Айдар парағына өту

Банктік емес айырбастау пунктін қалай ашуға болады? Баспаға шығару нұсқасы

Cоңғы өзгеріс: 22.09.2022

Фунт, Доллар, Евро белгілеріҚазақстанда айырбастау пункттерін екінші деңгейдегі банктер, Қазпошта, сондай-ақ банктер болып табылмайтын және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына арналған лицензиясы бар Қазақстан Республикасының қаржы ұйымдар ашуға құқылы. Бұл ретте банктік емес айырбастау пунктін ашу рәсімі  оңай және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 4 сәуірдегі №49 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын жүзеге асыру Қағидаларымен реттеледі.

Бірінші қадам «Заңды тұлғаны құру»

Алдымен ұйымдық-құқықтық нысаны жауапкершілігі шектеулі серіктестік түрінде заңды тұлғаны құру қажет. Сонымен қатар, қызметтің түрі тек қана қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын жүзеге асыру болғандықтан заңды тұлғаға оған кіші сынып - валюта айырбастау пункттерінің қызметі кіретін экономикалық қызмет түрінің коды 66.12.2 «Ұлттық қордың активтерін, Ұлттық Банктің алтынвалюта активтерін, зейнетақы активтерін басқарумен байланысты қызметті қоспағанда, бағалы қағаздармен және тауарлармен операциялар бойынша брокерлік қызмет» еңгізіледі.

Уәкілетті ұйымның жарғылық капиталы қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына арналған лицензияны және лицензияға қосымшаны алу үшін заңды тұлғаның өтініш жасауына дейін толық көлемде ақшалай нысанда қалыптастырылады.

Уәкілетті ұйымның жарғылық капиталының ең төменгі мөлшері:

  • Астана, республикалық маңызы бар қалаларда, облыстардың әкімшілік орталықтарында, облыстық маңызы бар қалаларда орналасқан әрбір айырбастау пункті үшін 100 000 000 (бір жүз миллион) Қазақстан теңгесін;
  • өзге жерде орналасқан әрбір айырбастау пункті (автоматтандырылған айырбастау пункті) үшін 50 000 000 (елу миллион) теңгені құрайды.

Уәкілетті ұйым қосымша айырбастау пунктін ашқан кезде оның ақшалай нысанда қалыптастырылатын жарғылық капиталы белгіленген талаптарға сәйкес ұлғайтылуы тиіс.

Егер сізде қалада айырбастау пункті бар болса және қала республикалық, облыстық маңызы бар қалаға ауыстырылса, немесе қаланы облыстың әкімшілік орталығы деп таныған жағдайда алты ай ішінде осы елді мекенге қойылатын талаптарына жарғылық капиталдың мөлшерін сәйкес келтіру қажет.

екінші қадам "Айырбастау пунктін жайластыру"

Үшінші қадам  «Лицензияны және оған қосымшаны алу»

Қосымша айырбастау пунктін ашу

Тазартылған құйма алтынмен операциялар жүргізу

 

 

Банктік емес айырбастау пункттерді ашу мәселелерін реттейтін Қағидалар Ұлттық Банкінің ресми сайтында мына мекенжай бойынша қолжетімді: www.nationalbank.kz => «Нормативтік құқықтық база» => «ҚҰБ-ның нормативтиі құқықтық актілері => «Қолма-қол ақшамен жұмцс істеу».

Аумақтық филиалдардың орналасқан жері және байланыс деректері туралы ақпарат Ұлттық Банкінің ресми сайтында мына мекенжай бойынша қолжетімді: www.nationalbank.kz => «Қызметтерді тұтынушыларға»=> «Мемлекеттік қызметтер» => «Қызметті берушілердің байланыс деректері».

Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.