Қазақстан Республикасы Президентi Iс басқармасының құрылымы туралы
Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2003 жылғы 18 тамыздағы N 1167 Жарлығы

Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., N 33, 323-құжат


"Президент пен Үкiмет актiлерiнiң
жинағында" жариялануға тиiс      

      Қазақстан Республикасы Президентi Iс басқармасының қызметiн жетiлдiру мақсатында қаулы етемiн:

      1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы Президентi Iс басқармасының құрылымы бекiтiлсiн.

      2. Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасы Президентi Iс Басқармасының кейбiр мәселелерi туралы" 2000 жылғы 21 сәуiрдегi N 378 Жарлығының 1-тармағының 2) тармақшасының күшi жойылды деп танылсын (Қазақстан Республикасының ПYАЖ-ы, 2000 ж., N 20, 218-құжат; 2002 ж., N 6, 40-құжат).

      3. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Президентi

Қазақстан Республикасы  
Президентiнiң      
2003 жылғы 18 тамыздағы  
N 1167 Жарлығымен    
бекiтiлген       

Қазақстан Республикасы Президентi Iс басқармасының
Құрылымы 

     Ескерту. Құрылым жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2006.08.31. N 170 жарлығымен.

      Басшылық
      Iшкi бақылау бөлiмi
      Ресми iс-шаралар және сыртқы байланыстар бөлiмi
      Ведомстволық қарасты ұйымдарды басқару бөлiмi
      Бюджеттiк бағдарламаларды жоспарлау және қаржыландыру бөлiмi
      Күрделi құрылыс және техникалық қадағалау бөлiмi
      Заң бөлiмi
      Бухгалтерлiк есеп және есептiлiк бөлiмi
      Ұйымдастыру және кадр жұмысы бөлiмi