Android смартфон пайдаланушылары үшін egov.kz мобильдік қосымшасымен жұмыс істеу жөніндегі нұсқаулық Баспаға шығару нұсқасы

Cоңғы өзгеріс: 02.06.2020

                                                                        «EGov Mobile» электрондық үкіметтің мобильді қосымшасы.

EGov mobile электрондық үкіметтің мобильді қосымшасы Play Market (талап етілетін Android нұсқасы - 5.0 немесе одан кейінгі), AppStore (талап етілетін iOS нұсқасы - 11.3 немесе одан кейінгі) дүкендерінде жүктеу үшін қолжетімді (тегін). Мобильді қосымшаны пайдалану үшін пайдаланушы - жеке тұлға «Электрондық үкімет» порталында тіркелуі тиіс (egov.kz) мұнда толығырақ.
                                                   

                                                                                    Мобильді қосымшалардың басты беті

                     

Қосымшаның негізгі бетінде қосымшамен жұмыс істеу бойынша пайдаланушы үшін қысқаша нұсқаулар ұсынылған. Нұсқаулар сториз түрінде жасалған.

Жоғарғы оң жақ бұрышында QR код сканері бар, ол арқылы eGov мобильді қосымшасында электрондық цифрлық қолтаңба болған жағдайда, үшінші тараптың цифрлық құжаттарына кіре аласыз немесе egov.kz электрондық үкімет порталына кіре аласыз.

«Танымал қызметтер» бөлімінде ең қажетті сілтемелер көрсетілген, қызметтердің толық тізімін «Барлық қызметтер» сілтемесін немесе «Каталог» бөлімін басу арқылы табуға болады.

Сондай-ақ, басты бетте қосымшалар дүкені орналасқан:

  • «Цифрлық құжаттар» - eGov Mobile қосымшасында жеке электрондық құжаттарды сақтау бойынша сервис. Сондай-ақ сервис азаматқа оның келісімі бойынша құжаттарға қолжеткізуге үшінші тұлғаға ұсыну мүмкіндігі беріледі.
  • «Электрондық еңбек биржасы» - жұмыс іздеу мүмкіндігін қамтамасыз ететін жұмысқа орналастыру бойынша бірыңғай цифрлық алаң. Осы сервис арқылы сіз:

- түйіндеме жасауға, жұмыс берушілерден сұхбаттасуға шақыру алуға, жұмысқа орналасуға немесе шақырудан бас тартуға;

- көрсетілген параметрлерге сәйкес бос жұмыс орындарына жазылым жасауға және электрондық пошта арқылы хабарлама алуға.

- кәсіби бағдарлау тестінен өтіп, Сізге ең жақын кәсіпті анықтау нәтижесін алуыңызға болады.

  • «Денсаулық паспорты» пациенттің денсаулық жағдайы туралы құрылымдық ақпарат сақталатын клиникалық құжатты, сондай-ақ медициналық ұйымға тіркелу деректерін, диспансерлік есепке алуды, стационарлық деректерді, зертханалық зерттеулердің нәтижелерін және iOS-қа құжатты   «Денсаулық» бағдарламасына енгізу мүмкіндігімен т.б. алуға мүмкіндік береді.

«Хабарлама» бөлімінде қызмет мәртебесінің өзгеруі туралы барлық хабарламаларды қарауға болады.

«Профильде» әртүрлі мемлекеттік деректер қорынан жеке ақпараттар, сондай-ақ қосымшаны баптаулар көрсетіледі.

Авторизациялау

                         

Қосымшада авторизациялауға файлдық ЭЦҚ көмегімен немесе бір реттік пароль арқылы болады (пайдаланушы МАБ-да тіркелуі тиіс).

                                                                                                    1. ЭЦҚ-ны қалай жүктеуге болады​

Егер сіздің телефоныңыз Android платформасында болса, ЭЦҚ-ны ұялы телефонға USB кабелі арқылы әдеттегі файл ретінде жүктеуге болады. Смартфонды USB кабелі арқылы компьютерге қосыңыз, «Менің компьютеріміне» кіріңіз, онда алмалы-салмалы жеткізгіштер көрсетілетін болады, кейін смартфонның жад картасына (AUTH, RSA-.....p12) ЭЦҚ көшіріңіз. 
Егер сізде iOS операциялық жүйесінде телефон болса, сертификатты жүктеу үшін төмендегі іс-әрекеттерді орындау қажет: 
1. Компьютеріңізге iTunes бағдарламасын орнатыңыз.
2. USB кабелін пайдаланып, смартфонды компьютерге қосыңыз.
3. ITunes-ке кіріп, құрылғы түймешігін басып, Жалпы файлдар» түймесін басыңыз.
4. Сол жақ тізімде eGov mobile бағдарламасын таңдаңыз.
5. «Қосу» түймесін басып, көшірілетін ЭЦҚ файлдарын таңдап, «Қосу» түймесін басыңыз.

                                                                                                    2. Бір реттік пароль бойынша авторизациялау (SMS кіру).
                                            Сіздің ЖСН-ді және Мобильді азаматтар базасында (МАБ) тіркелген телефон нөмірін енгізіңіз, нөмірге коды бар смс хабарлама жіберіледі, оны авторизациялау үшін мобильді қосымшаға енгізу қажет.
                                                                                                             Мобильді азаматтар базасында (МАБ) тіркеу
                          

Егер сіздің нөміріңіз Мобильді азаматтар базасында (МАБ) тіркелмеген болса, онда онлайн режимінде eGov mobile  мобильді қосымшасында   тіркеле аласыз.

Мобильді азаматтар базасында (МАБ) тіркелу үшін авторизациялау бетіне өтіп, «Мобильді азаматтар базасында (МАБ) тіркеу»  батырмасына басыңыз. 

Ашылған бетте оң жақ төменгі бұрыштағы «Виртуалды  ассистент» дегенді басып, одан әрі операторға бейне қоңырау шалуға арналған камераның белгішесін  басыңыз.

Тіркеу  ХҚКО операторының бейнешақыруы арқылы жүргізіледі. Өзіңізбен бірге жеке куәлігіңіз болуы керек.   Сәтті  тіркелгеннен кейін,  қосымшада бір реттік пароль арқылы авторизациядан өтіңіз.

                                                                                                              

ЭЦҚ алуға сұрау салу

Егер пайдаланушыда ЭЦҚ болмаса, ол eGov Mobile мобильді қосымшасынан ЭЦҚ шығаруға өтінімді тікелей жібере алады.

Маңызды! Пайдаланушы МАБ-да тіркелуі тиіс.

1-қадам. Авторизациялау бетінде «ЭЦҚ алуға сұрау салу» батырмасын басамыз.

2-қадам. МАБ тіркелген ЖСН мен телефон нөмірін енгіземіз.

3-қадам. Тексеру кодын енгіземіз.

4-қадам. Егер электронды поштаның мекенжайы көрсетілмесе -  толтырамыз және ЭЦҚ үшін парольді енгіземіз. «Сұрау салу жіберу» батырмасын басамыз.

5-қадам. Digital id беті ашылады, телефон нөмірін, смс-тен тексеру кодын енгізіңіз, Digital id-ге тіркеліңіз.

6-қадам. Телефон нөмірін, одан әрі тексеру кодын енгіземіз.

7-қадам. Бейне сәйкестендіруден  өтіп, жеке басын куәландыратын құжаттың беткі және артқы жағындағы фотоны жасаңыз.

         8-қадам. Жеке басыңыз  сәтті расталғаннан кейін,        Digital id-те    сіздің аккаунтыңыз  үшін  пин-код  орнатыңыз.

9-қадам. Жеке куәлікті қосамыз.

10-қадам. ЭЦҚ-ны қосымшаға орнатаңыз.

Сертификаттарды орнатқаннан кейін сіз ЭЦҚ арқылы қосымшада авторизациялана аласыз және eGov mobile қосымшасының функционалын пайдалана аласыз.

 

Ескертпе: eGov mobile мобильді қосымшасынан шығарылған ЭЦҚ сертификаттары eGov mobile мобильді қосымшасында ғана пайдаланылуы мүмкін. ЭЦҚ расталған кілттері eGov mobile мобильді қосымшасының контейнерлік қоймасында сақталады, басқа бағдарламаларға экспорттала алмайды және eGov mobile қосымшасы жойылған кезде жойылады.

  Қашықтықтан сәйкестендіру арқылы      алынған ЭЦҚ қайта шығаруға   жатпайды.

                                                                                                                                        1. Қызметтер каталогы.​
            

Қызметтер каталогында санаттар кесіндісінде қызметтер ұсынылған. Қызметке тапсырыс беру кезінде қызметтің атауы, құны, көрсету мерзімі көрсетіледі, сұрау салуға қол қойылғаннан кейін мәртебелік бет ашылады, мәртебені жаңарту үшін оң жақ жоғарғы бұрышындағы бастырмаға басу қажет, одан кейін қызмет көрсету нәтижесімен танысуға болады.

                                                                                                                                     Хабарламалар
              «Хабарламалар» бөлімінде сіз қызмет мәртебесінің өзгеруі туралы барлық хабарламаларды көре аласыз.
                                                                                                                              Профиль
              
Мобильді жеке профильде пайдаланушыға төмендегі бөлімдерді қарауға болады:
• Менің ЭЦҚ
• Мекенжайы
• Отбасы
• Жеке құжаттар
• Денсаулық
• Әлеуметтік мәртебесі
• Бизнес
• Авто
• Жылжымайтын мүлік және мүлік
Сондай-ақ, пайдаланушыларға бірқатар қосымшаларға  қолжетімді:
                                                                                                                 Қосымшалар дүкені
                      

Басты бетте қосымшалар дүкені орналасқан:

 «Цифрлық құжаттар» - eGov Mobile қосымшасында жеке электрондық құжаттарды сақтау бойынша сервис. Сондай-ақ сервис азаматқа оның келісімі бойынша үшінші тұлғаларға құжаттарға қолжеткізуге мүмкіндігін береді.

Құжаттарды қарауға болады, жүктеу опциялары жоқ,  бірақ құжатпен бөлісуге болады.

                            

Бұл қалай жұмыс істейді?

Жеке тұлға ЭЦҚ немесе бір реттік паролді пайдалана отырып, eGov Mobile-да авторизациялау және «Цифрлық құжаттар» бөлімінде қажетті құжатты таңдау қажет. eGov Mobile мәлімет үшін жауапты ҚР мемлекеттік органдарының сервистерін шақыру арқылы құжатты жүктейді. Құжатты қарау экранында «Қолжетімділікті ашу» батырмасын басқан кезде 5 минут ішінде құжатты қарауға рұқсат беретін бір реттік QR-код жасалады. Үшінші тұлға eGov Mobile-да ЭЦҚ немесе бір реттік құпия сөзді пайдалана отырып, eGov Mobile сканері арқылы QR-кодты оқиды (QR-кодта шифрланған қолжетімділік коды оны 30 минутқа дейін ұзарту мүмкіндігімен 5 минут ішінде жарамды). eGov Mobile ҚР мемлекеттік органдарының сервистерін шақыру арқылы рұқсат берілген құжатты жүктейді.

Нәтижесінде, үшінші тұлға ҚР мемлекеттік органдарының ақпараттық жүйелерінен алынған құжатты бір рет қарау мүмкіндігі бар.

                     

                                 

«Электрондық еңбек биржасы» - жұмыс іздеу мүмкіндігін қамтамасыз ететін жұмысқа орналастыру бойынша бірыңғай цифрлық алаң. Осы сервис арқылы пайдаланушы:

- түйіндеме жасауға, жұмыс берушілерден сұхбаттасуға шақыру алуға, жұмысқа орналасуға немесе шақырудан бас тартуға;

- көрсетілген параметрлерге сәйкес бос жұмыс орындарына жазылым жасауға және электрондық пошта арқылы хабарлама алуға.

- кәсіби бағдарлау тестінен өтіп, Сізге ең жақын кәсіпті анықтау нәтижесін алуыңызға болады.

                     

                            

«Денсаулық паспорты» пациенттің денсаулық жағдайы туралы құрылымдық ақпарат сақталатын клиникалық құжатты, сондай-ақ медициналық ұйымға тіркелу деректерін, диспансерлік есепке алуды, стационарлық деректерді, зертханалық зерттеулердің нәтижелерін және iOS-қа құжатты   «Денсаулық» бағдарламасына енгізу мүмкіндігімен т.б. алуға мүмкіндік береді.

 

 

Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.