Жеке және заңды тұлғалардың электрондық өтініштерін қабылдау және өңдеу Баспаға шығару нұсқасы
Cоңғы өзгеріс: 07.12.2022Пайдаланушының нұсқаулығы «Мемлекеттік органдардың ЭҚАБЖ-де «электроднық үкімет» веб-порталын пайдаланумен жолданған жеке және заңды тұлғалардың электрондық өтініштерін қабылдау және өңдеу» электрондық қызметі
- Кіріспе
Осы құжат электрондық үкімет (www.egov.kz) веб-порталында тіркеу тәртібін қоса алғанда, электрондық қызметтерді қолдану үшін пайдаланушының әрекеттер тәртібін сипаттайды.
1.1 Терминология
- Бірдейлестіру
Субъектіге түпнұсқалықты растау оны сәйкестіндіргішке ұсынылған қолжетілімділікке тиесілігін тексеру.
Жеке тұлғаның (азаматтың) түпнұсқалылығы – оның кім болып табылатынының дәлелі;
б) өзінің сертификатын енгізіп немесе порталдық қызметке оны салыстыруға жөнелтетінін мәлімдейтін тұлға.
- МДҚ ЖТ
Қазақстан Республикасында жеке тұлғаларды бірыңғай сәйкестендіруді енгізу мақсатымен, Жеке сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімін автоматты түрде жинау, сақтау және ақпаратты өңдеу, құру үшін арналған «Жеке тұлғалар» Мемлекеттік деректер қоры» ақпараттық жүйесі және олардың өкілеттілігі шеңберінде және Қазақтан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік басқару органдарына және өзге де субъектілерге олар туралы өзекті және дәйекті мәліметтер туралы беру/
- Кілттердің атына кір келтіру
Пайдаланатын кілттерге сенімді жоғалту ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.
- ҰКО – Ұлттық куәландырушы орталық
- «Электрондық үкімет» веб-порталы
Интернет арқылы ақпараттық ресурстарға және мемлекеттік органдардың қызметтеріне азаматтар және ұйымдар қолжетімділігінің бірыңғай нүктесін қамтамасыз ететін жүйе.
- Мемлекеттік органдардың ЭҚАБЖ
Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының электрондық құжат айналымы бірыңғай жүйесі.
- Тіркеу куәлігі
(Қазақстан Республикасының «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» 2003 жылғы 7 қаңтардағы №307-ІІ заңы) – осы Заңмен белгіленген талаптарға электрондық цифрлық қолтаңбаның сәйкестігін растау үшін, куәландырушы орталықпен берілген қағаз жеткізгіштегі құжат немесе электрондық құжат. Мәнмәтінде «ашық кілттің сертификаты» айтылу синонимі пайдаланылады.
- Сертификаттау орталығы
Осы тұлғаның атының немесе өзге де сәйкестендірушінің түпнұсқалығын тексергеннен кейін, жеке немесе заңды тұлғаны сәйкестендіру үшін арналған тіркеу куәлігін беретін қызмет.
Сертификаттау орталығы, сонымен қатар онымен шығарылған тіркеу куәліктерін басқару және қолдауды жүзеге асырады.
- Электрондық құжат
(«Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 7 қаңтардағы №307-ІІ заңы) – ақпарат электрондық-цифрлық нысанда ұсынылған және электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылған құжат.
- Электрондық цифрлық қолтаңба
(Қазақстан Республикасының «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» 2003 жылғы 7 қаңтардағы №307-ІІ заңы) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесiлiгiн және мазмұнының өзгермейтiндiгiн растайтын электрондық цифрлық нышандар жиыны.
1.2 Қысқартулар
1.3. Пайдаланушының дайындық деңгейі
- дербес компьютерлерде жұмыс жасау білімі мен дағдыларының болуы;
- MS Windows операциялық ортасын, пошталық жүйені, Microsoft Internet Explorer веббраузерді білуі.
- Операциялардың сипаттамасы
- Бірдейлестіру рәсімінен өтуі қажет. (1-сурет).
- Бұдан әрі Порталға тіркелу кезінде алынған ЖСН (жеке тұлғалар үшін) / БСН (заңды тұлғалар үшін) және парольді енгізу қажет (1-сурет).
- Алғаш рет Қызметтерді пайдаланған кезде «Тіркеу» батырмасына басып, тіркеуді жүргізу қажет.
1-сурет
«Электрондық үкімет» порталында тіркелу үшін пайдаланушыға мыналар қажет:
- Интернетке қолжетімділік;
- ЖСН/БСН; ЭЦҚ;
- NCALayer-дің өзекті нұсқасы.
Тіркелместен бұрын «электрондық үкімет» веб-порталын пайдаланудың қағидасы және талаптарымен танысу, «Жеке тұлғалар» (жеке тұлғалар үшін) / «Заңды тұлғалар» (заңды тұлғалар үшін) қайта қосуын сол жақ төменгі бұрышынан таңдау, «Белсенді» белгісінің жағдайын белгілеу және «Тіркеу» батырмасына басу қажет (2-сурет).
2-сурет "Электрондық үкіметтің" веб-порталын пайдалану құқықтары туралы келісім
Келісіммен танысқаннан кейін тіркеу түрін таңдау қажет:
- Жеке тұлға.
- Заңды тұлға.
«Пайдаланушы осы Келісімнің барлық тармақтарымен танысты және оларды сөзсіз қабылдағанын растады» атты жолда құс белгісін қою, 3-суретте көрсетілгендей бөлім Келісімнің төменгі бөлімінде орналасқан (3-сурет).
3-сурет
Бұдан кейін «ЭЦҚ-мен тіркеу» батырмасына басу қажет. 3-суретте көрсетілгендей тіркелу үшін терезе пайда болады. Пайдаланушыға жаңа пароль, парольді растау және электрондық адресін енгізу қажет. Бұдан кейін тіркеуді өту үшін RSA-сертификатын таңдау қажет.
4-сурет - ЭЦҚ-мен тіркелу. Деректерді толтыру
5-суретте көрсетілгендей, Сертификат таңдалғаннан кейін, сертификат паролін енгізіп, «Тіркелу» батырмасына басу қажет.
Тіркелу ойдағыдай өткен жағдайда, Сіз келесі хабарламаны көресіз:
«Құттықтаймыз, Сіз Қазақстан Респуликасының «Электрондық Үкімет» веб-порталында ойдағыдай тіркелуден өттіңіз»
5-сурет - Қол қою (Сертификат таңдалды)
Пайдаланушы портал ресурстарына толық қолжеткізе алады, порталда тіркеу мерзімі шектелмеген.
- «Жеке және заңды тұлғалардың электрондық өтініштерін қабылдау және өңдеу» қызметін пайдалану үшін басты беттегі «Электрондық өтініштер» сілтемесіне басу қажет. (6 сурет)
6-сурет
- Өтінішті қалыптастыру үшін «Электрондық өтініш» веб-бетінде «Онлайн қызметке тапсырыс» батырмасына басу қажет (7-сурет).
7-сурет - Эдектрондық өтініш
- «Құрылған өтініштер» веб-беті Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына бұрын құрылған электрондық өтініштердің тізімін бейнелейді.
- Жаңа өтінішті құру үшін «Құру» батырмасына басу қажет (8-сурет).
- Жылжымалы және жылжымайтын мүлікті реттеу туралы жаңа сұрауды жасау үшін «Реттеу үшін жаңа сұрау салу» батырмасына басу қажет.
8-сурет - "Құрылған өтініштер"
- Электрондық өтінішті қалыптастыру процесінде жеке (заңды) тұлға өтініші карточкасының барлық ұсынылған алаңдары толтырылады (9-сурет).
Алаңдар:
- ЖСН – жүйемен автоматты түрде толтырылады.
- Тегі - жүйемен автоматты түрде толтырылады.
- Аты - жүйемен автоматты түрде толтырылады.
- Әкесінің аты - жүйемен автоматты түрде толтырылады.
- E-mail – Қазақстан Республикасы азаматының (электрондық өтініш авторының) электрондық поштасының мекенжайы көрсетіледі.
- Пошталық мекенжайы – Қазақстан Республикасы азаматының (электрондық өтініш авторының) тұрғылықты мекенжайы көрсетіледі.
- Телефон – Қазақстан Республикасы азаматының (электрондық өтініш авторының) телефон нөмірі көрсетіледі.
- Алушы – төменге түсетін мемлекеттік органдардың тізімі шығады, онда электрондық өтініш жолданатын мемлекеттік орган таңдалады.
- Мазмұны – электрондық өтініштің негізгі мақсаты және оның қысқаша мазмұны көрсетіледі (таңбалар саны 255 таңбадан аспауы керек).
- Файл – «Шолу» батырмасына басып, жүйе өтінішке қосымшаға баратын қажетті файлды таңдауға мүмкіндік береді (Әрбір тіркемелер көлемі 10 Мб аспауы тиіс).
- ХҚКО жұмыскерінің консультациясы – егер өтініш ХҚКО жұмыскерінің консультациясы көмегімен жөнелтілген болса құсбелгі қойылады.
* белгісімен белгіленген алаңдар міндетті түрде толтырылуы қажет.
9-сурет
Жеке (заңды) өтінішінің карточкасын толтырып, белгіленген мемлекеттік органға электрондық өтінішті жолдау мақсатымен «Жолдау» батырмасына басу қажет (10-сурет).
10-сурет
Өтінішті жолдаудың алдында, Қазақстан Республикасы Ұлттық куәландырушы орталығының электрондық цифрлық қолтаңбасын қолданып, «қол қою» батырмасына басып, өтінішке қол қою қажет. Қол қойылғаннан кейін жүйе таңдалған мемлекеттік органға өтінішті автоматты түрде жолдайды (11-сурет).
11-сурет - Жеке (заңды) тұлғаның қол қойылған өтініші
- Жолданған өтініштердің белсенді сілтемелері осы электрондық өтінішті мемлекеттік органмен өңдеу және жауапты қалыптастыру уақытында жеке (заңды) тұлғаның электрондық өтініштерінің мәртебесі туралы білдіретін, мемлекеттік органнан келетін белгілерді көрсетеді (12-сурет).
- Келесі белгілер бар:
- Жеткізу туралы белгі;
- тіркеу туралы белгі;
- бұрыштамаға беру туралы белгі;
- орындауға беру туралы белгі;
- орындалуы туралы белгі;
- Хат.
12-сурет -Веб-порталдың белгілері
- «Артқа» батырмасына басып жүйе «Құрылған өтініштер» веб-бетін ашады (13 сурет).
13-сурет
- «Құрылған өтініштер» бетінде өтініштің тіркеу карточкасын қарауға болады. Ол үшін өтінішті белгілеп, «Тіркеу карточкасын басып шығару» батырмасына басу қажет (14 сурет).
14-сурет - "Тіркеу карточкасын басып шығару"
- Тіркеу карточкасын ашқан кезде келесі алаңдар толтырылатын болады:
- Тіркеу нөмірі, тегі, аты, әкесінің аты, алушы, қысқаша мазмұны, күні және уақыты (16 сурет).
16-сурет - Өтініштің тіркелу карточкасын қарау
- Жаңа электрондық хабарламаларды құру кезінде оларды қалыптастыру процесі өзгеріссіз қалады.
- «Орындалу айналымы» - электрондық хабарламаны жөнелтудің нәтижесі, онда:
- қызыл дөңгелек – сақталған, бірақ жолданбаған өтініш туралыны білдіреді;
- сары дөңгелек – жөнелтілген, бірақ жеткізілмеген өтініш туралыны білдіреді;
- көк түс – жолданған және жеткізілген өтініш туралыны білдіреді;
- қызғылт сары дөңгелек – тіркелген өтініш туралыны білдіреді;
- ашық қоңыр дөңгелек – өтініштің бұрыштамаға берілгендігі туралыны білдіреді;
- ашық жасыл дөңгелек – өтініштің орындалуға берілгендігі туралыны білдіреді; ашық қоңыр түсті дөңгелек – өтініштің бұрыштамаға берілгендігі туралыны білдіреді;
- қоңыр жасыл дөңгелек – электрондық өтініштің авторға дейін жеткізілген хаты (жауабы) туралыны білдіреді (17-сурет).
Қазақстан Республикасы азаматының электрондық өтініші мемлекеттік органға жеткізілгеннен кейін, онда оны ЭҚАБЖ-де қарау келесі бірізділікпен өтеді:
- Электрондық өтініш «Азаматтардың өтініші» ЭҚАБЖ деректер қорына жеткізіледі.
- Бұдан әрі құжаттамалық қамтамасыз ету қызметінің қызметкері төмендегі әрекеттерді жүргізеді:
- Өтініш авторының электрондық цифрлық қолтаңбасын тексеруді қоса алғанда, өтінішті іс жүргізудің регламентіне сәйкестікке тексереді.
- Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы №221-III Заңымен және мемлекеттік органдардың іс жүргізу жөніндегі нұсқаулығымен сәйкес әрекет ететін орындаушыға қарауға жөнелтеді.
Немесе ЭЦҚ тексерудің кері нәтижесі себебі бойынша тіркеуден бас тартады.
Бұдан әрі орындаушы:
ЭЦҚ-мен қол қойылған (лауазымды тұлғаның) өтінішке жауап қайтарады.
- Өтінішке жауапты қарау үшін «Орындалу айналымы»-на басу қажет (18-сурет).
- Осы өтінішті ашқаннан кейін «Хат» белгісіне басу қажет
18- сурет - Хабарламаны қарау