"Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтiк қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерiстер енгiзу туралы
Қазақстан Республикасының Заңы 1999 жылғы 16 қараша N 480-I
1-бап. "Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың
салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтiк қорғау туралы" 1992 жылғы
18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан
Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Ведомостары, 1992 ж., N 23, 560-құжат;
1994 ж., N 8, 140-құжат; N 20, 252-құжат; Қазақстан Республикасы
Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., N 12, 184-құжат; N 22, 334-құжат; 1998 ж.,
N 24, 432-құжат; 1999 ж., N 8, 247-құжат) мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
13-баптың екiншi бөлiгiнде:
1) тармақшада "ең төмен жалақы" деген сөздер "айлық есептiк
көрсеткiш" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) тармақша алып тасталсын.
2-бап. Осы Заң 2000 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Президентi
Оқығандар:
Қасымбеков Б.А.
Багарова Ж.А.