1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актiлерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
1. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесi 1994 жылғы 27 желтоқсанда қабылдаған Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiне (Жалпы бөлiм) (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1994 ж., N 23-24 (қосымша); 1995 ж., N 15-16, 109-құжат;
N 20, 121-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., N 2, 187-құжат; N 14, 274-құжат; N 19, 370-құжат; 1997 ж., N 1-2, 8-құжат; N 5, 55-құжат; N 12, 183, 184-құжаттар; N 13-14, 195, 205-құжаттар; 1998 ж., N 2-3, 23-құжат; N 5-6, 50-құжат;
N 11-12, 178-құжат; N 17-18, 224, 225-құжаттар; N 23, 429-құжат; 1999 ж., N 20, 727, 731-құжаттар; N 23, 916-құжат; 2000 ж., N 18, 336-құжат; N 22, 408-құжат; 2001 ж., N 1, 7-құжат; N 8, 52-құжат; N 17-18, 240-құжат; N 24, 338-құжат; 2002 ж., N 2, 17-құжат; N 10, 102-құжат; 2003 ж., N 1-2, 3-құжат; N 11, 56, 57, 66-құжаттар; N 15, 139-құжат; N 19-20, 146-құжат; 2004 ж., N 6, 42-құжат; N 10, 56-құжат; N 16, 91-құжат; N 23, 142-құжат; 2005 ж., N 10, 31-құжат; N 14, 58-құжат; 2006 жылғы 5 қаңтарда "Егемен Қазақстан" және 2005 жылғы 30 желтоқсанда "Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне лицензиялау және шоғырландырылған қадағалау мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" 2005 жылғы 23 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2006 жылғы 18 қаңтарда "Егемен Қазақстан" және 2006 жылғы 19 қаңтарда "Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне банкроттық мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" 2006 жылғы 10 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 44-баптың 1-тармағында:
бiрiншi бөлiк "Құрылтайшы" деген сөздiң алдынан "Арнайы қаржы компанияларынан," деген сөздермен толықтырылып, "Құрылтайшы" деген сөз кiшi әрiппен жазылсын;
мынадай мазмұндағы сегiзiншi бөлiкпен толықтырылсын:
"Арнайы қаржы компаниясы өз мiндеттемелерi бойынша Қазақстан Республикасының секьюритилендiру туралы заңнамасында көзделген тәртiппен жауап бередi.";
2) 45 және 49-баптардың 1-тармақтарының екiншi бөлiктерiнде:
"ұйымын" деген сөзден кейiн ", арнайы қаржы компаниясын" деген сөздермен толықтырылсын;
"және сақтандыру қызметi туралы заңдарда" деген сөздер ", сақтандыру қызметi және секьюритилендiру туралы заңнамада" деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 50-баптың 4-тармағының үшiншi бөлiгiнде:
"құрамына" деген сөзден кейiн "Қазақстан Республикасының секьюритилендiру туралы заңнамасына сәйкес шығарылған облигациялар бойынша қамтамасыз ету болып табылатын бөлiнген активтер және" деген сөздермен толықтырылсын;
екiншi сөйлем мынадай редакцияда жазылсын:
"Тарату комиссиясы аталған мүлiктi және Қазақстан Республикасының секьюритилендiру туралы заңнамасына сәйкес шығарылған облигациялар бойынша қамтамасыз ету болып табылатын бөлiнген активтердi Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы туралы заңнамасына сәйкес кредиторлармен - аталған облигацияларды ұстаушылармен есеп айырысу үшiн ипотекалық облигацияларды немесе Қазақстан Республикасының секьюритилендiру туралы заңнамасына сәйкес шығарылған облигацияларды ұстаушылардың өкiлiне бередi.";
4) 59-баптың 1-тармағының бiрiншi бөлiгi "мүлiк" деген сөзден кейiн "(Қазақстан Республикасының секьюритилендiру туралы заңнамасына сәйкес құрылатын, жарғылық капиталы тек қана ақшамен қалыптастырылатын арнайы қаржы компанияларын қоспағанда)" деген сөздермен толықтырылсын;
5) 91-баптың 3-тармағы "үшiншi тұлғалардың кепiлдiктерiмен қамтамасыз етiлген" деген сөздерден кейiн ", бөлiнген активтермен қамтамасыз етiлген" деген сөздермен толықтырылсын.
2. 1999 жылғы 1 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiне (Ерекше бөлiм) (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1999 ж., N 16-17, 642-құжат; N 23, 929-құжат; 2000 ж., N 3-4, 66-құжат; N 10, 244-құжат; N 22, 408-құжат; 2001 ж., N 23, 309-құжат; N 24, 338-құжат; 2002 ж., N 10, 102-құжат; 2003 ж., N 1-2, 7-құжат; N 4, 25-құжат; N 11, 56-құжат; N 14, 103-құжат; N 15, 138, 139-құжаттар; 2004 ж., N 3-4, 16-құжат; N 5, 25-құжат; N 6, 42-құжат; N 16, 91-құжат; N 23, 142-құжат; 2005 ж., N 21-22, 87-құжат; 2006 жылғы 5 қаңтарда "Егемен Қазақстан" және 2005 жылғы 30 желтоқсанда "Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне лицензиялау және шоғырландырылған қадағалау мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" 2005 жылғы 23 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы):
мынадай мазмұндағы 738-1-баппен толықтырылсын:
"738-1-бап. Секьюритилендiру кезiнде ақшалай талаптарды
басқаға беру
Секьюритилендiру кезiнде ақшалай талаптарды басқаға берудi қаржыландыру ерекшелiктерi Қазақстан Республикасының секьюритилендiру туралы заңнамалық актiсiнде белгiленедi. Осы тараудың ережелерi, егер Қазақстан Республикасының секьюритилендiру туралы заңнамалық актiсiнде өзгеше белгiленбесе, секьюритилендiру мәмiлелерiне қолданылады.".
3."Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы (Салық кодексi)" 2001 жылғы 12 маусымдағы Қазақстан Республикасының Кодексiне (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., N 11-12, 168-құжат; 2002 ж., N 6, 73, 75-құжаттар; N 19-20, 171-құжат; 2003 ж., N 1-2, 6-құжат; N 4, 25-құжат; N 11, 56-құжат; N 15, 133, 139-құжаттар; N 21-22, 160-құжат; N 24, 178-құжат; 2004 ж., N 5, 30-құжат; N 14, 82-құжат; N 20, 116-құжат; N 23, 140, 142-құжаттар; N 24, 153-құжат; 2005 ж.,
N 7-8, 23-құжат; N 21-22, 86, 87-құжаттар; 2006 жылғы 5 қаңтарда "Егемен Қазақстан" және 2005 жылғы 30 желтоқсанда "Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне лицензиялау және шоғырландырылған қадағалау мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" 2005 жылғы 23 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2006 жылғы 18 қаңтарда "Егемен Қазақстан" және 2006 жылғы 19 қаңтарда "Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне банкроттық мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" 2006 жылғы 10 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2006 жылғы 19 қаңтарда "Егемен Қазақстан" және 2006 жылғы 17 қаңтарда "Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне мемлекеттiк басқару деңгейлерi арасындағы өкiлеттiктердiң аражiгiн ажырату мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" 2006 жылғы 10 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы):
(Ескерту. Осы Заңның 1-бапының 3-тармағы 2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi - осы Заңның 2-бабын қараңыз).
1) 50-баптың 1-тармағының екiншi бөлiгiндегi "Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заң актiсiне" деген сөздер "Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру, секьюритилендiру туралы заңнамалық актiлерiне" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 91-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 7-1) тармақшамен толықтырылсын:
"7-1) Қазақстан Республикасының секьюритилендiру туралы заңнамасына сәйкес секьюритилендiру мәмiлесi бойынша арнайы қаржы компаниясының борыш талаптарын басқаға беруден алған табыстары;";
3) 124-бап мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
"3. Арнайы қаржы компаниясының Қазақстан Республикасының секьюритилендiру туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылатын қызметiнен шеккен залалы бөлiнген активтермен қамтамасыз етiлген облигациялардың айналым мерзiмi iшiнде ауыстырылады.";
4) 131-баптың 1-тармағының 5) тармақшасы "кредиттiк серiктестiктерге" деген сөздерден кейiн ", Қазақстан Республикасының секьюритилендiру туралы заңнамасына сәйкес құрылған арнайы қаржы компанияларына" деген сөздермен толықтырылсын.
4. "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi туралы" 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., N 3-4, 23-құжат; N 12, 88-құжат; N 15-16, 100-құжат; N 23, 141-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., N 2, 184-құжат; N 11-12, 262-құжат; N 19, 370-құжат; 1997 ж., N 13-14, 205-құжат; N 22, 333-құжат; 1998 ж., N 11-12, 176-құжат; 1999 ж., N 20, 727-құжат; 2000 ж., N 3-4, 66-құжат; N 22, 408-құжат; 2001 ж., N 8, 52-құжат; N 10, 123-құжат; 2003 ж., N 15, 138, 139-құжаттар; 2004 ж., N 11-12, 66-құжат; N 16, 91-құжат; N 23, 142-құжат; 2005 ж., N 14, 55-құжат; 2006 жылғы 5 қаңтарда "Егемен Қазақстан" және 2005 жылғы 30 желтоқсанда "Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне лицензиялау және шоғырландырылған қадағалау мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" 2005 жылғы 23 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы):
8-бап мынадай мазмұндағы к-3) тармақшасымен толықтырылсын:
"к-3) арнайы қаржы компанияларының орындауы үшiн мiндеттi бухгалтерлiк есеп, қаржылық есептiлiк және операцияларды автоматтандыру жүйелерi мәселелерi бойынша нормативтiк құқықтық актiлердi әзiрлейдi және бекiтедi, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп және қаржылық есептiлiк, бухгалтерлiк есеп стандарттары туралы заңнаманы, сондай-ақ операцияларды автоматтандыру жүйелерiне қойылатын талаптарды сақтауын бақылауды жүзеге асырады;".
5. "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметi туралы" 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., N 15-16, 106-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., N 2, 184-құжат; N 15, 281-құжат; N 19, 370-құжат; 1997 ж., N 5, 58-құжат; N 13-14, 205-құжат; N 22, 333-құжат; 1998 ж., N 11-12, 176-құжат; N 17-18, 224-құжат; 1999 ж., N 20, 727-құжат; 2000 ж., N 3-4, 66-құжат; N 22, 408-құжат; 2001 ж., N 8, 52-құжат; N 9, 86-құжат; 2002 ж., N 17, 155-құжат; 2003 ж., N 5, 31-құжат; N 10, 51-құжат; N 11, 56, 67-құжаттар; N 15, 138, 139-құжаттар; 2004 ж., N 11-12, 66-құжат; N 15, 86-құжат; N 16, 91-құжат; N 23, 140-құжат; 2005 ж., N 7-8, 24-құжат; N 14, 55, 58-құжаттар; 2006 жылғы 5 қаңтарда "Егемен Қазақстан" және 2005 жылғы 30 желтоқсанда "Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне лицензиялау және шоғырландырылған қадағалау мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" 2005 жылғы 23 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 8-бапта:
1-тармақ "осы Заңның" деген сөздерден кейiн "осы бабының 6-тармағында," деген сөздермен толықтырылсын;
2-тармақтың 3) тармақшасы "ломбардтарының" деген сөзден кейiн ", Қазақстан Республикасының секьюритилендiру туралы заңнамасына сәйкес құрылған арнайы қаржы компанияларының," деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 6-тармақпен толықтырылсын:
"6. Осы баптың 1 және 2-тармақтарында аталған қызметтен және банктiң заңды тұлғалардың акцияларын немесе жарғылық капиталдарға қатысу үлестерiн сатып алудан басқа, банктер мынадай қызмет түрлерiмен айналысуға құқылы:
1) банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың қызметiн автоматтандыру үшiн пайдаланылатын мамандандырылған бағдарламалық қамтамасыз етудi iске асыру;
2) банк қызметiнiң мәселелерi жөнiндегi кез келген ақпарат жеткiзушi түрлерiндегi арнаулы әдебиеттердi сату;
3) өз мүлкiн сату;
4) заем алушылардың кепiлге қойған мүлкiн осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасында белгiленген тәртiппен сату;
5) қаржылық қызметке байланысты мәселелер бойынша консультациялық қызмет көрсету;
6) басқа тұлғалардың банк қызметiне байланысты мәселелер бойынша мүдделерiн, Қазақстан Республикасының секьюритилендiру туралы заңнамасына сәйкес құрылған арнайы қаржы компаниясының облигацияларын ұстаушылардың, инфрақұрылымдық облигацияларды, сондай-ақ ипотекалық және өзге де қамтамасыз етiлген облигацияларды ұстаушылардың мүдделерiн бiлдiру;
7) банк-қаржы қызметi саласындағы мамандардың бiлiктiлiгiн арттыру жөнiндегi оқуды ұйымдастыру;
8) сақтандыру ұйымдары - Қазақстан Республикасының резиденттерi атынан сақтандыру шарттарын жасасу, сондай-ақ жинақтаушы зейнетақы қорлары атынан зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар жасасу.";
2) 74-1-бапта:
1-1-тармақта:
"массасына" деген сөзден кейiн "Қазақстан Республикасының секьюритилендiру туралы заңнамасына сәйкес шығарылған облигациялар бойынша қамтамасыз ету болып табылатын бөлiнген активтер және" деген сөздермен толықтырылсын;
екiншi сөйлем мынадай редакцияда жазылсын:
"Тарату комиссиясы аталған мүлiктi және Қазақстан Республикасының секьюритилендiру туралы заңнамасына сәйкес шығарылған облигациялар бойынша қамтамасыз ету болып табылатын бөлiнген активтердi Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы туралы заңнамасына сәйкес кредиторлармен - аталған облигацияларды ұстаушылармен есеп айырысу үшiн ипотекалық облигацияларды немесе Қазақстан Республикасының секьюритилендiру туралы заңнамасына сәйкес шығарылған облигацияларды ұстаушылардың өкiлiне бередi.";
2-тармақта:
"инвестициялық қорлардың активтерi" деген сөздерден кейiн ", арнайы қаржы компанияларының бөлiнген активтерi" деген сөздермен толықтырылсын;
"инвестициялық қордың активтерi" деген сөздерден кейiн ", арнайы қаржы компаниясының бөлiнген активтерi" деген сөздермен толықтырылсын;
"акционерлiк инвестициялық қордың" деген сөздерден кейiн ", арнайы қаржы компаниясының" деген сөздермен толықтырылсын.
6. "Бухгалтерлiк есепке алу мен қаржылық есеп беру туралы" 1995 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., N 24, 171-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., N№13-14, 205-құжат; 1999 ж., N 20, 727-құжат; 2001 ж., N 24, 338-құжат; 2002 ж., N 12, 116-құжат; 2003 ж., N 15, 139-құжат; 2004 ж., N 11-12, 66-құжат):
3-бапта:
4-тармақ "Қаржылық ұйымдардағы" деген сөздерден кейiн "және Қазақстан Республикасының секьюритилендiру туралы заңнамасына сәйкес құрылған арнайы қаржы компанияларындағы" деген сөздермен толықтырылсын;
6-тармақ мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
"2-1) Қазақстан Республикасының секьюритилендiру туралы заңнамасына сәйкес құрылған арнайы қаржы компаниялары үшiн:
осы Заңның талаптарына сәйкес Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есепке алу мен қаржылық есеп беру жөнiндегi нормативтiк құқықтық актiлерiн әзiрлейдi және бекiтедi;
Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есепке алу мен қаржылық есеп беру және бухгалтерлiк есеп стандарттары туралы заңнамасының сақталуын бақылауды жүзеге асырады;".
7. "Банкроттық туралы" 1997 жылғы 21 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., N 1-2, 7-құжат; N 13-14, 205-құжат; 1998 ж., N 14, 198-құжат; N 17-18, 225-құжат; 2000 ж., N 22, 408-құжат; 2001 ж., N 8, 52-құжат; N 17-18, 240-құжат; N 24, 338-құжат; 2002 ж., N 17, 155-құжат; 2003 ж., N 4, 26-құжат; N 11, 67-құжат; 2004 ж., N 6, 42-құжат; N 23, 142-құжат; 2005 ж., N 14, 57-құжат; 2006 жылғы 18 қаңтарда "Егемен Қазақстан" және 2006 жылғы 19 қаңтарда "Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне банкроттық мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" 2006 жылғы 10 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 6-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:
"Осы тармақтың талаптары секьюритилендiру мәмiлелерiне жатпайды.";
2) 71-баптың 2-тармағының үшiншi бөлiгi "тiзiлiмiне" деген сөзден кейiн "Қазақстан Республикасының секьюритилендiру туралы заңнамасына сәйкес шығарылған облигациялар бойынша қамтамасыз ету болып табылатын бөлiнген активтер және" деген сөздермен толықтырылсын;
3) 74-баптың 4-тармағының 2) тармақшасында:
"кепiл мүлкi" деген сөздер "Қазақстан Республикасының секьюритилендiру туралы заңнамасына сәйкес шығарылған облигациялар бойынша қамтамасыз ету болып табылатын бөлiнген активтер және кепiл мүлкi" деген сөздермен ауыстырылсын;
екiншi сөйлем мынадай редакцияда жазылсын:
"Тарату комиссиясы аталған мүлiктi және Қазақстан Республикасының секьюритилендiру туралы заңнамасына сәйкес шығарылған облигациялар бойынша қамтамасыз ету болып табылатын бөлiнген активтердi Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы туралы заңнамасына сәйкес кредиторлармен - аталған облигацияларды ұстаушылармен есеп айырысу үшiн ипотекалық облигацияларды немесе Қазақстан Республикасының секьюритилендiру туралы заңнамасына сәйкес шығарылған облигацияларды ұстаушылардың өкiлiне бередi.".
8. "Жауапкершiлiгi шектеулi және қосымша жауапкершiлiгi бар серiктестiктер туралы" 1998 жылғы 22 сәуiрдегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1998 ж., N 5-6, 49-құжат; 1999 ж., N 20, 727-құжат; 2002 ж., N 10, 102-құжат; 2003 ж., N 11, 56-құжат; N 24, 178-құжат; 2004 ж., N 5, 30-құжат; 2005 ж., N 14, 58-құжат):
23-баптың 3-тармағының бiрiншi бөлiгi "мүлiк" деген сөзден кейiн "(Қазақстан Республикасының секьюритилендiру туралы заңнамасына сәйкес құрылатын, жарғылық капиталы тек қана ақшамен қалыптастырылатын арнайы қаржы компанияларын қоспағанда)" деген сөздермен толықтырылсын.
9. "Табиғи монополиялар туралы" 1998 жылғы 9 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1998 ж., N 16, 214-құжат; 1999 ж., N 19, 646-құжат; 2000 ж., N 3-4, 66-құжат; 2001 ж., N 23, 309-құжат; 2002 ж., N 23-24, 193-құжат; 2004 ж., N 14, 82-құжат; N 23, 138, 142-құжаттар; 2006 жылғы 21 қаңтарда "Егемен Қазақстан" және 2006 жылғы 20 қаңтарда "Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланған "Табиғи монополиялар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" 2006 жылғы 14 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы):
(Ескерту. Осы Заңның 1-бапбының 9-тармағы 2006 жылғы 1 шiлдеден бастап қолданысқа енгiзiледi - осы Заңның 2-бабын қараңыз).
5-баптың 1-тармағында:
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"3) мемлекеттiк емес жинақтаушы зейнетақы қорларынан, арнайы қаржы компанияларынан, сондай-ақ табиғи монополия субъектiсi үшiн осы Заңда рұқсат етiлген қызметтi жүзеге асыратын өзге де ұйымдардан басқа, коммерциялық ұйымдардың акцияларын (үлестерiн) иеленуге немесе олардың қызметiне өзге жолмен қатысуға;";
6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"6) табиғи монополия субъектiсiнiң реттелетiн қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтердiң (бағалардың, алым ставкаларының) жоғарылауына әкеп соқтырмаған жағдайда, арнайы қаржы компаниясының секьюритилендiру туралы мәмiлелерi бойынша талап ету құқықтарын басқаға берудi қоспағанда, ұсынылатын реттелетiн қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) байланысты талап ету құқығын басқаға беруге;".
10. "Бағалы қағаздар рыногы туралы" 2003 жылғы 2 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2003 ж., N 14, 119-құжат; 2004 ж., N 16, 91-құжат; N 23, 142-құжат; 2005 ж., N 7-8, 24-құжат; N 14, 58-құжат; 2006 жылғы 5 қаңтарда "Егемен Қазақстан" және 2005 жылғы 30 желтоқсанда "Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне лицензиялау және шоғырландырылған қадағалау мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" 2005 жылғы 23 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 9-бап мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
"1-1. Арнайы қаржы компаниясы секьюритилендiру туралы заңнамаға сәйкес шығаратын облигациялар шығару проспектiсiне қойылатын қосымша талаптар Қазақстан Республикасының секьюритилендiру туралы заңнамасымен белгiленедi.";
2) 12-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Құрылтайшылар (бiрден-бiр құрылтайшы) жарғылық капиталды төлегеннен кейiн эмитент мемлекеттiк емес облигациялар шығарылымын мемлекеттiк тiркеуге құжаттарды ұсынуға құқылы.";
3) 14-баптың 1-тармағының бiрiншi бөлiгiнде:
бiрiншi абзац "эмитент" деген сөзден кейiн ", сондай-ақ арнайы қаржы компаниясы" деген сөздермен толықтырылсын;
2) тармақша "жүзеге асырған" деген сөздерден кейiн "(арнайы қаржы компаниясын қоспағанда)" деген сөздермен толықтырылсын;
4) 15-баптың 1-тармағының 3) тармақшасы "ипотекалық облигациялар" деген сөздерден кейiн "немесе Қазақстан Республикасының секьюритилендiру туралы заңнамасына сәйкес арнайы қаржы компаниясы шығаратын облигациялар" деген сөздермен толықтырылсын.
11. "Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттiк реттеу және қадағалау туралы" 2003 жылғы 4 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2003 ж., N 15, 132-құжат; 2004 ж., N 11-12, 66-құжат; N 16, 91-құжат; 2005 ж., N 14, 55-құжат; 2006 жылғы 5 қаңтарда "Егемен Қазақстан" және 2005 жылғы 30 желтоқсанда "Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне лицензиялау және шоғырландырылған қадағалау мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" 2005 жылғы 23 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы):
12-бап мынадай мазмұндағы 14-1) тармақшамен толықтырылсын:
"14-1) арнайы қаржы компаниясын ерiктi түрде қайта ұйымдастыруға немесе таратуға рұқсат алу тәртiбiн айқындайды;".
2-бап. Осы Заң, 2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлетiн 1-бабының 3-тармағын және 2006 жылғы 1 шiлдеден бастап қолданысқа енгiзiлетiн 1-бабының 9-тармағын қоспағанда, ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Президентi