Айдар парағына өту

Сыбайлас жемқорлық фактісіне тап болған кезде не істеу керек? Баспаға шығару нұсқасы

Cоңғы өзгеріс: 21.04.2023

сыбайлас жемқорлық

Сыбайлас жемқорлық ұлттық қауіпсіздікке, әрбір отбасының әл-ауқатына, балаларымыздың жарқын болашағына және тұтастай алғанда елдің дамуына қауіп төндіреді.

Заң бойынша кез-келген адам осы жамандыққа қарсы тұруға белсенді қатысуға құқылы.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға ат салысатын тұлға мемлекеттің қорғауында болады («Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңның 24-бабының 3-тармағы).

Мұндай тұлға туралы ақпарат мемлекеттік құпия болып табылады.

Егер сіз сыбайлас жемқорлықтың куәгері немесе құрбаны болдым деп ойласаңыз, бұл туралы келесідей хабарлауға болады:

  1. Мобильді телефоннан  немесе стационарлық телефоннан тегін 1424 нөмірі бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Call-орталығына қоңырау шалу қажет, ол жерде консультанттар әрі қарай қандай қадамдар жасау керек екенін түсіндіріп береді немесе сыбайлас жемқорлық фактілерінің жолын кесу үшін дереу әрекет етеді.
  2. 010000, Астана қаласы, Сейфуллин көшесі, 37 мекенжайы бойынша Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) немесе Агенттіктің тұрғылықты (болған) жері бойынша өңірлік департаменттерге жазбаша өтініш жасау қажет.
  3. egov.kz электрондық үкімет порталының онлайн-сервисі арқылы өтініш жіберу (электрондық цифрлық қолтаңба – ЭЦҚ болуы міндетті) қажет.
  4. «Ашық диалог» сайтында Агенттік төрағасының блогына немесе Агенттіктің сайтына жазу қажет.
  5. Агенттіктің kense@antikor.gov.kz электрондық поштасына жазу қажет. 

Берген ақпаратыңыз үшін сыйақы төленуі мүмкін («Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы»ҚР Заңының 4-бабының 7-тармағы және 24-бабының 3-тармағы).

Сыйақы мыналар үшін беріледі:

  1. сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлама;
  2. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған іздеуде жүрген адамның орналасқан жері туралы ақпарат (тізімді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің ресми сайтынан көруге болады);
  3. сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықты анықтау, жолын кесу, ашу және тергеп-тексеру үшін маңызы бар өзге де жәрдем көрсеткені үшін.

Қанша сома беріледі?

30 АЕК – тен (2022 жылға - шамамен 88 мың теңге) 4000 АЕК-ке дейін (11,6 млн.теңге).

Сыйақы талаптарымен Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда өзге де жолмен жәрдемдесетін адамдарды көтермелеу қағидаларынан  (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 30 желтоқсандағы № 1131 қаулысы) танысуға болады.

Сыйақы алу үшін:

  1. жәрдем көрсетілген органға жүгіну қажет;
  2. өтініш жазу қажет;
  3. жеке куәліктің көшірмесін және банк деректемелерін қоса беруге міндетті.

Сыбайлас жемқорлықты бірге жоямыз!

Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.