Источник: ИС ПАРАГРАФ, 07.07.2010 13:45:14


Қазақстан Республикасы

Әділет министрінің

2007 жылғы 27 қарашадағы

№ 319 бұйрығына

7-қосымша

 

ҚР Әділет министрінің 2010 жылғы 30 наурыздағы № 91 Бұйрығымен күші жойылды

 

Жарияланбаған туындылардың қолжазбаларын сақтау, қолжазбаларын сақтауға тапсыру туралы анықтама беру бойынша мемлекеттік қызмет көрсету стандарты

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Уәкілетті органның жарияланбаған туындылардың қолжазбаларын, сондай-ақ туынды шығармалардың (аудармалар, өңдеулер, аннотациялар, рефераттар, түйіндемелер, шолулар және ғылыми, әдеби және өнер туындыларының басқа да өңдеулері), сондай-ақ жинақтардың (энциклопедиялар, антологиялар, дерекқорлар) және материалдарды іріктеп алу және (немесе) орналасуы бойынша шығармашылық қызметтің нәтижесі болып табылатын басқа да құрамдас туындылардың қолжазбаларын сақтауы.

Уәкілетті орган жарияланбаған туындылардың қолжазбаларын автор мен авторлардың өтініші негізінде қабылдайды және сақтайды.

2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған.

3. Мемлекеттік қызмет «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының негізінде көрсетіледі.

4. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы комитеті (бұдан әрі - Комитет) көрсетеді.

Мемлекеттік қызмет көрсетілетін орны: Астана қаласы, Сол жағалау, «Министрліктер үйі», А блогы, 1014 кабинеті.

5. Көрсетілетін мемлекеттік қызметті аяқтау нысаны жарияланбаған туындылардың қолжазбаларын сақтауға тапсыру туралы анықтамаболып табылады.

6. Мемлекеттік қызмет барлық жеке тұлғаларға көрсетіледі.

7. Мемлекеттік қызмет 15 жұмыс күні ішінде көрсетіледі.

Қажетті құжаттарды өткізген жағдайда барынша жол берілген кезекте күту уақыты 20 минуттан аспайды.

Құжаттарды беру тек пошта арқылы жүзеге асырылады.

8. Қызмет тегін көрсетіледі.

9. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы толық ақпарат Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ресми Интернет сайтында (www.minjust.kz), Комитеттің сайтында: www.intellkaz.kzжәне «Ұлттық зияткерлік меншік институты» РМҚК сайтында www.kazpatent.kzорналасқан.

10. Мемлекеттік қызмет күн сайын сенбі мен жексенбіден басқа күндері көрсетіледі. Құжаттарды қабылдау сағат 9. 00-ден 19.00-ге дейін жүзеге асырылады. Үзіліс сағат 13.00-ден 15.00-ге дейін. Алдын ала жазылу және қызметтерді жедел ресімдеу жүргізілмейді.

11. Қызмет Министрліктер үйінің ғимаратында көрсетіледі. Құжаттарды қабылдау Комитеттің кеңсесінде және пошта арқылы жүзеге асырылады. Пошта мекен-жайы: 010000 Астана қаласы, Оренбург көшесі № 8 үй, Министрліктер үйі, № 1014 кабинет.

 

2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

 

12. Комитет жарияланбаған туындылардың қолжазбаларын қабылдауды және сақтауды автордың немесе авторлардың өтініші негізінде жүзеге асырады. Егер шығарма туынды болса, пайдаланылған шығарма авторының тегін, атын, әкесінің атын көрсету қажет.

Құжаттарды сенім білдірілген тұлға арқылы тапсыру кезінде:

автордың заңнамада белгіленген тәртіппен куәландырылған сенімхаты;

сенім білдірілген өкілдің жеке тұлғасын куәландыратын құжаттың көшірмесі ұсынылады.

Сақтауға ұсынылатын құжаттар нөмірленуі, тігілуі және автордың қолымен бекітілуі қажет.

13. Өтініш еркін нысанда беріледі.

14. Құжаттар қабылдауды Комитет кеңсесінің қызметкері жүзеге асырады.

15. Растайтын құжаттарды өтініш иесіне беру көзделмеген.

16. Дайын құжаттар пошта арқылы жіберіледі.

17. Жарияланбаған туындылардың қолжазбаларын қабылдауды және сақтауды тоқтата тұру көзделмеген.

 

3. Жұмыс қағидаттары

 

18. Уәкілетті органдардың жұмысы келесі принциптермен негізделеді:

1) адамның конституциялық құқықтары мен бостандықтарын сақтау;

2) қызметтік парызды орындау барысында заңдылықты сақтау;

3) сыпайылық;

4) толымды және толық ақпарат беру;

5) ақпараттың құпиялылығын сақтау және қорғау.

 

4. Жұмыс нәтижелері

 

19. Тұтынушыларға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері осы Стандартқа 1-қосымшаға сәйкес сапа және қол жетімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.

20. Комитеттің жұмысы бағаланатын мемлекеттік қызметтің сапа көрсеткіштерінің мақсаты мен қолжетімділігін, Комитет арнайы құратын жұмыс тобы жыл сайын бекітеді.

 

5. Шағымдану тәртібі

 

21. Шағымдану тәртібі туралы қосымша ақпаратты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Зияткерлік меншік құқығы комитетінің туындыларға құқықты тіркеу, аумақтық органдармен өзара іс-қимыл бөлімнің бастығынан алуға болады.

22. Қажет болған жағдайда уәкілетті лауазымды адамдардың әрекетіне (әрекетсіздігіне) Зияткерлік меншік құқығы комитетінің басшылығына шағымдануға болады.

Егер тұтынушы қабылданған шараларға қанағаттанбаса немесе мәселе жоғары сатыда қарауды талап етсе, тұтынушы шағымды Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне жазбаша жібере алады.

23. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы комитетіне келіп түскен шағымдарды қарау Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен және мерзімдерде жүзеге асырылады. Шағымның қаралу барысы туралы ақпаратқа жауапты Зияткерлік меншік құқығы комитетінің кеңсесінен не 74-07-54 телефонына хабарласып алуға болады.

Заңнамада белгіленген тәртіппен берілген өтініштер міндетті түрде қабылдауға, тіркеуге, есепке алуға және қарауға жатады.

Өтінішті қабылдаудан бас тартуға тыйым салынады.

 

6. Байланыс ақпараты

 

24. Басшылардың жұмыс мен қабылдау кестесі Әділет министрлігінің жұмыс кестесіне сәйкес жүргізіледі.

Мемлекеттік қызмет көрсететін Комитет басшылары мен орындаушылардың байланыс деректері осы стандарттың 2-қосымшасында келтірілген.

 

Жарияланбаған туындылардың

қолжазбаларын сақтау, 

қолжазбаларын сақтауға 

тапсыру туралы анықтама беру

бойынша мемлекеттік қызмет

көрсету стандартына 1-қосымша

 

Кесте. Сапа мен қол жетімділік көрсеткіштерінің мәні

 

Сапа мен қол жетімділік көрсеткіштері

Көрсеткіш-

тің норма-

тивтік мәні

Көрсеткіш-

тің келесі жылғы нысаналы мәні

Көрсеткіш-

тің есеп-

тік жылда-

ғы ағымда-

ғы мәні

1. Уақытылығы

1.1. құжаттарды тапсырған

сәттен бастап белгіленген

мерзімде қызмет көрсетуді

ұсыну оқиғалары % (үлесі)

95%

80%

 

1.2. қызмет алу үшін кезекте

40 минуттан аспайтын уақыт

күткен тұтынушылардың %

(үлесі)

90%

90%

 

2. Сапа

2.1. қызмет көрсетулерді ұсыну

процесінің сапасына қанағат-

танған тұтынушылардың %

(үлесі) 

90%

70%

 

2.2. құжаттар дұрыс ресімдел-

ген жағдайлары (жүргізілген

төлемдер, есеп айырысулар және

т.б.) % (үлесі)

95%

85%

 

3. Қол жетімділік

3.1. қызмет көрсетулерді ұсыну

тәртібі туралы сапаға және

ақпаратқа қанағаттанған тұты-

нушылардың % (үлесі)

80%

60%

 

3.2. тұтынушылар құжаттарды

дұрыс толтырған және бірінші

тапсырған оқиғалардың %

(үлесі)

80%

45%

 

3.3. Интернет арқылы қол

жетімді қызмет көрсетулердің,

ақпараттардың % (үлесі)

50%

40%

 

4. Шағымдану процесі

4.1. қызмет көрсетудің осы

түрі бойынша қызмет көрсетіл-

ген тұтынушылардың жалпы

санымен негізделген шағымдар-

дың % (үлесі)

0,1%

0,3%

 

4.2. белгіленген мерзімде

қаралған және қанағаттандырыл-

ған негізді шағымдардың %

(үлесі)

85%

75%

 

4.3. шағымданудың қолданыстағы

тәртібімен қанағаттандырылған

тұтынушылардың % (үлесі)

95%

60%

 

4.4. шағымдану мерзімімен қа-

нағаттанған тұтынушылардың %

(үлесі)

90%

60%

 

5. Сыпайылық

5.1. қызметкерлердің сыпайы-

лылығына қанағаттанған тұты-

нушылар % (үлесі)

90%

70%

 

 

Жарияланбаған туындылардың

қолжазбаларын сақтау,

қолжазбаларын сақтауға

тапсыру туралы анықтама беру

бойынша мемлекеттік қызмет

көрсету стандартына 2-қосымша

 

Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Зияткерлік меншік құқығы комитетінің байланыс ақпараттарыдеректері

 

р/с

Жауапты тұлға

Кабинет

нөмері

Байланыс

телефондары

Қабылдау уақыты

1

Комитет төрағасы

1013

(7172) 74-07-50

Сәрсенбі

16.00-ден 18.00-ге дейін;

бейсенбі

10.00-ден 12.00-ге дейін

2

Жетекшілік ететін

Комитет төрағасы-

ның орынбасары

1011

(7172) 74-07-49

сейсенбі

10.00-ден 12.00-ге

дейін

3

Жетекшілік ететін Комитеттің басқар-

ма бастығы

1009

(7172) 74-07-52

сенбі және жексен-

біні қоспағанда,

күн сайын  сағат

9.00-ден 19.00-ге

дейін

Түскі үзіліс сағат

13.00-ден 15.00-ге

дейін.

4  

Туындыларға құқық-

ты тіркеу, аумақ-

тық әділет орган-

дармен өзара іс-

қимыл бөлімінің

бастығы  

1014

(7172) 74-07-73

сенбі және жексен-

біні қоспағанда,

күн сайын  сағат

9.00-ден 19.00-ге

дейін

Түскі үзіліс сағат

13.00-ден 15.00-ге

дейін.

5

Туындыларға құқық-

ты тіркеу, аумақ-

тық әділет орган-

дармен өзара іс-

қимыл бөлімінің

маманы 

945

 (7172) 74-07-53 

сенбі және жексен-

біні қоспағанда,

күн сайын  сағат

9.00-ден 19.00-ге

дейін

Түскі үзіліс сағат

13.00-ден 15.00-ге

дейін.

6

Кеңсе

1015

(7172) 74-07-54

сенбі және жексен-

біні қоспағанда,

күн сайын  сағат

9.00-ден 19.00-ге

дейін

Түскі үзіліс сағат

13.00-ден 15.00-ге

дейін.