Сондай-ақ, ипотекалық қарызды берген кезде кейбір банктер мәміленің заң тұрғысынан тазалығын сақтандыру қажеттілігіне назар аударады (титулдық сақтандыру – ерікті түрде жүзеге асырылатын («Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6 бабы 3 тармағы 18) тармақшасы).
Титулдық сақтандыру не береді? Сақтандыру жағдайы меншік құқығын тоқтату болып табылады. Көбінесе мұндай сақтандыру түрі сатушылардың теріс пиғылдығы тәуекелінің жоғары дәрежесі бар қайталама нарықта тұрғын үй сатып алу кезінде қажет. Бұл борыштық міндеттемелері бар немесе пәтерден тіркеуден шығарылған, бірақ оған заңды құқығы бар адамдардың жылжымайтын мүлкі болуы мүмкін. Мысалы, кәмелетке толмаған балалар, ата-аналар, ажырасудағы, бірақ ресми түрде ажырасуды ресімдемеген жұбайлар, бас бостандығынан айыру орындарындағы тікелей мұрагерлер.
Алдыңғы иелерінің әрқайсысы мәмілеге өзінің негізделген себептерімен дауласа алады.
Мысалы, егер тұрғын үйді сатып алу мәмілесі жойылса, жылжымайтын мүлік сатушыға қайтарылады, бірақ ол сатып алушыға төленген ақшаны қайтара ма – ол үлкен мәселе. Көбінесе сатушы белгісіз бағытта жоғалады, немесе ақшаны жұмсап қойып және одан алатын басқа ештеңесі болмайды, өйткені ол жұмыссыз мүгедек немесе осыған ұқсас жағдайда болуы мүмкін. Бұл жағдайда сақтандыру компаниясы қарыз бойынша қарыз қалдығын жабатын өтем төлейді. Әйтпесе, қарыз алушы баспанасыз қалады және қалайтын банк алдында үлкен борыштармен төлеуге тура келеді.
Артық шығындар, әрине, ешкімді қуантпайды, бірақ титулды сақтандыру қарыз алушының мүдделерін кредитордың мүдделеріне тең қорғайды.
Осылайша, ипотекалық сақтандыру сақтандырудың үш түрін қамтиды – жылжымайтын мүлікті, қарыз алушының өмірін және оның еңбекке қабілеттілігін сақтандыру, сондай-ақ титулдық сақтандыру.
Сақтандыру жағдайы басталған кездегі іс-әрекеттер және сақтандыру ұйымының өтем төлеуден ықтимал бас тартуын тудыратын жағадайлар.
Сақтандыру шартын жасаған кезде сақтандыру жағдайы басталған кезде іс-әрекеттерді уақтылы жүзеге асыру мақсатында сақтандыру нысанасымен, сақтандыру жағдайларының түрлерімен, төлем ережелері және шарттарымен мұқият танысу қажет.
Сақтанушы сақтандыру ұйымын шартта көзделген хабарламаның мерзімі мен тәртібін міндетті түрде сақтай отырып, сақтандыру жағдайының басталғаны туралы хабардар етуге міндетті, оны сақтамауы сақтандыру өтемін төлеуден бас тартуға себеп болуы мүмкін.
Банк, сонымен қатар, белгіленген мерзімде сақтандыру жағдайының басталғаны туралы тиісті хабарлама алуы тиіс.
Сақтандыру өтемі тек сақтандыру жарналарын уақтылы төлегенде ғана төленетіні туралы айта кеткен жөн. Сақтандыру шартын төлеу бойынша берешек сақтандыру өтемін төлеуден бас тартудың маңызды себебі болуы мүмкін.
Әдетте, ипотекалық қарыз мерзімі 5 жылдан 30 жылға дейін құрайды, бұл кезеңде ешкім де дүлей апаттар, ауру, өлім немесе жоғалту тәуекелдеріне ұшырамауына кепілдік бере алмайды. Өмірде көптеген күтпеген жағдайлар мен мән-жайлар орын алады, бірақ өзін және жақындарын оның салдарынан қорғауға барлығы қабілетті. Бұл тәуекелге тұра ма? Қарыз алушының тыныштығы мен әл-ауқатына барлық тараптар мүдделі.