Источник: ИС ПАРАГРАФ, 14.12.2010 14:07:43


Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2010 жылғы 7 қазандағы

№ 1036 қаулысымен

бекітілген

 

 

«Құрылыс-монтаж жұмыстарына лицензиялар беру»

мемлекеттік қызметтер көрсету стандарты

 

1. Жалпы ережелер

 

1. «Құрылыс-монтаж жұмыстарына лицензиялар беру» мемлекеттік қызмет көрсету (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет көрсету) мекенжайлары мен жұмыс істеу кестесі осы стандарттың 1 және 2-қосымшаларында көрсетілген Халыққа қызмет көрсету орталықтары (бұдан әрі - Орталық) және «Облыстардың, Астана және Алматы қалалары әкімдіктерінің мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармалары» мемлекеттік мекемелері (бұдан әрі - уәкілетті орган) арқылы көрсетіледі.

2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған.

3. Мемлекеттік қызмет «Лицензиялау туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 33-бабы және «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» 2001 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 32-бабы негізінде көрсетіледі.

4. Мемлекеттік қызмет көрсету туралы ақпарат уәкілетті органның интернет-ресурсында, осы стандарттың 1 және 2-қосымшаларына сәйкес Орталықтың және уәкілетті органның үй-жайларында орналасқан стенділерде орналастырылады, сондай-ақ тегін телефон анықтамалық қызметімен ұсынылады.

5. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі құрылыс-монтаж жұмыстарын жүзеге асыруға лицензия беру немесе оны қағаз жеткізгіште беруден бас тарту болып табылады.

6. Мемлекеттік қызмет заңды және жеке тұлғаларға (бұдан әрі - тұтынушылар) көрсетіледі.

7. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:

1) тұтынушы осы стандарттың 11-тармағында белгіленген қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап (құжаттарды қабылдаған күн және берген күн мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді) мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:

шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін - он жұмыс күнін;

орта және ірі кәсіпкерлік субъектілері үшін - отыз жұмыс күнін құрайды;

2) құжаттарды тапсыру кезінде кезек күтудің ең көп рұқсат берілген уақыты - 30 минуттан аспайды;

3) құжаттарды алу кезінде кезек күтудің ең көп рұқсат берілген уақыты - 30 минуттан аспайды.

8. Мемлекеттік қызмет Орталыққа құрылыс-монтаж жұмыстарымен айналысу құқығы үшін 10 айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі - АЕК) мөлшеріндегі алымның бюджетке төленгенін растайтын құжат (түбіртек) ұсына отырып, ақылы негізде көрсетіледі.

9. Орталықтарда мемлекеттік қызмет жұмыс күндері сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін көрсетіледі.

Қабылдау «электрондық» кезек тәртібімен, алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады.

Уәкілетті Органда оның жұмысын жұмыс күндері сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін қамтамасыз ететін, сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін түскі үзіліспен жұмыс кестесі белгіленеді.

Қабылдау кезек тәртібімен, алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады.

10. Мемлекеттік қызмет Орталықтың немесе уәкілетті органның ғимаратында көрсетіледі.

Орталықтың залында анықтама бюросы, күту орындары, толтырылған бланк үлгілері бар ақпараттық стенділер орналастырылады. Мүмкіндігі шектеулі тұтынушыларға қызмет көрсету үшін жағдай көзделген.

Уәкілетті органның үй-жайларында жеке кіретін есігі, күту және құжаттарды дайындау залы, анықтама бюросы, күту орындары, толтырылған бланк үлгілері бар ақпараттық стенділер болады. Мүмкіндігі шектеулі тұтынушыларға қызмет көрсету үшін жағдай көзделген.

 

 

2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

 

11. Мемлекеттік қызметті алу үшін тұтынушылар Орталыққа немесе уәкілетті органға:

1) заңды және жеке тұлға үшін осы стандарттың 12 және 13-қосымшаларына сәйкес белгіленген нысанда өтініш;

2) заңды тұлға үшін - заңды тұлға ретінде өтініш берушінің мемлекеттік тіркеу туралы куәлігі мен Жарғысының нотариалды куәландырылған көшірмесін;

3) жеке тұлға үшін - жеке тұлғаны куәландыратын құжатының көшірмесін;

4) жеке кәсіпкер үшін - жеке кәсіпкер ретінде өтініш берушінің мемлекеттік тіркеу туралы куәлігінің нотариалды куәландырылған көшірмесін;

5) өтініш берушінің салық органында есепке тұрғаны туралы куәлігінің нотариалды куәландырылған көшірмесін;

6) жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін бюджетке лицензиялық алым төлегенін растайтын құжатты - 10 АЕК, тұтынушының тұратын жері бойынша төленеді;

7) 3-қосымша бойынша біліктілік талаптарына сәйкес мәліметтер мен құжаттарды ұсынады.

12. Құрылыс-монтаж жұмыстарын жүзеге асыруға лицензия алуға арналған өтініштің нысандары осы стандарттың 2-қосымшасына сәйкес уәкілетті органның интернет-ресурсында, сондай-ақ Орталық пен уәкілетті органның күту залындағы арнайы тағанда орналастырылады.

13. Орталықта құжатты қабылдау осы стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген мекенжайлар мен уақыт бойынша «терезелер» арқылы жүзеге асырылады, онда Орталық инспекторының тегі, аты, әкесінің аты мен лауазымы көрсетіледі.

Уәкілетті органда құжаттарды қабылдау осы стандарттың 2-қосымшасында көрсетілген мекенжайлар мен уақыт бойынша уәкілетті органның кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.

14. Мемлекеттік қызметті көрсету бойынша қызметтің ішкі тәртібі:

1) Орталықтың инспекторы құжаттарды журналға тіркеп, оларды Орталықтың жинақтаушы бөлімінің инспекторына беруді жүзеге асырады.

Орталықтың жинақтаушы бөлімінің инспекторы уәкілетті органға жіберілетін құжаттар тізімдемесінің тізілімін жасауды жүзеге асырады.

Орталық өтініштерді қоса берілген құжаттармен бірге уәкілетті органның кеңсесіне жеткізуді және одан кері алуды осы өтініштер қабылданған күні кемінде бір рет жүзеге асырады.

2) уәкілетті органның кеңсесі қабылдаған құжаттар тіркеліп, бақылауға алынады, уәкілетті орган басшылығы мен оның құрылымдық бөлімшелері арасында бөлініп, кейіннен бір жұмыс күні ішінде жауапты орындаушыға беріледі.

Құжаттарды қарау кезінде құжаттарды қарау нәтижесі оң болған жағдайда жауапты орындаушы құрылыс-монтаж жұмыстарын жүзеге асыруға лицензия ресімдейді, оған уәкілетті органның басшысы (уәкілетті тұлға) қол қояды және лицензиялар тізіліміне ресімделген лицензиялар туралы деректерді енгізеді.

Құрылыс-монтаж жұмыстарын жүзеге асыруға лицензия беруден бас тартқан жағдайда, тұтынушының құжаттары сәйкес келмейтін нақты нормативтік құқықтық құжаттарға және/немесе нормативтік-техникалық құжаттарға сілтеме жасап, жазбаша түрде дәлелденген бас тарту дайындалады.

Ұсынылған құжаттарды қарау нәтижелері уәкілетті органнан Орталыққа қолхатта көрсетілген беру мерзімінен бір күн бұрын түсуі тиіс.

3) Тұтынушы тікелей уәкілетті органға өтініш берген кезде құжаттардың өту тәртібі осы тармақтың 2) тармақшасына ұқсас.

15. Осы стандарттың 11-тармағына сәйкес құжаттарды Орталыққа немесе уәкілетті органға тапсырғаннан кейін тұтынушыға тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі, онда:

сұраудың нөмірі және қабылданған күні;

сұрау салынған мемлекеттік қызметтің түрі;

қоса берілген құжаттардың саны мен атаулары;

құжаттарды беру күні, уақыты мен орны;

құжаттарды ресімдеуге өтініш қабылдаған Орталық инспекторының не уәкілетті орган қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты мен лауазымы көрсетіледі.

16. Орталықта тұтынушыға (жеке келуі немесе сенімхат бойынша өкіліне) дайын құжаттарды (лицензия және лицензияға қосымша не қағаз жеткізгіштердегі бас тарту) кеңсе қызметкері беруді күн сайын «терезелер арқылы қолхатта көрсетілген мерзім негізінде Орталықтың инспекторы жүзеге асырады.

Уәкілетті органда тұтынушыға (жеке келуі немесе сенімхат бойынша өкіліне) дайын құжаттарды (лицензия және лицензияға қосымша не қағаз жеткізгіштердегі бас тарту) күн сайын қолхатта көрсетілген мерзім негізінде тіркеу журналына қол қойғызып, қолма-қол береді.

17. Егер:

1) осы стандарттың 11-тармағына сәйкес талап етілетін барлық құжаттар тапсырылмаса. Өтініш беруші аталған кедергілерді жойған кезде өтініш жалпы негізде қаралады;

2) құрылыс-монтаж жұмыстарымен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым енгізілмесе;

3) өтініш беруші біліктілік талаптарына сәйкес келмесе;

4) өтініш берушіге қатысты оған қызметтің жекелеген түрімен айналысуға тыйым салатын заңды күшіне енген сот үкімі болған жағдайларда лицензия беруден бас тартылуы мүмкін.

 

 

3. Жұмыс қағидаттары

 

18. Орталықтың және уәкілетті органның қызметі адамның конституциялық құқықтары мен бостандықтарын, қызметтік борышты атқару кезінде заңдылықты сақтауға негізделеді және сыпайылық, толық ақпарат беру, оның сақталуын, қорғалуын және құпиялылығын қамтамасыз ету қағидаттарымен жүзеге асырылады.

 

 

4. Жұмыс нәтижелері

 

19. Тұтынушыларға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері осы стандарттың 4-қосымшасына сәйкес сапа және тиімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.

20. Мемлекеттік қызмет көрсететін Орталықтың және уәкілетті органның жұмысы бағаланатын мемлекеттік қызметтер көрсетудің сапа және тиімділік көрсеткіштерінің нысаналы мәні жыл сайын, осы мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарын әзірлеуге жауапты мемлекеттік органның тиісті бұйрығымен бекітіледі.

 

 

5. Шағымдану тәртібі

 

21. Орталық немесе уәкілетті орган қызметкерлерінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым беру тәртібін түсіндіру, сондай-ақ шағымды дайындауда жәрдем көрсету осы стандарттың 1 және 2-қосымшаларында көрсетілген мекенжайлар мен телефондар арқылы жүзеге асырылады.

22. Көрсетілген қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда осы стандарттың 14-қосымшасында көрсетілген байланыс деректері (ресми сайт, мекенжайлар мен телефондар), облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) әкімдігі басшысының атына шағым беріледі.

23. Мемлекеттік қызметті ұсыну кезінде тұтынушыларға лайықсыз қызмет көрсеткен Орталық немесе уәкілетті орган қызметкерлерінің әрекетіне шағым осы стандарттың 1 және 2-қосымшаларында көрсетілген мекенжайлар бойынша олардың басшыларының атына беріледі.

24. Шағымдар жазбаша түрде пошта арқылы не Орталықтың немесе уәкілетті органның кеңсесі арқылы жұмыс күндері қолма-қол қабылданады.

Шағымда жеке тұлға үшін - тегі, есімі, әкесінің аты, пошталық мекенжайы, заңды тұлға үшін - оның атауы, пошталық мекенжайы, шығыс нөмірі мен күні көрсетіледі. Өтінішке тұтынушы қол қоюы тиіс.

Шағым берген кезде іс-әрекетіне шағым беріп отырған лауазымды адамдардың лауазымы, аты-жөні, өтініш беру негізі мен талаптары көрсетіледі.

Шағымға тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі қоса беріледі.

25. Орналасқан жері осы стандарттың 1 және 2-қосымшаларында көрсетілген Орталық немесе уәкілетті органның кеңсесіндегі тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі мен күні) шағымды қабылдаудың растауы болып табылады.

Шағымдарды қарау «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен және мерзімде жүзеге асырылады.

Шағымды қарау нәтижелері туралы өтініш берушіге жазбаша түрде тапсырыс тәртібімен пошта арқылы не қол қойғызып қолма-қол беріледі.

Шағымды қарау барысы туралы ақпаратты осы стандарттың 1 және 2-қосымшаларында көрсетілген Орталықтың немесе уәкілетті органның орналасқан жері бойынша алуға болады.

26. Қосымша ақпаратты Орталықтың ақпараттық-анықтамалық қызметінің 58-00-58 телефоны арқылы және осы стандарттың 14-қосымшасына сәйкес уәкілетті органның интернет-ресурсынан алуға болады.

 

«Құрылыс-монтаж жұмыстарына

лицензия беру»

мемлекеттік қызметтер көрсету стандартына

1-қосымша

 

 

Р/с №

Орталықтың атауы

Орталықтың мекенжайы

Жұмыс кестесі

Операциялық залдың телефон нөмірі

Басшының телефон нөмірі

1

2

3

4

5

6

1

Ақмола облысының ХҚКО

Көкшетау қаласы, Әуезов көшесі, 189 «а» үй

9.00-ден 20.00-ге дейін жұмыс күндері

40-10-76

40-10-63 қабылдау бөлмесі

2

Ақтөбе облысының ХҚКО

Ақтөбе қаласы, Тургенев көшесі, 109-үй

9.00-ден 20.00-ге дейін жұмыс күндері

56-40-34

56-57-87 қабылдау бөлмесі

3

Алматы облысының ХҚКО

Талдықорған қаласы, Тәуелсіздік көшесі, 67 «б» үй

9.00-ден 20.00-ге дейін жұмыс күндері

24-31-10

24-41-33 қабылдау бөлмесі

4

Атырау облысының ХҚКО

Атырау қаласы, Авангардская көшесі, 2-23 «б» үй

9.00-ден 20.00-ге дейін жұмыс күндері

28-39-14

28-40-14 қабылдау бөлмесі

5

Шығыс Қазақстан облысының № 1 ХҚКО

Өскемен қаласы, Белинский көшесі, 37 «а» үй

9.00-ден 20.00-ге дейін жұмыс күндері

47-14-96

28-94-67 қабылдау бөлмесі

6

Шығыс Қазақстан облысының № 2 ХҚКО

Семей қаласы, 408-орам, 21-үй

9.00-ден 20.00-ге дейін жұмыс күндері

33-57-97

33-55-93 қабылдау бөлмесі

7

Жамбыл облысының ХҚКО

Тараз қаласы, Қойгелді көшесі, 158 «а» үй

9.00-ден 20.00-ге дейін жұмыс күндері

43-84-15

43-84-14 қабылдау бөлмесі

8

Батыс Қазақстан облысының ХҚКО

Орал қаласы, Жамбыл көшесі, 81-үй

9.00-ден 20.00-ге дейін жұмыс күндері

23-67-16

23-68-81 қабылдау бөлмесі

9

Қарағанды облысының ХҚКО

Қарағанды қаласы, Чкалов көшесі, 7-үй

9.00-ден 20.00-ге дейін жұмыс күндері

41-63-03

41-63-10 қабылдау бөлмесі

10

Қостанай облысының ХҚКО

Қостанай қаласы, Таран көшесі, 114-үй

9.00-ден 20.00-ге дейін жұмыс күндері

53-45-74

54-10-20 қабылдау бөлмесі

11

Қызылорда облысының ХҚКО

Қызылорда қаласы, Мұратбаев көшесі, н/ж

9.00-ден 20.00-ге дейін жұмыс күндері

23-09-15

23-08-46 қабылдау бөлмесі

12

Маңғыстау облысының ХҚКО

Ақтау қаласы, 15 шағын аудан, 67 «б» үй

9.00-ден 20.00-ге дейін жұмыс күндері

42-23-14

42-23-12 қабылдау бөлмесі

13

Павлодар облысының ХҚКО

Павлодар қаласы, Павлов көшесі, 48-үй

9.00-ден 20.00-ге дейін жұмыс күндері

33-47-54

33-47-35 қабылдау бөлмесі

14

Солтүстік Қазақстан облысының ХҚКО

Петропавл қаласы, Әуезов көшесі, 157-үй

9.00-ден 20.00-ге дейін жұмыс күндері

33-21-12

33-31-03 қабылдау бөлмесі

15

Оңтүстік Қазақстан облысының ХҚКО

Шымкент қаласы, Мәделі қожа көшесі, н/з

9.00-ден 20.00-ге дейін жұмыс күндері

21-48-43

30-06-79 қабылдау бөлмесі

16

Алматы қаласы Алмалы ауданының ХҚКО

Алматы қаласы, Бөгенбай батыр көшесі, 221-үй

9.00-ден 20.00-ге дейін жұмыс күндері

378-09-10

378-09-09 қабылдау бөлмесі

17

Алматы қаласы Бостандық ауданының ХҚҚО

Алматы қаласы, Ходжанов көшесі, 9-үй

9.00-ден 20.00-ге дейін жұмыс күндері

249-69-04

248-17-77 қабылдау бөлмесі

18

Алматы қаласы Жетісу ауданының ХҚКО

Алматы қаласы, Төле би көшесі, 155-үй

9.00-ден 20.00-ге дейін жұмыс күндері

378-46-72

378-47-01 қабылдау бөлмесі

19

Алматы қаласы Медеу ауданының ХҚКО

Алматы қаласы, Марков көшесі, 44-үй

9.00-ден 20.00-ге дейін жұмыс күндері

386-90-18

239-65-52 қабылдау бөлмесі

20

Алматы қаласы Түрксиб ауданының ХҚКО

Алматы қаласы, Зорге көшесі, 9-үй

9.00-ден 20.00-ге дейін жұмыс күндері

234-09-27

234-09-35 қабылдау бөлмесі

21

Астана қаласы Алматы ауданының № 1 ХҚКО

Астана қаласы, Жұбанов көшесі, 2-үй

9.00-ден 20.00-ге дейін жұмыс күндері

37-21-94

37-02-06 қабылдау бөлмесі

22

Астана қаласы Алматы ауданының № 2 ХҚКО

Астана қаласы, Күйші Дина көшесі, 31 үй, жү 1, вп 2, вп 3.

9.00-ден 20.00-ге дейін жұмыс күндері

40-66-54

40-65-62 қабылдау бөлмесі

23

Астана қаласы Сарыарқа ауданының № 1 ХҚКО

Астана қаласы, Республика даңғылы, 43-үй

9.00-ден 20.00-ге дейін жұмыс күндері

32-07-13 32-46-97

32-42-79 қабылдау бөлмесі

24

Астана қаласы Сарыарқа ауданының № 2 ХҚКО

Астана қаласы, Тілендиев даңғылы, 81, 85-үй

9.00-ден 20.00-ге дейін жұмыс күндері

37-70-46

37-74-34 қабылдау бөлмесі

 

«Құрылыс-монтаж жұмыстарына

лицензия беру»

мемлекеттік қызметтер көрсету стандартына

2-қосымша

 

 

Р/с №

Уәкілетті органның атауы

Орналасқан мекенжайы

Ресми сайт

Жұмыс кестесі

Телефон нөмірі

Басшының телефон нөмірі

1

2

3

4

5

6

7

1

«Ақмола облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы» ММ

Көкшетау қаласы, Сәтпаев көшесі, 1Б-үй

www.akmo.kz

9.00-ден 18.00-ге дейін

түскі үзіліс 13.00-ден 14.00-ге дейін жұмыс күндері

8(7162) 25-20-40

25-32-23 қабылдау бөлмесі

2

«Ақтөбе облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы» ММ

Ақтөбе қаласы, Әбілхайыр хан даңғылы, 40-үй

www.akto.kz

9.00-ден 18.00-ге дейін

түскі үзіліс

13.00-ден 14.00-ге дейін жұмыс күндері

8(7132) 55-13-11

55-05-94 қабылдау бөлмесі

3

«Алматы облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы» ММ

Талдықорған қаласы, Шевченко көшесі, 131-үй

www.zhetysu-gov.kz

9.00-ден 18.00-ге дейін

түскі үзіліс 13.00-ден 14.00-ге дейін жұмыс күндері

8(7282) 27-35-48

27-35-40 қабылдау бөлмесі

4

«Атырау облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы» ММ

Атырау қаласы, Әйтеке би көшесі, 77-үй

www.e-atyrau.kz

9.00-ден 18.00-ге дейін

түскі үзіліс 13.00-ден 14.00-ге дейін жұмыс күндері

8(7122) 27-11-16

27-09-58 қабылдау бөлмесі

5

«Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы» ММ

Өскемен қаласы, Қазақстан көшесі, 27-үй

www.akimvko.gov.kz/ru/

9.00-ден 18.00-ге дейін

түскі үзіліс 13.00-ден 14.00-ге дейін жұмыс күндері

8(7232) 57-78-71

26-09-20 қабылдау бөлмесі

6

«Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы» ММ

Орал қаласы, Досмұхамедов көшесі, 16-үй

www.westkaz.kz

9.00-ден 18.00-ге дейін

түскі үзіліс 13.00-ден 14.00-ге дейін жұмыс күндері

8(7112) 51-43-61

51-52-31 қабыл дау бөлмесі

7

«Жамбыл облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы» ММ

Тараз қаласы, Желтоқсан көшесі, 22-үй, 6 қабат

www.zhambyl.kz

9.00-ден 18.00-ге дейін

түскі үзіліс 13.00-ден 14.00-ге дейін жұмыс күндері

8(7262) 43-67-43

43-74-57 қабылдау бөлмесі

8

«Қарағанды облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы» ММ

Қарағанды қаласы, Гоголь көшесі, 34-үй

www.karaganda-region.kz

9.00-ден 18.00-ге дейін

түскі үзіліс 13.00-ден 14.00-ге дейін жұмыс күндері

8(7212) 56-88-58

56-28-63 қабылдау бөлмесі

9

«Қостанай облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы» ММ

Қостанай қаласы, Павших борцов, даңғылы, 108-үй

www.kostanay.kz

9.00-ден 18.00-ге дейін

түскі үзіліс 13.00-ден 14.00-ге дейін жұмыс күндері

8(7142) 57-51-12

57-51-09 қабылдау бөлмесі

10

«Қызылорда облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы» ММ

Қызылорда қаласы, Скатков көшесі, 96-үй

www.e-kyzylorda.kz

9.00-ден 18.00-ге дейін

түскі үзіліс 13.00-ден 14.00-ге дейін жұмыс күндері

8(7242) 23-00-36

23-02-39 қабылдау бөлмесі

11

«Маңғыстау облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы» ММ

Ақтау қаласы, 23 шағын аудан, 100-ғимарат

www.mangystau.kz

9.00-ден 18.00-ге дейін

түскі үзіліс 13.00-ден 14.00-те дейін жұмыс күндері

8(7292) 43-85-83

42-97-27 қабылдау бөлмесі

12

«Павлодар облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы» ММ

Павлодар қаласы, Қайырбаев көшесі, 72-үй

www.pavlodar.gov.kz

9.00-ден 18.00-ге дейін

түскі үзіліс 13.00-ден 14.00-ге дейін жұмыс күндері

8(7182) 32-92-14

33-96-30, 32-92-66 қабылдау бөлмесі

13

«Солтүстік Қазақстан облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы» ММ

Петропавл қаласы, Қазақстан Конституциясы көшесі, 23-үй

www.sko.kz

9.00-ден 18.00-ге дейін

түскі үзіліс 13.00-ден 14.00-ге дейін жұмыс күндері

8(7152) 46-25-22

46-93-10 қабылдау бөлмесі

14

«Оңтүстік Қазақстан облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы» ММ

Шымкент қаласы, Мәделі қожа көшесі, н/ж, ХҚКО ғимараты, 3 қабат

www.ontustik.gov.kz

9.00-ден 18.00-ге дейін

түскі үзіліс 13.00-ден 14.00-ге дейін жұмыс күндері

8(7252) 41-01-88

41-03-52 қабылдау бөлмесі

15

«Алматы қаласының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы» ММ

Алматы қаласы, Достық даңғылы, 85-үй

www.almaty.kz

9.00-ден 18.00-ге дейін түскі үзіліс 13.00-ден 14.00-ге дейін жұмыс күндері

8(7272) 61-16-16

61-16-16 қабылдау бөлмесі

16

«Астана қаласының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы» ММ

Астана қаласы, Бигелдинов көшесі, 74/1 үй

www.astana.kz

9.00-ден 18.00-ге дейін

түскі үзіліс 13.00-ден 14.00-ге дейін жұмыс күндері

8(7172) 70-13-05

70-13-33 қабылдау бөлмесі

 

«Құрылыс-монтаж жұмыстарына

лицензия беру»

мемлекеттік қызметтер көрсету стандартына

3-қосымша

 

 

Біліктілік талаптарына сәйкес мәліметтер мен құжаттар (материалдар мен құжаттар)

 

Р/с №

Қосымшаның атауы

Құжатқа материалдардың атауы

Қосымшаның нөмірі

1

2

3

4

1

Құрылыс-монтаж жұмыстарының кіші қызмет түрлері мен жұмыстар тізбесі

-

5

2

Мамандардың (ИТЖ) біліктілік құрамы туралы деректер

Дипломдар көшірмелері, жұмыс өтілін растайтын құжаттардың көшірмелері

6

3

Өндірістік база туралы ақпарат

Өзінің жеке меншік базасы болған жағдайда:

жылжымайтын мүлік объектісін тіркеу туралы куәліктің көшірмесі.

Базаны жалға алған жағдайда:

жалға алу шартының көшірмесі, жалға берушінің жылжымайтын мүлік объектісін тіркеу туралы куәлігінің көшірмесі

7

4

Техникалық жарақтандырылуы туралы ақпарат

Жалға алған машиналары мен механизмдер болған жағдайда:

жалға алу шартының көшірмесі

8

5

Сапаны бақылау жүйесі

Жауапты орындаушыларды тағайындау туралы бұйрық, зертханамен жасасқан шарт көшірмесі, зертхананы аккредиттеу аттестатының көшірмесі, сейсмикалық қауіптілігі жоғары аудандарға рұқсаттың көшірмесі (жеке тұлғаға немесе заңды тұлғаның орындаушыларына)

9

6

Мемлекеттік нормативтер жиынтығы, нормативтік-анықтамалық және техникалық әдістемелік әдебиеттің болуы туралы ақпарат

Өз жиынтығы болмаған жағдайда: ақпараттық-анықтамалық қызмет көрсету шартының көшірмесі

10

7

Еңбекті қорғау жүйесі және қауіпсіздік техникасы

Еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасына жауапты адамды тағайындағаны туралы бұйрықтың көшірмесі, тиісті оқуды өткені туралы құжаттың көшірмесімен бірге

11

Ескертпе: ұсынылатын материалдар мен құжаттарға бірінші басшы қол қояды және мөрмен куәландырылады

 

«Құрылыс-монтаж жұмыстарына

лицензия беру»

мемлекеттік қызмет көрсету стандартына

4-қосымша

 

 

Кесте. Сапа және тиімділік көрсеткіштерінің мәні

 

Сапа және тиімділік көрсеткіштері

Көрсеткіштің нормативтік мәні

Көрсеткіштің келесі жылғы нысаналы мәні

Көрсеткіштің есепті жылдағы ағымдағы мәні

1. Уақтылығы

1.1. Құжаттар тапсырылған сәттен бастап белгіленген мерзімде қызмет көрсету жағдайларының %-ы (үлесі)

 

 

 

2. Сапасы

2.1. Қызмет көрсету үдерісінің сапасына қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесі)

 

 

 

3. Қол жетімділік

3.1 Қызмет көрсету сапасы мен оның тәртібі туралы ақпаратқа қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесі)

 

 

 

3.2. Ақпаратына электрондық форматта қол жеткізуге болатын қызметтің %-ы (үлесі)

 

 

 

4. Шағымдану үдерісі

4.1. Шағымданудың қолданыстағы тәртібіне қанағаттанған тұтынушылардың % -ы (үлесі)

 

 

 

5. Сыпайылық

5.1. Персоналдың сыпайылығына қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесі)

 

 

 

 

«Құрылыс-монтаж жұмыстарына

лицензия беру»

мемлекеттік қызмет көрсету стандартына

5-қосымша

 

 

Құрылыс-монтаж жұмыстарындағы кіші жұмыс түрлері мен жұмыстар

тізбесі

 

_______________________________________________________________

(заңды немесе жеке тұлғаның атауы)

 

Кіші жұмыс түрлері мен жұмыстар атауы

(«Лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы № 214-III Заңының 33-бабы)

 

«Құрылыс-монтаж жұмыстарына

лицензия беру»

мемлекеттік қызметтер көрсету стандартына

6-қосымша

 

 

Мамандардың (ИТҚ) біліктілік құрамы туралы деректер

 

Р/с №

Лауазымы

Т.А.Ә.

Осы ұйымда жұмыс істейді (тұрақты, уақытша)

Жұмыс өтілі

Оқу орны, аяқтаған жылы, диплом бойынша біліктілігі көрсетілген білімі

Мамандығы бойынша

Атқаратын лауазымында

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Құрылыс-монтаж жұмыстарына

лицензия беру»

мемлекеттік қызметтер көрсету стандартына

7-қосымша

 

 

Өндірістік база туралы ақпарат

 

Р/с

Өндірістік базаның функционалдық құрамы

Алаңы

Меншік құқығын куәландыратын құжат

Мекенжайы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Құрылыс-монтаж жұмыстарына

лицензия беру»

мемлекеттік қызметтер көрсету стандартына

8-қосымша

 

 

Техникалық жарақтандырылуы туралы ақпарат

 

Р/с №

Атауы

Өлшем бірлігі

Саны

Пайдалану мерзімі

Сипаты (маркасы, қуаты) сапалық құрамы

Ескертпе

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Құрылыс-монтаж жұмыстарына

лицензия беру»

мемлекеттік қызметтер көрсету стандартына

9-қосымша

 

 

Сапаны бақылау жүйесі

 

Т.А.Ә., сапа қызметіне жауапты адамның лауазымы. Бұйрықтың № көрсету

 

Кәсіпорында аттестатталған зертхананың болуы (иә-, жоқ). Зертханалық бақылау жүргізу

 

Геодезиялық бақылауды ұйымдастыру, лауазымы, геодезиялық бақылауды өткізуге жауапты адамның Т.А.Ә. Бұйрықтың № көрсету

 

Жобалық-сметалық құжаттаманы, материалдарды, құрастырмалар мен бұйымдарын ішкі бақылау, оның ішінде радиациялық бақылау. Бұйрықтың № көрсету. Жұмыс журналдарының болуы

 

Арнайы жұмыстар журналдарының болуы және оны жүргізу

 

Инспекциялық бақылау жүргізу

 

Наразылықтың болуы, себептерін талдау, қандай шаралар қабылданды. Қабылданған шаралар тиімділігі (оның ішінде авторлық қадағалау мен тапсырыс беруші қызметтері)

 

Қабылдау бақылауын, оның ішінде көрінбейтін жұмыстарға бақылауды жүзеге асыру

 

Қабылдау-тапсыру құжаттамасын уақытында кезінде ресімдеу

 

 

«Құрылыс-монтаж жұмыстарына

лицензия беру»

мемлекеттік қызметтер көрсету стандартына

10-қосымша

 

 

Мемлекеттік нормативтер жиынтығы, нормативтік-анықтамалық және техникалық

әдістемелік әдебиеттің болуы туралы ақпарат

 

Р/с

Атауы

Өлшем бірлігі

Саны

Ескертпе

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Құрылыс-монтаж жұмыстарына

лицензия беру»

мемлекеттік қызмет көрсету стандартына

11-қосымша

 

 

Еңбекті қорғау жүйесі және қауіпсіздік техникасы

 

1.

Жұмыстардың қауіпсіз өндірісін қамтамасыз ету қызметіне жауапты адамның Т.А.Ә., лауазымы

 

2.

Кәсіпорында:

- қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету қызметінің;

- арнайы қызметтердің (өрт сөндіру бөлімі, медициналық пункт, газ инспекциясы және т.б.) болуы

 

3.

Кәсіпорынның:

- тұрмыстық үй-жайлармен

- қорғау құралдарымен

- арнайы киіммен

- бақылау аспаптарымен жабдықталуы

 

4.

Өндірістік персоналды оқыту жүйесі:

- тұрақты курстар немесе басқа тәсіл

- нұсқау және жұмыс орнында оқыту

 

5.

Қауіпсіз жұмыс жасау бойынша талаптарға жабдықтардың сәйкестігі

 

6.

Қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз етуге өткен 12 айдағы шығындар: - сомасы (мың теңге)

 

 

«Құрылыс-монтаж жұмыстарына

лицензия беру»

мемлекеттік қызметтер көрсету стандартына

12-қосымша

 

Нысан

 

 

________________________________________________________________

(лицензиялау органының толық атауы)

________________________________________________________________

(заңды тұлғаның толық атауы)

 

ӨТІНІШ

 

Қазақстан Республикасының аумағында немесе оның аумағынан тыс жерлерде __________________________________________________

______________________________________________________________________________________________________ қызметті (әрекетті)

(түрін көрсету)

жүзеге асыруға лицензия беруді сұраймын.

Ұйым туралы мәлімет:

1. Меншік нысаны ______________________________________________________________________________________________________

2. Құрылған жылы ______________________________________________________________________________________________________

3. Тіркеу туралы куәлігі ___________________________________________________________________________________________________

_______________________________________________________________________________________________________________________

(№, кім және қашан берді)

4. Мекенжайы __________________________________________________________________________________________________________

_______________________________________________________________________________________________________________________

(индекс, қала, аудан, облыс, көше, үйдің №, телефон, факс)

5. Есеп шоты ___________________________________________________________________________________________________________

_______________________________________________________________________________________________________________________

(шоттың №, банктің атауы және орналасқан жері)

6. Филиалы, өкілдігі _____________________________________________________________________________________________________

______________________________________________________________________________________________________________________

(орналасқан жері және деректемелері)

7. Қоса берілген құжаттар:

_______________________________________________________________________________________________________________________

_______________________________________________________________________________________________________________________

_______________________________________________________________________________________________________________________

 

Басшы ________________   _____________________________

                   (қолы)          (тегі, аты, әкесінің аты)

 

Мөрдің орны

 

«Құрылыс-монтаж жұмыстарына

лицензия беру»

мемлекеттік қызметтер корсету стандартына

13-қосымша

 

Нысан

 

 

________________________________________________________________

(лицензиялау органының толық атауы)

________________________________________________________________

(заңды тұлғаның толық атауы)

 

ӨТІНІШ

 

Қазақстан Республикасының аумағында немесе оның аумағынан тыс жерлерде __________________________________________________

______________________________________________________________________________________________________ қызметті (әрекетті)

(түрін көрсету)

жүзеге асыруға лицензия беруді сұраймын.

Жеке тұлға туралы мәлімет:

1. Туған жылы _________________________________________________________________________________________________________

2. Паспорттық деректері _________________________________________________________________________________________________

(сериясы, №, кім және қашан берді)

3. Білімі _______________________________________________________________________________________________________________

(мамандығы болған кезде дипломның (өзге де құжаттың) №,

_______________________________________________________________________________________________________________________

оқу орнының атауы, бітірген жылы)

4. Шаруашылық субъектісін тіркеу туралы куәлік (қажет болған жағдайда) ________________________________________________________

(№, кім және қашан берді)

5. Үйінің мекенжайы ____________________________________________________________________________________________________

_______________________________________________________________________________________________________________________

6. Жұмыс орны _________________________________________________________________________________________________________

7. Есеп шоты (бар болса) _________________________________________________________________________________________________

______________________________________________________________________________________________________________________

(шоттың №, банктің атауы және орналасқан жері)

8. Қоса берілген құжаттар:

______________________________________________________________________________________________________________________

______________________________________________________________________________________________________________________

 

________________   _________________________________

       (қолы)            (тегі, аты, әкесінің аты)

 

«Құрылыс-монтаж жұмыстарына

лицензия беру»

мемлекеттік қызметтер көрсету стандартына

14-қосымша

 

 

Р/с

Уәкілетті органның атауы

Орналасқан мекенжайы

Ресми сайт

Жұмыс кестесі

Телефон нөмірі

Басшының телефон нөмірі

1

2

3

4

5

6

7

1

Ақмола облысының әкімдігі

Көкшетау қаласы, Абай көшесі, 83

www.akmo.kz

9.00-ден 18.00-ге дейін

түскі үзіліс 13.00-ден 14.00-ге дейін жұмыс күндері

8(7162) 25-55-11

25-79-22 қабылдау бөлмесі

2

Ақтөбе облысының әкімдігі

Ақтөбе қаласы, Әбілхайыр хан даңғылы, 40-үй

www.akto.kz

9.00-ден 18.00-ге дейін

түскі үзіліс 13.00-ден 14.00-ге дейін жұмыс күндері

8(7132) 93-28-81

54-36-30 қабылдау бөлмесі

3

Алматы облысының әкімдігі

Талдықорған қаласы, Тәуелсіздік көшесі, 38

www.zhetysu-gov.kz

9.00-ден 18.00-ге дейін

түскі үзіліс 13.00-ден 14.00-ге дейін жұмыс күндері

8(7282) 72-20-72

27-08-22 қабылдау бөлмесі

4

Атырау облысының әкімдігі

Атырау қаласы, Әйтеке би көшесі, 77-үй

www.e-atyrau.kz

9.00-ден 18.00-ге дейін

түскі үзіліс 13.00-ден 14.00-ге дейін жұмыс күндері

8(7122) 27-09-60

35-45-01 қабылдау бөлмесі

5

Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі

Өскемен қаласы, Горький көшесі, 40

www.akimvko.gov.kz/

ru/

9.00-ден 18.00-ге дейін

түскі үзіліс 13.00-ден 14.00-ге дейін жұмыс күндері

8(7232) 26-42-42

57-85-80 қабылдау бөлмесі

6

Батыс Қазақстан облысының әкімдігі

Орал қаласы, Достық даңғылы, 179

www.westkaz.kz

9.00-ден 18.00-ге дейін

түскі үзіліс 13.00-ден 14.00-ге дейін жұмыс күндері

8(7112) 51-25-31

51-08-82 қабылдау бөлмесі

7

Жамбыл облысының әкімдігі

Тараз қаласы, Абай көшесі, 125

www.zhambyl.kz

9.00-ден 18.00-ге дейін

түскі үзіліс 13.00-ден 14.00-ге дейін жұмыс күндері

8(7262) 43-25-18

43-18-22 қабылдау бөлмесі

8

Қарағанды облысының әкімдігі

Қарағанды қаласы, Бейбітшілік бульвары, 39

www.karaganda-region.kz

9.00-ден 18.00-ге дейін

түскі үзіліс 13.00-ден 14.00-ге дейін жұмыс күндері

8(7212) 42-10-67

42-10-45 қабылдау бөлмесі

9

Қостанай облысының әкімдігі

Қостанай қаласы, Әл-Фараби даңғылы, 66

www.kostanay.kz

9.00-ден 18.00-ге дейін

түскі үзіліс 13.00-ден 14.00-ге дейін жұмыс күндері

8(7142) 57-50-86

57-50-01 қабылдау бөлмесі

10

Қызылорда облысының әкімдігі

Қызылорда қаласы, Жахов көшесі, 76

www.e-kyzylorda.kz

9.00-ден 18.00-ге дейін

түскі үзіліс 13.00-ден 14.00-ге дейін жұмыс күндері

8(7242) 27-63-73

26-21-44 қабылдау бөлмесі

11

Маңғыстау облысының әкімдігі

Ақтау қаласы, 14 шағын аудан, 1-ғимарат

www.mangystau.kz

9.00-ден 18.00-ге дейін

түскі үзіліс 13.00-ден 14.00-ге дейін жұмыс күндері

8(7292) 31-53-65

31-42-15 қабылдау бөлмесі

12

Павлодар облысының әкімдігі

Павлодар қаласы, Академик Сәтпаев көшесі, 49

www.pavlodar.gov.kz

9.00-ден 18.00-ге дейін

түскі үзіліс 13.00-ден 14.00-ге дейін жұмыс күндері

8(7182) 32-08-18

32-34-22 қабылдау бөлмесі

13

Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі

Петропавл қаласы, Қазақстан Конституциясы көшесі, 58-үй

www.sko.kz

9.00-ден 18.00-ге дейін

түскі үзіліс 13.00-ден 14.00-ге дейін жұмыс күндері

8(7152) 36-61-14

46-41-25 Қабылдау бөлмесі

14

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі

Шымкент қаласы, Тәуке хан көшесі, 6

www.ontustik.gov.kz

9.00-ден 18.00-ге дейін

түскі үзіліс 13.00-ден 14.00-ге дейін жұмыс күндері

8(7252) 55-00-07

53-74-43 қабылдау бөлмесі

15

Алматы қаласының әкімдігі

Алматы қаласы, Республика даңғылы, 4

www.almaty.kz

9.00-ден 18.00-ге дейін

түскі үзіліс 13.00-ден 14.00-ге дейін жұмыс күндері

8(7272) 71-66-45

71-60-50 қабылдау бөлмесі

16

Астана қаласының әкімдігі

Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі, 11

www.astana.kz

9.00-ден 18.00-ге дейін

түскі үзіліс 13.00-ден 14.00-ге дейін жұмыс күндері

8(7172) 55-64-81

55-64-01 қабылдау бөлмесі