Айдар парағына өту

Резидент – заңды тұлғалардың бизнес сәйкестендіруші нөмірі (БСН) Баспаға шығару нұсқасы

Cоңғы өзгеріс: 10.03.2020

Қазақстан Республикасында барлық заңды тұлғалардың бизнес сәйкестендіру нөмірлері болуы тиіс.

Бизнес сәйкестендіру нөмірі (БСН) – заңды тұлға (филиал және өкілдік) және бірлескен кәсіпкерлік түрінде қызметті іске асыратын жеке кәсіпкер үшін қалыптастырылатын бірегей нөмір.

Барлық БСН-дарды тіркеулік есепке алу арнайы ақпараттық жүйеде – бизнес сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімінде іске асырылады. БСН тіркеуші органдарының тіркеу нөмірлерін, СТН, статистика органдарының кодын алмастыратын бірыңғай сәйкестендіруші болып табылады.

БСН-ды қалай алуға болады?

Егер сіз жаңа заңды тұлға тіркесеңіз, БСН сізге автоматты түрде тағайындалады. БСН алу рәсімі күрделі емес – БСН-ды тіркеу органдары қайта тіркеуге өтініш беру кезінде автоматты түрде тағайындайды.

БСН ресімдеу үшін тіркеуші органына келесі құжаттар ұсыну қажет:

  • белгіленген үлгідегі өтініш;
  • заңды тұлғаның құрылтай құжаттарының (Жарғы, құрылтай шарты) түпнұсқасы;
  • филиалдың ережесі;
  • Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу, филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу куәлігі;
  • статистикалық картаның көшірмесі.

Егер бұл құжаттарды ұйымның бірінші басшысы тапсырмаса, құжаттарды ұсыну және алу үшін фирманың бірінші басшысының қолы және мөрі қойылған сенімхат болу керек. Құжаттар ұсынылғаннан кейін тіркеу туралы куәлікті қайта ресімдеу туралы бұйрық шығарылады және жаңа куәлікте БСН көрсетіледі.

Заңды тұлғаның БСН келесі құжаттардан тұрады:

  • резидент заңды тұлғалар, олардың филиалдарымен өкілдіктері үшін – заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), филиалды, өкілдікті есептік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама;
  • Қазақстан Республикасында қызметін филиалдармен өкілдіктер арқылы іске асыратын резидент емес заңды тұлғалар үшін – олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік;

Заңды тұлғаларға БСН тағайындау тегін іске асырылады.

Шағын кәсіпкерлік субъектілерін, олардың филиалдары мен өкілеттіктерін мемлекеттік (есептік) тіркеу туралы бұған дейін берілген куәліктерді қайта ресімдеу қажетті құжаттармен бірге өтініш берген күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірілмей, ал өзге заңды тұлғаларды, олардың филиалдары мен өкілдіктерін тіркеу – қажетті құжаттармен бірге өтініш берген күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірілмей іске асырылады.

БСН-ды қайда алуға болады?

Сәйкестендіру нөмірін тағайындау тіркеуші органда орналасқан жері бойынша іске асырылады.

БСН цифрларының мәні

БСН 12 цифрдан тұрады және заңды тұлға туралы келесі ақпараттан тұрады.

Бірінші бөлім – 4 цифрдан тұрады және заңды тұлғаны, филиалдар мен өкілдіктерді мемлекеттік (есептік) тіркеу немесе қайта тіркеу жылынан (соңғы екі цифр) және айын білдіреді;

Екінші бөлім – 1 цифрдан тұрады және заңды тұлғаның типін білдіреді.
Заңды тұлға типінің нақты мәндері:
      4 – резидент заңды тұлғалар үшін.
Үшінші бөлім – 1 цифрдан тұрады және қосымша белгі болып табылады әрі келесі тәсілмен анықталады:
      0 – заңды тұлғаның басты бөлімшесі;
      1 – заңды тұлғаның филиалы;
      2 – заңды тұлғаның өкілеттігі;
Төртінші бөлім – 5 цифрдан тұрады және заңды тұлғаны (филиалдар мен өкілеттіктер) тіркелу реттік нөмірінен тұрады;

Бесінші бөлім – 1 цифрдан тұрады, автоматты түрде анықталады және қорытынды цифр болып табылады.
Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.