Айдар парағына өту

Баланы балабақшаға қай уақытта беру керек Баспаға шығару нұсқасы

Cоңғы өзгеріс: 03.04.2023

балабақшадағы балалар

Ерте балалық шақ – бұл баланың жалпы даму кезеңі - тұлғасының, танымдық саласының, физикалық дамуының, психикалық процестерінің дамуы, әлеуметтенуі.

Орта ғасырдың белгілі ақыны, философы Жүсіп Баласағұн «бес жасқа дейін балаңызды тәрбиелеу - бұл сіздің барлық жұмысыңыздың мазмұны» деген екен.

Ерте балалық шақ туралы ғылыми білімді дамытудың қазіргі кезеңінде бала өмірінің алғашқы жылдарындағы өзіндік құндылық идеясы оның тұлғасын қалыптастырудың негізі ретінде қаралады. Бұл жағдайда отбасы маңызды рөл атқарады. Отбасында баланың тұлғасы дамиды, қарым-қатынас жасау, ата-аналарына, жақындарына, айналасындағыларға эмоционалды қарым-қатынас дағдылары қалыптасады, бұл баланың кейінгі өмірінде маңызды.

Алайда, ата-аналардың қамқорлығы мен сүйіспеншілігі баланың қарым-қатынас жасауында, құрдастарымен қарым-қатынасын дамытуда, бірлескен ойындар мен өзара әрекетте қажеттілігін қанағаттандырмайды. Әлеуметтену, даму, мектепте оқуға дайындық үшін бала балабақшаға баруы керек.

Балабақшаға баратын жас балаға, оның мінезіне, даму деңгейіне, өміріндегі елеулі өзгерістерге, физикалық және эмоционалдық дайындығына байланысты.

Баланы мектепке дейінгі ұйымға алдын ала дайындау керек. Баланың жаңа өмірге енуін барынша жеңілдеткен жөн. Ата-ана баланың психологиялық және физиологиялық дайындығына белгілі бір уақыт бөлгені дұрыс. 

Ата-ана баланы балабақшаға берген кезде баланың мектепке дейінгі ұйымға бейімделуі 2 айдан 3 айға дейін созылуы мүмкін екенін білуі керек. Ата-ананың міндеті - баланы қолдау, оған бейімделу кезіндегі қиындықтарды еңсеруге көмектесу.

Баланы балабақша өміріне табысты бейімдеу мақсатында мектепке дейінгі ұйымда (топ бөлмесінде немесе басқа бөлмелерде) мобильді кітапхана ашуға болады, онда QR-кодты қолдана отырып, ата-аналар балаларымен бірге өлеңдер, әндер және басқа да шығармаларды тыңдай алады. Кітапхана қорын одан әрі толықтыру үшін ата-аналарды балалармен бірге аудиожазбаларды дайындауға тарту ұсынылады (мобильді кітапхананы көруге арналған сілтеме: https://youtu.be/-ikRidBn75M).

Сондай-ақ, балалар өздерін отбасының және мектепке дейінгі ұйымның толыққанды мүшелері ретінде сезінуі, суреттердегі таныс адамдарды көргенде қуануы үшін топ бөлмесінде немесе басқа бөлмелерде балалардың отбасылық фотосуреттерін орналастыруға болады. Мұндай материалдар бейімделу процесінде ғана емес, сонымен қатар отбасына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеуде және отбасылық құндылықтарға баулуда үлкен маңызға ие.

Балалардың ата-аналармен бірлескен әрекетінде жиектемеге салынған фотосуреттерді түрлі-түсті ленталармен, түстермен және басқа материалдармен безендіруді ұйымдастыруға болады (https://youtu.be/utc_PknQrgA).

Сондай-ақ, ата-аналар мектепке дейінгі ұйымда:

- бала күйзелісте болуы, бейтаныс адамдардан қорқуы мүмкін;

- бала бейімделуде қиындықтарға тап болуы, өйткені ол анасына үйренген және анасынан қалғанда наразылық тудыруы мүмкін;

- баланың гигиеналық дағдыларын, өзіне-өзі қызмет көрсету дағдыларын (өз бетінше орындыққа отыру, ыдыстан ішу, қасықты қолдану, киіну, жуыну, түбекке сұрану және т.б.) қалыптастыру қажеттігін білуі керек;

- емізік сору, памперспен жүру, бөтелкеден ішу және т.б. әдеттерден арылтқан жөн, осыдан кейін баланың бейімделуі табысты болады. 

Баланың балабақша жағдайына қолайлы бейімделуі үшін: 

үй жағдайында  мектепке дейінгі ұйымның күн тәртібіне сәйкес күн тәртібін (тамақтану, ұйқы, ойын) сақтау;  

баланың балабақшада болу уақытын біртіндеп ұлғайту (2-4-6 сағат);

балабақша мен балалар ұжымына оң көзқарас қалыптастыру үшін баламен күннің қалай өткені туралы әңгімелесу; 

кешке келесі күні балабақшаға баруға дайындалу;

демалыс күндері мектепке дейінгі ұйымда қабылданған күн тәртібін ұстану, іс-әрекеттерді (қимыл, ойын, бейнелеу, шығармашылық, еңбек және т.б.) қайталау қажет;

егер бала балабақшаға барудан бас тартса, балабақшаға бірнеше күн бармауға болады.

Ата-аналарда жиі кездесетін, баланың балабақшаға бейімделуіне кедергі келтіретін қателіктер:

бала балабақшада қалған кезде жылағаны үшін ренжу;

баланы балабақшамен, тәрбиешімен қорқыту;

баланы жуық арада келемін деп алдау.

Қарапайым ережелерді сақтай отырып, балада дербестікті дамыту және табысты әлеуметтендіру үшін отбасы, мектепке дейінгі ұйым жағдайында және өзіне-өзі қызмет көрсетуге қажетті біліктер мен дағдыларды қалыптастыруға болады.

Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.