"Қазақстан Республикасының Президентi туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 26 желтоқсандағы Конституциялық заңының 20-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМIН:
1. Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасында тұрғын үй құрылысын дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасының iске асырылуын бақылау жөнiндегi мемлекеттiк комиссия құру туралы" 2004 жылғы 21 қазандағы N 1461 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., N 41, 527-құжат) мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
жоғарыда аталған Жарлықпен бекiтiлген Қазақстан Республикасында тұрғын үй құрылысын дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасының iске асырылуын бақылау жөнiндегi мемлекеттiк комиссияның құрамына Мыңбаев Сауат Мұхаметбайұлы - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары - Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрi, төрағаның орынбасары енгiзiлсiн;
мына жолдар:
"Имантаев - Қазақстан Республикасы Президентi
Ермек Жетпiсбайұлы Әкiмшiлiгiнiң Ұйымдастыру-бақылау
жұмысы және кадр саясаты басқармасы
Мемлекеттiк инспекциясының
мемлекеттiк инспекторы"
"Орынбаев - Қазақстан Республикасы Президентiнiң
Ербол Тұрмаханұлы Әкiмшiлiгi Басшысының орынбасары -
Экономикалық саясат басқармасының
бастығы"
"Храпунов - Алматы қаласының әкiмi"
Виктор Вячеславович
мынадай редакцияда жазылсын:
"Имантаев - Қазақстан Республикасы Президентi
Ермек Жетпiсбайұлы Әкiмшiлiгiнiң Мемлекеттiк бақылау
және ұйымдастыру жұмысы бөлiмiнiң
мемлекеттiк инспекторы"
"Орынбаев - Қазақстан Республикасы Президентi
Ербол Тұрмаханұлы Әкiмшiлiгiнiң Әлеуметтiк-экономикалық
талдау бөлiмiнiң меңгерушiсi"
"Храпунов - Шығыс Қазақстан облысының әкiмi";
Виктор Вячеславович
көрсетiлген Комиссияның құрамынан Ә.Р.Жақсыбеков шығарылсын.
2. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Президентi