Айдар парағына өту

Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау Баспаға шығару нұсқасы

Cоңғы өзгеріс: 26.09.2023

мүгедектігі бар адам

Мүгедектігі бар адамдар – тыныс-тіршілігінің шектелуіне және оны әлеуметтік қорғау қажеттігіне алып келетін, ауруларға, мертігулерге (жаралануға, жарақаттарға, контузияларға), олардың зардаптарына, бұзылуларына байланысты организм функциялары тұрақты бұзылып, денсаулығы нашарлаған адам.

Қазастан Республикасындағы мүгедектігі бар адамдар әлеуметтік қорғау Қазақстан Республикасының Конституциясымен, Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексімен және Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық актілерімен реттеледі.

Мүгедектігі бар адамдардың мынадай құқықтары бар:  

  • әлеуметтік қорғалуға, оның ішінде абилитациялауға, оңалтуға, қоғамға интеграциялануға;
  • мектепке дейінгі тәрбие алу мен оқу, білім алу үшін жағдайлармен қамтамасыз етілуге;
  • Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалатын тәртіппен тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмекке;
  • арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтердің кепілдік берілген көлеміне;
  • кәсіптік даярлыққа және қайта даярлыққа, еңбек қабілетін қалпына келтіруге және жұмысқа орналасуға;
  • инфрақұрылым, ақпараттандыру объектілеріне, көлікке, ақпаратқа, ойын-сауық, мәдени-бұқаралық іс-шараларға, спорттық сайыстарға және мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге қолжетімділіктің қамтамасыз етілуіне;
  • өзінің сайлау және сайлану құқығын жүзеге асыруға;
  • Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңнамасына сәйкес тұрғын үйге;
  • мемлекеттік және өзге ұйымдарда, оның ішінде денсаулық сақтау, мәдениет, байланыс, көлік, қызмет көрсету саласындағы ұйымдарда бірінші кезекте қызмет көрсетілуге құқығына ие болады.

Мүгедектігі бар адамдарға көрсетілетін әлеуметтік көмектердің түрлері:

  • Мемлекеттік жәрдемақы, өтемақы және басқа да төлемдер
  • Жергілікті атқарушы органдармен көрсетілетін қосымша әлеуметтік төлемдер
  • Жұмыс берушілердің көрсететін қосымша әлеуметтік көмек түрлері және өзге де ұйымдармен.

Мүгедектігі бар адамдарды жұмыспен қамту

1. Жұмыс орындарын квоталау.

Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне сәйкес жергілікті атқарушы органдар (ауыр жұмыстардағы, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде) мүгедектігі бар адамдар үшін жұмыс орындарының санынан 2-ден 4% - ға дейінгі мөлшерде жұмыс орындарына квота белгілейді.

2. Мүгедектігі бар адамдар үшін арнайы жұмыс орындарын құру.

Механизм шеңберінде мүгедектектігі бар адамдарға арналған жұмыс орнын жабдықтаған және арнайы жұмыс орнын құрған жұмыс берушінің шығындары өтеледі.

2023 жылдан бастап жұмыс берушілердің шығыстары 300 АЕК (1 млн.теңге) мөлшерінде бекітілді және өтеледі.

Бұдан басқа, жабдықталған арнайы жұмыс орындарына жұмысқа орналасқан мүгедектігі бар адамдардың жалақысы үш жыл ішінде субсидияланады:

  • бірінші жылы жалақының 70% - мемлекет субсидиялайды (бұл ретте субсидияланатын бөлік 30 АЕК-тен (103,5 мың теңге) аспауға тиіс), 30% - жұмыс беруші субсидиялайды;
  • екінші жылы 65% - мемлекет, ал 35% - жұмыс беруші;
  • үшінші жыл 60% - мемлекет, ал 40% - жұмыс беруші.

3. Жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шаралары кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде іске асырылады.

Ұлттық жоба шеңберінде еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар бойынша қысқа мерзімді оқыту курстарынан өтуге, «Электрондық еңбек биржасы» (enbek.kz) базасында онлайн оқытудан өтуге, бизнес-идеяларды іске асыру үшін өтеусіз гранттар алуға, «Ұрпақтар келісімшарты», «Бірінші жұмыс орны», «Күміс жас» жобаларына қатысуға, сондай-ақ, «Жастар практикасы» жобасына жастар қатарындағы адамдар алған мамандығы бойынша бастапқы жұмыс тәжірибесін ала алады.

Бірінші және екінші топтағы мүгедектерге аптасына ұзақтығы отыз алты сағаттан аспайтын қысқартылған жұмыс уақыты белгіленеді, жыл сайын қосымша ақы төленетін еңбек демалысы ұзақтағы кемінде алты күнтізбелік күнге беріледі. Түнгі уақыттағы жұмысқа мүгедектің келісімімен және денсаулығына байланысты мұндай жұмысқа тыйым салынбаған жағдайда жол беріледі.

Бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар адамдар мүгедектік кезеңі бар зейнетақы аударымдардан мерзімсіз босатылады. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына зейнетақы жарналарын төлеу мүгедектігі бар адамдардың өтініші бойынша жүзеге асырылады.

Мүгедектік топты белгілеу критерийлері

Мүгедектерді жұмыспен қамту

Білім беруде мүгедектігі бар адамдарға берілетін жеңілдіктер

Мүгедектігі бар адамдарды оңалту түрлері

Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан болған мүгедектігі бар адамдар ретінде кім танылады?

Жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан болған мүгедектігі бар адамдарға теңестірілген адамдар ретінде кім танылады?

Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан болған мүгедектігі бар адам және жеңілдіктер бойынша оған теңестірілген адам мәртебесін алуға қажетті құжаттар

 

Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.