Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2010 - 2012 жылдарға арналған кепiлдендiрiлген трансферт туралы
Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 2 желтоқсандағы N 210-IV Заңы. Күшi жойылды - Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 8 сәуiрдегi № 264-IV Заңымен

"Егемен Қазақстан" 2009 жыл, 5 желтоқсан N 406-407 (25804);"Казахстанская правда" от 05.12.2009 г., № 286 (26030)

      1-бап. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2010-2012 жылдарға арналған республикалық бюджетке кепiлдендiрiлген трансферттiң мынадай мөлшерi бекiтiлсiн:
      2010 жылға - 1 075 700 000 мың теңге;
      2011 жылға - 1 171 000 000 мың теңге;
      2012 жылға - 1 266 000 000 мың теңге.
      2-бап. Осы Заң 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Президентi                              Н.НАЗАРБАЕВ

а