Айдар парағына өту

"Алматы Жастары» тұрғын үй бағдарламасы Баспаға шығару нұсқасы

Cоңғы өзгеріс: 16.07.2020


almaty_0.pngАлматы қаласының әкімдігі Алматы қаласының 35 жасқа дейінгі (қоса алғанда) жастарын қолдау мақсатында «Алматы Жастары» қалалық несие беру бағдарламасы әзірледі. Бағдарламаның ерекшелігі пайыздық төлемнің төмендігінде, яғни заемдар бастапқы және қайталама нарықтардан тұрғын үй алу үшін жылдық 5% мөлшерлемесімен 13 млн. теңгеге дейін беріледі.

«АЛМАТЫ ЖАСТАРЫ 3.0» ҚАЛАЛЫҚ ЖЕҢІЛДЕТІЛГЕН НЕСИЕ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ШАРТТАРЫ

• Бюджет – 13 млрд. теңгеге дейін:

• Қарыздың ең жоғары сомасы – 13 млн. теңгеге дейін;

• Пайыздық мөлшерлеме – 5%;

• Бастапқы жарна - 10%;

• Бастапқы және қайталама тұрғын үй алу мүмкіндігі;

• Қамту - 1000 адам.

• Өтініш пен құжаттарды беру электрондық цифрлық қолтаңба арқылы жүзеге асырылады, оны ХҚКО-нан алуға болады.

ТҰРҒЫН ҮЙ ҚАРЫЗЫН (ЗАЕМЫН) АЛУ ҮШІН МЕНІҢ ІС-ӘРЕКЕТТЕР АЛГОРИТМІМ ҚАНДАЙ«Алматы Жастары» тұрғын үй бағдарламасының қандай талаптарына мен сай болу керекпін?

«АЛМАТЫ ЖАСТАРЫ 3.0» ҚАЛАЛЫҚ ЖЕҢІЛДЕТІЛГЕН НЕСИЕ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ТАЛАПТАРЫ

1. Қазақстан Республикасының Азаматтығы;

2. Қатысушының жасы 35 жасқа дейін (қоса алғанда), өтініш беру кезінде, жұбайының (зайыбының) жасына қарамастан (бар болса). Бағдарламаға негізгі қатысушы ретінде тек ерлі-зайыптылардың біреуі ғана қатыса алады;

3. Қатысушының Алматы қаласында соңғы 2 жыл ішінде тұрақты тіркеуінің болуы, сонымен бірге өтініш беру кезінде, онымен бірге тұратын отбасы мүшелерінің (жұбайы (зайыбы), кәмелетке толмаған балалары және т.б.) Алматы қаласында тұрақты тіркеуі болуы тиіс.;

4. Үміткерде және оның отбасы мүшелерінде меншік құқығында тұрғын үйдің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында соңғы 5 жыл ішінде тұрғын үй жағдайының әдейі нашарлауы фактілерінің болмауы, Қазақстан Республикасының аумағында мемлекеттік бағдарламалар желісі бойынша алынған отбасының басқа мүшелерінің ортақ бірлескен (үлестік) меншігін құрайтын үлестік меншіктегі үлес немесе жалға берілетін тұрғын үй, бұған: жекешелендіру немесе мұрагерлік құқығы нәтижесінде бағдарламаға қатысушы немесе кәмелетке толғанға дейін отбасы мүшелері алған жылжымайтын мүліктегі үлесті қоспағанда;

5. Қатысушының ресми жұмыс өтілі келесі санаттар бойынша Алматы қаласында кем дегенде соңғы 6 ай, міндетті зейнетақы мөлшерлемесімен болу қажет: денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, спорт, ЖОО-лар және ҒЗИ, журналистер, әлеуметтік сала (санаттағы неғұрлым толық сипаттамамен («АЛМАТЫ ЖАСТАРЫ 3.0» ҚАЛАЛЫҚ ЖЕҢІЛДЕТІЛГЕН НЕСИЕЛЕУ БАҒДАРЛАМАСЫНА ҚАТЫСУ ҮШІН ҚАТЫСУШЫЛАРДЫ ІРІКТЕУ ТӘРТІБІ ҚАНДАЙ) бөлімінен танысуыңызды сұраймыз.

6. Қосымша Алматы қаласында тіркелген, жарты жылдан кем емес мерзімде әрекет ететін ЖК (бар болса) (аталған талап, мәдениет саласындағы өзін-өзі жұмыспен қамтыған қатысушыларға ғана қатысты).

«АЛМАТЫ ЖАСТАРЫ 3.0» ҚАЛАЛЫҚ ЖЕҢІЛДЕТІЛГЕН НЕСИЕЛЕУ БАҒДАРЛАМАСЫНА ҚАТЫСУ ҮШІН ҚАНДАЙ ҚҰЖАТТАР ЖИНАУ КЕРЕК

1) Үлгі бойынша өтініш;

2) Білім туралы сканерленген құжат;

3) 2008 жылға дейін алынған неке қию туралы сканерленген куәлік (бар болса);

4) 2008 жылға дейін алынған балалардың туу туралы сканерленген куәлігі (бар болса);

5) Өтініш берушіге және Қазақстан Республикасы бойынша барлық отбасы мүшелеріне жылжымайтын мүліктің жоқ (бар) екендігі туралы анықтама;

6) Белгіленген үлгідегі фирмалық бланкіде, жұмыс өтілі көрсетілген, сканерленген жұмыс орнынан анықтама;

7) Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 35-бабына сәйкес еңбек өтілін растайтын сканерленген құжаттар;

8) Алматы қаласы мәдениет басқармасынан сканерленген растайтын анықтамалар (құжаттар) (аталған талап, мәдениет саласындағы өзін-өзі жұмыспен қамтыған қатысушыларға ғана қатысты).

«АЛМАТЫ ЖАСТАРЫ 3.0» ҚАЛАЛЫҚ ЖЕҢІЛДЕТІЛГЕН НЕСИЕЛЕУ БАҒДАРЛАМАСЫНА ҚАТЫСУ ҮШІН ҚАТЫСУШЫЛАРДЫ ІРІКТЕУ ТӘРТІБІ ҚАНДАЙ

МЕНІҢ БАЛЛДАРЫМ ҚАЛАЙ ЕСЕПТЕЛЕДІ

ҚҰЖАТТАРДЫ ӨТКІЗДІМ, МЕНІҢ КЕЛЕСІ ҚАДАМЫМ ҚАНДАЙ? ТӨЛЕМ ҚАБІЛЕТТІЛІГІНІҢ БАҒАСЫН ҚАЛАЙ ӨТУІМЕ БОЛАДЫ

Жолдама немесе бас тарту осы сайттағы жеке кабинетке беріледі. Жолдаманы алған өтініш берушілер 15 (он бес) жұмыс күні ішінде төлем қабілеттілігін бағалаудан өту үшін "ҚТҚЖБ" АҚ-ның кез келген қызмет көрсету орталығына жүгіну қажет.

Мекен-жай тізімі сайтта қолжетімді https://www.hcsbk.kz/contacts/.

Өтініш берушілер "ҚТҚЖБ" АҚ келмеген жағдайда Алматы қаласының әкімдігі келесі қатысушыға тізім бойынша жолдама беруге құқылы.

«ҚТҚЖБ» АҚ-ДА ТӨЛЕМ ҚАБІЛЕТІН БАҒАЛАУ ҮШІН ҚАЖЕТТІ ҚҰЖАТТАР

ТАБЫСТАРДЫ РАСТАҒАН ЖАҒДАЙДА, ЖЕКЕ КӘСІПКЕРЛЕРГЕ «ҚТҚЖБ» АҚ-ҒА КЕЛЕСІ ҚҰЖАТТАР АЛЫП КЕЛУ ҚАЖЕТ (АТАЛҒАН ТАЛАП, МӘДЕНИЕТ САЛАСЫНДАҒЫ ӨЗІН-ӨЗІ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫҒАН ҚАТЫСУШЫЛАРҒА ҒАНА ҚАТЫСТЫ)

ТӨЛЕМ ҚАБІЛЕТТІЛІКТІ БАҒАЛАҒАННАН КЕЙІН МЕНІҢ КЕЙІНГІ ІС-ӘРЕКЕТТЕРІМ ҚАНДАЙ

Қатысушы банк рәсімінен өтпеген жағдайда, Әкімдік келесі қатысушыға тізім бойынша жолдама беруге құқылы.

Банк біліктілігін өткеннен кейін, 60 (алпыс) жұмыс күні ішінде қатысушы тұрғын үйді таңдап, құжаттарды "ҚТҚЖБ" АҚ-ға ұсынуға міндетті.

Егер қатысушы белгіленген мерзімде тұрғын үй ала алмаған жағдайда, Әкімдік келесі қатысушыға жолдама беруге құқылы.

ТУЫНДАҒАН СҰРАҚТАРҒА ЖАУАПТАРДЫ ҚАЙДАН АЛА АЛАМЫН

Қосымша ақпарат алу үшін, келесі телефондар арқылы хабарласыңыз:

ТЕЛЕФОН

МЕКЕМЕ

+7 (727) 225 14 57

+7 (727) 225 14 44

Алматы қаласының тұрғын үй саясаты басқармасы

Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.