Айдар парағына өту

Жүкті әйелдер жүктілігі бойынша есепке қалай тұруына болады Баспаға шығару нұсқасы

Cоңғы өзгеріс: 22.09.2021

қолшатыры бар жүкті қыз

Сіз болашақ анасыз!

Біз Сізге ең жақсы және жауапты уақытта – жүктілік пен босану кезеңінде көмектесуге қуаныштымыз.

Жүктілік - бұл әйел өміріндегі таңғажайып кезең. Бұл сіздің ішіңізде өсіп келе жатқан жаңа өмірге арналған мереке уақыты. Бұрын таныс емес қуанышпен қатар сізде жаңа жауапкершілік сезімі пайда болады.

Қазақстан Республикасында ана болуды мемлекет қорғайды және көтермелейді.

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шiлдедегi Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 77-бабына сәйкес Қазақстан Республикасы азаматтарының:

1) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін алуға;

2) дәрігер мен медициналық ұйымды еркін таңдауға құқықтары бар.

Жүкті әйелдер мен аналардың денсаулық сақтау саласындағы құқықтары мен міндеттерінде Кодектің 81-бабына сәйкес жүкті әйелдер:

1) жүктіліктің он екі аптасына дейінгі мерзімде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық қызмет көрсету үшін бекітілген жері бойынша жүктілікке байланысты медициналық есепке тұруға;

2) жүктілік кезеңінде, босану кезінде және босанғаннан кейін дәрігердің ұсынымдарын орындауға міндетті.

Негізінен, жүкті әйел жүкті әйелдің нақты тұратын жері бойынша акушер-гинекологпен кеңесуі керек. Әйел жүктілікке байланысты бірінші рет жүгінген кезде және оны сақтағысы келген жағдайда, пациент жеке куәлігін көрсетеді және акушер-гинеколог дәрігер жүкті әйелдің немесе оның заңды өкілінің ақпараттандырылған келісімін алғаннан кейін: 1) анамнезді мұқият жинайды, жүкті әйелде және туыстарында әлеуметтік мәні бар және басқа да соматикалық аурулардың, көп ұрықты жүктіліктің, туа біткен даму кемістіктері және тұқым қуалайтын аурулары бар балалардың тууын анықтайды; балалық шақта және ересектерде болған ауруларға (соматикалық және гинекологиялық), операцияларға, қан мен оның компоненттерін құюға назар аударады; эпидемиологиялық анамнез жинайды.

Қарап-тексеруден кейін акушер-гинеколог дәрігер жүктілік мерзімін белгілейді, медициналық ұйымға жүгінген күні жүкті әйелдерді 12 аптаға дейін ерте есепке қоюды және уақтылы тексеру үшін жүктілікті анықтауды жүзеге асырады; жүкті әйелді міндетті зертханалық тексерудің бастапқы кешенін тағайындайды: (қанның жалпы талдауы, несептің жалпы талдауы, қан тобы және резус фактор, мерезге серологиялық тексеру (Вассерман реакциясына қан алу), алдын ала тестке дейінгі кеңес берумен және тестілеуге ақпараттандырылған келісім алумен АИТВ инфекциясына зерттеп-қарау, гепатиттер маркерлеріне зерттеп-қарау:  HBsAg (В гепатиті) және ANTI-HCV (С гепатиті), қан глюкозасын анықтау, соңғы етеккірдің бірінші күнінен бастап жүктіліктің 11 аптасынан 0 күн 13 аптасынан 6 күнге дейінгі мерзімде аналық сарысу маркерлеріне қанды зерттеу, ТОRCH инфекциясына қан, несептің орташа порциясын бактериологиялық зерттеу, қынаптан алынған материалды аэробты және факультативтік–анаэробты микроорганизмдерге микроскопиялық зерттеу, қынаптан жағындының тазалық дәрежесіне бактериоскопиясы, онкоцитологияға жағындылар).

Жүкті әйелді хромосомалық патология және құрсақішілік ұрықтың туа біткен даму ауытқулары (даму кемістіктері) бойынша тәуекел тобын анықтау мақсатында пренаталдық скрининг жүргізуге жібереді: жүктіліктің
11 аптасынан  13 апта 6 күнге дейін  бірінші триместрде ультрадыбыстық скринингке жіберіледі.

Қарап-тексеруден кейін жүктіліктің мерзімі белгіленеді, медициналық ұйымға қаралған күнінен бастап уақытылы зерттеп-қарау үшін жүктілікті анықтауды, жүктіліктің  12 аптасына дейін  ерте бақылауға қоюды жүзеге асырады.

Акушер-гинеколог әйелге жүргізілген сауалнама мен зерттеп-қараудың, тағайындаудың, ұсынымның барлық деректерін № 077/е нысаны бойынша жүкті әйел мен босанған әйелдің жеке картасына және № 048/е нысаны бойынша жүкті әйел мен босанған әйелдің алмасу картасына енгізеді, ол жүкті әйелге бірінші рет келген кезде беріледі және бақылау орны бойынша басқа медициналық ұйымдардың мамандарымен консультация жүргізу кезінде, стационарды алмастыратын көмек көрсету үшін жүгінген кезде тәулік бойы медициналық көмек көрсететін медициналық ұйымдардың қабылдау-диагностикалық бөлімшелерінде алмасу картасы әйелдің өзінде болады.

Акушер-гинеколог дәрігер антенатальдық күтім туралы әңгіме жүргізеді, бірінші триместрде профилактикалық іс-шараларды ұсынады: бірінші триместрде күн сайын 0,4 мкг фолий қышқылын қабылдау секілді; келесі келу күнін жүкті әйел жүктілік бойынша есепке алынған күннен бастап 7-10 күннен кейін тағайындайды.

Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.