге (Мәскеу, 2008 жылғы 25 қаңтар) сәйкес айқындалады.
2. Кедендiк транзит кедендiк рәсiмiн қоспағанда, егер тауарлар кедендiк шекараны iс-жүзiнде кесiп өтсе және мұндай тауарлар кеден одағының кедендiк шекарасын кесiп өткеннен кейiн алғаш рет кедендiк рәсiммен орналастырылса, кеден одағының кедендiк аумағына әкелiнетiн тауарлардың кедендiк құны айқындалады. Кедендiк рәсiмдер өзгерген кезде, кеден одағының кедендiк шекарасын iс жүзiнде кесiп өткеннен кейiн тауарларды кедендiк рәсiммен алғаш орналастыру кезiнде кеден органы кедендiк декларацияны қабылдаған күнi кедендiк шекара арқылы өткiзiлген тауарлардың кедендiк құнын айқындау мәселелерiн реттейтiн Қазақстан Республикасының халықаралық шартына сәйкес айқындалған тауарлардың кедендiк құны тауарлардың кедендiк құны болып табылады.
100-бап. Әкелiнетiн тауарлардың кедендiк құнын айқындау
әдiстерi
1. Кеден одағының кедендiк аумағына әкелiнетiн тауарлардың кедендiк құнын айқындау мынадай:
1) әкелiнетiн тауарлармен жасалатын мәмiленiң құны жөнiндегi;
2) бiрдей тауарлармен жасалатын мәмiленiң құны жөнiндегi;
3) бiртектi тауарлармен жасалатын мәмiленiң құны жөнiндегi;
4) құнды шегеру;
5) құнды қосу;
6) резервтiк әдiстерiн қолдану жолымен жүргiзiледi.
2. Әкелiнетiн тауарлармен жасалған мәмiленiң құны жөнiндегi әдiс тауарлардың кедендiк құнын айқындаудың негiзгi әдiсi болып табылады.
3. Негiзгi әдiстi пайдалану мүмкiн болмаған жағдайда тiзiп көрсетiлген әдiстердiң әрқайсысы рет-ретiмен қолданылады. Бұл ретте алдыңғы әдiстi пайдалану арқылы тауардың кедендiк құнын айқындау мүмкiн болмаса, онда әрбiр келесi әдiс қолданылады. Декларанттың өтiнiшi бойынша құнды шегеру және қосу әдiстерi керi ретпен қолданылады.
4. Осы баптың 1-тармағында көзделген, қолданылатын әдiстердiң қандай да бiрi бойынша тауарлардың кедендiк құнын айқындауға арналған ақпарат Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп жүргiзу принциптерiне сәйкес келетiн тәсiлмен әзiрленуге тиiс.
5. Тауарлардың кедендiк құны және оны айқындауға қатысты мәлiмет дұрыс, саны айқындалатын және құжатпен расталған ақпаратқа негiзделуге тиiс. Тауарлардың кедендiк құнын айқындау рәсiмi жалпыға бiрдей қолданылатын болуға, яғни тауарлардың жеткiзiлу көзiне (тауарлардың шығарылған елi, түрi, мәмiлеге қатысушылар және басқалар) қарай ерекшеленбеуге тиiс.
6. Әкелiнетiн тауарлардың кедендiк құнын айқындау рәсiмдерi демпингке қарсы шаралар ретiнде қолданылмауға тиiс.
101-бап. Әкелiнетiн тауарлармен жасалатын мәмiленiң
құны жөнiндегi әдiс
1. Мынадай жағдайларда:
1) мыналарды:
кеден одағына мүше мемлекеттердiң бiрлескен шешiмiмен белгiленген;
тауарлардың қайта сатылуы мүмкiн географиялық өңiрдi шектеу;
тауарлардың құнына елеулi әсер етпейтiн шектеулердi қоспағанда, тауарларды пайдалануға және оларға билiк етуге арналған сатып алушының құқығына қатысты шектеулерi жоқ
2) тауарлардың сатылуы немесе олардың бағасы қандай да бiр шарттарға немесе мiндеттемелерге тәуелсiз болған, олардың тауар бағасына ықпалын сан жағынан айқындау мүмкiн болмайтын;
3) осы Кодекстiң 102-бабының ережелерiне сәйкес қосымша есепке жазу жүргiзiлуi мүмкiн болатын жағдайлардан басқа, келесi сатудан түскен кiрiстiң немесе түсiмнiң ешқандай да бөлiгi, өзге тәсiлдермен билiк ету немесе тауарларды сатып алушының пайдалануы сатушыға тiкелей және жанама тиесiлi болмаса;
4) сатып алушы мен сатушы өзара байланысты тұлғалар болып табылмайтын немесе әкелiнетiн тауарлармен мәмiле құны осы баптың 4-тармағына сәйкес кедендiк мақсаттар үшiн қолайлы болған ретте сатып алушы мен сатушы өзара байланысты тұлғалар болып табылатын жағдайларда кеден одағының кедендiк аумағына әкелiнетiн тауарлардың мәмiле құны, яғни бұл тауарларды кеден одағының кедендiк аумағына әкету үшiн оларды сату кезiнде осы тауарлар үшiн iс жүзiнде төленген немесе төленуге жататын және осы Кодекстiң 102-бабының ережелерiне сәйкес толықтырылған мәмiле бағасы тауарлардың кедендiк құны болып табылады.
2. Әкелiнетiн тауарлар үшiн iс жүзiнде төленген немесе төленуге тиiс баға сатып алушы сатушыға немесе сатушының пайдасына тiкелей жүзеге асырған немесе жүзеге асыруына жататын осы тауарлар үшiн барлық төлемдердiң жалпы сомасы болып табылады.
3. Сатушы мен сатып алушы арасындағы өзара байланыс фактiсi өзiнен өзi тауарлардың кедендiк құнын айқындау мақсаты үшiн негiз болып табылмауға тиiс. Бұл жағдайда сату кезiндегi iлеспе мән-жайларға талдау жасалуға тиiс. Егер көрсетiлген өзара байланыс iс жүзiнде төленген немесе төлеуге жататын бағаға ықпал етпесе, мәмiле құны тауарлардың кедендiк құнын айқындау мақсаты үшiн қолайлы деп танылуға тиiс.
Сатушы мен сатып алушы өзара байланысты тұлғалар болып табылған жағдайда және бұл ретте тауарды декларациялаушы тұлға берген немесе кеден органы өзге тәсiлмен алған ақпарат негiзiнде сатушы мен сатып алушының өзара байланысы iс жүзiнде төленген немесе төленуге тиiс бағаға ықпал ету белгiлерi анықталса, онда кеден органы тауарды декларациялаушы тұлғаға осы белгiлер туралы жазбаша нысанда хабарлайды. Тауарды декларациялаушы тұлға сатушы мен сатып алушының өзара байланысының iс жүзiнде төленген немесе төленуге тиiс бағаға ықпалы жоқтығын дәлелдеуге тиiс.
4. Осы баптың 3-тармағының екiншi бөлiгiнде көрсетiлген жағдайларда өзара байланысты тұлғалар арасында тауарларды сату кезiнде әкелiнетiн тауарлармен жасалған мәмiле құны қабылданады және, егер тауарды декларациялаушы тұлға әкелiнетiн тауарлармен жасалған мәмiле құны әкелiнетiн тауар кеден одағының кедендiк шекарасынан өткен уақыт кезеңiнде немесе соған сәйкес кезеңде орын алған мынадай тексеру шамасының бiрiне:
1) сатушымен өзара байланысты болып табылмайтын тұлғалардың сатып алушыларға кеден одағының кедендiк аумағына әкету үшiн бiрдей немесе бiртектi тауарларды сатуы кезiнде мұндай тауарлармен жасалған мәмiле құнына;
2) осы Кодекстiң 105-бабының талаптарына сәйкес айқындалған бiрдей немесе бiртектi тауарлардың кедендiк құнына;
3) осы Кодекстiң 106-бабының талаптарына сәйкес айқындалған бiрдей немесе бiртектi тауарлардың кедендiк құнына жақындығын дәлелдегенде ғана тауардың кедендiк құны осы баптың 1-тармағына сәйкес айқындалады.
5. Осы баптың 4-тармағының ережелерiне сәйкес салыстыруды жүргiзген кезде тауарды декларациялаушы тұлға табыс еткен сатудың коммерциялық деңгейiндегi, тауарлар санындағы, осы Кодекстiң 102-бабында көрсетiлген қосымша есепке жазудағы айырмашылықтар туралы, сондай-ақ әдетте сатушы мен сатып алушы өзара байланысты емес тұлғалар болған сату кезiнде сатушы шегетiн шығыстардың, егер сатушы мен сатып алушы өзара байланысты тұлғалар болып табылған сату кезiнде сатушы шекпейтiн шығыстармен салыстырғандағы айырмашылықтары туралы мәлiметтер ескерiледi.
6. Осы баптың 4-тармағында көрсетiлген тексеру шамалары тауарларды декларациялаушы тұлғаның бастамасы бойынша тек салыстыру мақсатында ғана пайдаланылады және тауарлардың кедендiк құнын айқындау үшiн негiз ретiнде пайдаланыла алмайды.
7. Әкелiнетiн тауарлар үшiн iс жүзiнде төленген немесе төленуге тиiс баға кеден одағының кедендiк шекарасы арқылы өткiзiлетiн тауарларға жатады, осыған байланысты сатып алушының сатушыға дивидендтер немесе өзге де осындай төлемдер аударуы, егер олар әкелiнетiн тауарлармен байланысты болмаған жағдайда, кедендiк құнның бiр бөлiгi болып табылмайды.
8. Кеден одағының кедендiк аумағына ақпарат тасығыштарды (магниттi дискiлер, магниттi таспалар, компакт-дискiлер, флоппи-дискiлер және басқалар) оларға жазылған ақпаратпен бiрге әкелген кезде кедендiк құнға, аталған тасығыштарға жазылған ақпарат мәмiле нысанасы болып табылатын жағдайларды қоспағанда, осы ақпаратты тасығыштың құны ғана қосылады.
102-бап. Қосымша есепке жазу
1. Әкелiнетiн тауарлардың олармен жасалатын мәмiле құны бойынша кедендiк құнын айқындау кезiнде осы тауарлар үшiн iс жүзiнде төленген немесе төленуге жататын бағаға мыналар қосылады:
1) сатып алушы жүзеге асырған немесе жүзеге асыруға жататын мөлшердегi, бiрақ әкелiнетiн тауарлар үшiн iс жүзiнде төленген немесе төленуге жататын бағаға қосылмаған мынадай:
бағаланатын (әкелiнетiн) тауарларды сатып алумен байланысты оны шетелде ұсыну жөнiнде қызмет көрсеткенi үшiн, сатып алушы өз агентiне (делдалға) сатып алу үшiн төлейтiн сыйақыны қоспағанда, делдалдарға (агенттерге) берiлетiн сыйақылар және брокерлерге берiлетiн сыйақылар;
егер ыдыс кедендiк мақсаттар үшiн әкелiнетiн тауарлармен бiртұтас зат ретiнде қаралатын болса, ыдысқа жұмсалған;
буып-түю материалдарының және буып-түю жөнiндегi жұмыстың құнын қоса алғанда, буып-түюге жұмсалған шығыстар;
2) бағаланатын (әкелiнетiн) тауарларды кеден одағының кедендiк аумағына әкету үшiн өндiруге және сатуға байланысты пайдалану үшiн сатып алушы сатушыға тегiн немесе төмен бағамен тiкелей немесе жанама берген мынадай тауарлар мен көрсетiлетiн қызметтердiң:
әкелiнетiн тауарларды құрайтын шикiзаттардың, материалдардың, бөлшектердiң, жартылай фабрикаттардың және сол сияқты заттардың
әкелiнетiн тауарларды өндiру кезiнде пайдаланылған құрал-саймандардың, мөртабандардың, қалыптардың және басқа сол сияқты заттардың
әкелiнетiн тауарларды өндiру кезiнде жұмсалған материалдардың
кеден одағының кедендiк аумағынан тыс жерлерде орындалған және әкелiнетiн тауарларды өндiру үшiн қажеттi жобалау, әзiрлеу, инженерлiк, конструкторлық жұмыстар, көркемдеп безендiру, дизайн, эскиздер мен сызбалардың әкелiнетiн тауарлар үшiн iс жүзiнде төленген немесе төленуге тиiс бағаға қосылмаған мөлшердегi тиiстi түрде бөлiнген құны;
3) кейiннен сату, өзгеше тәсiлмен билiк ету немесе әкелiнетiн тауарларды пайдалану нәтижесiнде алынған кiрiстiң немесе түсiмнiң сатушыға тiкелей немесе жанама тиесiлi болатын бөлiгi;
4) тауарларды әуежайға, теңiз портына немесе кеден одағының кедендiк аумағына келетiн өзге де жерге дейiн тасу (тасымалдау) жөнiндегi шығыстар;
5) тауарларды әуежайға, теңiз портына немесе кеден одағының кедендiк аумағына келетiн өзге де жерге дейiн тасумен (тасымалдаумен) байланысты оларды тиеу, түсiру немесе қайта тиеу және өзге де операцияларды жүргiзу жөнiндегi шығыстар;
6) осы баптың 1-тармағының 4) және 5) тармақшаларында көрсетiлген операциялармен байланысты сақтандыруға жұмсалатын шығыстар;
7) бағаланатын (әкелiнетiн) тауарларға жататын және бағаланатын тауарларды сату шарттары ретiнде сатып алушы тiкелей немесе жанама шығарған немесе шығаруға тиiс, осы тауарлар үшiн iс жүзiнде төленген немесе төленуге тиiс бағаға қосылмаған мөлшердегi зияткерлiк меншiк объектiлерiн пайдаланғаны үшiн (патенттер, тауар таңбалары, авторлық құқықтар үшiн төлемдердi қоса) лицензиялық және өзге де сол сияқты төлемдер қосылады.
Әкелiнетiн тауарлардың кедендiк құнын айқындау кезiнде iс жүзiнде төленген немесе төленуге жататын бағаға:
кеден одағының кедендiк аумағына әкелiнетiн тауарларды ұдайы өндiру (тираждау) құқығы үшiн төлемдер;
егер әкелiнетiн тауарларды бөлу немесе қайта сату құқығы үшiн төлемдер тауарларды әкету үшiн кеден одағының кедендiк аумағына әкелiнетiн тауарларды сатудың шарттары болып табылмаса, мұндай төлемдер қосылмауға тиiс.
2. Төменде тiзiп көрсетiлген шығыстарды:
өнеркәсiптiк қондырғылар, машиналар немесе жабдықтар сияқты бағаланатын (әкелiнетiн) тауарларға қатысты кеден одағының бiрыңғай кедендiк аумағына тауарлар келгеннен кейiн жүргiзiлетiн құрылысқа, тұрғызуға, жинауға, монтаждауға, қызмет көрсетуге немесе техникалық жәрдем көрсетуге жұмсалатын шығыстар;
тауарлар кеден одағының кедендiк аумағына келгеннен кейiн жүзеге асырылатын оларды тасу (тасымалдау) жөнiндегi шығыстар;
бағаланатын (әкелiнетiн) тауарларды әкелумен немесе сатумен байланысты кеден одағының кедендiк аумағында төленетiн кедендiк төлемдер мен салықтар iс жүзiнде төленген немесе төленуге тиiс бағадан бөлiп алынған, тауарды декларациялаушы тұлға мәлiмдеген және ол құжатпен растаған жағдайда бағаланатын (әкелiнетiн) тауарлардың кедендiк құнына қосылмауға тиiс.
3. Осы баптың 1-тармағында көзделген әкелiнетiн тауарлар үшiн iс жүзiнде төленген немесе төленуге тиiс бағаға үстеме дұрыс, саны жағынан айқындалған және құжатпен расталған ақпарат негiзiнде жүргiзiледi. Қосымша есепке жазу үшiн қажеттi мұндай ақпараттар болмаған жағдайда, әкелiнетiн тауарлармен жасалатын мәмiле құны жөнiндегi әдiс қолданылмайды.
4. Осы баптың 1-тармағында көрсетiлген тауарлардан басқа, әкелiнетiн тауарлардың кедендiк құнын айқындау кезiнде нақты төленген немесе төленуге тиiс бағаға үстеме жүргiзiлмейдi.
5. Нақты төленген немесе төленуге тиiс бағаға үстеменi жүзеге асыру кезiнде:
1) әкелiнетiн тауарларды өндiру кезiнде пайдаланылатын құрал-саймандар, мөртабандар, нысандар және басқа сол сияқты заттардың құнын бөлу тауарлардың бiрiншi партиясының кедендiк құнына немесе тауарларды декларациялаушы тұлға айқындаған декларацияланған тауарлардың мөлшерiнен кем болмайтын өзге де тауар мөлшерiнiң кедендiк құнына осы барлық құнды жатқызу жолымен жүзеге асырылуы мүмкiн. Мұндай бөлу тауарларды декларациялаушы тұлғалардың қолында бар құжаттарға байланысты нақты жағдайларда қолданылатын ақылға қонымды тәсiлмен және бухгалтерлiк есептiң жалпыға ортақ принциптерiне сәйкес жүргiзiлуге тиiс.
Бұл ретте, егер сатып алушы сатып алушымен байланысты емес тұлға болып табылатын сатушыдан затты сатып алған болса, оларды сатып алу жөнiндегi шығыстар не, егер заттарды сатып алушы өндiрген болса, оларды жасау жөнiндегi шығыстар көрсетiлген заттардың құны деп танылады. Егер көрсетiлген заттарды сатып алушының бұрын сатып алғанына немесе өндiргенiне қарамастан, осы сатып алушы пайдаланған болса, олардың пайдаланылуы ескерiле отырып, құнын алу (айқындау) үшiн сатып алудың немесе өндiрудiң бастапқы бағасы азайтылуға жатады;
2) кеден одағының кедендiк аумағынан тыс жерлерде орындалған, сатып алушылар сатып алған немесе жалға алған, әкелiнетiн тауарларды өндiру үшiн қажеттi жобалау, әзiрлеу, инженерлiк, конструкторлық жұмыстар, көркемдеп безендiру, дизайн, эскиздер мен сызбаларға қатысты үстеме мұндай элементтердi сатып алуға немесе жалға алуға жұмсалған шығыстар бөлiгiнде жүргiзiледi, егер сатып алушы республикалық немесе коммуналдық меншiктегi элементтердi табыс еткен болса, қосымша есепке жазу олардың көшiрмелерiн алуға жұмсалған құн (шығындар) бөлiгiнде жүргiзiледi.
Осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасы бойынша қосымша есепке жазу жүргiзiлген кезде тiкелей тауарлардың (заттардың) құнынан басқа сатушыға берумен (жеткiзумен) байланысты (егер көзделген болса, оларды қайтаруды қоса) шығыстардың бәрi ескерiледi.
103-бап. Бiрдей тауарлармен жасалған мәмiле құны
жөнiндегi әдiс
1. Егер кеден одағының кедендiк аумағына әкелiнетiн тауарлардың кедендiк құнын осы Кодекстiң 101-бабына сәйкес айқындау мүмкiн болмаса, бағаланатын (әкелiнетiн) тауарлар әкелiнген уақыт кезеңiнде немесе соған сәйкес кезеңде немесе бағаланатын (әкелiнетiн) тауарлар әкелiнгенге дейiн күнтiзбелiк тоқсан күннен ерте емес кезеңде кеден одағының кедендiк аумағына әкету үшiн сатылған және кеден одағының кедендiк аумағына әкелiнген бiрдей тауарлармен жасалған мәмiле құны осындай тауарлардың кедендiк құны болып табылады.
Бағаланатын (әкелiнетiн) тауарлардың кедендiк құнын осы баптың негiзiнде айқындау үшiн бағаланатын (әкелiнетiн) тауарлардың коммерциялық деңгейiмен бiрдей деңгейде және шын мәнiнде сол мөлшерде сатылған бiрдей тауарлармен жасалған мәмiле құны пайдаланылады. Егер мұндай сату анықталмаса, сол коммерциялық деңгейде, бiрақ өзге мөлшерде сатылған бiрдей тауарлармен жасалған мәмiле құны пайдаланылады. Егер мұндай сату анықталмаса, өзге коммерциялық деңгейде, бiрақ сол мөлшерде сатылған бiрдей тауарлармен жасалған мәмiле құны пайдаланылады. Егер мұндай сату анықталмаса, өзге коммерциялық деңгейде және өзге мөлшерде сатылған бiрдей тауарлармен жасалған мәмiле құны пайдаланылады. Осы бөлiкте көрсетiлген ақпарат тауарларды сатудың коммерциялық деңгейiндегi және (немесе) мөлшерiндегi айырмашылықтар ескерiлетiн құнның тиiстi түзетуi жүргiзiле отырып қолданылады.
Мұндай түзету бiрдей тауарлармен жасалған мәмiле құнын ұлғайтуға немесе азайтуға әкеп соғатынына қарамастан, түзетудiң негiздiлiгi мен дәлдiгi құжатпен расталатын мәлiметтер негiзiнде жүргiзiледi. Мұндай мәлiметтер болмаған кезде тауарлардың кедендiк құнын айқындау мақсаты үшiн бiрдей тауарлармен жасалған мәмiле құны жөнiндегi әдiс пайдаланылмайды.
2. Осы бапқа сәйкес бағаланатын (әкелiнетiн) тауарлардың кедендiк құнын айқындаған кезде, қажет болған жағдайда, осы Кодекстiң 102-бабының 1-тармағының 4) – 6) тармақшаларында көзделген шығыстардағы елеулi айырмашылықтарды есепке алу үшiн бiрдей тауарлармен жасалған мәмiле құнына бағаланатын және бiрдей тауарларға қатысты оларды тасу (тасымалдау) арақашықтығынан және көлiк түрлерiнiң айырмашылықтарынан туындайтын түзетулер жүргiзiледi.
3. Егер бiрдей тауарлармен жасалған мәмiленiң бiреуден артық құны айқындалса (осы баптың 1-2-тармақтарына сәйкес тиiстi түзетулер ескерiле отырып), онда бағаланатын (әкелiнетiн) тауарлардың кедендiк құнын айқындау үшiн олардың ең төменi қолданылады.
104-бап. Бiртектi тауарлармен жасалған мәмiле құны
жөнiндегi әдiс
1. Егер кеден одағының кедендiк аумағына әкелiнетiн тауарлардың кедендiк құнын осы Кодекстiң 101 және 103-баптарына сәйкес айқындау мүмкiн болмаса, әкелiнетiн тауарлар әкелiнген уақыт кезеңiнде немесе соған сәйкес кезеңде немесе бағаланатын (әкелiнетiн) тауарлар әкелiнгенге дейiн күнтiзбелiк тоқсан күннен ерте емес кезеңде кеден одағының кедендiк аумағына әкету үшiн сатылған және кеден одағының кедендiк аумағына әкелiнген бағаланатын (әкелiнетiн) тауарлар немесе бiртектi тауарлармен жасалған мәмiле құны осындай тауарлардың кедендiк құны болып табылады.
Бағаланатын (әкелiнетiн) тауарлардың кедендiк құнын осы баптың негiзiнде айқындау үшiн бағаланатын (әкелiнетiн) тауарлардың коммерциялық деңгейiмен бiрдей деңгейде және шын мәнiнде сол мөлшерде сатылған бiртектi тауарлармен жасалған мәмiле құны пайдаланылады. Егер мұндай сату анықталмаса, сол коммерциялық деңгейде, бiрақ өзге мөлшерде сатылған бiртектi тауарлармен жасалған мәмiле құны пайдаланылады. Егер мұндай сату анықталмаса, өзге коммерциялық деңгейде бiрақ сол мөлшерде сатылған бiртектi тауарлармен жасалған мәмiле құны пайдаланылады. Егер мұндай сату анықталмаса, өзге коммерциялық деңгейде және өзге мөлшерде сатылған бiртектi тауарлармен жасалған мәмiле құны пайдаланылады. Осы бөлiкте көрсетiлген ақпарат тауарларды сатудың коммерциялық деңгейiндегi және (немесе) мөлшерiндегi айырмашылықтар ескерiлетiн құнның тиiстi түзетуi жүргiзiле отырып қолданылады.
Мұндай түзету ол бiртектi тауарлармен жасалған мәмiле құнын көбейтуге немесе азайтуға әкеп соғатынына қарамастан, түзетудiң негiздiлiгi мен дәлдiгi құжатпен расталатын мәлiметтер негiзiнде жүргiзiледi. Мұндай мәлiметтер болмаған кезде тауарлардың кедендiк құнын айқындау мақсаты үшiн бiртектi тауарлармен жасалған мәмiле құны бойынша әдiс пайдаланылмайды.
2. Осы бапқа сәйкес бағаланатын (әкелiнетiн) тауарлардың кедендiк құнын айқындаған кезде, қажет болған жағдайда, осы Кодекстiң 102-бабының 1-тармағының 4) – 6) тармақшаларында көзделген шығыстардағы елеулi айырмашылықтарды есепке алу үшiн бiртектi тауарлармен жасалған мәмiле құнына бағаланатын және бiртектi тауарларға қатысты оларды тасу (тасымалдау) арақашықтығынан және көлiк түрлерiнiң айырмашылықтарынан туындайтын түзетулер жүргiзiледi.
3. Егер бiртектi тауарлармен жасалған мәмiленiң бiреуден артық құны айқындалса (осы баптың 1 және 2-тармақтарына сәйкес тиiстi түзетулер ескерiле отырып), онда бағаланатын тауарлардың кедендiк құнын айқындау үшiн олардың ең төменi қолданылады.
105-бап. Құнды шегеру әдiсi
1. Егер бағаланатын (әкелiнетiн) тауарлардың кедендiк құнын осы Кодекстiң 101, 103 және 104-баптарына сәйкес айқындау мүмкiн болмаса, тауарды декларациялаушы тұлғаның өтiнiшi бойынша осы баптың және 106-баптың қолданылу тәртiбi керi қолданылуы мүмкiн болатын жағдайларды қоспағанда, олардың кедендiк құны осы бапқа сәйкес айқындалады.
2. Егер бағаланатын (әкелiнетiн) тауарлар немесе бiрдей немесе бiртектi тауарлар кеден одағының бiрыңғай кедендiк аумағына әкелiнген күйiнде сатылатын болса, кеден одағының бiрыңғай кедендiк аумағында бағаланатын (әкелiнетiн) тауарлардың кедендiк құнын айқындау үшiн негiз ретiнде бағаланатын (әкелiнетiн) тауарлардың кедендiк құнын кеден одағының бiрыңғай кедендiк аумағында бағаланатын (әкелiнетiн) тауарлар кеден одағының кедендiк шекарасын кесiп өткен уақыт кезеңiнде немесе оған сәйкес кезеңде Қазақстан Республикасының аумағына осындай сатуды жүзеге асыратын тұлғалармен өзара байланысты болып табылмайтын тұлғалар сататын бағаланатын, бiрдей немесе бiртектi тауарлардың ең көп жиынтық мөлшерi бойынша тауар бiрлiгiнiң бағасы, мынадай сомалар:
1) әдетте делдалға (агентке) төленетiн немесе төленуге жататын сыйақыны не әдетте пайда табу және коммерциялық және басқару шығыстарын жабу үшiн әдетте кеден одағының кедендiк аумағында бiр сыныптағы тауарларды немесе тауар түрлерiн сатуға байланысты орын алған мөлшерде жүргiзiлетiн бағаға үстеменi;
2) кеден одағының кедендiк аумағында тасуды (тасымалдауды) және сақтандыруды жүзеге асыруға жұмсалған кәдуiлгi шығыстарды және осындай операцияларға байланысты өзге де шығыстарды;
3) Қазақстан Республикасының аумағына әкелумен және (немесе) сатумен байланысты төлеуге жататын кедендiк төлемдердiң, салықтардың және өзге де салықтардың сомалары шегерiлген жағдайда қолданылады.
3. Егер бағаланатын да (әкелiнетiн де), бiрдей де, бiртектi де тауарлар әкелiнетiн тауарлар кеден одағының кедендiк шекарасынан кесiп өткен уақыт кезеңiнде немесе соған сәйкес кезеңде кеден одағының кедендiк аумағында сатылмаса, мұндай тауарлардың кедендiк құны тиiсiнше бағаланатын (әкелiнетiн), немесе бағаланатын (әкелiнетiн) тауарлармен бiрдей, немесе бағаланатын (әкелiнетiн) тауарлармен бiртектi тауарлар кеден одағының кедендiк аумағында осындай тауарлар бiрлiгiнiң бағасын белгiлеу үшiн жеткiлiктi мөлшерде, әкелiнген кездегiдей жай-күйiнде, тауарлардың келген күнiне қатысты күннен ең ерте, бiрақ осы күннен кейiн тоқсан күннен кешiктiрiлмей, кеден одағының кедендiк аумағында сатылатын тауарлар бiрлiгi бағасының негiзiнде айқындалады.
4. Егер бағаланатын да (әкелiнетiн де), бiрдей де, бiртектi де тауарлар кеден одағының кедендiк аумағына әкелiнген кездегiдей жай-күйiнде кеден одағының кедендiк аумағында сатылмаса, тауарларды декларациялаушы тұлғаның мәлiмдеуi бойынша, бағаланатын (әкелiнетiн) тауарлардың кедендiк құны осы баптың 2-тармағының 1) – 3) тармақшаларында көрсетiлген қайта өңдеу (өңдеу) нәтижесiнде қосылған құн шегерiлген жағдайда бұл тауарларды кеден одағының кедендiк аумағында сатып алған тұлғалармен өзара байланысты болып табылмайтын тұлғаларға қайта өңдегеннен (өңдегеннен) кейiн сатылатын олардың неғұрлым көп жиынтық мөлшерi сатылатын осындай тауарлар бiрлiгiнiң бағасы негiзiнде айқындалады.
Қайта өңдеу (өңдеу) нәтижесiнде қосылған құнды шегеру қайта өңдеу (өңдеу) құнына қатысты дұрыс, саны айқындалған және құжатпен расталған ақпарат негiзiнде жүргiзiледi.
5. Егер:
тауарлар өзiнiң дара белгiлерiн жоғалтуына қарамастан, қайта өңдеу (өңдеу) нәтижесiнде қосылған құн мөлшерiн дәл айқындау мүмкiн болатын жағдайларды қоспағанда, бағаланатын (әкелiнетiн) тауарлар одан әрi қайта өңдеу (өңдеу) нәтижесiнде өзiнiң дара белгiлерiн жоғалтатын болса;
бағаланатын (әкелiнетiн) тауарлар өзiнiң дара белгiлерiн жоғалтпайтын болса, бiрақ кеден одағының кедендiк аумағында сатылатын тауарлардың соншалықты елеусiз бөлiгiн құрайтындықтан, бағаланатын (әкелiнетiн) тауарлардың құны сатылатын тауарлардың құнына елеулi әсер етпейтiн болса, осы баптың 4-тармағының ережесi кедендiк құнды айқындау үшiн пайдаланылмайды.
Осы баптың 4-тармағын қолдану мүмкiндiгi нақты мән-жайларға байланысты әрбiр жеке жағдайда айқындалады.
6. Бағаланатын (әкелiнетiн) немесе бiрдей, немесе бiртектi тауарларды кеден одағының кедендiк аумағында сату қаралған кезде кеден одағының кедендiк аумағына әкету үшiн бағаланатын (әкелiнетiн) тауарларды өндiруге және беруге байланысты осы Кодекстiң 102-бабының 1-тармағы 2) тармақшасында көрсетiлген тауарлар мен көрсетiлетiн қызметтердi пайдалану үшiн тiкелей немесе жанама, тегiн немесе төмен бағамен беретiн тұлғаға сату есепке алынуға тиiс емес.
7. Осы баптың мақсаты үшiн пайда мен коммерциялық және басқару шығыстарының (тауарларды өткiзу жөнiндегi тiкелей және жанама шығыстар) сомасы осы шығыстарды жабатын, сондай-ақ бағаланатын (әкелiнетiн) сол сыныптағы немесе түрдегi тауарларды сатуға байланысты пайда табуды қамтамасыз ететiн тауарлар бағасына үстеме ретiнде қаралады.
Пайда мен коммерциялық және басқару шығыстарының сомасы тұтас есептеледi және өндiрушi ұсынған немесе оның атынан ұсынылған мәлiметтер негiзiнде айқындалады. Егер осы мәлiметтер кеден одағының кедендiк аумағына әкету үшiн сол сыныптағы немесе түрдегi тауарларды сату кезiнде кәдуiлгi пайда мен коммерциялық және басқару шығыстары туралы кеден органдарының қарауындағы мәлiметтермен сәйкес келмесе, кеден органы кәдуiлгi пайда мен жалпы шығыстар сомасын өзiнде бар мәлiметтер негiзiнде анықтай алады.
Егер кеден органы пайда мен коммерциялық және басқару шығыстарының сомасын өзiнде бар мәлiметтер негiзiнде анықтаса, кеден органы мұндай деректер көзiн, сондай-ақ олардың негiзiнде жүргiзiлген есептi жазбаша түрде көрсетуге мiндеттi.
8. Осы баптың мақсаты үшiн бағаланатын (әкелiнетiн) тауарлар өндiрiлген елде сол сыныптағы немесе түрдегi тауарларды сату туралы мәлiметтер пайдаланылады. Бағаланатын (әкелiнетiн) тауарлар және олар салыстырылатын тауарлар сол сыныптағы немесе түрдегi тауарлар болып табыла ма деген мәселе тиiстi мән-жайлар ескерiле отырып, әрбiр нақты жағдайда жеке шешiледi. Бұл ретте, оларға қатысты ақпарат берiлуi мүмкiн бағаланатын (әкелiнетiн) тауарларды қоса алғанда, сол сыныптағы немесе түрдегi тауарлардың мүмкiн болатын неғұрлым шағын тобын немесе бiрқатарын кеден одағының кедендiк аумағына әкелу үшiн сату қарастырылады.
106-бап. Құнды қосу әдiсi
1. Осы бапқа сәйкес тауарлардың кедендiк құнын айқындау кезiнде тауарлардың есептiк құны негiз ретiнде қабылданады, ол:
1) материалдарды дайындау немесе сатып алу жөнiндегi шығыстарды және әкелiнетiн тауарларды өндiруге, сондай-ақ өндiруге байланысты өзге де операцияларға жұмсалатын шығыстарды;
2) пайда мен коммерциялық және басқару шығыстарының кеден одағының кедендiк аумағына әкету үшiн экспорт елiнде өндiрiлетiн бағаланатын тауарлардың сол сыныбындағы немесе түрiндегi тауарларды сату кезiнде әдетте ескерiлетiн сол шамаға балама сомасын;
3) осы Кодекстiң 102-бабының 1-тармағының 4) – 6) тармақшаларында көрсетiлген элементтердiң құнын қосу жолымен айқындалады.
2. Осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетiлген шығыстар тауарларды өндiрушi табыс еткен немесе оның атынан табыс етiлген және өндiрушiнiң коммерциялық құжатымен расталған, мұндай құжаттар тауарлар өндiрiлген елде қолданылатын бухгалтерлiк есептiң жалпыға бiрдей принциптерiне сай келген жағдайда бағаланатын (әкелiнетiн) тауарлардың өндiрiсi туралы мәлiметтер негiзiнде айқындалады.
3. Осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетiлген шығыстар, егер кедендiк мақсат үшiн ыдыс әкелiнетiн тауарлармен бiртұтас зат ретiнде қаралса, ыдысқа жұмсалған шығыстарды; буып-түю материалдары мен буып-түю жөнiндегi жұмыстардың құнын қоса алғанда, буып-түю құнын; әкелiнетiн тауарлар өндiрiсiне байланысты пайдалану үшiн сатып алушы тiкелей және жанама берген, осы Кодекстiң 102-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында көрсетiлген әрбiр заттың тиiстi түрде бөлiнген құнын (осы Кодекстiң 102-бабы 5-тармағының ережесiне сәйкес – тиiстi құрамдас бөлiктер бойынша) қамтуға тиiс. Кеден одағының кедендiк аумағынан тыс жерлерде орындалған және кеден одағының кедендiк аумағында өндiрiлген әкелiнетiн тауарлардың өндiрiсi үшiн қажеттi жобалау, әзiрлеу, инженерлiк, конструкторлық жұмыстар, көркемдеп безендiру, дизайн, эскиздер мен сызбалар құны осы заттардың құнын өндiрушi төлеген дәрежеде ғана қамтуға тиiс. Бұл ретте шығыстар есеп айырысу құнын айқындау кезiнде қайтадан есепке алынбауға тиiс.
Коммерциялық және басқару шығыстары ретiнде осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасына енгiзiлмейтiн кеден одағының кедендiк аумағына әкету үшiн тауарларды өндiру мен сатудың тiкелей және жанама шығындары есепке алынуға тиiс.
4. Пайда мен коммерциялық және басқару шығыстарының сомасы тұтастай есепке алынады және өндiрушi табыс еткен немесе оның атынан табыс етiлген мәлiметтер негiзiнде айқындалады. Егер бұл мәлiметтер кеден органдарының қарамағында бар, кеден одағының кедендiк аумағына әкету үшiн сол сыныптағы немесе түрдегi тауарларды сату кезiнде кәдуiлгi пайда мен коммерциялық және басқару шығыстары туралы мәлiметтермен сәйкес келмесе, кеден органы кәдуiлгi пайда мен жалпы шығыстар сомасын өзiнде бар мәлiметтер негiзiнде анықтай алады.
Егер кеден органы пайда мен коммерциялық және басқару шығыстарының сомасын өзiнде бар мәлiметтер негiзiнде анықтаса, кеден органы мұндай деректер көзiн, сондай-ақ олардың негiзiнде жүргiзiлген есептi жазбаша түрде көрсетуге мiндеттi.
5. Осы баптың мақсаты үшiн тауарлар әкелiнетiн елде өндiрiлген сол сыныптағы немесе түрдегi тауарларды сату туралы мәлiметтер пайдаланылады. Бағаланатын (әкелiнетiн) тауарлар және олармен салыстырылатын тауарлар сол сыныптағы немесе түрдегi тауарлар болып табыла ма деген мәселе тиiстi мән-жайлар ескерiле отырып, әрбiр нақты жағдайда жеке шешiлуге тиiс. Бұл ретте, оларға қатысты ақпарат берiлуi мүмкiн бағаланатын (әкелiнетiн) тауарларды қоса алғанда, сол сыныптағы немесе түрдегi тауарлардың мүмкiн болатын неғұрлым шағын тобын немесе бiрқатарын кеден одағының кедендiк аумағына әкету үшiн сату қарастырылады.
6. Кеден органдары кеден одағына мүше мемлекеттердiң резидентi болып табылмайтын қандай да бiр тұлғадан құжаттарды және оның коммерциялық құжаттарында бар бағаланатын (әкелiнетiн) тауарлардың өндiрiсi және сатылуы туралы мәлiметтердi табыс етуiн талап етуге құқылы емес. Алайда, осы баптың ережелерiне сәйкес тауарлардың кедендiк құнын айқындау мақсаты үшiн тауарларды өндiрушi берген ақпаратты өндiрушiнiң келiсiмiмен Қазақстан Республикасының уәкiлеттi органдары басқа елде тексеруi мүмкiн. Шетелдiк өндiрушiлер табыс еткен немесе олардың атынан табыс етiлген құжаттар мен мәлiметтердi тексерудi кеден органдары Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына және жалпыға бiрдей қабылданған халықаралық принциптер мен нормаларға сәйкес жүргiзедi.
107-бап. Резервтiк әдiс
1. Егер тауарлардың кедендiк құнын осы Кодекстiң 101, 103 – 106-баптарына сәйкес айқындау мүмкiн болмаса, бағаланатын (әкелiнетiн) тауарлардың кедендiк құны осы Кодекстiң принциптерiмен және ережелерiмен үйлесетiн тәсiлдердi пайдалану арқылы кеден одағының кедендiк аумағында бар деректер негiзiнде айқындалады.
2. Тауарлардың кедендiк құнын айқындаудың осы бапқа сәйкес пайдаланылатын әдiстерi осы Кодекстiң 101, 103 – 106-баптарында көзделген нақ сондай әдiстер болып табылады, алайда, осы бапқа сәйкес тауарлардың кедендiк құнын айқындау кезiнде оларды қолдануда икемдiлiкке жол берiледi. Атап айтқанда мыналарға жол берiледi:
бағаланатын (әкелiнетiн) тауарлардың кедендiк құнын айқындау үшiн бағаланатын (әкелiнетiн) тауарлар өндiрiлген елден өзге елде өндiрiлген бiрдей немесе бiртектi тауарлармен жасалған мәмiле құны негiзге алынуы мүмкiн;
бағаланатын (әкелiнетiн) тауарлардың кедендiк құнын бiрдей немесе бiртектi тауарлармен жасалған мәмiле құнының негiзiнде айқындау кезiнде бағаланатын (әкелiнетiн) тауарлардың уақыт кезеңiнде немесе соған сәйкес кезеңде немесе бағаланатын (әкелiнетiн) тауарлар әкелiнгенге дейiн күнтiзбелiк тоқсан күннен ерте емес кезеңде бiрдей немесе бiртектi тауарлар кеден одағының кедендiк аумағына әкету үшiн сатылуға және кеден одағының кедендiк аумағына әкелiнуге тиiс екендiгi туралы осы Кодекстiң 103 немесе 104-баптарында белгiленген талаптардан ақылға қонымды ауытқуға жол берiледi;
бағаланатын (әкелiнетiн) тауарлардың кедендiк құнын айқындау үшiн осы Кодекстiң 105 және 106-баптарына сәйкес айқындалған олармен бiрдей немесе бiртектi тауарлардың кедендiк құны негiзге алынуы мүмкiн;
бағаланатын (әкелiнетiн) тауарлардың кедендiк құнын осы Кодекстiң 105-бабында жазылған әдiс негiзiнде айқындау кезiнде осы Кодекстiң 105-бабының 3-тармағында белгiленген күнтiзбелiк тоқсан күн мерзiмнен ауытқуға жол берiледi.
3. Бағаланатын (әкелiнетiн) тауарлардың осы баптың ережелерiне сәйкес айқындалған кедендiк құны бұрын айқындалған кедендiк құнға барынша мүмкiн болған дәрежеде негiзделуге тиiс.
4. Осы бапқа сәйкес тауарлардың кедендiк құны:
1) кеден одағының кедендiк аумағында өндiрiлген кеден одағының iшкi нарығындағы тауарлардың бағасы;
2) кедендiк мақсаттар үшiн баламалы екi құнның неғұрлым жоғарғысы қабылдануын көздейтiн жүйе;
3) әкету елiнiң iшкi нарығындағы тауарлардың бағасы;
4) кедендiк құнды осы Кодекстiң 106-бабына сәйкес айқындау кезiнде тауарлардың есеп айырысу құнына енгiзiлуге жататын шығыстардан өзге шығыстар;
5) әкетiлетiн елден үшiншi елдерге берiлетiн тауарлардың бағасы;
6) ең төменгi кедендiк құн;
7) еркiн немесе жалған құн негiзiнде айқындалуға тиiс емес.
Егер кеден органы осы бапты қолданатын болса, онда кеден органы пайдаланылған деректер көзiн, сондай-ақ олардың негiзiнде жүргiзiлген егжей-тегжейлi есептi жазбаша түрде көрсетуге мiндеттi.
108-бап. Тауарлардың кедендiк құнын декларациялау
1. Декларант тауарлардың кедендiк құнын декларациялауды осы Кодекстiң осы тарауына және 32-тарауына сәйкес тауарларды кедендiк декларациялау шеңберiнде жүзеге асырады.
2. Әкелiнетiн тауарлардың кедендiк құнын декларациялау тауарлардың кедендiк құнын айқындау әдiсi, тауарлардың кедендiк құнының шамасы туралы, тауарлардың кедендiк құнын айқындауға қатысы бар сыртқы экономикалық мәмiленiң жай-күйi мен шарттары туралы мәлiметтердi мәлiмдеу, сондай-ақ оларды растайтын құжаттарды беру арқылы жүзеге асырылады.
Әкетiлетiн тауарлардың кедендiк құнын декларациялау тауарлардың кедендiк құнының шамасы туралы, тауарлардың кедендiк құнын айқындауға қатысы бар сыртқы экономикалық мәмiленiң жай-күйi мен шарттары туралы мәлiметтердi мәлiмдеу, сондай-ақ оларды растайтын құжаттарды беру арқылы жүзеге асырылады.
3. Осы баптың 2-тармағында көрсетiлген мәлiметтер кедендiк құн декларациясында мәлiмделедi және кедендiк мақсаттар үшiн қажеттi мәлiмет болып табылады.
Тауарлардың кедендiк құнын декларациялау тәртiбi, сондай-ақ кедендiк құнды декларациялау нысандары және оларды толтыру қағидасы Кеден одағы комиссиясының шешiмiмен белгiленедi.
Кедендiк құнды декларациялау тауарға арналған декларацияның ажырамас бөлiгi болып табылады.
Егер кедендiк құн декларациясы Кеден одағы комиссиясының шешiмiмен белгiленген жағдайларда толтырылмаса, әкелiнетiн тауарлардың кедендiк құны туралы мәлiмет тауарларға арналған декларацияда мәлiмделедi. Тауарларға арналған декларацияда мәлiмделген тауарлардың кедендiк құны туралы мәлiмет дұрыс емес болуы мүмкiн не тиiстi дәрежеде расталмаған екендiгiн көрсететiн белгiлер анықталған кезде кеден органы кедендiк құн декларациясын табыс етудi дәлелдi түрде талап етуге құқылы.
4. Тауарлардың мәлiмделетiн кедендiк құны және оны айқындауға қатысты табыс етiлетiн мәлiметтер дұрыс, саны айқындалған және құжатпен расталған ақпараттарға негiзделуге тиiс.
5. Декларант не декларанттың атынан және оның тапсырмасы бойынша әрекет ететiн кеден өкiлi кедендiк құн декларациясында көрсетiлген дұрыс емес мәлiметтер көрсеткенi және осы Кодекстiң 286-бабында көзделген мiндеттердi орындамағаны үшiн Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
109-бап. Тауарлардың кедендiк құнын бақылау
Тауарлардың кедендiк құнын бақылауды кеден органы тауарлар шығарылғанға дейiн де, шығарылғаннан кейiн де, оның iшiнде тәуекелдердi басқару жүйесiн пайдалана отырып, кедендiк бақылауды жүргiзу шеңберiнде жүзеге асырады.
Тауарлардың кедендiк құнын бақылауды жүзеге асыру тәртiбi Кеден одағы комиссиясының шешiмiмен белгiленедi.
110-бап. Тауарлардың кедендiк құнына қатысты шешiм
Тауарлардың кедендiк құнын бақылауды жүзеге асыру нәтижесi бойынша кеден органы тауарлардың мәлiмделген кедендiк құнын қабылдау туралы не осы Кодекстiң 111-бабының ережелерiне сәйкес тауарлардың мәлiмделген кедендiк құнын түзету туралы шешiм қабылдайды, ол Кеден одағы комиссиясының шешiмiмен белгiленген тәртiппен және нысандарда декларанттың назарына жеткiзiледi.
111-бап. Тауарлардың кедендiк құнын түзету
1. Егер кеден органы немесе декларант тауарлардың кедендiк құны туралы мәлiмделген мәлiметтердiң дұрыс еместiгiн, оның iшiнде тауарлардың кедендiк құнын айқындау әдiсi дұрыс таңдалмағанын және (немесе) тауарлардың кедендiк құны дұрыс айқындалмағанын анықтаса, кеден органы тауарлардың мәлiмделген кедендiк құнын түзету туралы шешiмдi тауарларды шығарылғанға дейiн де, шығарылғаннан кейiн де кедендiк құнды бақылауды жүзеге асыру кезiнде қабылдайды. Кеден органы қабылдаған тауарлардың мәлiмделген кедендiк құнын түзету туралы шешiмде негiздеме және оны орындау мерзiмi қамтылуға тиiс.
2. Кеден органы тауарлардың мәлiмделген кедендiк құнын олар шығарылғанға дейiн түзету туралы шешiм қабылдаған кезде декларант дұрыс емес мәлiметтердi түзетудi жүзеге асыруға және түзетiлген мәлiметтер ескерiле отырып есептелген көлемде кедендiк баждарды, салықтарды осы Кодекстiң 297-бабында белгiленген тауарлар шығару мерзiмдерiнен аспайтын мерзiмде төлеуге мiндеттi.
Егер декларант тауарларды шығару мерзiмiнен аспайтын мерзiмде дұрыс емес мәлiметтердi түзетудi жүзеге асырмаса және толықтырып есептелген кедендiк баждарды, салықтарды төлемесе, кеден органы тауарларды шығарудан бас тартады.
3. Кеден органы тауарлар шығарылғаннан кейiн олардың кедендiк құнын түзету туралы шешiм қабылдаған кезде декларант дұрыс емес мәлiметтердi түзетудi жүзеге асырады және түзетiлген мәлiметтер ескерiле отырып есептелген көлемде кедендiк баждарды, салықтарды төлейдi.
Декларант бұл шешiмiмен келiспеген жағдайда кеден органы тауарлардың мәлiмделген кедендiк құнын түзетудi және төленуге жататын кедендiк баждарды, салықтарды қайта есептеудi жүзеге асырады.
4. Тауарлар шығарылғанға дейiн де, шығарылғаннан кейiн де тауарлардың кедендiк құнын түзету және төленуге жататын кедендiк баждарды, салықтарды қайта есептеу, сондай-ақ оларды төлеу мерзiмi Кеден одағы комиссиясының шешiмiмен белгiленген тәртiппен және нысандар бойынша жүзеге асырылады.
112-бап. Қосымша тексеру жүргiзу
1. Кеден органы тауарлар шығарылғанға дейiн олардың кедендiк құнына бақылау жүргiзген кезде тауарлардың кедендiк құны туралы мәлiметтiң дұрыс емес болуы мүмкiн не мәлiмделген мәлiметтiң тиiстi дәрежеде расталмаған екендiгiн көрсететiн белгiлердi анықтаған жағдайда, кеден органы осы Кодекске сәйкес қосымша тексеру жүргiзедi, оны жүргiзу мерзiмi мен тәртiбi Кеден одағы комиссиясының шешiмiмен белгiленедi.
Кеден органы осы Кодекстiң 151-бабына сәйкес айқындаған кедендiк баждарды, салықтарды төлеудi декларант қамтамасыз еткен жағдайда тауарларды шығару жүзеге асырылады.
Кеден органының шешiмi негiздi болуға және онда тауарлардың кедендiк құны туралы мәлiметтiң дұрыс емес болуы мүмкiн не мәлiмделген мәлiметтердiң тиiстi дәрежеде расталмаған екендiгiн көрсететiн нақты белгiлердiң тiзбесi болуға тиiс. Қосымша тексерудi жүргiзу туралы шешiмдi ақырына дейiн жеткiзудiң тәртiбi, мерзiмi мен нысаны Кеден одағы комиссиясының шешiмiмен белгiленедi.
Кеден органы қосымша тексеру нәтижелерi бойынша тауарлардың кедендiк құнына қатысты шешiм қабылдағанға дейiн тауарлардың кедендiк құнын бақылау аяқталмаған деп есептеледi.
2. Егер тауарларды шығару үшiн осы Кодекстiң 297-бабында белгiленген мерзiмде қосымша тексерудi жүргiзу мүмкiн болмаса, онда қосымша тексеру жүргiзу туралы шешiм тауарларды шығарудан бас тарту үшiн негiз болып табылмайды. Кеден органдары осы Кодекстiң 151-бабының 5-тармағына сәйкес есептеген кедендiк баждарды, салықтарды төлеудiң қамтамасыз етiлуiн декларант берген жағдайда тауарларды шығару жүзеге асырылады.
3. Тауарлардың кедендiк құны туралы мәлiмделген мәлiметтерге қосымша тексеру жүргiзу үшiн кеден органы декларанттан қосымша құжаттар мен мәлiметтердi сұратуға және оларды табыс ету үшiн мерзiм белгiлеуге құқылы, ол мерзiм бұл үшiн жеткiлiктi болуға, бiрақ осы Кодекстiң 268-бабында белгiленген мерзiмнен аспауға тиiс.
Декларант кеден органы сұратқан қосымша құжаттар мен мәлiметтердi табыс етуге не оларды табыс етудiң мүмкiн еместiгiнiң себептерiн көрсетiп, жазбаша нысанда түсiнiктеме беруге мiндеттi.
Декларанттың тауарлардың кедендiк құнын айқындаудың өзi таңдаған әдiсiн пайдаланудың заңдылығын және өзi ұсынған құжаттар мен мәлiметтердiң дұрыстығын дәлелдеуге құқығы бар.
4. Егер декларант кеден органы сұратқан құжаттарды, мәлiметтердi және (немесе) оларды табыс ету мүмкiн еместiгiнiң себептерi туралы түсiнiктеменi табыс етпесе, не мұндай құжаттар мен мәлiметтер осы баптың 1-тармағында көрсетiлген қосымша тексеру жүргiзу үшiн негiздердi жоймайтын болса, кеден органы қосымша тексеру нәтижелерi бойынша өзiнде бар ақпараттар негiзiнде және кеден одағының кедендiк шекарасы арқылы өткiзiлетiн тауарлардың кедендiк құнын айқындау мәселелерiн реттейтiн кеден одағына мүше мемлекеттер халықаралық шарттарының талаптарына сәйкес тауарлардың мәлiмделген кедендiк құнын түзету туралы шешiм қабылдайды.
5. Егер қосымша тексеру нәтижелерi бойынша кеден органы тауарлардың декларант мәлiмдеген кедендiк құнын қабылдау туралы шешiм қабылдаса, онда қамтамасыз ету сомасын қайтару (есепке жатқызу) осы Кодекстiң 154-бабына сәйкес жүзеге асырылады.
2-бөлiм. КЕДЕНДIК ТӨЛЕМДЕР МЕН САЛЫҚТАР
12-тарау. КЕДЕНДIК ТӨЛЕМДЕР МЕН САЛЫҚТАР
ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
113-бап. Кедендiк төлемдер мен салықтар
1. Кедендiк төлемдер мен салықтарға:
1) кедендiк әкелу бажы;
2) кедендiк әкету бажы;
3) Қазақстан Республикасының кедендiк аумағына тауарларды әкелу кезiнде өндiрiп алынатын қосылған құн салығы;
4) кеден одағының кедендiк аумағына тауарларды әкелу кезiнде өндiрiп алынатын акциз (акциздер);
5) кедендiк алымдар (тауарларды кедендiк декларациялау үшiн, алып жүру үшiн кедендiк алымдар, алдын ала шешiм үшiн төлем) жатады.
2. Төлеушiлер, кедендiк баждарды есептеу тәртiбi және төлеу, қайтару (есепке жатқызу) және өндiрiп алу, есепке жазу мерзiмдерi, сондай-ақ оларды төлеу бойынша жеңiлдiктер Қазақстан Республикасының халықаралық шартында және (немесе) кеден заңнамасында айқындалады.
3. Төлеушiлер, кеден органдары өндiрiп алатын қосылған құн салықтарын, акциздердi есептеу тәртiбi және төлеу, қайтару (есепке жатқызу) және өндiрiп алу, есепке жазу мерзiмдерi, сондай-ақ оларды төлеу бойынша жеңiлдiктер осы Кодексте және Қазақстан Республикасының салық заңнамасында айқындалады.
4. Төлеушiлер, кедендiк алымдарды төлеу, қайтару (есепке жатқызу) және өндiрiп алу тәртiбi мен мерзiмдерi, сондай-ақ оларды төлеу жөнiндегi жеңiлдiктер осы Кодексте айқындалады.
5. Кеден органдары алатын арнайы, демпингке қарсы және өтемдiк баждар Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленедi және, егер осы Кодексте өзгеше белгiленбесе, кедендiк әкелу баждарын алу үшiн осы Кодексте көзделген тәртiппен алынады.
6. Жеке тұлғалар жеке мақсаттары үшiн өткiзетiн тауарларға қатысты осы бөлiм осы Кодекстiң 56-тарауына және Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес белгiленген ерекшелiктер ескерiле отырып қолданылады.
114-бап. Кедендiк баж ставкаларының түрлерi
Кедендiк баж ставкалары мынадай түрлерге:
1) салық салынатын тауарлардың кедендiк құнына пайызбен белгiленген – адвалорлық
2) заттай көрiнiсiндегi физикалық сипаттамаларына (саны, массасы, көлемi немесе өзге сипататтамаларына) қарай белгiленген - өзiндiк ерекше;
3) осы баптың 1) және 2) тармақшаларында көрсетiлген түрлердi ұштастыратын құрамдастырылған болып бөлiнедi.
115-бап. Кедендiк алымдар
1. Тауарларды шығарумен, тауарларды кедендiк алып жүрумен байланысты iс-әрекеттер жасағаны, сондай-ақ осы Кодексте белгiленген өзге де iс-әрекеттер жасағаны үшiн кеден органдары өндiрiп алатын мiндеттi төлемдер кедендiк алымдар болып табылады.
2. Кедендiк алымдардың ставкаларын Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.
3. Кедендiк алымдардың мөлшерi кедендiк алымдар белгiленген iс-әрекеттердi жасағаны үшiн кеден органдарының шамамен алынған шығындарының құнынан аспауға тиiс.
116-бап. Кедендiк алымдардың түрлерi
Кедендiк алымдарға:
1) тауарларды кедендiк декларациялау үшiн кедендiк алымдар;
2) кедендiк алып жүру үшiн кедендiк алымдар;
3) алдын ала жасалған шешiм үшiн төленетiн ақы жатады.
117-бап. Тауарларды кедендiк декларациялау үшiн
кедендiк алым
Тауарларды кедендiк декларациялау үшiн бюджетке төленген кедендiк алым төлеушiге қайтаруға жатпайды.
118-бап. Кедендiк алып жүру үшiн кедендiк алым
Бiрнеше автомобиль көлiк құралымен өткiзiлетiн тауарларды кедендiк алып жүру кезiнде кедендiк алым сомасы көрсетiлген көлiк құралдарының санына барабар бөлiнедi.
119-бап. Алдын ала шешiм үшiн төлем
Кеден органының осы Кодекстiң 79 және 91-баптарына сәйкес тауарларды сыныптау жөнiнде және тауарлардың шығарылған елi туралы алдын ала шешiм қабылдағаны үшiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген мөлшерде ақы өндiрiп алынады.
120-бап. Төлеушiлер, кедендiк алымдарды төлеу
мерзiмдерi мен тәртiбi
1. Декларант немесе осы Кодекске және (немесе) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес кедендiк алымдарды төлеу бойынша мiндеттер жүктелген өзге де тұлғалар кедендiк алымдарды төлеушiлер болып табылады.
2. Осы баптың 5-тармағында көрсетiлген жағдайларды қоспағанда, тауарларды кедендiк декларациялау үшiн кедендiк алым кедендiк декларацияны бергенге дейiн немесе сонымен бiр мезгiлде төленедi.
3. Кедендiк алып жүру үшiн кедендiк алым кеден органы кедендiк алып жүру туралы шешiм қабылдағаннан кейiн, бiрақ кедендiк алып жүрудi ұйымдастыру басталған күннен кешiктiрiлмей төленедi.
4. Кеден органы алдын ала шешiм қабылдағаны үшiн ақыны төлеушi көрсетiлген шешiм өзiне берiлгенге дейiн енгiзедi.
5. Тауарларды кедендiк декларациялау үшiн кедендiк алымдарды төлеу бойынша жеңiлдiктер берiлген кезде, тұлғаның тауарларды пайдалану және иелiк ету бойынша шектеулердi бұзған күнi оларды төлеу мерзiмi болып есептеледi. Егер шектеулер бұзылған күндi анықтау мүмкiн болмаса, кедендiк декларацияның тiркелген күнi кедендiк декларациялау үшiн кедендiк алымдарды төлеу мерзiмi болып есептеледi.
Кеден одағының кедендiк шекарасы арқылы тауарларды заңсыз өткiзу кезiнде тауарларды кедендiк декларациялау үшiн кедендiк алымдарды төлеу мерзiмi кедендiк шекара арқылы тауарларды өткiзген күн болып есептеледi. Егер заңсыз өткiзiлген күндi анықтау мүмкiн болмаса, кедендiк декларацияның тiркелген күнi кедендiк декларациялау үшiн кедендiк алымдарды төлеу мерзiмi болып есептеледi.
6. Төлеушiнiң кедендiк төлемдi кедендiк алым бойынша алда болатын мiндеттемелер есебiне аванспен енгiзуге құқығы бар.
7. Кедендiк транзит кедендiк рәсiмiмен шығарылған тауарларды қоспағанда, кедендiк алымдар тауарлар шығарылатын кеден органында немесе аумағында кеден одағының кедендiк шекарасы арқылы тауарларды заңсыз өткiзу фактiсi анықталған аумақта төленедi (өндiрiлiп алынады).
8. Кедендiк алымдарды бюджетке аудару осы Кодекске сәйкес айқындалған кедендiк баждарды, салықтарды және өсiмпұлдарды аудару үшiн көзделген қағидалар бойынша жүзеге асырылады.
13-тарау. КЕДЕНДIК ТӨЛЕМДЕР МЕН САЛЫҚТАР
БОЙЫНША ЖЕҢIЛДIКТЕР
121-бап. Кедендiк төлемдер мен салықтарды төлеу
бойынша жеңiлдiктер
1. Осы Кодексте кедендiк төлемдер мен салықтарды төлеу бойынша жеңiлдiктер деп:
1) тарифтiк преференциялар;
2) тарифтiк жеңiлдiктер (кедендiк баждарды төлеу бойынша жеңiлдiктер);
3) салықтарды төлеу бойынша жеңiлдiктер;
4) кедендiк алымдарды төлеу бойынша жеңiлдiктер түсiнiледi.
2. Тауарларды кедендiк декларациялағаны үшiн кедендiк алымдарды төлеу бойынша жеңiлдiктер кедендiк алымдарды төлеу бойынша жеңiлдiктер деп түсiнiледi.
3. Тарифтiк преференциялар кеден одағына мүше мемлекеттердiң заңнамасына және (немесе) халықаралық шарттарына сәйкес табыс етiледi.
Тарифтiк жеңiлдiктердiң түрлерi, оларды беру тәртiбi мен жағдайлары кеден одағының кеден заңнамасына сәйкес айқындалады.
Тауарларды кедендiк декларациялау үшiн кедендiк алымдар бойынша жеңiлдiктер осы Кодекске сәйкес айқындалады.
Салықтарды төлеу бойынша жеңiлдiктер Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес айқындалады.
4. Кеден одағының кедендiк шекарасы арқылы өткiзiлетiн тауарларға қатысты кедендiк баждарды, салықтар мен кедендiк алымдарды төлеу бойынша жеңiлдiктер оларды салудан босату түрiнде берiледi.
5. Кедендiк алымдарды төлеу бойынша жеңiлдiктер, осы Кодекстiң 122-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, жеке сипатта бола алмайды.
6. Қазақстан Республикасының басқа нормативтiк құқықтық актiлерiнде кедендiк алымдар бойынша жеңiлдiктер беруге тыйым салынады.
122-бап. Кедендiк алымдарды төлеу бойынша жеңiлдiктер
1. Кедендiк алымдарды салудан:
1) жүктердi, багажды және жолаушыларды тұрақты халықаралық тасымалдауды жүзеге асыратын көлiк құралдары, сондай-ақ жол жүру кезiнде, аралық аялдама пункттерiнде оларды пайдалануға қажеттi немесе осы көлiк құралдарының авариясын (бұзылуын) жоюға байланысты шетелден сатып алынған материалдық-техникалық жабдықтау заттары, керек-жарақтар, отын, азық-түлiк және басқа мүлiк;
2) теңiз кәсiпшiлiгiн жүргiзетiн Қазақстан теңiз кемелерiнiң немесе қазақстандық тұлғалар жалдаған (жалға алған) теңiз кемелерiнiң өндiрiстiк қызметiн қамтамасыз ету үшiн кеден одағының кедендiк аумағынан тыс жерге әкетiлетiн материалдық-техникалық жабдықтау заттары, керек-жарақтар, отын, азық-түлiк және басқа мүлiк, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасының аумағына әкелiнетiн кәсiпшiлiк өнiмдерi;
3) ұлттық және шетел валютасының банкноттары мен монеталары (мәдени-тарихи құндылық болып табылатын банкноттар мен монеталардан басқа), сондай-ақ бағалы қағаздар;
4) акцизделетiн тауарларды қоспағанда, гуманитарлық көмек ретiнде әкелiнетiн басқа тауарлар;
5) акцизделетiн тауарларды қоспағанда, техникалық жәрдем көрсетудi қоса алғанда, мемлекеттер, мемлекеттер үкiметтерi, халықаралық ұйымдар желiсi бойынша қайырымдылық мақсатында әкелiнетiн (медициналық мақсаттар үшiн арнайы жасалған жеңiл автомобильдерден басқа) тауарлар;
6) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi және оның филиалдары, өкiлдiктерi мен ұйымдары ақша белгiлерiн жасау үшiн әкелетiн шикiзат;
7) шетелдiк дипломатиялық және оларға теңестiрiлген өкiлдiктердiң, консулдық мекемелердiң ресми пайдалануы үшiн, сондай-ақ осы өкiлдiктердiң, Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын, олармен бiрге тұратын отбасы мүшелерiн қоса алғанда, дипломатиялық және әкiмшiлiк-техникалық персоналының жеке пайдалануы үшiн әкелiнетiн және әкетiлетiн, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес алым салудан босатылатын тауарлар;
8) мемлекет пайдасына бас тартудың кедендiк ресiмiне мәлiмделген тауарлар;
9) мемлекеттердiң, мемлекет үкiметтерiнiң, сондай-ақ Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес айқындалған халықаралық ұйымдардың желiсi арқылы берiлген гранттардың қаражаты есебiнен сатып алынатын тауарлар босатылады.
2. Осы бапта көрсетiлген кедендiк алымдар салудан босату үшiн құжаттарды табыс ету тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайды.
123-бап. Тарифтiк преференциялар
1. Мемлекеттерге кедендiк баждардан босату не оның ставкаларын төмендету немесе тауарларды преференциялық әкелуге (әкетуге) квота белгiлеу нысанында берiлетiн сыртқы экономикалық қызмет саласындағы арнайы артықшылықтар тарифтiк преференциялар деп түсiнiледi.
2. Кеден одағының кедендiк аумағына әкелiнетiн және Қазақстан Республикасымен еркiн сауда аймағын құратын мемлекеттерден шығарылатын тауарлар, сондай-ақ кеден одағының кедендiк аумағынан көрсетiлген мемлекеттерге әкетiлетiн және Қазақстан Республикасынан шығатын тауарлар кедендiк баждарды салудан босатылады.
3. Кеден одағының кедендiк аумағына әкелiнетiн және преференциялар жүйесiн пайдаланатын дамушы мемлекеттерден шығатын тауарларға төмендетiлген ставкалар бойынша кедендiк баждар салынады. Мұндай мемлекеттердiң және тауарлардың тiзбесi, сондай-ақ кедендiк баждардың ставкасын төмендету деңгейi Кеден одағы комиссиясының шешiмдерiмен бекiтiледi.
4. Кеден одағының кедендiк аумағына әкелiнетiн және преференциялар жүйесiн пайдаланатын неғұрлым төмен дамыған мемлекеттерден шығатын тауарлар кедендiк баждарды салудан босатылады. Мұндай мемлекеттер мен тауарлардың тiзбесi Кеден одағы комиссиясының шешiмдерiмен бекiтiледi.
14-тарау. КЕДЕНДIК БАЖДАРДЫ, САЛЫҚТАРДЫ ЕСЕПТЕУ
124-бап. Кедендiк баждарды, салықтарды салу объектiсi
және кедендiк баждарды, салықтарды есептеуге
арналған база (салықтық база)
1. Кеден одағының кедендiк шекарасы арқылы тасымалданатын тауарлар кедендiк баждарды, салықтарды салудың объектiсi болып табылады.
2. Тауарлардың кедендiк құны және (немесе) олардың заттай көрiнiсiндегi физикалық сипаттамасы (саны, тауар тұтынылғанға дейiн және бөлшек сауда үшiн ұсынылғанға дейiн тауардан ажырамайтын, оның алғашқы буып-түюi ескерiлген массасы, көлемi немесе өзге де сипаттамалары) тауарлардың түрлерiне және қолданылатын ставкаларының түрлерiне қарай кедендiк баждарды есептеуге арналған база болып табылады.
3. Салықтарды есептеуге арналған салықтық база Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес айқындалады.
125-бап. Кедендiк баждарды, салықтарды есептеу
(есепке жазу)
1. Осы Кодексте және (немесе) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында көзделген жағдайларды қоспағанда, кедендiк баждарды, салықтарды төлеушiлер баждарды, салықтарды дербес есептейдi.
2. Кедендiк баждарды, салықтарды өндiрiп алу кезiнде төленуге жататын кедендiк баждардың, салықтардың сомасын есептеудi (есепке жазуды) кедендiк баждар, салықтар төленуге тиiстi кеден органы жүргiзедi.
3. Төленуге жататын кедендiк баждардың, салықтардың сомаларын есептеу, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында көзделген жағдайларды қоспағанда, ұлттық валютамен жүзеге асырылады.
4. Егер осы Кодексте өзгеше белгiленбесе, төлеуге және (немесе) өндiрiп алуға жататын кедендiк баждардың сомасы, кедендiк баждарды және кедендiк баж ставкаларының тиiстi түрiн есептеуге арналған базаны қолдану арқылы анықталады.
5. Төлеуге және (немесе) өндiрiп алуға жататын салықтардың сомасы Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес айқындалады.
6. Осы Кодекстiң 138-бабының 2-тармағының екiншi бөлiгiнде белгiленген жағдайда, кедендiк баждардың, салықтардың сомалары, олар төленуге тиiс кеден одағына мүше мемлекеттердiң заңнамасына сәйкес есептеуге жатады.
7. Шетелдiк тауарларға қатысты кедендiк әкелу баждарының, салықтарының жалпы сомасы, осы шетелдiк тауарларға қатысты өзге кедендiк рәсiм мәлiмделген жағдайда кеден органы кедендiк декларацияны қабылдаған күнi қолданыста болған кедендiк баждардың, салықтардың ставкаларын шетелдiк тауарларға қолданған кезде кедендiк баждар, салықтар ставкаларының өзгеруi салдарынан кедендiк баждардың, салықтардың сомасы ұлғаятын жағдайларды қоспағанда, шетелдiк тауарлар осы Кодекстiң 121-бабы 1-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көрсетiлген кедендiк баждарды, салықтарды төлеу бойынша жеңiлдiктер есепке алынбай, iшкi тұтынуға шығарылған жағдайда төлеуге жататын кедендiк баждардың, салықтардың сомасынан асып кетуiне болмайды.
8. Шартты шығарылған тауарлар кедендiк төлемдердi және салықтарды төлеуден толық немесе iшiнара босатылған мақсаттардан өзге мақсаттарда пайдаланылған жағдайда төленуге тиiстi кедендiк төлемдер мен салықтарды есепке жазу үшiн, осы Кодекстiң 158-бабына сәйкес өсiмпұлдар төленiп, кеден органы кедендiк декларацияны тiркеген күнi қолданыста болған кедендiк төлемдер мен салықтардың ставкалары қолданылады.
9. Кеден органы кеден iсi саласында құқық бұзушылықты анықтаған кезде, кедендiк баждарды, салықтарды есептеудi кеден органы осы Кодекстiң 158-бабына сәйкес өсiмпұлдар төлей отырып жүргiзедi.
126-бап. Кедендiк баждардың, салықтардың ставкаларын
қолдану
1. Осы Кодексте және (немесе) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында өзгеше көзделмесе, кедендiк төлемдер мен салықтарды есептеу мақсаттары үшiн кеден органы кедендiк декларацияны тiркеген күнi қолданыста болған ставкалар қолданылады.
2. Егер осы Кодексте және (немесе) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында өзгеше көзделмесе, кедендiк әкелу баждарын есептеу мақсаттары үшiн Кеден одағының бiрыңғай кедендiк тарифiнде белгiленген ставкалар қолданылады.
3. Кедендiк әкету баждарын есептеу мақсаттары үшiн, Кеден одағының комиссиясы үшiншi елдерге қатысты кедендiк әкету баждарын қолдану мәселелерiн реттейтiн Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес, қалыптастыратын тауарлардың жиынтық тiзбесiне енгiзiлген тауарларға қатысты Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген ставкалар қолданылады.
4. Егер осы баптың 5-тармағында өзгеше белгiленбесе, тауарлар кедендiк рәсiммен орналастырылған не кеден одағының кедендiк шекарасы арқылы тауарларды заңсыз өткiзу фактiлерi анықталған кезде салықтарды есептеу мақсаттары үшiн Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгiленген ставкалар қолданылады.
5. Салықтарды есептеу мақсаттары үшiн, егер кеден одағына мүше мемлекеттердiң халықаралық шарттарында айқындалған тәртiппен кедендiк транзит рәсiмiмен орналастырылған тауарлардың кеден одағына мүше басқа мемлекеттiң аумағында орналастырылғаны белгiленген (расталған) болса, осы кеден одағына мүше мемлекеттiң заңнамасында белгiленген ставкалар қолданылады.
127-бап. Кедендiк төлемдер мен салықтарды есептеу
мақсаттары үшiн шетел валютасын қайта есептеу
Кедендiк төлемдер мен салықтарды есептеу үшiн, оның iшiнде кеден iсi саласындағы сыртқы экономикалық қызметтi жүзеге асырған кезде төленуге жататын тауарлардың кедендiк құнын айқындау үшiн, төлеушi, егер осы Кодексте және (немесе) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында өзгеше көзделмесе, кеден органының кедендiк декларацияны тiркеген күнiнде, не төлеушi тауарларды негiзгi кедендiк ресiмдеуге байланысты емес кедендiк төлемдi жүзеге асырған күнi айқындалған, Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес валюта ауыстырудың нарықтық бағамын қолдана отырып, шетел валютасын ұлттық валютаға және (немесе) ұлттық валютаны шетел валютасына қайта есептеудi жүргiзедi.
15-тарау. КЕДЕНДIК БАЖДАРДЫ, САЛЫҚТАРДЫ ТӨЛЕУ
ЖӘНЕ ЕСЕПТЕУ МЕРЗIМДЕРI МЕН ТӘРТIБI
128-бап. Кедендiк баждарды, салықтарды төлеушiлер
Декларант немесе өздерiне осы Кодекске және (немесе) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына және (немесе) Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес кедендiк баждарды, салықтарды төлеу жөнiнде мiндет жүктелген өзге де тұлғалар кедендiк баждарды, салықтарды төлеушiлер болып табылады.
129-бап. Кедендiк баждарды, салықтарды төлеу жөнiндегi
мiндеттiң туындауы және тоқтатылуы.Кедендiк
баждарды, салықтарды төлемеу жағдайлары
1. Кедендiк баждарды, салықтарды төлеу жөнiндегi мiндеттер осы Кодекстiң 130, 253, 258, 270, 298, 315, 318, 331, 332, 341, 354, 365, 378, 387, 394, 404, 411 және 472-баптарына сәйкес туындайды.
2. Кедендiк баждарды, салықтарды төлеу жөнiндегi мiндеттер мынадай:
1) осы Кодексте белгiленген мөлшерлерде кедендiк баждар, салықтар төленген немесе өндiрiп алынған;
2) осы тауарларды пайдалану және (немесе) оған билiк ету жөнiндегi шектеулермен ұштаспаған кедендiк баждарды, салықтарды төлеу бойынша жеңiлдiктердi бере отырып, тауарлар iшкi тұтыну үшiн шығару кедендiк рәсiмiмен орналастырылған;
3) авария салдарынан немесе еңсерiлмейтiн күштiң әсерiнен не тасудың (тасымалдаудың) және (немесе) сақтаудың қалыпты жағдайы кезiндегi табиғи шығын нәтижесiнде шетел тауарлары жойылған (қайтарымсыз жоғалған);
4) егер кедендiк баждардың, салықтардың төленбеген сомасының мөлшерi кедендiк баждарды, салықтарды төлеу жөнiндегi мiндеттер туындаған кезде қолданыста болған Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес белгiленетiн валюталардың нарықтық бағамы бойынша бес евроға балама сомадан аспаған;
5) егер кедендiк баждарды, салықтарды төлеу жөнiндегi мiндет тауарларды мемлекет пайдасына бас тарту кедендiк рәсiмiмен орналастыруға кедендiк декларация тiркелгенге дейiн туындаса, тауарлар осы кедендiк рәсiммен орналастырылған;
6) тауарлар мемлекет меншiгiне айналдырылған;
7) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тауарлардан, оның iшiнде тауарлар құны есебiнен өндiрiп алынған;
8) мәлiмделген кедендiк рәсiмге сәйкес тауарларды осы кедендiк рәсiмге орналастыруға кедендiк декларацияны тiркеген кезде туындаған кедендiк баждарды, салықтарды төлеу жөнiндегi мiндеттерге қатысты тауарларды шығарудан бас тартылған;
9) осы Кодексте айқындалған тәртiппен оны өндiрiп алу үмiтсiз деп танылған және есептен шығарылған;
10) осы Кодексте кедендiк баждарды, салықтарды төлеу жөнiндегi мiндеттердi тоқтату байланыстырылатын мән-жайлар туындаған жағдайларда тоқтатылады.
3. Кедендiк баждар, салықтар:
1) тиiстi кедендiк рәсiм талаптары сақталған кезде, осындай төлеудi көздемейтiн кедендiк рәсiмдермен тауарларды орналастыру кезiнде;
2) жеке пайдалануға арналған тауарларды қоспағанда, кедендiк баждарды, салықтарды төлеу жөнiндегi мiндеттер туындаған кезде қолданыста болған Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес белгiленетiн нарықтық валюта бағамы бойынша жалпы кедендiк құны екi жүз евроға баламалы сомадан аспайтын, бiр көлiк (тасымалдау) құжаты бойынша бiр жөнелтушiден бiр алушының мекенжайына тауарларды әкелу кезiнде;
3) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында белгiленген жағдайларда тауарларды жеке пайдалану үшiн өткiзу кезiнде;
4) егер осы Кодекске және (немесе) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес тауарлар кедендiк баждар, салықтар салудан босатылса (кедендiк баждар, салықтар салынбаса) және осыған байланысты босату берiлу талаптары сақталған кезде төленбейдi.
4. Осы Кодекстiң 306-бабының 1-тармағының 15) және 16) тармақшаларында көрсетiлген кедендiк рәсiмдермен тауарларды орналастыру кезiнде кедендiк баждарды, салықтарды төлеу жөнiндегi мiндеттердiң туындауы мен тоқтатылуы Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында айқындалады.
130-бап. Кедендiк баждарды, салықтарды төлеу жөнiндегi
мiндеттердiң туындауы мен тоқтатылуы және
тауарларды кеден одағының кедендiк
шекарасы арқылы заңсыз өткiзу кезiнде
оларды төлеу мерзiмдерi
1. Тауарларды кеден одағының кедендiк шекарасы арқылы заңсыз өткiзу кезiнде кедендiк әкелу баждарын, салықтарын төлеу жөнiндегi мiндет тауарларды Қазақстан Республикасының аумағына әкелу кезiнде туындайды.
Тауарларды кеден одағының кедендiк шекарасы арқылы заңсыз өткiзу кезiнде кедендiк әкету баждарын төлеу жөнiндегi мiндет тауарларды Қазақстан Республикасының аумағынан әкету кезiнде туындайды.
2. Егер тауарларды заңсыз өткiзген тұлға және тауарларды заңсыз өткiзуге қатысатын тұлғалар мұндай өткiзудiң заңсыз екендiгiн бiлсе немесе бiлуге тиiс болса, тауарларды кеден одағының кедендiк шекарасы арқылы заңсыз өткiзу кезiнде кедендiк баждарды, салықтарды төлеу жөнiндегi мiндет оларда бiрге туындайды, ал тауарларды Қазақстан Республикасының аумағына әкелу кезiнде, егер заңсыз әкелiнген тауарларды меншiгiне немесе иелiгiне алған кезде олардың заңсыз әкелiнгенiн бiлген немесе бiлуге тиiс болған тұлғаларда да туындайды.
3. Осы баптың 2-тармағында көрсетiлген тұлғалардың тауарларды кеден одағының кедендiк шекарасы арқылы заңсыз өткiзуi кезiнде кедендiк баждарды, салықтарды төлеу жөнiндегi мiндетi осы Кодекстiң 129-бабының 2-тармағында белгiленген жағдайларда тоқтатылады.
4. Осы тармақтың екiншi бөлiгiнде көрсетiлген жағдайды қоспағанда, тауарларды кеден одағының кедендiк шекарасы арқылы заңсыз өткiзу кезiнде – тауарларды кеден одағының кедендiк шекарасы арқылы өткiзу күнi, ал егер бұл күн анықталмаса, тауарларды кеден одағының кедендiк шекарасы арқылы заңсыз өткiзу фактiсi анықталған күн кедендiк баждарды, салықтарды төлеу мерзiмi болып есептеледi.
Тауарларды кеден одағының кедендiк шекарасы арқылы дұрыс емес декларациялаумен заңсыз өткiзу жағдайында, кедендiк транзит кедендiк рәсiмiн қоспағанда, кеден органының тауарларды кедендiк рәсiммен орналастыру үшiн берiлген кедендiк декларацияны тiркеу күнi кедендiк баждарды, салықтарды төлеу мерзiмi болып есептеледi.
5. Осы тармақтың екiншi бөлiгiнде көрсетiлген жағдайды қоспағанда, тауарларды кеден одағының кедендiк шекарасы арқылы заңсыз өткiзу кезiнде кедендiк баждар, салықтар:
1) тауарларды Қазақстан Республикасының аумағына әкелген кезде – кедендiк баждардың, салықтардың ставкалары және Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес белгiленген және тауарлар кеден одағының кедендiк шекарасын кесiп өткен күнi, ал егер бұл күн анықталмаса, кеден одағының кедендiк шекарасы арқылы тауарларды заңсыз өткiзу фактiсi анықталған күнi қолданыста болған валюталардың нарықтық бағамы негiзге алынып есептелген кедендiк баждарды, салықтарды төлеу жөнiндегi тарифтiк преференцияларды және жеңiлдiктердi есепке алмай, осындай тауарларды iшкi пайдалану үшiн шығару кедендiк рәсiмiмен орналастыру кезiнде төленуге жататын кедендiк әкелу баждарының, салықтарының сомаларына сәйкес келетiн мөлшерде;
2) тауарларды Қазақстан Республикасының аумағынан әкету кезiнде - кедендiк баждардың, салықтардың ставкалары және Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес белгiленген және тауарлар кеден одағының кедендiк шекарасын кесiп өткен күнi, ал егер бұл күн анықталмаса, кеден одағының кедендiк шекарасы арқылы тауарларды заңсыз өткiзу фактiсi анықталған күнi қолданыста болған валюталардың нарықтық бағамы негiзге алынып есептелген, кедендiк баждарды, салықтарды төлеу жөнiндегi тарифтiк преференцияларды және жеңiлдiктердi есепке алмай, осындай тауарларды экспорт кедендiк рәсiмiмен орналастыру кезiнде төлеуге жататын кедендiк әкету баждарының тиiстi сомаларына сәйкес келетiн мөлшерде төленуге жатады.
Тауарларды кеден одағының кедендiк шекарасы арқылы дұрыс емес декларациялаумен заңсыз өткiзу жағдайында кедендiк баждар, салықтар, кедендiк транзит кедендiк рәсiмiн қоспағанда, тауарларды кедендiк рәсiммен орналастыру үшiн берiлген кедендiк декларацияны кеден органы тiркеген күнi мәлiмделген кедендiк рәсiммен осындай тауарларды орналастыру кезiндегi дұрыс мәлiметтер негiзiнде төленуге жататын кедендiк баждардың, салықтардың тиiстi сомаларына сәйкес келетiн мөлшерде төленуге жатады. Бұл ретте, кедендiк декларациялау кезiнде iс жүзiнде төленген кедендiк баждардың, салықтардың сомалары қайта төленбейдi (өндiрiп алынбайды), ал кедендiк баждардың, салықтардың артық төленген (өндiрiп алынған) сомалары осы Кодекстiң 17 және 18-тарауларына сәйкес қайтарылуға жатады.
6. Тауарларды кеден одағының кедендiк шекарасы арқылы заңсыз өткiзу кезiндегi кедендiк баждар, салықтар осы тарауға сәйкес есептеледi.
Егер төленуге жататын кедендiк баждардың, салықтардың сомасын анықтау тауарлардың сипаты, олардың атауы, саны, шығарылған елi және кедендiк құны туралы нақты мәлiметтердi кеден органына табыс етпегендiктен мүмкiн болмаса, кедендiк баждардың, салықтардың сомалары кедендiк баждар, салықтар ставкаларының неғұрлым көп шамасы, сондай-ақ тауарлардың қолда бар мәлiметтерi негiзiнде анықталуы мүмкiн саны және (немесе) құны негiзге алынып анықталады.
Тауарлар туралы дәлме-дәл мәлiметтер кейiннен анықталған кезде кедендiк баждардың, салықтардың артық төленген немесе артық өндiрiп алынған сомаларын осы Кодекстiң 17 және 18-тарауларына сәйкес қайтару не төленбеген сомаларын өндiрiп алу жүргiзiледi.
131-бап. Кедендiк баждарды, салықтарды төлеу
мерзiмдерi
1. Кедендiк баждарды, салықтарды төлеу мерзiмдерi осы Кодекстiң 130, 253, 258, 270, 298, 315, 318, 331, 332, 341, 354, 365, 378, 387, 394, 404, 456 және 472-баптарында белгiленген.
2. Осы Кодекстiң 306-бабы 1-тармағының 15) және 16) тармақшаларына сәйкес тауарларды кедендiк рәсiмдермен орналастыру кезiнде кедендiк баждарды, салықтарды төлеу мерзiмдерi Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында айқындалады.
3. Осы Кодекстiң 136, 293 және 294-баптарында көзделген жағдайларды қоспағанда, кедендiк баждар, салықтар тауарларды шығарғанға дейiн төленедi.
4. Осы Кодекстiң 283-бабына сәйкес белгiленген кедендiк декларацияны беру мерзiмi бұзылған жағдайда, кедендiк баждарды, салықтарды төлеу мерзiмi кедендiк декларация беруге арналған мерзiм бiткен күнi аяқталады.
5. Шартты түрде шығарылған тауарлар кедендiк баждарды, салықтарды төлеуден босату беруге негiз болған мақсаттардан өзге мақсаттарда пайдаланылған кезде тұлғаның тауарларды пайдалану және оларға билiк ету жөнiндегi шектеулердi бұзған күнi оларды төлеу мерзiмi болып есептеледi. Егер шектеулердi бұзған күндi анықтау мүмкiн болмаса, кедендiк декларация тiркелген күн кедендiк баждарды, салықтарды төлеу мерзiмi болып есептеледi.
6. Тұлға шартты түрде шығарылған тауарларды кедендiк баждар, салықтар салудан босату беруге негiз болған мақсаттардан өзге мақсаттарда пайдалану ниетi туралы өтiнiш жасаған кезде, аталған өтiнiштi кеден органында тiркеу күнi оларды төлеу мерзiмi болып есептеледi.
132-бап. Талап қоюдың өту мерзiмi
1. Кеден органдарының талаптары бойынша немесе төлеушiнiң талаптары бойынша:
1) кеден органы төлеушiге кедендiк баждардың, салықтардың, кедендiк алымдардың және өсiмпұлдардың сомасын есепке жазуға немесе төлеушi есептеген соманы қайта қарауға құқылы;
2) төлеушi кеден органдарынан кедендiк баждардың, салықтардың, кедендiк алымдардың және өсiмпұлдардың сомасын есептеудi және (немесе) қайтаруды талап етуге құқылы;
3) төлеушi кеден органдарының талап етуi бойынша кедендiк баждардың, салықтардың, кедендiк алымдардың және өсiмпұлдардың сомасын төлеуге мiндеттi;
4) кеден органы төлеушiнiң өтiнiшi бойынша кедендiк баждардың, салықтардың, кедендiк алымдардың және өсiмпұлдардың артық (қате) төленген сомалары бар екендiгi туралы растау құжатын беретiн;
5) төлеушi кеден одағының кеден заңнамасына сәйкес кедендiк декларацияға өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы өтiнiш беруге құқылы болатын уақыт кезеңi талап қоюдың өту мерзiмi болып табылады.
2. Кеден органдарының және төлеушiлердiң талаптары бойынша талап қоюдың өту мерзiмi бес жыл болады.
Талап қоюдың өту мерзiмi:
1) осы баптың 3-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, тауарларды кедендiк декларациялау аяқталған күннен бастап;
2) кедендiк баждардың, салықтардың төленуiн қамтамасыз етудiң ақшаны уақытша орналастыру есебiне қамтамасыз ету сомасын енгiзу түрiнде кеден iсi саласындағы уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшесiнде немесе кеденде тiркелген күннен бастап;
3) кеден органы тауарларды сыныптау жөнiнде, тауарлардың шығарылған елiн растау туралы алдын ала шешiмдер қабылдаған күннен бастап;
4) кеден органы кедендiк алып жүру туралы шешiм қабылдаған күннен бастап есептеледi.
3. Кеден органы таңдап алынған кедендiк рәсiмге сәйкес кедендiк бақылауда тұрған тауарлар бойынша тауарлардың кедендiк бақылауда тұру кезеңi iшiнде және тауарлардың кедендiк бақылауда тұру кезеңi аяқталғаннан кейiн бес жыл iшiнде төленуге тиiс кедендiк төлемдердiң, салықтар мен өсiмпұлдардың сомаларын есепке жазуға немесе қайта қарауға құқылы.
4. Осы баптың 1-тармағында белгiленген талаптар бойынша талап қою мерзiмi – кедендiк бақылау жүргiзу кезеңiнде, оның iшiнде тауар шығарылғаннан кейiн өтiп кеткен жағдайда, төлеушi Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен кедендiк тексеру нәтижелерiне және (немесе) жоғары тұрған кеден органының шағымды қарау нәтижелерi бойынша шығарған шешiмiне, сондай-ақ кеден органының және (немесе) кеден органы лауазымды адамының шешiмiне, әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану кезеңiндегi талап қоюдың өту мерзiмi кеден органының кедендiк бақылау нәтижелерi бойынша шығарған шешiмi орындалғанға дейiн, оның iшiнде тауарлар шығарылғаннан, шағым және (немесе) талап қою қаралғаннан кейiн ұзартылады.
133-бап. Кедендiк баждарды, салықтарды төлеу мерзiмдерiн
өзгерту
1. Кедендiк баждарды, салықтарды төлеу мерзiмдерiн өзгерту кейiнге қалдыру немесе бөлiп-бөлiп төлеу нысанында жүргiзiледi.
2. Кедендiк баждарды төлеу мерзiмiн өзгертудiң негiздемесi, талаптары мен тәртiбi Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында айқындалады.
3. Салықтарды төлеу мерзiмдерiн өзгертудiң негiздемесi, талаптары мен тәртiбi Қазақстан Республикасының салық заңнамасында айқындалады.
134-бап. Кедендiк баждарды төлеу мерзiмдерiн өзгерту
ұғымы және талаптары
1. Кедендiк баждарды төлеу мерзiмдерiн өзгерту деп осы Кодексте белгiленген кедендiк әкелу баждарын төлеу мерзiмiн неғұрлым кеш мерзiмге ауыстыру танылады.
2. Кедендiк баждарды төлеу мерзiмдерi өзгерген кезде пайыз қосып есептелмейдi.
3. Бұл ретте төлеушiге кедендiк баждарды төлеу мерзiмiн ұзарту құқығын беру - мерзiмiн ұзарту, ал төлеушiге кедендiк баждарды көрсетiлген бөлiп-бөлiп төлеу кестесiне сәйкес тең үлестермен кезең-кезеңмен төлеу құқығын беру бөлiп-бөлiп төлеу болып табылады.
4. Кедендiк баждарды төлеу мерзiмiн ұзартуды немесе бөлiп-бөлiп төлеудi Қазақстан Республикасының халықаралық шартында айқындалған негiздердiң ең болмағанда бiрi болған жағдайда төлеушiге кеден iсi саласындағы уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшесi не кеден ұсынады.
5. Кедендiк баждарды төлеу мерзiмiн ұзарту немесе бөлiп-бөлiп төлеу iшкi тұтыну үшiн шығару кедендiк рәсiмiмен орналастырылатын тауарларға қатысты және кедендiк баждарды төлеудi қамтамасыз еткен жағдайда осы Кодекстiң 16-тарауында көзделген тәртiппен берiледi.
135-бап. Кедендiк баждарды төлеу мерзiмiн кейiнге
қалдыруды немесе бөлiп-бөлiп төлеудi ұсыну
туралы шешiм және оның қолданылу мерзiмi
1. Кедендiк баждарды төлеу мерзiмiн кейiнге қалдыру немесе бөлiп-бөлiп төлеудi ұсыну туралы не оны ұсынудан бас тарту туралы шешiм төлеушiнiң жазбаша өтiнiшi және Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген құжаттар берiлген күннен бастап он жұмыс күнiнен аспайтын мерзiмде қабылданады.
Кедендiк баждарды төлеу мерзiмiн кейiнге қалдыру немесе бөлiп-бөлiп төлеудi ұсыну туралы өтiнiште көрсетiлетiн мәлiметтер тiзбесi Қазақстан Республикасының халықаралық шартында айқындалады.
2. Кедендiк баждарды төлеу мерзiмiн кейiнге қалдыру немесе бөлiп-бөлiп төлеудi ұсыну туралы не оны ұсынудан бас тарту туралы шешiм жазбаша нысанда жасалады, оған кеден iсi саласындағы уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшесiнiң не кеденнiң басшысы немесе оны алмастыратын тұлға қол қояды. Осы шешiм көрсетiлген кеден органы кедендiк баждарды төлеу мерзiмiн ұзарту немесе бөлiп-бөлiп төлеудi ұсыну туралы шешiмдi қабылдаған күннен кейiнгi келесi күннiң аяқталуынан кешiктiрiлмей төлеушiге жiберiледi.
Кедендiк баждарды бөлiп-бөлiп төлеудi ұсыну туралы шешiмге бөлiп-бөлiп төлеудi ұсынған кеден органының келiсiмi бойынша төлеушi жасаған кезең-кезеңмен төлеу кестесi қоса берiледi. Көрсетiлген кесте кедендiк баждарды төлеу мерзiмiн белгiлейдi және осы шешiмнiң ажырамас бөлiгi болып табылады.
3. Төлеу мерзiмiн кейiнге қалдыруға немесе бөлiп-бөлiп төлеуге мәлiмделген кедендiк баж сомасын есептеп шығару үшiн Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес белгiленетiн және кедендiк баждарды төлеу мерзiмiн кейiнге қалдыру немесе бөлiп-бөлiп төлеудi ұсыну туралы өтiнiш кеден органында тiркелген күнi қолданыста болған валюталардың нарықтық бағамы қабылданады.
4. Кедендiк баждарды төлеу мерзiмiн кейiнге қалдыру немесе бөлiп-бөлiп төлеудi ұсынудан бас тарту туралы шешiмде мұндай бас тартудың себебi туралы мәлiмет қамтылуға тиiс.
Кедендiк баждарды төлеу мерзiмiн кейiнге қалдыру немесе бөлiп-бөлiп төлеудi ұсыну туралы шешiм Қазақстан Республикасының халықаралық шартында айқындалған жағдайларда жойылуға жатады. Бұл ретте мұндай шешiмдi жойған кеден органы кедендiк баждарды төлеу мерзiмiн кейiнге қалдыру немесе бөлiп-бөлiп төлеудi алу туралы өтiнiш берген тұлғаны жазбаша нысанда хабардар етедi.
136-бап. Ұсынылған кедендiк бажды төлеу мерзiмiн
кейiнге қалдыру немесе бөлiп-бөлiп төлеу
сомаларын өтеу мерзiмдерi
1. Кедендiк бажды төлеу мерзiмдерi өзгерген кезде төлеушi:
1) төлеу мерзiмiн кейiнге қалдыру ұсынылған кезде – кейiнге қалдыру мерзiмi аяқталған күннен кешiктiрмей;
2) бөлiп-бөлiп төлеу ұсынылған кезде - кедендiк әкелу бажын төлеу бойынша бөлiп-бөлiп төлеудi өтеу кестесiне сәйкес кедендiк бажды төлеу мерзiмiнен кешiктiрмей кедендiк баждар сомасын өтеудi жүргiзедi.
2. Төлеушi төлеу мерзiмi өзгертiлген кедендiк баждың сомасын уақтылы өтемеген немесе өнеркәсiптiк қайта өңдеуде пайдалануға арналып әкелiнген тауарды көрсетiлген төлеу мерзiмiн кейiнге қалдыру немесе бөлiп-бөлiп төлеудiң қолданылу мерзiмi аяқталғанға дейiн өткiзген жағдайларда, кеден iсi саласындағы уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшесi не кеден осы Кодекстiң 18-тарауында көзделген тәртiппен кедендiк баждың барлық сомасын өндiрiп алу жөнiнде шаралар қабылдайды.
137-бап. Кедендiк бажды төлеудiң мерзiмiн кейiнге
қалдыру немесе бөлiп-бөлiп төлеудi ұсыну туралы
шешiмнiң қолданысын тоқтату
Кедендiк бажды төлеу мерзiмiн кейiнге қалдыру немесе бөлiп-бөлiп төлеудi ұсыну туралы шешiмнiң қолданылуы мынадай мерзiмдерде:
1) кеден органы кедендiк бажды төлеу мерзiмiн кейiнге қалдыру немесе бөлiп-бөлiп төлеудi ұсыну туралы шешiмде белгiлеген төлеу мерзiмiн кейiнге қалдыру немесе бөлiп-бөлiп төлеу мерзiмi аяқталғанда;
2) төлеушi кедендiк бажды төлеу мерзiмiн кейiнге қалдыру немесе бөлiп-бөлiп төлеудi ұсыну туралы шешiмде көрсетiлген кедендiк баждың барлық сомасын мерзiмiнен бұрын өтеген кезде;
3) төлеушi төлеу мерзiмiн кейiнге қалдыру немесе бөлiп-бөлiп төлеудiң қолданылу мерзiмi аяқталғанға дейiн жүзеге асырмастан өнеркәсiптiк өңдеуде пайдалану үшiн әкелiнген тауарларды өткiзген кезде тоқтатылады.
138-бап. Кедендiк баждарды, салықтар мен
өсiмпұлдарды төлеу және аудару тәртiбi
1. Кедендiк баждар, салықтар мен өсiмпұлдар, кедендiк транзит кедендiк рәсiмiмен шығарылған тауарларды қоспағанда, тауарларды шығару жүргiзiлетiн кеден органында немесе аумағында тауарларды кеден одағының кедендiк шекарасы арқылы заңсыз өткiзу фактiсi айқындалған кеден органында төленедi (өндiрiлiп алынады).
2. Кедендiк транзит кедендiк рәсiмiмен орналастырылған тауарларға қатысты кедендiк баждарды, салықтарды төлеу жөнiндегi мiндет туындаған жағдайда, кедендiк баждар, салықтар тауарларды кедендiк транзит кедендiк рәсiмiне сәйкес шығарған кеден органына төленуге тиiс.
Транзиттiк кеден рәсiмiмен орналастырылған тауарлар кеден одағына мүше басқа мемлекеттiң аумағында екендiгi Қазақстан Республикасының халықаралық шартында айқындалған тәртiппен анықталса (расталса), кедендiк баждар, салықтар кеден одағына мүше осы мемлекетте төленуге тиiс.
3. Төлеушi кедендiк баждарды, салықтар мен өсiмпұлдарды бюджетке ұлттық валютамен қолма-қол ақша әдiсiмен және қолма-қол ақшасыз әдiспен, сондай-ақ осы Кодексте белгiленген тәртiппен есепке жатқызуды жүргiзу жолымен төлейдi.
4. Кедендiк баждарды, салықтар мен өсiмпұлдарды төлеу кедендiк баждардың, салықтар мен өсiмпұлдың түрiне сәйкес Қазақстан Республикасының кiрiстердiң бiрыңғай бюджеттiк сыныптамасының (бұдан әрi – бюджеттiк сыныптау кодтары) тиiстi кiрiстер коды бойынша жүргiзiледi.
5. Төлеушiлер кедендiк баждарды, салықтарды төлеудi қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөнiндегi уәкiлеттi органның лицензиясы бар екiншi деңгейдегi банктер, сондай-ақ банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар арқылы жүргiзедi. Кедендiк баждарды, салықтар мен өсiмпұлды төлеуге арналған төлем құжаттарында төлеушi кеден органы тiркелген жердегi салық органының (бұдан әрi бенефициар салық органы) деректемелерiн көрсетедi.
6. Төлеушiнiң тапсырмасы бойынша кедендiк баждарды, салықтар мен өсiмпұлды үшiншi тұлғалар төлеген кезде төлем құжатының төлем арналымында кедендiк баждарды, салықтар мен өсiмпұлды төлеу жүргiзетiн төлеушiнiң толық атауы, сондай-ақ оның сәйкестендiру нөмiрi қосымша көрсетiледi.
7. Төлеушiнiң кедендiк баждар, салықтар бойынша алда тұрған мiндеттемелерiнiң есебiне аванспен кедендiк баждарды, салықтарды енгiзуге құқығы бар. Кедендiк баждардың, салықтардың түрлерi бойынша оларды аванспен енгiзу кiрiстердiң бiрыңғай бюджеттiк сыныптау кодтары бойынша жүргiзiледi.
8. Кедендiк әкелу баждарының төленген (өндiрiп алынған) сомалары Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында белгiленген тәртiппен кеден одағына мүше мемлекеттер арасында есепке жатқызуға және бөлуге жатады.
9. Төлеушi немесе үшiншi тұлға төлеушiнiң шотына кеден баждарын, салықтар мен өсiмпұлды төлеген кезде, осы тармақта көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазынашылық органдары кеден органына және бенефициар салық органына кеден iсi саласындағы уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен күн сайын беретiн кiрiстердiң бюджеттiк сыныптамасының кодтары бойынша түсiмдердiң есептiлiк нысандары олардың төленгенiнiң растамасы болып табылады.
Төлеушi кедендiк баждарды, салықтарды кеден органдарының ғимараттарында орнатылған екiншi деңгейдегi банктердiң электрондық терминалдары арқылы төлем карточкаларын пайдалана отырып төлеген кезде, аталған электрондық терминал беретiн чек тауарларды шығару үшiн олардың бюджетке төленуiнiң растамасы болып табылады.
Төлеушi немесе үшiншi тұлға төлеушiнiң шотына кедендiк баждарды, салықтарды тiкелей кеден органының ғимараттарында (үй-жайларында) орналасқан екiншi деңгейдегi банктердiң және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың кассалары арқылы төлеген кезде, аталған кассалардың түбiртектерi тауарларды шығару үшiн олардың бюджетке төленуiнiң растамасы болып табылады.
Бұл ретте, осы тармақта көрсетiлген екiншi деңгейдегi банктердiң және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың кеден органдарымен жасасқан тиiстi шарттары болуға тиiс.
10. Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында реттелмеген кедендiк әкету баждарын төлеу жөнiндегi мiндеттердi орындау тәртiбi, нысаны, төлеу талаптары, сәтi осы Кодексте белгiленедi.
11. Осы Кодексте және Кеден одағының кеден кодексiнде реттелмеген бюджетке аудару, артық (қате) төленген немесе бюджеттен артық өндiрiп алынған кедендiк баждардың, салықтардың, өсiмпұлдардың сомаларын қайтару тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайды.
12. Осы Кодекстiң 301-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында аталған шартты түрде шығарылған тауарларға қатысты кедендiк баждарды, салықтарды төлеу бойынша мiндеттi тоқтату үшiн кедендiк баждар, салықтар сомасын төлеу декларанттың немесе шартты түрде шығарылған тауарларға қатысты өкiлеттiктерге ие тұлғаның аталған тауарларды шартты түрде шығаруды жүргiзетiн кеден органына берген, кедендiк баждардың, салықтардың тиiстi сомасын төлегенiн растайтын төлем құжаттары, сондай-ақ тауарларды шартты түрде шығару жүзеге асырылатын кедендiк декларацияның көшiрмесi қоса берiлген өтiнiшi негiзiнде жүзеге асырылады.
Кедендiк баждар, салықтар тауарларды шартты түрде шығару жүзеге асырылатын кедендiк декларацияда есептелген және кедендiк баждарды, салықтарды төлеу бойынша жеңiлдiктер берiлуiне байланысты төленбеген кедендiк баждар, салықтар сомасына сәйкес келетiн мөлшерде төленедi.
139-бап. Екiншi деңгейдегi банктердiң және банк
операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге
асыратын ұйымдардың бюджетке кедендiк баждарды,
салықтарды, кедендiк алымдарды және өсiмпұлдарды
аудару бөлiгiндегi мiндеттерi
Екiншi деңгейдегi банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар:
РҚАО-ның ескертпесi!
1) тармақшаның 2012.01.01 дейiн қолданысы тоқтатылды (ҚР 2010.06.30 N 298-IV Заңының 10-бабын қараңыз).
1) бюджетке кедендiк баждарды, салықтарды, кедендiк алымдарды және өсiмпұлдарды төлеу үшiн Қазақстан Республикасының резиденттерiнен төлем құжаттарын қабылдаған кезде төлеушiнiң сәйкестендiру нөмiрiнiң сәйкестендiру нөмiрлерiн қалыптастыру қағидаларына және Қазақстан Республикасының сәйкестендiру нөмiрлерiн қалыптастыруды және сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмдерiн жүргiзудi жүзеге асыратын уәкiлеттi мемлекеттiк органының деректерiне сәйкес дұрыс көрсетiлуiн бақылауға;
2) бюджетке кедендiк баждарды, салықтарды, кедендiк алымдарды және өсiмпұлдарды төлеу үшiн Қазақстан Республикасының резидент еместерiнен төлем құжаттарын қабылдаған кезде жеке басын куәландыратын құжаттардың және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген өзге де құжаттардың дұрыс көрсетiлуiн бақылауға;
3) төлеушiнiң банк шотында ақша жеткiлiктi болған кезде төлеушiнiң кедендiк баждар, салықтар, кедендiк алымдар мен өсiмпұлдар сомаларын аударуға тапсырмасын орындауды кешiктiрмеуге және оны бiр операциялық күн iшiнде орындауға;
4) кедендiк баждарды, салықтарды, кедендiк алымдарды және өсiмпұлдарды төлеушi қолма-қол ақшаны екiншi деңгейдегi банкке немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымға енгiзген күннен кейiнгi келесi операциялық күннен кешiктiрмей аударуға;
5) кедендiк баждарды, салықтарды, кедендiк алымдар мен өсiмпұлдарды төлеу екiншi деңгейдегi банктердiң электрондық терминалы арқылы, төлем карточкасын пайдаланып жүргiзiлген жағдайда, төлеушiнiң банк шотынан қолма-қол ақша есептен шығарылған күннен кейiнгi келесi операциялық күннен кешiктiрмей аударуға мiндеттi.
140-бап. Кедендiк баждардың, салықтардың және кедендiк
алымдардың төленуiн бақылау
1. Кеден органдары өндiрiп алу өздерiне жүктелген кедендiк төлемдер мен салықтардың бюджетке дұрыс есептелуiне және уақтылы төленуiне бақылауды жүзеге асырады.
2. Кедендiк баждардың, салықтардың, кедендiк алымдардың және өсiмпұлдардың бюджетке түсуiн есепке алу және төлеушiнiң жеке шоттарын жүргiзу тәртiбi осы Кодексте белгiленедi, ал онда реттелмеген бөлiгiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.
141-бап. Кедендiк баждарды, салықтарды және кедендiк
алымдар мен өсiмпұлдарды төлеу жөнiндегi
мiндеттеменiң орындалуын есепке алу
1. Кедендiк баждарды, салықтарды және кедендiк алымдар мен өсiмпұлдарды төлеу жөнiндегi мiндеттеменiң орындалуын есепке алуды кеден органы төлеушiнiң жеке шотын жүргiзу арқылы жүзеге асырады.
2. Кедендiк баждардың, салықтардың, кедендiк алымдар мен өсiмпұлдардың есептелген, есепке жазылған (кемiтiлген), аударылған және төленген (есепке жатқызылғандары және қайтарылғандары ескерiлген) сомасын есепке алуға арналған құжат, оның iшiнде электрондық нысандағы құжат төлеушiнiң жеке шоты болып табылады.
3. Кеден органының төлеушiнiң жеке шотын жүргiзуi:
жеке шотты ашуды;
жеке шотта бұдан әрi кедендiк баждардың, салықтардың, кедендiк алымдар мен өсiмпұлдардың есептелген, есепке жазылған, кемiтiлген, аударылған, төленген, есепке жатқызылған, қайтарылған сомаларын көрсетудi;
жеке шотты жабуды қамтиды.
4. Мыналар:
төлеушi кедендiк декларацияда, кедендiк декларацияның түзетуiнде;
кеден органы осы Кодекстiң 290, 399 және 405-баптарына сәйкес жүргiзген кедендiк баждардың, салықтардың, кедендiк алымдар мен өсiмпұлдардың сомасын ұлғайтуды немесе кемiтудi қамтитын сома кедендiк баждардың, салықтардың, кедендiк алымдар мен өсiмпұлдың есептелген (кемiтiлген) сомасы болып табылады.
5. Кедендiк баждардың, салықтардың, кедендiк алымдар мен өсiмпұлдардың сомасын ұлғайтуды немесе кемiтудi қоса алғанда:
кедендiк бақылау нәтижелерi бойынша;
жоғары тұрған кеден органының не соттың төлеушiнiң пост-кедендiк бақылау нәтижелерi туралы хабарламасына, кеден органының және (немесе) кеден органы лауазымды адамының шешiмiне, әрекетiне (әрекетсiздiгiне) төлеушiнiң шағымын қарау нәтижелерi бойынша;
бақылаушы органдардың тексеру нәтижелерi бойынша;
алдын ала шешiм қабылдау кезiнде;
тауарлар мен көлiк құралдарын кедендiк алып жүру туралы шешiм қабылдаған кезде кеден органы алған кедендiк баждардың, салықтардың, кедендiк алымдар мен өсiмпұлдың есептелген сомасы болып табылады.
6. Төлеушiнiң жеке шоты Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен және нысандар бойынша кедендiк баждардың, салықтардың, кедендiк алымдар мен өсiмпұлдардың түрлерi бойынша жүргiзiледi.
7. Төлеушiнiң жеке шоты бюджеттiк сыныптама кодына сәйкес жүргiзiледi.
8. Төлеушiнiң жазбаша өтiнiшi бойынша кедендiк баждар, салықтар, кедендiк алымдар мен өсiмпұлдар бойынша кеден органымен салыстыру кеден органы аталған өтiнiштi тiркеген күннен бастап он жұмыс күнi iшiнде жүргiзiледi.
Салыстыру аяқталғаннан кейiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген нысан бойынша, екi дана етiп салыстыру актiсi жасалады. Салыстыру актiсiнiң бiр данасы төлеушiге тапсырылады, екiншi данасы кеден органында қалады.
142-бап. Кедендiк баждар, салықтар мен кедендiк алымдар
бойынша берешектiң жоқтығы және (немесе) бар
екендiгi туралы мәлiметтердi ұсыну тәртiбi
1. Төлеушi кедендiк баждар, салықтар мен кедендiк алымдар бойынша берешектiң жоқтығы және (немесе) бар екендiгi туралы мәлiметтердi алу үшiн кеден iсi саласындағы уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшесiне немесе кеденге өтiнiш беруге құқылы.
2. Кеден органы аталған берешектiң жоқтығы және (немесе) бар екендiгi туралы мәлiметтердi төлеушiге:
1) дара кәсiпкердi қызметiн тоқтату немесе заңды тұлғаны таратуды, қайта ұйымдастыруды мемлекеттiк тiркеу кезiнде қажеттi кедендiк баждар, салықтар және кедендiк алымдар бойынша берешектiң жоқтығы туралы анықтаманы (бұдан әрi осы баптың мақсаттарында – берешектiң жоқтығы туралы анықтама);
2) осы тармақтың 1) тармақшасында белгiленген жағдайларды қоспағанда, өзге жағдайларда кедендiк баждар, салықтар мен кедендiк алымдар бойынша берешектiң жоқтығы (бар екендiгi) туралы анықтаманы (бұдан әрi осы баптың мақсатында – берешектiң жоқтығы (бар екендiгi) туралы анықтама) жасау және беру арқылы табыс етедi.
3. Кеден органы кеден органдарында ашылған жеке шоттардың деректерiн ескере отырып, берешектiң жоқтығы туралы анықтаманы, берешектiң жоқтығы (бар екендiгi) туралы анықтаманы жасайды.
4. Берешектiң жоқтығы туралы анықтама, берешектiң жоқтығы (бар екендiгi) туралы анықтама басшының немесе оны алмастыратын тұлғаның қолымен және анықтаманы жасаған кеден органының мөрiмен куәландырылады.
5. Жеке кәсiпкердiң қызметi тоқтатылған немесе заңды тұлға таратылған, қайта ұйымдастырылған жағдайда кеден органы берешектiң жоқтығы туралы анықтаманы және (немесе) берешектiң жоқтығы (бар екендiгi) туралы анықтаманы төлеушiнiң аталған анықтаманың бiреуiн алуға арналған өтiнiшiнiң және кедендiк баждар, салықтар мен кедендiк алымдар бойынша салыстыру актiсiнiң негiзiнде бередi.
6. Кеден органы төлеушiнiң аталған анықтамалардың бiреуiн алуға арналған өтiнiшi тiркелген күннен бастап бес жұмыс күнiнен кешiктiрмей берешектiң жоқтығы туралы анықтаманы және (немесе) берешектiң жоқтығы (бар екендiгi) туралы анықтаманы беруге мiндеттi.
16-тарау. КЕДЕНДIК БАЖДАРДЫҢ, САЛЫҚТАРДЫҢ ТӨЛЕНУIН
ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ
143-бап. Кедендiк баждардың, салықтардың төленуiн
қамтамасыз етудiң жалпы шарттары
1. Кедендiк баждарды, салықтарды төлеу жөнiндегi мiндеттi орындау мынадай:
1) кедендiк транзит кедендiк рәсiмiне сәйкес тауарларды тасымалдау;
2) егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген болса, кедендiк баждарды, салықтарды төлеу мерзiмдерiн өзгерту;
3) тауарларды кеден аумағынан тыс жерде қайта өңдеудiң кедендiк рәсiмiмен орналастыру;
4) осы Кодекстiң 299 және 300-баптарына сәйкес тауарларды шығару кезiнде;
5) тауарларды кедендiк қоймаға iс жүзiнде орналастырмай, кедендiк қойма кедендiк рәсiмiмен орналастыру;
6) кеден аумағында қайта өңдеу рәсiмiмен орналастырылған шетелдiк тауарларды баламалы тауарлармен ауыстыру;
7) осы Кодекстiң 112-бабына сәйкес тауарларды шартты шығару жүзеге асырылатын кедендiк құнды айқындау;
8) мерзiмдiк кедендiк декларациялау;
9) тауарларды алушының қоймаларына осы Кодекстiң 265-бабына сәйкес орналастыру;
10) кедендiк тасымалдаушы немесе кеден өкiлi ретiнде қызметтi жүзеге асыру;
11) уәкiлеттi экономикалық оператор мәртебесiн беру үшiн және оның уәкiлеттi экономикалық оператор ретiнде қызметтi жүзеге асыру жағдайларында қамтамасыз етiледi.
2. Кедендiк баждардың, салықтардың төленуiн қамтамасыз ету:
1) егер төленуге жататын кедендiк баждардың, салықтардың және пайыздардың сомалары – кедендiк декларация тiркелген күнi, ал егер кедендiк декларация ұсынылмайтын болса, қамтамасыз етудi ұсынбау туралы шешiм қабылданған күнi қолданыста болған, Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес белгiленетiн валюталардың нарықтық бағамы бойынша бес жүз евроға баламалы сомадан аспайтын болса;
2) осы Кодексте көзделген басқа жағдайларда берiлмейдi.
3. Кедендiк баждардың, салықтардың төленуiн қамтамасыз етудi – төлеушi және кеден өкiлi, ал тауарларды кедендiк транзит кедендiк рәсiмiне сәйкес тасымалдаған кезде, егер осы Кодексте өзгеше белгiленбесе, төлеушiнiң орнына оларға қатысты кедендiк баждардың, салықтардың төленуiн қамтамасыз ету жүргiзiлетiн тауарларға билiк ету, пайдалану және (немесе) пайдалану құқығы бар өзге тұлға да жүргiзедi.
4. Кедендiк баждардың, салықтардың төленуiн қамтамасыз ету тауарларды шығаруды жүзеге асыратын кеден органына берiледi.
Егер кедендiк баждардың, салықтардың төленуiн қамтамасыз етудi кеден өкiлi және (немесе) кедендiк тасымалдаушы беретiн болса, мұндай қамтамасыз ету ол қызмет аймағында тiркелген кеден органына берiлуге тиiс.
5. Тауарларды кедендiк транзит кедендiк рәсiмiне сәйкес тасымалдаған кезде кедендiк баждардың, салықтардың төленуiн қамтамасыз ету жөнелтушiнiң кеден органына не межелi кеден органына берiлуi мүмкiн.
Кедендiк баждардың, салықтардың төленуiн қамтамасыз етудi қабылдаған кеден органы осындай қамтамасыз етудi растайтын құжатты табыс етедi. Осындай құжатты беру тәртiбi және мұндай құжаттың нысаны, сондай-ақ оның қолданылу мерзiмi Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында айқындалады.
6. Кедендiк баждардың, салықтардың төленуiн қамтамасыз етудi қайтару (есепке жатқызу) кеден органы қамтамасыз етiлген мiндеттемелердiң орындалуына көз жеткiзген жағдайда не қамтамасыз етiлген мiндеттеме туындамаған жағдайда жүзеге асырылады.
7. Кеден органдарында кедендiк баждардың, салықтардың төленуiн қамтамасыз етудi есепке алу тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайды.
144-бап. Кедендiк баждардың, салықтардың төленуiн
қамтамасыз ету тәсiлдерi
1. Кедендiк баждардың, салықтардың төленуiн қамтамасыз ету мынадай тәсiлдермен:
ақшамен;
банк кепiлдiгiмен;
кепiлгерлiкпен;
мүлiктiк кепiлмен;
сақтандыру шартымен жүзеге асырылады.
2. Төлеушi осы баптың 1-тармағында көрсетiлген кедендiк баждардың, салықтардың төленуiн қамтамасыз ету тәсiлдерiнiң кез келгенiн таңдауға құқылы.
3. Төлеушiнiң кедендiк баждарды, салықтарды төлеу жөнiндегi мiндеттеменi орындауы мiндеттеменiң қолданылу мерзiмi iшiнде үздiксiз қамтамасыз етiлуге тиiс. Ұсынылатын кедендiк баждардың, салықтардың төленуiн қамтамасыз етудiң қолданылу мерзiмi осы кеден органы алдында қабылданған мiндеттеменi орындау туралы талапты кеден органының уақтылы жолдауы үшiн жеткiлiктi болуы қажет.
4. Осы тарауда пайдалану мақсатында кедендiк баждардың, салықтардың төленуiн ақша арқылы қамтамасыз ету тәсiлi деп кеден органдарының жеке және заңды тұлғалардың ақшалары уақытша орналастырылатын қолма-қол ақшаны бақылау шотына ақша енгiзуi (бұдан әрi – қамтамасыз ету сомаларын ақшаны уақытша орналастыру шотына енгiзу) түсiнiледi.
5. Қамтамасыз ету сомаларын кеден органының ақшаны уақытша орналастыру шотына енгiзу түрiнде кедендiк баждардың, салықтардың төленуiн қамтамасыз ету төлеушiнiң ақшаны уақытша орналастыру шотына қамтамасыз ету сомасын қабылдаған кеден органының алдында пайда болатын мiндеттемелерiне ғана қолданылады.
Кедендiк баждардың, салықтардың төленуiн мүлiктiк кепiл түрiнде қамтамасыз ету төлеушiмен кепiл шартын жасасқан кеден органы алдындағы осы төлеушiнiң мiндеттемелерiне ғана қолданылады.
6. Кедендiк баждардың, салықтардың төленуiн қамтамасыз ету осы баптың 1-тармағында көзделген екi немесе бiрнеше тәсiлдi құрамдастыру жолымен жүзеге асырылуы мүмкiн.
145-бап. Қамтамасыз ету сомаларын кеден органының
ақшаны уақытша орналастыру шотына енгiзу
1. Ақшаны уақытша орналастыру шотын бюджеттiң атқарылуы жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган кеден iсi саласындағы уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшелерiне және кедендерге ашады.
2. Кеден органының ақшаны уақытша орналастыру шоты төлеушiнiң кедендiк баждардың, салықтардың төленуiн қамтамасыз ету сомаларын енгiзуге арналған. Қамтамасыз ету сомаларын ақшаны уақытша орналастыру шотына салу Қазақстан Республикасының ұлттық валютасымен жүргiзiледi.
3. Төлеушi ақшамен қамтамасыз етiлген мiндеттеменi орындамаған кезде кеден органы аталған мiндеттеменi орындамау фактiсi анықталғаннан кейiн күнтiзбелiк он бес күн өткен соң ақшаны уақытша орналастыру шотынан бюджетке кедендiк баждар мен салықтардың төленуге жататын сомаларын аударады.
146-бап. Банк кепiлдiгiн кедендiк баждардың, салықтардың
төленуiн қамтамасыз ету ретiнде қолдану
1. Кеден органы кедендiк баждардың, салықтардың төленуiн қамтамасыз ету ретiнде банк операцияларын жүргiзуге арналған лицензиясы бар банктер тiзiлiмiне енгiзiлген банктер берген банк кепiлдiктерiн қабылдайды.
2. Банк кепiлдiгiнiң мазмұны Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген талаптарға сәйкес болуға тиiс.
3. Кеден органы кедендiк баждардың, салықтардың төленуiн қамтамасыз ету ретiнде банк кепiлдiгiн қабылдаудан мынадай жағдайлардың бiрiнде:
1) банк кепiлдiгiн берген банк осы баптың 1-тармағында көрсетiлген банктер тiзiлiмiне енгiзiлмеген және банк кепiлдiгiн беру жөнiндегi өкiлдiктерi жоқ болса;
2) банк кепiлдiгiнiң мазмұны Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келмесе;
3) төленуi банк кепiлдiгiмен қамтамасыз етiлетiн кедендiк баждардың, салықтардың сомасы банк кепiлдiгiмен расталатын кедендiк баждардың, салықтардың сомасынан асып кетсе;
4) банк кепiлдiгi қолданылуының аяқталу мерзiмi кедендiк баждардың, салықтардың төленуiн қамтамасыз ету жөнiндегi төлеушi мiндеттемесiнiң орындалу мерзiмiнен аз болса, бас тартады.
Кеден органы банк кепiлдiгiн кедендiк баждардың, салықтардың төленуiн қамтамасыз ету ретiнде қабылдаудан бас тартқан кезде кеден органы мұндай бас тартудың себептерiн негiздей отырып, бұл туралы аталған банк кепiлдiгiн ұсынған төлеушiнi екi жұмыс күнi iшiнде жазбаша хабардар етедi.
4. Кедендiк баждарды, салықтарды төлеу жөнiндегi мiндеттеме орындалмаған жағдайда кеден органы банк кепiлдiгiнде көзделген мiндеттердi орындау мерзiмдерi аяқталғаннан кейiн бес жұмыс күнi iшiнде кедендiк баждардың, салықтардың тиесiлi сомаларын төлеу туралы талапты банкке жiбередi. Бұл ретте, кедендiк баждардың, салықтардың төленуiн қамтамасыз ету жөнiндегi мiндеттеменiң орындалу мерзiмдерi аяқталғаннан кейiнгi күннен бастап өсiмпұлдар есептеледi.
5. Кеден органының кедендiк баждардың, салықтардың және өсiмпұлдардың тиесiлi сомаларын төлеу жөнiндегi талабы осындай талап алынған күннен бастап екi жұмыс күнi iшiнде банктiң бұлжытпай және мiндеттi орындауына жатады. Банк кеден органының талаптарын орындамаған немесе орындау мерзiмдерiн бұзған жағдайда Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
147-бап. Кепiлгерлiк шартын кедендiк баждардың,
салықтардың төленуiн қамтамасыз ету ретiнде
қолдану
1. Кеден органы Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес жасалған кепiлгерлiк шартын кедендiк баждардың, салықтардың төленуiн қамтамасыз ету ретiнде қабылдайды.
Кепiлгер ретiнде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасында тiркелген дара кәсiпкерлер, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған заңды тұлғалар өкiлдiк ете алады.
Бұл ретте, кепiлдiк берушi мынадай:
қамтамасыз ету сомаларын уақытша ақша орналастыру шотына енгiзу;
банк кепiлдiгi;
мүлiктiк кепiл;
сақтандыру шарты тәсiлдерiнiң бiрiмен кедендiк баждардың, салықтардың төленуiн қамтамасыз етуге тиiс.
Кепiлдiк берушi, өсiмпұлдарды төлеудi қоса алғанда, кеден органының алдында төлеушiмен бiрдей көлемде жауапты болады.
2. Кеден органы кепiлгерлiк шартын кедендiк баждардың, салықтардың төленуiн қамтамасыз ету ретiнде қабылдаудан мынадай жағдайлардың бiрiнде:
1) табыс етiлген кепiлгерлiк шарты Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес келмеген;
2) кепiлгер кедендiк баждардың, салықтардың төленуiн қамтамасыз етпеген;
3) төленуi кепiлгерлiк шартымен қамтамасыз етiлетiн кедендiк баждардың, салықтардың сомасы кепiлгерлiк шартымен расталатын кедендiк баждардың, салықтардың сомасынан асып кеткен;
4) кепiлгерлiк шарты қолданылуының аяқталу мерзiмi кедендiк баждардың, салықтардың төленуiн қамтамасыз ету жөнiндегi төлеушi мiндеттемесiнiң орындалу мерзiмiнен аз болған жағдайда бас тартады.
3. Төлеушi кедендiк баждарды, салықтарды төлеу жөнiндегi мiндеттеменi орындамаған жағдайда кеден органы кепiлгерлiкте көзделген мiндеттердi орындау мерзiмдерi аяқталғаннан кейiн бес жұмыс күнi iшiнде кедендiк баждардың, салықтар мен өсiмпұлдардың тиесiлi сомаларын төлеу туралы талапты кепiлгерге жiбередi. Бұл ретте, кедендiк баждардың, салықтардың төленуiн қамтамасыз ету жөнiндегi мiндеттемелердiң орындалу мерзiмдерi аяқталғаннан кейiнгi күннен бастап өсiмпұлдар есептеледi.
4. Кеден органының кедендiк баждардың, салықтардың және өсiмпұлдардың тиесiлi сомаларын төлеу жөнiндегi талабы осындай талап алынған күннен бастап екi жұмыс күнi iшiнде кепiлгердiң бұлжытпай және мiндеттi орындауына жатады.
Кепiлгер кеден органының талаптарын орындамаған немесе орындау мерзiмдерiн бұзған жағдайда Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
148-бап. Мүлiктiк кепiлдi кедендiк баждардың,
салықтардың төленуiн қамтамасыз ету ретiнде
қолдану
1. Кеден органы кедендiк баждардың, салықтардың төленуiн қамтамасыз ету ретiнде мүлiктiк кепiл шарты негiзiнде мүлiк кепiлiн қабылдайды.
2. Мүлiктiк кепiл шарты төлеушi және (немесе) үшiншi тұлға мен оның алдында кедендiк баждарды, салықтарды төлеу бойынша төлеушiнiң мiндеттемесi туындаған кеден органы арасында жасалады.
Мүлiктiк кепiл шарты төлеушi кепiлге берiлетiн мүлiктiң нарықтық құнын бағалау туралы бағалаушының есебiн қоса бере отырып мүлiктiк кепiл шартын жасасу туралы жазбаша өтiнiш берген күннен бастап күнтiзбелiк он бес күн iшiнде жасалады.
Кедендiк баждардың, салықтардың төленуiн қамтамасыз ету мақсатындағы кепiл затының нарықтық құны Қазақстан Республикасының бағалау қызметi туралы заңнамасына сәйкес бағалаушы мен төлеушi арасындағы шарт бойынша жүргiзiлген бағалау туралы есепте айқындалған құны болып табылады.
Бағалаушының кепiл мүлкiнiң нарықтық құнын бағалау туралы есебi төлеушi кепiл шартын жасасу туралы кеден органдарына жазбаша өтiнiш берген күнге дейiн күнтiзбелiк он бес күннен ерте жасалмауға тиiс.
3. Мүлiктiк кепiл шарты мынадай талаптар бiр мезгiлде сақталған кезде жасалады:
1) мүлiктiк кепiл шарты Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген талаптарға сәйкес келуге тиiс;
2) кепiлге берiлетiн мүлiк өтiмдi, жойылудан немесе бүлiнуден сақтандырылған болуға тиiс және оның нарықтық құны оны өткiзу жөнiндегi шығыстарды қоса алғанда, кепiл затымен қамтамасыз етiлетiн кедендiк баждарды, салықтарды төлеу жөнiндегi мiндеттеменiң мөлшерiнен төмен болмауы қажет.
4. Мыналарды:
1) тыныс-тiршiлiктi қамтамасыз ету объектiлерiн;
2) тұтқындалған мүлiктi;
3) мемлекеттiк органдар шектеулер салған мүлiктi;
4) үшiншi тұлғалардың құқықтары болу ауыртпалығы бар мүлiктi;
5) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес азаматтық айналымнан алып тасталған мүлiктi;
6) электр, жылу энергиясын және энергияның өзге де түрлерiн;
7) тез бүлiнетiн тауарларды;
8) мүлiктiк құқықтарды;
9) Қазақстан Республикасының шегiнен тыс жердегi мүлiктi қоспағанда, кез-келген мүлiк кедендiк баждардың, салықтардың төленуiн қамтамасыз ету мақсатындағы кепiл заты бола алады.
5. Кепiлге алу кезiнде, егер кеден органы өзге шешiм қабылдамаса, кепiл заты кепiл берушiде қалады.
Төлеушi қабылдаған, қамтамасыз етiлуi үшiн кепiл ресiмделген мiндеттеме орындалғанға дейiн кепiл берушi кепiл затына билiк етуге құқылы емес.
6. Кепiлдi ресiмдеу Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
7. Кепiлдiк затынан өндiрiп алу Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес жүргiзiледi.
149-бап. Сақтандыру шартын кедендiк баждардың,
салықтардың төленуiн қамтамасыз ету ретiнде
қолдану
1. Кеден органы кедендiк баждардың, салықтардың төленуiн қамтамасыз ету ретiнде сақтандыру қызметiн жүзеге асыру құқығына арналған лицензиясы бар, сақтандыру ұйымдарының тiзiлiмiне енгiзiлген сақтандыру ұйымдары берген шарттарды қабылдайды.
2. Сақтандыру шартының мазмұны Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген талаптарға сәйкес болуға тиiс.
3. Кеден органы мынадай жағдайлардың бiрiнде:
1) сақтандыру шартын берген сақтандыру ұйымы осы баптың 1-тармағында көрсетiлген сақтандыру ұйымдарының тiзiлiмiне енгiзiлмеген;
2) табыс етiлген сақтандыру шарты Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген талаптарға сәйкес келмеген;
3) төленуi сақтандыру шартымен қамтамасыз етiлетiн кедендiк баждардың, салықтардың сомасы сақтандыру шартымен расталатын кедендiк баждардың, салықтардың сомасынан асып кеткен;
4) сақтандыру шарты қолданылуының аяқталу мерзiмi кедендiк баждардың, салықтардың төленуiн қамтамасыз ету жөнiндегi төлеушi мiндеттемесiнiң орындалу мерзiмiнен аз болғанда, кедендiк баждардың, салықтардың төленуiн қамтамасыз ету ретiнде сақтандыру шартын қабылдаудан бас тартады.
Сақтандыру шартын кедендiк баждардың, салықтардың төленуiн қамтамасыз ету ретiнде қабылдаудан бас тартқан кезде кеден органы бас тарту себептерiн негiздей отырып, көрсетiлген сақтандыру шартын табыс еткен төлеушiнi бұл туралы үш күн iшiнде жазбаша хабардар етедi.
4. Кедендiк баждарды, салықтарды төлеу жөнiндегi мiндеттеме орындалмаған жағдайда кеден органы сақтандыру ұйымына аталған сақтандыру шартында көзделген мiндеттеменiң орындалу мерзiмдерi аяқталғаннан кейiн бес жұмыс күнi iшiнде кедендiк баждардың, салықтардың тиесiлi сомаларын төлеу туралы талапты жiбередi. Бұл ретте, кедендiк баждардың, салықтардың төленуiн қамтамасыз ету жөнiндегi мiндеттеменiң орындалу мерзiмдерi аяқталған күннен кейiнгi келесi күннен бастап өсiмпұлдар есептеледi.
5. Кеден органының кедендiк баждардың, салықтар мен өсiмпұлдардың тиесiлi сомаларын төлеу туралы талабы осындай талап алынған күннен бастап екi жұмыс күнi iшiнде сақтандыру ұйымының бұлжытпай және мiндеттi орындауына жатады. Сақтандыру ұйымы кеден органының талаптарын орындамаған немесе орындау мерзiмдерiн бұзған кезде Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
150-бап. Кедендiк баждардың, салықтардың төленуiн бас
қамтамасыз ету
1. Егер Қазақстан Республикасының аумағында бiр тұлға белгiлi бiр мерзiмде бiрнеше кеден операциясын жасаса, кеден органына осындай барлық операцияны жасау үшiн кедендiк баждардың, салықтардың төленуiн қамтамасыз ету берiлуi мүмкiн.
Егер кедендiк баждардың, салықтардың төленуiн бас қамтамасыз етумен қамтамасыз етiлген мiндеттемелер бұзылған жағдайда, бiрнеше кеден органының кез келгенi кедендiк баждардың, салықтардың төленуiн бас қамтамасыз етудi пайдалануы мүмкiн болса, кеден органдары Қазақстан Республикасының аумағында бiрнеше кеден органында кеден операцияларын жасау үшiн осы кедендiк баждардың, салықтардың төленуiн бас қамтамасыз етудi қабылдайды.
2. Төлеушiнiң жазбаша өтiнiшi бойынша кеден органдары осы Кодекстiң 144-бабында белгiленген кедендiк баждардың, салықтардың төленуiн қамтамасыз ету тәсiлдерiнiң бiрiне сәйкес келетiн кедендiк баждардың, салықтардың төленуiн бас қамтамасыз етудi қабылдайды.
Төлеушiлер кедендiк баждардың, салықтардың төленуiн бас қамтамасыз етудi осы Кодекстiң 143-бабында белгiленген жағдайларда туындайтын кедендiк баждардың, салықтардың төленуiн қамтамасыз ету жөнiндегi бiр немесе бiрнеше мiндеттеме бойынша бередi.
Аталған кедендiк баждардың, салықтардың төленуiн бас қамтамасыз етудi кеден органдары төлем төлеушiнiң өтiнiшiнде айқындалған мерзiмге қабылдайды. Бұл ретте кедендiк баждардың, салықтардың төленуiн бас қамтамасыз етудiң қолданылу мерзiмi төлеушiнiң өтiнiшiнде көрсетiлген кезең iшiнде туындайтын кедендiк баждардың, салықтардың төленуiн қамтамасыз ету жөнiндегi төлеушiнiң мiндеттемелерiн орындау мерзiмiнен артық болуға тиiс.
3. Кедендiк баждардың, салықтардың төленуiн бас қамтамасыз етудiң қолданылу тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайды.
151-бап. Кедендiк баждардың, салықтардың төленуiн
қамтамасыз ету сомасын айқындау
1. Кедендiк баждардың, салықтардың төленуiн қамтамасыз ету сомасы, осы баптың 3-тармағында және осы Кодекстiң 3-тарауында белгiленген жағдайларды қоспағанда, кедендiк баждарды, салықтарды төлеу жөнiндегi тарифтiк преференциялар мен жеңiлдiктердi есепке алмай, тауарларды iшкi тұтыну немесе экспорт үшiн шығару кедендiк рәсiмдерiне орналастыру кезiнде төленуге жататын кедендiк баждардың, салықтардың сомаларына негiзделе отырып айқындалады.
2. Кедендiк баждардың, салықтардың төленуiн қамтамасыз ету сомасы, оның iшiнде кедендiк баждардың, салықтардың төленуiн бас қамтамасыз ету сомасы:
1) мынадай:
кедендiк транзит рәсiмi бойынша тасымалданатын;
кедендiк қоймаға iс жүзiнде орналастырмай кедендiк қойма кедендiк рәсiмiмен мәлiмделетiн;
керi экспорт кедендiк рәсiмiмен орналастырылатын акцизделетiн тауарлардың
осы Кодекстiң 112-бабына сәйкес тауарларды шығару жүзеге асырылатын кедендiк құнды айқындау кезiнде;
мерзiмдiк кедендiк декларациялау кезiнде;
осы Кодекстiң 265-бабына сәйкес тауарлар мен көлiк құралдарын алушының қоймасына орналастырылатын;
шығаруы осы Кодекстiң 96 және 298-баптарына сәйкес жүргiзiлетiн;
кедендiк баждарды, салықтарды төлеу мерзiмдерi өзгертiлген;
осы Кодекстiң 84-бабына сәйкес жинақталмаған түрiнде жеткiзiлетiн тауарларға қатысты;
кеден аумағында қайта өңдеу кедендiк рәсiмiмен орналастырылған тауарлар мен көлiк құралдарына қатысты iшкi тұтыну үшiн шығару кедендiк рәсiмiмен;
2) кеден аумағынан тыс жерде қайта өңдеу кедендiк рәсiмiмен орналастырылатын тауарларға қатысты экспорттың кедендiк рәсiмiне мәлiмделген кездегiдей төленуге жататын кедендiк баждардың, салықтардың сомасынан төмен болмауға тиiс.
3. Тауарларды кедендiк транзит кедендiк рәсiмiмен орналастырған кезде кедендiк баждардың, салықтардың төленуiн қамтамасыз ететiн сома тарифтiк преференциялар мен кедендiк баждарды, салықтарды төлеу бойынша жеңiлдiктердi есепке алмай, iшкi тұтыну үшiн тауарлар шығару немесе экспорт кедендiк рәсiмдерiмен орналастыру кезiнде төленуге жататын кедендiк баждардың, салықтардың сомаларына негiзделе отырып айқындалады, бiрақ тауар кедендiк баждарды, салықтарды төлеу бойынша тарифтiк жеңiлдiктер мен преференцияларды есепке алмай, iшкi тұтыну үшiн тауарларды шығарудың немесе экспорттың кедендiк ресiмдерiмен кеден одағына мүше басқа мемлекеттердiң аумақтарында орналастырылған сияқты кеден одағына мүше осы мемлекеттердiң аумақтарында төленуге жататын кедендiк төлемдердiң, салықтардың сомаларынан кем болмауға тиiс. Бұл ретте, кедендiк баждардың, салықтардың төленуiн қамтамасыз ету сомаларын айқындау үшiн Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес белгiленетiн валюталардың нарықтық бағамы қолданылады.
4. Егер кедендiк баждардың, салықтардың төленуiн қамтамасыз ету сомаларын айқындау кезiнде төленуге тиiс сомаларды кеден органына тауарлардың сипаты, олардың атауы, саны, шығарылған елi және кедендiк құны туралы мәлiметтердi ұсынбау себептi нақты айқындау мүмкiн болмаса, қамтамасыз ету сомасы Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен қолда бар мәлiметтер негiзге алынып айқындалатын кедендiк баждардың, салықтардың ставкаларының неғұрлым үлкен шамасы, тауарлардың құны және (немесе) олардың заттай түрдегi физикалық сипаттамалары (саны, массасы, көлемi немесе өзге де сипаттамалары) негiзiнде айқындалады.
5. Тауарлар осы Кодекстiң 299 және 300-баптарына сәйкес шығарылған кезде кедендiк баждардың, салықтардың төленуiн қамтамасыз ету сомасы мәлiметтердi тексеру нәтижесiнде қосымша есепке жазылуы мүмкiн кедендiк баждардың, салықтардың сомасы ретiнде айқындалады және осы баптың 1, 3 және 4-тармақтарында белгiленген талаптар ескерiле отырып, төленуге жататын кедендiк баждардың, салықтардың мөлшерiне әсер етедi.
6. Тауарлардың жекелеген түрлерiне қатысты осы баптың 1, 3 және 4-тармақтарында белгiленген талаптар ескерiле отырып, кедендiк баждардың, салықтардың төленуiн қамтамасыз етудiң тiркелген сомалары белгiленуi мүмкiн.
7. Тауарларды осы Кодекстiң 112-бабына сәйкес шығарған кезде кедендiк баждардың, салықтардың төленуiн қамтамасыз ету сомасы, осы баптың 4-тармағының ережелерi ескерiле отырып, қосымша тексеру нәтижесiнде қосымша есепке жазылуы мүмкiн кедендiк баждардың, салықтардың сомасы ретiнде айқындалады.
152-бап. Кедендiк баждардың, салықтардың төленуiн
қамтамасыз етудi тiркеу
1. Кедендiк баждардың, салықтардың төленуiн бас қамтамасыз етудi және кедендiк транзит кедендiк рәсiмiне сәйкес кедендiк баждардың, салықтардың төленуiн қамтамасыз етудi қоспағанда, кедендiк баждардың, салықтардың төленуiн қамтамасыз етудi тiркеу сыртқы экономикалық қызметке қатысушының немесе кеден iсi саласындағы қызметтi жүзеге асыратын тұлғаның кедендiк баждарды, салықтарды төлеу жөнiндегi мiндеттемесiнiң орындалуын бақылауды жүзеге асыратын кеден органында жүргiзiледi.
Кедендiк баждардың, салықтардың төленуiн бас қамтамасыз етудi тiркеу кедендiк баждардың, салықтардың төленуiн қамтамасыз етудi талап ететiн кедендiк операцияларды жүзеге асыратын кеден органдарының бiрiнде жүзеге асырылады.
Кедендiк баждардың, салықтардың төленуiн қамтамасыз етудi, оның iшiнде кедендiк баждардың, салықтардың төленуiн бас қамтамасыз етудi тiркеу кеден органында өтiнiш тiркелген күннен кейiнгi бiр жұмыс күнiнен кешiктiрiлмей жүргiзiледi.
2. Кедендiк баждардың, салықтардың қамтамасыз етiлуiн тiркеу үшiн төлеушi кедендiк баждардың, салықтардың төленуiн қамтамасыз етудiң таңдаған тәсiлiне байланысты кедендiк баждардың, салықтардың төленуiн қамтамасыз етудi растайтын мынадай құжаттардың бiрiн:
1) кеден органының ақшаны уақытша орналастыру шотына ақшаның аударылғаны туралы төлем құжатының көшiрмесiн;
2) төлеушi мен кеден органы арасында жасалған мүлiктiк кепiл шартын және бағалаушының кепiлдегi мүлiктiң нарықтық құнын бағалау туралы есебiн;
3) кепiлгер банк пен төлеушi арасында жасалған банк кепiлдемесi шартын және банк кепiлдiгiн;
4) кепiлгерлiк шартын;
5) сақтандыру шартын қоса бере отырып, кеден органына өтiнiш табыс етедi.
3. Өтiнiште мынадай мәлiметтер көрсетiлуге тиiс:
1) төлеушiлер болып табылатын жеке тұлғалар үшiн:
тегi, аты, әкесiнiң аты (ол болған кезде), жеке басын куәландыратын құжаттың нөмiрi және берiлген күнi;
тұрақты тұратын жерiнiң мекенжайы;
кеден одағының кедендiк шекарасын болжамды кесiп өту орнында орналасқан кеден органының атауы (мұндай ақпарат бар болған жағдайда);
салық төлеушiнiң сәйкестендiру нөмiрi;
кедендiк баждардың, салықтардың төленуiн қамтамасыз ету тәсiлi;
аталған қамтамасыз ету кедендiк баждардың, салықтардың төленуiн бас қамтамасыз ету болып табылатыны туралы ақпарат;
кедендiк баждардың, салықтардың төленуiн қамтамасыз ету тәсiлiн растайтын құжаттың нөмiрi және күнi;
2) төлеушiлер болып табылатын заңды тұлғалар үшiн:
атауы және оның заңды мекенжайы;
басшының тегi, аты, әкесiнiң аты (ол бар болған жағдайда);
кедендiк шекараны болжамды кесiп өту орнында орналасқан кеден органының атауы (мұндай ақпарат бар болған жағдайда);
салық төлеушiнiң сәйкестендiру нөмiрi;
кедендiк баждардың, салықтардың төленуiн қамтамасыз ету тәсiлi;
аталған қамтамасыз ету кедендiк баждардың, салықтардың төленуiн бас қамтамасыз ету болып табылатыны туралы ақпарат;
кедендiк баждардың, салықтардың төленуiн қамтамасыз ету тәсiлiн растайтын құжаттың нөмiрi және күнi.
4. Аталған өтiнiш кеден органында тiркелген күннен кейiнгi жұмыс күнiнен кешiктiрмей, есепке алу мақсатында кеден органы кедендiк баждардың төленуiн қамтамасыз ету карточкасын ресiмдейдi.
17-тарау. КЕДЕНДIК БАЖДАРДЫҢ, САЛЫҚТАРДЫҢ,
КЕДЕНДIК АЛЫМДАР МЕН ӨЗГЕ ДЕ АҚШАНЫҢ
АРТЫҚ (ҚАТЕ) ТӨЛЕНГЕН НЕМЕСЕ АРТЫҚ
ӨНДIРIП АЛЫНҒАН СОМАЛАРЫН ҚАЙТАРУ
(ЕСЕПКЕ ЖАТҚЫЗУ)
153-бап. Кедендiк баждардың, салықтардың, кедендiк
алымдардың артық (қате) төленген немесе артық
өндiрiп алынған сомалары
1. Кедендiк баждар, салықтар, кедендiк алымдар ретiнде төленген немесе өндiрiп алынған, мөлшерi осы Кодекске сәйкес төленуге жататын сомалардан асатын және нақты тауарларға қатысты кедендiк баждардың, салықтардың, кедендiк алымдардың нақты түрiнде және сомаларында сәйкестендiрiлген ақша сомалары кедендiк баждардың, салықтардың, кедендiк алымдардың артық (қате) төленген немесе артық өндiрiп алынған сомалары болып табылады.
2. Аудару кезiнде мынадай қателердiң кез келгенiне жол берiлген:
1) төлем құжатында:
төлеушiнiң атауы дұрыс көрсетiлмеген;
салық төлеушiнiң сәйкестендiру нөмiрi дұрыс көрсетiлмеген;
Қазақстан Республикасы салық органының сәйкестендiру нөмiрi дұрыс көрсетiлмеген;
төлемнiң мәтiндiк мақсаты төлем мақсатының кодына және (немесе) бюджеттiк сыныптаманың кодына сәйкес келмеген;
2) төлеушi кедендiк баждың, салықтың, кедендiк алымның түрiн дұрыс таңдамаған;
3) төлеушi өсiмпұлды төлеу кезiнде кедендiк баж, салық, кедендiк алым түрiн дұрыс таңдамаған;
4) банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйым төлеушiнiң төлем құжатын қате орындаған, соның нәтижесiнде кедендiк баждардың, салықтардың, кедендiк алымдардың және өсiмпұлдың сомалары бiрнеше рет аударылған;
5) осы Кодекске сәйкес кедендiк баждардан, салықтардан кедендiк алымдардан босатуға жататын тауарлар бойынша кедендiк баждар, салықтар, кедендiк алымдар және өсiмпұлдар қате төленген;
6) кедендiк баждарды, салықтарды, кедендiк алымдарды төлеуге байланысты өзге де қателерге жол берiлген сома бюджетке кедендiк баждардың, салықтардың, кедендiк алымдар мен өсiмпұлдардың қате төленген сомасы болып табылады.
154-бап. Кедендiк баждардың, салықтардың және кедендiк
алымдардың артық (қате) төленген немесе артық
өндiрiп алынған сомаларын қайтару
(есепке жатқызу)
1. Әкету кедендiк баждарының, салықтардың және кедендiк алымдардың артық (қате) төленген немесе артық өндiрiп алынған сомаларын, аванстық төлемдердiң сомаларын, кедендiк баждардың, салықтардың төленуiн қамтамасыз ету сомаларын қайтару (есепке жатқызу) Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен және жағдайларда жүзеге асырылады.
Кедендiк әкелу баждарының артық (қате) төленген немесе артық өндiрiп алынған сомаларын қайтару (есепке жатқызу) Қазақстан Республикасының халықаралық шартында белгiленген ерекшелiктер ескерiлiп, Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындаған тәртiппен жүзеге асырылады.
2. Кедендiк баждардың, салықтардың, кедендiк алымдар мен өсiмпұлдың артық (қате) төленген сомаларын қайтару (есепке жатқызу) мақсатында төлеушi артық (қате) төленген сомалар төленген күннен бастап бес жылдан кешiктiрiлмейтiн мерзiмде тауарлар мен көлiк құралдарын кедендiк декларациялауды, кедендiк алып жүрудi, алдын ала шешiм қабылдауды жүргiзген кеден органына кедендiк баждардың, салықтардың, кедендiк алымдардың артық (қате) төленген сомаларының бар екендiгiне растау беру туралы өтiнiшпен жүгiнуге құқылы.
3. Кедендiк баждардың, салықтардың, кедендiк алымдардың артық (қате) төленген сомаларының бар екендiгiне растау беру туралы өтiнiшпен бiрге мынадай құжаттардың:
1) кедендiк баждар, салықтар, кедендiк алымдар сомасының төленгенiн растайтын төлем құжатының
2) кедендiк баждар, салықтар, кедендiк алымдар есептелген және төленген кедендiк декларацияның
3) кедендiк алымдарды төлеу кедендiк декларацияны мәлiмдемей жүргiзiлген жағдайларда табыс етiлетiн, жүзеге асырылғаны үшiн кедендiк төлемдер төленген, тауарлар мен көлiк құралдарын кедендiк алып жүру, тауарларды сыныптау жөнiнде немесе тауарлардың шығарылған жерi туралы алдын ала шешiм қабылдау кезiнде ресiмделген басқа құжаттардың көшiрмелерi ұсынылуға тиiс.
4. Кеден органдарының артық (қате) төленген кедендiк баждардың, салықтардың және кедендiк алымдардың сомаларының бар екендiгiне растау беру туралы өтiнiштi қарау мерзiмi төлеушi өтiнiш берген күннен бастап он жұмыс күнiнен аспауға тиiс.
5. Кеден органдары артық (қате) төленген кедендiк баждардың, салықтардың және кедендiк алымдардың сомалары бар екендiгiне растауды ресiмдеудi кедендiк баждар, салықтар, кедендiк алымдар бойынша есептеулердi салыстыру актiсiнiң негiзiнде жүргiзедi.
6. Кедендiк баждардың, салықтардың, кедендiк алымдар мен өсiмпұлдардың артық (қате) төленген сомаларын есепке жатқызуды және (немесе) қайтаруды салық органы олардың төленген жерi бойынша Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес жүргiзедi.
Кедендiк баждарды, салықтарды, кедендiк алымдарды және өсiмпұлдарды есепке жатқызуды және (немесе) қайтаруды кеден органы төлеушiнiң салықтарды, басқа да мiндеттi төлемдердi, кедендiк төлемдердi, өсiмпұлдар мен айыппұлдарды есепке жатқызу жүргiзуге және (немесе) қайтаруға берген, кедендiк баждардың, салықтардың және кедендiк алымдардың артық (қате) төленген сомасының бар екенiне растау қоса тiркелген салық өтiнiшi (бұдан әрi осы бап мақсатында – салық өтiнiшi) негiзiнде жүргiзедi.
Бұл ретте төлеушi салық өтiнiшiн артық (қате) төленген кедендiк баждар, салықтар мен кедендiк алымдар сомасының бар екенiне растау берiлген күннен бастап он бес жұмыс күнiнен кешiктiрмей бередi.
Салық органы бюджетке артық төленген кедендiк баждар, салықтар, кедендiк алымдар мен өсiмпұлдар сомасын есепке жатқызуды Салық кодексiнiң 599-бабында белгiленген төлеушiнiң салық өтiнiшi бойынша есепке жатқызуды жүргiзуге арналған тәртiппен және мерзiмде жүргiзедi.
Бюджетке қате төленген кедендiк баждар, салықтар, кедендiк алымдар мен өсiмпұлдар сомасын есепке жатқызуды немесе қайтаруды салық органы Салық кодексiнiң 601-бабында белгiленген тәртiппен және мерзiмде жүргiзедi.
Кедендiк баждардың, салықтардың, кедендiк алымдар мен өсiмпұлдардың артық төленген сомасын қайтаруды салық органы Салық кодексiнiң 602-бабында белгiленген тәртiппен және мерзiмде, осы тармақта көзделген есепке жатқызу жүргiзiлгеннен кейiн жүргiзедi.
7. Салық органы кедендiк баждардың, салықтардың және кедендiк алымдар мен өсiмпұлдардың артық (қате) төленген сомаларын есепке жатқызу не қайтару туралы шешiм шығарған жағдайда салық органы кедендiк баждардың, салықтардың және кедендiк алымдар мен өсiмпұлдардың артық (қате) төленген сомалары бар екенiн растаудың деректемелерiн көрсете отырып, қорытындыны және кедендiк баждардың, салықтардың және кедендiк алымдар мен өсiмпұлдардың артық (қате) төленген сомаларын есепке жатқызуға не қайтаруға арналған төлем тапсырмасын ресiмдейдi және бюджеттiң атқарылуы жөнiндегi орталық уәкiлеттi органға жiбередi.
8. Бюджеттiң атқарылуы жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган салық органдары табыс еткен құжаттардың негiзiнде артық (қате) төленген сомаларды есепке жатқызуды немесе қайтаруды жүргiзгеннен кейiн қорытындының бiр данасын бенефициар салық органына қайтарады, екiншi данасын кеден органына бередi.
155-бап. Кедендiк баждарды, салықтарды қайтарудың
өзге де жағдайлары
Кедендiк баждарды, салықтарды қайтару, сондай-ақ:
1) кедендiк декларация қайтарып алынған (тауарларды кедендiк декларациялау үшiн кедендiк алымды қайтаруды қоспағанда);
2) ұлтқа неғұрлым қолайлы режим немесе тарифтiк преференциялар режимi қалпына келтiрiлген;
3) кедендiк баждардың төленген сомасын қайтару түрiнде тарифтiк жеңiлдiктер берiлген;
4) кедендiк рәсiмдердiң талаптары шетелдiк тауарларды кеден одағының кедендiк аумағынан тыс жерге әкету немесе оларды жою, не мемлекет пайдасына бас тарту немесе қазақстандық тауарларды не оларды өңдеу өнiмдерiн кеден одағының кедендiк аумағына әкелу кезiнде кедендiк баждардың, салықтардың төленген сомаларын қайтаруды көздейтiн;
5) егер тауарларды жаңадан таңдалған кедендiк рәсiммен (iшкi тұтыну үшiн шығару немесе тауарлардың экспорты кедендiк рәсiмiмен) орналастыру кезiнде төленуге жататын кедендiк баждардың, салықтардың сомалары бастапқы кедендiк рәсiм кезiнде төленген кедендiк баждардың, салықтардың сомаларынан кем болса, бұрын мәлiмделген кедендiк рәсiмдi iшкi тұтыну үшiн шығару немесе тауарлардың экспорты кедендiк рәсiмiне өзгерткен жағдайда жүргiзiледi.
156-бап. Кедендiк баждардың, салықтардың төленуiн
қамтамасыз етудi қайтару
1. Төлеушiге кедендiк баждардың, салықтардың төленуiн, оның iшiнде төлеушi кедендiк баждардың, салықтардың төленуiн бас қамтамасыз ету ретiнде енгiзген төлемдi қайтаруды кеден органы төлеушi мiндеттеменi орындаған жағдайда жүзеге асырады.
2. Кеден органы ақшаны уақытша орналастыру шотынан қамтамасыз ету сомасын қайтаруды төлеушiнiң жазбаша өтiнiшi бойынша, көрсетiлген өтiнiш алынған күннен бастап он жұмыс күнiнен кешiктiрмей жүргiзедi.
3. Төлеушi ақшаны уақытша орналастыру шотынан қамтамасыз ету сомасын қайтару туралы өтiнiштi кеден органына мiндеттеменi орындағаннан кейiн, бiрақ осы Кодекстiң 132-бабына сәйкес мiндеттеменi орындаған күннен кейiнгi күннен бастап бес жылдан кешiктiрмей бередi.
4. Төлеушiнiң банк шотына ақшаны уақытша орналастыру шотынан қамтамасыз ету сомасын қайтаруды ақшаны уақытша орналастыру шотына көрсетiлген сома енгiзiлген кеден органы не мұндай кеден органы таратылған жағдайда оның құқықтық мұрагерi жүзеге асырады.
5. Төлеушiге ақшаны уақытша орналастыру шотынан қамтамасыз ету сомасын қайтару осы Кодекстiң 18-тарауында көзделген кедендiк төлемдердi, салықтар мен өсiмпұлдарды төлеу бойынша берешектi шегере отырып жүзеге асырылады.
6. Ақшаны уақытша орналастыру шотынан қамтамасыз ету сомасын қайтару кезiнде, ол бойынша сыйақы төленбейдi, сомалар индекстелмейдi, банк қызметтерiн көрсету жөнiндегi тарифтердi кеден органы аударылатын ақша есебiнен төлейдi.
7. Төлеушiнiң өтiнiшi бойынша ақшаны уақытша орналастыру шотынан қамтамасыз ету сомасын кеден органы алда болатын кедендiк баждар мен салықтардың есебiне және (немесе) төлеушiнiң кеден органдары алдындағы басқа мiндеттемесi бойынша кедендiк баждар мен салықтардың төленуiн қамтамасыз ету ретiнде есепке жатқызады.
8. Төлеушiнiң ақшаны уақытша орналастыру шотынан қамтамасыз ету сомасын қайтаруға немесе осындай соманы басқа мiндеттемелер бойынша есепке жатқызуға өтiнiшi болмаған жағдайда, кеден органы мынадай талаптар бiр уақытта сақталған:
төлеушi мiндеттеменi орындаған;
осы Кодекстiң 132-бабында белгiленген талап қою мерзiмi аяқталған кезде ақшаны уақытша орналастыру шотынан қамтамасыз ету сомасын бюджетке аударады.
9. Осы баптың 4-6-тармақтарының ережелерi, уақытша демпингке қарсы, арнайы және өтемдiк баждардың қайтарылуына да қолданылады.
10. Егер төлеушi кедендiк баждардың, салықтардың төленуiн қамтамасыз ету ретiнде мүлiктiк кепiл шартын табыс еткен болса, мүлiктiк кепiлмен қамтамасыз етiлген мiндеттеменiң орындалуы туралы төлеушiнiң жазбаша өтiнiшi бойынша кеден органы төлеушiнiң осындай өтiнiшi тiркелген күннен бастап бес жұмыс күнi iшiнде төлеушi мiндеттемесiнiң орындалғанын растайды.
11. Банк кепiлдiктерi бойынша мiндеттеменiң тоқтатылуы, мiндеттеме орындалған күннен бастап бес жұмыс күнiнен кешiктiрiлмей жүргiзiледi. Төлеушi кедендiк баждардың, салықтардың төленуiн бас қамтамасыз ету ретiнде енгiзген банк кепiлдемелерi бойынша тоқтатуды кеден органы төлеушiде кедендiк баждардың, салықтардың төленуiн бас қамтамасыз етудiң қолданылу мерзiмi iшiнде пайда болған соңғы мiндеттеме орындалған күннен бастап бес жұмыс күнiнен кешiктiрмей жүзеге асырады.
12. Кепiлгерлiк шарттары бойынша мiндеттемелердi тоқтатуды кеден органы мiндеттеме орындалған күннен бастап бес жұмыс күнiнен кешiктiрмей жүзеге асырады. Бас қамтамасыз етудi көздейтiн кепiлгерлiк шарттары бойынша мiндеттеменiң тоқтатылуын кеден органы кедендiк баждардың, салықтардың төленуiн бас қамтамасыз етудiң қолданылу мерзiмi iшiнде төлеушiде туындаған соңғы мiндеттеме орындалған күннен бастап бес жұмыс күнiнен кешiктiрмей жүзеге асырады.
18-тарау. КЕДЕНДIК БАЖДАР, САЛЫҚТАР ЖӘНЕ
ӨСIМПҰЛДАР БОЙЫНША БЕРЕШЕКТI ӨНДIРIП АЛУ
157-бап. Кедендiк төлемдер, салықтар және
өсiмпұлдар бойынша берешектi өндiрiп алудың
жалпы ережелерi
1. Кедендiк төлемдер мен салықтар белгiленген мерзiмдерде төленбеген немесе толық төленбеген жағдайда берешек қалыптасады. Кеден органдары берешектi осы тарауда айқындалған тәртiппен төлеушiлерден өндiрiп алады.
2. Кедендiк төлемдер мен салықтар белгiленген мерзiмде төленбеген немесе толық төленбеген жағдайда кеден органдары кедендiк төлемдер мен салықтарды төлеушiнiң ақшасы және (немесе) басқа да мүлкi есебiнен, оның iшiнде артық төленген кедендiк төлемдер мен салықтар және (немесе) аванс төлемдерiнiң сомасы есебiнен, сондай-ақ егер Қазақстан Республикасының халықаралық шартында өзгеше белгiленбесе, кедендiк баждар, салықтар есебiнен мәжбүрлеп өндiрiп алады.
3. Кеден органдары берешектi өндiрiп алу үшiн мынадай:
1) осы Кодекстiң 159-бабында көзделген тәртiппен төлеушiге хабарлау;
2) осы Кодекстiң 161-бабында көзделген тәртiппен кедендiк төлемдер, салықтар мен өсiмпұлдар бойынша берешектi кедендiк баждар мен салықтардың артық төленген сомалары есебiнен не кедендiк баждардың, салықтардың төленуiн қамтамасыз ету сомалары есебiнен өндiрiп алу;
3) берешектi өтеудi қамтамасыз етудiң мынадай тәсiлдерiн қолдану:
берешек сомасына өсiмпұл есептеу;
төлеушiнiң банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру;
касса бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру;
төлеушiнiң мүлкiне билiк етуiн шектеу туралы шешiм шығару;
4) мынадай тәртiппен:
төлеушiнiң банк шоттарындағы ақша есебiнен;
төлеушi дебиторларының шоттарынан;
төлеушiнiң билiк етуi шектелген мүлкiн өткiзу есебiнен берешектi мәжбүрлеп өндiрiп алу шараларын қолдану әрекеттерiн жүзеге асырады.
4. Осы баптың 3-тармағында көзделген әрекеттер, кедендiк төлемдер мен салықтар бойынша берешек сомасына өсiмпұл есептеудi қоспағанда, бiрiнен кейiн бiрi қолданылады.
5. Егер осы Кодексте өзгеше көзделмесе, жеке кәсiпкерден және заңды тұлғадан берешектi және өсiмпұлды өндiрiп алу даусыз тәртiппен жүргiзiледi. Жеке тұлғадан берешек пен өсiмпұл өндiрiп алу сот тәртiбiмен жүргiзiледi.
6. Кедендiк төлемдер мен салықтарды өндiрiп алу:
1) осы Кодексте көзделген төленбеген кедендiк төлемдердi, салықтарды өндiрiп алудың талап қою мерзiмi өткен соң
2) егер кедендiк баждарды, салықтарды төлеу жөнiндегi мiндеттеме осы Кодекстiң 129-бабының 2-тармағында көзделген жағдайларда тоқтатылса, жүргiзiлмейдi.
7. Кедендiк төлемдердi, салықтарды және өсiмпұлдарды, осы баптың 8-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, тауарлар шығаруды жүргiзген кеден органы, ал кеден одағының кедендiк шекарасы арқылы заңсыз өткiзiлген тауарларға қатысты - кедендiк шекара арқылы заңсыз өткiзу фактiлерiн анықтаған кеден органы өндiрiп алады.
8. Осы Кодекстiң 331-бабының 3-тармағында белгiленген мерзiмдерде төленбеген кедендiк баждарды, салықтарды кеден одағына мүше мемлекеттiң кедендiк баждардың, салықтардың қамтамасыз етiлуi берiлген кеден органы осындай қамтамасыз ету есебiнен өндiрiп алады.
Осы Кодекстiң 331-бабының 3-тармағында белгiленген мерзiмде төленбеген кедендiк тасымалдаушы төлеуге тиiс кедендiк баждарды, салықтарды кеден одағына мүше мемлекеттiң заңнамасына сәйкес тұлға кедендiк тасымалдаушы ретiнде танылған кеден органы өндiрiп алады.
9. Осы баптың 8-тармағына сәйкес өндiрiп алынған кедендiк баждарды, салықтарды кедендiк баждар, салықтар төленуге тиiс кеден одағына мүше мемлекетке аудару тәртiбi Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында айқындалады.
158-бап. Кедендiк төлемдер мен салықтар бойынша берешек
сомасына өсiмпұлдар есептеу
1. Берешек пайда болған кезде төлеушi өсiмпұл төлейдi. Өсiмпұл деп кедендiк төлемдер мен салықтардың мерзiмiнде төленбеген сомасына есептелген, осы баптың 2-тармағында белгiленген мөлшер танылады.
2. Кедендiк баждар мен салықтарды төлеудiң мерзiмi өткен әрбiр күн үшiн, төлеу күнiн қоса алғанда, кедендiк төлемдер мен салықтардың төлеу мерзiмi аяқталған күннен кейiнгi күннен бастап Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi белгiлеген қайта қаржыландырудың ресми ставкасының 2,5 еселенген мөлшерiнде әрбiр мерзiмi өткен күн үшiн өсiмпұл есепке жазылады.
Өсiмпұл берешектiң өтелуiн қамтамасыз ету тәсiлдерiн және берешектi мәжбүрлеп өндiрiп алу шараларын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауапкершiлiктiң өзге шараларын қолдануға қарамастан есепке жазылады және төленедi.
3. Банкрот деп танылған төлеушiде пайда болған берешек сомасына сот шешiм қабылдаған күннен бастап не оған қатысты мәжбүрлеп тарату туралы шешiм қабылданған, не оңалту рәсiмiн қолдану туралы ұйғарым қабылданғанда осындай шешiм немесе ұйғарым күшiне енген күннен бастап өсiмпұл есепке жазылмайды.
4. Жеке тұлғаны хабарсыз жоғалып кеткен деп тану туралы соттың шешiмi күшiне енген күннен бастап осы шешiмнiң күшi жойылған күнге дейiн берешек сомасына өсiмпұл есепке жазылмайды.
5. Өсiмпұлға және айыппұл сомасына өсiмпұл есепке жазылмайды.
6. Артық төленген кедендiк төлемдер мен салықтардың сомасына есепке жатқызуды жүргiзу жолымен өтелген берешек сомасына есепке жатқызуды жүргiзуге арналған төлем құжатының күнiнен бастап өсiмпұл есепке жазылмайды.
7. Кедендiк төлемдер мен салықтар сомалары бюджетке аударылған кезде:
1) банктердiң немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар төлеушiнiң банк шотынан ақшаны есептен шығару күнiнен бастап;
2) төлеушi банкоматтар немесе өзге де электронды құрылғылар арқылы төлемдi жүзеге асырған күннен бастап;
3) төлеушi қолма-қол ақшаны банкке немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымға енгiзген күннен бастап өсiмпұл есептелмейдi.
8. Төлеушiнiң жеке шотында бар кедендiк төлемдер мен салықтардың осы түрi бойынша кедендiк төлемдер мен салықтардың артық төленген сомасына барабар кедендiк төлемдер мен салықтар бойынша берешек сомасына төлеушiнiң жеке шотында пайда болған артық төленген сома негiзделген төлем құжатының күнiнен бастап өсiмпұл есепке жазылмайды.
159-бап. Кедендiк төлемдер, салықтар және өсiмпұлдар
бойынша берешектi өтеу туралы хабарлама
1. Төлеушiнiң кедендiк төлемдер, салықтар және өсiмпұлдар бойынша берешектi төлеу жөнiндегi мiндеттемесiн орындау қажеттiгi туралы кеден органы төлеушiге қағаз тасымалдағышта жiберген хабарлама кедендiк төлемдер, салықтар және өсiмпұлдар бойынша берешектi өтеу туралы хабарлама болып танылады. Кедендiк төлемдер, салықтар және өсiмпұлдар бойынша берешектi өтеу туралы хабарламаның нысанын кеден iсi саласындағы уәкiлеттi орган белгiлейдi.
2. Кедендiк бақылау нәтижелерi бойынша кедендiк төлемдер, салықтар және өсiмпұлдар бойынша берешектi өтеу туралы хабарлама:
төлеушiге кедендiк тексеру актiсi берiлген күнiнен бастап бес жұмыс күнiнен кешiктiрiлмей;
кеден органы төлеушiнiң жеке шотындағы кедендiк төлемдер, салықтар және өсiмпұлдар бойынша берешектi анықтаған күннен бастап екi жұмыс күнiнен кешiктiрiлмей төлеушiге жiберiледi.
3. Төлеушiге кедендiк төлемдер, салықтар және өсiмпұлдар бойынша берешектi өтеу туралы хабарлама оның әкiмшiлiк немесе қылмыстық жауаптылыққа тартылғанына қарамастан жiберiледi.
4. Кедендiк төлемдер, салықтар және өсiмпұлдар бойынша берешектi өтеу туралы хабарламада:
1) салық төлеушiнiң сәйкестендiру нөмiрi;
2) төлеушiнiң тегi, аты, әкесiнiң аты (ол болған кезде) немесе толық атауы және заңды мекенжайы;
3) кеден органының атауы;
4) хабарламаның күнi;
5) кедендiк төлемдер мен салықтар бойынша берешек сомасы;
6) хабарлама берiлген күнгi өсiмпұлдар сомасы;
7) кедендiк төлемдердi, салықтарды және өсiмпұлды төлеу бойынша мiндеттеменi орындау туралы талап;
8) хабарламаны жiберу үшiн негiздеме;
9) кедендiк төлемдер мен салықтарды төлеу бойынша берешектi өтеу кезiнде өсiмпұлды есептеу тәртiбi;
10) шағымдану тәртiбi;
11) кедендiк декларацияны түзетудi және (немесе) кедендiк тауарлар құнын түзетудi ресiмдеу жөнiндегi талап және оларды ресiмдеу мерзiмдерi көрсетiлуге тиiс.
5. Төлеушi кедендiк төлемдер, салықтар және өсiмпұлдар бойынша берешектi өтеу туралы хабарлама тiркелген сәттен бастап өтелген күн қоса есептелетiн мерзiмге дейiн есептеуге жататын, өсiмпұл есепке алынбаған кедендiк төлемдер мен салықтар бойынша берешектi өтеген кезiнде кеден органы бұрын берген кедендiк төлемдер, салықтар және өсiмпұлдар бойынша берешектi өтеу туралы хабарламасына қосымша хабарлама бередi.
6. Осы Кодекске сәйкес оларға қатысты кедендiк төлемдер, салықтар және өсiмпұлдар бойынша берешектi өтеу туралы хабарлама жiберiлген кедендiк төлемдер, салықтар және өсiмпұлдар бойынша берешек сомалардың өзгеруiне әкеп соққан негiзделген фактiлер анықталған жағдайда, кеден органы кедендiк төлемдер, салықтар бойынша берешектi және өсiмпұлдарды өтеу туралы жiберiлген бастапқы хабарламаны керi қайтарып алумен бiр мезгiлде кедендiк төлемдер, салықтар және өсiмпұлдар бойынша берешектi өтеу туралы жаңа хабарлама жiбередi.
7. Кедендiк төлемдер, салықтар және өсiмпұлдар бойынша берешектi өтеу туралы хабарламаны керi қайтарып алу және жаңасын жiберу кедендiк төлемдер, салықтар және өсiмпұлдар бойынша берешек сомалардың өзгергенiн куәландырылатын фактiлер расталған күннен бастап бес жұмыс күнiнен кешiктiрiлмей жүргiзiлуге тиiс.
160-бап. Кедендiк төлемдер, салықтар және өсiмпұлдар
бойынша берешектi өтеу туралы хабарламаны
тапсыру және орындау тәртiбi
1. Кедендiк төлемдер, салықтар және өсiмпұлдар бойынша берешектi өтеу туралы хабарлама төлеушiге қолын қойғыза отырып, жеке өзiне немесе хабарламасы бар тапсырыс хатпен почта арқылы жiберiледi. Төлеушiге хабарламасы бар тапсырыс хатпен почта арқылы жiберiлген кедендiк төлемдер, салықтар және өсiмпұлдар бойынша берешектi өтеу туралы хабарлама төлеушi почта байланысы немесе өзге де байланыс ұйымының хабарламасында белгi қойған күннен бастап тапсырылды деп саналады.
2. Кедендiк төлемдер, салықтар және өсiмпұлдар бойынша берешектi өтеу туралы хабарламадағы талаптарды орындау мерзiмi, төлеушi көрсетiлген хабарламаға шағымдану жағдайын қоспағанда, төлеушiге хабарлама тапсырылғаннан кейiнгi күннен бастап күнтiзбелiк жиырма күннен аспайтын мерзiмдi құрайды.
3. Төлеушi кедендiк төлемдер, салықтар және өсiмпұлдар бойынша берешектi өтеу туралы хабарламаға шағымдануды осы Кодекстiң
19-тарауында көзделген тәртiппен және мерзiмдерде жүргiзедi.
Кедендiк төлемдер, салықтар және өсiмпұлдар бойынша берешектi өтеу туралы хабарламаға шағым жасалған жағдайда, көрсетiлген хабарламадағы талаптарды орындау мерзiмi шағым берiлген күннен бастап шағым бойынша шығарылған шешiм заңды күшiне енген күн қоса алынғанға дейiнгi уақыт кезеңiнде тоқтатыла тұрады. Бұл ретте шағым жасау өсiмпұлдарды есепке жазуды тоқтата тұрмайды.
161-бап. Кедендiк төлемдер, салықтар және
өсiмпұлдар бойынша берешектi кедендiк төлемдер
мен салықтардың артық төленген сомалары
есебiнен не кедендiк баждардың, салықтардың
төленуiн қамтамасыз ету сомалары есебiнен
өндiрiп алу
1. Кедендiк төлемдер, салықтар және өсiмпұлдар бойынша берешектi өтеу туралы хабарламадағы талаптар орындалмаған кезде кеден органы аталған берешектi кедендiк төлемдердiң және (немесе) салықтардың түрлерi бойынша кедендiк төлемдердiң және (немесе) баждардың артық төленген сомалары есебiнен не кедендiк баждардың, салықтардың төленуiн қамтамасыз ету сомалары есебiнен өндiрiп алады.
Бұл ретте, кедендiк төлемнiң және (немесе), салықтың өзге түрi бойынша кедендiк төлемдердiң және (немесе) салықтардың артық төленген сомалары есебiнен кедендiк төлемдер, салықтар және өсiмпұлдар бойынша берешектi кеден органы осы Кодекстiң 17-тарауына сәйкес есепке жатқызу жолымен өндiрiп алады.
2. Осы бапқа сәйкес кеден органы кедендiк төлемдер, салықтар және өсiмпұлдар бойынша берешектiң өндiрiп алынған сомасы туралы оларды өндiрiп алған күннен бастап екi жұмыс күнi iшiнде төлеушiге жазбаша хабарлайды.
162-бап. Төлеушiнiң банк шоттары бойынша шығыс
операцияларын тоқтата тұру
1. Кедендiк төлемдердiң және (немесе) салықтардың артық төленген сомалары не ақшаны уақытша орналастыру шотына енгiзiлген қамтамасыз ету сомалары берешектi өтеу үшiн жеткiлiксiз болған жағдайда, кеден органы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен дара кәсiпкердiң немесе заңды тұлғаның банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы кеден органының өкiмiн шығарады.
2. Банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру мыналардан:
1) төлеушiнiң берешек пен өсiмпұлды дербес өтеуi жөнiндегi операциялардан;
2) ақшаны:
адам өмiрi мен денсаулығына келтiрiлген зиянды өтеу туралы талаптарды, сондай-ақ алименттердi өндiрiп алу жөнiндегi талаптарды қанағаттандыруды көздейтiн атқару құжаттары бойынша;
еңбек шарты бойынша жұмыс iстейтiн адамдарға жұмыстан шығу жәрдемақыларын төлеу және еңбегiне ақы төлеу, авторлық шарт бойынша сыйақы төлеу, клиенттiң мiндеттi зейнетақы жарналарын жинақтаушы зейнетақы қорларына аудару жөнiндегi мiндеттемелерi және Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорына әлеуметтiк аударымдарды төлеу бойынша есеп айырысу үшiн ақшаны алып қоюды көздейтiн атқару құжаттары бойынша;
берешек пен өсiмпұлды өтеу бойынша, сондай-ақ мемлекет кiрiсiне өндiрiп алу туралы атқару құжаттары бойынша алып қою жағдайларынан басқа, төлеушiнiң барлық шығыс операцияларына қолданылады.
Банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкiм уәкiлеттi мемлекеттiк органдардың немесе лауазымды адамдардың тыйым салу туралы шешiмдерiнiң негiзiнде тыйым салынған ақша сомасына қолданылмайды.
3. Төлеушiнiң банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкiмдi Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгiленген нысан бойынша шығарылады және банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйым оны алған күннен бастап күшiне енедi.
4. Төлеушiнiң банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкiмдi банктердiң немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар бұлжытпай орындауға тиiс.
5. Төлеушiнiң банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкiмнiң күшiн банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұрудың себебi жойылған күннен кейiнгi бiр жұмыс күнiнен кешiктiрмей, осындай өкiмдi шығарған кеден органы жояды.
163-бап. Төлеушiнiң кассасы бойынша шығыс операцияларын
тоқтата тұру
1. Төлеушiнiң кассасы бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру, банкке немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымға кейiннен оларды кедендiк төлемдер, салықтар және өсiмпұлдар бойынша берешектi өтеу есебiне аудару үшiн ақша тапсыру бойынша операциялардан басқа, кассадағы қолма-қол ақшалардың барлық шығыс операцияларына қолданылады.
Төлеушiнiң кассасы бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкiм кеден iсi саласындағы уәкiлеттi орган белгiлеген нысан бойынша екi дана етiп жасалады, оның бiр данасы төлеушiге қол қойғызып немесе жiберу мен алу фактiсiн растайтын өзге де тәсiлмен тапсырылады.
2. Кеден органының касса бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкiмiн төлеушi бұлжытпай орындауға тиiс.
3. Төлеушi осы баптың талаптарын бұзғаны үшiн Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
4. Кеден органы төлеушi кедендiк төлемдер, салықтар және өсiмпұлдар бойынша берешектi өтегеннен кейiн бiр жұмыс күнiнен кешiктiрмей кеден органының касса бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкiмiнiң күшiн жояды.
164-бап. Берешек пен өсiмпұлды өтеу есебiне төлеушiнiң
мүлкiне билiк етуiн шектеу туралы шешiм шығару
1. Кедендiк төлемдер, салықтар және өсiмпұлдар бойынша берешектi өтеу туралы хабарламада белгiленген мерзiмдер iшiнде кедендiк төлемдер, салықтар және өсiмпұлдар бойынша берешек өтелмеген жағдайда кеден органы төлеушiнiң мүлкiне билiк етуiне шектеу қояды.
2. Төлеушiнiң мүлкiне билiк етуiн шектеу туралы шешiмдi кеден органы Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгiленген нысан бойынша шығарады.
3. Төлеушiнiң мүлкiне билiк етуiн шектеу туралы шешiм бағаны айқындау тәсiлiне қарай баланстық немесе нарықтық құны берешек пен өсiмпұл сомасына сәйкес келетiн меншiк немесе шаруашылық жүргiзу құқығындағы мүлiкке қатысты шығарылады.
Қаржы лизингi мен кепiлдi қоса алғанда, төлеушiнiң жалға берiлген мүлкiне билiк етуiн шектеу туралы шешiм шығарылған кезде осы мүлiкке қатысты кеден органы шешiм шығарған кезден бастап және ол жойылғанға дейiн жалға алушы мен кепiлдi ұстаушыға мұндай мүлiкке меншiк құқығын беруге тыйым салынады.
4. Осындай шешiмнiң негiзiнде кеден органы төлеушiге мүлiкке иелiк ету, пайдалану және билiк ету шарттарын бұзғаны үшiн жауапкершiлiк туралы ескерте отырып, Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгiленген нысан бойынша билiк етуi шектелген мүлiкке тiзiмдеме актiсiн жасайды.
Билiк етуi шектелген мүлiктiң тiзiмдемесi төлеушiнiң бухгалтерлiк құжаттамасының деректерi немесе Қазақстан Республикасының бағалау қызметi туралы заңнамасына сәйкес жүргiзiлетiн тәуелсiз бағалау негiзiнде айқындалатын оның бағасы көрсетiле отырып жүргiзiледi және екi дана етiп жасалған актiмен ресiмделедi.
5. Кеден органы мүлiкке билiк етудi шектеу туралы шешiмнiң және мүлiк тiзiмдемесi актiсiнiң бiр-бiр данасын төлеушiге беруге мiндеттi.
6. Мүлiкке билiк етудi шектеу туралы шешiмнiң күшiн осындай шешiм шығарған кеден органы мүлiкке билiк етудi шектеудiң себептерi жойылғаннан кейiнгi бiр жұмыс күнiнен кешiктiрмей жояды.
165-бап. Берешек пен өсiмпұлды төлеушiнiң банк
шоттарындағы ақша есебiнен өндiрiп алу
1. Төлеушi кедендiк төлемдер, салықтар бойынша берешектi және өсiмпұлды өтеу туралы хабарламада белгiленген мерзiмдер iшiнде берешек пен өсiмпұлды өтемеген жағдайда, кеден органдары жеке кәсiпкердiң немесе заңды тұлғаның банк шоттарынан даусыз тәртiппен ақша өндiрiп алу туралы шешiм шығарады.
Осы тармақтың ережелерi банк берген қарыздар бойынша қамтамасыз ету болып табылатын, көрсетiлген қарыздың өтелмеген негiзгi борышы мөлшерiндегi ақша сомасына, сондай-ақ Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру, секьюритилендiру туралы заңнамалық актiлерiне сәйкес өндiрiп алуға жол берiлмейтiн банк шоттарына қолданылмайды.
2. Даусыз өндiрiп алу туралы шешiм қажеттi ақшаны төлеушiнiң шотынан есептен шығаруға және бюджетке аударуға кеден органының инкассолық өкiмiн төлеушiнiң шоты ашылған банкке жiберу нысанында қабылданады.
3. Банк төлеушiнiң бiр банк шотынан берешектi өндiрiп алу туралы кеден органының инкассолық өкiмiн орындаған жағдайда, егер кеден органы төлеушiнiң көрсетiлген банкте ашқан басқа банк шоттарына дәл осы сомаға және берешек түрiне инкассолық өкiм шығарған болса, банк кеден органының инкассолық шешiмiн орындау фактiсiн растайтын төлем құжатын қоса тiркей отырып, мұндай инкассолық шешiмдi орындамай, кеден органына қайтарады.
4. Шоттардан даусыз тәртiппен берешектi және өсiмпұлды өндiрiп алу Қазақстан Республикасының ұлттық валютасымен және шетел валютасымен жүргiзiледi. Шоттардан берешек пен өсiмпұлды шетел валютасымен өндiрiп алу төлеушiнiң шотынан берешек пен өсiмпұлды өндiрiп алған күнi Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес белгiленген валюта айырбастаудың нарықтық бағамы бойынша Қазақстан Республикасының ұлттық валютасымен төленуге тиiстi кедендiк төлемдер, салықтар және олар бойынша өсiмпұл сомасына барабар сомада жүргiзiледi.
5. Кеден органының инкассолық өкiмiн орындауды банк Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен және мерзiмде жүзеге асырады.
166-бап. Төлеушiнiң берешегi мен өсiмпұлын оның
дебиторларының шоттарынан өндiрiп алу
1. Төлеушiнiң - дара кәсiпкердiң немесе заңды тұлғаның банк шоттарында ақша болмаған және қолма-қол ақшасы болмаған жағдайда, кеден органы төлеушiнiң алдында берешегi бар үшiншi тұлғалардың (бұдан әрi - дебиторлардың) банк шоттарындағы ақшасынан пайда болған берешек пен өсiмпұл шегiнде өндiрiп алуға құқылы.
Төлеушi кедендiк төлемдер, салықтар және өсiмпұлдар бойынша берешектi өтеу туралы хабарламаны алған күннен бастап он жұмыс күнiнен кешiктiрмей, хабарлама жiберген кеден органына дебиторлық берешектердiң сомаларын көрсете отырып дебиторлардың тiзiмiн және бар болған жағдайда дебиторлармен бiрлесiп жасаған және дебиторлық берешек сомаларын растайтын өзара есеп айырысулардың салыстыру актiлерiн ұсынуға мiндеттi.
Төлеушi кедендiк төлемдер, салықтар және өсiмпұлдар бойынша берешектi өтеген жағдайда дебиторлар тiзiмi мен өзара есеп айырысуды салыстыру актiсi табыс етiлмейдi.
Өзара есеп айырысуды салыстыру актiсi бар болған кезде кеден органы дебиторлардың банк шоттарындағы ақшадан өндiрiп алу туралы хабарламаны дебиторлар алған күннен бастап бес жұмыс күнi өткен соң кедендiк төлемдер, салықтар және өсiмпұлдар бойынша берешектi өндiрiп алу туралы инкассолық өкiмдердi дебиторлардың банк шоттарына шығарады.
2. Дебиторлық берешек сомасын растайтын табыс етiлген дебиторлар тiзiмi негiзiнде кеден органы дебиторларға дебиторлық берешек шегiнде кедендiк төлемдер, салықтар және өсiмпұлдар бойынша берешектi өтеу есебiне олардың банк шоттарындағы ақшадан өндiрiп алу туралы хабарлама жiбередi. Дебиторлардың банк шоттарындағы ақшадан өндiрiп алу туралы хабарламаның нысаны Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгiленедi.
Дебитор хабарламаны алған кезден бастап жиырма күннен кешiктiрмей, хабарламаны алған күнi төлеушiмен бiрлесiп жасаған өзара есеп айырысудың салыстыру актiсiн хабарлама жiберген кеден органына беруге мiндеттi.
3. Төлеушi мен оның дебиторы арасындағы өзара есеп айырысуды салыстыру актiсiнде мынадай мәлiметтер:
1) төлеушiнiң және оның дебиторының атауы, олардың сәйкестендiру нөмiрлерi;
2) орналасу жерi бойынша тiркеу есебiнде тұрған төлеушi және оның дебиторы есепте тұрған кеден органының атауы;
3) төлеушiнiң және оның дебиторының банк шоттарының деректемелерi;
4) дебитордың төлеушi алдындағы берешек сомасы;
5) төлеушiнiң және оның дебиторының заңды мекенжайлары, мөрлерi мен қолдары;
6) салыстыру актiсi жасалған күн қамтылуға тиiс.
4. Кеден органы дебиторлық берешектiң сомасын растайтын өзара есеп айырысуды салыстыру актiсiнiң негiзiнде дебитордың банк шотына төлеушiнiң берешегi мен өсiмпұлын өндiрiп алу туралы инкассолық өкiм шығарады.
5. Дебитор–төлеушiлердiң банкi немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымы осы Кодекстiң 165-бабында айқындалған талаптарға сәйкес кеден органы шығарған төлеушiнiң берешегi мен өсiмпұл сомасын өндiрiп алу туралы инкассолық өкiмiн орындауға мiндеттi.
167-бап. Төлеушiнiң билiк етуi шектелген мүлкiн
өткiзу есебiнен өндiрiп алу
1. Төлеушiнiң банк шоттарында ақша, қолма-қол ақшасы және оның дебиторларының банк шоттарында ақша жоқ немесе жеткiлiксiз болған жағдайда кеден органдары оның келiсiмiнсiз төлеушiнiң билiк етуi шектелген мүлкiн өндiрiп алу туралы қаулы шығарады.
2. Төлеушiнiң билiк ету шектелген мүлкiн өндiрiп алу туралы қаулы Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгiленген нысан бойынша екi дана етiп жасалады, оның бiреуi мүлiкке билiк етудi шектеу туралы шешiмнiң және мүлiк тiзiмдемесi актiсiнiң көшiрмелерiмен қоса уәкiлеттi заңды тұлғаға жiберiледi.
Ескерту. 167-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2010.12.28 N 368-IV (алғашқы ресми жариялағанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
168-бап. Төлеушiнiң билiк етуi шектелген мүлкiн кедендiк
төлемдер, салықтар және өсiмпұлдар бойынша
берешектiң есебiне өткiзу тәртiбi
1. Билiк ету шектелген мүлiктi өткiзудi уәкiлеттi заңды тұлға жүзеге асырады.
2. Төлеушiнiң билiк етуi шектелген мүлкiн кедендiк төлемдер бойынша берешектiң есебiне өткiзу тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.
Ескерту. 168-бап жаңа редакцияда - ҚР 2010.12.28 N 368-IV (алғашқы ресми жариялағанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
169-бап. Төлеушiнi банкрот деп тану
1. Осы тарауда көзделген барлық шаралар қолданылғаннан кейiн төлеушi кедендiк төлемдер, салықтар және өсiмпұлдар бойынша берешектi өтемеген жағдайда, кеден органы Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiне сәйкес оны банкрот деп тану жөнiнде шаралар қолдануға құқылы.
2. Банкрот деп танылған төлеушiнi тарату тәртiбi Қазақстан Республикасының банкроттық туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
170-бап. Кедендiк төлемдер, салықтар және өсiмпұлдар
бойынша берешегi бар төлеушiлердiң тiзiмiн
бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау
1. Кеден қызметi органдары туындаған күннен бастап алты ай iшiнде өтелмеген кедендiк төлемдер, салықтар және өсiмпұлдар бойынша берешегi бар төлеушiлердiң тiзiмiн бұқаралық ақпарат құралдарында жариялайды.
Бұл ретте тiзiмде төлеушiнiң тегi, аты, әкесiнiң аты (ол болған кезде) не атауы, салық төлеушiнiң сәйкестендiру нөмiрi, төлеушi басшысының тегi, аты, әкесiнiң аты (ол болған кезде) және кедендiк төлемдер, салықтар және өсiмпұлдар бойынша берешектiң жалпы сомасы көрсетiледi.
2. Кеден iсi саласындағы уәкiлеттi органның интернет-ресурсында орналастырылған төлеушiлер тiзiмi ай сайын, есептi айдан кейiнгi айдың жиырмасыншы күнiнен кешiктiрiлмей жаңартылады.
171-бап. Берешек пен өсiмпұлды өтеу тәртiбi
Кедендiк төлемдер, салықтар және өсiмпұлдар бойынша берешектi өтеу кезектiлiгi Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес айқындалады.
172-бап. Кедендiк төлемдердiң, салықтардың және
өсiмпұлдардың сомаларын өндiрiп алуды үмiтсiз
деп тану және есептен шығару
Өндiрiп алу мүмкiн емес кедендiк төлемдердiң, салықтардың және өсiмпұлдардың сомалары өндiрiп алынуы үмiтсiз деп танылады және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен және негiздемелер бойынша есептен шығарылады.
19-тарау. КЕДЕНДIК ТӨЛЕМДЕР, САЛЫҚТАР ЖӘНЕ
ӨСIМПҰЛДАР БОЙЫНША БЕРЕШЕКТI ӨТЕУ НӘТИЖЕЛЕРI
ТУРАЛЫ ХАБАРЛАМАҒА ШАҒЫМДАНУ ТӘРТIБI
173-бап. Шағымдану құқығы
1. Кедендiк төлемдер, салықтар және өсiмпұлдар бойынша берешектi өтеу туралы хабарламаларға (бұдан әрi – берешектi өтеу туралы хабарлама) шағымдану осы бөлiмде көзделген ерекшелiктер ескерiле отырып, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.
2. Берешектi өтеу туралы хабарламаға:
1) оған қатысты берешектi өтеу туралы хабарлама шығарылған декларанттың, не оның өкiлiнiң
2) оған қатысты берешектi өтеу туралы хабарлама шығарылған кеден iсi саласындағы қызметтi жүзеге асыратын тұлғаның не оның өкiлiнiң шағымдану құқығы бар.
174-бап. Берешектi өтеу туралы хабарламаға жасалған
шағымды қарайтын органдар
1. Осы Кодексте көзделген ережелерге сәйкес кедендiк тексеру нәтижелерi бойынша шығарылған берешектi өтеу туралы хабарламаға жасалған шағымды (бұдан әрi - шағым) қарауды берешектi өтеу туралы хабарламаны шығарған кеден органы және (немесе) жоғары тұрған кеден органы жүргiзедi.
2. Осы Кодекстiң 173-бабының 2-тармағында көрсетiлген тұлғалар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес берешектi өтеу туралы хабарламаға сот тәртiбiмен шағымдануға құқылы.
175-бап. Шағым беру тәртiбi мен мерзiмдерi
1. Шағым берешектi өтеу туралы хабарлама берiлген күннен бастап күнтiзбелiк жиырма күн iшiнде кеден органына берiледi.
Шағымды тiркеу оны кеден органы қабылдаған күнi жүзеге асырылады.
2. Осы Кодекстiң 173-бабының 2-тармағында көрсетiлген тұлға жоғары тұрған кеден органына шағым берген кезде, шағымның көшiрмесi берешектi өтеу туралы хабарлама шығарған кеден органына жiберiлуге тиiс.
176-бап. Шағымның нысаны мен мазмұны
1. Шағым жазбаша нысанда берiледi.
2. Шағымда:
1) шағым берiлген күн;
2) шағым берiлетiн кеден органының атауы;
3) шағым беретiн тұлғаның тегi, аты, әкесiнiң аты (ол бар болған жағдайда), не оның толық атауы, оның тұрғылықты жерi (орналасқан жерi);
4) берешектi өтеу туралы хабарлама шығарған кеден органының атауы;
5) шағым беретiн тұлға өз талаптарын негiздейтiн мән-жайлар, сондай-ақ осы мән-жайларды растайтын мәлiметтер;
6) қоса берiлiп отырған құжаттардың тiзбесi көрсетiлуге тиiс.
3. Шағымда оны қарау үшiн маңызы бар өзге мәлiметтер көрсетiлуi мүмкiн.
4. Шағымға оны берген тұлға, не оның өкiлi қол қояды.
5. Шағымға:
1) берешектi өтеу туралы хабарламаның көшiрмесi;
2) шағым берген тұлға өз талаптарын негiздеген мән-жайларды растайтын құжаттар;
3) iске қатысы бар өзге де құжаттар қоса берiледi.
177-бап. Шағымды қараудан бас тарту
1. Кеден органдары:
1) шағым осы Кодекстiң 175-бабында белгiленген шағымдану мерзiмi бұзыла отырып берiлген;
2) шағымның нысаны мен мазмұны осы Кодекстiң 176-бабында белгiленген талаптарға сәйкес келмеген;
3) осы Кодекстiң 173-бабының 2-тармағында көрсетiлмеген тұлға шағым берген жағдайда шағымды қараудан бас тартады.
2. Кеден органдары шағымды қараудан бас тарту туралы шағым тiркелген күннен бастап он жұмыс күнi iшiнде шағымды берген тұлғаға жазбаша нысанда хабарлайды.
3. Кеден органдарының шағымды қараудан бас тартуы тұлғаны осы Кодекстiң 175-бабында белгiленген мерзiм iшiнде шағымды қайта беру құқығынан айырмайды.
178-бап. Шағымды қарау тәртiбi
1. Кеден органдары шағым бойынша, осы баптың 2-тармағында және 4-тармағының 2) тармақшасында көзделген жағдайларды қоспағанда, аталған шағым тiркелген күннен бастап күнтiзбелiк отыз күннен кешiктiрмей шешiм қабылдайды.
2. Шағымды қарау мерзiмi осы Кодекстiң 180-бабында айқындалған тәртiппен тоқтатыла тұруы мүмкiн.
3. Кедендiк бақылау барысында табыс етiлмеген құжаттар шағымға қоса берiлетiн жағдайда, кеден органдары мұндай құжаттарды қарайды.
4. Кеден органдары шағымды қарау кезiнде:
1) шағым берген адамға және (немесе) кеден органына шағымда жазылған мәселелер бойынша қосымша ақпаратты не түсiндiрмелердi жазбаша нысанда беру туралы сауал жiберуге;
2) мемлекеттiк органдарға, сондай-ақ шет мемлекеттердiң тиiстi органдарына олардың құзыретiндегi мәселелер бойынша сауалдар жiберуге;
3) кедендiк бақылауды жүргiзуге қатысқан кеден органдарының лауазымды адамдарынан туындаған мәселелер бойынша түсiндiрмелер сұратуға құқылы.
5. Кеден органының шағымды қарау бойынша өз өкiлеттiктерiн жүзеге асыруы кезiнде оның қызметiне араласуға және шағымды қарауға қатысы бар лауазымды адамдарға қандай да бiр ықпал етуге тыйым салынады.
179-бап. Шағымды қарау нәтижелерi бойынша шешiм қабылдау
1. Кеден органы шағымды мәнi бойынша қарауды аяқтаған соң жазбаша нысанда шешiм қабылдайды және оны шағымды берген тұлғаға жiбередi немесе тапсырады. Жоғары тұрған кеден органы шағымды мәнi бойынша қараған жағдайда шағым бойынша шешiмнiң көшiрмесi берешектi өтеу туралы хабарламаны шығарған кеден органына жiберiледi.
2. Шағымды қарау нәтижелерi бойынша кеден органдары мынадай:
1) шағым жасалған берешектi өтеу туралы хабарлама өзгерiссiз, ал шағым қанағаттандырусыз қалдырылсын;
2) шағым жасалған берешектi өтеу туралы хабарламаның толық немесе бiр бөлiгiнiң күшi жойылсын деген шешiмдердiң бiрiн қабылдайды.
3. Шағым жасалған берешектi өтеу туралы хабарламаның күшi толық жойылған жағдайда берешектi өтеу туралы хабарламаны шығарған кеден органы шешiм қабылданған күннен және (немесе) жоғары тұрған кеден органының шешiмiн алған күннен бастап бес жұмыс күнi iшiнде берешектi өтеу туралы хабарламаны керi қайтарып алады.
Шағым жасалған берешектi өтеу туралы хабарламаның бiр бөлiгiнiң күшi жойылған жағдайда берешектi өтеу туралы хабарламаны шығарған кеден органы берешектi өтеу туралы хабарламаны керi қайтарып алады, берешектi өтеу туралы жаңа хабарлама шығарады және оны шешiм қабылданған күннен бастап және (немесе) жоғары тұрған кеден органының шешiмiн алған күннен бастап он жұмыс күнiнен кешiктiрмей шағымды берген тұлғаға жiбередi.
180-бап. Шағымды қарау мерзiмiн тоқтата тұру
1. Шағымды қарау мерзiмi мынадай жағдайларда:
1) мемлекеттiк органдарға, сондай-ақ мұндай органдардың құзыретiндегi мәселелер бойынша шет мемлекеттердiң тиiстi органдарына және басқа ұйымдарға сауалдар жiберiлген жағдайда – жауаптарды алған күнге дейiн;
2) шағымда жазылған мәселелер бойынша сотқа талап арыз берiлген жағдайда – сот шешiмi шығарылғанға дейiн тоқтатыла тұрады.
2. Кеден органдары шағымды қарау мерзiмiнiң тоқтатыла тұратыны туралы, тоқтатыла тұру себептерiн көрсете отырып, шағымды берген тұлғаға жазбаша түрде хабарлайды.
181-бап. Кеден органы шешiмiнiң нысаны мен мазмұны
Шағымды қарау нәтижелерi бойынша кеден органдарының шешiмiнде:
1) шешiм қабылданған күн;
2) шағымды қараған кеден органының атауы;
3) шағым берген тұлғаның тегi, аты, әкесiнiң аты (ол бар болған жағдайда) не оның толық атауы;
4) шағым жасалатын берешектi өтеу туралы хабарламаның қысқаша мазмұны;
5) шағымның мәнi;
6) кеден органы шағым бойынша шешiм шығару кезiнде басшылыққа алған кеден одағы кеден заңнамасының және (немесе) Қазақстан Республикасы заңнамасының нормаларына сiлтеме жасалған негiздеме көрсетiлуге тиiс.
182-бап. Кеден органына және (немесе) сотқа шағым берудiң
салдары
1. Кеден органына және (немесе) сотқа шағым беру берешектi өтеу туралы хабарламаның орындалуын тоқтата тұрады.
2. Кеден органына шағым берiлген кезде берешектi өтеу туралы хабарламаның шағым жасалған бөлiгiнде орындалуы кеден органының жазбаша шешiмi шыққанға дейiн және осы Кодекстiң 180-бабында көрсетiлген кезең өткенге дейiн тоқтатыла тұрады.
Сотқа шағым берiлген жағдайда берешектi өтеу туралы хабарламаның шағым жасалған бөлiгiнде орындалуы соттың шешiмi заңды күшiне енгiзiлгенге дейiн тоқтатыла тұрады.
3-БӨЛIМ. КЕДЕНДIК БАҚЫЛАУ
20-тарау. Кедендiк бақылау туралы жалпы ережелер
183-бап. Кедендiк бақылау жүргiзудiң принциптерi
1. Кедендiк бақылау жүргiзу кезiнде кеден органдары iрiктеу принципiн негiзге алады және орындалуын бақылау кеден органдарына жүктелген кеден одағы кеден заңнамасының және Қазақстан Республикасы заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету үшiн жеткiлiктi кедендiк бақылаудың нысандарымен ғана шектеледi.
2. Кедендiк бақылаудың объектiлерi мен нысандарын таңдаған кезде тәуекелдердi басқару жүйесi қолданылады.
3. Кедендiк бақылауды жетiлдiру мақсатында кеден органдары Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес шет мемлекеттердiң кеден органдарымен ынтымақтасады.
4. Кедендiк бақылаудың тиiмдiлiгiн арттыру мақсатында кеден органдары басқа бақылаушы мемлекеттiк органдармен, сондай-ақ сыртқы экономикалық қызметке қатысушылармен, уәкiлеттi экономикалық операторлармен, кеден өкiлдерiмен, кедендiк тасымалдаушылармен және қызметтерi сыртқы сауданы жүзеге асыруға байланысты тұлғалармен және олардың қауымдастықтар (одақтар) түрiндегi кәсiби бiрлестiктерiмен өзара iс-қимыл жасайды.
5. Кеден органдары өз құзыретi шегiнде, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бақылаудың өзге де түрлерiн, оның iшiнде экспорттық, валюталық және радиациялық бақылауды жүзеге асырады.
6. Осы Кодексте көзделген жағдайларды қоспағанда, кедендiк бақылауды жүргiзу кезiнде оны жүргiзуге қандай да бiр рұқсаттар, ұйғарымдар не қаулылар, сондай-ақ оларды өзге де бақылаушы органдарда тiркеу талап етiлмейдi.
184-бап. Кедендiк бақылау жүргiзу
1. Кеден органдары кедендiк бақылауды кеден одағының кеден заңнамасына және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүргiзедi. Кеден органдарының атынан кедендiк бақылауды өздерiнiң лауазымдық (функционалдық) мiндеттерiне сәйкес кедендiк бақылауды жүргiзуге уәкiлеттi кеден органдарының лауазымды тұлғалары жүргiзедi.
2. Кеден органдарының лауазымды адамдары кедендiк бақылауды:
1) кеден одағының кедендiк шекарасы арқылы өткiзiлетiн және (немесе) осы Кодекске сәйкес декларациялауға жататын тауарларға, оның iшiнде көлiк құралдарына;
2) кеден одағының кеден заңнамасына және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес табыс ету көзделген кедендiк декларацияға, тауарлар туралы құжаттар мен мәлiметтерге;
3) кеден одағының кедендiк шекарасы арқылы тауарларды өткiзуге, кеден iсi саласында қызметтер көрсетуге байланысты тұлғалардың қызметiне, сондай-ақ жеке кедендiк рәсiмдер шеңберiнде жүзеге асырылатын қызметтерге;
4) кеден одағының кедендiк шекарасын кесiп өтетiн тұлғаларға қатысты жүргiзедi.
3. Кедендiк бақылау кедендiк бақылау аймағында, сондай-ақ тауарлар, көлiк құралдары және олар туралы мәлiметтерi, оның iшiнде электрондық нысандағы мәлiметтерi бар құжаттар орналасқан, кеден органдары белгiлейтiн басқа да жерлерде жүргiзiледi.
185-бап. Кедендiк бақылаудағы тауарлар
1. Қазақстан Республикасының аумағына әкелiнген кезде тауарлар кеден одағының кедендiк шекарасынан өткен кезден бастап кедендiк бақылауда болады.
Қазақстан Республикасының аумағында пайда болған және орналасқан, осы Кодекске сәйкес шетелдiк тауарлар мәртебесiн иеленген тауарлар пайда болған кезден бастап кедендiк бақылаудағы тауарлар болып есептеледi.
2. Осы баптың 1-тармағында көрсетiлген тауарлар:
1) шартты түрде шығарылған тауарларды немесе керi импортты қоспағанда, iшкi тұтыну үшiн шығару кедендiк рәсiмiмен орналастырғанға;
2) шартты шығарылған тауарлар осы Кодекстiң 301-бабының 5-тармағына сәйкес кеден одағының тауары мәртебесiн иеленгенге;
3) осы Кодекске және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тауарларды мемлекет пайдасына бас тарту кедендiк рәсiмiмен орналастырғанға немесе жойылғанға;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының меншiгiне айналдырылғанға;
5) Қазақстан Республикасының аумағынан iс жүзiнде әкетiлгенге;
6) шетелдiк тауарларды кедендiк аумақта қайта өңдеу операциялары нәтижесiнде пайда болған қалдықтарды одан әрi коммерциялық пайдалану үшiн жарамсыз затқа жатқызғанға;
7) кедендiк аумақта қайта өңдеу немесе iшкi тұтыну үшiн қайта өңдеу кедендiк рәсiмдерiмен орналастырылған шетелдiк тауарлардың бөлiгiн өндiрiстiк шығындар деп танығанға дейiн кедендiк бақылаудағы тауарлар болып есептеледi.
3. Осы баптың 1-тармағында көрсетiлген тауарлар аварияның салдарынан немесе еңсерiлмейтiн күштiң әсерiнен не тасымал (көлiкпен тасымалдау) мен сақтаудың қалыпты жағдайлары кезiнде табиғи азаю нәтижесiнде жойылу (қайтарымсыз жоғалу) фактiсiн кеден органдары танығаннан не Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында және (немесе) заңнамасында белгiленген жағдайларда өзге де мән-жайлар туындағаннан кейiн кедендiк бақылаудағы тауарлар деп есептелмейдi.
4. Тауарлар оларды Қазақстан Республикасының аумағынан әкету кезiнде кедендiк декларацияны немесе кедендiк декларация ретiнде пайдаланылатын өзге де құжаттар тiркелген, не тауарларды кеден одағының кедендiк аумағынан әкетудi жүзеге асыруға тiкелей бағытталған әрекет жасалған кезден бастап, олар кеден одағының кедендiк шекарасын кесiп өткенге дейiн кедендiк бақылауда болады.
5. Қазақстан Республикасының аумағынан iс жүзiнде әкетiлмеген, осы баптың 4-тармағында көрсетiлген тауарлар осы Кодекстiң 290-бабына сәйкес кедендiк декларация қайтып алынған күннен бастап кедендiк бақылаудағы болып саналмайды.
6. Кеден органдары тұлғалардың тауарларды, оның iшiнде тауарларды қайта өңдеу нәтижесiнде алынған тауарларды, егер осындай тауарлар осы Кодексте белгiленген кедендiк рәсiмдерге сәйкес мiндеттi керi әкелу немесе әкетуге жататын болса, керi әкелу немесе әкету туралы мiндеттемелерiн орындауын бақылауды жүзеге асырады.
7. Кеден органдары көлiк құралдарын тоқтатуға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағынан кеден органының рұқсатынсыз шығып кеткен теңiз және әуе кемелерiн мәжбүрлеп қайтаруға құқылы. Бұл ретте, шетелдiк кемелер мен басқа мемлекеттердiң аумағындағы кемелердi ұстау (қайтару) жөнiндегi әрекеттер Қазақстан Республикасының заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес жүргiзiледi.
Тауарлар мен оларға жасалған құжаттарға кедендiк бақылауды жүзеге асыру мақсатында автомобиль көлiк құралдарын кедендiк бақылау аймағынан тыс жерде тоқтатқан жағдайда мұндай бақылаудың уақыты екi сағаттан аспауға тиiс. Мұндай бақылауды жүзеге асыру туралы Кеден одағы комиссиясының шешiмiмен айқындалатын нысанда акт жасалады, оның бiр данасы тасымалдаушыға берiледi.
186-бап. Кедендiк бақылау аймақтары
1. Кеден одағының кедендiк шекарасы арқылы өткiзу пункттерiнде, сондай-ақ кедендiк декларациялау және өзге де кедендiк операциялар жүргiзу орындарында кеден органдары кедендiк бақылауды жүзеге асыру мақсаттары үшiн кедендiк бақылау аймақтарын құрады. Сонымен қатар уақытша сақтау орындары мен қоймаларының, кедендiк және еркiн қоймалардың, арнайы экономикалық аймақтардың, бажсыз сауда дүкендерiнiң аумақтары кедендiк бақылау аймақтары болып табылады.
2. Кедендiк бақылау аймақтары кеден iсi саласындағы уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшесi немесе кеден басшысының (оны алмастыратын тұлғаның) өткiзу пункттерiнiң аумақтарында, кедендiк декларациялау және осы Кодексте көзделген өзге де кедендiк операциялар жүргiзу орындарында кедендiк бақылау аймақтарын құру туралы бұйрығының негiзiнде құрылады.
3. Кедендiк бақылау аймақтарының шекаралары шартты сызықпен шектеледi және:
1) кедендiк рәсiмдер өткiзу орындарында – өлшемдерi: биiктiгi – 50 сантиметр, енi – 100 сантиметр болатын белгiлермен белгiленедi. Белгiнiң көк түстi тақтасына биiктiгi 10 сантиметр және енi 3,7 сантиметр ақ түстi әрiптермен, үш жолға, үш тiлде (қазақ, орыс және ағылшын) «Кедендiк бақылау аймағы» деген жазу жазылады;
2) суда жарық шағылыстырғыш бояудың көмегiмен орындалған «Кедендiк бақылау аймағы» деген жазуы бар қызыл түстi қалтқылармен белгiленедi.
4. Кедендiк бақылау аймақтарына жiберу:
1) кедендiк бақылау аймақтарында қызметтi жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының тиiстi бақылаушы органдарының лауазымды адамдары үшiн, қызметтiк куәлiктi ұсынған кезде, тұрақты рұқсат қағазы;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен құқық қорғау және арнайы органдардың лауазымды адамдары үшiн қаулы;
3) лауазымдық мiндеттерiн орындау тiкелей кедендiк бақылау аймағында болумен байланысты ұйымдардың лауазымды адамдары үшiн рұқсат қағазы негiзiнде жүзеге асырылады.
Тұрақты рұқсат қағаздары тиiстi бақылаушы органдардың, ұйымдардың немесе кәсiпорындардың жазбаша өтiнiшi негiзiнде күнтiзбелiк бiр жыл мерзiмге берiледi және оған кеден iсi саласындағы уәкiлеттi орган аумақтық бөлiмшесiнiң не кеденнiң басшысы немесе оны алмастыратын адам қол қояды. Рұқсат қағаздарын арнайы журналда тiркеудi аталған рұқсат қағазын берген кеден органы жүргiзедi.
4) мемлекеттiк органдардың және ұйымдардың лауазымды адамдары кедендiк бақылау аймағында қысқа уақыт болуымен тiкелей байланысты өздерiне жүктелген функцияларды орындау мақсатында оларға берiлетiн уақытша рұқсат қағазы негiзiнде жүзеге асырылады.
Уақытша рұқсат беру қағаздары адамның кедендiк бақылау аймағында уақытша болу мерзiмiне, оның жазбаша өтiнiшi негiзiнде берiледi.
5. Рұқсат қағаздарын ресiмдемей, кедендiк бақылау аймағына жiберу:
1) қызметтiк куәлiктi ұсынған кезде - кедендiк бақылау аймағында өздерiне жүктелген функцияларды өз жұмыс уақыты кезеңiнде орындайтын кеден органдарының лауазымды адамдарына;
2) кедендiк бақылау аймағындағы тауарлар мен көлiк құралдарына өкiлдiк ететiн адамдарға, сондай-ақ кеден одағының кедендiк шекарасынан кесiп өтетiн жеке тұлғаларға қатысты жүзеге асырылады.
Кеден органының лауазымды адамдарының өз жұмыс уақытынан тыс кезде кеден органы басшысының рұқсатынсыз кедендiк бақылау аймағында болуына жол берiлмейдi.
6. Кедендiк бақылау аймағының шекарасы арқылы және оның шегiнде тауарлар мен көлiк құралдарының өтуiне кеден органының рұқсатымен жол берiледi.
7. Өндiрiстiк және өзге кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыруға, аталған қызмет уақытша сақтау орнының немесе қоймасының, еркiн қойманың, кеден қоймасының және бажсыз сауда дүкенiнiң мақсатына сәйкес келген жағдайларды қоспағанда, сондай-ақ режимдiк объектiлердiң кедендiк бақылау аймақтарында болуына жол берiлмейдi.
187-бап. Кедендiк бақылау жүргiзу үшiн қажеттi
құжаттар мен мәлiметтердi ұсыну
1. Декларант, кеден iсi саласындағы қызметтi жүзеге асыратын тұлғалар және өзге де мүдделi тұлғалар кеден органдарына кедендiк бақылау жүргiзу үшiн қажеттi құжаттар мен мәлiметтердi ауызша, жазбаша және (немесе) электронды нысанда табыс етуге мiндеттi.
2. Кеден органы кедендiк бақылауды жүргiзу үшiн қажеттi құжаттар мен мәлiметтердi жазбаша және (немесе) электронды нысанда сұратуға және оларды табыс ету мерзiмiн белгiлеуге құқылы.
Кеден органы белгiлейтiн мерзiм сұратылған құжаттар мен мәлiметтердi ұсыну үшiн жеткiлiктi болуға тиiс.
3. Кеден органдары кедендiк бақылауды жүргiзу үшiн Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес банктерден және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардан жүзеге асырылатын сыртқы экономикалық мәмiлелер бойынша ақша операциялары туралы құжаттар мен мәлiметтердi алуға құқылы.
4. Тауарлар шығарылғаннан кейiн кедендiк бақылау жүргiзу мақсатында кеден органдары коммерциялық және бухгалтерлiк құжаттарды, тауарларды кеден одағының кедендiк шекарасы арқылы өткiзуге, оларды шығаруға және кеден одағының кедендiк аумағында немесе одан тыс жерде пайдалануға қатысты өзге де ақпаратты, соның iшiнде электрондық нысанда сұратуға және алуға құқылы.
5. Егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзге мерзiм белгiленбесе, тұлғалар және кеден органдары кедендiк бақылау жүргiзу үшiн қажеттi құжаттарды тауарлардың кедендiк бақылауда болуы аяқталған кезден бастап бес жыл бойы сақтауға тиiс.
Кеден iсi саласындағы қызметтi жүзеге асыратын тұлғалар кедендiк бақылау үшiн қажеттi құжаттарды кедендiк операциялар жүргiзiлген жылдан кейiн бес жыл бойы сақтауға тиiс.
188-бап. Тауарлар шығарылғаннан кейiнгi кедендiк бақылау
Кеден органдары тауарлар шығарылғаннан кейiн тауарлардың кедендiк бақылауда болуы аяқталған кезден бастап бес жыл бойы кедендiк бақылау жүргiзедi.
Тауарлар шығарылғаннан кейiнгi кедендiк бақылау осы Кодекстiң 21 және 24-тарауларында белгiленген нысандарда және тәртiппен жүргiзiледi.
189-бап. Кеден одағының кедендiк аумағына әкелiнген
тауарлардың айналымы кезiндегi кедендiк бақылау
Кеден органдары кедендiк бақылауды аумағына әкелiнген тауарлардың айналымы кезiнде мұндай тауарлардың кеден одағы кеден заңнамасының талаптары мен шарттарына сәйкес шығарылу фактiсiн растайтын мәлiметтердi тексеру, оның iшiнде кеден одағының кедендiк аумағына тауарларды әкелудiң заңдылығын растау үшiн тауарларда пайдаланылатын таңбалаудың немесе өзге де сәйкестендiру белгiлерiнiң болуын тексеру мақсатында жүргiзедi.
190-бап. Кедендiк бақылауды жүргiзу кезiнде маманның
қатысуы
1. Қажеттi жағдайларда кедендiк бақылауды жүргiзу кезiнде нақты әрекеттер жасауға қатысу үшiн, мұндай әрекеттердiң нәтижесiне мүдделi емес, кеден органдарына жәрдем ету үшiн, оның iшiнде техникалық құралдарды қолдану кезiнде қажет болатын арнайы бiлiмi мен дағдылары бар маман тартылуы мүмкiн.
2. Маман ретiнде тұлғаны тарту шарт негiзiнде жүзеге асырылады.
3. Маман:
1) оның қатысуымен жүзеге асырылатын нақты iс-әрекеттердi жүзеге асыруға байланысты материалдармен танысуға;
2) өзi қатысқан кедендiк бақылауды жүргiзу кезiнде iс-әрекеттер жасау нәтижелерi бойынша ресiмделетiн құжаттармен танысуға және жасаған iс-әрекеттерi бойынша мұндай құжаттарға енгiзiлуге тиiс өтiнiштер немесе ескертулер жасауға құқылы.
4. Маман:
1) арнайы бiлiмдi талап ететiн iс-әрекеттер жасауға қатысуға, жасайтын iс-әрекеттерi бойынша түсiндiрме беруге;
2) аталған iс-әрекеттер жасау фактiсiн, олардың мазмұны мен нәтижелерiн өз қолымен куәландыруға мiндеттi.
5. Маман өзi алған мемлекеттiк, коммерциялық, банктiк немесе заңмен қорғалатын өзге де құпия болып табылатын ақпаратты, сондай-ақ өзге де жасырын ақпаратты жарияламауға, өзге де мақсаттарда пайдаланбауға, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген жағдайларды қоспағанда, үшiншi тұлғаларға бермеуге тиiс.
6. Егер кедендiк бақылауды жүргiзу барысында кеден одағының кеден заңнамасының бұзушылықтары анықталса, кеден органдарының маманды тартуға байланысты туындаған шығыстары оған немесе оның тауарларына қатысты кедендiк бақылау жүргiзiлетiн тұлғаның қаражаты есебiнен өтеледi. Өзге жағдайларда көрсетiлген қызмет үшiн мұндай төлем Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында белгiленген тәртiппен бюджеттiк қаражат есебiнен жүзеге асырылады.
191-бап. Кедендiк бақылауды жүргiзуге жәрдем ету
үшiн басқа мемлекеттiк органдардың мамандары
мен сарапшыларын тарту
1. Кеден органдары кедендiк бақылауды жүргiзуге жәрдем ету үшiн басқа мемлекеттiк органдардың мамандары мен сарапшыларын тартуға құқылы.
2. Басқа мемлекеттiк органдардан тартылатын мамандар мен сарапшылар мемлекеттiк, коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпияны, сондай-ақ сыртқы экономикалық және кеден iсi саласындағы өзге де қызметке қатысушыларға қатысты жасырын ақпаратты жария етпеуге мiндеттi.
3. Басқа мемлекеттiк органдардың мамандары мен сарапшыларын тартуға байланысты шығыстар, егер бұл жұмыс олардың қызметтiк мiндеттерi шеңберiне кiрмесе, осы Кодекстiң 190-бабының 6-тармағында айқындалған тәртiппен өтеледi.
192-бап. Кеден одағының кедендiк шекарасында кеден
органдары мен мемлекеттiк бақылаушы органдар
арасындағы өзара iс-қимыл
1. Кеден одағының кедендiк шекарасы арқылы өткiзiлетiн және басқа мемлекеттiк бақылаушы органдардың бақылауына жататын тауарларға кедендiк бақылауды жүргiзу кезiнде кеден органдары мұндай әрекеттердi жалпы үйлестiрудi және бiрлескен актiде айқындалған тәртiппен бiрлескен бақылауды бiр мезгiлде өткiзудi қамтамасыз етедi.
2. Кеден одағының кедендiк шекарасы арқылы өткiзiлетiн тауарларға кедендiк бақылаудың тиiмдiлiгiн арттыру мақсатында кеден органдары мен мемлекеттiк бақылаушы органдар ақпараттық жүйелер мен технологияларды пайдалана отырып, кедендiк бақылау мен мемлекеттiк бақылаудың өзге де түрлерiн жүргiзу үшiн қажеттi ақпаратпен (мәлiметтермен) және (немесе) құжаттармен алмасады.
3. Тауарларды кеден одағының кедендiк шекарасы арқылы өткiзу кезiнде мемлекеттiк бақылау рәсiмдерiн жеделдету мақсатында кедендiк тексерiп қарау кеден одағының кедендiк шекарасында бақылауды жүзеге асыратын барлық мемлекеттiк органдардың қатысуымен жүргiзiлуi мүмкiн. Бұл ретте кедендiк тексерiп қарау актiсi жасалады.
РҚАО-ның ескертпесi!
4-тармақ 2011.07.01 бастап қолданысқа енгiзiледi (ҚР 2010.06.30 N 298-IV Заңының 1-бабын қараңыз).
4. Кеден одағының кедендiк шекарасы арқылы өткiзiлетiн тауарлардың және (немесе) көлiк құралдарының иондаушы сәуле шығару деңгейiн тексеру және халықтың және қоршаған ортаның қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мақсатында оны табиғи ортамен салыстыру радиациялық бақылау болып табылады.
Радиациялық бақылауды кеден одағының кедендiк шекарасы арқылы өткiзу пункттерiнде орналасқан кеден органдары радиациялық бақылаудың техникалық құралдарын пайдалана отырып, автоматты түрде не қолмен тексеру режимiнде жүргiзедi.
Радиациялық бақылауды жүргiзу тәртiбiн кеден iсi саласындағы уәкiлеттi орган тиiстi уәкiлеттi мемлекеттiк органдармен келiсе отырып белгiлейдi.
РҚАО-ның ескертпесi!
5-тармақ 2011.07.01 бастап қолданысқа енгiзiледi (ҚР 2010.06.30 N 298-IV Заңының 1-бабын қараңыз).
5. Кеден органдары экспорттық бақылауға жататын тауарлар кеден одағының кедендiк шекарасы арқылы өткiзiлген кезде аталған тауарларға кедендiк бақылауды жүзеге асырады.
Кеден iсi саласындағы уәкiлеттi орган экспорттық бақылау саласындағы нормативтiк құқықтық актiлердi әзiрлеуге қатысады.
Кеден органдары экспорттық бақылауға жататын тауарлардың кеден одағының кедендiк шекарасынан заңсыз өткiзiлуiнiң алдын алады және жолын кеседi.
РҚАО-ның ескертпесi!
6-тармақ 2011.07.01 бастап қолданысқа енгiзiледi (ҚР 2010.06.30 N 298-IV Заңының 1-бабын қараңыз).
6. Кеден одағының кедендiк шекарасы арқылы автомобильмен өту пункттерiнде мемлекеттiк ветеринарлық-санитарлық бақылау Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасы талаптарының орындалуын тексеру мақсатында жүзеге асырылады және кеден одағының кедендiк аумағын кеден одағының мүшесi болып табылмайтын басқа мемлекеттерден жануарлардың инфекциялық және экзотикалық ауруларының әкелiнуiнен және таралуынан қорғауға бағытталған.
Кеден одағының кедендiк шекарасы арқылы автомобильмен өту пункттерiнде мемлекеттiк ветеринарлық-санитарлық бақылауды Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын тәртiппен Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органдарының кеден органдарына iссапарға жiберiлген ветеринарлық-санитарлық инспекторлары жүзеге асырады.
РҚАО-ның ескертпесi!
7-тармақ 2011.07.01 бастап қолданысқа енгiзiледi (ҚР 2010.06.30 N 298-IV Заңының 1-бабын қараңыз).
7. Кеден одағының кедендiк шекарасы арқылы автомобильмен өту пункттерiнде өсiмдiктер карантинi бойынша бақылау Қазақстан Республикасының өсiмдiктер карантинi саласындағы заңнамасының талаптарын орындау мақсатында жүзеге асырылады және кеден одағының кедендiк аумағын кеден одағының мүшесi болып табылмайтын басқа мемлекеттерден тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтетiн карантиндiк объектiлердiң әкелiнуiнен немесе өздiгiнен енiп кетуiнен қорғауға бағытталған.
Кеден одағының кедендiк шекарасы арқылы автомобильмен өту пункттерiнде өсiмдiктер карантинi бойынша бақылауды Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын тәртiппен Қазақстан Республикасының өсiмдiктер карантинi саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органының кеден органдарына iссапарға жiберiлген өсiмдiктер карантинi жөнiндегi мемлекеттiк инспекторлары жүзеге асырады.
РҚАО-ның ескертпесi!
8-тармақ 2011.07.01 бастап қолданысқа енгiзiледi (ҚР 2010.06.30 N 298-IV Заңының 1-бабын қараңыз).
8. Адамдар мен тауарларды (жүктердi) кеден одағының кедендiк шекарасы арқылы өткiзген кезде кеден одағының кедендiк аумағына инфекциялық және паразиттiк аурулардың, сондай-ақ адамның денсаулығы үшiн ықтимал қауiптi заттар мен өнiмдердiң әкелiнуiне жол бермеу мақсатында жүргiзiлетiн тауарлардың (жүктердiң) санитарлық-эпидемиологиялық жай-күйiн және адамдардың денсаулық жағдайын бақылау санитарлық-карантиндiк бақылау болып табылады.
Кеден одағының кедендiк шекарасы арқылы автомобильмен өту пункттерiнде санитарлық-карантиндiк бақылауды кеден органдарының лауазымды адамдары кеден iсi саласындағы уәкiлеттi орган мен халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкiлеттi орган арасында жасалатын бiрлескен актiде айқындалған тәртiппен жүргiзедi.
Кеден одағының мүшесi болып табылмайтын басқа мемлекеттен инфекциялық және паразиттiк аурулардың, сондай-ақ адамның денсаулығы үшiн ықтимал қауiптi заттар мен өнiмдердiң әкелiнуiнiң нақты қаупi туындаған жағдайда кеден органдары санитарлық-карантиндiк бақылау жүргiзу мақсатында кеден iсi саласындағы уәкiлеттi орган мен халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкiлеттi органның бiрлескен актiлерiнде айқындалған тәртiппен халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы аумақтық органдарды тартады.
РҚАО-ның ескертпесi!
9-тармақ 2011.07.01 бастап қолданысқа енгiзiледi (ҚР 2010.06.30 N 298-IV Заңының 1-бабын қараңыз).
9. Кеден одағының кедендiк шекарасы арқылы автомобиль өткiзу пункттерiнде кеден органдарына жүктелген көлiк бақылауы Қазақстан Республикасының автомобиль көлiгi саласындағы заңнамасының талаптарын жеке және заңды тұлғалардың сақтауын тексеру мақсатында жүзеге асырылады.
Кеден одағының кедендiк шекарасы арқылы автомобильмен өту пункттерiнде кеден органдарына жүктелген көлiк бақылауын кеден iсi саласындағы уәкiлеттi орган мен көлiк саласындағы уәкiлеттi орган арасында жасалатын бiрлескен актiде белгiленген тәртiппен кеден органдарының лауазымды адамдары жүзеге асырады.
10. Қазақстан Республикасының валюталық заңнамасын сақтау мақсатында кеден органдары:
1) өз құзыретi шегiнде сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар мен жеке тұлғалардың Қазақстан Республикасының валюта заңнамасын сақтауын бақылауды жүзеге асырады;
2) Қазақстан Республикасының валюталық заңнамасына сәйкес тауарлардың кеден одағының кедендiк шекарасы арқылы қозғалысы туралы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiн хабардар етiп отырады;
3) кеден органдары анықтаған Қазақстан Республикасының валюталық заңнамасы талаптарының бұзылғандығы туралы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiн хабардар етiп отырады.
193-бап. Кедендiк бақылау жүргiзу кезiнде заңсыз зиян
келтiруге жол бермеу
1. Кедендiк бақылау жүргiзу кезiнде кеден органдарының әрекеттерi (әрекетсiздiктерi) және шешiмдерi мүдделерiн қозғайтын тасымалдаушыға, декларантқа, олардың өкiлдерiне, уақытша сақтау қоймаларының, кеден қоймаларының, бажсыз сауда дүкендерiнiң иелерiне және өзге де мүдделi тұлғаларға, сондай-ақ тауарлар мен көлiк құралдарына кедендiк бақылауды жүргiзу кезiнде заңсыз зиян келтiруге жол берiлмейдi.
2. Кедендiк бақылау жүргiзу кезiнде кеден органдарының не оның лауазымды адамдарының заңсыз шешiмдерiнен, әрекеттерiнен (әрекетсiздiктерiнен) келтiрiлген шығындар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес толық көлемде өтелуге жатады.
3. Кеден органдары лауазымды адамдарының заңды шешiмдерiнен, әрекеттерiнен тұлғаға келтiрiлген шығындар өтелуге жатпайды.
194-бап. Кеден органдарының кедендiк бақылаудың
белгiлi бiр нысандарын қолдануынан босату
1. Кеден органдарының кедендiк бақылаудың белгiлi нысандарын қолдануынан босату осы Кодексте, кеден одағына мүше мемлекеттердiң халықаралық шарттарында және Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында белгiленедi.
2. Мыналардың:
1) кеден одағына мүше мемлекеттер басшыларының және олармен бiрге жүретiн отбасы мүшелерiнiң
2) егер қызметтiк мiндеттерiн орындауға байланысты кеден одағының кедендiк шекарасын кесiп өтсе, кеден одағына мүше мемлекеттер үкiмет басшыларының, үкiмет мүшелерiнiң
3) кеден одағына мүше мемлекеттерге ресми сапармен келетiн шет мемлекеттер басшыларының, шет мемлекеттердiң үкiмет басшыларының, сыртқы iстер министрлерiнiң
4) кеден одағына мүше мемлекеттердiң халықаралық шарттарына және өзге де халықаралық шарттарға сәйкес өзге де тұлғалардың жеке багаждары кедендiк тексерiп қарауға жатпайды.
3. Кедендiк тексерiп қараудан:
1) шетелдiк әскери корабльдер (кемелер), әскери әуе кемелерi және өздiгiнен жүретiн әскери техника;
2) Қазақстан Республикасының тиiстi мемлекеттiк органдарының арнайы өтiнiштерiне сәйкес кеден одағының кедендiк шекарасы арқылы өткiзiлетiн әскери мүлiк босатылады.
195-бап. Кеден органдарының кедендiк бақылау жүргiзу
кезiнде тұлғалар туралы ақпарат жинауы
1. Кедендiк бақылау жүргiзу мақсатында кеден органдары кеден одағының кедендiк шекарасы арқылы тауарлар өткiзуге байланысты сыртқы экономикалық қызметтi не кедендiк бақылаудағы тауарларға қатысты кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын тұлғалар туралы мыналарды:
1) заңды тұлғаның құрылтайшылары туралы;
2) дара кәсiпкердiң не заңды тұлғаның мемлекеттiк тiркелуi туралы;
3) кәсiпкерлiк қызмет үшiн пайдаланылатын мүлiктiң құрамы туралы;
4) ашылған банк шоттары туралы;
5) сыртқы экономикалық қызмет саласындағы қызмет туралы;
6) ұйымның орналасқан жерi туралы;
7) салық төлеушiнiң салық органында салық төлеушi ретiнде есепке тұруы және сәйкестендiру нөмiрi туралы;
8) кеден iсi саласындағы қызметтi жүзеге асыратын тұлғалар тiзiлiмiне енгiзiлген тұлғалардың төлем қабiлеттiлiгi туралы;
9) жеке тұлғаларға қатысты – дербес деректерi туралы (тегi, аты, әкесiнiң аты (бар болған кезде), туған күнi және орны, жынысы, тұрғылықты мекенжайы, жеке басын куәландыратын құжаттардан алынған деректер, салық төлеушiнiң сәйкестендiру нөмiрi (егер бар болса), сондай-ақ олардың кеден одағының кедендiк шекарасы арқылы тауарлар өткiзу жиiлiгi туралы мәлiметтердi қамтитын ақпарат жинауды жүзеге асыруға құқылы.
2. Осы баптың 1-тармағында көрсетiлген тұлғалар кеден органдарында бар өзi туралы құжаттамалық ақпаратпен танысуға және оның толықтығын және дұрыстығын қамтамасыз ету мақсатында осы ақпаратты нақтылауға құқығы бар.
3. Кеден органдары тұлғалар туралы ақпарат жинауды кеден одағының кедендiк шекарасы арқылы өткiзiлетiн тауарларға қатысты кедендiк операциялар жасау кезiнде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының басқа мемлекеттiк органдарынан көрсетiлген ақпаратты алу арқылы жүзеге асырады.
196-бап. Кедендiк бақылау жүргiзу кезiнде техникалық
құралдарды, су және әуе кемелерiн пайдалану
1. Кедендiк бақылау жүргiзу уақытын қысқарту және оның тиiмдiлiгiн арттыру мақсатында кеден органдары тiзбесi мен қолданылу тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейтiн кедендiк бақылаудың техникалық құралдарын пайдалануы мүмкiн.
Көрсетiлген техникалық құралдарды қолдану адамның өмiрi мен денсаулығы, жануарлар мен өсiмдiктер үшiн қауiпсiз болуға тиiс және тұлғаларға, тауарлар мен көлiк құралдарына зиян келтiрмеуге тиiс.
2. Кеден одағының кедендiк шекарасы арқылы өткiзiлетiн тауарларға қатысты кедендiк бақылау кеден органдарының су және әуе кемелерiн пайдалана отырып жүргiзiлуi мүмкiн.
3. Кедендiк бақылаудың мақсаттары үшiн кеден органдарының су және әуе кемелерiн пайдалану тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.
197-бап. Кедендiк бақылау үшiн қажеттi тауарлар мен
көлiк құралдарына қатысты жүк және өзге де
операциялар
1. Кеден органының талабы бойынша декларант, қойма иесi, кеден өкiлi және тауарларға қатысты өкiлеттiктерi бар өзге де тұлға кедендiк бақылауға жататын тауарларды тасымалдауды, өлшеудi немесе тауарлардың санына өзге де анықтауды, тиеудi, түсiрудi, қайта тиеудi, зақымданған орамды жөндеудi, орамды ашуды, тауарларды орауды не қайта орауды, сондай-ақ тауарлар орналасқан немесе орналасуы мүмкiн үй-жайларды, ыдыстарды және басқа да орындарды ашуға мiндеттi.
2. Тасымалдаушы өзi тасымалдайтын тауарларға және мұндай тауарлар тасымалданатын көлiк құралдарына қатысты жүк және өзге де операциялардың жүргiзiлуiне жәрдемдесуге мiндеттi.
3. Тауарлар мен көлiк құралдарына қатысты жүк және өзге де операциялар кеден органы үшiн қандай да бiр шығыстарға әкеп соқпауға тиiс.
198-бап. Тауарлар мен көлiк құралдарын, үй-жайлар мен
басқа да орындарды сәйкестендiру
1. Кеден органдары кедендiк бақылаудағы тауарларды, көлiк құралдарын, үй-жайларды, ыдыстарды және кедендiк бақылауға жататын тауарлары бар немесе болуы мүмкiн басқа да орындарды сәйкестендiруi мүмкiн.
Сәйкестендiру пломбалар қою, мөр басу, сандық, әрiптiк және өзге де таңбалау, сәйкестендiру белгiлерiн салу, мөртабандар қою, сынамалар мен үлгiлердi iрiктеп алу, тауарларды егжей-тегжейлi сипаттау, сызбалар жасау, масштабтық бейнелеу, фотосуреттер, иллюстрациялар жасау, тауарға iлеспе құжатты және өзге де құжаттаманы пайдалану жолымен және өзге де тәсiлдермен жүргiзiледi.
2. Сәйкестендiру құралдарын қолдану мен дайындауға қойылатын талаптарды кеден iсi саласындағы уәкiлеттi орган белгiлейдi.
3. Кедендiк мақсаттар үшiн сәйкестендiру құралдары ретiнде пломбалар, мөрлер немесе шет мемлекеттердiң кеден органдары, сондай-ақ тауарларды жiберушiлер немесе тасымалдаушылар қолданатын сәйкестендiрудiң өзге де құралдары танылуы мүмкiн.
4. Тауарлардың жойылуының, қайтарымсыз жоғалуының немесе елеулi түрде бүлiнуiнiң нақты қаупi болу жағдайларын қоспағанда, сәйкестендiру құралдарын тек кеден органдары арқылы немесе олардың рұқсатымен өзгертiлуi, алып тасталуы немесе жойылуы мүмкiн. Кеден органына сәйкестендiру құралдарының өзгертiлгенi, алып тасталғаны немесе жойылғаны туралы тез арада хабарланады және аталған қауiптiң бар екендiгiне дәлелдер ұсынылады.
Кеден органы сәйкестендiру құралдарының өзгертiлгенi, алып тасталғаны, жойылғаны немесе айырбасталғаны туралы Кеден одағы комиссиясының шешiмiмен белгiленетiн нысан бойынша акт жасайды.
21-тарау. КЕДЕНДIК БАҚЫЛАУ ЖҮРГIЗУ НЫСАНДАРЫ
МЕН ТӘРТIБI
199-бап. Кедендiк бақылау нысандары
Мыналар:
1) құжаттар мен мәлiметтердi тексеру;
2) ауызша сауалнама;
3) түсiндiрмелер алу;
4) кедендiк қадағалау;
5) кедендiк қарау;
6) кедендiк тексерiп қарау;
7) жеке кедендiк тексерiп қарау;
8) тауарлардың арнайы таңбалармен таңбалануын, оларда сәйкестендiру белгiлерiнiң болуын тексеру;
9) үй-жайлар мен аумақтарды кедендiк қарау;
10) кедендiк бақылаудағы тауарларды есепке алу;
11) тауарларды есепке алу жүйесiн және олар бойынша есептiлiктi тексеру;
12) кедендiк тексеру кедендiк бақылау нысандары болып табылады.
200-бап. Құжаттар мен мәлiметтердi тексеру
1. Кеден органдары мәлiметтердiң дұрыстығын, құжаттардың түпнұсқа екенiн және (немесе) олардың толтырылуының және (немесе) ресiмделуiнiң дұрыстығын анықтау мақсатында кедендiк операциялар жасау кезiнде табыс етiлген құжаттар мен мәлiметтердi тексередi.
2. Кеден органдарына кедендiк операциялар жасау кезiнде табыс етiлген мәлiметтердiң дұрыстығын тексеру оларды басқа дереккөздерден алынған ақпаратпен салыстыру, кедендiк статистиканың мәлiметтерiн талдау, ақпараттық технологияларды пайдалана отырып мәлiметтердi өңдеу арқылы, сондай-ақ кеден одағының кеден заңнамасында тыйым салынбаған басқа да тәсiлдермен жүзеге асырылады.
3. Кедендiк бақылауды жүргiзу кезiнде кеден органы кедендiк құжаттарда қамтылған ақпаратты тексеру мақсатында жазбаша нысанда қосымша құжаттар мен мәлiметтердi дәлелдi түрде сұратуға құқылы
4. Егер осы Кодексте тiкелей өзгеше көзделмесе, осы баптың 3-тармағына сәйкес қосымша құжаттар мен мәлiметтердi сұрату және оларды тексеру тауарларды шығаруға кедергi келтiрмеуге тиiс.
201-бап. Ауызша сауалнама
Осы Кодекске сәйкес кедендiк операциялар жасау кезiнде кеден органдарының лауазымды адамдары жеке тұлғалармен, олардың өкiлдерiмен, сондай-ақ кеден одағының кедендiк шекарасы арқылы өткiзiлетiн тауарларға қатысты өкiлеттiктерi бар ұйымдардың өкiлдерi болып табылатын адамдармен, көрсетiлген тұлғалардың жазбаша нысанда түсiнiктемелерiн ресiмдеместен, ауызша сауалнама жүргiзуге құқылы.
202-бап. Түсiндiрмелер алу
1. Кеден органдары лауазымды адамдарының тасымалдаушылардан, декларанттардан және кедендiк бақылауды жүзеге асыру үшiн маңызы бар мән-жайлар туралы мәлiметтерi бар өзге де тұлғалардан кеден iсi саласындағы қажеттi ақпаратты алуы түсiндiрмелер алу болып табылады.
2. Түсiндiрмелер Кеден одағы комиссиясының шешiмiмен белгiленген жазбаша нысанда ресiмделедi.
3. Тұлғаны түсiндiрме алу үшiн шақыру қажет болған жағдайда кеден органы шақырылатын тұлғаға табыс етiлетiн жазбаша нысандағы хабарламаны ресiмдейдi.
203-бап. Кедендiк қадағалау
Кеден органдары лауазымды адамдарының тауарлардың, соның iшiнде кедендiк бақылаудағы көлiк құралдарының тасымалдануын, олармен жүк және өзге де операциялардың жасалуын жария, мақсатты, жүйелi немесе бiржолғы, тiкелей немесе жанама түрде көзбен, оның iшiнде техникалық құралдарды қолдана отырып қадағалауы кедендiк қадағалау болып табылады.
204-бап. Кедендiк қарау
1. Көлiк құралдарын, тауарлардың орамдарын ашпай, тексерiлетiн объектiлер мен олардың бөлiктерiн бөлшектемей және өзге де тәсiлдермен бүтiндiгiн бұзбай, тауарларды, оның iшiнде көлiк құралдарын, жеке адамдардың багажын, сондай-ақ жүк ыдыстарын, кедендiк пломбаларды, мөрлердi және өзге де сәйкестендiру құралдарын сырттай көзбен шолып қарау кедендiк қарау болып табылады.
2. Кеден органы лауазымды адамдарының тауарларды, оның iшiнде халықаралық тасымалдың көлiк құралдарын, халықаралық почта жөнелтiмдерiн, жеке тұлғалардың багажын кедендiк қарауы кедендiк бақылаудағы тауарлардың сипаты, шығарылған жерi, жай-күйi, саны туралы, тауарларда, көлiк құралдарында және олардың жүк тұратын жайларында кедендiк пломбалардың, мөрлердiң және басқа да салынған сәйкестендiру құралдарының бар екендiгi туралы мәлiметтердi растауды алу үшiн жүзеге асырылады.
3. Кедендiк бақылау аймағында декларант, тауарларға қатысты өкiлеттiктерi бар өзге де адамдар және олардың өкiлдерi кедендiк қарау кезiнде қатысуға тiлек бiлдiретiн жағдайларды қоспағанда, кедендiк тексеру аталған адамдардың қатысуынсыз жүргiзiлуi мүмкiн.
4. Кедендiк қарау қаралатын объектiнiң iшкi құрылымын көзбен шолуды қамтамасыз ететiн және мұндай объектiнiң физикалық ерекше сипаттамасының болуы туралы өзге де түрде хабар беретiн техникалық құралдарды қолдана отырып жүргiзiлуi мүмкiн.
5. Егер мұндай қараудың нәтижелерi кедендiк мақсаттар үшiн пайдаланылатын болса, кеден органдарының лауазымды адамдары қарау нәтижелерi бойынша Кеден одағы комиссиясының шешiмiмен белгiленген нысан бойынша акт жасайды.
Тауарларға қатысты өкiлеттiктерi бар тұлғаның талабы бойынша кеден органының лауазымды адамдары кедендiк қараудың жүргiзу фактiсi туралы акт жасауға, не көлiктiк (тасымалдау), коммерциялық немесе кедендiк құжатта белгi қоюға мiндеттi.
Кедендiк қарау жүргiзiлгенi туралы актiнiң екiншi данасы тауарларға қатысты өкiлеттiктерi бар адамға табыс етiледi.
205-бап. Кедендiк тексерiп қарау
1. Кеден органдары лауазымды адамдарының тауарлардың орамдарын немесе көлiк құралының жүк тиелетiн жайларын не ыдыстарды, контейнерлердi және тауарлар бар немесе болуы мүмкiн өзге де орындарды салынған кедендiк пломбаларын немесе өзге де сәйкестендiру құралдарын бұза отырып ашуға, тексерiлетiн объектiлер мен олардың бөлiктерiн бөлшектеуге және өзге де тәсiлдермен бүтiндiгiн бұзуға байланысты iс-әрекеттерi кедендiк тексерiп қарау болып табылады.
2. Кедендiк тексерiп қарауды жүргiзуге уәкiлеттi кеден органының лауазымды адамы, мұндай тұлғалар белгiлi болса, декларантты немесе тауарларға қатысты өкiлеттiктерi бар өзге де тұлғаны кедендiк тексерiп қараудың жүргiзiлетiн жерi және уақыты туралы хабардар етедi.
Декларант, тауарларға қатысты өкiлеттiктерi бар өзге де адамдар және олардың өкiлдерi, осы баптың 4-тармағында белгiленген жағдайды қоспағанда, өз бастамасы бойынша кедендiк тексерiп қарау кезiнде қатысуға құқылы.
Кедендiк тексерiп қарауды жүргiзудiң басталу уақыты мұндай адамдардың келуiнiң ақылға қонымды мерзiмдерiн ескеруге тиiс.
3. Үй-жайлар мен аумақтарды кедендiк тексерiп қарау барысында және (немесе) көшпелi кедендiк тексеру барысында жүзеге асырылатын кедендiк тексерiп қарау кедендiк бақылау аймақтарын құрмай жүргiзiлуi мүмкiн.
4. Кеден органы лауазымды адамдарының талабы бойынша декларант немесе тауарларға қатысты өкiлеттiктерi бар өзге де тұлғалар және олардың өкiлдерi кедендiк тексерiп қарау кезiнде қатысуға және кеден органының лауазымды адамдарына қажеттi жәрдем көрсетуге мiндеттi. Тасымалдаушы арнайы уәкiлеттiк берген өкiл болмаған жағдайда, көлiк құралын жүргiзетiн жеке тұлға осы мiндеттi атқарушы болып табылады
5. Кеден органы декларант, тауарларға қатысты өкiлеттiктерi бар өзге де тұлғалар және олардың өкiлдерi болмаған кезде, мынадай жағдайларда:
1) көрсетiлген тұлғалар келмеген не мұндай тұлғалар белгiсiз болған кезде;
2) ұлттық (мемлекеттiк) қауiпсiздiкке, адамның, жануарлардың өмiрi мен денсаулығына, эпизоотиялық ахуал туындау қаупi, қоршаған ортаға, Қазақстан Республикасының ұлттық мәдени игiлiгi объектiлерiн сақтауға қауiп болған кезде және кейiнге қалдыруға болмайтын өзге де мән-жайларда, соның iшiнде егер тауарлар тез тұтанғыш заттар, жарылғыш қауiптi нәрселер, жарылғыш, уландырғыш, қауiптi химиялық және биологиялық заттар, есiрткi құралдары, психотроптық, қатты әсер ететiн, улы, уытты, радиоактивтi заттар, ядролық материалдар және басқа да ұқсас тауарлар болып табылатын белгiлерi бар болса, сондай-ақ егер тауарлар жағымсыз иiс шығаратын болса;
3) тауарларды халықаралық почта жөнелтiмдерiмен жөнелту кезiнде;
4) тауарлардың әкетiлуiн көздейтiн кедендiк режимдi бұза отырып, оларды кеден одағының кедендiк аумағында қалдыру кезiнде кедендiк тексерiп қарауды жүргiзуге құқылы.
Көрсетiлген жағдайларда кедендiк тексерiп қарау екi куәгердiң қатысуымен жүргiзiледi.
6. Кедендiк тексерiп қарау нәтижелерi бойынша Кеден одағы комиссиясының шешiмiмен белгiленген нысан бойынша екi дана етiп кедендiк тексерiп қарау актiсi жасалады. Кедендiк тексерiп қарау актiсiнде мынадай мәлiметтер:
1) кедендiк тексерiп қарауды жүргiзген кеден органының лауазымды адамдары және оны жүргiзу кезiнде қатысқан тұлғалар туралы мәлiметтер;
2) декларант немесе тауарларға қатысты өкiлеттiктерi бар өзге де адамдар болмаған кезде кедендiк тексерiп қараудың жүргiзiлу себептерi;
3) кедендiк тексерiп қарау нәтижелерi;
4) акт нысанында көзделген өзге де мәлiметтер көрсетiледi.
Актiнiң екiншi данасы тауарларға қатысты өкiлеттiктерi бар адамға не егер бұл адам анықталса, оның өкiлiне табыс етiледi (жiберiледi).
206-бап. Жеке кедендiк тексерiп қарау
1. Жеке кедендiк тексерiп қарау кеден одағының кедендiк шекарасы арқылы өтетiн не кедендiк бақылау аймағындағы немесе халықаралық әуежайдың транзит аймағындағы жеке тұлғаның кеден одағының кеден заңнамасын бұза отырып өткiзiлетiн тауарларды өзiнде жасырып және ерiктi түрде бермей тұр деп ойлауға жеткiлiктi негiздер болған кезде, кеден органы басшысының (оны алмастыратын адамның) жазбаша шешiмi бойынша жүргiзiлетiн кедендiк бақылаудың ерекше нысаны болып табылады.
Жеке кедендiк тексерiп қарауды жүргiзу туралы шешiм кеден органы лауазымды адамының баянхатына бұрыштама қою арқылы жазбаша нысанда қабылданады не жеке құжатпен ресiмделедi.
2. Жеке кедендiк тексерiп қарау басталар алдында кеден органының лауазымды адамы жеке тұлғаға тексерiп қарауды жүргiзу туралы шешiмдi көрсетуге, жеке тұлғаны мұндай тексерiп қарауды жүргiзу кезiндегi құқықтарымен таныстыруға және жасырған тауарларын өз еркiмен беру туралы ұсыныс жасауға мiндеттi.
Жеке тұлғаның жеке кедендiк тексерiп қарау туралы шешiммен танысу фактiсiн көрсетiлген тұлға мұндай тексерiп қарауды жүргiзу туралы шешiмдегi тиiстi жазбамен куәландырады. Мұндай әрекеттердi жасаудан бас тартқан жағдайда бұл туралы жеке кедендiк тексерiп қарауды жүргiзу туралы шешiмге осындай тексерiп қарауды жүргiзу туралы шешiмдi жариялаған кеден органы лауазымды адамының қолымен куәландырылатын белгi қойылады.
3. Жеке кедендiк тексерiп қарауды жүргiзу кезiнде кеден органы лауазымды адамының әрекетi жеке тұлғаның ар-намысы мен абыройына нұқсан келтiрмеуге, тексерiлiп қаралатын тұлғаның денсаулығына заңсыз зиян және мүлкiне залал келтiрмеуге тиiс.
4. Өзiне қатысты жеке кедендiк тексерiп қарау жүргiзiлiп отырған жеке тұлғаның:
1) жеке кедендiк тексерiп қарауды жүргiзу басталғанға дейiн кедендiк тексерiп қарауды жүргiзу шешiмiмен және тәртiбiмен танысуға;
2) өз құқықтары мен мiндеттерiмен танысуға
3) түсiнiктемелер беруге және қолдаухаттарды мәлiмдеуге
4) өзiнде жасырған, кеден одағының кеден заңнамасын бұза отырып өткiзiлмек тауарларды өз еркiмен беруге;
5) жеке кедендiк тексерiп қарауды жүргiзетiн кеден органы лауазымды адамы жеке кедендiк тексерiп қарауды жүргiзу туралы актiге мiндеттi түрде енгiзе отырып, мәлiмдеме жасауға;
6) ана тiлiн пайдалануға, сондай-ақ аудармашының қызметтерiн пайдалануға;
7) кедендiк тексерiп қарауды жүргiзу туралы акт жасалып болған соң онымен танысуға және актiге енгiзуге жататын мәлiмдемелер жасауға;
8) жеке кедендiк тексерiп қарау жүргiзетiн кеден органы лауазымды адамдарының әрекеттерiне осы Кодекске сәйкес шағымдануға құқығы бар.
5. Жеке кедендiк тексерiп қарау барысында тексерiлiп қаралатын тұлға немесе оның заңды өкiлi жеке кедендiк тексерiп қарау жүргiзетiн кеден органы лауазымды адамының заңды талаптарын орындауға мiндеттi.
6. Жеке кедендiк тексерiп қарауды тексерiлiп қаралатын адаммен бiр жыныстағы кеден органының лауазымды адамдары сол жыныстағы екi куәгердiң қатысуымен санитарлық-гигиеналық талаптарға сай келетiн оқшауланған үй-жайда жүргiзедi. Бұл үй-жайға басқа жеке тұлғалардың кiруiне және олардың тарапынан жеке кедендiк тексерiп қараудың жүргiзiлуiн қадағалау мүмкiндiгiне жол берiлмеуге тиiс. Тексерiп қаралатын адамның денесiн тексерiп зерттеудi, қажет болған жағдайда арнайы медициналық техниканы пайдалана отырып, медицина қызметкерi ғана жүргiзуге тиiс.
Медициналық қызметкер жеке кедендiк тексерiп қарау туралы шешiмдi орындаудан жалтаруға құқылы емес.
Кәмелетке толмаған немесе әрекетке қабiлетсiз жеке адамды жеке кедендiк тексерiп қарау кезiнде оның заңды өкiлдерi (ата-аналары, асырап алушылары, қорғаншылары, қамқоршылары) немесе оны алып жүретiн адамдар қатысуға мiндеттi.
7. Жеке кедендiк тексерiп қарауды жүргiзу туралы Кеден одағы комиссиясының шешiмiмен бекiтiлетiн нысан бойынша екi дана етiп актi жасалады. Бұл акт жеке кедендiк тексерiп қарау барысында не тiкелей ол аяқталғаннан кейiн жасалуға тиiс.
Актiге жеке кедендiк тексерiп қарауды жүргiзген кеден органының лауазымды адамы, оған қатысты тексерiп қарау жүргiзiлген жеке адам не оның заңды өкiлi немесе оны алып жүрген адам, куәгерлер, ал тексерiп зерттеу жүргiзiлген кезде – медициналық қызметкер қолдарын қояды.
Өзiне қатысты жеке кедендiк тексерiп қарау жүргiзiлген жеке адамға не оның заңды өкiлiне немесе оны алып жүрген адамға жеке кедендiк тексерiп қарау туралы актiнiң екiншi данасы ол жасалғаннан кейiн дереу табыс етiледi.
207-бап. Тауарлардың арнайы таңбалармен таңбалануын,
оларда сәйкестендiру белгiлерiнiң болуын тексеру
1. Кеден органдары тауарларда немесе олардың орамдарында арнайы таңбалардың, сәйкестендiру белгiлерiнiң немесе кеден одағының кеден заңнамасында және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда, олардың кеден одағының кедендiк аумағына әкелiну заңдылығын растау үшiн пайдаланылатын өзге де тәсiлдермен тауарларды белгiлеулердiң болуына тексеру жүргiзедi.
2. Тауарларда арнайы таңбалардың, сәйкестендiру белгiлерiнiң немесе тауарларды өзге де тәсiлдермен белгiлеудiң болмауы, егер мұндай тауарлар табылған адам, декларант не өзге де мүдделi тұлға керiсiнше екенiн дәлелдемесе, кеден одағының кедендiк аумағына кедендiк операцияларды жасамай және тауарларды шығармай жүзеге асырылған тауарларды әкелу ретiнде қаралады.
208-бап. Үй-жайлар мен аумақтарды кедендiк қарау
1. Үй-жайлар мен аумақтарды кедендiк қарау кедендiк бақылаудағы, оның iшiнде шартты шығарылған уақытша сақтау орындарындағы, кеден қоймаларындағы, бажсыз сауда дүкендерiндегi және кедендiк бақылаудағы тауарлар болуы мүмкiн өзге де жерлердегi тауарлардың, сондай-ақ адамдарда осы Кодексте көзделген кедендiк рәсiмдердiң талаптарына сәйкес болуға тиiс тауарлардың болуын растау мақсатында жүргiзiледi.
2. Осы баптың 1-тармағында көрсетiлмеген үй-жайлар мен аумақтарды кедендiк қарауды кеден органдары тауарларды кеден одағының кедендiк шекарасы арқылы өткiзу орындарында, шекара аймағында, сондай-ақ тауарлардың көтерме немесе бөлшек саудасын жүзеге асыратын, тауарларды кедендiк бақылау аймағы болып табылмайтын жерлерде сақтайтын тұлғаларда, тауарларға иелiк ететiн және (немесе) оларды пайдаланатын өзге де тұлғаларда, осы тұлғалардың үй-жайларында немесе аумақтарында осы Кодексте көзделген тәртiптi бұза отырып кеден одағының кедендiк аумағына әкелiнген және (немесе) онда тұрған тауарлардың болуы туралы ақпарат болған кезде, мұндай ақпаратты тексеру үшiн жүргiзуi мүмкiн.
3. Кеден органдары үй-жайлар мен аумақтарды кедендiк қарауды осы үй-жайлар мен аумақтардың осы Кодекстiң 40, 47, 54, 185, 260, 334 баптарына сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгiленген талаптар мен шарттарға сәйкестiгiн тексеру мақсатында да жүзеге асыруы мүмкiн.
4. Тұрғын үй-жайларға кедендiк қарау жүргiзуге жол берiлмейдi.
5. Үй-жайлар мен аумақтарды кедендiк қарау ұйғарымды (нұсқауды) және кеден органы лауазымды адамының қызметтiк куәлiгiн көрсеткен кезде жүргiзiледi.
Үй-жайлар мен аумақтарды қарауға арналған ұйғарымның (нұсқаудың) нысанын кеден iсi саласындағы уәкiлеттi орган белгiлейдi.
6. Аумаққа және үй-жайларға жiберуден бас тартылған жағдайда, кеден органдарының лауазымды адамдары аумаққа және үй-жайларға екi куәгердiң қатысуымен қарсылықтың жолын кесу және жабық үй-жайларды ашу арқылы кiруге құқылы. Үй-жайларға қарсылықтың жолын кесу және жабық үй-жайларды ашу арқылы кiрудiң барлық жағдайлары туралы кеден органдары жиырма төрт сағаттың iшiнде прокурорды хабардар етедi. Кеден органдары лауазымды адамдарының аумақтарға және үй-жайларға кiруiне кедергi келтiрген адамдар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
7. Мемлекеттiк органдардың лауазымды адамдарының жекелеген объектiлерге кiруiн арнайы тәртiбi Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалады.
8. Үй-жайлар мен аумақтарды кедендiк қарау оны жүргiзу үшiн қажеттi ең аз уақыт кезеңiнде жүргiзiлуге тиiс және бiр жұмыс күнiнен аспауға тиiс. Кедендiк қарауды жүргiзу уақытының кезеңi бес жұмыс күнiнен артық ұзартыла алмайды.
9. Үй-жайлар мен аумақтарды кедендiк қарау нәтижелерi бойынша Кеден одағы комиссиясының шешiмiмен бекiтiлген нысан бойынша акт жасалады. Үй-жайлар мен аумақтарды кедендiк қарау актiсiнiң екiншi данасы үй-жайлары немесе аумақтары қаралған тұлғаға табыс етiлуге (жiберiлуге) жатады.
209-бап. Кедендiк бақылаудағы тауарларды есепке алу
1. Кеден органдары кедендiк бақылаудағы тауарлардың және олармен жасалатын кедендiк операциялардың есебiн, оның iшiнде ақпараттық жүйелер мен технологияларды пайдалана отырып жүргiзедi.
2. Кедендiк бақылаудағы тауарларды есепке алу тәртiбi мен нысанын Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайды.
210-бап. Тауарларды есепке алу жүйесiн және олар
бойынша есептiлiктi тексеру
1. Кеден iсi саласындағы қызметтi жүзеге асыратын, арнайы оңайлатуларды пайдаланатын, сондай-ақ шетелдiк тауарларды пайдаланатын және (немесе) иеленетiн тұлғалар кеден органдарының талабы бойынша кеден органдарына сақталатын, тасымалданатын, өткiзiлетiн, қайта өңделетiн және (немесе) пайдаланылатын тауарлар туралы есептiлiктi табыс етуге мiндеттi.
2. Есептiлiктi табыс ету нысанын және тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайды.
3. Кедендiк бақылау нысаны ретiнде тауарларды есепке алу жүйесiн тексеру мынадай жағдайларда:
1) осы Кодекске сәйкес арнайы оңайлатуларды қолданған кезде;
2) тауарларды шартты түрде шығарған кезде;
3) кеден iсi саласындағы қызметтi жүзеге асыратын тұлғаларға қатысты;
4) осындай тауарлардың есебiн жүргiзудi көздейтiн кедендiк рәсiмдермен орналастырылған тауарларға қатысты жүргiзiледi.
211-бап. Кедендiк тексеру
1. Кеден органдары кедендiк тексерудi тұлғалардың кеден одағының кеден заңнамасында және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген талаптарды сақтауын тексеру мақсатында жүргiзедi.
2. Кеден органы кедендiк тексерудi Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған және (немесе) тiркелген тексерiлетiн тұлғаларға қатысты жүргiзедi.
Тексерiлетiн тұлғалар деп:
1) декларант;
2) кеден өкiлi;
3) тасымалдаушы, оның iшiнде кедендiк тасымалдаушы;
4) тауарлар шығарылғаннан кейiн оларға қатысты өкiлеттiктерi бар тұлға немесе оның өкiлi;
5) тауарларды уақытша сақтауды жүзеге асыратын тұлға;
6) бажсыз сауда дүкендерiнiң, кеден қоймасының және өзге де қоймалардың иелерi;
7) уәкiлеттi экономикалық оператор;
8) тиiстi кедендiк рәсiмдермен орналастырылған тауарлармен жасалған мәмiлелерге тiкелей немесе жанама қатысқан өзге де тұлғалар;
9) иелiгiнде және (немесе) пайдалануында кеден одағының кеден заңнамасында және осы Кодексте көзделген тәртiптi бұза отырып, оның iшiнде кедендiк шекара арқылы заңсыз өткiзiлген тауарлардың болуы (болғандығы) туралы оған қатысты ақпарат бар тұлға түсiнiледi.
3. Кеден органдары кедендiк тексеру кезiнде:
1) тауарлардың кедендiк рәсiммен орналастырылу фактiсiн;
2) кедендiк декларацияда және тауарларды кедендiк декларациялау кезiнде табыс етiлген өзге де құжаттарда мәлiмделген, тауарларды шығару туралы шешiм қабылдауға әсер еткен мәлiметтердiң дұрыстығын;
3) шартты шығарылған тауарларды пайдалану және оларға билiк ету бойынша шектеулердiң сақталуын;
4) кеден iсi саласындағы қызметтi жүзеге асыратын тұлғалардың кеден одағының кеден заңнамасында және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген талаптарды сақтауын;
5) тұлғалардың уәкiлеттi экономикалық оператор мәртебесiн беру үшiн қажеттi талаптарға сәйкестiгiн;
6) кедендiк рәсiмдер шарттарының сақталуын;
7) осы Кодексте белгiленген мерзiмдердiң iшiнде құжаттарды сақтау бойынша мiндеттеменiң орындалуын тексередi.
4. Кедендiк тексеру тауарларды кедендiк рәсiммен орналастыру кезiнде табыс етiлген құжаттардағы мәлiметтердi және кеден органында бар өзге де мәлiметтердi бухгалтерлiк есеп және есептiлiк деректерiмен, шоттармен және кеден одағының кеден заңнамасында және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен алынған басқа ақпаратпен салыстыру арқылы жүргiзiледi.
5. Кедендiк тексеру жүргiзу кезiнде осы Кодекстiң 199-бабында белгiленген кедендiк бақылаудың өзге де нысандары пайдаланылуы мүмкiн.
6. Кедендiк тексерудi жүргiзу алдында тексеруге жататын мәселелердiң тiзбесi анықталатын дайындық жұмысы болуға тиiс, қажет болғанда оны жүргiзу бағдарламасы әзiрленедi.
7. Кедендiк тексеру камералдық кедендiк тексеру немесе көшпелi кедендiк тексеру нысанында жүзеге асырылады.
8. Арнаулы бiлiм мен дағдыларды талап ететiн мәселелердi зерттеу және консультация алу үшiн кеден органдары кедендiк тексеруге Қазақстан Республикасының басқа да бақылаушы мемлекеттiк органдарының лауазымды тұлғаларын тартуы мүмкiн.
Кедендiк тексеруге қатысушы болып табылатын кедендiк органның лауазымды тұлғасының жазбаша сауалы бойынша кедендiк тексеруге тартылған лауазымды тұлға кедендiк тексеру барысында пайдаланылатын қорытынды жасайды. Мұндай қорытындылардың көшiрмелерi кедендiк тексеру актiсiне қоса тiркеледi.
9. Кедендiк тексеру барысында қылмыс немесе әкiмшiлiк құқық бұзушылық белгiлерi анықталған кезде кеден органдары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шаралар қолданады.
10. Кедендiк тексеру жүргiзу тәртiбi осы Кодекстiң 24-тарауында айқындалады.
11. Кедендiк тексеру нәтижелерi және кедендiк тексеру нәтижелерi бойынша шешiмдер қабылдау тәртiбi осы Кодекстiң 18 және 24-тарауларында айқындалады.
22-тарау. КЕДЕН ОРГАНДАРЫНЫҢ ӨЗАРА ӘКIМШIЛIК КӨМЕГI
212-бап. Өзара әкiмшiлiк көмек
1. Осы тараудың мақсаттары үшiн өзара әкiмшiлiк көмек деп кеден одағының кеден заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету және кеден одағының кеден заңнамасын бұзушылықтардың алдын алу, жолын кесу, оларды тергеу мақсатында кеден органының кеден одағына мүше басқа мемлекет кеден органының тапсырмасы бойынша немесе онымен бiрлесiп жасаған әрекеттерi түсiнiледi.
2. Өзара әкiмшiлiк көмек:
1) кеден органдарының кеден органына мүше мемлекеттер кеден органдарымен ақпарат алмасуын;
2) кеден органдары қабылдаған шешiмдердi өзара тануды;
3) кеден одағына мүше мемлекеттердiң бiрiнiң кеден органының кеден одағына мүше басқа мемлекеттiң кеден органының тапсырмасы бойынша осы Кодексте белгiленген кедендiк бақылаудың жекелеген нысандарын жүргiзуiн қамтиды.
Өзара әкiмшiлiк көмек кеден одағына мүше мемлекеттердiң халықаралық шарттарына сәйкес кеден органдарының өзара iс-қимыл жасауының өзге де түрлерiн қамтуы мүмкiн.
213-бап. Кеден органдары арасындағы ақпарат алмасу
Кеден органдарының кеден одағына мүше мемлекеттер кеден органдарымен ақпарат алмасуы кеден одағына мүше мемлекеттердiң халықаралық шарттарына сәйкес, оның iшiнде ақпараттық жүйелердi және ақпараттық технологияларды пайдалана отырып жүргiзiледi.
214-бап. Кеден органдары қабылдаған шешiмдердi өзара тану
Кеден одағының кедендiк аумағына әкелiнетiн не одан тыс жерлерге әкетiлетiн, кедендiк бақылаудағы, кедендiк транзит кедендiк рәсiмiне сәйкес кеден одағының кедендiк аумағы бойынша тасымалданатын, уақытша сақталатын тауарларға қатысты кедендiк операцияларды жасау кезiнде, сондай-ақ кедендiк бақылауды жүргiзу кезiнде кеден органдары қабылдаған шешiмдердi кеден одағына мүше мемлекеттердiң кеден органдары өзара таниды және кеден одағының кеден заңнамасымен белгiленген жағдайларда кеден одағының кедендiк аумағында оның тең заңды күшi болады.
215-бап. Кеден одағына мүше мемлекеттердiң бiрiнiң кеден
органының тапсырмасы бойынша кедендiк бақылаудың
жекелеген нысандарын жүргiзуi
Кеден одағы кеден заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету, сондай-ақ кеден одағының кеден заңнамасын бұзушылықтардың алдын алу және жолын кесу мақсатында кеден одағына мүше мемлекеттердiң бiрiнiң кеден органы кедендiк бақылаудың жекелеген нысандарын жүргiзудi кеден органына тапсыруға құқылы.
Кедендiк бақылаудың жекелеген нысандарын жүргiзу туралы тапсырманы жiберу және орындау негiздемелерi, нысаны, тәртiбi Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында айқындалады.
23-тарау. ТӘУЕКЕЛДЕРДI БАСҚАРУ ЖҮЙЕСI
216-бап. Тәуекелдердi басқару жүйесiнiң жалпы
ұғымдары және қолданылу мақсаттары
1. Кеден органдары тауарларды, халықаралық тасымалдаудың көлiк құралдарын, кедендiк бақылауға жататын құжаттар мен тұлғаларды, осындай тауарларға, халықаралық тасымалдаудың көлiк құралдарына, құжаттар мен тұлғаларға қолданылатын кедендiк бақылау нысандарын және кедендiк бақылау жүргiзу дәрежесiн айқындау үшiн тәуекелдердi басқару жүйесiн қолданады.
Қазақстан Республикасының кеден органдарында тәуекелдердi басқару жүйесiн қолдану тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайды.
2. Тәуекелдердi басқару жүйесiн қолдану мақсаттары:
1) кеден органдарының құзыретi шегiнде ұлттық (мемлекеттiк) қауiпсiздiктi, адам өмiрi мен денсаулығын қорғау, қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi шараларды қамтамасыз ету;
2) назарды жоғары тәуекел салаларына шоғырландыру және иелiкте бар ресурстарды неғұрлым тиiмдi пайдалануды қамтамасыз ету;
3) кеден одағының кеден заңнамасын және Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықтарды анықтау, болжау және оларды болғызбау;
4) декларанттарға және кеден iсi саласындағы қызметтi жүзеге асыратын, Қазақстан Республикасының кеден заңнамасын сақтайтын тұлғаларға тауарларды кеден одағының кедендiк шекарасы арқылы өткiзу үшiн қолайлы жағдайлар жасау;
5) тауарларды кеден одағының кедендiк шекарасы арқылы өткiзу кезiнде кедендiк операциялар жүргiзудi жеделдету болып табылады.
3. Кеден органдары тәуекелдердi азайту бойынша қолданылатын шаралар туралы ақпаратпен, сондай-ақ кедендiк бақылау жүргiзудiң тиiмдiлiгiн арттыруға ықпал ететiн өзге де ақпаратпен өзара алмасуды Қазақстан Республикасының халықаралық шартында белгiленген тәртiппен жүзеге асырады.
4. Кеден одағының комиссиясы тәуекелдерге қатысты кеден органдары мiндеттi түрде оларды азайту бойынша шаралар әзiрлейтiн және қолданатын тәуекелдердiң саласын айқындай алады.
217-бап. Тәуекелдердi басқару жүйесiн қолдану кезiнде
пайдаланылатын негiзгi ұғымдар
Осы тараудың мақсаттары үшiн мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
1) анықталған тәуекел – кеден iсi саласындағы құқық бұзушылық жасалған және кеден органдарында мұндай құқық бұзушылық туралы ақпарат бар белгiлi тәуекел;
2) жасырын тауарлар – тәуекел тауарларының орнына декларациялануы мүмкiндiгi жеткiлiктi дәрежедегi тауарлар;
3) кездейсоқ iрiктеу әдiсi – белгiсiз тәуекелдi анықтау мақсатында кедендiк бақылау объектiлерiн белгiленген кезеңдiлiкпен еркiн iрiктеу;
4) тәуекел – Қазақстан Республикасының кеден заңнамасын сақтамау ықтималдығының дәрежесi;
5) тәуекел бейiнi – тәуекел саласы, тәуекел индикаторлары туралы мәлiметтердiң жиынтығы, сондай-ақ тәуекелдердiң алдын алу немесе оларды азайту жөнiнде қажеттi шаралар қолдану туралы нұсқаулар.
Қолданылу өңiрiне қарай тәуекел бейiндерi екi түрлi болуы мүмкiн: республикалық (қолданылу өңiрi – Қазақстан Республикасының аумағы), өңiрлiк (қолданылу өңiрi – кеден iсi саласындағы уәкiлеттi органның бiр немесе бiрнеше аумақтық бөлiмшесiнiң қызмет аймағы);
6) тәуекел деңгейi – тәуекелдiң туындау мүмкiндiгiнiң және мүмкiн болатын тәуекел салдарларының дәрежесi;
7) тәуекелдердiң индикаторлары – бақылау объектiсiн таңдауды жүзеге асыруға мүмкiндiк беретiн, кеден органдары алдын ала белгiлеген өлшемдерi бар тәуекел көрсеткiштерi;
8) тәуекелдi бағалау – тәуекел деңгейiн бағалау және кеден органдары алдын ала анықтаған көрсеткiштермен салыстыру арқылы тәуекелдi басқару басымдықтарын жүйелi анықтау;
9) тәуекелдi басқару – тәуекелдердiң алдын алу және оларды азайту бойынша шараларды әзiрлеу және практикалық iске асыру, оларды iске асыру тиiмдiлiгiн бағалау, сондай-ақ кедендiк рәсiмдердiң жүргiзiлуiн бақылау бойынша, кеден органдарында бар ақпаратты үздiксiз жаңартуды, талдауды және түзетудi көздейтiн жүйелi жұмыс;
10) тәуекелдi талдау – тәуекелдiң туындау жиiлiгiн және тәуекел туындаған кезде мүмкiн болатын салдарлардың көлемiн анықтау үшiн қолда бар ақпаратты жүйелi пайдалану. Тәуекелдер анықталған және ықтимал болып екi түрге бөлiнедi;
11) тәуекел саласы – кеден органдары топтастырған тәуекелдi талдау объектiлерi, оларға қатысты кедендiк бақылаудың жекелеген нысандарын қолдану немесе оларды жинақтап қолдану талап етiледi;
12) тәуекел тауарлары – кеден одағының кедендiк шекарасы арқылы өткiзiлетiн, оларға қатысты тәуекелдер анықталған немесе ықтимал тәуекелдер бар тауарлар;
13) ықтимал тәуекел – анықталмаған, бiрақ оның туындауы үшiн жағдайлар бар тәуекел.
218-бап. Тәуекелдi талдау объектiлерi
Тәуекелдi талдау объектiлерiне:
1) кедендiк бақылаудағы не iшкi тұтыну үшiн шығару кедендiк рәсiмiмен орналастырылған тауарлар;
2) халықаралық тасымалдаудың көлiк құралдары;
3) сатып алу-сату не айырбастаудың сыртқы экономикалық шарттарында (келiсiмшарттарда), тауарларды иелену, пайдалану және (немесе) билiк ету құқығына жасалған келiсiмдерде не өзге де құжаттарда бар мәлiметтер;
4) көлiктiк (тасымалдау), коммерциялық, кедендiк және өзге де құжаттарда бар мәлiметтер;
5) декларанттардың және кедендiк бақылаудағы тауарларға қатысты өкiлеттiктерге ие өзге де тұлғалардың қызметi;
6) кедендiк бақылау нысандарын қолданудың нәтижелерi жатады.
219-бап. Тәуекелдердi бағалау және басқару бойынша кеден
органдарының қызметi
1. Тәуекелдердi бағалау және басқару бойынша кеден органдарының қызметi мынадай:
1) кеден органдарының тәуекелдердi басқару жүйесiнiң ақпараттық деректер базасын қалыптастыру;
2) мыналарды:
тәуекелдердi талдау объектiлерiн;
тәуекелдердiң алдын алу және оларды азайту бойынша шараларды қабылдаудың қажеттiлiгiн айқындайтын тәуекелдi талдау объектiлерi бойынша тәуекелдiң индикаторларын;
тәуекелдер туындаған жағдайда ықтимал залалды бағалауды жүйелi айқындауды қамтитын тәуекелдi талдау және бағалау;
3) мыналарды:
тәуекелдер туындауының ықтималдығын және мүмкiн болатын салдарын;
тәуекелдердi болдырмау және оларды азайту жөнiндегi мүмкiн шаралардың қолданылуын талдауды;
Қазақстан Республикасының кеден заңнамасының тәуекелдi талдау объектiлерiне қатысты талаптарын ықтимал бұзушылықтарды ескере отырып, тәуекелдердi басқару бойынша практикалық шараларды әзiрлеу және iске асыру мiндеттерiн орындаудан тұрады.
2. Тәуекелдердi азайту бойынша қабылданған шаралардың тиiмдiлiгi және нақты тауарларға және (немесе) көлiк құралдарына кедендiк бақылау нысандарын қолданудың нәтижелерi туралы ақпаратты жинауды, өңдеудi және талдауды кеден органдары тұрақты негiзде жүзеге асырады.
3. Ақпаратты жинау және өңдеу, тәуекелдерге талдау және бағалау жүргiзу, тәуекелдердi басқару жөнiнде шаралар әзiрлеу және iске асыру тәртiбiн кеден iсi саласындағы уәкiлеттi орган белгiлейдi.
4. Тәуекел бейiндерiнiң және тәуекел индикаторларының мазмұны кеден органдарының пайдалануына арналған құпия ақпарат болып табылады және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген жағдайларды қоспағанда, басқа тұлғаларға жария етуге жатпайды.
24-тарау. КЕДЕНДIК ТЕКСЕРУЛЕРДI ЖҮРГIЗУ ТӘРТIБI
220-бап. Камералдық кедендiк тексеру
1. Камералдық кедендiк тексеру кедендiк декларацияларда көрсетiлген мәлiметтердi, тексерiлетiн тұлға табыс еткен коммерциялық, көлiктiк (тасымалдау) және өзге де құжаттарды, бақылаушы мемлекеттiк органдардың мәлiметтерiн, сондай-ақ аталған тұлғалардың қызметi туралы кеден органдарында бар басқа да құжаттар мен мәлiметтердi зерделеу және талдау жолымен жүзеге асырылады.
2. Камералдық кедендiк тексерудi кеден органы орналасқан жердегi кеден органдары тексерiлетiн тұлғаға бармастан, сондай-ақ ұйғарымды ресiмдеместен жүргiзедi.
3. Камералдық кедендiк тексерулер оларды жүргiзу кезеңдiлiгi шектелмей жүзеге асырылады.
221-бап. Көшпелi кедендiк тексеру
1. Көшпелi кедендiк тексерудi кеден органы заңды тұлғаның тұрған жерiне, жеке кәсiпкердiң қызметтi жүзеге асыратын жерiне және (немесе) олардың қызметi iс жүзiнде жүзеге асырылатын жерге (бұдан әрi – тексерiлетiн тұлғаның объектiлерi) бару арқылы жүргiзедi.
2. Көшпелi кедендiк тексеру жоспарлы немесе жоспардан тыс болуы мүмкiн.
Жоспарлы көшпелi кедендiк тексеру кеден органдары әзiрлейтiн жоспарлы тексерулер негiзiнде жүзеге асырылады.
3. Көшпелi кедендiк тексеру ұйғарымның негiзiнде жүргiзiледi.
4. Ұйғарымға кеден органының басшысы (оны алмастыратын адам) қол қоюға тиiс. Ұйғарымның нысанын кеден iсi саласындағы уәкiлеттi орган бекiтедi.
5. Ұйғарым Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен прокуратура органдарында тiркеледi.
6. Кеден органының ұйғарымында мынадай мәлiметтер көрсетiледi:
1) ұйғарымды кеден органында тiркеу күнi және ұйғарымның нөмiрi;
2) ұйғарымды шығарған кеден органының атауы;
3) тексерiлетiн тұлғаның толық атауы;
4) салық төлеушiнiң сәйкестендiру нөмiрi;
5) белгiленген тексерудiң мәнi;
6) кеден органының тексеретiн тұлғаларының және кедендiк тексеруге тартылған өзге де бақылаушы мемлекеттiк органдардың тексеретiн адамдарының лауазымы, тегi, аты, әкесiнiң аты (ол болған кезде);
7) тексерудi жүргiзу мерзiмi;
8) тексеру жүргiзудiң құқықтық негiздерi, оның iшiнде мiндеттi талаптары тексеруге жататын нормативтiк құқықтық актiлер;
9) тексерiлетiн кезең.
7. Бiр ұйғарымның негiзiнде тексерiлетiн тұлғаға бiр ғана тексеру жүргiзiледi.
8. Көшпелi кедендiк тексерудiң мерзiмi ұзартылған, сондай-ақ ол тоқтатыла тұрған жағдайда, ұйғарымға тиiстi жазбалар енгiзiледi және тексерiлетiн тұлға хабардар етiледi.
9. Жоспардан тыс көшпелi кедендiк тексерулердi белгiлеу үшiн мыналар:
1) кеден органдарының және мемлекеттiк бақылау (қадағалау) органдарының дерекқорындағы кеден одағының кеден заңнамасын және Қазақстан Республикасының заңнамасы бұзылуының ықтималдығын куәландыратын ақпаратты талдау нәтижесiнде алынған деректер;
2) кеден одағы кеден заңнамасының және Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын ықтимал бұзушылық туралы куәландыратын деректердiң болуы;
3) тұлғаның, оның iшiнде кеден iсi саласындағы қызметтi жүзеге асыратын тұлғаның уәкiлеттi экономикалық оператор мәртебесiн алуға өтiнiшi;
4) осы баптың 11-тармағына сәйкес қарсы көшпелi тексеру жүргiзу қажеттiлiгi;
5) шетелдiк ұйымдармен сыртқы экономикалық мәмiлелер жасаған тұлғаға тексеру жүргiзу туралы шет мемлекеттiң құзыреттi органының өтiнiшi (сұрау салуы);
6) мемлекеттiк бақылау (қадағалау) органдары ұсынған, Қазақстан Республикасының кеден заңнамасының талаптарын бұзуды куәландыратын мәлiметтердi алу;
7) шет мемлекеттердiң салық, кеден және құқық қорғау органдарымен ақпараттық алмасу нәтижесiнде алынған мәлiметтердi тексеру;
8) Қазақстан Республикасының қылмыстық iс жүргiзу заңнамасында көзделген жағдайлар;
9) кедендiк тексерулер нәтижелерi бойынша шығарылған актiлердiң орындалуын бақылау, кедендiк төлемдер, салықтар және өсiмпұлдар бойынша берешектердi өтеу туралы хабарламаның және (немесе) бұзушылықтарды жою туралы талаптардың орындалуын бақылау;
10) жеке және заңды тұлғалардан, мемлекеттiк органдардан, Қазақстан Республикасы Парламентiнiң депутаттарынан және кеден одағының кеден заңнамасының және (немесе) Қазақстан Республикасы заңнамасының бұзылу ықтималдығы туралы куәландыратын өзге де адамдардан ақпараттар мен өтiнiштер алу;
11) тексерудi жүзеге асыру үшiн қажеттi ақпаратты алу мақсатында тексерiлетiн тұлға азаматтық-құқықтық қатынастарда болған үшiншi тұлғаларға қатысты қарсы тексеру;
12) тұлғаның кедендiк тексеру жүргiзу туралы бастамамен жүгiнуi;
13) тексерiлетiн тұлғаның қайта ұйымдастырылуы және (немесе) тексерiлетiн тұлғаның банкроттыққа (таратылуға) арналған құжаттарды беруi негiздемелер болып табылады.
10. Көшпелi кедендiк тексеру кедендiк бақылаудың өзге де нысандарын қолдану нәтижелерi бойынша, сондай-ақ камералдық кедендiк тексеру нәтижелерi бойынша белгiленуi мүмкiн.
11. Тексерiлетiн тұлға ұсынған мәлiметтердiң дұрыстығын растау қажет болған жағдайда кеден органы тауарлармен жасалған мәмiлелер (операциялар) бойынша тексерiлетiн тұлғамен байланысқан тұлғаларға қарсы көшпелi кедендiк тексеру жүргiзуi мүмкiн.
Қарсы көшпелi кедендiк тексеру жоспардан тыс тексеру болып табылады.
12. Жоспарлы көшпелi кедендiк тексерулер тексерiлетiн бiр тұлғаға қатысты жылына бiр реттен артық жүргiзiлмейдi.
Кеден органдары уәкiлеттi экономикалық операторларға қатысты жоспарлы көшпелi кедендiк тексерулердi үш жылда бiр рет жүргiзедi.
Жоспардан тыс көшпелi кедендiк тексерулер оларды жүргiзу кезеңдiлiгi бойынша шектеу қойылмай жүзеге асырылады.
13. Жоспарлы көшпелi кедендiк тексеру үшiн тексерiлетiн тұлғаларды iрiктеп алу:
1) кеден органдарының ақпараттық ресурстарын пайдалана отырып;
2) алдыңғы тексерулердiң, оның iшiнде камералдық тексерулердiң нәтижелерi бойынша;
3) мемлекеттiк органдардан;
4) банктерден және банктiк операциялардың жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардан;
5) кеден одағына мүше мемлекеттердiң кеден және (немесе) өзге де бақылаушы мемлекеттiк органдарынан;
6) бұқаралық ақпарат құралдарынан;
7) ресми жолмен өзге көздерден алынған ақпаратты пайдалана отырып жүргiзiледi.
14. Жоспарлы көшпелi кедендiк тексеру жүргiзудi бастар алдында кеден органдары тексерiлетiн тұлғаға жоспарлы көшпелi кедендiк тексерудi жүргiзу туралы хабарламаны тапсыру туралы хабарламасы бар тапсырысты почта жөнелтiмiмен жiбередi немесе мұндай хабарламаны оны алу фактiсiн растауға мүмкiндiк беретiн өзге де тәсiлмен бередi.
Почта жөнелтiмiнiң тексерiлетiн тұлғаның тұрған жерiнде болмауына байланысты адресатқа хаттың тапсырылмағанын куәландыратын белгiмен қайтып келуi жоспарлы көшпелi кедендiк тексеру жүргiзудiң күшiн жою үшiн негiздеме болып табылмайды.
Жоспарлы көшпелi кедендiк тексеру тексерiлетiн тұлға хабарламаны алған күннен бастап кемiнде он бес күнтiзбелiк күннен кейiн не адресатқа хаттың тапсырылмағаны туралы белгiсi бар почта жөнелтiмiнiң кеден органына түскен күнiнен басталуы мүмкiн.
15. Тексерiлетiн тұлғаға кедендiк тексеру туралы ұйғарымның көшiрмесiн тапсырған күн көшпелi кедендiк тексеру жүргiзу басталған күн болып саналады.
Кедендiк тексеру жүргiзу туралы ұйғарымның көшiрмесiн тексерiлетiн тұлғаға кеден органының лауазымды адамы тапсырады не тапсыру туралы хабарламасы бар тапсырысты почта жөнелтiмiмен жiбередi.
Кедендiк тексеру жүргiзу туралы ұйғарымның көшiрмесiн табыс ету кезiнде тексерiлетiн тұлғаның басшысы не оның өкiлi кедендiк тексеру жүргiзу туралы ұйғарымның түпнұсқасына онымен танысқаны туралы, сондай-ақ кедендiк тексеру жүргiзу туралы ұйғарымның көшiрмесiн алған күнi және уақыты туралы белгi қояды.
Кедендiк тексеру жүргiзу туралы ұйғарымның көшiрмесiн алудан бас тартқан жағдайда, кеден органының лауазымды адамы кедендiк тексеру жүргiзу туралы ұйғарымға бұл туралы тиiстi жазба жасайды.
Тексерiлетiн тұлғаның кедендiк тексеру жүргiзу туралы ұйғарымның көшiрмесiн алудан бас тартуы, сондай-ақ почта жөнелтiмiнiң тұлғаның тұрған жерiнде болмауына байланысты адресатқа хаттың тапсырылмағандығын куәландыратын белгiмен қайтып келуi көшпелi кедендiк тексеру жүргiзудiң күшiн жою үшiн негiздеме болып табылмайды. Бұл жағдайда ұйғарымда кедендiк тексерудi жүргiзу туралы ұйғарымның көшiрмесiн алудан бас тарту туралы жазба жазылған күн не адресатқа хаттың тапсырылмағаны туралы белгi қойылған почта жөнелтiмi кеден органына келiп түскен күн тексеру басталатын күн болып саналады.
Тексерiлетiн тұлғаның объектiсiнде көшпелi кедендiк тексеру жүргiзудi бастар алдында кеден органының лауазымды адамдары тексерiлетiн тұлғаның басшысына не оның өкiлiне қызметтiк куәлiктерiн көрсетуге мiндеттi.
16. Көшпелi кедендiк тексеру жүргiзу кезеңiнде тексерiлетiн тұлға оның қызметiне байланысты тексерiлетiн құжаттарға өзгерiстер және толықтырулар енгiзуге құқылы емес.
17. Көшпелi кедендiк тексеру жүргiзу мерзiмi екi айдан аспауға тиiс. Тексерiлетiн тұлғаға құжаттар мен мәлiметтердi табыс ету туралы талаптар қойылған күн мен мұндай құжаттар мен мәлiметтердi алу күнi арасындағы уақыт кезеңi көрсетiлген мерзiмге қосылмайды.
Тексерудi жүзеге асыратын кеден органының шешiмi бойынша көшпелi кедендiк тексеру жүргiзу мерзiмi тағы бiр айға ұзартылуы мүмкiн.
Зерттеулер немесе сараптамалар жүргiзу, кеден одағына мүше мемлекеттердiң немесе шет мемлекеттердiң құзыреттi органдарына сауалдар жолдау, тексерiлетiн тұлғаның тексеру жүргiзуге қажеттi құжаттарды қалпына келтiруi, тексеру нәтижелерi бойынша қорытындыларға әсер ететiн тексерiлетiн кезеңге қатысты қосымша құжаттарды табыс ету қажет болған кезде тексерудi жүргiзу кеден органы басшысының (оны алмастыратын адамның) немесе шексiз мерзiмге ол уәкiлеттiк берген адамның шешiмi бойынша тоқтатыла тұруы мүмкiн.
18. Кедендiк тексеру аяқталғаннан кейiн кеден органының лауазымды адамдары:
1) тексеру жүргiзу орнын, акт жасау күнiн;
2) кеден органының тексеру жүргiзген лауазымды адамдарының лауазымын, тегiн, атын, әкесiнiң атын (ол болған кезде);
3) тексерiлетiн адамның тегiн, атын, әкесiнiң атын (ол болған кезде) не толық атауын;
4) тексерiлетiн тұлғаның тұрған жерiн, банктiк деректемелерiн, сәйкестендiру нөмiрiн;
5) тексерiлетiн тұлға басшысының және кедендiк және қаржылық есептiлiктi жүргiзуге, кеден органдары өндiрiп алатын кедендiк төлемдер мен салықтарды төлеуге жауапты лауазымды адамдарының тегiн, атын, әкесiнiң атын (ол болған кезде);
6) алдыңғы тексеру және бұрын анықталған Қазақстан Республикасының кеден заңнамасын бұзушылықтарды жою бойынша қабылданған шаралар туралы мәлiметтердi;
7) тексерiлетiн тұлға ұсынған құжаттар туралы мәлiметтердi;
8) Қазақстан Республикасының заңнамалық актiсiнiң тиiстi нормаларына сiлтеме жасай отырып, кеден iсi саласында анықталған құқық бұзушылықтардың егжей-тегжейлi сипатын;
9) тексеру нәтижелерi, кедендiк тексеру жүргiзу кезiнде қабылданған шешiмдер туралы мәлiметтердi;
10) тексеру жүргiзген кеден органын;
11) кедендiк тексеру нысанын көрсете отырып, кедендiк тексеру актiсiн жасайды.
19. Кедендiк тексерудiң нәтижелерi бойынша ресiмделген, екi данада жасалатын және кедендiк тексерудi жүргiзген лауазымды адамдар қол қоятын және кедендiк тексерудi жүргiзген кеден органының басшысы (оны алмастыратын адам) бекiтетiн тексеру актiсi жасалған күнi көшпелi кедендiк тексеру аяқталған күн болып есептеледi.
Мұндай құжаттың бiрiншi данасы кедендiк тексерудiң материалдарына қосылады, екiншi данасы кедендiк тексеру аяқталған күннен бастап күнтiзбелiк бес күннен кешiктiрiлмей тексерiлетiн тұлғаға тапсырылады немесе тапсырылғаны туралы хабарламасы бар тапсырысты почта жөнелтiмiмен жiберiледi.
20. Егер кедендiк тексеру аяқталғаннан кейiн Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықтар анықталмаған жағдайда тексеру актiсiнде тиiстi жазба жүргiзiледi.
21. Кедендiк тексеру актiсiне кеден органының лауазымды адамы жүргiзген құжаттардың көшiрмелерi, есеп айырысулар және тексеру барысында алынған басқа да материалдар қоса тiркеледi.
22. Тексеру актiсi нөмiрленуге, буылуға және кеден органының мөрiмен бекiтiлуге тиiс тексеру актiлерiн арнайы тiркеу журналына тiркеледi.
23. Тексерiлетiн тұлға кедендiк тексеру нәтижелерiмен келiспеген жағдайда тексеру актiсiне тиiстi жазба жазылады.
24. Кедендiк тексерудi жүргiзу кезiнде оның нәтижелерi бойынша кеден одағы кеден заңнамасының және (немесе) Қазақстан Республикасы заңнамасының бұзылуы анықталған кезде кеден iсi саласындағы уәкiлеттi орган белгiлеген нысандар бойынша кедендiк төлемдер, салықтар және өсiмпұлдар бойынша берешектердi өтеу туралы хабарлама шығарылады және (немесе) бұзушылықтарды жою туралы талап қойылады.
Хабарлама кедендiк тексеру нәтижелерi бойынша кедендiк төлемдердi, салықтарды төлеу жөнiндегi мiндеттерге әсер ететiн бұзушылықтар анықталған жағдайларда шығарылады.
Кедендiк тексеру барысында анықталған бұзушылықтарды жою туралы талап кедендiк тексеру нәтижелерi бойынша кедендiк төлемдердi, салықтарды төлеу жөнiндегi мiндеттерге әсер етпейтiн бұзушылықтар анықталған жағдайларда қойылады.
25. Хабарлама осы Кодекстiң 160-бабында көзделген тәртiпке сәйкес тексерiлетiн тұлғаға жiберiледi.
26. Бұзушылықтарды жою туралы талап тексерiлетiн тұлғаға кедендiк тексеру актiсiмен бiр мезгiлде берiледi немесе жолданады.
Бұзушылықтарды жою туралы талапты орындау мерзiмi тексерiлетiн тұлғаға талап табыс етiлген күннен кейiнгi күннен бастап күнтiзбелiк отыз күннен аспайтын мерзiмдi құрайды.
27. Тексерiлетiн тұлға тексеру нәтижелерiне осы Кодексте көзделген тәртiппен және мерзiмдерде шағымдануға құқылы.
28. Осы бап осы Кодекстiң 201, 208 және 210-баптарында көзделген жағдайларға қолданылмайды.
222-бап. Кеден органының лауазымды адамдарының
көшпелi кедендiк тексеру жүргiзу үшiн
тексерiлетiн тұлғаның объектiсiне
қолжетiмдiлiгi
1. Тексерiлетiн тұлға кеден органының лауазымды адамдары кедендiк тексеру жүргiзу туралы ұйғарымды және қызметтiк куәлiктерiн көрсеткен кезде көшпелi кедендiк тексеру жүргiзу үшiн көрсетiлген тұлғалардың тексерiлетiн тұлғаның объектiсiне (тұрғын үй-жайларды қоспағанда) қолжетiмдiлiгiн қамтамасыз етуге мiндеттi.
2. Егер Қазақстан Республикасының заңнамасымен жекелеген объектiлерге мемлекеттiк органдардың лауазымды адамдары қолжетiмдiлiгiнiң арнайы тәртiбi белгiленсе, онда мұндай қолжетiмдiлiк осы заңнамада айқындалған тәртiппен жүргiзiледi.
3. Тексерiлетiн тұлға кеден органының лауазымды адамдарына объектiге қолжетiмдiлiгiнен мынадай жағдайларда, егер:
1) кедендiк тексеру жүргiзу туралы ұйғарым және (немесе) қызметтiк куәлiктер көрсетiлмесе;
2) кеден органдарының лауазымды адамдары және кедендiк тексеруге тартылған өзге де бақылаушы мемлекеттiк органдардың лауазымды адамдары кедендiк тексеру жүргiзу туралы ұйғарымда көрсетiлмесе;
3) егер мұндай рұқсат Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қажет болса, лауазымды адамдардың объектiге қолжетiмдiгiне арнайы рұқсаты болмаса бас тартуға құқылы.
4. Тексерiлетiн тұлға көшпелi кедендiк тексерудi жүргiзетiн лауазымды адамдардың объектiге қолжетiмдiлiгiнен бас тартқан кезде хаттама жасалады.
5. Хаттамаға тексеру жүргiзетiн лауазымды адамдар, тексерiлетiн тұлға не оның өкiлi қол қояды.
Көрсетiлген хаттамаға қол қоюдан бас тартқан кезде тексерiлетiн адам бас тарту себебi туралы жазбаша түсiнiктеме беруге мiндеттi.
Хаттаманың көшiрмесi тексерiлетiн адамға не оның өкiлiне берiледi.
Тексерiлетiн адам кеден органдарының лауазымды адамдарының және кедендiк тексеруге тартылған өзге де бақылаушы мемлекеттiк органдардың лауазымды адамдарының қолжетiмдiлiгiн қамтамасыз етуден негiзсiз бас тартқан жағдайда, олар екi куәгердiң қатысуымен қарсыласудың жолын кесе отырып және жабық үй-жайларды ашу арқылы объектiге кiруге құқылы. Кеден органдары қарсыласудың жолын кесе отырып және жабық үй-жайларды ашу арқылы объектiлерге кiрудiң барлық жағдайлары туралы жиырма төрт сағат iшiнде прокурорға хабарлайды.
223-бап. Кеден органының лауазымды адамдарының кедендiк
тексеру жүргiзу кезiндегi құқықтары мен
мiндеттерi
1. Кеден органының лауазымды адамдары кедендiк тексеру жүргiзу кезiнде:
1) коммерциялық, көлiк (тасымалдау) құжаттарын, бухгалтерлiк есеп және есептiлiк құжаттарын және басқа да, оның iшiнде тексерiлетiн тауарларға қатысты электрондық жеткiзгiштердегi ақпаратты талап етуге, алуға және тексеруге;
2) тексерiлетiн тұлғалардан оларға қатысты көшпелi кедендiк тексеру жүргiзiлетiн тауарларды көрсетудi талап етуге;
3) кедендiк бақылау мақсаттары үшiн есептiлiктi ұсынуды талап етуге;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кедендiк тексеру жүргiзу үшiн қажеттi, ұйымдардың шоттары бойынша ақша қозғалысына қатысты, оның iшiнде банктiк құпия бар ақпаратты және құжаттарды банктерден талап етуге және алуға;
5) салық, өзге де мемлекеттiк органдардан қажеттi ақпарат пен құжаттарды, оның iшiнде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес коммерциялық, банктiк, салықтық және заңнамамен қорғалатын өзге де құпиясы бар қажеттi ақпарат пен құжаттарды сұратуға және алуға;
6) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен көшпелi кедендiк тексерулер жүргiзу кезiнде тауарларға түгендеу жүргiзуге (түгендеу жүргiзудi талап етуге);
7) кедендiк тексеру жүргiзуге байланысты халықаралық сұрау салуларды жiберуге;
8) кедендiк тексеру жүргiзу туралы ұйғарымды және қызметтiк куәлiктердi көрсете отырып, тексерiлетiн тұлғаның объектiлерiне қол жеткiзуге;
9) осы Кодекстiң 25-тарауына сәйкес көшпелi кедендiк тексерулер жүргiзу кезiнде акт жасай отырып, тауарлардың сынамалары мен үлгiлерiн iрiктеп алуды жүзеге асыруға;
10) көшпелi кедендiк тексерулер жүргiзу кезiнде алып қою актiсiн жасай отырып, тексерiлетiн тұлғадан құжаттарды не олардың көшiрмелерiн алып қоюға;
11) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен көшпелi кедендiк тексеру жүргiзiлетiн тауарларды иелiктен айыруға не өзге тәсiлмен билiк етуге бағытталған iс-әрекеттердiң жолын кесу үшiн көшпелi кедендiк тексеру жүргiзу мерзiмiне тауарларға тыйым салуға немесе оларды алып қоюға;
12) тауарлар орналасқан үй-жайларға сүргi салуға;
13) кеден одағының заңнамасында және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де iс-әрекеттердi жүргiзуге;
14) тауарларға және көлiк құралдарына сүргi салуға;
15) көшпелi кедендiк тексеру жүргiзу кезiнде тексерiлетiн тұлға өкiлдерiнiң жеке басын куәландыратын құжаттарын тексеруге құқылы.
2. Кедендiк тексерулердi жүргiзу кезiнде кеден органдарының лауазымды адамдары:
1) тексерiлетiн тұлғаның құқықтарын және заңды мүдделерiн сақтауға, заңсыз шешiмдермен және әрекеттермен (әрекетсiздiгiмен) тексерiлетiн тұлғаларға зиян келтiруге жол бермеуге;
2) көшпелi кедендiк тексеру жүргiзу кезеңiнде тексерiлетiн тұлғаның белгiленген жұмыс режимiн бұзбауға;
3) кедендiк тексерулер жүргiзу барысында алынған кез келген ақпаратты тек кеден мақсаттарында пайдалануға;
4) кедендiк тексерудi жүзеге асыру кезiнде белгiлi болған құпия мәлiметтердi және салықтық, банктiк және заңмен қорғалатын өзге де құпиясы бар мәлiметтердi жария етпеуге;
5) тексерiлетiн тұлғаның талабы бойынша Қазақстан Республикасы кеден заңнамасының көшпелi кедендiк тексерулер жүргiзу тәртiбiне қатысты ережелерi туралы қажеттi ақпаратты беруге;
6) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, кедендiк тексерулер жүргiзу барысында алынған және жасалған құжаттардың сақталуын қамтамасыз етуге, олардың мазмұнын тексерiлетiн тұлғаның келiсiмiнсiз жария етпеуге;
7) тексерiлетiн тұлғаға оның тауарларды шығарғаннан кейiн кедендiк бақылау жүргiзу кезiндегi, оның iшiнде сараптаманы (зерттеудi) тағайындау және жүргiзу кезiндегi, тауарлардың сынамалары мен үлгiлерiн алу кезiндегi құқықтары мен мiндеттерi туралы ақпарат беруге;
8) кеден одағының кеден заңнамасында және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де мiндеттердi орындауға мiндеттi.
224-бап. Тексерiлетiн тұлғаның кедендiк тексеру жүргiзу
кезiндегi құқықтары мен мiндеттерi
1. Тексерiлетiн тұлға кедендiк тексеру жүргiзу кезiнде:
1) кеден органдарынан Қазақстан Республикасының кеден заңнамасының кедендiк тексерулердi жүргiзу тәртiбiне қатысты ережелерi туралы ақпаратты сұратуға және алуға;
2) оның иелiгiндегi тауарлардың шығу фактiсiн, сондай-ақ кеден одағының кеден заңнамасын және Қазақстан Республикасының заңнамасы сақталғанын растайтын қолдағы барлық құжаттарды және мәлiметтердi табыс етуге;
3) осы Кодексте белгiленген тәртiппен кеден органдарының шешiмдерiне және әрекеттерiне (әрекетсiздiктерiне) шағымдануға;
4) кеден одағының заңнамасында және Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында көзделген өзге де құқықтарды пайдалануға құқылы.
2. Тексерiлетiн тұлға кедендiк тексеру жүргiзу кезiнде:
1) оларға қатысты кедендiк тексеру жүргiзiлетiн тауарларды көрсетуге;
2) кеден органының талабы бойынша белгiленген мерзiмдерде, оның қандай ақпарат жеткiзгiште орналасқанына қарамастан, қағаз жеткiзгiштегiсiн қоса отырып, мәлiметтердi және құжаттарды табыс етуге;
3) көшпелi кедендiк тексеру жүргiзетiн лауазымды адамдардың тексерiлетiн тұлғаның объектiлерiне кедергiсiз қолжетiмдiлiгiн қамтамасыз етуге және жұмыс орнын ұсынуға;
4) кедендiк тексерудi жүргiзу туралы ұйғарымның түпнұсқасында оны алғаны туралы белгi жасауға;
5) егер кедендiк тексеру мақсаттары үшiн қажеттi құжаттама қазақ және орыс тiлдерiнен өзге тiлде жасалса, кеден органының тексерушi лауазымды адамдарына көрсетiлген құжаттаманың аудармасын табыс етуге;
6) кедендiк тексеру жүргiзу туралы ұйғарымды көрсеткен күннен бастап екi күнтiзбелiк күннен кешiктiрмей кеден органының тексерушi лауазымды адамдарына ақпараттарды табыс етуге жауапты тұлғалар шеңберiн айқындауға;
7) көшпелi кедендiк тексеру жүргiзетiн кеден органдарының лауазымды адамдарына көшпелi кедендiк тексеру жүргiзу үшiн қажеттi құжаттарға (ақпаратқа) қолжетiмдiлiктi қамтамасыз етуге;
8) кеден одағының заңнамасында және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де мiндеттердi орындауға мiндеттi.
225-бап. Кедендiк тексеру жүргiзу мақсаттары үшiн
құжаттар және мәлiметтер ұсыну
1. Салық және өзге де мемлекеттiк органдар кеден органдарының сұрау салуы бойынша заңды тұлғаларды тiркеуге, салықтарды төлеуге және есептеуге қатысты қажеттi құжаттарды және мәлiметтердi, бухгалтерлiк есептiлiктi және оның iшiнде коммерциялық, банктiк, салықтық құпияны құрайтын өзге де құжаттарды және мәлiметтердi Қазақстан Республикасының мемлекеттiк, коммерциялық, банктiк, салықтық заңмен қорғалатын өзге де құпияны қорғау жөнiндегi заңнамасының талаптарын сақтай отырып табыс етедi.
2. Банктер кеден органының сұрау салуы бойынша кедендiк тексеру жүргiзу үшiн қажеттi ұйымдардың шоттары бойынша ақша қозғалысына қатысты, оның iшiнде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес банктiк құпияны құрайтын құжаттарды және мәлiметтердi табыс етедi.
25-тарау. Кедендiк бақылау жүргiзу кезiндегi
кедендiк сараптама
226-бап. Осы тарауда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар
Осы тарауда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
1) кедендiк сараптама – кеден iсi саласындағы мiндеттердi шешу үшiн арнайы және (немесе) ғылыми танымдарды пайдалана отырып, кедендiк сарапшылар және (немесе) өзге де сарапшылар жүзеге асыратын зерттеулердi ұйымдастыру және жүргiзу;
2) кедендiк сараптаманы жүргiзетiн ұйым – кеден органы (оның өңiрлiк бөлiмшелерi) және кедендiк сараптама жүргiзуге уәкiлеттi өзге де ұйымдар;
3) кедендiк сараптама объектiсi – тауарлар, көлiк құралдары, сәйкестендiру құралдары, кедендiк, коммерциялық және көлiк (тасымалдау) құжаттары және өзге де құжаттар, сондай-ақ осы құжаттарда қамтылған, кедендiк сараптамаға жiберiлетiн тауарларға қатысы бар мәлiметтер;
4) кедендiк сарапшы – кедендiк сараптама жүргiзуге уәкiлеттi кеден органының лауазымды адамы;
5) кедендiк сарапшының (сарапшының) қорытындысы – кеден iсi саласындағы уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен ресiмделген, жүргiзiлген зерттеулер нәтижелерiнiң және кедендiк сараптаманың қойылған сұрақтарға жауаптар түрiндегi қорытындыларын құрайтын құжат;
6) сынама – оңтайлы қажеттi, стандарттау жөнiндегi құжаттамамен белгiленген, ұсынылып отырған және зерттелетiн тауардың барлық көлемiнiң құрамын және қасиетiн сипаттайтын тауар немесе тауардың бiр бөлiгi;
7) үлгi – тауардың (өнiмнiң) барлық партиясының, сериясының құрылымына, құрамына және қасиеттерiне сәйкес келетiн тауар (өнiм) бiрлiгi не одан әрi зерттеу мақсатында iрiктеп алынуы белгiленген тәртiппен тiркелетiн, жазбаша және өзге де көрiну нысандарында ұсынылатын жалғыз дара объект;
227-бап. Кедендiк сараптама тағайындау
1. Кедендiк сараптама кедендiк сараптаманы жүргiзетiн ұйымның үй-жайларында да, сонымен бiрге егер бұл зерттеу ерекшелiктерiн не кедендiк сараптама объектiсiн жеткiзу мүмкiн еместiгi ескерiле отырып, қажет болған кезде одан тыс жерлерде де жүргiзiледi.
2. Егер кедендiк операцияларды жасау кезiнде туындайтын мәселелердi түсiндiру үшiн арнайы және (немесе) ғылыми танымдар талап етiлетiн жағдайларда, кедендiк сараптама тағайындалады.
3. Кедендiк сараптаманы кеден органдары тағайындайды және кедендiк сарапшылар, сондай-ақ өзге де уәкiлеттi ұйымдардың сарапшылары жүргiзедi.
Өзге уәкiлеттi ұйымдарға кедендiк сараптаманы тағайындау кедендiк сарапшылардың мұндай сараптаманы жүргiзуi мүмкiн болмаған жағдайда ғана жүргiзiледi.
Кедендiк сарапшының (сарапшының) қорытындысын беру үшiн қажеттi арнайы және (немесе) ғылыми танымдарға ие кез келген тұлға сарапшы ретiнде тағайындалуы мүмкiн.
Кеден органдарының лауазымды адамы болып табылмайтын сарапшы кедендiк сараптама жүргiзу үшiн Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тартылады.
4. Кедендiк сараптама тауарларға, оның iшiнде көлiк құралдарына, кедендiк операцияларды жасау үшiн қажеттi кедендiк, көлiктiк (тасымалдау), коммерциялық және өзге де құжаттарға және оларды сәйкестендiру құралдарына қатысты тағайындалады.
5. Кеден органының уәкiлеттi лауазымды адамы жазбаша нысанда кедендiк сараптама тағайындау туралы шешiм қабылдайды, онда оны жүргiзудiң негiздемесi, сарапшының тегi, аты-жөнi немесе кедендiк сараптама жүргiзiлетiн ұйымның не кеден органының атауы, кедендiк сарапшының (сарапшының) алдына қойылған мәселелер, кедендiк сарапшының (сарапшының) иелiгiне ұсынылатын материалдар мен құжаттардың тiзбесi көрсетiледi.
Шешiмде, сондай-ақ кедендiк сарапшының (сарапшының) көрiнеу жалған қорытынды бергенi үшiн Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жауапкершiлiгi жөнiнде кедендiк сарапшыға (сарапшыға) ескертiлгенi туралы көрсетiледi.
Кеден органының кедендiк сараптама тағайындау туралы шешiмiнiң нысанын кеден iсi саласындағы уәкiлеттi орган бекiтедi.
6. Кедендiк сараптаманы жүргiзетiн ұйымның басшысы немесе оны алмастырушы адам:
1) кедендiк сараптама жүргiзу үшiн ақпарат жеткiлiксiз болған;
2) кедендiк сараптаманы тағайындау туралы шешiм тиiсiнше ресiмделмеген;
3) сынамалар немесе үлгiлер орамының сақталуы кедендiк сараптаманы тағайындау туралы шешiмде көрсетiлген сипаттамаға сәйкес келмеген;
4) кедендiк сараптама жүргiзетiн ұйымның штатында талап етiлетiн бiлiктiлiгi бар кедендiк сарапшы болмаған;
5) кедендiк сараптама жүргiзу үшiн қажеттi материалдық-техникалық база, арнайы жағдайлар болмаған;
6) кедендiк сараптамаға жiберiлетiн сынамалар немесе үлгiлер жеткiзу, тасымалдау кезiнде зақымданған, бүлiнген не iшiнара жоғалған;
7) сынақтар немесе зерттеулер жүргiзу үшiн тауардың сынамалары мен үлгiлерi болмаған және жеткiлiксiз болған жағдайда кедендiк сараптаманы тағайындау туралы шешiмдi орындамастан, кедендiк сараптама жүргiзу үшiн ұсынылған материалдарды, құжаттарды, сынамалар мен үлгiлердi қайтарады.
7. Кедендiк сараптаманы жүргiзуден бас тарту бас тартудың себептерi көрсетiле отырып, жазбаша түрде ресiмделедi. Ұсынылған материалдар, құжаттар, сынамалар мен үлгiлер кедендiк сараптаманы тағайындаған кеден органына қайтарылады.
8. Кеден органы кедендiк сараптаманы тағайындау туралы шешiм қабылданған күннен кейiнгi күннен кешiктiрмей декларантты немесе кедендiк тауарларға қатысты өкiлеттiктерге ие өзге де тұлғаны кедендiк сараптаманың тағайындалуы туралы жазбаша хабардар етедi.
9. Кедендiк сараптаманы жүргiзуге арналған шығыстар бюджет қаражаты есебiнен өтеледi.
228-бап. Кедендiк сараптама жүргiзудiң тәртiбi мен
мерзiмi
1. Кедендiк сараптама жүргiзу тәртiбi Кеден одағы комиссиясының шешiмiмен айқындалады.
2. Кедендiк сараптама жүргiзу мерзiмi кедендiк сарапшы (сарапшы) материалдарды жүргiзуге қабылдаған күннен бастап жиырма жұмыс күнiнен аспауға тиiс.
Зерттеудiң салыстыру (салғастырмалы) әдiстерiн қолдануды және әр түрлi ғылыми-техникалық құралдарды пайдалануды талап ететiн, уақыты бойынша ұзақ болып табылатын кедендiк сараптаманың екi және одан да көп объектiлерiне зерттеу жүргiзу кезiнде кедендiк сараптаманың мерзiмi мұндай мерзiмдi ұзарту себептерi көрсетiле отырып, кедендiк сараптаманы жүргiзетiн ұйым басшысының немесе оны алмастыратын адамның жазбаша рұқсатымен, егер тауарларды шығару кедендiк сараптама нәтижелерiн алғанға дейiн жүзеге асырылмаса, тауарларды уақытша сақтау мерзiмiнен аспайтын мерзiмге ұзартылады.
3. Кедендiк сараптаманы жүргiзу мерзiмi:
кедендiк сарапшының (сарапшының) кедендiк сараптаманы тағайындаған кеден органы алдында оған қосымша материалдарды, сондай-ақ сынамаларды және (немесе) үлгiлердi ұсыну туралы өтiнiшi болған;
кедендiк сараптаманы тағайындаған кеден органының лауазымды адамынан зерттеулер немесе сынақтар жүргiзу барысында кедендiк сараптамаға ұсынылған, кедендiк сараптаманы тағайындаған кеден органына қайтаруға жататын тауарларды, құжаттарды, сынамаларды немесе үлгiлердi елеулi зақымдауға немесе жоюға жазбаша рұқсат алу қажет болған;
кедендiк сараптама жүргiзуге кiрiскен кедендiк сарапшы (сарапшы) дәлелдi себеппен (еңбекке уақытша жарамсыздық, iссапар) болмаған жағдайда тоқтатыла тұрады.
4. Кедендiк сараптама нәтижелерi бойынша кедендiк сарапшының (сарапшының) қорытындысы берiледi.
229-бап. Кедендiк сараптама жүргiзу үшiн кеден
органдарының лауазымды адамы болып табылмайтын
сарапшыны (маманды) тарту тәртiбi
1. Кедендiк сараптама жүргiзу үшiн кеден органдарының лауазымды адамы болып табылмайтын сарапшыны (маманды) тарту тәртiбiн кеден iсi саласындағы уәкiлеттi орган белгiлейдi.
2. Кеден органдарының лауазымды адамы болып табылмайтын сарапшы (маман) кедендiк сараптаманы тағайындаған кеден органына сарапшыда (маманда) қажеттi арнайы және (немесе) ғылыми танымдардың болуын растайтын құжаттарды табыс етуге мiндеттi.
230-бап. Кедендiк сарапшының (сарапшының) құқықтары
мен мiндеттерi
1. Кедендiк сарапшы:
1) кедендiк сараптаманы жүргiзуге қатысты материалдармен танысуға;
2) кеден органының келiсiмiмен кедендiк сараптама iсiн жүргiзуге басқа да кедендiк сарапшыларды (сарапшыларды) тартуға;
3) егер қойылған мәселелер өз құзыретiнен тыс болса кедендiк сараптама үшiн материалдарды алған күннен бастап бiр жұмыс күнi iшiнде кедендiк сараптама жүргiзуден немесе өз құзыретiне жатпайтын мәселелерге жауап беруден бас тартуға;
4) кедендiк сараптама үшiн материалдарды алған күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде кедендiк сараптама жүргiзуге қажеттi қосымша материалдарды жазбаша нысанда сұратып алуға;
5) кедендiк сарапшының (сарапшының) қорытындысын беру үшiн қажеттi материалдар мен құжаттарды, оның iшiнде зерттеу үшiн сынамалар мен үлгiлердi алуға;
6) кедендiк сараптаманы тағайындаған кеден органының лауазымды адамының келiсiмi бойынша өзiнiң арнайы және (немесе) ғылыми танымдарына және құзыретiне сәйкес, олардың алдына қойылған сұрақтарды редакциялауға, анықтауға және нақтылауға;
7) жарияланған арнайы және өзге де дереккөздерден ғылыми-техникалық ақпаратты пайдалануға;
8) өзiнiң сынақтары мен зерттеулерiнiң нәтижелерiн және (немесе) сынамалар мен үлгiлерге басқа зерттеу немесе сарапшы ұйымдары жүргiзген зерттеу нәтижелерiн пайдалануға;
9) кедендiк бақылау жүргiзуге қатысуға;
10) кедендiк сараптама мәселелерi бойынша консультациялар беруге құқылы.
2. Кедендiк сарапшы (сарапшы):
1) кедендiк сараптамаға қатысты материалдармен танысуға;
2) кедендiк сарапшының (сарапшының) қорытындысына кедендiк мақсаттар үшiн маңызы бар, олар бойынша сұрақтар қойылмаған мән-жайлар туралы қорытындылар енгiзуге;
3) оларға қолжетiмдiлiгi мен олардың дұрыстығы сақталған кезде кедендiк сараптамаға ұсынылған сынамалар мен үлгiлерге зерттеулер жүргiзуге, зерттеулердiң нәтижелерiн толық, жан-жақты және объективтi бағалау негiзiнде кедендiк сарапшының (сарапшының) қорытындысын ұсынуға;
4) кедендiк сараптаманы жүргiзу нәтижесiнде алынған мәлiметтердi жария етпеуге, Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, оларды өзге де мақсаттарда пайдаланбауға және үшiншi тұлғаларға бермеуге;
5) кедендiк сараптама жүргiзудiң белгiленген мерзiмдерiн сақтауға мiндеттi.
3. Өзiнiң мiндеттерiн орындамаған немесе тиiсiнше орындамаған жағдайда кедендiк сарапшы (сарапшы) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
231-бап. Декларанттың, тауарларға қатысты өкiлеттiктерге
ие өзге тұлғаның және олардың өкiлдерiнiң
кедендiк сараптаманы тағайындау және жүргiзу
кезiндегi құқықтары
1. Кедендiк сараптаманы тағайындау және жүргiзу кезiнде декларант, тауарларға қатысты өкiлеттiктерге ие өзге тұлға және олардың өкiлдерi:
1) кедендiк сараптаманы тағайындаған кеден органына сол бойынша кедендiк сарапшының (сарапшының) қорытындысын алу үшiн кедендiк сарапшыға (сарапшыға) қосымша сұрақтар қою туралы өтiнiшiн мәлiмдеуге;
2) кедендiк сарапшының (сарапшының) қорытындысымен танысуға және кедендiк сараптаманы тағайындаған кеден органынан осындай қорытындының көшiрмесiн алуға;
3) кедендiк сараптама жүргiзу үшiн кеден органдарының сынамалар мен үлгiлердi iрiктеп алуы кезiнде қатысуға;
4) қосымша немесе қайталама кедендiк сараптама жүргiзу туралы өтiнiш жасауға құқылы.
2. Декларанттың, тауарларға қатысты өкiлеттiктерге ие өзге тұлғаның немесе олардың өкiлiнiң өтiнiшi қанағаттандырылған жағдайда кедендiк сараптаманы тағайындаған кеден органының лауазымды адамы тиiстi шешiм шығарады.
Өтiнiштi қанағаттандырудан бас тартқан кезде кеден органының лауазымды адамы бұл туралы өтiнiш берген тұлғаға жазбаша нысанда дәлелдi түрде хабарлауға тиiс.
232-бап. Кедендiк сарапшының (сарапшының) қорытындысы
1. Кедендiк сарапшының (сарапшының) қорытындысында:
1) кедендiк сараптама жүргiзудiң орны, нөмiрi және күнi;
2) кедендiк сараптама жүргiзу үшiн негiздеме;
3) кедендiк сараптаманы жүргiзген кедендiк сарапшының (сарапшының) тегi, аты, әкесiнiң аты (ол болған кезде) және оның бiлiктiлiгi;
4) кедендiк сарапшының (сарапшының) кедендiк сараптама жүргiзу кезiнде қасақана жалған қорытынды бергенi үшiн әкiмшiлiк немесе қылмыстық жауаптылығы жөнiнде ескертiлгенi туралы кедендiк сараптама жүргiзген ұйымның мөрiмен расталатын, оның қолымен куәландырылған белгi;
5) кедендiк сарапшының (сарапшының) алдына қойылған мәселелер;
6) кедендiк сараптама жүргiзу үшiн кедендiк сарапшыға (сарапшыға) ұсынылған құжаттардың, материалдардың, сынамалар мен үлгiлердiң тiзбесi;
7) қолданылған әдiстердi, пайдаланылған аспаптар мен жабдықтарды көрсете отырып, зерттеулердiң мазмұны мен нәтижелерi, зерттеулердiң нәтижелерiн бағалау, қойылған мәселелер бойынша түйiндер және олардың негiздемесi көрсетiледi.
2. Кедендiк сарапшының (сарапшының) немесе бiрнеше сарапшының қорытындысын көрнекiлейтiн материалдар мен құжаттар сол қорытындыға қоса тiркеледi және оның құрамдас бөлiгi болып табылады.
Қосымшаларға және (немесе) көрнекi материалдарға кедендiк сарапшы (сарапшы) қол қояды және кедендiк сараптаманы жүргiзген ұйымның мөрiмен куәландырылады.
Егер кедендiк сараптама бiрнеше сарапшының қатысуымен өткiзiлген болса, кедендiк сарапшының (сарапшының) қорытындысына барлық сарапшы қол қояды және кедендiк сараптаманы жүргiзген ұйымның мөрiмен расталады.
Кедендiк сарапшының (сарапшының) қорытындысындағы түйiндер қойылған сұрақтарға жауаптар түрiнде жазылады, бұл ретте жауаптардың берiлу ретi қойылған сұрақтардың ретiне сәйкес келуге тиiс.
3. Кедендiк сарапшының (сарапшының) қорытындысы жазбаша түрде екi данада ресiмделедi, бiр данасы кедендiк сараптама жүргiзген ұйымда қалады, екiншi данасы кедендiк сараптаманы тағайындаған кеден органына жiберiледi.
233-бап. Кедендiк сараптаманың түрлерi
1. Кедендiк бақылау мақсатында кедендiк сараптаманың мынадай: сәйкестендiру, тауартанушылық, материалтанушылық, технологиялық, криминалистiк және iс жүргiзуде қажеттiлiк туындайтын өзге де түрлерi жүргiзiледi.
2. Тартылатын кедендiк сарапшылардың (сарапшылардың) санына қарай жеке-дара, комиссиялық немесе кешендi кедендiк сараптама тағайындалады.
Жеке-дара кедендiк сараптаманы кедендiк сарапшы (сарапшы) жеке-дара жүргiзедi.
Комиссиялық кедендiк сараптаманы бiр мамандықтағы кедендiк сарапшылардың (сарапшылардың) комиссиясы жүргiзедi. Кедендiк сарапшылардың (сарапшылардың) арасында келiспеушiлiктер болған кезде олардың әрқайсысы немесе сарапшылардың бiр бөлiгi кедендiк сарапшының (сарапшының) бөлек қорытындысын ұсынуға құқылы.
Кешендi кедендiк сараптаманы iс үшiн маңызы бар мәнжайларды анықтау үшiн кедендiк сарапшылардың (сарапшылардың) құзыретi шегiнде әр түрлi мамандықтағы бiлiмдердi пайдалану негiзiнде зерттеу қажет болған жағдайда, кедендiк сарапшылардың (сарапшылардың) комиссиясы жүргiзедi. Әрбiр кедендiк сарапшы (сарапшы) кедендiк сарапшы (сарапшы) қорытындысының өзi кедендiк сараптама жүргiзген бөлiгiне қол қояды.
3. Кедендiк сараптама бастапқы, қосымша және қайталама сараптама болып бөлiнедi.
Бастапқы кедендiк сараптама объектiлердi, сынамаларды және үлгiлердi зерделеу үшiн кеден органының өтiнiшi бойынша жүргiзiледi.
Қосымша кедендiк сараптама жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша тағайындалады. Қосымша кедендiк сараптама жүргiзу сол немесе басқа кедендiк сарапшыға (сарапшыға) тапсырылады.
Қайталама кедендiк сараптама декларант, сондай-ақ кедендiк сараптаманы тағайындаған кеден органы бастапқы және (немесе) қосымша кедендiк сараптамалардың нәтижелерi бойынша кедендiк сарапшының (сарапшының) қорытындысымен келiспеген жағдайларда жүргiзiледi.
Қайталама кедендiк сараптама бастапқы және (немесе) қосымша кедендiк сараптамаларды жүргiзген кедендiк сарапшыны (сарапшыларды) қоспағанда, екi және одан да көп кедендiк сарапшылардан (сарапшылардан) тұратын комиссияға тапсырылады. Бастапқы және (немесе) қосымша кедендiк сараптамаларды жүргiзген кедендiк сарапшылар (сарапшылар) қайталама кедендiк сараптама жүргiзiлген кезде оған қатысуы және комиссияға түсiндiрме беруi мүмкiн, алайда олар кедендiк сарапшының (сарапшының) қорытындысын зерттеуге және жасауға қатыспайды.
Қайталама кедендiк сараптаманы жүргiзу тәртiбi Кеден одағы комиссиясының шешiмiмен айқындалады.
Қосымша және қайталама кедендiк сараптамаларды жүргiзу кезiнде кедендiк сарапшыға (сарапшыға) мiндеттi түрде алғашқы кедендiк сараптаманың нәтижелерi ұсынылады.
234-бап. Тауарлардың сынамалары мен үлгiлерi
1. Кедендiк сараптаманы жүзеге асыру мақсатында кеден органының лауазымды адамы осы Кодекстiң 223 және 299-баптарында көзделген кедендiк тексерудi және кедендiк декларациялауды жүргiзу кезiнде тауарлардың сынамалары мен үлгiлерiн iрiктеп алуды жүргiзедi. Тауарлардың сынамалары мен үлгiлерiн iрiктеп алу осы баптың 2-тармағында көрсетiлген жағдайларды қоспағанда, декларанттың не кеден iсi саласындағы қызметтi жүзеге асыратын тұлғаның немесе олардың өкiлдерiнiң қатысуымен жүзеге асырылады. Кеден органдары лауазымды адамдарының тауарлардың сынамалары мен үлгiлерiн iрiктеп алу тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.
Арнайы және (немесе) ғылыми танымдарды пайдалану және техникалық құралдарды қолдану қажет болған кезде тауарлардың сынамалары мен үлгiлерiн iрiктеп алу кедендiк сарапшының (сарапшының) қатысуымен жүргiзiледi. Кеден органы лауазымды адамының кедендiк сараптаманы жүргiзетiн ұйымға өтiнiшi кедендiк сарапшының (сарапшының) тауарлардың сынамалары мен үлгiлерiн iрiктеп алуға қатысуы үшiн негiз болып табылады.
2. Егер, осы Кодекстiң 205-бабының 5-тармағында көрсетiлген жағдайларда, кедендiк декларациялауды жүзеге асыру кезiнде декларант не кеден iсi саласындағы қызметтi жүзеге асыратын тұлға немесе олардың өкiлдерi болмаса, онда кеден органының лауазымды адамы екi куәгердiң қатысуымен тауарлардың сынамалары мен үлгiлерiн iрiктеп алуды дербес жүргiзуге құқылы.
Декларант немесе сыртқы экономикалық қызметке қатысушы кедендiк тексерудi жүзеге асыру кезiнде тауарлардың сынамалары мен үлгiлерiн iрiктеп алуды жүргiзуден немесе оған қатысудан жазбаша бас тартқан жағдайда, кеден органының лауазымды адамы екi куәгердiң қатысуымен тауарлардың сынамалары мен үлгiлерiн iрiктеп алуды дербес жүргiзедi.
3. Тауарлардың сынамалары мен үлгiлерi олардың зерттеу мүмкiндiгiн және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес стандарттау жөнiндегi нормативтiк құжаттамаға сәйкес талаптардың сақталуын қамтамасыз ететiн ең аз мөлшерде алынады.
Тауарлардың сынамалары мен үлгiлерiн iрiктеп алу туралы Кеден одағы комиссиясының шешiмiмен белгiленген нысан бойынша үш данада акт жасалады.
Бiрiншi дана кеден органында қалады; екiншi данасы тауарлардың iрiктеп алынған сынамаларымен және үлгiлерiмен бiрге кедендiк сараптаманы жүргiзуге уәкiлеттi ұйымға жiберiледi; үшiншi данасы декларантқа, тауарларға қатысты өкiлеттiктерге ие өзге де тұлғаға немесе, егер олар анықталса, олардың өкiлдерiне табыс етiлуге (жiберiлуге) жатады.
Кедендiк сараптамаға жiберiлетiн тауарлардың сынамалары мен үлгiлерi тауарлардың қасиеттерiне сәйкес оралады және Кеден одағы комиссиясының шешiмiмен белгiленген нысан бойынша орамның сақталуын қамтамасыз ету жапсырмасымен мөрленедi.
4. Декларант, тауарларға қатысты өкiлеттiктерге ие өзге де тұлға немесе олардың өкiлдерi кеден органдарының лауазымды адамдары тауарлардың сынамалары мен үлгiлерiн iрiктеп алуы кезiнде қатысады. Көрсетiлген тұлғалар кеден органдарының лауазымды адамдарына тауарлардың сынамалары мен үлгiлерiн iрiктеп алуға жәрдемдесуге, оның iшiнде өз есебiнен қажеттi жүк операциялары мен өзге де операцияларды жүзеге асыруға мiндеттi. Декларант, тауарларға қатысты өкiлеттiктерге ие тұлға немесе олардың өкiлi болмаса, тауарларды табыс еткеннен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң ол келмеген жағдайда, сондай-ақ кейiнге қалдыруды күтпейтiн мән-жайларда тауарлардың сынамалары мен үлгiлерiн кеден органдарының лауазымды адамдары iрiктей алады. Мұндай жағдайларда тауарлардың сынамалары мен үлгiлерiн iрiктеу екi куәгердiң қатысуымен тауарлардың сынамалары мен үлгiлерiн iрiктеу туралы акт жасала отырып, жүзеге асырылады.
Тауарлардың сынамалары мен үлгiлерiн декларант, тауарларға қатысты өкiлеттiктерге ие өзге тұлғалар немесе олардың өкiлдерi болмаған кезде кеден органдары осы Кодекстiң 205-бабының 5-тармағында көзделген жағдайларда iрiктеп алады.
Бұл жағдайларда тауарлардың сынамалары мен үлгiлерiн iрiктеп алу екi куәгердiң қатысуымен жүзеге асырылады.
5. Тауарлардың сынамалары және (немесе) үлгiлерi оларды орамның бүтiндiгiн бұзбай алу мүмкiн болмайтындай етiп оралады.
6. Кеден органы декларантта, тауарларға қатысты өкiлеттiктерге ие өзге де тұлғада немесе олардың өкiлдерiнде тауарлардың сынамалары мен үлгiлерiн iрiктеп алу нәтижесiнде туындаған шығыстарды өтемейдi.
7. Кедендiк сараптама аяқталғаннан кейiн сынамалар мен үлгiлер:
тауарлардың сынамалары мен үлгiлерi зерттеу процесiнде жұмсалған не зерттеулер және (немесе) сынақтар нәтижесiнде жойылған;
тауарға iлеспе құжаттарда көрсетiлген тауарлардың құрамы кедендiк сараптама жүргiзу барысында алынған тауарлардың құрамына сәйкес келмейтiнi анықталған, соның нәтижесiнде мұндай сынамалар мен үлгiлер мерзiмi стандарттау жөнiндегi нормативтiк құжаттамада айқындалған мерзiмге сақтауда қалған;
тауарлардың сынамалары мен үлгiлерi Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жойылуға немесе кәдеге жаратуға жататын жағдайларды қоспағанда, кедендiк сараптаманы тағайындаған кеден органының лауазымды адамына қайтарылады.
235-бап. Сараптама қызметi саласындағы ынтымақтастық
Кедендiк сараптамалар жүргiзетiн ұйым осы Кодекске сәйкес бiрлескен ғылыми зерттеулер жүргiзу, ғылыми және әдiстемелiк ақпарат алмасу, кәсiби даярлық және кедендiк сарапшылардың бiлiктiлiгiн арттыру мақсатында сараптама қызметiн жүзеге асыратын ұйымдармен және қызметтермен байланыс орнатуға құқылы.
236-бап. Кеден одағына мүше мемлекеттердiң кедендiк
сарапшыларын тарта отырып, кедендiк
сараптама жүргiзу
1. Кедендiк сараптаманы тағайындаған кеден органы осы Кодексте белгiленген тәртiппен, өз бастамашылығымен не кедендiк сараптамалар жүргiзетiн ұйым басшысының өтiнiшi бойынша кеден одағына мүше мемлекеттердiң кедендiк сараптама саласындағы кедендiк сарапшыларын тарту туралы өтiнiш бiлдiруге құқылы.
2. Кеден одағына мүше мемлекеттердiң кедендiк сарапшыларын тарта отырып, кедендiк сараптама жүргiзу осы Кодексте белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.
26-тарау. КЕДЕНДIК БАҚЫЛАУ ЖҮРГIЗУ КЕЗIНДЕ ТАУАРЛАРДЫ
ЖӘНЕ ОЛАРҒА АРНАЛҒАН ҚҰЖАТТАРДЫ ҰСТАУ
237-бап. Кедендiк бақылау жүргiзу кезiнде ұстауға
жататын тауарлар мен құжаттар
1. Кедендiк бақылау жүргiзу кезiнде осы Кодекстiң 244, 268, 283, 290, 312, 335, 338, 410 және 466-баптарында белгiленген жағдайларда кеден органдарының лауазымды адамдары қылмыстар немесе әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар мәнi болып табылмайтын тауарларды және оларға арналған құжаттарды ұстайды.
2. Тауарлар және оларға арналған құжаттар ұсталған жағдайда кеден органы Кеден одағы комиссиясының шешiмiмен белгiленген нысан бойынша хаттама жасайды.
3. Ұсталған тауарлар және оларға арналған құжаттар алып қойылады және осы Кодексте белгiленген мерзiмдер iшiнде кеден органдарында сақталады.
Ұсталған тауарлар уақытша сақтау қоймаларына немесе кеден органы анықтаған өзге де орындарға орналастырылады.
4. Кеден органдары тауарларды ұстаған кезде осы баптың
3-тармағына сәйкес ұсталған тауарларды сақтау жөнiндегi шығыстарды осы Кодекстiң 239-бабында көрсетiлген, тауарлар iс жүзiнде қайтарылатын тұлғалар өтейдi. Осы Кодекстiң 238-бабының 1 және
2-тармақтарында көзделген мерзiмдерде мұндай тұлғалар талап етпеген ұсталған тауарларды сақтау жөнiндегi шығыстар осы Кодекстiң
241-бабының 1-тармағының ережелерiн ескере отырып, көрсетiлген тауарларды сатудан алынған сома есебiнен өтеледi.
5. Ұсталған тауарларды сақтау жөнiндегi шығыстарды өтеу тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайды.
238-бап. Ұсталған тауарларды және оларға арналған
құжаттарды сақтау мерзiмдерi
1. Осы баптың 2-тармағында көрсетiлген тауарларды қоспағанда, ұсталған тауарларды және оларға арналған құжаттарды кеден органдары бiр ай бойы, ал тез бұзылатын азық-түлiктердi жиырма төрт сағат сақтайды.
2. Кеден одағының кедендiк аумағына әкелуге немесе мұндай аумақтан тыс жерлерге әкетуге тыйым салынған тауарлар және оларға арналған құжаттар кеден органдарында үш тәулiк бойы сақталады.
3. Ұсталған тауарларды сақтау мерзiмi – оларды ұстаған күннен бастап, ал тез бұзылатын азық-түлiктерге оларды ұстаған кезден бастап есептеледi.
239-бап. Ұсталған тауарларды және оларға арналған
құжаттарды қайтару
1. Ұсталған тауарлар және оларға арналған құжаттар декларанттарға, ал егер тауарларды декларациялау жүргiзiлмесе тауарлардың меншiк иелерiне, ал меншiк иесi шетелдiк тұлға болып табылған не кеден органында тауарлардың меншiк иесi туралы мәлiметтер болмаған жағдайларда – осы бапта белгiленген ерекшелiктер ескерiле отырып, ұстау кезiнде тауарлар иелiгiнде болған тұлғаларға қайтарылады.
2. Кеден одағының кедендiк аумағына әкелу кезiнде ұсталған, кеден одағының кедендiк шекарасы арқылы өткiзуге тыйым салынған тауарлар және оларға арналған құжаттар осы баптың 1-тармағында көрсетiлген, бұл аумақтан тыс жерлерге қайта әкету үшiн кеден органына мұндай тауарларды қайтару үшiн бiрiншi болып жүгiнген, тұлғалардың кез келгенiне қайтарылады.
3. Кеден одағының кедендiк шекарасы арқылы өткiзуге тыйым салынған және (немесе) шектеулер қойылған, кеден одағының кедендiк аумағынан әкету кезiнде ұсталған тауарлар және оларға арналған құжаттар, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында осы тауарларды иеленуге жол берiлсе, декларантқа немесе өзге де тұлғаларға кеден одағының кедендiк аумағында пайдалану үшiн қайтарылады.
4. Кеден одағының кедендiк шекарасы арқылы өткiзуге шектеулер қойылған тауарлар және кеден одағының кедендiк аумағына әкелу кезiнде ұсталған оларға арналған құжаттар кеден органына осы Кодекске сәйкес белгiленген шектеулердiң сақталуы және тауарларды кедендiк рәсiммен орналастыруды құжаттамалық растауды ұсынған жағдайда декларантқа немесе өзге де тұлғаларға осы аумақтан тыс қайта әкету немесе кеден одағының кедендiк аумағында пайдалану үшiн қайтарылады.
5. Осы баптың 2 – 4-тармақтарында көрсетiлмеген өзге де жағдайларда ұсталған тауарлар кедендiк рәсiмдердiң бiрiмен орналастырғаннан кейiн оларды осы кедендiк рәсiммен орналастырған тұлғаларға не олардың өкiлдерiне қайтарылады.
6. Тауарларды кедендiк рәсiммен орналастыруға байланысты кедендiк операцияларды жасауға құқылы тұлғаның сұрау салуы бойынша тауарларды кедендiк рәсiммен орналастыру қажет болған кезде кеден органы тауармен бiрге ұсталған құжаттарды мұндай тұлғаға тауарларды шығарғанға дейiн қайтарады.
240-бап. Сақтау мерзiмi өткен ұсталған тауарлармен
жасалатын iс-әрекеттер
1. Кеден органдары ұстаған және осы Кодекстiң 239-бабында көрсетiлген тұлғалар талап етпеген тауарлар осы Кодекстiң 238-бабының 1 және 2-тармақтарында көзделген мерзiмде сатылуға жатады, ал осы баптың 3-тармағында белгiленген жағдайларда мұндай тауарлар жойылуға немесе өзгеше пайдалануға жатады.
2. Осы баптың 1-тармағында көрсетiлген тауарларды сату, жою немесе өзге де пайдалану Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен жүзеге асырылады.
3. Сақтау және өткiзу жөнiндегi шығыстар олардың құнынан асып түсетiн, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын басқа да жағдайларда, тауарлар жойылуға жатады.
Жою, сондай-ақ мұндай тауарларды сақтауға және тасымалдауға байланысты шығыстарды өтеу декларанттың немесе өзге тұлғаның, ал аталған тұлғалар болмаған кезде, егер тауарлардың жеке санаттарына қатысты өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында белгiленген тәртiппен бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.
241-бап. Сақтау мерзiмi өткен ұсталған тауарларды
сатудан түскен сомаларға билiк ету
1. Осы Кодекстiң 240-бабының 1-тармағында көрсетiлген тауарларды сатудан алынған сомадан бiрiншi кезекте, ұсталған тауарларды iшкi тұтыну үшiн шығаруды кедендiк рәсiммен орналастыру кезiнде төленуге жататын, бұл тауарларды ұстау күнiне есептелген кедендiк төлемдер, салықтар мөлшерiндегi сома, екiншi кезекте тауарларды тасымалдау, сақтау жөнiндегi шығыстар және осы тауарларды сатуға байланысты өзге де шығыстар ұсталынады.
2. Осы баптың 1-тармағында көзделген ұстауларды ескере отырып есептелген тауарларды сатудан алынған сома декларанттарға, ал егер тауарларды декларациялау жүргiзiлмесе, кеден органында олар туралы мәлiметтер болған кезде, Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен оларды сатудан түскен ақша түскен күннен кейiнгi күннен бастап үш ай iшiнде кеден органдарына жүгiнген жағдайда тауарлардың меншiк иелерiне қайтарылады.
Кеден органдары осы тармақтың бiрiншi бөлiгiнде аталған тұлғаларды тауарларды сатудан түскен қайтарылуға жататын соманың бар екендiгi туралы хабардар етедi.
ЕРЕКШЕ БӨЛIМ
4-бөлiм. КЕДЕНДIК ДЕКЛАРАЦИЯНЫ БЕРУ АЛДЫНДАҒЫ КЕДЕНДIК
ОПЕРАЦИЯЛАР
27-тарау. ТАУАРЛАРДЫ КЕДЕН ОДАҒЫНЫҢ КЕДЕНДIК ШЕКАРАСЫ
АРҚЫЛЫ ӨТКIЗУ ТУРАЛЫ НЕГIЗГI ЕРЕЖЕЛЕР
242-бап. Тауарларды кеден одағының кедендiк шекарасы
арқылы өткiзу
1. Барлық тұлғалар кеден одағының кеден заңнамасында және осы Кодексте белгiленген ережелердi сақтай отырып, тең негiзде тауарларды кеден одағының кедендiк шекарасы арқылы өткiзуге құқығы бар.
2. Тауарлар кеден одағының кедендiк шекарасы арқылы кеден одағының кеден заңнамасында белгiленген тәртiппен өткiзiледi.
Тауарлардың жекелеген санаттары, оның iшiнде керек-жарақтар, жеке пайдалануға арналған тауарлар, халықаралық тасымалдаудың көлiк құралдары үшiн осы Кодекспен және (немесе) кеден одағына мүше мемлекеттердiң халықаралық шарттарымен оларды кеден одағының кедендiк шекарасы арқылы өткiзудiң ерекшелiктерi белгiленуi мүмкiн.
3. Кеден одағының кедендiк шекарасы арқылы өткiзiлетiн тауарлар кеден одағының кеден заңнамасында және осы Кодексте белгiленген тәртiппен кедендiк бақылауға жатады.
Кедендiк бақылауды жүргiзу кезiнде кеден органдары және олардың лауазымды адамдары кеден одағының кеден заңнамасында және осы Кодексте көзделмеген талаптар мен шектеулердi белгiлеуге құқылы емес.
4. Дүлей зiлзалалар, табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар салдарын жою үшiн қажеттi тауарларды, бейбiтшiлiктi сақтау не оқу-жаттығу өткiзу бойынша акцияларды орындау үшiн қажеттi әскери мақсаттағы өнiмдi, сондай-ақ тез бұзылуға ұшырайтын тауарларды, тiрi жануарларды, радиоактивтi материалдарды, жарылғыш заттарды, халықаралық почта жөнелтiмдерiн, экспресс-жүктердi, гуманитарлық және техникалық көмектi, бұқаралық ақпарат құралдарына арналған хабарлар мен материалдарды және осындай басқа да тауарларды кеден одағының кедендiк аумағына әкелу және осы аумақтан әкету кезiнде кедендiк декларацияны беру алдындағы кедендiк операциялар бiрiншi кезекте жүргiзiледi.
243-бап. Тауарларды кеден одағының кедендiк шекарасы
арқылы өткiзу орындары
Кеден органының кедендiк шекарасы арқылы өткiзу орындары не Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындаған өзге де орындар тауарларды өткiзу пункттерi болып табылады.
244-бап. Тауарларды кеден одағының кедендiк
шекарасы арқылы өткiзу кезiнде тыйым салулар
мен шектеулердi сақтау
1. Егер осы Кодексте, кеден одағына мүше мемлекеттердiң халықаралық шарттарында, Кеден одағы комиссиясының шешiмдерiнде және мұндай тыйым салулар мен шектеулер белгiленген Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес шығарылған Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiнде өзгеше белгiленбесе, тауарларды кеден одағының кедендiк шекарасы арқылы өткiзу тыйым салулар мен шектеулер сақтала отырып жүзеге асырылады.
2. Кеден одағының кедендiк аумағына әкелуге тыйым салынған, кеден одағының кедендiк аумағына келген тауарлар, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында және (немесе) халықаралық шарттарында өзгеше көзделмесе, кеден одағының кедендiк аумағынан тез арада әкетiлуге жатады.
Көрсетiлген тауарларды әкету жөнiнде шаралар қабылдау тасымалдаушыға не, егер осы Кодексте және (немесе) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында өзгеше көзделмесе, олардың меншiк иесiне жүктеледi.
3. Кеден одағының кедендiк аумағынан әкетуге тыйым салынған тауарлар, егер Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында өзгеше көзделмесе, кеден одағының кедендiк аумағынан iс жүзiнде әкетiлуге жатпайды.
4. Егер әкелуге немесе әкетуге шектеу қойылған тауарларды кеден одағының кедендiк аумағына әкелу немесе мұндай аумақтан әкету кезiнде шектеулердiң сақталғанын растайтын құжаттар ұсынылмаса, осы баптың 2 және 3-тармақтарының ережелерi қолданылады.
5. Осы баптың 2 және 4-тармақтарында көрсетiлген тауарларды әкету мүмкiн болмаған немесе оларды тез арада әкету жүзеге асырылмаған жағдайда бұл тауарлар осы Кодекстiң 26-тарауына сәйкес ұсталуға жатады.
245-бап. Кеден одағының кедендiк шекарасы арқылы өтетiн
тауарларды пайдалану және (немесе) оларға
билiк ету
1. Кеден одағының кедендiк шекарасы арқылы өткiзiлетiн тауарларды пайдалану және (немесе) билiк ету оларды кеден органы шығарғанға дейiн кеден одағының кеден заңнамасында белгiленген тәртiппен және шарттарда жүзеге асырылады.
2. Тауарларды кеден органы шығарғаннан кейiн оларды пайдалану және (немесе) оларға билiк ету мәлiмделген кедендiк рәсiмнiң шарттарына сәйкес немесе осы Кодекске сәйкес кедендiк рәсiмдермен орналастырылуға жатпайтын тауарлардың жекелеген санаттары үшiн белгiленген шарттарға сәйкес жүзеге асырылады.
246-бап. Жарамсыз болған, бүлiнген немесе зақымданған
тауарлар
Кеден одағының кедендiк аумағына әкелiнген, оларды кедендiк рәсiммен орналастыруға байланысты, оның iшiнде оларды уақытша сақтау кезеңiнде кедендiк операциялар жасағанға дейiн, сондай-ақ кедендiк транзит кедендiк рәсiмiне сәйкес тауарларды тасымалдау кезiнде жарамсыз болған, авария немесе еңсерiлмейтiн күш әсерi салдарынан бүлiнген немесе зақымданған тауарлар оларға қатысты одан әрi кедендiк операциялар жасау кезiнде олар кеден одағының кедендiк аумағына жарамсыз, бүлiнген немесе зақымданған түрде әкелiнген ретiнде қаралады.
247-бап. Мүдделi тұлғалардың тауарлардың сынамалары мен
үлгiлерiн алуы
1. Мүдделi тұлғалар және бақылаушы мемлекеттiк органдар кеден органының рұқсатымен, осы Кодексте (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген жағдайларда, тауарлардың сынамалары мен үлгiлерiн iрiктеп алуға құқылы.
2. Кеден органы тауарлардан сынамалары мен үлгiлерiн алуға, егер мұндай алу:
1) кедендiк бақылау жүргiзудi қиындатпаса;
2) тауарлардың сипаттамаларын өзгертпесе;
3) кедендiк баждарды, салықтарды төлеуден жалтаруға немесе тыйым салулар мен шектеулердi сақтамауға әкелмесе рұқсат бередi.
3. Тауарлардың сынамалары мен үлгiлерiне арналған жеке кедендiк декларация олар тауарларға арналған декларацияда көрсетiлген жағдайда берiлмейдi.
28-тарау. ТАУАРЛАРДЫҢ КЕДЕН ОДАҒЫНЫҢ КЕДЕНДIК
АУМАҒЫНА КЕЛУI
248-бап. Тауарлардың кеден одағының кедендiк аумағына
келу орны және уақыты
1. Тауарлардың кеден одағының кедендiк аумағына келуi тауарларды кеден одағының кедендiк шекарасы арқылы өткiзу орындарында (бұдан әрi – келу орны) және кеден органдарының осы орындардағы жұмыс уақыты кезiнде жүзеге асырылады.
Тауарлардың жекелеген санаттары кеден одағының кедендiк аумағына Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындаған орындарда ғана келуi мүмкiн.
Тауарлар кеден одағының кедендiк аумағына Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындаған жағдайларда және тәртiппен келу орны болып табылмайтын өзге де орындарға келуi мүмкiн.
Кеден органдары келу орындарының тiзбесiн жариялау үшiн, оның iшiнде ақпараттық технологияларды пайдалана отырып жариялау үшiн Кеден одағының комиссиясына жiберiледi.
2. Кеден одағының кедендiк шекарасын кесiп өткеннен кейiн әкелiнген тауарларды тасымалдаушы келу орындарына немесе осы баптың 1-тармағында көрсетiлген өзге де орындарға жеткiзуге және кеден органына ұсынуға тиiс. Бұл ретте тауарлардың жай-күйiн өзгертуге немесе олардың орамын бұзуға, сондай-ақ салынған пломбаларды, мөрлердi және өзге де сәйкестендiру құралдарын өзгертуге, алып тастауға, жоюға немесе зақымдауға жол берiлмейдi.
3. Кеден органдары келу орындары, белгiленген шектеулер және кеден органдарының жұмыс уақыты туралы ақпаратты, оның iшiнде ақпараттық технологияларды пайдалана отырып беруге мiндеттi.
4. Осы тараудың ережелерi кеден одағының кедендiк аумағында орналасқан портқа немесе әуежайға тоқтамастан кеден одағының кедендiк аумағын кесiп өтетiн су және әуе кемелерiмен тасымалданатын тауарларға, сондай-ақ құбыржол көлiгiмен және электр беру желiлерi арқылы өткiзiлетiн тауарларға қолданылмайды.
249-бап. Авария, еңсерiлмейтiн күш әсерi немесе өзге де
мән-жайлар кезiнде қолданылатын шаралар
1. Егер кеден одағының кедендiк шекарасын кесiп өткеннен кейiн тауарларды келу орнына жеткiзу үзiлсе, сондай-ақ, егер су немесе әуе кемесi авария, еңсерiлмейтiн күш әсерi не тауарларды жеткiзуге, белгiленген орындарға тоқтауды немесе қонуды жүзеге асыруға кедергi келтiретiн өзге де мән-жайлар салдарынан кеден одағының кедендiк аумағына мәжбүрлi тоқтаса немесе қонса, тасымалдаушы тауарлардың сақталуын қамтамасыз ету үшiн барлық шараларды қолдануға, жақын кеден органына осы мән-жайлар мен тауарлардың тұрған жерi туралы дереу хабарлауға, сондай-ақ тауарларды апаруға немесе оларды жақын кеден органына (егер олардың халықаралық тасымалдау көлiк құралы зақымдалса) не кеден органы көрсеткен өзге орынға тасымалдауды қамтамасыз етуге мiндеттi.
2. Осы баптың талаптарын сақтауға байланысты тасымалдаушыда туындаған шығыстарды кеден органдары өтемейдi.
250-бап. Тауарлардың кеден одағының кедендiк аумағына
келуi туралы хабарлама
1. Тасымалдаушы осы Кодекстiң 251-бабында көзделген құжаттар мен мәлiметтердi ұсыну арқылы тауарларды тасымалдауды жүзеге асыратын көлiктiң түрiне қарай кеден органын кеден одағының кедендiк аумағына тауарлардың келуi туралы хабардар етуге мiндеттi.
Құжаттарды тасымалдаушының атынан кеден өкiлi не тасымалдаушының тапсырмасы бойынша әрекет ететiн өзге де тұлғалар табыс етуi мүмкiн.
2. Тасымалдаушы, кеден өкiлi не өзге де мүдделi тұлға кеден органына тауарлар кеден одағының кедендiк аумағына iс жүзiнде келгенiне дейiн олар туралы алдын ала ақпаратты беруге құқылы. Кеден одағына мүше мемлекеттердiң заңнамасында және (немесе) халықаралық шарттарында көзделген жағдайларда тасымалдаушы тауарлар туралы алдын ала ақпаратты беруге мiндеттi.
3. Тасымалдаушы құжаттарды электрондық құжаттар түрiнде табыс етуге құқылы.
4. Аумағына тауар келiп түскен кеден одағына мүше мемлекеттiң мемлекеттiк тiлi болып табылмайтын тiлде жасалған құжаттарды ұсынған кезде мұндай құжаттардағы мәлiметтердi аударуды тасымалдаушы немесе өзге мүдделi тұлға қамтамасыз етедi.
251-бап. Тауарларды тасымалдауды жүзеге асыратын
көлiк құралына қарай кеден органына ұсынылатын
құжаттар мен мәлiметтер
1. Тауарлар кеден одағының кедендiк аумағына келген кезде тасымалдаушы мынадай құжаттар мен мәлiметтердi ұсынады:
1) автомобиль көлiгiмен халықаралық тасымалдау кезiнде:
құжаттар:
халықаралық тасымалдау көлiк құралына арналған құжаттар;
көлiк (тасымалдау) құжаттары;
Дүниежүзiлiк почта одағының актiлерiнде айқындалған, халықаралық почта жөнелтiмдерiн тасымалдау кезiнде олармен iлесiп жүретiн құжат;
тасымалданатын тауарларға арналған тасымалдаушыда бар коммерциялық құжаттар;
мәлiметтер:
халықаралық тасымалдау көлiк құралын мемлекеттiк тiркеу туралы;
тауарларды тасымалдаушының атауы және мекенжайы;
тауарларды жөнелтушi елдiң және межелi елдiң атауы;
тауарларды жөнелтушi мен алушының атауы және мекенжайы;
тасымалдаушыда бар коммерциялық құжаттарға сәйкес тауарларды сатушы және алушы туралы;
жүк орындарының саны, оларды таңбалау және тауарлар орамаларының түрлерi туралы;
тауарлардың атауы, сондай-ақ Тауарларды сипаттаудың және кодтаудың үйлестiрiлген жүйесiне немесе Сыртқы экономикалық қызметтiң тауар номенклатурасына сәйкес бiрiншi төрт белгiден кем емес деңгейдегi кодтары;
тауарлардың брутто салмағы (килограммен) не өте ауқымды жүктердi қоспағанда, тауарлардың көлемi (текше метрмен);
кеден одағының кедендiк аумағына әкелуге тыйым салынған немесе шектеу қойылған тауарлардың болуы туралы;
халықаралық тауар-көлiктiк жүкқұжат жасау орны және күнi туралы;
2) су кемелерiмен халықаралық тасымалдау кезiнде:
құжаттар:
жалпы декларация;
жүк туралы декларация;
кеме керек-жарақтары туралы декларация;
кеме экипажының жеке заттары туралы декларация;
кеменiң рөлi;
жолаушылардың тiзiмi;
Дүниежүзiлiк почта одағының актiлерiнде айқындалған, халықаралық почта жөнелтiмдерiн тасымалдау кезiнде олармен iлесiп жүретiн құжат;
көлiк (тасымалдау) құжаттары;
тасымалданатын тауарларға арналған тасымалдаушыда бар коммерциялық құжаттар;
мәлiметтер:
кеменi және оның ұлттық тиесiлiгiн тiркеу туралы;
кеменiң атауы және сипаттамасы;
капитанның тегi;
кеме агентiнiң тегi және мекенжайы;
кемедегi жолаушылардың саны, олардың тегi, аты, азаматтығы (бодандығы), туған күнi және жерi, отырғызу және түсiру порты;
экипаж мүшелерiнiң саны және құрамы;
кеменi жөнелтушi порттың және кiргiзушi порттың атауы;
тауарлардың атауы, жалпы саны және сипаттамасы;
жүк орындарының саны, оларды таңбалау және тауарлар орамасының түрлерi туралы;
тауарларды тиейтiн порттың және түсiретiн порттың атауы;
осы портта түсiруге жататын тауарларға арналған теңiз (өзен) тасымалдау шартының болуын және мазмұнын растайтын коносаменттердiң немесе өзге құжаттардың нөмiрлерi;
бортта қалатын тауарларды түсiретiн порттардың атауы;
тауарларды жiберушi бастапқы порттардың атауы;
кемедегi кеме керек-жарақтарының атауы және олардың санын көрсету;
тауарлардың кемеде орналасуын сипаттау;
кеме бортында халықаралық почта жөнелтiмдерiнiң болуы (болмауы) туралы;
экипаж мүшелерiндегi кеден одағына мүше мемлекеттердiң валютасын және валюталық құндылықтарын қоса алғанда, кеме бортында кеден одағының кедендiк аумағына әкелуге тыйым салынған немесе шектеу қойылған, құрамында есiрткi, қатты әсер ететiн құралдар, психотроптық және улы заттар бар дәрiлiк құралдардың, қаружарақтардың, оқдәрiлердiң болуы (болмауы) туралы;
3) әуе көлiгiмен халықаралық тасымалдау кезiнде:
құжаттар:
азаматтық авиация саласындағы халықаралық шарттарда көзделген тасымалдаушының стандарттық құжаты (бас декларация);
әуе кемесiнiң бортында тасымалданатын тауарлар туралы мәлiметтер бар құжат (жүк ведомосы);
борт керек-жарақтары туралы мәлiметтер бар құжат;
көлiк (тасымалдау) құжаттары;
тасымалданатын тауарларға арналған тасымалдаушыда бар коммерциялық құжаттар;
бортта тасымалданатын жолаушылар және олардың багажы туралы мәлiметтер бар құжат (жолаушы ведомосы);
Дүниежүзiлiк почта одағының актiлерiнде айқындалған, халықаралық почта жөнелтiмдерiн тасымалдау кезiнде олармен iлесiп жүретiн құжат;
мәлiметтер:
кеменiң ұлттық тиесiлiгi белгiлерiн және тiркеу белгiлерiн көрсету;
рейстiң нөмiрi, ұшу бағытын, кеменiң ұшып кету пунктiн, келу пунктiн көрсету;
кеменi пайдаланушының атауы;
экипаж мүшелерiнiң саны туралы;
кемедегi жолаушылардың саны, олардың тегi және аты-жөнi туралы, кiру және шығу пункттерiнiң атауы;
тауарлардың атауы;
жүк жүкқұжатының нөмiрi, әрбiр жүк жүкқұжаты бойынша орындардың саны;
тауарларды тиеу пунктiнiң және түсiру пунктiнiң атауы;
кемеге тиелетiн немесе одан түсiрiлетiн борт керек-жарақтарының саны туралы;
кеме бортында халықаралық почта жөнелтiмдерiнiң болуы (болмауы) туралы;
экипаж мүшелерiндегi кеден одағына мүше мемлекеттердiң валютасын және валюталық құндылықтарын қоса алғанда, кеме бортында кеден одағының кедендiк аумағына әкелуге тыйым салынған немесе шектеу қойылған, құрамында есiрткi, қатты әсер ететiн құралдар, психотроптық және улы заттар бар дәрiлiк құралдардың, қару-жарақтың, оқ-дәрiлердiң болуы (болмауы) туралы;
4) темiржол көлiгiмен халықаралық тасымалдау кезiнде:
құжаттар:
көлiк (тасымалдау) құжаттары;
темiржол жылжымалы құрамына арналған берiлетiн ведомость;
керек-жарақтар туралы мәлiметтер бар құжат;
Дүниежүзiлiк почта одағының актiлерiнде айқындалған, халықаралық почта жөнелтiмдерiн тасымалдау кезiнде олармен iлесiп жүретiн құжат;
тасымалданатын тауарларға арналған тасымалдаушыда бар коммерциялық құжаттар;
мәлiметтер:
тауарларды жөнелтушiнiң атауы және мекенжайы;
тауарларды алушының атауы және мекенжайы;
тауарларды жөнелтушi станцияның және межелi станцияның атауы;
жүк орындарының саны, оларды таңбалау және тауарлар орамаларының түрлерi туралы;
тауарлардың атауы, сондай-ақ Тауарларды сипаттаудың және кодтаудың үйлестiрiлген жүйесiне немесе Сыртқы экономикалық қызметтiң тауар номенклатурасына сәйкес бiрiншi төрт белгiден кем емес кодтары;
тауарлардың брутто салмағы (килограммен);
контейнерлердiң сәйкестендiру нөмiрлерi.
2. Тасымалдау жүзеге асырылатын көлiк түрiне қарамастан, кеден органын кеден одағының кедендiк аумағына тауарлардың келуi туралы хабардар еткен кезде, тарифтiк емес реттеу шараларын қоспағанда, осы Кодекстiң 244-бабының 1-тармағына сәйкес тыйым салулар мен шектеулердiң сақталуын растайтын құжаттар ұсынылады.
252-бап. Келу орындарында жасалатын кедендiк операциялар
1. Келу орындарында тауарларды түсiру және қайта тиеу (ауыстырып тиеу), сондай-ақ тауарды кеден одағының кедендiк аумағына жеткiзген көлiк құралын басқа көлiк құралына ауыстыру жүзеге асырылуы мүмкiн.
2. Тауарларды түсiру және қайта тиеу (ауыстырып тиеу), тауарды кеден одағының кедендiк аумағына жеткiзген көлiк құралын басқа көлiк құралына ауыстыру кеден органының жұмыс уақытында, кеден органының рұқсатымен және мүдделi тұлғаның сауал салуы бойынша берiлетiн арнайы осы мақсаттарға арналған орындарда жүзеге асырылады.
3. Келу орындарында тауарларды уақытша сақтауға, оларды кедендiк декларациялауға және мәлiмделген кедендiк рәсiмге сәйкес шығаруға байланысты кедендiк операцияларды жасауға жол берiледi.
4. Тасымалдаушы немесе өзге де мүдделi тұлға тауарларды уақытша сақтауға немесе оларды кедендiк рәсiмге сәйкес кедендiк декларациялауға байланысты кедендiк операцияларды тауарларды келген орнында кеден органына көрсеткеннен кейiн үш сағат iшiнде жасауға мiндеттi.
Темiржол немесе су көлiгiмен тасымалданатын тауарларға қатысты тасымалдаушы немесе өзге де мүдделi тұлға осы тармақтың бiрiншi бөлiгiнде көзделген кедендiк операцияларды тауарларды келген орнында кеден органына көрсеткеннен кейiн кеден органының келесi жұмыс күнiнiң аяқталу уақытынан кешiктiрмей жасауға мiндеттi.
5. Тауарларды келу орнынан кеден органы белгiлеген орынға жеткiзу, егер мұндай тауарлар келген орнында өзге кедендiк рәсiммен орналастырылмаса немесе оларға қатысты кеден одағының кеден заңнамасында көзделген өзге де кедендiк операциялар жасалмаса, кедендiк транзит кедендiк рәсiмiне сәйкес жүзеге асырылады.
253-бап. Тауарлар кеден одағының кедендiк аумағына келген
кезде кедендiк әкелу баждарын, салықтарды төлеу
бойынша мiндеттiң туындауы мен тоқтатылуы және
оларды төлеу мерзiмi
1. Тауарлар кеден одағының кедендiк аумағына келген кезде тасымалдаушыда кедендiк әкелу баждарын, салықтарды төлеу бойынша мiндет тауарлар кеден одағының кедендiк шекарасын кесiп өткен кезде туындайды.
2. Тауарлар кеден одағының кедендiк аумағына келген кезде тасымалдаушыда кедендiк әкелу баждарын, салықтарды төлеу бойынша мiндет:
1) тауарларды келу орнына жеткiзген және уақытша сақтауға орналастырған немесе келу орнында кедендiк рәсiммен орналастырған кезде, сондай-ақ, егер осы тауарлар кеден одағының кедендiк аумағына келгеннен кейiн тауарларды кеден одағының кедендiк шекарасы арқылы өткiзу орнынан шықпаса, тауарлар кеден одағының кедендiк аумағынан кеткен кезде;
2) осы Кодекстiң 129-бабының 2-тармағында белгiленген жағдайларда тоқтатылады.
3. Тауарлар кеден одағының кедендiк аумағына келген кезде:
1) тауарларды келу орнына жеткiзбеген кезде – тауарлардың кеден одағының кедендiк шекарасын кесiп өткен күнi, ал егер бұл күн анықталмаса – тауарларды келу орнына жеткiзбеу фактiсi анықталған күн;
2) авария немесе еңсерiлмейтiн күш әсерi салдарынан не тасымалдаудың (тасымалдың) және сақтаудың қалыпты жағдайлары кезiндегi табиғи кему нәтижесiнде жойылуды (бiржола жоғалуды) қоспағанда, тауарлардың келу орнында жоғалуы кезiнде – тауарлардың кеден одағының кедендiк шекарасын кесiп өткен күнi, ал егер бұл күн анықталмаса – тауарлардың жоғалу фактiсi анықталған күн;
3) келу орнында уақытша сақтауға орналастырмастан немесе оларды кедендiк рәсiммен орналастырмастан, тауарларды келу орнынан кеден одағы кедендiк аумағының қалған бөлiгiне әкету кезiнде – тауарлардың кеден одағының кедендiк шекарасын кесiп өткен күнi, ал бұл күн анықталмаса – мұндай әкету фактiсi анықталған күн кедендiк әкелу баждарын, салықтарды төлеу мерзiмi болып саналады.
4. Кедендiк әкелу баждары, салықтар тауарларды iшкi тұтыну үшiн кедендiк шығару рәсiмiмен орналастыру кезiнде төленуге тиiстi болған кедендiк әкелу баждарының, салықтардың кедендiк баждардың, салықтардың ставкаларын, кедендiк құнды, олардың табиғи мәндегi физикалық сипаттамасын (мөлшерiн, массасын, көлемiн немесе өзге де сипаттамасын) және Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес белгiленген және тауарлардың кеден одағының кедендiк шекарасын кесiп өту күнi, ал егер бұл күн анықталмаған болса, тауарларды келу орнына жеткiзбеу, оларды келген жерiнде жоғалту не келген жерiнде уақытша сақтауға орналастырмастан немесе оларды кедендiк рәсiммен орналастырмастан келген жерiнен кеден одағының кедендiк аумағына алып шығу фактiсi анықталған күнi қолданыста болған валютаның нарықтық бағамын басшылыққа ала отырып есептелген сомаларына сәйкес келетiн мөлшерде төленуге жатады.
29-тарау. ТАУАРЛАРДЫҢ КЕДЕН ОДАҒЫНЫҢ КЕДЕНДIК
АУМАҒЫНАН КЕТУI
254-бап. Тауарлардың кеден одағының кедендiк аумағынан
кету орны мен уақыты
1. Тауарлардың кеден одағының кедендiк аумағынан кетуi тауарларды кеден одағының кедендiк шекарасы арқылы өткiзу орындарында (бұдан әрi – кету орындары) және кеден органдарының осы орындарда жұмыс iстеуi кезiнде жүзеге асырылады.
Тауарлардың жекелеген санаттары кеден одағының кедендiк аумағынан Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындаған кету орындарында ғана кете алады.
Тауарлар кеден одағының кедендiк аумағынан кету орны болып табылмайтын өзге орындардан Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындаған жағдайларда және тәртiппен кете алады.
Кеден органдары кету орындарының тiзбесiн жариялау үшiн, оның iшiнде ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, Кеден одағының комиссиясына жолдайды.
2. Кеден органдары кету орындары туралы, белгiленген шектеулер туралы және кеден органдарының жұмыс уақыты туралы ақпаратты ұсынуға, оның iшiнде ақпараттық технологияларды пайдалана отырып ұсынуға мiндеттi.
3. Осы тараудың ережелерi кеден одағының кедендiк аумағында орналасқан портқа немесе әуежайға тоқтамастан кеден одағының кедендiк аумағын кесiп өтетiн су немесе әуе кемелерiмен тасымалданатын тауарларға, сондай-ақ құбыржол көлiгiмен және электр беру желiлерi арқылы өткiзiлетiн тауарларға қолданылмайды.
255-бап. Кету орындарында жасалатын кедендiк операциялар
1. Тауарлардың кеден одағының кедендiк аумағынан кетуi үшiн тасымалдаушы кеден органына кедендiк декларацияны не оларды кеден одағының кедендiк аумағынан әкетуге жол беретiн өзге де құжатты, сондай-ақ, егер осы Кодексте өзгеше көзделмесе, тауарлар тасымалы жүзеге асырылатын көлiк түрiне қарай осы Кодекстiң 251-бабында көзделген құжаттар мен мәлiметтердi ұсынуға мiндеттi.
Тасымалдау жүзеге асырылатын көлiк түрiне қарамастан, тауарлардың кеден одағының кедендiк аумағынан кетуi үшiн кеден органына осы Кодекстiң 244-бабының 1-тармағына сәйкес тыйым салулар мен шектеулердiң сақталуын растайтын құжаттар ұсынылады.
Кедендiк декларация не тауарларды кеден одағының кедендiк аумағынан әкетуге жол беретiн өзге де құжат, егер осы тауарлар кеден одағының кедендiк аумағына келгеннен кейiн тауарларды кеден одағының кедендiк шекарасы арқылы өткiзу орындарынан шықпаса, тауарлардың кеден одағының кедендiк аумағынан кетуi үшiн ұсынылмайды.
2. Тасымалдаушы құжаттарды электрондық құжаттар түрiнде ұсынуға құқылы.
3. Тасымалдаушының атынан құжаттарды кеден өкiлi не тасымалдаушының тапсырмасы бойынша әрекет ететiн өзге де тұлғалар ұсынуы мүмкiн.
4. Тауарлардың кеден одағының кедендiк аумағынан кетуiне кеден органының рұқсатымен жол берiледi.
Тауарлардың кеден одағының кедендiк аумағынан кетуiне кеден органының рұқсаты кедендiк декларацияда не оларды кеден одағының кедендiк аумағынан әкетуге жол беретiн өзге де құжатта және көлiк (тасымалдау) құжаттарында кеден органының тиiстi белгiлерiн қою арқылы ресiмделедi.
256-бап. Тауарларға кеден одағының кедендiк аумағынан
кету кезiнде қойылатын талаптар
1. Осы тармақтың екiншi бөлiгiнде белгiленген жағдайларды қоспағанда, егер бұл тауарлар кеден одағының кедендiк шекарасы арқылы тауарларды өткiзу орындарынан шықпаса, тауарлар кеден одағының кедендiк аумағынан оларды белгiлi бiр кедендiк рәсiммен орналастырған кезде не олар кеден одағының кедендiк аумағына келуi кезiнде болған мөлшерде және жай-күйде кеден одағының кедендiк аумағынан iс жүзiнде әкетiлуге тиiс.
Осы тармақтың бiрiншi бөлiгiнде көрсетiлген, табиғи тозу немесе кему салдарынан не тасымалдаудың, тасудың және сақтаудың қалыпты жағдайлары кезiнде тауарлардың табиғи қасиеттерiнiң өзгеруi салдарынан тауарлар мөлшерiнiң және (немесе) жай-күйiнiң өзгерулерiне, сондай-ақ көлiк құралындағы төгiлмейтiн қалдықтардың болуы салдарынан тауарлар мөлшерiнiң өзгерулерiне жол берiледi.
2. Адамдар, егер тауарлардың жоғалуы не жай-күйiнiң өзгеруi авария не еңсерiлмейтiн күш әсерi салдарынан болған жағдайда осы баптың ережелерiн сақтамағаны үшiн, ал Қазақстан Республикасының техникалық регламентiнде және стандарттарында көзделген жағдайларда өлшеу әдiстерiнiң ағаттықтарынан тауарлардың мөлшерi туралы мәлiметтер өзгерген кезде жауапты болмайды.
3. Кеден одағының тауарлары олар бойынша тауарлар мөлшерiнiң азаюы болған себептерге қарамастан, олардың белгiлi бiр кедендiк рәсiммен орналастырылған кезiнде мәлiмделген мөлшерден аз мөлшерде кеден одағының кедендiк аумағынан әкетiлуi мүмкiн.
257-бап. Авария, еңсерiлмейтiн күш әсерi немесе өзге де
мән-жайлар кезiнде қолданылатын шаралар
1. Егер тауарларды жеткiзу кету орнынан кеден одағының кедендiк шекарасын iс жүзiнде кесiп өту орнына дейiн жеткiзу авария, еңсерiлмейтiн күш әсерi не тауарларды мұндай жеткiзуге кедергi келтiретiн өзге де мән-жайлар салдарынан үзiлсе, тасымалдаушы тауарлардың сақталуын қамтамасыз ету үшiн барлық шараларды қолдануға, жақын жердегi кеден органына осы мән-жайлар мен тауарлардың тұрған жерi туралы дереу хабарлауға, сондай-ақ тауарларды тасымалдауды немесе оларды жақын жердегi кеден органына не кеден органы көрсеткен өзге орынға тасымалдауды (егер олардың халықаралық тасымалдау көлiк құралы зақымдалса) қамтамасыз етуге мiндеттi.
2. Осы баптың талаптарын сақтауға байланысты тасымалдаушыда немесе өзге де тұлғаларда туындаған шығыстарды кеден органдары өтемейдi.
258-бап. Шетелдiк тауарлар кеден одағының кедендiк
аумағынан кеткен кезде кедендiк әкелу баждарын,
салықтарды төлеу бойынша мiндеттiң туындауы
мен тоқтатылуы және оларды төлеу мерзiмi
1. Шетелдiк тауарлар кеден одағының кедендiк аумағынан кеткен кезде тасымалдаушыда кедендiк әкелу баждарын, салықтарды төлеу бойынша мiндет кеден органы кеден одағының кедендiк аумағынан тауарлардың кетуiне рұқсат берген кезден бастап туындайды.
2. Шетелдiк тауарлар кеден одағының кедендiк аумағынан кеткен кезде тасымалдаушыда кедендiк әкелу баждарын, салықтарды төлеу бойынша мiндет:
1) тауарлар кеден одағының кедендiк шекарасын iс жүзiнде кесiп өткен кезде;
2) осы Кодекстiң 129-бабының 2-тармағында белгiленген жағдайларда тоқтатылады.
3. Авария немесе еңсерiлмейтiн күш әсерi салдарынан не тасымалдаудың (тасымалдың) және сақтаудың қалыпты жағдайлары кезiндегi табиғи кему нәтижесiнде жойылуды (бiржола жоғалуды) қоспағанда, егер тауарлар кеден одағының кедендiк шекарасын iс жүзiнде кесiп өткенге дейiн жоғалған болса, шетелдiк тауарлар кеден одағының кедендiк аумағынан кеткен кезде тауарларды жоғалту күнi, ал егер бұл күн анықталмаса кеден органы кеден одағының кедендiк аумағынан тауарлардың кетуiне рұқсат берген күн кедендiк әкелу баждарын, салықтарды төлеу мерзiмi болып саналады.
4. Кедендiк әкелу баждары, салықтар тауарларды iшкi тұтыну үшiн кедендiк шығару рәсiмiмен орналастыру кезiнде төленуге тиiстi болған кедендiк әкелу баждарының, салықтардың кедендiк баждардың, салықтардың ставкаларын, кедендiк құнды, олардың табиғи мәндегi физикалық сипаттамасын (мөлшерiн, массасын, көлемiн немесе өзге де сипаттамасын) және Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес белгiленген және тауарларды жоғалту күнi, ал егер бұл күн анықталмаған болса, кеден органы тауарларды кеден аумағынан әкетуге рұқсат беру күнi қолданыста болған валютаның нарықтық бағамын басшылыққа ала отырып есептелген сомаларына сәйкес келетiн мөлшерде төленуге жатады.
30-тарау. ТАУАРЛАРДЫ УАҚЫТША САҚТАУ
259-бап. Тауарларды уақытша сақтау туралы жалпы
ережелер
1. Шетелдiк тауарларды кедендiк бақылаумен мәлiмделген кедендiк рәсiмге сәйкес оларды кеден органы шығарғанға дейiн не кеден одағының кеден заңнамасында көзделген өзге де iс-әрекеттердi жасағанға дейiн уақытша сақтау орындарында кедендiк баждар, салықтар төлеместен сақтау тауарларды уақытша сақтау болып табылады.
2. Тауарларды уақытша сақтау құбыржол көлiгiмен және электр желiлерi арқылы тасымалданатын тауарларға қатысты, сондай-ақ кеден одағының кеден заңнамасында көзделген өзге де жағдайларда қолданылмайды.
3. Тауарларға қатысты өкiлеттiктерi бар адамдардың немесе олардың өкiлдерiнiң уақытша сақтаудағы тауарларды пайдалануға, оның iшiнде мәлiмделген кедендiк рәсiмге сәйкес шығарғанға дейiн оларды уақытша сақтау орны аумағынан әкетуге не осы Кодексте көзделген өзге де iс-әрекеттердi жасауға құқығы жоқ.
260-бап. Тауарларды уақытша сақтау орындары
1. Мыналар:
1) уақытша сақтау қоймалары;
2) өз тауарларын сақтау қоймалары;
3) кедендiк және еркiн қоймалар;
4) үй-жайлар, ашық алаңдар және уәкiлеттi экономикалық операторлардың өзге де аумақтары;
5) осы Кодекстiң 265-бабына сәйкес өзге де орындар тауарларды уақытша сақтау орындары болып табылады.
2. Тауар иесiнiң өз тауарларын уақытша сақтауға арналған, кедендiк бақылаудағы үй-жайы және (немесе) ашық алаңы өз тауарларын уақытша сақтау қоймасы болып табылады.
Өз тауарларын сақтау қоймалары мынадай талаптарға сай болуға тиiс:
1) меншiгiнде, шаруашылық жүргiзуiнде, жедел басқаруында немесе жалдауында үй-жайлар және (немесе) ашық алаңдар болуға;
2) қажеттi тиеу-түсiру механизмдерi және арнаулы техникасы болуға, сондай-ақ орналастырылатын тауарлар мен көлiк құралдарының сипатына сәйкес келетiн сертификатталған таразы жабдығы, ал арнаулы сақтау орнына газ орналастырылатын жағдайда тиiстi есепке алу аспаптары болуға;
3) жапсарлас тиеу-түсiру алаңдарын қоса алғанда, аумақ осы Кодекстiң 186-бабының 3-тармағына сәйкес белгiленуi және онда бетон немесе асфальт төсемi болуға;
4) техникалық жарамды кiреберiс жолдар, сондай-ақ тауарларды тексерiп қарауға арналған орындар, оның iшiнде электр жарығымен жарақтандырылған жабық алаңдар болуға;
5) аумақ, жапсарлас тиеу-түсiру алаңдарын (бiр немесе бiрнеше қойма үй-жайлары және алаңдарды) қоса алғанда, бiртұтас және ажырамас кешен болуы, бiр почта мекенжайы бойынша орналастырылуы және барлық периметрi бойынша тұтас қоршауы болуға тиiс.
Кеден және еркiн қойма үй-жайларның бiр бөлiгi өз тауарларын сақтау қоймалары иелерiнiң тiзбесiне енгiзiлместен өз тауарларын сақтау қоймасы ретiнде пайдаланылуы мүмкiн.
Кеден немесе еркiн қойма үй-жайының бiр бөлiгiн өз тауарларын сақтау қоймасы ретiнде пайдаланған жағдайда ол үй-жайдың қалған бөлiгiнен тұтас қоршаумен оқшаулануға тиiс.
Өз тауарларын сақтау қоймалары осы Кодексте белгiленген талаптарға сәйкес қана пайдаланылуға тиiс. Көрсетiлген қоймаларды өзге мақсаттарда пайдалануға жол берiлмейдi.
3. Уақытша сақтау орындары кедендiк бақылау аймағы болып табылады.
4. Басқа тауарларға зиян келтiруi мүмкiн немесе ерекше сақтау жағдайларын қажет ететiн тауарлар мұндай тауарларды сақтау үшiн арнайы лайықталған уақытша сақтау орындарында сақталуға тиiс.
Кеден органының қызмет аймағында мұндай тауарларды сақтау үшiн лайықталған уақытша сақтау орындары болмаған жағдайда, алушының жазбаша өтiнiшi бойынша кеден органының рұқсатымен осы тауар алушы айқындаған уақытша сақтау орындарына оның жауапкершiлiгiмен, кедендiк төлемдер мен салықтарды төлеу мiндеттi түрде қамтамасыз етiлген кезде орналастырылады.
5. Тауарларды уақытша сақтау орындарына орналастыру Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындаған тәртiппен расталады.
261-бап. Өз тауарларын сақтау қоймалары иелерiнiң
тiзiлiмiне енгiзу тәртiбi
1. Заңды тұлға өз тауарларын сақтау қоймалары иелерiнiң тiзiлiмiне енгiзiлгеннен кейiн өз тауарларын сақтау қоймасының иесi болып танылады.
2. Үй-жайларды немесе ашық алаңдарды өз тауарларын сақтау қоймалары иелерiнiң тiзiлiмiне енгiзу үшiн тұлға өтiнiш берушiнiң атауы және құрылатын қойманың орналасқан орны туралы мәлiметтердi көрсете отырып, қызмет аймағында өз тауарларын сақтау қоймасы құрылатын кеден iсi саласындағы уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшесiне еркiн нысанда өтiнiш бередi.
3. Иесi өтiнiшпен бiрге мынадай құжаттарды:
1) заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктiң түпнұсқасын (өтiнiштi қарау аяқталғаннан кейiн кеден органы өтiнiш берушiге түпнұсқаны қайтаруға мiндеттi) не нотариат куәландырған көшiрмесiн;
2) тұлғаны салық төлеушi ретiнде тiркеудi растайтын құжаттың түпнұсқасын (өтiнiштi қарау аяқталғаннан кейiн кеден органы өтiнiш берушiге түпнұсқаны қайтаруға мiндеттi) не нотариат куәландырған көшiрмесiн;
3) құрылтай құжаттарының нотариат куәландырған көшiрмелерiн;
4) осы Кодекстiң 260-бабының 2-тармағында айқындалған талаптардың орындалуын растайтын құжаттарды;
5) өз тауарларын сақтау қоймасын құруға арналған аумақтардың жоспарларын, үй-жайдың немесе ашық алаңның жобалары мен сызбаларын табыс етуге тиiс.
4. Кеден iсi саласындағы уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшесi өтiнiштi оның тiркелген күнiнен бастап күнтiзбелiк он бес күн iшiнде қарайды.
Кеден iсi саласындағы уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшесiнiң лауазымды адамы осы Кодекстiң 208-бабының 3-тармағына сәйкес өтiнiш берушiнiң үй-жайлары мен аумақтарының осы Кодекстiң 260-бабының 2-тармағында айқындалған талаптарға сәйкестiгiн қарайды.
5. Тiзiлiмге енгiзу туралы шешiм кеден iсi саласындағы уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшесi басшысының (оны алмастыратын адамның) бұйрығымен ресiмделедi және бұйрық қабылданған күннен бастап күшiне енедi.
6. Өз тауарларын сақтау қоймалары иелерiнiң тiзiлiмiне енгiзуден бас тарту туралы шешiм осы баптың 2 және 3-тармақтарында көрсетiлген барлық құжаттар ұсынылмаған немесе өтiнiш берушi осы Кодексте белгiленген талаптарға сай келмеген жағдайда қабылданады. Өтiнiш берушi осы бұзушылықтарды жойғаннан кейiн өтiнiш осы Кодексте белгiленген тәртiппен қаралады.
7. Тұлға өз тауарларын сақтау қоймалары иелерiнiң тiзiлiмiне енгiзiлген немесе енгiзуден бас тартылған жағдайда, кеден iсi саласындағы уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшесi өтiнiш берушiнi жазбаша нысанда хабардар етедi.
8. Тұлғаны қайта тiркеген кезде өз тауарларын сақтау қоймасының иесi кеден iсi саласындағы уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшесiн қайта тiркеу фактiсi туралы хабардар етуге мiндеттi.
262-бап. Өз тауарларын сақтау қоймалары иелерiнiң
мiндеттерi
Өз тауарларын сақтау қоймаларының иелерi:
1) үй-жайды немесе ашық алаңды тиiсiнше, осы Кодекстiң 260-бабында белгiленген талаптарға сәйкес кедендiк бақылауды қамтамасыз ету үшiн қажеттi түрде жайластыруға;
2) үй-жайдан немесе ашық алаңнан кедендiк бақылаудан басқа уақытша сақтаудағы тауарлар мен көлiк құралдарын алып қою мүмкiндiгiн болдырмауға;
3) үй-жайдағы немесе ашық алаңдағы тауарлардың және (немесе) көлiк құралдарының сақталуын қамтамасыз етуге;
4) кедендiк бақылауды жүзеге асыруға жәрдемдесуге;
5) есепке алуды (оның iшiнде бақылаудың және есепке алудың автоматтандырылған нысанын пайдалана отырып) жүргiзуге және кеден органына Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысымен айқындалатын тәртiппен кеден органына келiп түсетiн, сақталатын, әкетiлетiн тауарлар және (немесе) көлiк құралдары туралы есептiлiктi ұсынуға;
6) сақталатын тауарларға және (немесе) көлiк құралдарына бөтен тұлғалардың кеден органдарының рұқсатынсыз қолжетiмдiлiгiн болдырмауға;
7) кеден органдары лауазымды адамдарын олардың талабы бойынша сақталатын тауарларға және (немесе) көлiк құралдарына қолжетiмдiлiгiн қамтамасыз етудi қоса алғанда, кеден органдарының талаптарын орындауға;
8) тауарларды жоғалтқан не кеден органының рұқсатынсыз басқа тұлғаларға берген кезде кедендiк төлемдердi және салықтарды төлеуге;
9) кеден органын жөндеу жұмыстарын жүргiзу, өз тауарларын сақтау қоймасы алаңының ұлғаюы не азаюы туралы, осы жұмыстарды, оның iшiнде орындау жоспарлаған мерзiмдi көрсете отырып, жазбаша нысанда хабардар етуге мiндеттi.
263-бап. Өз тауарларын сақтау қоймасы иесiнiң қызметiн
тоқтата тұру
1. Өз тауарларын сақтау қоймасы иесiнiң қызметiн қызмет аймағында қойма құрылған кеден iсi саласындағы уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшесi:
1) өз тауарларын сақтау қоймасы иесiнiң жөндеу жұмыстарын жүргiзу туралы, өз тауарларын сақтау қоймасы алаңының ұлғаюы не азаюы туралы өтiнiшi бойынша - өз тауарларын сақтау қоймасының иесi айқындаған мерзiмге;
2) өз тауарларын сақтау қоймасының иесi өз тауарларын сақтау қоймасына осы Кодексте белгiленген талаптар мен мiндеттердi сақтамаған кезде - бiр айға дейiнгi мерзiмге тоқтата тұрады.
2. Өз тауарларын сақтау қоймасы иесiнiң қызметiн тоқтата тұру туралы шешiм, мұндай тоқтата тұрудың себептерi көрсетiле отырып, қызмет аймағында қойма құрылған кеден iсi саласындағы кеден органының аумақтық бөлiмшесi басшысының (оны алмастыратын адамның) бұйрығымен ресiмделедi.
3. Өз тауарларын сақтау қоймасы иесiнiң қызметi оның қызметiн тоқтата тұрған себептер жойылған кезде қайта жаңғыртылады.
264-бап. Өз тауарларын сақтау қоймалары иелерiнiң
тiзiлiмiнен шығару
1. Өз тауарларын сақтау қоймалары иелерiнiң тiзiлiмiнен шығару үшiн:
1) осы Кодексте белгiленген талаптар мен мiндеттердi қатарынан алты ай iшiнде бiрнеше рет бұзу;
2) заңды тұлғаның Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес таратылуы;
3) қайта құруды қоспағанда, заңды тұлғаның қайта ұйымдастырылуы;
4) шешiмнiң қолданылуын бұрын тоқтата тұрған себептердiң осы Кодекстiң 263-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында белгiленген мерзiм iшiнде жойылмауы;
5) өз тауарларын сақтау қоймасына қатысты мүлiктiк құқықтардың тоқтатылуы немесе өзгеруi;
6) өз тауарларын сақтау қоймасы иесiнiң өтiнiшi негiздеме болып табылады.
2. Өз тауарларын сақтау қоймалары иелерiнiң тiзiлiмiнен шығару туралы шешiм, мұндай тоқтатудың себептерi көрсетiле отырып, қызмет аймағында қойма құрылған кеден iсi саласындағы уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшесi басшысының (оны алмастыратын тұлғаның) бұйрығымен ресiмделедi.
Бұйрық қабылданған күннен бастап бес жұмыс күнi iшiнде тиiстi ақпарат жазбаша нысанда иесiнiң назарына жеткiзiледi.
3. Тұлға өз тауарларын сақтау қоймалары иелерiнiң тiзiлiмiнен шығарылған кезде оларда сақтаудағы тауарлар осы баптың 2-тармағында айқындалған бұйрық қабылданған күннен кейiнгi күннен бастап күнтiзбелiк отыз күн iшiнде уақытша сақтау қоймасына орналастырылуға тиiс.
265-бап. Тауарлар мен көлiк құралдарын өзге де орындарда
уақытша сақтау
1. Тауарға қатысты өкiлеттiктерi бар тұлғаның жазбаша өтiнiшi бойынша тауарлар мен көлiк құралдарын уақытша сақтау:
1) уақытша сақтау орындары немесе қоймалары иелерiнiң тiзiлiмiне енгiзiлмеген алушының қоймасында;
2) көлiк құралы алушыға тиесiлi немесе ол жалдау құқығында пайдаланатын аумақта болған жағдайда автомобиль көлiк құралдарында;
3) тауарға қатысты өкiлеттiктерi бар тұлғаның меншiгi болып табылатын не көрсетiлген тұлға жалдау құқығында пайдаланатын темiржол жолының учаскесiндегi темiржол көлiк құралдарында жүзеге асырылады.
2. Тауарлар мен көлiк құралдарын уақытша сақтау осы Кодекстiң 16-тарауына сәйкес кедендiк баждарды, салықтарды төлеудi мiндеттi қамтамасыз ете отырып, осы баптың 1-тармағына сәйкес жүзеге асырылады.
3. Осы Кодекстiң 325-бабының талаптарына сәйкес келетiн көлiк құралдарындағы тауарларды уақытша сақтау мұндай тауарларды уақытша сақтаудың бүкiл мерзiмi iшiнде сәйкестендiру құралдарының тұтастығы қамтамасыз етiлген жағдайда жүзеге асырылады.
4. Осы баптың 1-тармағына сәйкес тауарлар мен көлiк құралдарын уақытша сақтау кезiнде тауарға қатысты өкiлеттiктерi бар тұлға осы Кодекстiң 260-бабында белгiленген талаптардың сақталуын қамтамасыз етуге мiндеттi.
266-бап. Тауарлар мен көлiк құралдарын уақытша сақтауға
орналастыруды растайтын құжаттар
1. Тауарлар мен көлiк құралдарын уақытша сақтауға орналастыруды растайтын құжаттар ретiнде өткiзу пунктiнде орналасқан кеден органы көлiк (тасымалдау) және коммерциялық құжаттардың көшiрмелерiн қабылдайды, ал межелi кеден органы транзиттiк декларацияны немесе Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында айқындалған өзге де құжаттарды қабылдайды.
2. Тауарлар мен көлiк құралдарын уақытша сақтауға орналастыруды растайтын құжаттарды қабылдау және тiркеу Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен жүзеге асырылады.
267-бап. Тауарларды уақытша сақтауға орналастыруға
байланысты кедендiк операциялар
1. Тауарларды уақытша сақтауға орналастыру үшiн тасымалдаушы, тауарларға қатысты өкiлеттiлiгi бар өзге де тұлғалар немесе олардың өкiлдерi кеден органына көлiк (тасымалдау), коммерциялық және (немесе) тауарлар, тауарларды жөнелтушi (алушы), оларды жөнелтушi (межелi) ел туралы мәлiметтер бар кеден құжаттарын ұсынады.
Мұндай құжаттар кеден органына электронды құжаттар түрiнде ұсынылуы мүмкiн.
2. Кеден органы тауарларды уақытша сақтауға орналастыру үшiн ұсынылған құжаттарды осы баптың 1-тармағында көрсетiлген тұлғаға құжаттарды тiркеу туралы растауды бере отырып, мұндай құжаттар кеден органына берiлгеннен кейiн бiр сағаттан аспайтын мерзiмде тiркейдi.
3. Кеден органы тауарларды уақытша сақтауға орналастыру үшiн ұсынылған құжаттарды тiркеген күннен бастап тауарлар уақытша сақтаудағы тауарлар болып саналады.
268-бап. Тауарларды уақытша сақтау мерзiмi
1. Тауарларды уақытша сақтау мерзiмi екi айды құрайды.
2. Тауарларға қатысты өкiлеттiгi бар тұлғаның немесе оның өкiлiнiң жазбаша өтiнiшi бойынша кеден органы көрсетiлген мерзiмдi ұзартады.
Тауарларды уақытша сақтаудың шектi мерзiмi төрт айдан, ал халықаралық почта алмасу орындарында (мекемелерiнде) сақталатын халықаралық почта жөнелтiмдерiне, сондай-ақ әуе көлiгiмен өткiзiлетiн, жолаушы алмаған немесе талап етпеген багажға қатысты алты айдан аспауға тиiс.
Тауарлардың жекелеген санаттары үшiн Кеден одағы комиссиясының шешiмiмен осы баптың 1-тармағында белгiленген уақытша сақтау мерзiмнен аз мерзiм белгiленуi мүмкiн.
3. Тауарларды уақытша сақтау мерзiмi кеден органы тауарларды уақытша сақтауға орналастыру үшiн ұсынылған құжаттарды тiркеген күннен кейiнгi күннен бастап есептеледi.
4. Тауарларды уақытша сақтау мерзiмi аяқталғаннан кейiн кедендiк рәсiммен орналастырылмаған тауарларды кеден органдары осы Кодекстiң 26-тарауына сәйкес ұстайды.
269-бап. Уақытша сақтауда тұрған тауарлармен
жасалатын операциялар
1. Тауарларға қатысты өкiлеттiлiгi бар тұлғалар немесе олардың өкiлдерi уақытша сақтауда тұрған тауарлармен оларды өзгермейтiн жай-күйде сақтауды қамтамасыз ету үшiн қажеттi кәдiмгi операцияларды жасауға, оның iшiнде тауарларды қарауға және өлшеуге, оларды уақытша сақтау орны шегiнде ауыстыруға құқылы.
2. Осы баптың 1-тармағында көрсетiлмеген операциялар, оның iшiнде тауарлардың сынамалары мен үлгiлерiн алу, бүлiнген орамды түзету, сондай-ақ тауарларды кейiннен тасымалдауға дайындау үшiн қажеттi операциялар кеден органының рұқсатымен жүргiзiлуi мүмкiн.
Егер оларды жүзеге асыру тауарларды жоюға немесе олардың жай-күйiн өзгертуге әкеп соғатын болса, кеден органы мұндай операцияларды жасауға рұқсат беруден бас тартады.
270-бап. Тауарларды уақытша сақтау кезiнде кедендiк әкелу
баждарын, салықтарды төлеу бойынша мiндеттiң
туындауы мен тоқтатылуы және оларды
төлеу мерзiмi
1. Тауарларды уақытша сақтауға орналастырылатын шетелдiк тауарларға қатысты кедендiк әкелу баждарын, салықтарды төлеу бойынша мiндет:
1) тасымалдаушыда немесе тауарларды уақытша сақтауға орналастыру үшiн ұсынылған құжаттарды тiркеген кезде тауарларға қатысты өкiлеттiктерi бар өзге де тұлғада – тауарларды уақытша сақтауға орналастыру үшiн ұсынылған осы құжаттарды кеден органы тiркеген кезден бастап;
2) уақытша сақтау қоймасының иесiнде – тауарларды уақытша сақтау қоймасында орналастырған кезден бастап;
3) тауарларды уақытша сақтау қоймалары болып табылмайтын орындарда уақытша сақтауды жүзеге асыратын тұлғада – тауарларды уақытша сақтауға орналастыру үшiн ұсынылған құжаттарды кеден органы тiркеген кезден бастап туындайды.
2. Уақытша сақтауға орналастырылатын (орналастырылған) шетелдiк тауарларға қатысты кедендiк әкелу баждарын, салықтарды төлеу бойынша мiндет:
1) тасымалдаушыда немесе тауарларды уақытша сақтауға орналастыру үшiн ұсынылған құжаттарды тiркеген кезде тауарларға қатысты өкiлеттiктерi бар өзге де тұлғада – тауарларды уақытша сақтау қоймасына орналастырған не өзге тұлға оларды уақытша сақтау қоймасы болып табылмайтын орынға уақытша сақтауға қабылдаған кезде;
2) уақытша сақтау қоймасының иесiнде – тауарлардың кедендiк рәсiммен орналастырылуына байланысты оларды уақытша сақтау қоймасынан берген кезде;
3) тауарларды уақытша сақтау қоймасы болып табылмайтын орында уақытша сақтауды жүзеге асыратын тұлғада – тауарларды кедендiк рәсiммен орналастырған кезде;
4) осы тармақтың 1) – 3) тармақшаларында көрсетiлген тұлғаларда – тауарлар осы Кодекстiң 26-тарауына сәйкес, сондай-ақ осы Кодекстiң
129-бабының 2-тармағында белгiленген жағдайларда ұсталғанда тоқтатылады.
3. Тауарларды уақытша сақтау кезiнде:
1) тасымалдаушыда немесе тауарларды уақытша сақтауға орналастыру үшiн ұсынылған құжаттарды тiркеген кезде тауарларға қатысты өкiлеттiктерi бар өзге де тұлғада:
авария немесе еңсерiлмейтiн күш әсерi салдарынан не тасымалдаудың (тасымалдың) және сақтаудың қалыпты жағдайлары кезiндегi табиғи кему нәтижесiнде жойылуды (бiржола жоғалуды) қоспағанда, уақытша сақтауға орналастырылған тауарлар оларды уақытша сақтау қоймасына орналастырғанға не оларды өзге тұлға уақытша сақтау қоймасы болып табылмайтын орында уақытша сақтауға қабылдағанға дейiн жоғалған жағдайда - мұндай жоғалту күнi, ал егер бұл күн анықталмаса, кеден органы тауарларды уақытша сақтауға орналастыру үшiн ұсынылған құжаттарды тiркеген күн;
уақытша сақтауға орналастырылған тауарларды алушыға немесе өзге де тұлғаға кеден органының рұқсатынсыз оларды уақытша сақтау қоймасына орналастырғанға не оларды өзге тұлға уақытша сақтау қоймасы болып табылмайтын орында уақытша сақтауға қабылдағанға дейiн берген жағдайда - мұндай беру күнi, ал егер бұл күн анықталмаса, кеден органы тауарларды уақытша сақтауға орналастыру үшiн ұсынылған құжаттарды тiркеген күн;
2) тауарларды уақытша сақтау қоймасы болып табылмайтын орында уақытша сақтауды жүзеге асыратын тұлғада:
авария немесе еңсерiлмейтiн күш әсерi салдарынан не тасымалдаудың (тасымалдың) және сақтаудың қалыпты жағдайлары кезiндегi табиғи кему нәтижесiнде жойылуды (бiржола жоғалуды) қоспағанда, уақытша сақтауға орналастырылған тауарлар оларды уақытша сақтау қоймасы болып табылмайтын орынға орналастырғанға дейiн жоғалған жағдайда - мұндай жоғалту күнi, ал егер бұл күн анықталмаса, кеден органы тауарларды уақытша сақтауға орналастыру үшiн ұсынылған құжаттарды тiркеген күн;
уақытша сақтауға орналастырылған тауарларды алушыға немесе өзге де тұлғаға кеден органының рұқсатынсыз оларды уақытша сақтау қоймасы болып табылмайтын орынға орналастырғанға дейiн берген жағдайда - мұндай беру күнi, ал егер бұл күн анықталмаса, кеден органы тауарларды уақытша сақтауға орналастыру үшiн ұсынылған құжаттарды тiркеген күн;
3) уақытша сақтау қоймасының иесiнде не тауарларды уақытша сақтау қоймасы болып табылмайтын орында уақытша сақтауды жүзеге асыратын тұлғада:
авария немесе еңсерiлмейтiн күш әсерi салдарынан не тасымалдаудың (тасымалдың) және сақтаудың қалыпты жағдайлары кезiндегi табиғи кему нәтижесiнде жойылуды (бiржола жоғалуды) қоспағанда, уақытша сақтау қоймасында не уақытша сақтау қоймасы болып табылмайтын орында сақталатын тауарлар жоғалған жағдайда - мұндай жоғалту күнi, ал егер бұл күн анықталмаса, тауарларды уақытша сақтау қоймасында не уақытша сақтау қоймасы болып табылмайтын орынға орналастырған күн;
уақытша сақтау қоймасында не уақытша сақтау қоймасы болып табылмайтын орында сақталатын тауарларды алушыға немесе өзге де тұлғаға кеден органының рұқсатынсыз берген жағдайда - мұндай беру күнi, ал егер бұл күн анықталмаса, тауарларды уақытша сақтау қоймасына не уақытша сақтау қоймасы болып табылмайтын орынға орналастырған күн;
тауарларды алушының қоймасында сақтаудағы тауарларды уақытша сақтау мақсатынан өзге түрде пайдаланған жағдайда - мұндай пайдалану күнi, ал егер бұл күн анықталмаса, кеден органы тауарларды уақытша сақтауға орналастыру үшiн ұсынылған құжаттарды тiркеген күн кедендiк әкелу баждарын, салықтарды төлеу мерзiмi болып саналады.
4. Кедендiк әкелу баждары, салықтар, осы баптың 3-тармағында белгiленген жағдайларда, тауарларды iшкi тұтыну үшiн кедендiк шығару рәсiмiмен орналастыру кезiнде тарифтiк преференциялар және кедендiк баждар, салықтар төлеу жөнiндегi жеңiлдiктер ескерiлместен, төленуге тиiстi болған кедендiк баждардың, салықтардың ставкаларын, кедендiк құнды, олардың табиғи мәндегi физикалық сипаттамасын (мөлшерiн, массасын, көлемiн немесе өзге де сипаттамасын) және Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес белгiленген және тиiсiнше осы баптың 3-тармағында көзделген кедендiк әкелу баждарын, салықтарды төлеу мерзiмдерi күнi қолданыста болған валютаның нарықтық бағамын басшылыққа ала отырып есептелген сомаларына сәйкес келетiн мөлшерде төленуге жатады.
5-бөлiм. ТАУАРЛАРДЫ КЕДЕНДIК РӘСIММЕН ОРНАЛАСТЫРУҒА
БАЙЛАНЫСТЫ КЕДЕНДIК ОПЕРАЦИЯЛАР
31-тарау. ТАУАРЛАРДЫ КЕДЕНДIК РӘСIММЕН ОРНАЛАСТЫРУҒА
БАЙЛАНЫСТЫ КЕДЕНДIК ОПЕРАЦИЯЛАР ТУРАЛЫ
ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
271-бап. Тауарларды кедендiк рәсiммен орналастыруға
байланысты кедендiк операцияларды жасаудың және
тауарларды кедендiк тазартудың тәртiбi
1. Тауарларды кедендiк рәсiммен орналастыруға байланысты кедендiк операциялар және тауарларды кедендiк тазарту кеден одағының кеден заңнамасында және Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында айқындалған тәртiппен және жағдайларда жасалады.
Кеден одағының және Қазақстан Республикасының кеден заңнамасымен белгiленген тауарларды iшкi тұтынуға енгiзу үшiн, олардың экспорты үшiн немесе тауарларға өзге кедендiк рәсiмдердi қолдану үшiн қажеттi кедендiк операцияларды жасау кедендiк тазарту деп түсiнiледi.
Кеден органдары лауазымды адамдарының тауарларды кедендiк тазартуды жасау тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайды.
2. Тауарларды кедендiк рәсiммен орналастыруға байланысты кедендiк операцияларды жасау тәртiбi және технологиясы кеден одағының кедендiк шекарасы арқылы өткiзiлетiн тауарлардың түрлерiне, мұндай өткiзу үшiн пайдаланылатын көлiктiң түрiне (автомобиль, әуе, темiржол, теңiз, өзен және басқалары), тауарларды өткiзетiн тұлғалардың санаттарына қарай белгiленедi.
3. Тауарларды кедендiк рәсiммен орналастыруға байланысты кедендiк операцияларды кеден органдары атынан жүргiзген кезде өзiнiң лауазымдық (функционалдық) мiндеттерiне сәйкес мұндай кедендiк операцияларды жасауға уәкiлеттi кедендiк органдардың лауазымды адамдары жасайды.
4. Тауарларды кедендiк рәсiммен орналастыруға байланысты кедендiк операцияларды жүргiзген кезде кеден органдары қоятын талаптар негiзделген болуға және кеден одағы кеден заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету үшiн қажеттi талаптармен шектелуге тиiс.
5. Тауарларды кедендiк рәсiммен орналастыруға байланысты кедендiк операциялар тауарлардың шығарылған, жөнелтушi және тағайындалған елiне қарамастан бiрдей қолданылады.
272-бап. Тауарларды кедендiк рәсiммен орналастыру
1. Тауарларды кедендiк рәсiммен орналастыру кеден органына кедендiк декларацияны және (немесе) осы Кодексте көзделген жағдайларда тауарларды кедендiк рәсiммен орналастыру үшiн қажеттi құжаттарды берген кезден басталады.
2. Ветеринариялық, фитосанитариялық және басқа да мемлекеттiк бақылау түрлерiне жатқызылатын тауарлар тиiстi бақылау жүзеге асырылғаннан кейiн ғана кедендiк рәсiммен орналастырылуы мүмкiн.
3. Тауарларды кедендiк рәсiммен орналастыру тауарларды мәлiмделген кедендiк рәсiмге сәйкес шығарумен аяқталады.
273-бап. Тауарларды кедендiк рәсiммен орналастыруға
байланысты кедендiк операцияларды жасау
орны мен уақыты
1. Тауарларды кедендiк рәсiммен орналастыруға байланысты кедендiк операциялар кеден органдарының тұрған жерiнде және олардың жұмыс уақытында жасалады.
2. Декларанттың не кеден өкiлiнiң дәлелдi сұрау салуы бойынша тауарларды кедендiк рәсiммен орналастыруға байланысты жекелеген кедендiк операциялар кеден органдарының тұрған жерiнен тыс және жұмыс уақытынан тыс жасалуы мүмкiн.
274-бап. Тауарларды кедендiк рәсiммен орналастыру үшiн
қажеттi құжаттар мен мәлiметтер
1. Тауарларды кедендiк рәсiммен орналастыру кезiнде осы Кодексте айқындалған тұлғалар кеден органдарына тауарларды шығару үшiн қажеттi құжаттар мен мәлiметтердi табыс етуге мiндеттi.
Тауарларды кедендiк рәсiммен орналастыруға байланысты кедендiк операцияларды жасау кезiнде кеден органдары кеден одағының кеден заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету үшiн қажеттi және табыс етiлуi кеден одағының кеден заңнамасында көзделген құжаттар мен мәлiметтердi ғана табыс етудi талап етуге құқылы.
2. Тауарларды шығару үшiн қажеттi құжаттар мен мәлiметтердiң тiзбесi және оларды ұсыну мерзiмi осы Кодекспен белгiленедi.
3. Кеден органының тауарлардың шығарылуы туралы шешiм қабылдауына әсер ететiн, құжаттарда бар деректердi өзгертпейтiн жаңылыс жазудың, техникалық немесе грамматикалық қателердiң болуынан кеден органдары құжаттарды қабылдаудан бас тартуға құқығы жоқ.
4. Тауарларды шығару үшiн қажеттi құжаттар осы Кодекске сәйкес электронды құжаттар нысанында ұсынылуы мүмкiн.
5. Кеден құжаттарының нысандары Кеден одағы комиссиясының шешiмiмен айқындалады.
Кеден құжаттары, егер осы Кодексте өзгеше белгiленбесе, қазақ және орыс тiлдерiнде толтырылады.
6. Кеден одағына мүше мемлекеттердiң халықаралық шарттарына және кеден одағына мүше мемлекеттердiң шет мемлекеттермен халықаралық шарттарына сәйкес, тауарларды шығаруды оңайлату мен жеделдету мақсатында кедендiк мақсаттар үшiн пайдаланылатын басқа мемлекеттердiң кеден құжаттары қолданылуы мүмкiн.
275-бап. Тауарларды кедендiк рәсiммен орналастыруға
байланысты кедендiк операцияларды жасау кезiнде
мүдделi тұлғалардың және олардың
өкiлдерiнiң қатысуы
1. Мүдделi тұлғалар немесе олардың өкiлдерi тауарларды кедендiк рәсiммен орналастыруға байланысты кедендiк операцияларды жасау кезiнде қатысуға құқылы.
2. Кеден органының талабы бойынша мүдделi тұлғалар немесе олардың өкiлдерi тауарларды кедендiк рәсiммен орналастыруға байланысты кедендiк операцияларды жасау кезiнде кеден органдарына оларды жасауға жәрдем көрсету үшiн қатысуға мiндеттi.
276-бап. Тауарлардың жекелеген санаттарын кедендiк
рәсiммен орналастырудың бiрiншi кезектегi
тәртiбi
Дүлей зiлзалалар, табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар салдарын жою үшiн қажеттi тауарлар, бейбiтшiлiктi сақтау не оқу-жаттығу өткiзу бойынша акцияларды орындау үшiн қажеттi әскери мақсаттағы өнiм, сондай-ақ тез бұзылуға ұшырайтын тауарлар, тiрi жануарлар, радиоактивтi материалдар, жарылғыш заттар, халықаралық почта жөнелтiмдерi, экспресс-жүктер, гуманитарлық және техникалық көмек, бұқаралық ақпарат құралдарына арналған хабарлар мен материалдар, халықаралық тасымалдаудың көлiк құралдарын жөндеу үшiн қажеттi қосалқы бөлшектер, қозғалтқыштар, шығыс материалдары, жабдықтар мен құралдар және осындай басқа да тауарлар кедендiк рәсiмге бiрiншi кезекте орналастырылады.
32-тарау. ТАУАРЛАРДЫ КЕДЕНДIК ДЕКЛАРАЦИЯЛАУ
277-бап. Тауарларды кедендiк декларациялау туралы
жалпы ережелер
1. Тауарлар кедендiк рәсiммен орналастырған кезде не осы Кодекске сәйкес белгiленген өзге де жағдайларда кедендiк декларациялауға жатады.
2. Тауарларды кедендiк декларациялауды декларант не декларанттың атынан және оның тапсырмасы бойынша әрекет ететiн кеден өкiлi жүргiзедi.
3. Кедендiк декларациялау жазбаша және (немесе) кедендiк декларация пайдаланыла отырып, электронды нысандарда жүргiзiледi.
278-бап. Кедендiк декларация
1. Тауарларды кедендiк декларациялаған кезде мәлiмделген кедендiк рәсiмдерге және тауарларды өткiзетiн тұлғаларға қарай кедендiк декларацияның мына түрлерi қолданылады:
1) тауарларға арналған декларация;
2) транзиттiк декларация;
3) жолаушыларға арналған кедендiк декларация;
4) көлiк құралына арналған декларация.
Кедендiк декларацияны толтыру нысандары мен тәртiбi Кеден одағы комиссиясының шешiмiмен айқындалады.
2. Кедендiк декларацияда көрсетiлуге жататын мәлiметтер тiзбесi кедендiк төлемдер мен салықтарды есептеу мен алу, кедендiк статистиканы қалыптастыру және кеден одағының кеден заңнамасын және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасын қолдану үшiн қажеттi мәлiметтермен ғана шектеледi.
3. Тауарларға арналған кедендiк декларацияда және транзиттiк декларацияда көрсетiлуге жататын мәлiметтер кедендiк рәсiмдерге, тауарлардың санаттарына, оларды өткiзетiн тұлғаларға, көлiк түрiне қарай Кеден одағы комиссиясының шешiмiмен не, егер бұл Кеден одағы комиссиясының шешiмiнде көзделсе, Қазақстан Республикасының заңнамасымен қысқартылуы мүмкiн.
Жолаушыларға арналған кедендiк декларацияда және көлiк құралына арналған декларацияда көрсетiлуге тиiс мәлiметтер Кеден одағы комиссиясының шешiмiмен белгiленедi.
4. Кедендiк декларация ретiнде көлiк (тасымалдау), коммерциялық және (немесе) тауарларды кедендiк рәсiмге сәйкес шығару үшiн қажеттi мәлiметтер бар өзге де құжаттар осы Кодексте немесе Кеден одағы комиссиясының шешiмiнде айқындалатын жағдайларда және тәртiппен пайдаланылуы мүмкiн.
5. Кедендiк декларация осы Кодекске сәйкес электронды құжат түрiнде ұсынылуы мүмкiн.
Кедендiк декларацияны электронды құжат түрiнде ұсыну және қолдану тәртiбi Кеден одағы комиссиясының шешiмiмен айқындалады.
6. Кеден одағы комиссиясының шешiмiнде көзделген жағдайларда, егер Кеден одағының кеден кодексiнде, Кеден одағы комиссиясының шешiмiнде не Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгiленбесе, кедендiк декларацияны жазбаша нысанда беру кеден органына табыс етiлген электронды көшiрмесiмен бiрге жүруi тиiс.
Кедендiк декларацияның электронды көшiрмесiнiң құрылымы және форматы, сондай-ақ оны табыс ету және пайдалану тәртiбi Кеден одағы комиссиясының шешiмiмен айқындалады.
279-бап. Тауарларға арналған декларация
1. Кедендiк транзит кедендiк рәсiмiн қоспағанда, кедендiк рәсiмдерге орналастыру кезiнде кеден органына тауарларға арналған декларация табыс етiледi.
2. Тауарларға арналған декларацияда, оның iшiнде кодталған түрде мына негiзгi мәлiметтер көрсетiледi:
1) мәлiмделетiн кедендiк рәсiм;
2) декларант, кеден өкiлi, тауарды жөнелтушi және алушы туралы мәлiметтер;
3) тауарларды халықаралық тасымалдау үшiн пайдаланылатын көлiк құралдары және (немесе) оларды кеден одағының кедендiк аумағы арқылы кедендiк бақылаумен тасымалдау туралы мәлiметтер;
4) халықаралық тасымалдау көлiк құралдары және (немесе) олармен тауарлар кеден одағының кедендiк аумағы арқылы кедендiк бақылаумен тасымалданған (тасымалданатын) көлiк құралдары туралы мәлiметтер;
5) тауарлар туралы мәлiметтер:
атауы;
сипаты;
Сыртқы экономикалық қызметтiң тауар номенклатурасы бойынша тауарлардың сыныптау коды;
шығарылған елiнiң атауы;
жөнелткен (жеткiзу межеленген) елдiң атауы;
орамдардың сипаты (саны, түрi, таңбалануы және реттiк нөмiрлерi);
килограм (брутто салмағы және нетто салмағы) және басқа да өлшем бiрлiктерiндегi мөлшерi;
кедендiк құн;
статистикалық құн;
6) кедендiк төлемдер мен салықтарды есептеу туралы мәлiметтер:
кедендiк төлемдер мен салықтардың ставкалары;
кедендiк төлемдер мен салықтарды төлеу бойынша жеңiлдiктердi қолдану;
есептелген кедендiк төлемдер мен салықтардың сомалары;
Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес белгiленетiн және осы Кодекске сәйкес кедендiк төлемдер мен салықтарды есептеу үшiн қолданылатын валюталардың нарықтық бағамы;
7) сыртқы экономикалық мәмiле және оның негiзгi шарттары туралы мәлiметтер;
8) шектеулердi сақтау туралы мәлiметтер;
9) тауарларды өндiрушi туралы мәлiметтер;
10) тауарларды кедендiк рәсiммен орналастыру шарттарын сақтауды растайтын мәлiметтер;
11) осы Кодекстiң 281-бабына сәйкес ұсынылатын құжаттар туралы мәлiметтер;
12) тауарларға арналған декларацияны жасаған тұлға туралы мәлiметтер;
13) тауарларға арналған декларацияны жасау орны және күнi.
280-бап. Транзиттiк декларация
1. Тауарлар кедендiк транзит кедендiк рәсiмiмен орналастырылған кезде тауарларды жөнелткен кеден органына транзиттiк декларация табыс етiледi.
2. Транзиттiк декларация ретiнде көлiк (тасымалдау), коммерциялық және (немесе) өзге де, оның iшiнде Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында айқындалған, осы баптың 3-тармағында көрсетiлген мәлiметтер бар құжаттар табыс етiлуi мүмкiн.
3. Транзиттiк декларацияда:
1) көлiк (тасымалдау) құжаттарына сәйкес тауарларды жөнелтушi, алушы;
2) тауарды жөнелтушi ел, оларды жеткiзу межеленген ел;
3) декларант;
4) тасымалдаушы;
5) тауарлар тасымалданатын халықаралық тасымалдаудың көлiк құралы;
6) коммерциялық құжаттарға, көлiк (тасымалдау) құжаттарына сәйкес тауарлардың атауы, мөлшерi, құны;
7) Тауарларды сипаттаудың және кодтаудың үйлестiрiлген жүйесiне немесе Сыртқы экономикалық қызметтiң тауар номенклатурасына сәйкес тауарлардың алғашқы алты белгiден кем емес деңгейдегi коды;
8) Сыртқы экономикалық қызметтiң тауар номенклатурасының немесе Тауарларды сипаттаудың және кодтаудың үйлестiрiлген жүйесiнiң әрбiр коды бойынша тауарлардың брутто салмағы немесе көлемi, сондай-ақ қосымша өлшем бiрлiктерiндегi мөлшерi (мұндай мәлiметтер болған жағдайда);
9) жүк орындарының саны;
10) көлiк (тасымалдау) құжаттарына сәйкес тауарларды жеткiзу межеленген пункт;
11) егер мұндай өткiзу осы құжаттар болған кезде жол берiлсе, тауарларды кеден одағының кедендiк шекарасы арқылы өткiзуге байланысты шектеулердiң сақталуын растайтын құжаттар;
12) жолда тауарларды жоспарланған қайта тиеу немесе жүк операциялары туралы мәлiметтер болуға тиiс.
Егер осы баптың 2-тармағында көрсетiлген транзиттiк декларация ретiнде қабылданатын құжаттарда осы тармақта көрсетiлген барлық мәлiметтер болмаса, жетiспейтiн мәлiметтер кеден органына табыс етiлетiн, мұндай транзиттiк декларацияға қоса берiлетiн не онымен бiрге жүретiн құжаттарда болуға тиiс.
4. Кеден органы осы баптың 3-тармағында көрсетiлген мәлiметтердi қоспағанда, декларанттан басқа да мәлiметтердi талап етуге құқылы емес.
5. Транзиттiк декларацияны кеден органы тiркейдi, оның iшiнде кеден органдары қолданатын ақпараттық жүйелердi және ақпараттық технологияларды пайдалана отырып тiркейдi.
Транзиттiк декларацияны беру және тiркеу тәртiбi Кеден одағы комиссиясының шешiмiмен айқындалады.
281-бап. Тауарларды кедендiк декларациялау кезiнде
құжаттарды табыс ету
1. Егер осы Кодексте өзгеше белгiленбесе, кедендiк декларацияны беру кеден органына олардың негiзiнде кедендiк декларация толтырылған құжаттардың табыс етiлуiмен бiрге жүруге тиiс.
Мұндай құжаттарға:
1) кедендiк декларацияны беретiн тұлғаның өкiлеттiктерiн растайтын құжаттар;
2) сыртқы экономикалық мәмiленiң жасалғанын растайтын құжаттар не сыртқы экономикалық мәмiле шеңберiнен тыс иемдену, пайдалану және (немесе) билiк ету құқығын растайтын өзге де құжаттар және декларанттың билiгiнде бар өзге де коммерциялық құжаттар;
3) көлiк (тасымалдау) құжаттары жатады.
2. Қажет болған кезде, осы баптың 1-тармағында көрсетiлген құжаттарға мына құжаттар:
1) Қазақстан Республикасының валюта заңнамасында көзделген жағдайда валюталық бақылау саласындағы талаптардың сақталуын растайтын құжат;
2) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында, Кеден одағы комиссиясының шешiмдерiнде және Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес шығарылған Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiнде көзделген жағдайларда тыйым салулар мен шектеулердiң, сондай-ақ арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемдiк шараларды қолдануға байланысты шектеулердiң сақталуын растайтын құжаттар;
3) осы Кодекстiң 138-бабына сәйкес кедендiк төлемдер мен салықтардың төленгенiн растайтын құжаттар;
4) егер тауарлар мұндай қамтамасыз етудi ұсыну шартымен шығарылған жағдайда, кедендiк баждар, салықтар төлеудiң қамтамасыз етiлгенiн растайтын құжаттар;
5) осы Кодексте, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де жағдайларда, кедендiк рәсiмдерге сәйкес кедендiк төлемдер мен салықтарды төлеуден толық немесе iшiнара босатуды растайтын құжаттар табыс етiледi.
3. Электронды құжаттардың тiзбесiн және оларды табыс ету тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайды.
4. Егер кедендiк декларация толтыру үшiн негiзге алынған жекелеген құжаттар кедендiк декларацияны беру кезiнде табыс етiле алмайтын болса, декларанттың дәлелдi өтiнiшi бойынша кеден органы мұндай құжаттарды тауарлар шығарылғанға дейiн табыс етуге рұқсат етедi.
Егер жекелеген құжаттар декларанттың дәлелдi өтiнiшi бойынша көрсетiлген мерзiмдерде табыс етiле алмайтын болған жағдайда, егер құжат тауарларды шығару туралы шешiм қабылдау үшiн мiндеттi болып табылмаса, кеден органдары кейiн құжаттарды алу үшiн қажеттi мерзiмдерде, бiрақ оларды кедендiк декаларация тiркелгеннен кейiн күнтiзбелiк отыз күннен кешiктiрмей бере отырып, олардың көшiрмелерiн беруге рұқсат етедi. Декларант құжаттарды белгiленген мерзiмдерде табыс етпегенi не құжаттардың бұрын берiлген көшiрмелерiнде мәлiметтердi дұрыс мәлiмдемегенi үшiн жауапты болады.
5. Тауарларды кедендiк декларациялау кезiнде құжаттардың түпнұсқалары не олардың көшiрмелерi табыс етiледi. Кеден органы табыс етiлген құжаттар көшiрмелерiнiң олардың түпнұсқаларына сәйкестiгiн тексеруге құқылы.
Егер тауарларды кедендiк декларациялау кезiнде кеден органына кедендiк декларациялау кезiнде пайдаланылатын құжаттар бұрын табыс етiлсе, мұндай құжаттардың көшiрмелерiн табыс ету не кеден органына мұндай құжаттарды табыс ету туралы мәлiметтердi көрсету жеткiлiктi.
6. Тауарларды кедендiк декларациялау кезiнде құжаттар осы Кодекске сәйкес электронды құжаттар түрiнде табыс етiлуi мүмкiн.
Электронды құжаттарды табыс ету және пайдалану тәртiбi кеден одағының кеден заңнамасында айқындалады.
7. Егер кеден органына мұндай құжаттар бұрын табыс етiлсе не олар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кейiн табыс етiлуi мүмкiн болса, кедендiк декларацияны электронды нысанда беру кеден органына олардың негiзiнде кедендiк декларация толтырылған құжаттардың, оның iшiнде осы Кодекстiң 344, 357, 369, 398, 403 және 413-баптарында белгiленген құжаттардың табыс етiлуiмен iлесе жүрмеуi мүмкiн.
8. Кеден органдары кедендiк декларациялау кезiнде кеден одағына мүше мемлекеттердiң мемлекеттiк тiлдерiнде және шет тiлдерде жасалған құжаттар мен мәлiметтердi қабылдауы және пайдалануы мүмкiн. Кеден органы құжаттарда бар мәлiметтердiң қазақ немесе орыс тiлiндегi аудармасын талап етуге құқылы.
9. Декларанттың немесе кеден өкiлiнiң электронды (автоматтандырылған) түрдегi есебiн алу мақсатында кеден органына мына құжаттар:
1) заңды тұлғалар үшiн:
заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктiң немесе оның құрылымдық бөлiмшесi үшiн есептiк тiркеу туралы куәлiктiң нотариат куәландырған көшiрмесi;
банктен заңды тұлғаның банк шотын ашқаны туралы анықтама;
сәйкестендiру нөмiрi;
2) жеке тұлғалар үшiн:
жеке басын куәландыратын куәлiгi;
банктен банк шотын ашқаны туралы анықтама (ол болған жағдайда);
сәйкестендiру нөмiрi табыс етiледi.
282-бап. Кедендiк рәсiмдердiң шарттарына сәйкес
кедендiк декларациялау кезiнде табыс етiлетiн
қосымша құжаттар
Тауарларды мәлiмделген кедендiк рәсiмдердiң шарттарына сәйкес кедендiк декларациялау кезiнде осы Кодекстiң 281-бабында көрсетiлген құжаттарға қосымша:
1) кедендiк аумақта қайта өңдеудiң кедендiк рәсiмi кезiнде – осы Кодекстiң 344-бабының 1-тармағына сәйкес тауарларды кедендiк аумақта қайта өңдеудiң шарттары туралы құжат;
2) кедендiк аумақтан тыс қайта өңдеу кедендiк рәсiмi кезiнде – қайта өңдеу мақсаты жөндеу болып табылатын жағдайларды қоспағанда, тауарларды кедендiк аумақтан тыс қайта өңдеудiң шарттары туралы құжат;
3) iшкi тұтыну үшiн қайта өңдеудiң кедендiк рәсiмi кезiнде – тауарларды iшкi тұтыну үшiн қайта өңдеудiң шарттары туралы құжат;
4) керi импорттың кедендiк рәсiмi кезiнде – тауарларды әкету кезiнде қабылданған кедендiк декларация және тауарларды әкету кезiнде оларды кедендiк шекара арқылы өткiзген күндi растайтын құжаттар;
5) iшкi тұтыну үшiн бұрын кедендiк шығару рәсiмiмен орналастырылған тауарларға қатысты керi экспорттың кедендiк рәсiмi кезiнде – мыналар:
тауарларды кеден одағының кедендiк аумағына әкелу жағдайы (сыртқы экономикалық мәмiленi жасағанын растайтын құжаттарды негiзге ала отырып);
сыртқы экономикалық мәмiленiң шарттарын орындамау;
осы тауарларды iшкi тұтыну үшiн шығару кедендiк рәсiмiмен орналастыру;
осы тауарларды iшкi тұтыну үшiн шығару кедендiк рәсiмiмен орналастырылғаннан кейiн пайдалану туралы мәлiметтер бар құжаттар;
6) жою кедендiк рәсiмi кезiнде – қоршаған ортаны қорғау саласындағы органның тауарларды жою мүмкiндiгi туралы қорытындысы;
7) еркiн кедендiк аймақ және еркiн қойма кедендiк рәсiмдерi кезiнде – кеден одағына мүше мемлекеттердiң халықаралық шарттарына сәйкес құжаттар табыс етiледi.
283-бап. Кедендiк декларацияны беру мерзiмдерi
1. Кеден одағының кедендiк аумағына әкелiнген тауарларға арналған кедендiк декларация, егер осы Кодексте өзгеше белгiленбесе, тауарларды уақытша сақтау мерзiмi аяқталғанға дейiн берiледi.
2. Кеден одағының кедендiк аумағынан әкетiлетiн тауарларға кедендiк декларация, егер осы Кодексте өзгеше белгiленбесе, олар кеден одағының кедендiк аумағынан кеткенге дейiн берiледi.
3. Қылмыс немесе әкiмшiлiк құқық бұзушылық қаруы, құралы немесе мәнi болып табылған тауарларға, қайтару туралы шешiм қабылданған және осы Кодекске сәйкес кедендiк декларациялауға жататын тауарларға қатысты кедендiк декларация:
1) қылмыстық (әкiмшiлiк) жауапкершiлiктен босату туралы сот шешiмi;
2) әкiмшiлiк жауапкершiлiктен босату туралы кеден органының (лауазымды адамның) шешiмi;
3) соттың немесе кеден органының (лауазымды адамның) қылмыстық (әкiмшiлiк) iс бойынша iс жүргiзудi тоқтату туралы шешiмi;
4) соттың немесе кеден органының (лауазымды адамның) әкiмшiлiк немесе қылмыстық жауапкершiлiкке тарту туралы шешiмi заңды күшiне енген күннен бастап күнтiзбелiк отыз күн iшiнде берiледi.
4. Осы баптың 3-тармағында көрсетiлген тауарларға қатысты кедендiк декларация белгiленген мерзiмде берiлмеген тауарларды кеден органдары осы Кодекстiң 26-тарауына сәйкес ұстайды.
284-бап. Декларант
Мыналар:
1) кеден одағына мүше мемлекеттiң:
сыртқы экономикалық мәмiле жасасқан тұлғасы не оның атынан (тапсырмасы бойынша) осы мәмiле жасалған;
сыртқы экономикалық мәмiле болмаған кезде тауарларды иемдену, пайдалану және (немесе) оларға билiк ету құқығы бар тұлғасы;
2) шетелдiк тұлғалар:
жеке пайдалануға арналған тауарларды алып өтетiн жеке тұлға;
осы Кодекстiң 52-тарауына сәйкес кедендiк жеңiлдiктердi пайдаланатын тұлға;
кеден одағына мүше мемлекеттiң аумағында белгiленген тәртiппен құрылған өкiлдiгi бар ұйым, – уақытша әкелу, керi экспорт кедендiк рәсiмдерiн, сондай-ақ осы өкiлдiктердiң жеке мұқтаждары үшiн әкелiнетiн тауарларға ғана қатысты iшкi тұтыну үшiн кедендiк шығару рәсiмiн мәлiмдеген кезде;
кеден одағына мүше мемлекеттiң тұлғасы мәмiле тараптарының бiрi болып әрекет ететiн, мәмiле шеңберiнен тыс тауарларға билiк ету құқығы бар тұлға;
3) кедендiк транзит кедендiк рәсiмiн мәлiмдеу үшiн – осы баптың 1) және 2) тармақшаларында көрсетiлген тұлғалар, сондай-ақ:
тасымалдаушы, оның iшiнде кедендiк тасымалдаушы;
экспедитор, егер ол кеден одағына мүше мемлекеттiң тұлғасы болып табылса, декларант бола алады.
285-бап. Декларанттың құқықтары
Тауарларды кедендiк декларациялау және тауарларды кедендiк рәсiмге орналастыру үшiн қажет өзге де кедендiк операцияларды жасау кезiнде декларант:
1) кедендiк бақылаудағы тауарларды қарауға, өлшеуге және жүк операцияларын орындауға;
2) кедендiк бақылаудағы тауарлардың сынамалары мен үлгiлерiн осы Кодекстiң 247-бабында көзделген шарттар сақталған кезде кеден органының рұқсатымен алуға;
3) кеден органдарының лауазымды адамдары тауарларды кедендiк қарау мен кедендiк тексерiп қарау кезiнде және тауарлардың сынамалары мен үлгiлерiн алған кезде қатысуға;
4) өздерi декларациялайтын тауарлардың кеден органдарында бар сынамалары мен үлгiлерiн зерттеу нәтижелерiмен танысуға;
5) осы Кодекске сәйкес құжаттар мен мәлiметтердi электронды құжаттар түрiнде ұсынуға;
6) кеден органдарының шешiмдерiне, кеден органдарының немесе олардың лауазымды адамдарының әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағымдануға;
7) өзi декларациялайтын тауарлар туралы мәлiметтердi нақтылау үшiн сарапшыларды тартуға;
8) осы Кодексте көзделген өзге де құқықтарды пайдалануға құқылы.
286-бап. Декларанттың мiндеттерi
Тауарларды кедендiк декларациялау және тауарды кедендiк рәсiммен орналастыру үшiн қажет өзге де кедендiк операцияларды жасау кезiнде декларант:
1) тауарларды кедендiк декларациялауды жүргiзуге;
2) егер кеден одағының кеден заңнамасында өзгеше белгiленбесе, кедендiк декларация толтыру үшiн негiзге алынған құжаттарды кеден органына табыс етуге;
3) декларацияланатын тауарларды осы Кодексте белгiленген жағдайларда не кеден органының талабы бойынша көрсетуге;
4) осы Кодекске сәйкес кедендiк төлемдер мен салықтарды төлеуге және (немесе) олардың төленуiн қамтамасыз етуге;
5) тиiстi кеден рәсiмiнде тауарларды пайдаланудың талаптары мен шарттарын сақтауға;
6) осы Кодексте көзделген өзге де талаптарды орындауға мiндеттi.
287-бап. Декларанттың жауапкершiлiгi
Декларант осы Кодекстiң 286-бабында көзделген мiндеттердi орындамағаны немесе тиiсiнше орындамағаны үшiн, кедендiк декларацияда көрсетiлген, оның iшiнде кеден органы тәуекелдердi басқару жүйесiн пайдалана отырып тауарлар шығару туралы шешiм қабылдаған кезде дұрыс емес мәлiметтердi мәлiмдегенi үшiн Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
288-бап. Кедендiк декларацияны беру және тiркеу
1. Кедендiк декларацияны декларант немесе кеден өкiлi Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес кедендiк декларацияны тiркеуге құқылы кеден органына бередi.
2. Кеден органы кедендiк декларацияның, оның электрондық көшiрмесiнiң және қажеттi құжаттардың берiлген күнi мен уақытын, оның iшiнде ақпараттық технологияларды қолдана отырып, белгiлеп қояды.
3. Кеден органы кедендiк декларацияны Кеден одағы комиссиясының шешiмiнде айқындалатын тәртiппен кедендiк декларация берiлген кезден бастап екi сағаттан аспайтын мерзiмде тiркейдi немесе тiркеуден бас тартады.
4. Кеден органы кедендiк декларацияны тiркеуден, егер:
1) кедендiк декларация кедендiк декларацияны тiркеуге құқылы емес кеден органына берiлсе;
2) кедендiк декларацияны уәкiлеттi емес тұлға берсе;
3) кедендiк декларацияда осы Кодекстiң 278 – 280-баптарында көзделген қажеттi мәлiметтер көрсетiлмесе;
4) кедендiк декларацияға қол қойылмаса не тиiстi түрде куәландырылмаса немесе белгiленген нысан бойынша жасалмаса;
5) декларацияланатын тауарларға қатысты осы Кодекске сәйкес кедендiк декларация берiлгенге дейiн немесе берiлуiмен бiр мезгiлде жасалуға тиiс әрекеттер жасалмаса, бас тартады.
5. Кедендiк декларацияны тiркеуден бас тартуды кеден органының лауазымды адамы жазбаша нысанда бас тарту себебiн көрсете отырып ресiмдейдi.
Кедендiк декларацияны тiркеуден бас тартылған жағдайда кедендiк декларация және табыс етiлген құжаттар декларантқа не кеден өкiлiне қайтарылады.
6. Егер кедендiк декларацияны кеден органы тiркемесе, ондай декларация кедендiк мақсаттар үшiн берiлмеген болып саналады.
7. Кедендiк декларация тiркелген кезден бастап заңдық маңызы бар фактiлер туралы куәландыратын құжатқа айналады.
8. Осы баптың 2 және 3-тармақтарының ережелерi кедендiк транзит кедендiк рәсiмiмен орналастырылатын тауарларды кедендiк декларациялау кезiнде қолданылмайды.
289-бап. Кедендiк декларацияда мәлiмделген мәлiметтердi
өзгерту және толықтыру
1. Кедендiк декларацияда мәлiмделген мәлiметтер кеден органының рұқсатымен декларанттың дәлелдi жазбаша өтiнiшi бойынша тауарлар шығарылғанға дейiн бiр мезгiлде мына шарттар сақталған кезде:
егер енгiзiлген өзгерiстер мен толықтырулар тауарларды шығару туралы шешiм қабылдауға ықпал етпесе және тауарлардың кедендiк құнын түзету және тыйым салулар мен шектеулердi сақтау жағдайларын қоспағанда, кедендiк төлемдер мен салықтар сомаларының мөлшерiн анықтауға әсер ететiн мәлiметтердi өзгерту қажеттiгiне әкеп соқтырмаса;
декларанттың өтiнiшiн алған кезде кеден органы оны кедендiк тексерiп қарауды өткiзу орны мен уақыты туралы хабардар етпесе және (немесе) тауарларға қатысты кедендiк бақылаудың өзге нысандарын жүргiзу туралы шешiм қабылдамаса, өзгертiлуi немесе толықтырылуы мүмкiн.
Тiркелген кедендiк декларацияда мәлiмделген мәлiметтердi өзгерту және толықтыру тiркелген кедендiк декларацияда көрсетiлгеннен өзге тауарлар туралы мәлiметтердi мәлiмдеуге әкеп соқпайды.
2. Кедендiк декларацияға тауарларды шығарғаннан кейiн өзгерiстер мен толықтырулар енгiзуге Кеден одағы комиссиясының шешiмiмен айқындалатын жағдайларда және тәртiппен жол берiледi.
3. Кеден органдарының өз бастамасы, тұлғаның тапсырмасы немесе өтiнiшi бойынша кеден декларациясын толтыруға, енгiзiлуi кеден органдарының құзыретiне жататын мәлiметтердi, тауарлардың кедендiк құнын түзетудi және (немесе) тауарларды шығарғаннан кейiн кедендiк төлемдер сомасының мөлшерiн анықтауға ықпал ететiн өзге де мәлiметтердi өзгертудi және кеден одағы кеден заңнамасының ережелерiне сәйкес жүргiзiлетiн тыйым салулар мен шектеулердi сақтауды қоспағанда, кеден декларациясында көрсетiлген мәлiметтердi өзгертуге немесе толықтыруға құқылы емес.
290-бап. Кедендiк декларацияны керi қайтарып алу
1. Декларант жазбаша өтiнiшi бойынша шетел тауарларына тiркелген кедендiк декларацияны кеден органы тауарларды шығару туралы шешiм қабылдағанға дейiн оларды керi қайтарып алуы мүмкiн.
Кедендiк декларацияны керi қайтарып алу кезiнде жаңа кедендiк декларация тауарларды уақытша сақтау мерзiмi шегiнде берiлуi тиiс.
Кедендiк декларация осы тармақтың екiншi бөлiгiнде көрсетiлген мерзiмде берiлмеген кезде тауарларды кеден органдары осы Кодекстiң 26-тарауына сәйкес ұстайды.
2. Декларанттың жазбаша өтiнiш бойынша кеден одағының тауарларына кедендiк декларация тауарлар кеден одағының кедендiк аумағынан нақты шыққанға дейiн, оның iшiнде тауарларды шығару туралы шешiм қабылданғаннан кейiн керi қайтарып алынуы мүмкiн.
Кеден одағының тауарларына кедендiк декларацияны керi қайтарып алу үшiн керi қайтарып алу туралы өтiнiште тауардың тұрған жерi көрсетiлуi тиiс.
3. Егер декларанттың өтiнiшiн алғанға дейiн кеден органы декларантты кедендiк декларацияда мәлiмделген тауарларды кедендiк тексерiп қарауды жүргiзу орны мен уақыты туралы хабардар етпесе және (немесе) кеден одағының кеден заңнамасын әкiмшiлiк немесе қылмыстық жауапкершiлiкке әкеп соғатын бұзуды анықтамаса, кедендiк декларацияны керi қайтарып алуға кеден органының жазбаша рұқсатымен жол берiледi.
Кедендiк декларация тауарды кедендiк тексерiп қараудан кейiн, егер мұндай тексерiп қарау барысында әкiмшiлiк немесе қылмыстық жауапкершiлiкке әкеп соғатын кеден одағының кеден заңнамасын бұзушылықтар анықталмаған болса, керi қайтарып алынуы мүмкiн.
291-бап. Тауарларды алдын ала кедендiк декларациялау
1. Кедендiк декларация шетелдiк тауарларға қатысты олар кеден одағының кедендiк аумағына әкелiнгенге дейiн берiлуi мүмкiн.
2. Егер кедендiк мақсаттар үшiн тауарларға iлеспе көлiк (тасымалдаушы) немесе коммерциялық құжаттардың пайдаланылуы тиiс болса, тауарларды алдын ала кедендiк декларациялау кезiнде кеден органы бұл құжаттардың декларант растаған көшiрмелерiн немесе бұл құжаттардағы мәлiметтердi электрондық түрде қабылдайды және тауарларды кеден органына көрсеткеннен кейiн көрсетiлген құжаттардың көшiрмелерiндегi мәлiметтердi құжаттардың түпнұсқаларындағы, соның iшiнде электрондық құжаттардағы мәлiметтермен салыстырады.
3. Алдын ала кедендiк декларациялау кезiнде кедендiк декларацияда өз сипаты бойынша тауарларды кеден одағының кедендiк аумағына әкелгенге және (немесе) оларды кеден органына көрсеткенге дейiн декларантқа белгiлi бола алмайтын мәлiметтер жоқ болуы мүмкiн.
Мұндай мәлiметтер кедендiк декларацияға Кеден одағы комиссиясының шешiмiнде белгiленген тәртiппен тауарларды шығару туралы шешiм қабылданғанға дейiн енгiзiлуi тиiс.
Кедендiк баждар, салықтар тауарларды шығарғанға дейiн төленедi.
4. Көлiк (тасымалдаушы) немесе коммерциялық құжаттар көшiрмелерiнiң негiзiнде бұрын мәлiмделгеннен ерекше құндық, сандық немесе салмақтық көрсеткiштер өзгерген жағдайда мiндеттi түрде құнның, санның немесе салмақтың өзгергенiн растайтын құжаттар табыс етiледi.
5. Егер тауарларды кеден одағының кедендiк аумағына әкелгеннен кейiн декларант бұрын мәлiмделгеннен өзгеше құндық, сандық немесе салмақтық көрсеткiштердiң сәйкессiздiгiн тапса, декларант осы Кодекстiң 290-бабында көзделген тәртiппен кедендiк декларацияны керi қайтарып алуға құқылы.
6. Тауарларды алдын ала кедендiк декларациялау кезiнде кеден органы кедендiк декларацияны тiркеген күнге қолданыстағы нормативтiк-құқықтық актiлер қолданылады.
7. Егер тауарлар кедендiк декларацияны тiркеген кеден органына не Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес белгiленген өзге кеден органына ол тiркелген күннен кейiнгi күннен бастап күнтiзбелiк отыз күн iшiнде көрсетiлмесе не бұл мерзiм iшiнде тыйым салулар мен шектеулер енгiзiлсе, кеден органы мұндай тауарларды шығарудан бас тартады.
292-бап. Тауарларды толық емес кедендiк декларациялау
1. Егер де декларантта оған байланысы жоқ себептер бойынша кедендiк декларацияны толтыруға қажеттi барлық ақпарат толық болмаған жағдайда, декларанттың толық емес кедендiк декларацияны беруi жолымен тауарларды шығару, кедендiк төлемдер мен салықтарды есептеу және төлеу үшiн қажеттi мәлiметтердi мәлiмдеу шартымен тауарларды толық емес кедендiк декларациялауға жол берiледi.
Көрсетiлген мәлiметтер тыйым салулар мен шектеулердi сақтауды растауға, сондай-ақ кеден органдарына тауарлардың сандық және сапалық сипаттамаларының жиынтығы бойынша оларды сәйкестендiруге мүмкiндiк беруге тиiс.
2. Тауарларды толық емес кедендiк декларациялау, егер әкелiнетiн тауарларды өткiзу:
1) ашық көлiк құралдарында – тауарлардың дәл салмағын кеден органының кедендiк декларацияны тiркеу күнiне мәлiмдеу мүмкiн болмаған;
2) арнайы контейнерлер мен көлiк құралдарында – тауарлармен технологиялық операциялар жүргiзбей тауарлардың дәл санын мәлiмдеу мүмкiн болмаған кезде жүзеге асырылған жағдайда қолданылуы мүмкiн.
3. Декларант толық емес кедендiк декларацияны табыс еткен кезде, егер бастапқыда толық және тиiсiнше толтырылған кедендiк декларация берiлген жағдайда қолданылатын кедендiк баждарды, салықтарды есептеу және төлеу тәртiбiн қоса алғанда, осы Кодексте көзделген шарттар мен талаптар қолданылады.
4. Тауарларды толық емес кедендiк декларациялауды қолдану кезiнде декларант кеден органы толық емес кедендiк декларацияны тiркеген күннен бастап күнтiзбелiк отыз күннен аспайтын мерзiмде олар түзеткен және нақтылаған мәлiметтердi ескере отырып, толық кедендiк декларацияны табыс етуге мiндеттi.
293-бап. Тауарларды мерзiмдiк кедендiк декларациялау
1. Белгiлi бiр тұлға белгiлi бiр тауарды кеден одағының кедендiк шекарасы арқылы тұрақты өткiзген кезде кеден органы күнтiзбелiк отыз күн iшiнде кеден одағының кедендiк шекара арқылы өткiзiлетiн барлық тауарларға кедендiк декларацияны табыс етуге рұқсат беруi мүмкiн.
2. Егер тауарлардың Сыртқы экономикалық қызметтiң тауар номенклатурасы бойынша бiрдей сыныптау коды болса, олар белгiлi бiр тауар ретiнде қарастырылады.
3. Егер белгiлi бiр тұлға белгiлi бiр тауар түрiн күнтiзбелiк отыз күн iшiнде үш және одан да көп рет жеткiзiп берсе, тауарды белгiлi бiр тұлға кеден одағының кедендiк шекарасы арқылы тұрақты өткiзген тауарлар ретiнде қарастырылады.
4. Кедендiк мақсаттар үшiн:
тауарларды кеден одағының кедендiк аумағынан әкеткен кезде – белгiлi бiр өткiзу пунктi арқылы өткiзiлетiн және оларды кедендiк декларациялау жеке жеткiзiлiм санына қарамастан бiр сыртқы сауда шарты (келiсiмшарты) бойынша белгiлi бiр кеден органында күнтiзбелiк отыз күн iшiнде жүргiзiлетiн белгiлi бiр тауарлар;
тауарларды кеден одағының кедендiк аумағына әкелген кезде – кедендiк декларациялау жеке жеткiзiлiм санына қарамастан бiр сыртқы сауда шарты (келiсiмшарты) бойынша белгiлi бiр кеден органында күнтiзбелiк отыз күн iшiнде жүргiзiлетiн белгiлi бiр тауарлар бiрыңғай партия ретiнде қарастырылады.
5. Акцизделетiн тауарларды қоспағанда, кедендiк баждар, салықтар толық кедендiк декларация бойынша тауарларды шығарғанға дейiн төленедi.
6. Акцизделетiн тауарлар бойынша кедендiк баждар мен салықтар мерзiмдiк кедендiк декларация бойынша тауарларды шығарғанға дейiн төленедi.
7. Мерзiмдiк кедендiк декларациялау кезiнде кеден органы мерзiмдiк кедендiк декларацияны тiркеген күнi қолданыстағы Қазақстан Республикасының нормативтiк-құқықтық актiлерi қолданылады.
8. Мерзiмдiк кедендiк декларациялау, кедендiк баждарды, салықтарды төлеудi қамтамасыз еткен жағдайда жеткiзiлiм кезеңi басталғанға дейiн мерзiмдiк кедендiк декларация беру жолымен жүргiзiледi. Кедендiк баждарды, салықтарды төлеудi қамтамасыз ету осы Кодекстiң 6-тарауына сәйкес уәкiлеттi экономикалық операторлардың тiзiлiмiне енгiзiлген сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларға қолданылмайды. Бұл ретте мерзiмдiк кедендiк декларация тауарлардың бiрыңғай партиясына толтырылады.
9. Кеден органы мерзiмдiк кедендiк декларация қолданылуының бүкiл кезеңi iшiнде тауарлар партиясының әрбiр жеткiзiлiмiнiң өткiзiлуiн iс жүзiнде есепке алуды және бақылауды жүзеге асырады.
10. Мерзiмдiк кедендiк декларациялауды пайдалана отырып, тауарларды өткiзу жүргiзiлген жеткiзiлiм кезеңi аяқталғаннан кейiн күнтiзбелiк он күннен кешiктiрмей әкелiнген немесе әкетiлген тауарлардың iс жүзiндегi саны ескерiле отырып толтырылған толық кедендiк декларация табыс етiледi.
Мерзiмдiк кедендiк декларацияда мәлiмделген көлемнен өзгеше көлемде тауарлар әкелiнген (әкетiлген) жағдайда толық кедендiк декларация әкелiнген (әкетiлген) тауарлардың iс жүзiндегi саны ескерiле отырып толтырылады. Бұл ретте мерзiмдiк кедендiк декларация жеткiзiлiп берудiң келесi кезеңiне осындай өзгерiстер ескерiле отырып толтырылады.
11. Кеден органы мерзiмдiк декларациялауды қолданудан:
1) тауарларды болжамды өткiзу мерзiмдiк кедендiк декларациялау рәсiмдерiн пайдалану талаптарына сай келмеген жағдайда;
2) кедендiк төлемдер мен салықтарды төлеу бойынша берешегi бар тұлғаларға;
3) банкроттық туралы iс қозғалған тұлғаларға қатысты бас тартады.
294-бап. Тауарларды уақытша кедендiк декларациялау
1. Тауарлар кеден одағының кедендiк шекарасы арқылы құбыржол көлiгiмен өткiзiлген кезде, сондай-ақ оларға қатысты саны және (немесе) кедендiк құны туралы дәл мәлiмет табыс ету мүмкiн болмаса, тауарларға уақытша кедендiк декларацияны беру жолымен уақытша кедендiк декларациялауға жол берiледi.
2. Қазақстан Республикасының кедендiк аумағынан әкету кезiнде кедендiк операциялар жүргiзiлетiн немесе тауарлар жөнелтiлетiн орыннан, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағына келетiн немесе әкелiнетiн орыннан мәлiмделген кедендiк рәсiмге сәйкес шығарылған тауарлар жеткiзiлiмi жүзеге асырылатын уақыт кезеңi күнтiзбелiк айдан аспауға тиiс. Бұл ретте осы Кодекстiң 449-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағындағы құбыржол көлiгiмен өткiзiлетiн тауарларды есептеу аспаптарын орнату орындары жөнелту немесе әкелу орындары болып табылады. Тауарларға уақытша декларацияны кеден органдары көрсетiлген кезең басталғанға дейiн күнтiзбелiк он бес күннен ерте қабылдамайды.
3. Тауарлар жеткiзiлiмiнен кейiн декларант уақыттың мәлiмделген кезеңiнде жеткiзiлген тауарларға толық декларацияны беруге мiндеттi.
Толық декларацияны беру уақытша кедендiк декларацияда мәлiмделген тауарлар жеткiзiлiмi үшiн көзделген уақыт кезеңi аяқталған күннен кейiнгi күннен бастап күнтiзбелiк тоқсан күннен кешiктiрiлмей жүзеге асырылады.
4. Уақытша кедендiк декларацияда тауарлардың болжамды саны, тауарлар өткiзудi жүзеге асыру үшiн негiзге алынатын сыртқы сауда шартында (келiсiмшартында) көзделген тауарлардың есептiк бағасы негiзiнде анықталған уақытша кедендiк декларацияны беру күнiне олардың алдын ала кедендiк құны туралы мәлiметтердi мәлiмдеуге жол берiледi.
Өткiзiлген тауарлардың саны тауарларға уақытша кедендiк декларацияда мәлiмделген саннан аспауға тиiс.
5. Уақытша кедендiк декларациялау рәсiмiн пайдалана отырып, тауарларды кедендiк декларациялау кезiнде кеден органы тауарларға уақытша декларацияны тiркеген күнi қолданыста болған кеден одағының және Қазақстан Республикасының заңнамалары қолданылады.
6. Егер уақытша кедендiк декларацияны беру кезiнде нақты сатып алушы (алушы) анықталмаса, онда декларант нақты сатып алушылардың (алушылардың) саны бойынша бiрнеше толық кедендiк декларацияны кейiннен табыс ете отырып, бiр сыртқы сауда шарты (келiсiмшарт) шеңберiнде тауарлар жеткiзiлiмiне арналған бiр уақытша кедендiк декларацияны бередi.
7. Кедендiк баждар, салықтар кеден органдары тауарларды шығарғанға дейiн төленедi. Егер төлеуге жататын кедендiк баждардың, салықтардың сомасы осы баптың 4-тармағында көрсетiлген мәлiметтердi нақтылау нәтижесiнде көбейтiлсе, қосымша ақы төлеу тауарларға толық декларацияны берген кезде, оларды кеден органдары шығарғанға дейiн жүзеге асырылады. Көрсетiлген жағдайда өсiмпұлдар есептелмейдi. Кедендiк төлемдер мен салықтардың артық немесе қате төленген сомаларын қайтару осы Кодекстiң 17-тарауына сәйкес жүзеге асырылады.
8. Егер уақытша кедендiк декларацияда мәлiмделген тауарлар жеткiзiлiмi үшiн көзделген уақыт кезеңi аяқталғаннан кейiн күнтiзбелiк тоқсан күн өткен соң тауарлар кеден одағының кедендiк шекарасы арқылы өткiзiлмесе, осындай тауарларға мәлiмделген уақытша кедендiк декларация осы Кодекстiң 290-бабында анықталған тәртiппен керi қайтарып алынуға жатады.
295-бап. Белгiленген уақыт кезеңi iшiнде өткiзiлетiн
тауарды жиналмаған немесе бөлшектелген түрiнде,
оның iшiнде жиынтықталмаған немесе жасалып
бiтпеген түрiнде кедендiк декларациялау
ерекшелiктерi
1. Осы Кодекстiң 268-бабында айқындалған мерзiмнен асатын уақыт кезеңi iшiнде түрлi тауарлар партияларымен әкелу болжанатын жиналмаған немесе бөлшектелген түрдегi, оның iшiнде жиынтықталмаған немесе жасалып бiтпеген түрдегi тауар, кеден органының рұқсаты болған кезде, Сыртқы экономикалық қызметтiң тауар номенклатурасы бойынша бiр сыныптама коды көрсетiле отырып, декларациялануы мүмкiн.
2. Рұқсатты тауар әкелiнгенге дейiн декларанттың жазбаша дәлелдi өтiнiшi негiзiнде кеден органы бередi.
3. Рұқсатта:
1) декларант туралы мәлiмет;
2) декларантқа кеден iсi саласындағы уәкiлеттi орган берген, жасалып бiткен немесе жиынтықталған тауардың сыныптама коды бойынша жиналмаған немесе бөлшектелген түрдегi, оның iшiнде жиынтықталмаған немесе жасалып бiтпеген түрдегi тауарлардың сыныптамасын растайтын, Сыртқы экономикалық қызметтiң тауар номенклатурасына сәйкес тауарлардың сыныптамасы жөнiндегi алдын ала шешiм;
3) тауарды әкелу мерзiмi;
4) кеден iсi саласындағы уәкiлеттi орган айқындайтын өзге де мәлiметтер көрсетiледi.
4. Рұқсаттың қолданылу мерзiмi бiр жыл, ол декларанттың жазбаша дәлелдi өтiнiшi бойынша алты айдан аспайтын мерзiмге ұзартылуы мүмкiн.
5. Рұқсатты беру, ұзарту, тоқтата тұру және оны керi қайтарып алу тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайды.
6. Тауарды кедендiк декларациялау мәлiмделген кедендiк рәсiм талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
7. Белгiленген уақыт кезеңi iшiнде өткiзiлетiн жиналмаған немесе бөлшектелген түрдегi, оның iшiнде жиынтықталмаған немесе жасалып бiтпеген түрдегi тауарларды кедендiк декларациялау және кедендiк тазарту тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайды.
33-тарау. ТАУАРЛАРДЫ ШЫҒАРУ
296-бап. Тауарларды шығару үшiн негiздер және
тауарларды шығару тәртiбi
1. Кеден органдары мынадай талаптар сақталған кезде:
1) кеден органына осы Кодекске және (немесе) кеден одағына мүше мемлекеттердiң өзге де халықаралық шарттарына сәйкес тауарларды шығару үшiн қажеттi лицензиялар, сертификаттар, рұқсаттар және (немесе) өзге де құжаттар, көрсетiлген құжаттар осы Кодекске сәйкес тауарлар шығарылғаннан кейiн табыс етiлуi мүмкiн жағдайларды қоспағанда, табыс етiлгенде;
2) тұлғалар тауарларды осы Кодекске сәйкес, ал кедендiк рәсiмдi белгiлеу кезiнде, осы Кодекстiң 306-бабының 2-тармағына сәйкес кеден одағына мүше мемлекеттердiң халықаралық шарттарына және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес таңдалған кедендiк рәсiммен орналастыру үшiн қажеттi талаптар мен шарттарды сақтағанда;
3) тауарларға қатысты кедендiк баждар, салықтар төленгенде не оларды төлеу осы Кодекске сәйкес қамтамасыз етiлгенде тауарларды шығаруды жүзеге асырады.
2. Кеден органдары тауарларды шығаруды осы Кодекстiң
297-бабында көрсетiлген мерзiмнен аспайтын мерзiмде жүзеге асырады.
3. Тауарларды шығаруды кеден органының лауазымды адамы осы Кодексте көзделген тәртiппен, егер Кеден одағы комиссиясының шешiмiмен өзгеше тәртiп белгiленбесе, кедендiк декларацияға, коммерциялық, көлiктiк (тасымалдаушы) құжаттарға тиiстi белгiлер енгiзу (қою), сондай-ақ кеден органының ақпараттық жүйесiне тиiстi мәлiметтер енгiзу жолымен жүргiзедi.
297-бап. Тауарларды шығару мерзiмi
1. Тауарларды шығаруды кеден органы, егер осы Кодексте өзгеше белгiленбесе, кедендiк декларацияны тiркеген күннен кейiнгi күннен бастап бiр жұмыс күнiнен кешiктiрмей аяқтауы тиiс.
Тiзбесiн Кеден одағының комиссиясы анықтайтын кедендiк әкету баждары қолданылмайтын, экспорттың кедендiк рәсiмiмен орналастырылатын тауарларды және уақытша әкету кедендiк рәсiмiмен орналастырылатын тауарларды шығаруды кеден органы тауарларға декларацияны тiркеген кезден бастап төрт сағаттан кешiктiрмей, ал тауарларға декларация тiркелген жағдайда кеден органының жұмыс уақыты аяқталғанға дейiн төрт сағаттан аспайтын уақыт қалғанда – осы кеден органының жұмыс уақыты басталған кезден бастап төрт сағаттан кешiктiрмей аяқтауы тиiс.
Көрсетiлген мерзiмдер кедендiк бақылауды жүргiзу уақытын қамтиды.
2. Осы Кодекстiң 291-бабына сәйкес тауарларды алдын ала декларациялауды қолдану кезiнде кеден органы тауарларды шығаруды кедендiк декларацияны тiркеген кеден органына тауарларды көрсеткен күннен кейiнгi бiр жұмыс күнiнен кешiктiрмей аяқтауы тиiс.
3.Тауарларды шығару осы Кодекстiң 440 және 441-баптарына сәйкес тоқтатыла тұруы мүмкiн.
4. Тауарларды шығару мерзiмдерi кеден органы басшысының, ол уәкiлеттiк берген кеден органы басшысы орынбасарының не оларды алмастыратын адамдардың жазбаша рұқсатымен кедендiк бақылаудың нысандарын жүргiзу немесе аяқтау үшiн қажеттi уақытқа ұзартылуы мүмкiн және, егер осы Кодексте өзгеше белгiленбесе, кедендiк декларация тiркелген күннен кейiнгi күннен бастап он жұмыс күнiнен асыруға болмайды.
298-бап. Кедендiк декларацияны бергенге дейiн
тауарларды шығару
1. Кедендiк транзит кедендiк рәсiмiн қоспағанда, осы Кодекстiң 276-бабында көрсетiлген, кеден одағының кедендiк аумағына әкелiнетiн (әкелiнген) тауарлардың жекелеген санаттарын кедендiк рәсiмдермен орналастыру кезiнде, сондай-ақ осы Кодекстiң 65-бабының 2-тармағына сәйкес уәкiлеттi экономикалық операторларға қатысты арнайы оңайлатуды қолдану кезiнде тауарларды шығару декларант:
1) тауарларды жөнелтушi және алушы, тауарларды жөнелтушi және жеткiзiлу межеленген ел туралы мәлiметтер, тауардың атауы, сипаттамасы, Сыртқы экономикалық қызметтiң тауар номенклатурасы бойынша кемiнде алғашқы төрт белгi деңгейiндегi сыныптау коды, тауарлардың саны, брутто салмағы және құны бар коммерциялық немесе өзге де құжаттарды;
2) оның кедендiк декларацияны бергенi және тауарларды шығару айынан кейiнгi айдың оныншы күнiнен кешiктiрмей тауарларды пайдалану мақсаты және тауарлар орналастырылатын кедендiк рәсiм туралы мәлiметтер қамтылған қажеттi құжаттар мен мәлiметтердi табыс еткенi туралы жазбаша нысандағы мiндеттеменi;
3) тыйым салулар мен шектеулердiң сақталғанын растайтын құжаттар мен мәлiметтердi табыс еткен жағдайда, мұндай құжаттар мен мәлiметтердiң кедендiк декларацияны беру кезiнде табыс етiлуi мүмкiн болатын жағдайларды қоспағанда, кедендiк декларацияны берген кезге дейiн жүзеге асырылуы мүмкiн.
2. Тауарлар кедендiк декларация берiлгенге дейiн шығарған кезде осы тауарларға қатысты кедендiк әкелу баждарын, салықтарды төлеу жөнiндегi мiндет:
1) декларантта мұндай шығару кезiнен бастап туындайды;
2) осы Кодекстiң 129-бабының 2-тармағының 1) – 7), 9) және
10) тармақшаларында белгiленген жағдайларда және кедендiк декларацияға тауарларды шығару туралы белгiлер енгiзу (қою) кезiнде тоқтатылады.
3) мыналар:
осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында көрсетiлген мерзiм өткенге дейiн орындалуға жатады. Бұл ретте кедендiк әкелу баждарын, салықтарды есептеу мақсатында Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес белгiленетiн, кедендiк декларацияны тiркеген күнi қолданыста болған кедендiк баждардың, салықтардың ставкалары және валютаның нарықтық бағамы қолданылады;
егер осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында көрсетiлген мерзiм iшiнде кедендiк декларацияны бергенге дейiн шығарылған тауарларға қатысты кеден органы кедендiк декларацияда тауарларды шығару туралы белгi енгiзбеген (қоймаған) жағдайда – осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында көрсетiлген мерзiмнiң соңғы күнi орындалуға жатады. Бұл ретте кедендiк әкелу баждарын, салықтарды есептеу мақсатында Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес белгiленетiн, осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында көрсетiлген мерзiмнiң соңғы күнi қолданыстағы кедендiк баждардың, салықтардың ставкалары және нарықтық валюта бағамы қолданылады.
3. Осы Кодекстiң 276-бабында көрсетiлген тауарларға қатысты, дүлей зiлзаланың, табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың салдарларын жою үшiн қажеттi тауарларды, бейбiтшiлiктi сақтау не оқуларды өткiзу жөнiндегi акцияларды орындау үшiн қажеттi әскери мақсаттағы өнiмдердi, сондай-ақ гуманитарлық және техникалық көмектi қоспағанда, оларды кедендiк декларацияны бергенге дейiн шығару кезiнде кедендiк баждарды, салықтарды төлеудi қамтамасыз ету ұсынылады.
4. Уәкiлеттi экономикалық оператор декларанты болып әрекет ететiн тауарларды кедендiк декларация бергенге дейiн шығару, төленуге жататын кедендiк әкелу баждарының, салықтардың сомасы осы Кодекстiң 62-бабына сәйкес уәкiлеттi экономикалық оператор берген кедендiк баждарды, салықтарды төлеудi қамтамасыз ету сомасынан аспаған жағдайда қолданылады.
299-бап. Құжаттарды, тауарлардың сынамалары мен
үлгiлерiн зерттеу не сарапшының
қорытындысын алу қажет болған кезде
тауарларды шығару
1. Егер кеден органдары тауарлардың сынамаларын немесе үлгiлерiн, егжей-тегжейлi техникалық құжаттамасын зерттеу немесе кедендiк декларацияда немесе кеден органдары табыс еткен өзге де құжаттарда көрсетiлген мәлiметтердiң дұрыстығын тексеру мақсатында сараптама жүргiзу қажеттiлiгi туралы шешiм қабылдаса, тауарларды шығару мұндай зерттеулердiң немесе сараптамалардың жүргiзiлу нәтижелерi бойынша қосымша есепке жазылуы мүмкiн кедендiк баждардың, салықтардың сомасында кедендiк баждар, салықтар төлеудi қамтамасыз етудi декларант ұсынған жағдайда кедендiк сараптама нәтижелерi алынғанға дейiн жүргiзiледi.
2. Тауарларды шығару кеден органдары тауарларға тыйым салулар мен шектеулер қолданылуы мүмкiн екендiгiн көрсететiн белгiлердi тапқан және декларант олардың сақталғанын растайтын дәлелдемелердi табыс етпеген жағдайда ғана жүргiзiлмейдi.
300-бап. Қылмыс немесе әкiмшiлiк құқық бұзушылық
анықталған кезде тауарлар шығару
1. Қылмыс немесе әкiмшiлiк құқық бұзушылық анықталған кезде тауарларды шығару iс бойынша iс жүргiзу аяқталғанға немесе әкiмшiлiк процесс аяқталғанға дейiн, егер мұндай тауарлар алып қойылмаса немесе оларға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тыйым салынбаса, жүзеге асырылуы мүмкiн.
2. Осы Кодекстiң 16-тарауында қосымша есепке жазылуы мүмкiн кедендiк баждарды, салықтарды төлеудi қамтамасыз етудi ұсыну қажеттiгi көзделуi мүмкiн.
301-бап. Шартты түрде шығарылған тауарлар
1. Мыналарға қатысты:
1) тауарларды пайдалану және (немесе) оларға билiк ету бойынша шектеулермен ұштасқан кедендiк әкелу баждарын, салықтарды төлеу бойынша жеңiлдiктер берiлсе;
2) пайдалану және (немесе) билiк ету жөнiндегi шектеулер тауарлар шығарылғаннан кейiн осы Кодекстiң 296-бабының 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетiлген құжаттарды табыс етуге байланысты болса;
3) мөлшерi Бiрыңғай кедендiк тарифпен белгiленген кедендiк әкелу баждары ставкаларының мөлшерiнен аз кедендiк әкелу баждарының ставкалары қолданылса, iшкi тұтыну үшiн шығарудың кедендiк рәсiмiмен орналастырылған тауарлар шартты түрде шығарылған тауарлар болып саналады.
2. Осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетiлген шартты түрде шығарылған тауарлар жеңiлдiктер беру шарттарына сәйкес келетiн мақсатта ғана пайдаланылуы мүмкiн.
Осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында көрсетiлген, шартты түрде шығарылған тауарларды үшiншi тұлғаларға, оның iшiнде оларды сату немесе өзге де тәсiлмен иелiктен шығару жолымен беруге тыйым салынады, ал егер көрсетiлген тауарларды әкелуге шектеулер осы тауарлардың сапасы мен қауiпсiздiгiн тексеруге байланысты белгiленсе, оларды кез келген нысанда пайдалануға (қолдануға, тұтынуға) тыйым салынады
Осы баптың 1-тармағының 3) тармақшасында көрсетiлген, шартты түрде шығарылған тауарлар Қазақстан Республикасының аумағы шегiнде ғана пайдаланылуы мүмкiн.
3. Шартты түрде шығарылған тауарлардың шетелдiк тауарлар мәртебесi бар және олар кедендiк бақылауда болады.
4. Осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетiлген тауарлар, егер осы Кодексте өзгеше көзделмесе, кедендiк баждардың, салықтардың тиiстi сомаларын төлеу бойынша мiндет тоқтатылған кезге дейiн шартты түрде шығарылған болып саналады.
5. Шартты түрде шығарылған тауарлар:
осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетiлген тауарларға қатысты кедендiк әкелу баждарының, салықтардың тиiстi сомасын төлеу жөнiндегi мiндеттердi тоқтатқаннан кейiн;
осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында көрсетiлген тауарларға қатысты осы Кодекстiң 296-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетiлген құжаттарды табыс еткеннен кейiн;
осы баптың 1-тармағының 3) тармақшасында көрсетiлген тауарларға қатысты Бiрыңғай кедендiк тарифпен белгiленген кедендiк әкелу баждарының ставкалары бойынша есептелген кедендiк әкелу баждары сомаларының және тауарларды шығарғаннан кейiн төленген кедендiк әкелу баждары сомаларының айырмасы мөлшерiнде кедендiк әкелу баждарын төлегеннен кейiн кеден одағы тауарлары мәртебесiне ие болады.
Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарымен және (немесе) Кеден одағы комиссиясының шешiмiмен өзге де жағдайлар белгiленуi мүмкiн, ол кезде шартты түрде шығарылған тауарлар кеден одағы тауарлары мәртебесiне ие болады.
6. Кеден одағы тауарларының мәртебесiн алу үшiн шартты түрде шығарылған тауарлар iшкi тұтыну үшiн шығарудың кедендiк рәсiмiмен қайта орналастырылуға жатпайды.
Кедендiк баждарды, салықтарды төлеу тәртiбi не осы Кодекстiң 296-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетiлген құжаттарды табыс ету осы баптың 5-тармағының бiрiншi бөлiгiнде көрсетiлген жағдайларда осы Кодексте айқындалады.
7. Кеден одағына мүше мемлекеттердiң халықаралық шарттарымен немесе Қазақстан Республикасының кеден заңнамасымен тауарларды шартты түрде шығарылғандар қатарына жатқызудың өзге де жағдайлары мен тәртiбi белгiленуi мүмкiн.
302-бап. Тауарларды шығарудан бас тарту
1. Осы Кодекстiң 296-бабының 1-тармағында белгiленген тауарларды шығарудың шарттары сақталмаған кезде, сондай-ақ осы Кодекстiң 291-бабының 7-тармағында және осы баптың 2-тармағында көрсетiлген жағдайларда кеден органы тауарларды шығару мерзiмiнiң өтуiнен кешiктiрмей мұндай бас тарту үшiн негiздеме болған барлық себептердi және оларды жою жөнiндегi ұсынымдарды көрсете отырып, жазбаша нысанда тауарларды шығарудан бас тартады.
Тауарларды шығарудан бас тартуды ресiмдеу тәртiбi Кеден одағы комиссиясының шешiмiмен айқындалады.
2. Кеден органы, егер:
анықталған, құқық бұзушылық құрамы жоқ бұзушылықтар жойылса;
анықталған бұзушылықтар жойылған, ал декларацияланатын тауарлар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес алып қойылмаған немесе оларға тыйым салынбаған жағдайларды қоспағанда, егер тауарларға кедендiк бақылау жүргiзу кезiнде кеден органдары кеден одағының кеден заңнамасын бұзуды анықтаған болса, тауарларды шығарудан бас тартады.
3. Кеден органы, егер декларанттың кедендiк төлемдер мен салықтар сомаларының мөлшерiн анықтауға ықпал ететiн дұрыс емес мәлiметтердi мәлiмдегенiн, оның iшiнде Сыртқы экономикалық қызметтiң тауар номенклатурасының, шығарылған елiнiң, кедендiк төлемдер мен салықтардың ставкалары мен мөлшерiнiң, төлем тәсiлдерiнiң және кедендiк төлемдер мен салықтарды төлеумен байланысты басқа да мәлiметтерiн, тауарлардың кедендiк құнын түзетудi қоспағанда, дұрыс көрсетпегенiн анықтаса тауарларды шығарудан бас тартады.
34-тарау. ТАУАРЛАРДЫ ЖӘНЕ (НЕМЕСЕ) КӨЛIК ҚҰРАЛДАРЫН
МЕМЛЕКЕТ МЕНШIГIНЕ АЙНАЛДЫРУ
303-бап. Тауарларды және (немесе) көлiк құралдарын
мемлекет меншiгiне айналдыру
Тауарлар және (немесе) көлiк құралдары:
1) тауарларды және (немесе) көлiк құралдарын кеден iсi саласындағы құқық бұзушылықтар бойынша тәркiлеу туралы сот шешiмiнiң
2) мемлекеттiң пайдасына бас тарту кедендiк рәсiмiмен орналастырылған тауарларға қатысты кедендiк декларацияның және осындай тауарларды қабылдап алу-беру актiсiнiң негiзiнде мемлекет меншiгiне айналдырылады.
304-бап. Тауарларды және (немесе) көлiк құралдарын
сот шешiмi бойынша мемлекет меншiгiне
айналдыру тәртiбi
1. Тауарлар және (немесе) көлiк құралдары тауарларды және (немесе) көлiк құралдарын тәркiлеу туралы сот шешiмi заңды күшiне енген күннен бастап мемлекет меншiгiне айналады.
2. Кеден органы сот шешiмiнiң негiзiнде қабылдап алу-беру актiсi бойынша тәркiленген тауарларды және (немесе) көлiк құралдарын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының тиiстi уәкiлеттi мемлекеттiк органына бередi.
305-бап. Мемлекеттiң пайдасына бас тарту кедендiк
рәсiмiмен орналастырылған тауарларды мемлекет
меншiгiне айналдыру тәртiбi
Мемлекеттiң пайдасына бас тарту кедендiк рәсiмiмен орналастырылған тауарлар кедендiк декларация және қабылдап алу-беру актiсi бойынша декларант тауарларды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының тиiстi уәкiлеттi мемлекеттiк органына берген күннен бастап мемлекет меншiгiне айналады.
6-бөлiм. КЕДЕНДIК РӘСIМДЕР
35-тарау. КЕДЕНДIК РӘСIМДЕР ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
306-бап. Кедендiк рәсiмдердiң түрлерi
1. Кедендiк реттеу мақсатында тауарларға қатысты кедендiк рәсiмдердiң мынадай:
1) iшкi тұтыну үшiн шығару;
2) экспорт;
3) кедендiк транзит
4) кеден қоймасы;
5) кедендiк аумақта қайта өңдеу;
6) кедендiк аумақтан тыс қайта өңдеу;
7) iшкi тұтыну үшiн қайта өңдеу;
8) уақытша әкелу (жiберу);
9) уақытша әкету;
10) керi импорт;
11) керi экспорт;
12) бажсыз сауда;
13) жою;
14) мемлекеттiң пайдасына бас тарту
15) еркiн кедендiк аймақ
16) еркiн қойма;
17) арнайы кедендiк рәсiм түрлерi белгiленедi.
2. Осы баптың 1-тармағының 15) және 16) тармақшаларында көрсетiлген кедендiк рәсiмдер Қазақстан Республикасының халықаралық және (немесе) Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын тәртiппен белгiленедi.
Ескерту: 306-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2011.07.05 N 452-IV (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
307-бап. Кедендiк рәсiмдi таңдау және өзгерту
1. Тұлғаның таңдауы бойынша кеден одағының кедендiк шекарасы арқылы өткiзiлетiн тауарлар осы Кодексте көзделген тәртiппен және шарттарда белгiлi бiр кедендiк рәсiммен орналастырылады.
2. Тұлға осы Кодекске сәйкес таңдалған кедендiк рәсiмдi басқа рәсiмге өзгертуге құқылы.
308-бап. Кедендiк рәсiммен орналастыру
Кеден органының осы Кодексте белгiленген тәртiппен тауарды шығарған күнi тауарларды кедендiк рәсiммен орналастыру күнi болып саналады.
309-бап. Тауарларды кедендiк рәсiммен орналастырудың
шарттарын сақтауды растау мiндетi
Тауарларды кедендiк рәсiммен орналастырудың шарттарын сақтауды растау мiндетi декларантқа жүктеледi.
310-бап. Кедендiк рәсiмдер шарттарының сақталуын
кедендiк бақылау
1. Кеден одағы тауарларының мәртебесiне ие болмайтын тауарлар орналастырылған кезде кедендiк рәсiмдер шарттарының сақталуын кедендiк бақылауды осы Кодексте белгiленген тәртiппен кеден органдары жүргiзедi.
2. Кеден органы тауарларды шығарған мемлекеттен өзге кеден одағына мүше мемлекеттiң аумағындағы, осы баптың 1-тармағында көрсетiлген тауарларға қатысты кедендiк бақылау осы Кодекстiң
20-тарауына сәйкес жүргiзiледi.
311-бап. Кедендiк рәсiмнiң шарттары мен талаптарын
сақтамағаны үшiн жауапкершiлiк
1. Осы Кодексте белгiленген кедендiк рәсiмнiң шарттары мен талаптарын сақтамағаны үшiн, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес, декларант жауапты болады.
Тұлғалар, кедендiк рәсiмнiң шарттары мен талаптары кедендiк бақылаудағы тауарлар шығарылғанға дейiн не олар Қазақстан Республикасының аумағынан тысқары жерлерге iс жүзiнде әкетiлгенге дейiн аварияның не еңсерiлмейтiн күштiң әсерi салдарынан бiржола жоғалуы, зақымдануы немесе жойылуы себептi сақталмаған, сондай-ақ көрсетiлген тауарлардың саны немесе жай-күйi тасымалдаудың, көлiкпен тасудың, сақтаудың және пайдаланудың (қолданудың) қалыпты жағдайлары кезiнде олардың табиғи тозуының немесе табиғи кемуiнiң салдарынан өзгерген жағдайларда, жауапты болмайды.
2. Тұлғалар кеден одағының кедендiк аумағынан тысқары жерлерге қайта өңдеу үшiн әкетiлген тауарларға немесе олардың қайта өңдеу өнiмдерiне қатысты:
1) тауарлардың немесе олардың қайта өңделген өнiмдерiнiң аварияның немесе еңсерiлмейтiн күштiң әсерi салдарынан бiржола жоғалуы немесе жойылуы себептi қайтарылмаған;
2) тауарлар немесе олардың қайта өңделген өнiмдерiнiң саны тасымалдаудың, сақтаудың және пайдаланудың (қолданудың) қалыпты жағдайлары кезiнде олардың табиғи тозуының немесе табиғи кемуiнiң салдарынан өзгерген;
3) тауарлар немесе олардың қайта өңделген өнiмдерi мемлекеттiк органдардың немесе шет мемлекеттiң лауазымды адамдарының iс-әрекеттерi салдарынан иелiктен шыққан жағдайларда жауапты болмайды.
3. Тауарлардың бiржола жоғалуына, бүлiнуiне немесе жойылуына, олардың саны мен жай-күйiнiң өзгеруiне әкеп соққан мән-жайларды растау мiндетi осы бөлiмде айқындалған тұлғаларға жүктеледi. Шет мемлекеттердiң аумағында болған мән-жайларды Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкiлдiктерi немесе консулдық мекемелерi, сондай-ақ жоғарыда аталған мән-жайлар болған мемлекеттiң құзыреттi органдары растайды.
312-бап. Кедендiк рәсiммен орналастырылған тауарларды
алып қою (тыйым салу) салдарлары
1. Кедендiк рәсiммен орналастырылған тауарлар алып қойылған не мұндай тауарларға тыйым салынған жағдайда Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес осы тауарларға қатысты кедендiк рәсiмнiң қолданылуы тоқтатыла тұрады.
Егер тауарларды алып қоюдың не оларға тыйым салудың күшiн жою туралы шешiм қабылданса, кедендiк рәсiмнiң қолданылуы қайта жаңғыртылады.
Кедендiк рәсiмнiң қолданылуын қайта жаңғыртқан кезде осы бөлiмге сәйкес көзделген пайыздар оларды есепке жазу және төлеу кедендiк рәсiмнiң қолданылуын тоқтата тұру кезеңi iшiнде есепке жазылмайды және төленбейдi.
2. Кедендiк рәсiммен орналастырылған тауарларды тәркiлеу және мемлекет меншiгiне өзгеше айналдыру кезiнде осы тауарларға қатысты кедендiк рәсiмнiң қолданылуы тоқтатылады, ал тәркiленген және мемлекет меншiгiне өзгеше айналдырылған шетелдiк тауарлар кеден одағы тауарларының мәртебесiне ие болады.
3. Егер Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тұлғаны әкiмшiлiк немесе қылмыстық жауапкершiлiкке тарту оның кедендiк рәсiмдi сақтамағанына байланысты болса және жол берiлген сақтамау аталған кедендiк рәсiмдi одан әрi қолданудың мүмкiн еместiгiне әкеп соқса, кедендiк рәсiмнiң қолданылуы тұлғаны жауапкершiлiкке тарту жөнiндегi тиiстi шешiмнiң күшiне енген күнiнен кейiнгi күннен бастап күнтiзбелiк он бес күннiң iшiнде аяқталуы тиiс.
Оларға қатысты осы тармақтың бiрiншi бөлiгiне сәйкес кедендiк рәсiмнiң қолданылуы аяқталмаған тауарларды кеден органдары осы Кодекстiң 26-тарауына сәйкес ұстайды.
36-тарау. Iшкi тұтыну үшiн шығарудың кедендiк рәсiмi
313-бап. Iшкi тұтыну үшiн шығарудың кедендiк
рәсiмiнiң мазмұны
Iшкi тұтыну үшiн шығару, егер осы Кодексте өзгеше белгiленбесе, орналастырылған кезде шетелдiк тауарлар кеден одағының кедендiк аумағында оларды пайдалану және оларға билiк ету жөнiндегi шектеулерсiз болатын және пайдаланылатын кедендiк рәсiм болып табылады.
314-бап. Тауарларды iшкi тұтыну үшiн шығарудың
кедендiк рәсiмiмен орналастыру шарттары
1. Тауарлар:
1) егер тарифтiк артықшылықтар, кедендiк баждарды, салықтарды төлеу бойынша жеңiлдiктер белгiленбесе, кедендiк әкелу баждарын, салықтарды төлеу;
2) шектеулер мен тыйым салуларды сақтау;
3) арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемдiк шаралардың қолданылуына байланысты шектеулердiң сақталуын растайтын құжаттарды табыс ету шарттары сақталған кезде iшкi тұтыну үшiн шығарудың кедендiк рәсiмiмен орналастырылады.
2. Көрсетiлген шарттар орындалған кезде тауар кеден одағы тауарларының мәртебесiне ие болады.
3. Тауарларды пайдалану және (немесе) оларға билiк ету жөнiндегi шектеулермен ұштасқан кедендiк баждарды, салықтарды төлеу бойынша жеңiлдiктер берiлген кезде тауарлар осы Кодекстiң 301-бабына сәйкес шартты түрде шығарылуға жатады және шетелдiк тауарлар мәртебесiн сақтайды.
315-бап. Iшкi тұтыну үшiн шығарудың кедендiк рәсiмiмен
орналастырылатын (орналастырылған) тауарларға
қатысты кедендiк әкелу баждарын, салықтарды
төлеу жөнiндегi мiндеттiң туындауы, тоқтатылуы
және оларды төлеу мерзiмi
1. Декларантта iшкi тұтыну үшiн шығарудың кедендiк рәсiмiмен орналастырылатын тауарларға қатысты кедендiк әкелу баждарын, салықтарды төлеу жөнiндегi мiндет кеден органы кедендiк декларацияны тiркеген кезден бастап туындайды.
2. Декларанттың кедендiк әкелу баждарын, салықтарды төлеу жөнiндегi мiндетi:
1) iшкi тұтыну үшiн шығарудың кедендiк рәсiмiмен орналастырылатын тауарларға қатысты – осы Кодекстiң 129-бабының 2-тармағында белгiленген жағдайларда;
2) бұл тауарларды пайдалану және (немесе) оларға билiк ету жөнiндегi шектеулермен ұштасқан кедендiк баждарды, салықтарды төлеу жөнiндегi жеңiлдiктердi пайдалана отырып, iшкi тұтыну үшiн шығарудың кедендiк рәсiмiмен орналастырылатын тауарларға қатысты:
егер тауарларды пайдалану және (немесе) оларға билiк ету жөнiндегi шектеулердi қолданудың өзге мерзiмi белгiленбесе, бұл кезеңде осы баптың 3-тармағының 2) тармақшасында белгiленген кедендiк әкелу баждарын, салықтарды төлеу мерзiмi туындамаған жағдайда iшкi тұтыну үшiн шығарудың кедендiк рәсiмiне сәйкес тауарларды шығарған күннен бастап бес жыл өткен соң
бұл кезеңде осы баптың 3-тармағының 2) тармақшасында белгiленген кедендiк баждарды, салықтарды төлеу мерзiмi туындамаған жағдайда тауарларды пайдалану және (немесе) оларға билiк ету жөнiндегi шектеулердi қолданудың өзге де белгiленген мерзiмi өткен соң
мұндай тауарларды мемлекет пайдасына бас тартудың немесе жоюдың кедендiк рәсiмдерiне орналастыру кезiнде iшкi тұтыну үшiн шығарудың кедендiк рәсiмiне сәйкес тауарларды шығарған күннен бастап бес жыл iшiнде не жеңiлдiктi қолданудың өзге де белгiленген мерзiмi iшiнде – тауарларды мемлекет меншiгiне қабылдауды не оны жоюды растайтын құжатты кеден органына табыс еткен кезден бастап;
бес жыл iшiнде не iшкi тұтыну үшiн шығарудың кедендiк рәсiмiне сәйкес тауарларды шығарған күннен бастап жеңiлдiктi қолданудың өзге де белгiленген мерзiмi iшiнде туындаған, осы Кодекстiң 129-бабының 2-тармағында белгiленген жағдайларда;
мұндай орналастыруға дейiн осы баптың 3-тармағының 2) тармақшасында белгiленген кедендiк әкелу баждарын, салықтарды төлеу мерзiмi туындамаған жағдайда шартты түрде шығарылған тауарларды керi экспорттың кедендiк рәсiмiмен орналастырған кезде тоқтатылады.
3. Кедендiк әкелу баждары, салықтар мынадай мерзiмдерде:
1) iшкi тұтыну үшiн шығарудың кедендiк рәсiмiмен орналастырылатын тауарларға қатысты, – тауарларды iшкi тұтыну үшiн шығарудың кедендiк рәсiмiне сәйкес шығарғанға дейiн;
2) осы тауарларды пайдалану және (немесе) оларға билiк ету жөнiндегi шектеулермен ұштасқан кедендiк баждарды, салықтарды төлеу жөнiндегi жеңiлдiктердi пайдаланып, iшкi тұтыну үшiн шығарудың кедендiк рәсiмiмен орналастырылған тауарларға қатысты:
мұндай жеңiлдiктердi пайдаланудан бас тартылған жағдайда – тауарларды iшкi тұтыну үшiн шығарудың кедендiк рәсiмiмен орналастыру үшiн берiлген кедендiк декларацияға жеңiлдiктердi пайдаланудан бас тарту бөлiгiнде өзгерiстер енгiзгенге дейiн;
мұндай жеңiлдiктердi пайдалануға байланысты белгiленген осы тауарларды пайдалану және (немесе) оларға билiк ету жөнiндегi шектеулердi бұзатын немесе жеңiлдiктер беру шарттарына сәйкес келетiн мақсаттарды бұзатын тауарлармен iс-әрекеттер жасалған жағдайда, – көрсетiлген iс-әрекеттердi жасаған бiрiншi күнi, ал егер бұл күн белгiленбесе – кеден органы тауарларды iшкi тұтыну үшiн шығарудың кедендiк рәсiмiмен орналастыру үшiн берiлген кедендiк декларацияны тiркеген күнi төленуге жатады.
37-тарау. Экспорт кедендiк рәсiмi
316-бап. Экспорт кедендiк рәсiмiнiң мазмұны
1. Кеден одағының тауарлары кеден одағының кедендiк аумағынан тысқары жерлерге әкетiлетiн және одан тысқары жерлерде тұрақты болуға арналған кездегi кедендiк рәсiм экспорт болып табылады.
2. Бұрын уақытша әкетудiң немесе кедендiк аумақтан тыс жерлерде қайта өңдеудiң кедендiк рәсiмiмен орналастырылған тауарларды кеден органына iс жүзiнде көрсетпей экспорт кедендiк рәсiмiмен орналастыруға жол берiледi.
317-бап. Тауарларды экспорт кедендiк рәсiмiмен
орналастыру шарттары
1. Тауарлар:
1) егер кедендiк әкету баждарын төлеу жөнiндегi жеңiлдiктер белгiленбесе, кедендiк әкету баждарын төлеу;
2) тыйым салулар мен шектеулердi сақтау;
3) үшiншi елдерге қатысты кедендiк әкету баждарын қолдану мәселелерiн реттейтiн кеден одағына мүше мемлекеттердiң халықаралық шарттарына сәйкес Кеден одағының комиссиясы қалыптастыратын тауарлардың жиынтық тiзбесiне енгiзiлген тауарларға қатысты тауардың шығарылған жерi туралы сертификатты табыс ету шарттары сақталған кезде экспорт кедендiк рәсiмiмен орналастырылады.
2. Экспорт кедендiк рәсiмiмен орналастырылған және кеден одағының кедендiк аумағынан iс жүзiнде әкетiлген тауарлар кеден одағы тауарларының мәртебесiн жоғалтады.
318-бап. Экспорт кедендiк рәсiмiмен орналастырылған
тауарларға қатысты кедендiк әкету баждарын
төлеу жөнiндегi мiндеттiң туындауы мен
тоқтатылуы және оларды төлеу мерзiмi
1. Декларантта экспорттың кедендiк рәсiмiмен орналастырылатын тауарларға қатысты кедендiк әкету баждарын төлеу жөнiндегi мiндет кеден органы кедендiк декларацияны тiркеген кезден бастап туындайды.
2. Декларантта экспорттың кедендiк рәсiмiмен орналастырылатын тауарларға қатысты кедендiк әкету баждарын төлеу жөнiндегi мiндет осы Кодекстiң 129-бабының 2-тармағында белгiленген жағдайларда тоқтатылады.
3. Егер осы Кодексте өзгеше мерзiм белгiленбесе, кедендiк әкету баждары экспорт кедендiк рәсiмiне сәйкес тауарлар шығарылғанға дейiн төлеуге жатады.
38-тарау. Кедендiк транзит кедендiк рәсiмi
319-бап. Кедендiк транзит туралы жалпы ережелер
1. Кедендiк транзитке сәйкес тауарлар кеден одағының кедендiк аумағы арқылы, оның iшiнде кеден одағына мүше болып табылмайтын мемлекеттiң аумағы арқылы, жөнелтушi кеден органынан жеткiзiлу межеленген кеден органына дейiн тарифтiк емес және техникалық реттеу шараларын қоспағанда, тыйым салулар мен шектеулердi қолдана отырып, кедендiк баждарды, салықтарды төлемей кедендiк бақылаумен тасымалданатын кедендiк рәсiм кедендiк транзит болып табылады.
2. Кедендiк транзит:
1) келген жерiндегi кеден органынан кеткен жерiндегi кеден органына дейiн шетелдiк тауарларды;
2) келген жерiндегi кеден органынан iшкi кеден органына дейiн шетелдiк тауарларды;
3) шетелдiк тауарларды, сондай-ақ, егер бұл осы баптың 5-тармағына сәйкес көзделген болса, iшкi кеден органынан кеткен жерiндегi кеден органына дейiн кеден одағының тауарларын;
4) бiр iшкi кеден органынан басқа iшкi кеден органына дейiн шетелдiк тауарларды;
5) кеден одағына мүше болып табылмайтын мемлекеттiң аумағы арқылы кеткен жерiндегi кеден органынан келген жерiндегi кеден органына дейiн кеден одағының тауарларын тасымалдау кезiнде қолданылады.
3. Егер әуе көлiгi халықаралық рейс жасау уақытында келген жерiнде тауарларды iшiнара тиемей (түсiрмей) аралық немесе мәжбүрлi түрде (техникалық) қонса, кедендiк транзит әуе көлiгiмен тасымалданатын тауарларға қатысты қолданылмайды.
Халықаралық почта жөнелтiмдерiмен, құбыржол көлiгiмен және электр беру желiлерi арқылы өткiзiлетiн тауарларға қатысты кедендiк транзит осы Кодексте белгiленген ерекшелiктер ескерiле отырып қолданылады.
Кеден одағының кедендiк аумағы арқылы темiржол көлiгiмен өткiзiлетiн тауарларға қатысты кедендiк транзит ерекшелiктерi кеден одағына мүше мемлекеттердiң халықаралық шартымен айқындалады.
Теңiз көлiгiмен өткiзiлетiн тауарларға қатысты, сондай-ақ осы баптың 2-тармағының 2) және 4) тармақшаларына сәйкес кеден одағына мүше бiр ғана мемлекеттiң аумағы арқылы өткiзiлетiн тауарларды тасымалдау кезiнде кедендiк транзиттiң ерекшелiктерi кеден одағына мүше осындай мемлекеттiң заңнамасымен белгiленуi мүмкiн.
4. Кедендiк транзит кедендiк рәсiмiмен орналастырылатын тауарларды кедендiк декларациялауды осы Кодекстiң 284-бабының 1) және 3) тармақшаларында көрсетiлген тұлғалар жүзеге асырады.
5. Егер осы Кодексте және (немесе) Кеден одағы комиссиясының шешiмiнде өзгеше көзделмесе, экспорт кедендiк рәсiмiмен орналастырылған тауарлар кедендiк транзит кедендiк рәсiмiмен орналастырылмай кеден одағының кедендiк аумағы арқылы тасымалданады.
6. Осы тарауды қолдану мақсатына орай халықаралық тасымалдаудың көлiк құралы деп кеден одағының кедендiк аумағы арқылы оның шегiнен шықпай тауарлар тасымалдайтын көлiк құралы да түсiнiледi.
320-бап. Тауарларды кедендiк транзит кедендiк рәсiмiмен
орналастыру шарттары
Тауарларды кедендiк транзит кедендiк рәсiмiмен орналастыруға:
1) тауарларды кеден одағының кедендiк аумағына әкелуге немесе мұндай аумақтан әкетуге тыйым салынбау;
2) тауарларға қатысты тауарларды кеден одағының кедендiк шекарасы арқылы өткiзуге байланысты шектеулердiң сақталғанын растайтын құжаттар, егер осы құжаттар бар болған кезде мұндай өткiзуге жол берiлген жағдайда, табыс етiлу;
3) егер тауарлар келген жерiнде әкелiнетiн тауарларға қатысты шекаралық бақылауға және өзге де мемлекеттiк бақылауға жатса, осындай бақылау түрлерi жүзеге асырылу;
4) транзиттiк декларация табыс етiлу;
5) тауарларға қатысты осы Кодекстiң 321-бабына сәйкес кедендiк транзиттiң сақталуын қамтамасыз ету шаралары қолданылу;
6) осы Кодекстiң 198-бабына сәйкес тауарларды сәйкестендiру қамтамасыз етiлу;
7) егер тауарлар кедендiк пломбалармен және мөрлермен тасымалданған жағдайда халықаралық тасымалдаудың көлiк құралы тиiстi түрде жабдықталу шарттары сақталған кезде жол берiледi.
321-бап. Кедендiк транзиттiң сақталуын қамтамасыз ету
шаралары
1. Кедендiк транзиттiң сақталуын қамтамасыз ету шараларына:
1) осы Кодекстiң 16-тарауына сәйкес шетелдiк тауарларға қатысты кедендiк баждарды, салықтарды төлеудi қамтамасыз ету;
2) кедендiк алып жүру;
3) тауарларды тасымалдау бағытын белгiлеу жатады.
2. Егер:
1) декларант ретiнде кедендiк тасымалдаушы немесе уәкiлеттi экономикалық оператор әрекет етсе;
2) тауарлар темiржол және құбыржол көлiгiмен немесе электр беру желiлерi арқылы өткiзiлсе;
3) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында белгiленсе;
4) тауарлар кедендiк алып жүру арқылы тасымалданса;
5) осы Кодексте және (немесе) кеден одағына мүше мемлекеттердiң халықаралық шарттарында белгiленген өзге де жағдайларда, кедендiк транзит кезiнде кеден органы осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында көзделген кедендiк баждарды, салықтарды төлеудiң қамтамасыз етiлуiн ұсынуды талап етпейдi.
3. Осы баптың 1-тармағының 3) тармақшасында көрсетiлген кедендiк транзиттiң сақталуын қамтамасыз ету шарасы тәуекелдердi басқару жүйесi негiзiнде айқындалатын жағдайларда кедендiк транзиттiң сақталуын қамтамасыз етудiң өзге де шараларына тек қосымша қолданылуы мүмкiн.
Бағыттарды жөнелтушi кеден органы көлiк (тасымалдау) құжаттарында көрсетiлген мәлiметтер негiзiнде айқындайды.
Жөнелтушi кеден органының не ол жүретiн жолдағы кез келген кеден органының жазбаша рұқсатымен бағытты өзгертуге жол берiледi.
322-бап. Кедендiк алып жүру
1. Кедендiк транзит кедендiк рәсiмiнiң сақталуын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кеден органдарының лауазымды адамдары не өзге де ұйымдар жүзеге асыратын, тауарларды кедендiк транзит кедендiк рәсiмiне сәйкес тасымалдайтын көлiк құралдарын алып жүру кедендiк алып жүру болып табылады.
2. Кеден органы:
1) тәуекелдердi басқару жүйесi негiзiнде айқындалатын;
2) осы Кодекстiң 16-тарауына сәйкес кедендiк баждар, салықтар төлеудiң қамтамасыз етiлуi ұсынылмаған не оның қамтамасыз етiлуi жеткiлiксiз болған;
3) егер көрсетiлген қаулылардың ең болмағанда бiреуi орындалмаса, әкiмшiлiк жауапкершiлiкке тарту туралы заңды күшiне енген қаулыларда белгiленген кедендiк транзит кедендiк рәсiмiне сәйкес тауарларды тасымалдау кезiнде тасымалдаушы мiндеттерiн бiрнеше рет орындамаған;
4) тасымалдаушы осы Кодекстiң 331-бабына сәйкес кедендiк баждарды, салықтарды төлеу бойынша мiндеттi орындамаған;
5) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында белгiленген жағдайда кедендiк алып жүру туралы шешiм қабылдауға құқылы.
3. Кеден органы кедендiк алып жүру туралы шешiм қабылдаған жағдайда кеден органы осындай шешiмдi қабылдаған кезден бастап оны
жиырма төрт сағаттан кешiктiрмей ұйымдастырады.
4. Кедендiк алып жүру тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайды.
323-бап. Кедендiк транзит мерзiмi
1. Жөнелтiмнiң кеден органынан жеткiзiлу межеленген кеден органына дейiнгi кедендiк транзит мерзiмiн жөнелтушi кеден органы көлiк түрiн және көлiк құралдарының мүмкiндiктерiн, белгiленген бағытты, тасымалдаудың басқа да шарттарын және (немесе) декларанттың немесе, егер тасымалдаушы кедендiк транзит кедендiк рәсiмiмен декларант болып әрекет етпесе, тасымалдаушының өтiнiшiн негiзге ала отырып, сондай-ақ халықаралық шарттарға сәйкес жүргiзушiнiң еңбек режимiнiң талаптарын және тынығуын ескере отырып тауарларды тасымалдаудың әдеттегi мерзiмiне, бiрақ кедендiк транзиттiң шектi мерзiмiнен аспайтындай етiп белгiлейдi.
2. Кедендiк транзиттiң шектi мерзiмi бiр айға екi мың километр есебiнен айқындалатын мерзiмнен аспауға тиiс.
3. Егер тасымалдаушы кедендiк транзит кедендiк рәсiмiнiң декларанты болып әрекет етпесе, декларанттың немесе тасымалдаушының дәлелдi өтiнiшi бойынша кеден органы белгiлеген кедендiк транзиттiң мерзiмi осы баптың 2-тармағында белгiленген мерзiм шегiнде ұзартылуы мүмкiн.
324-бап. Тауарларды жеткiзу орны
1. Кедендiк транзит кезiнде тауарларды жеткiзу орнын жөнелтушi кеден органы көлiк (тасымалдау) құжаттарында көрсетiлген жеткiзiлу межеленген пункт туралы мәлiметтердiң негiзiнде айқындайды.
2. Жөнелтiмнiң кеден органы көлiк (тасымалдау) құжаттарында көрсетiлген мәлiметтерге тәуелсiз жеткiзу орындарын:
1) тауарларға қатысты өкiлеттiктерге ие тұлғаның дәлелдi сауал салуы бойынша көлiк (тасымалдау) құжаттарында көрсетiлген мәлiметтерге тәуелсiз жеткiзу орнын белгiлеу үшiн негiздi растайтын құжаттарды табыс еткен жағдайда;
2) тәуекелдердi басқару жүйесi негiзiнде айқындалатын жағдайларда белгiлеуге құқылы.
Осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген жағдайларда, тауарларды жөнелтiмнiң кеден органы белгiлеген жеткiзу орнына дейiн жеткiзу жөнiндегi тасымалдаушының шығындары көлiк (тасымалдау) құжаттарында көрсетiлген жеткiзу орнына дейiн тауарларды жеткiзу жөнiндегi шығындарға сәйкес болуы тиiс.
3. Жеткiзiлу межеленген кеден органының қызмет өңiрiндегi кедендiк бақылау аймағы тауарларды жеткiзу орны болып табылады. Бұл ретте олардың келген орнынан тасымалданатын тауарлар, егер осы Кодексте өзгеше белгiленбесе, кеден органы тұрған жерге жеткiзiледi.
Жеткiзiлу межеленген станцияда (кiреберiс жолдарда) кедендiк бақылау аймағы темiржол көлiгiмен өткiзiлетiн тауарларды жеткiзу орны болып табылады.
4. Егер кедендiк транзит кезiнде жеткiзiлу межеленген пункт Қазақстан Республикасының көлiк туралы заңнамасына сәйкес өзгертiлген жағдайда, тасымалдаушы кеден органына тауарларды жеткiзу орнын өзгерту туралы өтiнiшпен жүгiнуге құқылы. Бұл ретте тасымалдаушы өзiнiң жүретiн жолындағы кез келген кеден органына еркiн нысанда жасалған жеткiзiлу межеленген пункттi өзгерту туралы өтiнiштi, жеткiзiлу межеленген пункттi өзгертудi растайтын құжаттарды, сондай-ақ транзиттiк декларацияны және тауарларға арналған өзге де құжаттарды табыс етедi.
Тауарларды жеткiзу орнын өзгерту туралы шешiмдi кеден органы осы тармақтың бiрiншi бөлiгiнде көрсетiлген өтiнiш пен құжаттарды алған күннен кейiнгi күннен кешiктiрмей қабылдайды. Көрсетiлген шешiм жеткiзу орны өзгерген тауарларға қатысты кедендiк транзит кедендiк рәсiмiн аяқтау және жаңа транзиттiк декларацияны ресiмдеу жолымен ресiмделедi. Тауарлар кедендiк транзит кедендiк рәсiмiмен кеден органы тауарлардың жеткiзiлу орнын өзгерту туралы шешiм қабылдаған күнi орналастырылады.
325-бап. Тауарларды тасымалдау кезiнде халықаралық
тасымалдау көлiк құралдарын кедендiк
пломбалармен және мөрлермен жабдықтау
1. Тауарларды кедендiк пломбалармен және мөрлермен тасымалдау үшiн көлiк құралдары мынадай талаптарды сақтай отырып, құрастырылған және жабдықталған болуға тиiс:
1) кедендiк пломбалар қарапайым және сенiмдi тәсiлмен салынуы мүмкiн;
2) тауарлар халықаралық тасымалдау көлiк құралының пломбаланған жүк үй-жайлары бөлiгiнен алынбайтындай болуға немесе олардың ашылған iзi көрiнбейтiндей етiп немесе кедендiк пломбалар мен мөрлер бүлдiрiлмей салынбауға тиiс;
3) тауарлар жасырылуы мүмкiн жасырын орындар болмауға тиiс;
4) тауарлар орналастырылған орындар тауарларды кедендiк қарауға жеңiл қол жеткiзiлетiндей болуға тиiс.
2. Егер халықаралық тасымалдау көлiк құралы Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында белгiленген өзiнiң конструкциясына және жабдықталуына қойылатын талаптарға сәйкес келсе, осы баптың 1-тармағында белгiленген талаптар орындалған болып есептеледi.
3. Халықаралық тасымалдау көлiк құралының осы баптың 1 және
2-тармақтарында көрсетiлген талаптарға сәйкестiгi халықаралық тасымалдау көлiк құралын тауарларды кедендiк пломбалармен және мөрлермен тасымалдауға жiберу туралы куәлiк алу жолымен алдын ала расталуы мүмкiн.
Халықаралық тасымалдау көлiк құралын тауарларды кедендiк пломбалармен және мөрлермен тасымалдауға жiберу туралы куәлiк:
жеке-дара тәртiппен;
көлiк құралдары құрылғысының түрi (сериялары) бойынша берiлуi мүмкiн.
Халықаралық тасымалдау көлiк құралын тауарларды кедендiк пломбалар мен мөрлер салынып тасымалдауға жiберу туралы куәлiктi кеден органы мүдделi тұлғаның өтiнiшi бойынша көрсетiлген өтiнiштi алған күннен бастап үш жұмыс күнiнен кешiктiрмей бередi. Көрсетiлген куәлiк халықаралық тасымалдау көлiк құралының конструкциясында өзгерiстер болғанға дейiн, бiрақ екi жылдан аспайтын мерзiмде жарамды болады.
Халықаралық тасымалдау көлiк құралын тауарларды кедендiк пломбалар мен мөрлер салынып тасымалдауға жiберу туралы куәлiк басқа тұлғаға ауысқан кезде көлiк құралын иемдену құқығы жарамды болады.
Халықаралық тасымалдау көлiк құралын тауарларды кедендiк пломбалар мен мөрлер салынып тасымалдауға жiберу туралы куәлiктiң нысаны мен оны беру және пайдалану тәртiбi Кеден одағы комиссиясының шешiмiмен белгiленедi.
4. Кеден органдары, егер:
тауарларды тасымалдауды кедендiк тасымалдаушы жүзеге асырған;
алдын ала жiберу халықаралық шарттарда көзделген жағдайларды қоспағанда, халықаралық тасымалдау көлiк құралын тауарларды кедендiк пломбалар мен мөрлер салынып тасымалдауға алдын ала жiберудi талап етпейдi.
326-бап. Тауарларды түсiру, қайта тиеу (қайта түсiру)
және олармен жасалатын өзге де жүк операциялары,
сондай-ақ кедендiк транзит кезiнде халықаралық
тасымалдау көлiк құралдарын ауыстыру
1. Кедендiк транзит кедендiк рәсiмiне сәйкес тасымалданатын тауарларды түсiруге, қайта тиеуге (қайта түсiруге) және олармен жасалатын өзге де жүк операцияларына, сондай-ақ мұндай тауарларды тасымалдайтын халықаралық тасымалдау көлiк құралдарын ауыстыруға осы тармақтың екiншi бөлiгiнде көрсетiлген жағдайларды қоспағанда, жөнелтiмнiң кеден органының немесе қызмет өңiрiнде тиiстi жүк операциясы жүзеге асырылатын кеден органының рұқсатымен жол берiледi.
Егер осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көрсетiлген халықаралық тасымалдау тауарлары мен көлiк құралдарына қатысты операциялар салынған кедендiк пломбалар мен мөрлер бүлдiрiлмей жүзеге асырылса не, егер тауарларға кедендiк пломбалар мен мөрлер салынбаса мұндай операцияларды жүзеге асыруға кеден органын жазбаша және (немесе) электронды нысанда хабардар еткеннен кейiн жол берiледi.
2. Егер тауарлармен жасалатын операцияларды жүзеге асыру тауарлардың жоғалуына немесе олардың қасиеттерiнiң өзгеруiне әкеп соғуы мүмкiн болған жағдайда не көлiк (тасымалдау) құжаттарында, шектеулердiң сақталуын растайтын құжаттарда не бақылаушы мемлекеттiк органдар берген өзге де құжаттарда мұндай операцияларды жүзеге асыруға тыйым салынған кезде кеден органы тауарлар тиелген жүк операцияларын жүзеге асыруға рұқсат беруден бас тарта алады.
3. Кеден органы тұлғаның өтiнiшi бойынша кеден органының жұмыс уақытынан тыс кедендiк бақылаудағы тауарлармен жүк операцияларын жүргiзуге рұқсат бередi.
327-бап. Тасымалдаушының кедендiк транзит кедендiк
рәсiмi кезiндегi мiндеттерi
Кедендiк транзит кедендiк рәсiмiне сәйкес тауарларды тасымалдау кезiнде тасымалдаушы осы кедендiк рәсiмiнiң декларанты болып табылатындығына қарамастан:
1) тауарларды және оларға арналған құжаттарды жөнелтiмнiң кеден органы белгiлеген мерзiмдерде, егер бағыт белгiленген болса, белгiлi бiр бағыт бойынша жүре отырып, тауарларды жеткiзу орнына жеткiзуге;
2) тауарлардың, кедендiк пломбалар мен мөрлердiң не, егер қолданылған болса, өзге де сәйкестендiру құралдарының сақталуын қамтамасыз етуге;
3) осы Кодекстiң 326-бабының 1-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, кедендiк транзит кедендiк рәсiмiне сәйкес тасымалданатын тауарларды түсiруге, қайта тиеуге (қайта түсiруге) және олармен жасалатын өзге де жүк операцияларына, сондай-ақ мұндай тауарларды тасымалдайтын халықаралық тасымалдау көлiк құралдарын ауыстыруға кеден органдарының рұқсатынсыз жол бермеуге мiндеттi.
328-бап. Тасымалдаушының жауапкершiлiгi
1. Тауарларды және оларға арналған құжаттарды кеден органына жеткiзбеген кезде тасымалдаушы Қазақстан Республикасының заңдарына немесе кеден органы тауарларды кедендiк транзит кедендiк рәсiмiмен орналастырған кеден одағына мүше мемлекеттiң заңнамасына сәйкес жауапты болады.
2. Осы баптың 1-тармағында көрсетiлген жағдайды қоспағанда, тасымалдаушы кедендiк транзит кедендiк рәсiмiне сәйкес тауарларды Қазақстан Республикасының аумағына тасымалдау кезiнде мiндеттерiн орындамағаны немесе тиiсiнше орындамағаны үшiн Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
329-бап. Кедендiк транзит кедендiк рәсiмiн аяқтау
1. Кедендiк транзит кедендiк рәсiмi тауарлар жөнелтiмiнiң кеден органы белгiлеген жеткiзу орнына жеткiзгеннен кейiн аяқталады.
2. Кедендiк транзит кедендiк рәсiмi аяқталғанға дейiн тауарларды жеткiзу орындарындағы тауарлар кедендiк бақылау аймағына орналастырылады.
Тауарларды кедендiк бақылау аймағына орналастыруға тәулiктiң кез келген уақытында жол берiледi.
3. Кедендiк транзит кедендiк рәсiмiн аяқтау үшiн тасымалдаушы жеткiзу межеленген кеден органына транзиттiк декларацияны, сондай-ақ өзiнде бар басқа да құжаттарды:
автомобиль көлiгiмен тасымалданатын тауарларға қатысты олардың тауарларды жеткiзу орнына келген кезiнен бастап бiр сағат iшiнде, ал тауарлар кеден органының белгiленген жұмыс уақытынан тыс келген жағдайда осы кеден органының жұмыс уақыты басталған кезден бастап екi сағат iшiнде;
су, әуе кемелерiн және темiржол көлiгiн пайдалана отырып тасымалданатын тауарларға қатысты, көлiк құралдары тауарлар жеткiзiлетiн жерге әкелiнген кезден бастап жеткiзу межеленген кеден органының келесi жұмыс күнiнiң аяқталу уақытынан кешiктiрмей табыс етуге мiндеттi.
Кеден органының талабы бойынша тасымалдаушы тауарларды көрсетуге мiндеттi.
4. Жеткiзу межеленген кеден органы тасымалдаушы осы баптың 3-тармағында көрсетiлген құжаттарды табыс еткен кезден бастап бiр сағат iшiнде олардың берiлуiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен тiркейдi.
5. Жеткiзу межеленген кеден органы кедендiк транзит кедендiк рәсiмiн мүмкiндiгiнше қысқа мерзiмде, бiрақ құжаттарды тiркегеннен кейiн жиырма төрт сағаттан кешiктiрмей транзиттiк декларацияда немесе транзиттiк декларация ретiнде танылатын өзге де құжаттарда кедендiк транзит кедендiк рәсiмiн аяқтау туралы белгi қою жолымен аяқтайды.
Кеден органдарының кедендiк транзит кедендiк рәсiмiн аяқтауды ресiмдеу тәртiбi Кеден одағы комиссиясының шешiмiмен айқындалады.
6. Кедендiк транзит кедендiк рәсiмiн аяқтағаннан кейiн үш сағат iшiнде тасымалдаушы немесе өзге де мүдделi тұлға тауарларды уақытша сақтауға орналастыруға немесе оларды кедендiк рәсiмге сәйкес кедендiк декларациялауға байланысты кедендiк операцияларды жасауға мiндеттi.
Темiржол немесе су көлiгiмен тасымалданатын тауарлардың кедендiк транзит кедендiк рәсiмi аяқталғаннан кейiн тасымалдаушы немесе өзге де мүдделi тұлға тағайындалған кеден органының келесi жұмыс күнiнiң аяқталу уақытынан кешiктiрмей тауарларды уақытша сақтауға орналастыруға немесе оларды кедендiк рәсiмге сәйкес кедендiк декларациялауға байланысты кедендiк операцияларды жасауға мiндеттi.
Тауарларды уақытша сақтауға орналастырғанға немесе оларды кедендiк рәсiмге сәйкес кедендiк декларациялағанға дейiн тауарлар кедендiк бақылау аймағында болуға тиiс.
Осы тармақтың ережелерi кеден одағының кедендiк аумағынан әкетiлетiн тауарларға қатысты кету орнында кедендiк рәсiмдi аяқтау кезiнде қолданылмайды.
330-бап. Кедендiк транзит кедендiк рәсiмi кезiндегi
авария, еңсерiлмейтiн күштiң әсерi немесе өзге
де жағдайлар кезiнде қолданылатын шаралар
1. Кедендiк транзит кедендiк рәсiмiне сәйкес тауарларды тасымалдауға кедергi болатын авариялар, еңсерiлмейтiн күштiң әсерi немесе өзге де жағдайлар кезiнде тасымалдаушы тауарлар мен көлiк құралдарының сақталуын қамтамасыз ету үшiн барлық шараларды қолдануға, жақын кеден органына осы жағдайлар және тауарлардың тұрған жерi туралы дереу хабарлауға, сондай-ақ тауарлардың орнын ауыстыруға немесе оларды жақын кеден органына не кеден органы көрсеткен өзге жерге тасымалдауды қамтамасыз етуге (егер оның көлiк құралы бұзылған болса) мiндеттi. Осы жағдайлар туралы хабар алған кеден органы кедендiк транзит кедендiк рәсiмiне сәйкес тауарларды тасымалдауға кедергi болатын жағдайлар туралы жөнелтiмнiң кеден органын және жеткiзу межеленген кеден органын хабардар етуге мiндеттi.
2. Осы баптың 1-тармағының талаптарын сақтауға байланысты тасымалдаушы шеккен шығыстарды кеден органдары өтемейдi.
331-бап. Кедендiк транзит кедендiк рәсiмiмен
орналастырылатын (орналастырылған) шетелдiк
тауарларға қатысты кедендiк әкелу баждарын,
салықтарды төлеу жөнiндегi мiндеттiң туындауы
мен тоқтатылуы және оларды төлеу мерзiмi
1. Декларанттың кедендiк транзит кедендiк рәсiмiмен орналастырылатын шетелдiк тауарларға қатысты кедендiк әкелу баждарын, салықтарды төлеу жөнiндегi мiндет кеден органының транзиттiк декларацияны тiркеген кезiнен бастап туындайды.
2. Декларанттың кедендiк транзит кедендiк рәсiмiмен орналастырылатын (орналастырылған) шетелдiк тауарларға қатысты кедендiк әкелу баждарын, салықтарды төлеу жөнiндегi мiндетi:
1) осы рәсiм қолданылған уақытта кедендiк әкелу баждарын, салықтарды төлеу мерзiмi туындаған жағдайды қоспағанда, осы Кодекстiң 329-бабының 6-тармағына сәйкес кедендiк транзит кедендiк рәсiмi аяқталған кезде;
2) осы Кодекстiң 129-бабының 2-тармағында белгiленген жағдайларда тоқтатылады.
3. Шетелдiк тауарлар кеден органы белгiленген жеткiзу орнына жеткiзiлмеген жағдайда, кедендiк әкелу баждарын, салықтарды төлеу мерзiмi:
1) егер шетелдiк тауарлардың жеткiзiлмеуi тасымалдаушының тауарларды кеден органының рұқсатынсыз алушыға немесе өзге де тұлғаға беру себебiнен болса, – осылай беру күнi, ал егер бұл күн анықталмаса, – кеден органының транзиттiк декларацияны тiркеген күнi;
2) егер шетелдiк тауарлардың жеткiзiлмеуi авария немесе еңсерiлмейтiн күш әсерi салдарынан не тасудың (тасымалдаудың) және сақтаудың қалыпты жағдайы кезiндегi табиғи кему нәтижесiнде жойылуды (бiржола жоғалуды) қоспағанда, тауарларды жоғалту себебiнен болса, – осылай жоғалту күнi, ал егер бұл күн анықталмаса, – кеден органының транзиттiк декларацияны тiркеген күнi;
3) егер шетелдiк тауарлардың жеткiзiлмеуi өзге де себептерден болса, – кеден органының транзиттiк декларацияны тiркеген күнi болып есептеледi.
4. Кедендiк әкелу баждары, салықтар тауарларды iшкi тұтыну үшiн шығарудың кедендiк рәсiмiмен орналастырған кезде төленуге жататын, кеден органы транзиттiк декларацияны тiркеген күнге есептелген кедендiк әкелу баждарының, салықтардың сомаларына сәйкес келетiн мөлшерде төленуге жатады.
5. Осы баптың 3 және 4-тармақтарына сәйкес төленген немесе өндiрiп алынған кедендiк әкелу баждарын, салықтарды төлеу бойынша мiндеттер осы баптың 2-тармағының 1) тармақшасына сәйкес тоқтатылған кезде кедендiк әкелу баждары, салықтар осы Кодекске сәйкес белгiленген тәртiппен қайтарылуға (есепке жатқызылуға) жатады.
6. Егер осы Кодекстiң 143-бабының 3-тармағына сәйкес кедендiк баждарды, салықтарды төлеудi қамтамасыз етудi кедендiк транзит кедендiк рәсiмiнiң декларанты емес, өзге тұлға берген болса, осы баптың 3-тармағында көзделген жағдайларда кедендiк әкелу баждарын, салықтарды төлеу жөнiндегi мiндет декларантпен ортақ осындай тұлғада туындайды.
332-бап. Кедендiк транзит кедендiк рәсiмiмен
орналастырылатын (орналастырылған) кеден
одағының тауарларына қатысты кедендiк әкету
баждарын төлеу жөнiндегi мiндеттiң туындауы
мен тоқтатылуы және оларды төлеу мерзiмi
1. Декларанттың кедендiк транзит кедендiк рәсiмiмен орналастырылатын кеден одағының тауарларына қатысты кедендiк әкету баждарын төлеу жөнiндегi мiндетi осы Кодекстiң 319-бабы 2-тармағының 5) тармақшасына сәйкес кеден органы транзиттiк декларацияны тiркеген кезден бастап туындайды.
2. Декларанттың кедендiк транзит кедендiк рәсiмiмен орналастырылатын (орналастырылған) кеден одағының тауарларына қатысты кедендiк әкету баждарын төлеу жөнiндегi мiндетi:
1) осы рәсiм қолданылған уақытта кедендiк әкелу баждарын, салықтарды төлеу мерзiмi туындаған жағдайды қоспағанда, осы Кодекстiң 329-бабының 6-тармағына сәйкес кедендiк транзит кедендiк рәсiмi аяқталған кезде;
2) осы Кодекстiң 129-бабының 2-тармағында белгiленген жағдайларда тоқтатылады.
3. Тауарлар кеден органы белгiлеген жеткiзу орнына жеткiзiлмеген жағдайда кедендiк әкету баждарын төлеу мерзiмi кеден органының транзиттiк декларацияны тiркеген күнi болып есептеледi.
4. Кедендiк әкету баждары тауарларды экспорттың кедендiк рәсiмiмен орналастырған кезде төленуге жататын, кеден органы транзиттiк декларацияны тiркеген күнге есептелген кедендiк әкету баждарының сомаларына сәйкес келетiн мөлшерде төленуге жатады.
5. Осы баптың 3 және 4-тармақтарына сәйкес төленген немесе өндiрiп алынған кедендiк әкету баждарын төлеу бойынша мiндеттер осы баптың 2-тармағының 1) тармақшасына сәйкес тоқтатылған кезде кедендiк әкету баждары осы Кодекске сәйкес белгiленген тәртiппен қайтарылуға (есепке жатқызылуға) жатады.
39-тарау. Кеден қоймасы кедендiк рәсiмi
333-бап. Кеден қоймасы кедендiк рәсiмiнiң мазмұны
Белгiленген мерзiм iшiнде кедендiк баждар, салықтар төленбей және тарифтiк емес реттеу шаралары қолданылмай шетелдiк тауарлар кеден қоймасында кедендiк бақылаумен сақталатын кездегi кедендiк рәсiм кеден қоймасы болып табылады.
334-бап. Тауарларды кеден қоймасы кедендiк рәсiмiмен
орналастыру шарттары
1. Кеден қоймасының кедендiк рәсiмiмен:
жарамдылық және (немесе) өткiзiлу мерзiмi оларды кеден қоймасының кедендiк рәсiмiне сәйкес кедендiк декларациялау күнiне күнтiзбелiк бiр жүз сексен күннен аз мерзiмдi құрайтын тауарларды;
тiзбесi Кеден одағы комиссиясының шешiмiмен айқындалатын тауарларды қоспағанда, кез келген шетелдiк тауарлар орналастырылуы мүмкiн.
2. Кеден қоймасының кедендiк рәсiмiмен бұрын өзге кедендiк рәсiмдермен орналастырылған тауарлар орналастырылуы мүмкiн.
3. Кеден қоймасының кедендiк рәсiмiмен осы Кодексте көзделген жағдайларда уақытша әкелудiң немесе кедендiк аумақта қайта өңдеудiң кедендiк рәсiмдерiнiң қолданылуын тоқтата тұру мақсатында шетелдiк тауарлар орналастырылуы мүмкiн.
4. Көлемiнiң үлкендiгiне орай, кеден қоймасына орналастыру мүмкiн болмайтын, бұған кеден органының жазбаша нысандағы рұқсаты болған кезде, тауарларды кеден қоймасына iс жүзiнде орналастырмай, кеден қоймасы кедендiк рәсiмiмен орналастыруға жол берiледi.
Тауарларды кеден қоймасына iс жүзiнде орналастырмай осы кедендiк рәсiммен қойған кезде осы Кодекстiң 16-тарауына сәйкес кедендiк баждардың, салықтардың төленуiн қамтамасыз ету ұсынылады.
335-бап. Тауарларды кеден қоймасында сақтау мерзiмi
1. Тауарларды кеден қоймасында сақтау мерзiмi тауарларды кеден қоймасының кедендiк рәсiмiмен орналастырған күннен бастап үш жылдан аспайды.
2. Жарамдылық және (немесе) сату мерзiмi шектеулi тауарлар көрсетiлген мерзiм аяқталғанға дейiн күнтiзбелiк бiр жүз сексен күннен кешiктiрiлмей өзге кедендiк рәсiммен орналастырылуға тиiс.
3. Кеден қоймасында сақталу мерзiмi өткен тауарларды кеден органдары осы Кодекстiң 26-тарауына сәйкес ұстайды.
4. Тауарларды кеден қоймасының кедендiк рәсiмiмен бiрнеше мәрте орналастырған кезде, оның iшiнде осы рәсiмнiң декларанттары әр түрлi тұлғалар болғанда тауарларды кеден қоймасында жалпы сақтау мерзiмiн осы баптың 1-тармағында көзделген мерзiмнен асыруға болмайды.
336-бап. Кеден қоймасы кедендiк рәсiмiмен орналастырылған
тауарлармен жасалатын операциялар
1. Тауарларға қатысты өкiлеттiктерi бар тұлғалар немесе олардың өкiлдерi бұл операциялар тауарлардың жай-күйiнiң өзгеруiне, олардың орамаларының және (немесе) сәйкестендiру құралдарының бұзылуына әкеп соқпайтын жағдайда, кеден қоймасы кедендiк рәсiмiмен орналастырылған тауарлармен олардың сақталуын қамтамасыз ету үшiн қажеттi кәдуiлгi операцияларды жасауға, оның iшiнде тауарларды қарауға және өлшеуге, оларды кеден қоймасы шегiнде ауыстыруға құқылы.
2. Кеден органының рұқсатымен кеден қоймасының кедендiк рәсiмiмен орналастырылған тауарлармен қарапайым жинақтау операциялары, сондай-ақ:
сынамалар мен үлгiлердi iрiктеп алу;
партияны бөлшектеудi, жөнелтiмдердi қалыптастыруды, сұрыптауды, орауды, қайта орауды, таңбалауды, тауар түрiн жақсарту жөнiндегi операцияларды қоса алғанда, тауарларды сатуға және тасымалдауға дайындау жөнiндегi операциялар жасалуы мүмкiн.
3. Кеден қоймасының кедендiк рәсiмiмен орналастырылған тауарлармен жасалатын барлық операциялар Сыртқы экономикалық қызметтiң тауар номенклатурасы бойынша сыныптау кодының өзгеруiне байланысты осы тауарлардың сипаттамасын өзгертпеуге тиiс.
4. Кеден қоймасының кедендiк рәсiмiмен орналастырылған тауарлардың барлығына немесе бiр бөлiгiне қатысты осы тауарларды иелену, пайдалану және (немесе) оларға билiк ету құқықтарын берудi көздейтiн мәмiлелер жасалуы мүмкiн.
337-бап. Кеден қоймалары және олардың түрлерi
1. Кеден қоймасы кедендiк рәсiмiне сәйкес тауарларды сақтауға арналған арнайы белгiленген және жайластырылған құрылыс, үй-жай және (немесе) ашық алаң кеден қоймасы болып танылады.
2. Кеден қоймалары ашық немесе жабық үлгiде болуы мүмкiн.
Егер олар кез келген тауарларды сақтау және тауарларға қатысты өкiлеттiктердi иеленген кез келген тұлғалардың пайдалануы үшiн қолжетiмдi болса, кеден қоймалары ашық үлгiдегi қоймалар болып табылады.
Егер олар кеден қоймасы иесiнiң тауарларын сақтауға арналған болса, кеден қоймалары жабық үлгiдегi қоймалар болып табылады.
3. Кеден қоймаларын орналастыру, жайластыру және жабдықтау жөнiндегi талаптар, сондай-ақ олардың құрылу және жұмыс iстеу тәртiбi осы Кодекстiң 46 – 51-баптарында белгiленген.
4. Кеден органдары кеден қоймалары иелерiнiң тiзiлiмiн жүргiзедi және оларды мерзiмдi жариялауды, оның iшiнде ақпараттық технологияларды пайдалана отырып қамтамасыз етедi.
338-бап. Тауарларды кеден қоймасында сақтау
1. Басқа тауарларға зиян келтiруi мүмкiн немесе сақтаудың айрықша жағдайларын талап ететiн тауарлар, мұндай тауарларды сақтау талаптарына сәйкес жабдықталған кеден қоймаларында орналастырылуға тиiс.
2. Кеден қоймасында экспорттың кедендiк рәсiмiмен орналастырылған кеден одағының тауарларын алты ай бойы сақтауға жол берiледi.
3. Кеден қоймасының жұмыс iстеуi тоқтатылған жағдайда, кеден қоймасының кедендiк рәсiмiмен орналастырылған тауарлар осы қойманың жұмыс iстеуiн тоқтату туралы шешiм қабылданған күннен кейiнгi күннен бастап күнтiзбелiк алпыс күн iшiнде басқа кеден қоймасына тасымалдануға не осы Кодекске сәйкес өзге кедендiк рәсiмге орналастырылуға тиiс.
Күнтiзбелiк алпыс күн iшiнде осы тармақтың бiрiншi бөлiгiнде көрсетiлген iс-әрекеттер жасалмаған кезде, тауарларды кеден органдары осы Кодекстiң 26-тарауына сәйкес ұстайды.
339-бап. Кеден қоймасында сақтаған кезеңде еңсерiлмейтiн
күш әсерiнiң салдарынан жарамсыз болған,
бүлiнген немесе бұзылған тауарларды
өзге кедендiк рәсiмге орналастыру
Кеден қоймасында сақталған кезеңде еңсерiлмейтiн күш әсерi салдарынан жарамсыз болған, бүлiнген немесе бұзылған тауарлар, егер олар жарамсыз, бүлiнген немесе бұзылған күйiнде әкелiнген болса, декларант таңдап алған кедендiк рәсiмге орналастырылуға жатады.
340-бап. Кеден қоймасы кедендiк рәсiмi қолданылуының
аяқталуы
1. Кеден қоймасы кедендiк рәсiмiнiң қолданылуы тауарлардың кеден қоймасында сақталу мерзiмi өткенге дейiн тауарларды өзге кедендiк рәсiмге орналастырумен аяқталады.
Кеден қоймасының кедендiк рәсiмiмен орналастырылған тауарлар өзге кедендiк рәсiмге толық немесе бөлшектелiп орналастырылуы мүмкiн.
2. Тауарларды өзге кедендiк рәсiмге орналастырғаннан кейiн бұл тауарлар оларды өзге кедендiк рәсiмге орналастырған күннен кейiнгi күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде кеден қоймасынан әкетiлуге жатады.
341-бап. Кеден қоймасы кедендiк рәсiмiмен
орналастырылатын (орналастырылған) тауарларға
қатысты кедендiк әкелу баждарын, салықтарды
төлеу жөнiндегi мiндеттiң туындауы мен
тоқтатылуы және оларды төлеу мерзiмi
1. Кеден қоймасы кедендiк рәсiмiмен орналастырылатын шетелдiк тауарларға қатысты кедендiк әкелу баждарын, салықтарды төлеу жөнiндегi мiндет:
1) декларантта – кеден органы кедендiк декларацияны тiркеген кезден бастап;
2) кеден қоймасының иесiнде – тауарларды кеден қоймасына орналастырған кезден бастап туындайды.
2. Кеден қоймасы кедендiк рәсiмiмен орналастырылатын (орналастырылған) шетелдiк тауарларға қатысты кедендiк әкелу баждарын, салықтарды төлеу жөнiндегi мiндет:
1) декларантта – тауарларды кеден қоймасына орналастыру кезiнде не, егер тауарларды сақтау кеден қоймасында жүзеге асырылмаса, тауарларды өзге кедендiк рәсiмге орналастыру кезiнде;
2) кеден қоймасының иесiнде – оларды өзге кедендiк рәсiмге орналастыруға байланысты тауарларды кеден қоймасынан беру кезiнде;
3) осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көрсетiлген тұлғаларда – тауарлар осы Кодекстiң 26-тарауына сәйкес ұсталғанда, сондай-ақ осы Кодекстiң 129-бабының 2-тармағында белгiленген жағдайларда тоқтатылады.
3. Кедендiк әкелу баждарын, салықтарды төлеу мерзiмi:
1) декларантта:
авария немесе еңсерiлмейтiн күш әсерi салдарынан жойылуды (бiржола жоғалуды) не тасымалдаудың (тасымалдың) және сақтаудың қалыпты жағдайы кезiндегi табиғи кемудi қоспағанда, тауарларды кеден қоймасына орналастырғанға дейiн жоғалтқан жағдайда, – осындай жоғалту күнi, ал егер бұл күн анықталмаса, – кеден органының тауарларды кеден қоймасының кедендiк рәсiмiмен орналастыру үшiн ұсынылған кедендiк декларацияны тiркеген күнi;
авария немесе еңсерiлмейтiн күш әсерi салдарынан жойылуды (бiржола жоғалуды) не тасымалдаудың (тасымалдың) және сақтаудың қалыпты жағдайы кезiндегi табиғи кемудi қоспағанда, егер тауарларды сақтау кеден қоймасында жүзеге асырылмаса, тауарларды өзге кедендiк рәсiммен орналастырғанға дейiн жоғалтқан немесе өзге тұлғаға берген жағдайда, – осындай жоғалту күнi, ал егер бұл күн анықталмаса, – кеден органының тауарларды кеден қоймасының кедендiк рәсiмiмен орналастыру үшiн берiлген кедендiк декларацияны тiркеген күнi;
2) кеден қоймасының иесiнде:
авария немесе еңсерiлмейтiн күш әсерi салдарынан жойылуды (бiржола жоғалуды) не сақтаудың қалыпты жағдайы кезiндегi табиғи кемудi қоспағанда, тауарларды жоғалтқан жағдайда, – тауарлардың жоғалған күнi, ал егер бұл күн анықталмаса, – тауарлардың кеден қоймасына орналастырылған күнi;
мұндай тауарларға қатысты кедендiк рәсiммен орналастырылуын растайтын құжаттарды табыс етпей тауарларды кеден қоймасынан берген жағдайда, – беру күнi, ал егер бұл күн анықталмаса, – тауарлар кеден қоймасына орналастырылған күн болып есептеледi.
4. Кедендiк әкелу баждары, салықтар тарифтiк артықшылықтарды және кедендiк баждарды, салықтарды төлеу жөнiндегi жеңiлдiктердi ескермей, тауарларды iшкi тұтыну үшiн шығарудың кедендiк рәсiмiмен орналастыру кезiнде төленуге жататын, кеден органының тауарларды кеден қоймасы кедендiк рәсiмiмен орналастыру үшiн берiлген кедендiк декларацияны тiркеу күнiне есептелген кедендiк әкелу баждарының, салықтардың сомасына сәйкес келетiн мөлшерде төленуге жатады.
342-бап. Тауарлар кеден қоймасында сақталғаннан кейiн
олар iшкi тұтыну үшiн шығару кедендiк рәсiмiмен
орналастырылған кезде кедендiк баждарды,
салықтарды есептеу ерекшелiктерi
Тауарлар кеден қоймасында сақталғаннан кейiн олар iшкi тұтыну үшiн шығару кедендiк рәсiмiмен орналастырылған кезде осы Кодекске сәйкес кедендiк баждарды, салықтарды есептеу мақсатында тауарлардың кедендiк құны және (немесе) олардың табиғи көрiнiсiндегi (саны, массасы, көлемi немесе өзге де сипаттамасы) физикалық сипаттамасы кеден органының тауарларды iшкi тұтыну үшiн шығару кедендiк рәсiмiмен орналастыру үшiн берiлген кедендiк декларацияны тiркеген күнiне олар осы күнi кеден одағының кедендiк аумағына әкелiнгенiндей болып айқындалады.
40-тарау. Кедендiк аумақта қайта өңдеу кедендiк рәсiмi
343-бап. Кедендiк аумақта қайта өңдеу кедендiк
рәсiмiнiң мазмұны
1. Кедендiк аумақта қайта өңдеу – шетелдiк тауарлар кедендiк әкелу баждарын, салықтарды төлеуден толық шартты түрде босатыла отырып және кейiннен қайта өңдеу өнiмдерiнiң кеден одағының аумағынан тысқары әкетiлуiмен тарифтiк емес реттеу шараларын қолданбай, белгiленген мерзiмдерде кеден одағының кедендiк аумағында қайта өңдеу жөнiндегi операцияларды жасау үшiн пайдаланылатын кедендiк рәсiм.
2. Кедендiк аумақта қайта өңдеу кедендiк рәсiмiмен орналастырылған тауарлар шетелдiк тауарлар мәртебесiн сақтайды, ал тауарларды қайта өңдеу жөнiндегi операция нәтижесiнде алынған тауарлар шетелдiк тауарлар мәртебесiне ие болады.
3. Шетелдiк тауарларды қайта өңдеу жөнiндегi операцияларды жасау кезiнде кеден одағының тауарларын пайдалануға жол берiледi.
344-бап. Тауарларды кедендiк аумақта қайта өңдеу кедендiк
рәсiмiмен орналастырудың шарттары
1. Тауарларды кедендiк аумақта қайта өңдеу кедендiк рәсiмiмен орналастыруға:
1) кеден одағына мүше мемлекеттiң уәкiлеттi органы берген және осы Кодекстiң 348-бабында айқындалған мәлiметтерi бар тауарларды кедендiк аумақта қайта өңдеудiң шарттары туралы құжат табыс етiлген жағдайда жол берiледi.
Егер тауарларды кедендiк аумақта қайта өңдеу кедендiк рәсiмiмен орналастыру мақсаты оларды жөндеу болып табылса, декларант осы тармақшаның бiрiншi бөлiгiнде көрсетiлген құжат ретiнде кедендiк декларацияны пайдалануға құқылы;
2) осы Кодекстiң 352-бабына сәйкес балама тауарлармен ауыстыру жағдайын қоспағанда, кеден органдарының шетелдiк тауарларды олардың қайта өңдеу өнiмдерiне сәйкестендiру мүмкiндiгi болған жағдайда жол берiледi.
2. Кеден одағының комиссиясы кедендiк аумақта қайта өңдеу кедендiк рәсiмiмен орналастыруға тыйым салынған тауарлардың тiзбесiн анықтауға құқылы.
345-бап. Кедендiк аумақта қайта өңдеу жөнiндегi
операциялар
1. Кедендiк аумақта қайта өңдеудiң кедендiк рәсiмiнде тауарларды қайта өңдеу жөнiндегi операциялар:
1) қайта өңдеген немесе өңдеген кезде шетелдiк тауарлар өздерiнiң дара сипаттамаларын жоғалтатын қайта өңдеудi немесе өңдеудi;
2) монтаждауды, жинауды, бөлшектеудi және шақтауды қоса алғанда, тауарларды дайындауды;
3) қалпына келтiрудi, құрамдас бөлшектердi ауыстыруды қоса алғанда, тауарларды жөндеудi;
4) егер тауарлар қайта өңдеу процесiнде толық немесе iшiнара тұтынылатын болса, қайта өңдеу өнiмдерiнiң өндiрiсiне жәрдемдесетiн немесе оны жеңiлдететiн тауарлардың шикiзаты ретiнде пайдалануды қамтиды. Бұл операция осы тармақтың 1) – 3) тармақшаларында көрсетiлген операциялардың бiрiмен бiр мезгiлде жасалуы тиiс.
2. Тауарларды қайта өңдеу жөнiндегi операцияларға:
1) тауарларды сатуға және тасымалдауға дайындау кезiнде олардың сақталуын қамтамасыз ету жөнiндегi операциялар;
2) төл алу, жануарларды, құстарды, балықтарды өсiру және бордақылау, сондай-ақ шаян тәрiздестер мен моллюскiлер өсiру;
3) ағаштар мен өсiмдiктердi өсiру;
4) ақпаратты, дыбыс және бейне жазбаларды ақпарат жеткiзгiштердiң кез келген түрлерiне көшiру және көбейту;
5) технологиялық процесте шетелдiк тауарларды көмекшi құралдар (жабдықтар, станоктар, керек-жарақтар және басқасы) ретiнде пайдалану жатпайды.
346-бап. Шетелдiк тауарларды қайта өңдеу өнiмдерiнде
сәйкестендiру
Шетелдiк тауарларды қайта өңдеу өнiмдерiнде сәйкестендiру мақсатында мынадай тәсiлдер пайдаланылуы мүмкiн:
1) декларанттың, қайта өңдеудi жүзеге асыратын тұлғаның немесе кеден органдары лауазымды адамдарының бастапқы шетелдiк тауарларға мөрлердi, мөртабандарды, цифрлық және басқа да таңбалауды қоюы;
2) шетелдiк тауарлар ауқымында егжей-тегжейлi сипаттау, фотосуретке түсiру, бейнелеу;
3) шетелдiк тауарлардың және оларды қайта өңдеу өнiмдерiнiң алдын ала iрiктеп алынған сынамаларын, үлгiлерiн салыстыру;
4) тауарлардағы таңбалауды, оның iшiнде сериялық нөмiрлер түрiнде пайдалану;
5) тауарлар сипатын және тауарларды қайта өңдеу жөнiнде жасалатын операцияларды негiзге ала отырып, оның iшiнде тауарларды қайта өңдеу жөнiндегi операцияны жасаудың технологиялық процесiнде шетелдiк тауарларды пайдалану туралы, сондай-ақ қайта өңдеу өнiмдерi өндiрiсiнiң технологиясы туралы табыс етiлген егжей-тегжейлi мәлiметтердi зерттеу жолымен немесе тауарларды қайта өңдеу жөнiндегi операцияларды жасау уақытында кедендiк бақылауды жүзеге асыру жолымен қолданылуы мүмкiн өзге де тәсiлдер.
347-бап. Тауарларды кедендiк аумақта қайта өңдеу
мерзiмi
1. Тауарларды кедендiк аумақта қайта өңдеу мерзiмiн үш жылдан асыруға болмайды.
Тауарларды қайта өңдеу мерзiмiнiң өтуi оларды кедендiк аумақта қайта өңдеудiң кедендiк рәсiмiмен орналастыру күнiнен, ал тауарларды жекелеген партиялармен (бiрнеше партиямен) кедендiк декларациялау кезiнде осы кедендiк рәсiмге тауарлардың бiрiншi партиясын орналастыру күнiнен басталады.
Кеден одағы комиссиясының шешiмiмен тауарлардың жекелеген санаттары үшiн тауарларды кедендiк аумақта қайта өңдеудiң неғұрлым ұзақ мерзiмi айқындалуы мүмкiн.
2. Тауарларды кедендiк аумақта қайта өңдеу мерзiмi:
1) тауарларды қайта өңдеудiң өндiрiстiк процесiнiң ұзақтығын;
2) қайта өңдеу өнiмдерiн iс жүзiнде әкету және шетелдiк тауарлардың қалдықтарына және ұсақ-түйек қалдықтарына билiк етуге байланысты кедендiк операцияларды жасау үшiн қажеттi уақытты қамтиды.
3. Тауарларды кедендiк аумақта қайта өңдеу мерзiмi осы баптың
1-тармағында белгiленген мерзiм шегiнде ұзартылуы мүмкiн.
4. Тауарларды қайта өңдеу мерзiмiн үш жыл шегiнде ұзарту туралы мәселенi шешу үшiн декларант бақылауды жүзеге асырушы кеден органына қайта өңдеу мерзiмiнiң аяқталуынан кешiктiрмей қайта өңдеу мерзiмiн ұзартудың орындылығын растайтын құжаттарды қоса бере отырып, осындай ұзартудың қажеттiлiгi туралы жазбаша өтiнiш бередi.
Декларанттың тауарларды қайта өңдеу мерзiмiн ұзарту туралы өтiнiшiн кеден органы өтiнiштi тiркеген күннен бастап он жұмыс күнi iшiнде қарауы тиiс. Көрсетiлген кезеңге қайта өңдеу мерзiмi тоқтатыла тұрады. Кеден органы қайта өңдеудiң мерзiмiн ұзарту туралы шешiм қабылдаған жағдайда, көрсетiлген мерзiм осындай шешiмдi қабылдаған күнге қарамастан алдыңғы мерзiм аяқталған күннен бастап ұзартылады.
Осы тарауда көзделген шарттар мен шектеулердi декларант сақтамаған жағдайда, тауарларды қайта өңдеу мерзiмiн ұзартудан бас тартылуы мүмкiн.
Кеден одағының кедендiк аумағында тауарларды қайта өңдеудiң мерзiмiн ұзарту туралы не осындай ұзартудан бас тарту туралы кеден органының шешiмi декларанттың назарына жазбаша түрде жеткiзiледi.
Бұл ретте кеден одағының кедендiк аумағында тауарларды қайта өңдеудiң мерзiмiн ұзарту кезiнде кеден органындағы кедендiк декларация данасының бiрiншi парағының келесi жағында мерзiмдi ұзарту туралы белгi және күнi қойылады. Көрсетiлген белгiнi кеден органының лауазымды адамы қолымен, жеке нөмiрлiк мөрiмен растайды.
Қайта өңдеудiң мерзiмiн ұзартудан бас тартылған жағдайда, кедендiк аумақта қайта өңдеудiң кедендiк рәсiмiмен орналастырылған тауарлар кеден органы осындай бас тарту туралы шешiм қабылдаған күннен бастап он бес жұмыс күнi iшiнде өзге кедендiк рәсiммен орналастырылуға жатады.
348-бап. Тауарларды кедендiк аумақта қайта өңдеу шарттары
туралы құжат
1. Тауарларды кедендiк аумақта қайта өңдеу шарттары туралы Қазақстан Республикасының уәкiлеттi мемлекеттiк органы беретiн құжатты кез келген тұлға ала алады.
2. Тауарларды кедендiк аумақта қайта өңдеу шарттары туралы құжатта:
1) құжат берiлген тұлға;
2) қайта өңдеу жөнiндегi операцияларды тiкелей жасайтын тұлға (тұлғалар);
3) шетелдiк тауарлардың және оларды қайта өңдеу өнiмдерiнiң Сыртқы экономикалық қызметтiң тауар номенклатурасына сәйкес атауы, сыныптамасы, олардың саны мен құны;
4) сыртқы экономикалық мәмiленiң жасалғанын растайтын құжаттар не сыртқы экономикалық мәмiле шеңберiнен тыс тауарларды иемдену, пайдалану және (немесе) оларға билiк ету құқығын растайтын өзге де құжаттар;
5) қайта өңдеу өнiмдерiнiң шығу нормалары;
6) тауарларды қайта өңдеу жөнiндегi операциялар, оларды жасау тәсiлдерi;
7) тауарларды сәйкестендiру тәсiлдерi;
8) ұсақ-түйек қалдықтар мен қалдықтардың Сыртқы экономикалық қызметтiң тауар номенклатурасына сәйкес атауы, сыныптамасы, олардың саны мен құны;
9) тауарларды кедендiк аумақта қайта өңдеу мерзiмi;
10) егер балама тауарлармен ауыстыруға жол берiлсе, осындай ауыстыру;
11) қалдықтарды одан әрi коммерциялық пайдалану мүмкiндiктерi;
12) тауарларды кедендiк аумақта қайта өңдеу кедендiк рәсiмiмен орналастыру және осы кедендiк рәсiмдi аяқтау болжанатын кеден органы (кеден органдары) туралы мәлiметтер болуға тиiс.
3. Тауарларды кедендiк аумақта қайта өңдеудiң шарттары туралы құжат, осы баптың 2-тармағында көзделген мәлiметтерден басқа, егер бұл Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленсе, өзге де мәлiметтердi қамтуы мүмкiн.
Әкету кезiнде тарифтiк емес реттеу шаралары қолданылатын және (немесе) кедендiк баждар алынатын кеден одағының тауарларын пайдаланылған жағдайда, Қазақстан Республикасының уәкiлеттi мемлекеттiк органының кедендiк аумағында тауарларды қайта өңдеу шарттары туралы құжатта кеден одағының Сыртқы экономикалық қызметтiң тауар номенклатурасына сәйкес тауарлардың атауы, сыныптамасы, қайта өңдеу өнiмдерiнiң шығу нормасы, тауарлардың саны мен құны көрсетiлуге тиiс.
4. Тауарларды кедендiк аумақта қайта өңдеудiң шарттары туралы құжатты беру, оған өзгерiстер немесе толықтырулар енгiзу, сондай-ақ оны керi қайтарып алу (жою) нысаны мен тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.
5. Шетелдiк тауарларды кедендiк аумақта қайта өңдеу кедендiк рәсiмiне сәйкес шығаруды уәкiлеттi органы тауарларды кедендiк аумақта қайта өңдеудiң шарттары туралы құжат берген кеден одағына мүше мемлекеттiң кеден органы жүзеге асырады.
349-бап. Кедендiк аумақта қайта өңдеу өнiмдерiнiң
шығу нормалары
1. Қайта өңдеу өнiмдерiнiң шығу нормасы деп шетелдiк тауарлардың белгiлi бiр санын қайта өңдеу нәтижесiнде пайда болған қайта өңдеу өнiмдерiнiң саны немесе пайыздық құрамы түсiнiледi.
2. Егер кедендiк аумақта қайта өңдеу жөнiндегi операциялар сипаттамалары негiзiнен тұрақты болып қалатын, әдетте анық белгiленген техникалық талаптарға сәйкес жүзеге асырылатын және қайта өңдеудiң өзгермеген сападағы өнiмдерiн алуға әкелетiн тауарларға қатысты жасалса, Қазақстан Республикасының құзыреттi органдары қайта өңдеу өнiмдерiнiң стандартты шығу нормаларын белгiлеуi мүмкiн.
350-бап. Тауарларды кедендiк аумақта қайта өңдеу
нәтижесiнде пайда болған қалдықтар және
өндiрiстiк ысыраптар
1. Шетелдiк тауарларды кедендiк аумақта қайта өңдеу нәтижесiнде пайда болған қалдықтар, оларды одан әрi коммерциялық пайдалану үшiн жарамсыз күйге қайта өңделген жағдайды қоспағанда, өзге кедендiк рәсiмге орналастырылуға жатады. Бұл ретте қалдықтар деп қайта өңдеу өнiмдерiнен басқа, шетелдiк тауарларды кедендiк аумақта қайта өңдеу жөнiндегi операцияларды жасау нәтижесiнде пайда болған тауарлар түсiндiрiледi.
2. Кеден мақсаты үшiн көрсетiлген қалдықтар кеден одағының кедендiк аумағына осы күйiнде әкелiнген тауарлар ретiнде қарастырылады.
Қалдықтардың кедендiк құнын анықтау ерекшелiктерi Кеден одағы комиссиясының шешiмiмен белгiленедi.
3. Қайта өңдеу жөнiндегi операцияларды жасау нәтижесiнде жиналып қалатын және (немесе) бiржола жоғалатын өндiрiстiк ысыраптар өзге кедендiк рәсiмге орналастырылуға жатпайды. Бұл ретте өндiрiстiк ысыраптар деп қайта өңдеу жөнiндегi операцияларды жасау нәтижесiнде жиналып қалатын және (немесе) бiржола жоғалатын тауарлар түсiндiрiледi.
351-бап. Кедендiк аумақта қайта өңдеу кедендiк рәсiмiмен
орналастырылған тауарлардың қалдықтары
Шығу нормаларына сәйкес қайта өңдеу жөнiндегi операцияларды жасау нәтижесiнде пайда болған тауарлардың қалдықтары өзге кедендiк рәсiмге орналастырылуға жатады. Бұл ретте тауарлардың қалдықтары деп қайта өңдеу жөнiндегi операцияларды жасау кезiнде пайдаланылмаған тауарлар түсiндiрiледi.
352-бап. Балама тауарлармен ауыстыру
1. Кеден органының рұқсатымен кедендiк аумақта қайта өңдеу кедендiк рәсiмiмен орналастырылған шетелдiк тауарларды балама тауарлармен ауыстыруға жол берiледi.
2. Өзiнiң сипаты, сапасы және техникалық сипаттамалары бойынша шетелдiк тауарларға сайма-сай келетiн кеден одағының тауарлары балама тауарлар деп түсiндiрiледi.
Экспорт кедендiк рәсiмiне сәйкес бұрын әкетiлген тауарлардың құрамына енетiн бөлiктердiң, тораптардың, агрегаттардың ақаулы түрлерi кепiлдiк берiлiп жөндеу үшiн әкелiнген жағдайда, өзiнiң сипаттары, сапасы және техникалық сипаттамалары бойынша әкелiнген тауарларға сайма-сай келетiн кеден одағының тауарлары, олардың ақаулы болу және (немесе) тозу жай-күйi ескерiлмей балама тауарлар ретiнде қарастырылады.
3. Балама тауарларды қайта өңдеу нәтижесiнде алынған тауарлар осы тараудың ережелерiне сәйкес шетелдiк тауарларды қайта өңдеу өнiмдерi ретiнде қарастырылады.
4. Балама тауарлар шетелдiк тауарлардың мәртебесiн алады, ал оларға ауыстырған тауарлар кеден одағы тауарларының мәртебесiн алады.
5. Егер шетелдiк тауарларды балама тауарлармен ауыстыруға рұқсат етiлсе, балама тауарлардан алынған қайта өңдеу өнiмдерiн әкетуге шетелдiк тауарлар кеден одағының кедендiк аумағына әкелiнгенге дейiн жол берiледi.
6. Егер кеден органы шетелдiк тауарларды балама тауарларға ауыстыруға рұқсат берген жағдайда, кеден одағының тауарлары кеден одағының кедендiк аумағына шетелдiк тауарлар әкелiнгенге дейiн кедендiк аумақта қайта өңдеу кедендiк рәсiмiмен орналастырылады. Балама тауарлардан алынған қайта өңдеу өнiмдерi шетелдiк тауарларды қайта өңдеу өнiмдерi ретiнде қарастырылады.
7. Шетелдiк тауарлар сипаты, сапасы, саны және техникалық сипаттамалары бойынша балама тауарларға сәйкес келуге тиiс. Бұл ретте осы Кодекстiң 16-тарауына сәйкес кедендiк әкелу баждарын төлеудi қамтамасыз ету мұндай ауыстырудың мiндеттi шарты болып табылады.
8. Балама тауарлардан алынған қайта өңдеу өнiмдерi керi импорттың кедендiк рәсiмiмен, ал әкелiнетiн шетелдiк тауарлар керi импорттың кедендiк рәсiмiмен әкетiледi.
9. Шетелдiк тауарларды әкелу кезiнде кеден органы балама тауарлардан алынған қайта өңдеу өнiмдерiнiң сапасымен, мөлшерiмен және техникалық сипаттамаларымен салыстырады.
10. Кеден одағының кедендiк аумағына шетелдiк тауарларды әкелгенге дейiн балама тауарлардан алынған қайта өңдеу өнiмдерiн әкету Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындаған кез келген кеден органы арқылы жүзеге асырылуы мүмкiн.
353-бап. Кедендiк аумақта қайта өңдеу кедендiк рәсiмi
қолданылуының аяқталуы
1. Кедендiк аумақта қайта өңдеу кедендiк рәсiмiнiң қолданылуы тауарларды қайта өңдеу мерзiмi өткенге дейiн қайта өңдеу өнiмдерiнiң, қайта өңдеу жөнiндегi операцияларға ұшырамаған шетелдiк тауарлардың, қайта өңдеу нәтижесiнде пайда болған ұсақ-түйек қалдықтар мен қалдықтардың осы Кодексте көзделген тәртiппен және жағдайларда керi экспорт кедендiк рәсiмiмен орналастырылуы арқылы аяқталады.
Кедендiк аумақта қайта өңдеу кедендiк рәсiмiнiң қолданылуы тауарларды қайта өңдеу мерзiмi өткенге дейiн, транзит кедендiк рәсiмiн қоспағанда, қайта өңдеу өнiмдерiнiң, қайта өңдеу жөнiндегi операцияларға ұшырамаған шетелдiк тауарлардың, қайта өңдеу нәтижесiнде пайда болған ұсақ-түйек қалдықтар мен қалдықтардың осы Кодексте көзделген тәртiппен және жағдайларда iшкi тұтыну үшiн шығару кедендiк рәсiмiмен немесе өзге де кедендiк рәсiммен орналастыру арқылы аяқталуы мүмкiн. Бұл ретте қайта өңдеу өнiмдерiне қатысты тарифтiк емес реттеу шаралары қолданылмайды.
2. Тауарларды қайта өңдеу мерзiмi өткенге дейiн кедендiк аумақта қайта өңдеудiң кедендiк рәсiмiнiң қолданылуы (тауарларды қайта өңдеу мерзiмiнiң өтуi) қайта өңдеу өнiмдерiн кедендiк қойма немесе уақытша әкелу кедендiк рәсiмдерiмен орналастырған жағдайда тоқтатыла тұруы мүмкiн. Кедендiк аумақта қайта өңдеу кедендiк рәсiмiнiң қолданылуын тоқтата тұру және қайта жаңғырту тәртiбi Кеден одағы комиссиясының шешiмiмен айқындалады.
3. Қайта өңдеу өнiмдерi керi экспорттың кедендiк рәсiмiмен және (немесе) өзге де кедендiк рәсiмдермен бiр немесе бiрнеше партиялармен (жөнелтiмдермен) орналастырылуы мүмкiн.
Бұл ретте қайта өңдеу өнiмдерiне қатысты тарифтiк емес реттеу шаралары қолданылмайды.
4. Кедендiк аумақта қайта өңдеу кедендiк рәсiмiмен тауарларды орналастырушы тұлға бақылауды жүзеге асырушы кеден органына қайта өңдеу мерзiмi аяқталған күннен бастап күнтiзбелiк отыз күн iшiнде кедендiк аумақта қайта өңдеу кедендiк рәсiмiн қолдану туралы есеп беруге мiндеттi.
Кеден аумағында қайта өңдеу кедендiк рәсiмiн қолдану туралы есептiң нысанын Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.
354-бап. Кедендiк аумақта қайта өңдеу кедендiк рәсiмiмен
орналастырылатын (орналастырылған) тауарларға
қатысты кедендiк әкелу баждарын, салықтарды
төлеу, жөнiндегi мiндеттiң туындауы мен
тоқтатылуы және оларды төлеу мерзiмi
1. Кедендiк аумақта қайта өңдеу кедендiк рәсiмiмен орналастырылатын тауарларға қатысты кедендiк әкелу баждарын, салықтарды төлеу жөнiндегi мiндет декларантта кеден органының кедендiк декларацияны тiркеген кезiнен бастап туындайды.
2. Декларанттың кедендiк аумақта қайта өңдеу рәсiмiмен орналастырылатын (орналастырылған) тауарларға қатысты кедендiк әкелу баждарын, салықтарды төлеу жөнiндегi мiндетi:
1) қайта өңдеу кедендiк рәсiмiнiң қолданылу уақытында, кедендiк әкелу баждарын салықтарды төлеу мерзiмi туындаған жағдайды қоспағанда, осы Кодекстiң 347-бабының 1-тармағында белгiленген тауарларды қайта өңдеу мерзiмi өткенге дейiн кедендiк аумақта қайта өңдеу кедендiк рәсiмi аяқталған кезде;
2) осы Кодекстiң 129-бабының 2-тармағында белгiленген жағдайларда тоқтатылады.
3. Мыналар:
1) шетелдiк тауарлар кедендiк аумақта қайта өңдеу шарттары туралы құжат берiлген тұлға және (немесе) қайта өңдеу жөнiндегi операцияларды кеден органдарының рұқсатынсыз тiкелей жүзеге асыратын тұлға болып табылмайтын тұлғаға берiлген кезде – тауарлардың берiлген күнi, ал егер бұл күн анықталмаса, - кеден органының тауарларды кедендiк аумақта қайта өңдеу кедендiк рәсiмiмен орналастыру үшiн берiлген кедендiк декларацияны тiркеген күнi;
2) аварияның немесе еңсерiлмейтiн күш әсерiнiң салдарынан жойылудың (қайтарымсыз жоғалудың) не тасудың (тасымалдаудың) және сақтаудың қалыпты жағдайы кезiндегi табиғи кемудi қоспағанда, тауарларды қайта өңдеу мерзiмi өткенге дейiн шетелдiк тауарлар жоғалған кезде - тауарлардың жоғалған күнi, ал егер бұл күн анықталмаса, - кеден органының тауарларды кедендiк аумақта қайта өңдеу кедендiк рәсiмiмен орналастыру үшiн берiлген кедендiк декларацияны тiркеген күнi;
3) осы Кодекстiң 347-бабының 1-тармағына сәйкес белгiленген тауарларды қайта өңдеу мерзiмi өткенге дейiн кедендiк аумақта қайта өңдеу кедендiк рәсiмi аяқталмаған кезде – тауарларды қайта өңдеу мерзiмi өткен күн кедендiк әкелу баждарын, салықтарды төлеу мерзiмi болып есептеледi.
4. Кедендiк әкелу баждары, салықтар тауарларды iшкi тұтыну үшiн шығарудың кедендiк рәсiмiмен орналастыру кезiнде кедендiк баждарды, салықтарды төлеу жөнiндегi жеңiлдiктер ескерiлмей, төленуге жататын, кеден органының тауарларды кедендiк аумақта қайта өңдеу кедендiк рәсiмiмен орналастыру үшiн ұсынылған кедендiк декларацияны тiркеу күнiне есептелген кедендiк әкелу баждарының, салықтардың сомасына сәйкес келетiн мөлшерде төленуге жатады.
5. Кеден одағының кедендiк аумағынан керi экспорттың кедендiк рәсiмiмен орналастырылған қайта өңдеу өнiмдерi әкетiлмеген кезде осы Кодекстiң 404-бабының 4-тармағының екiншi бөлiгiне сәйкес осы баптың 1-тармағында көрсетiлген тұлға төлеуге жататын кедендiк әкелу баждарының, салықтардың сомаларынан пайыздар осы Кодекстiң 134-бабының 2-тармағына сәйкес есепке жазылмайды.
355-бап. Шетелдiк тауарларды iшкi тұтыну үшiн
шығару кедендiк рәсiмiмен орналастыру
ерекшелiктерi
1. Қайта өңдеу өнiмдерiн iшкi тұтыну үшiн шығару кедендiк рәсiмiмен орналастыру кезiнде кедендiк аумақта қайта өңдеу кедендiк рәсiмiмен орналастырылған және олардың шығу нормаларына сәйкес қайта өңдеу өнiмдерiн дайындау үшiн пайдаланылған шетелдiк тауарларға қатысты есептелген кедендiк әкелу баждарының, салықтардың сомалары төленедi.
2. Қайта өңдеу өнiмдерiн және (немесе) қайта өңдеу жөнiндегi операцияларға ұшырамаған шетелдiк тауарларды iшкi тұтыну үшiн шығару кедендiк рәсiмiмен орналастыру кезiнде кедендiк әкелу баждарының, салықтардың ставкалары, валюталардың Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес белгiленетiн нарықтық бағамы кеден органының тауарларды кедендiк аумақта қайта өңдеу кедендiк рәсiмiмен орналастыру үшiн берiлген кедендiк декларацияны тiркеген күнiне айқындалады.
3. Қайта өңдеу өнiмдерiн және (немесе) қайта өңдеу жөнiндегi операцияларға ұшырамаған шетелдiк тауарларды iшкi тұтыну үшiн шығару кедендiк рәсiмiмен орналастыру кезiнде төленген кедендiк әкелу баждарының, салықтардың сомаларынан пайыздар осы Кодекстiң 134-бабының 2-тармағына сәйкес есепке жазылмайды.
41-тарау. Кедендiк аумақтан тыс қайта өңдеу
кедендiк рәсiмi
356-бап. Кедендiк аумақтан тыс қайта өңдеу кедендiк
рәсiмiнiң мазмұны
1. Кедендiк аумақтан тыс қайта өңдеу, кейiннен қайта өңдеу өнiмдерi кеден одағының кедендiк аумағына әкелiне отырып, кеден одағының тауарлары кеден одағының кедендiк аумағынан тыс қайта өңдеу жөнiндегi операцияларды белгiленген мерзiмде кедендiк әкелу баждарын төлеуден шартты түрде толық босата отырып және тарифтiк емес реттеу шараларын қолданбай жасау мақсатында кеден одағының кедендiк аумағынан әкетiлетiн кездегi кедендiк рәсiм болып табылады.
2. Кедендiк аумақтан тыс қайта өңдеудiң кедендiк рәсiмiмен орналастырылған және кеден одағының кедендiк аумағынан нақты әкетiлген тауарлар кеден одағы тауарларының мәртебесiн жоғалтады.
357-бап. Тауарларды кедендiк аумақтан тыс қайта өңдеу
кедендiк рәсiмiмен орналастыру шарттары
1. Тауарларды кедендiк аумақтан тыс қайта өңдеу кедендiк рәсiмiмен орналастыруға:
1) кеден одағына мүше мемлекеттiң уәкiлеттi органы берген және осы Кодекстiң 361-бабында айқындалған мәлiметтер қамтылған тауарларды кедендiк аумақтан тыс қайта өңдеу шарттары туралы құжат табыс етiлген жағдайда жол берiледi.
Егер тауарларды кедендiк аумақтан тыс қайта өңдеу рәсiмiмен орналастыру мақсаты оларды жөндеу болып табылса, осы тармақшаның бiрiншi абзацында көрсетiлген құжат ретiнде кедендiк декларация пайдаланылуы мүмкiн;
2) осы Кодекстiң 363-бабына сәйкес қайта өңдеу өнiмдерiн шетелдiк тауарлармен ауыстыру жағдайын қоспағанда, кеден органдарында кеден одағының тауарларын оларды қайта өңдеу өнiмдерiнде сәйкестендiру мүмкiндiгi болған жағдайда жол берiледi.
2. Кеден одағының комиссиясы кедендiк аумақтан тыс қайта өңдеу кедендiк рәсiмiмен орналастыруға тыйым салынған тауарлардың тiзбесiн айқындауға құқылы.
3. Тауарларды пайдалану және (немесе) оларға билiк ету жөнiндегi шектеулермен ұштасқан кедендiк баждарды, салықтарды төлеу жөнiндегi жеңiлдiктер берiле отырып, iшкi тұтыну үшiн шығарудың кедендiк рәсiмiмен орналастырылған тауарлар оларды жөндеу жөнiндегi операцияларды жасау үшiн кедендiк аумақтан тыс қайта өңдеу кедендiк рәсiмiмен орналастырылуы мүмкiн.
358-бап. Кедендiк аумақтан тыс қайта өңдеу жөнiндегi
операциялар
Кедендiк аумақтан тыс қайта өңдеу кедендiк рәсiмiнде тауарларды қайта өңдеу жөнiндегi операциялар:
1) тауарлар өзiнiң дара сипаттамаларын жоғалтатын кезде оларды қайта өңдеудi және өңдеудi;
2) монтаждауды, жинақтауды, бөлшектеудi және шақтауды қоса алғанда, тауарларды дайындауды;
3) тауарды қалпына келтiрудi, құрамдас бөлшектерiн ауыстыруды қоса алғанда, оны жөндеудi қамтиды.
359-бап. Кеден одағының тауарларын қайта өңдеу
өнiмдерiнде сәйкестендiру
Кеден одағының тауарларын оларды қайта өңдеу өнiмдерiнде сәйкестендiру мақсатында мынадай тәсiлдер:
1) декларанттың, қайта өңдеудi жүзеге асыратын тұлғаның немесе кеден органдары лауазымды адамдарының кеден одағының бастапқы тауарларына мөрлердi, мөртабандарды, сандық және басқа да таңбаларды қоюы;
2) кеден одағы тауарларын егжей-тегжейлi сипаттау, суретке түсiру, ауқымында бейнелеу;
3) кеден одағы тауарларының алдын ала iрiктеп алынған сынамаларын, үлгiлерiн және оларды қайта өңдеу өнiмдерiн салыстыру;
4) тауарлардың таңбалануын, соның iшiнде сериялық нөмiрлер түрiнде пайдалану;
5) тауарлардың сипатына және тауарларды қайта өңдеу жөнiндегi жүзеге асырылатын операцияларға орай, оның iшiнде тауарларды қайта өңдеу жөнiндегi операцияны жасаудың технологиялық процесiнде кеден одағының тауарларын пайдалану туралы, сондай-ақ қайта өңдеу өнiмдерi өндiрiсiнiң технологиясы туралы ұсынылған егжей-тегжейлi мәлiметтердi зерттеу жолымен қолданыла алатын өзге де тәсiлдер пайдаланылуы мүмкiн.
360-бап. Тауарларды кедендiк аумақтан тыс қайта өңдеу
мерзiмi
1. Тауарларды кедендiк аумақтан тыс қайта өңдеу мерзiмi екi жылдан аспауға тиiс.
Тауарларды қайта өңдеу мерзiмiнiң өтуi оларды кедендiк аумақтан тыс қайта өңдеу кедендiк рәсiмiмен орналастыру күнiнен, ал тауарларды жекелеген партиялармен (бiрнеше партиямен) кедендiк декларациялау кезiнде – осы кедендiк рәсiмге тауарлардың бiрiншi партиясын орналастыру күнiнен басталады.
2. Тауарларды кедендiк аумақтан тыс қайта өңдеудiң мерзiмi:
1) тауарларды қайта өңдеудiң өндiрiстiк процесiнiң ұзақтығын;
2) қайта өңдеу өнiмдерiн iс жүзiнде әкелу үшiн және оларды кедендiк аумақтан тыс қайта өңдеудiң кедендiк рәсiмiнiң қолданысы аяқталатын кедендiк рәсiмдерге орналастыру үшiн қажеттi уақытты қамтиды.
3. Тауарларды кедендiк аумақтан тыс қайта өңдеу мерзiмi осы баптың 1-тармағында белгiленген мерзiм шегiнде ұзартылуы мүмкiн.
4. Тауарларды қайта өңдеу мерзiмiн екi жыл шегiнде ұзарту туралы мәселенi шешу үшiн декларант бақылауды жүзеге асырушы кеден органына қайта өңдеу мерзiмiнiң аяқталуынан кешiктiрмей, қайта өңдеу мерзiмiн ұзартудың орындылығын растайтын құжаттарды қоса бере отырып, осындай ұзартудың қажеттiлiгi туралы жазбаша өтiнiш бередi.
Декларанттың қайта өңдеу мерзiмiн ұзарту туралы өтiнiшiн кеден органы өтiнiштi тiркеген күннен бастап он жұмыс күнi iшiнде кеден органы қарауға тиiс. Көрсетiлген кезеңге қайта өңдеу мерзiмi тоқтатыла тұрады. Кеден органы қайта өңдеудiң мерзiмiн ұзарту туралы шешiм қабылдаған жағдайда көрсетiлген мерзiм осындай шешiм қабылданған күнге қарамастан алдыңғы мерзiм аяқталған күннен бастап ұзартылады.
Декларант осы тарауда көзделген шарттар мен шектеулердi сақтамаған жағдайда тауарларды қайта өңдеу мерзiмiн ұзартудан бас тартылуы мүмкiн.
Кеден одағының кедендiк аумағынан тыс тауарларды қайта өңдеу мерзiмiн ұзарту туралы немесе осындай ұзартудан бас тарту туралы кеден органының шешiмi декларанттың назарына жазбаша түрде жеткiзiледi. Бұл ретте кеден одағының кедендiк аумағынан тыс тауарларды қайта өңдеу мерзiмiн ұзарту кезiнде кеден органындағы кедендiк декларация данасының бiрiншi парағының келесi жағында мерзiмдi ұзарту туралы белгi және күнi қойылады. Көрсетiлген белгi кеден органының лауазымды адамының қол қоюымен, жеке нөмiрлiк мөрiмен расталады.
361-бап. Тауарларды кедендiк аумақтан тыс қайта өңдеу
шарттары туралы құжат
1. Қазақстан Республикасының уәкiлеттi мемлекеттiң органы беретiн тауарларды кедендiк аумақтан тыс қайта өңдеу шарттары туралы құжатты кез келген тұлға ала алады.
2. Тауарларды кедендiк аумақтан тыс қайта өңдеу шарттары туралы құжатта:
1) құжат берiлген тұлға;
2) қайта өңдеу операцияларын тiкелей жүзеге асыратын тұлға (тұлғалар);
3) кеден одағы тауарларының және оларды қайта өңдеу өнiмдерiнiң Сыртқы экономикалық қызметтiң тауар номенклатурасына сәйкес атауы, сыныптамасы, олардың мөлшерi мен құны;
4) сыртқы экономикалық мәмiленiң жасалғанын растайтын құжаттар не сыртқы экономикалық мәмiле шеңберiнен тыс тауарларды иемдену, пайдалану және (немесе) оларға билiк ету құқығын растайтын өзге де құжаттар;
5) қайта өңдеу өнiмдерiнiң шығу нормалары;
6) тауарларды қайта өңдеу жөнiндегi операциялар, оларды жасау тәсiлдерi;
7) тауарларды сәйкестендiру тәсiлдерi;
8) тауарларды кедендiк аумақтан тыс қайта өңдеу мерзiмi;
9) егер қайта өңдеу өнiмдерiн шетелдiк тауарлармен ауыстыруға жол берiлсе, осындай ауыстыру;
10) тауарларды кедендiк аумақтан тыс қайта өңдеу кедендiк рәсiмiмен орналастыру және осы кедендiк рәсiмдi аяқтау болжанатын кеден органы (кеден органдары) туралы мәлiметтер болуға тиiс.
3. Тауарларды кедендiк аумақта қайта өңдеу шарттары туралы құжатты беру, оған өзгерiстер немесе толықтырулар енгiзу, сондай-ақ оны қайтарып алу (жою) нысаны мен тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.
4. Кеден одағының тауарларын кедендiк аумақтан тыс қайта өңдеу кедендiк рәсiмiне сәйкес шығаруды кеден одағына мүше мемлекеттiң кеден органы, тауарларды кедендiк аумақтан тыс қайта өңдеу шарттары туралы құжат берiлген уәкiлеттi орган жүзеге асырады.
362-бап. Кедендiк аумақтан тыс қайта өңдеу өнiмдерiнiң
шығу нормалары
1. Қайта өңдеу өнiмдерiнiң шығу нормасы деп кеден одағы тауарларының белгiлi бiр санын қайта өңдеу