Айдар парағына өту

Бағалы қағаздар нарығы Баспаға шығару нұсқасы

Cоңғы өзгеріс: 02.12.2021

график

Бағалы қағаздар - жекелеген жазбалардың және меншік құқығын растайтын басқа белгілердің жиынтығы

Бағалы қағаздар:

1. Борыштық.

2. Үлестік болуы мүмкін.

Борыштық бағалы қағаздар – эмитенттің (борышкердің) осы бағалы қағаздарды шығару талаптарымен борыштың негізгі сомасын төлеу жөніндегі міндеттемесін куәландыратын бағалы қағаздар.

Үлестік бағалы қағаз – Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оның иесінің мүліктегі белгілі бір үлеске құқығын куәландыратын бағалы қағаз.

Бағалы қағаздар нарығы - бұл бағалы қағаздарды шығаруға және айналымға шығаруға байланысты экономикалық қатынастар саласы.

Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар рыногы туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінен, Бағалы қағаздар рыногы туралы заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.

Бағалы қағаздар рыногын мемлекеттік реттеуді, бағалы қағаздардың шығарылуын, айналысын және өтелуін, сондай-ақ бағалы қағаздар жөніндегі кәсіби және биржалық қызметті бақылауды және қадағалауды қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті орган жүзеге асырады.

Қор нарығын мемлекеттік реттеу мен қадағалаудың негізгі мақсаты қаржылық қызметтерді тұтынушылардың мүдделерін қорғау деңгейін арттыру және қор нарығының тұрақты инфрақұрылымын дамыту мақсатында тиімді және тәуелсіз қадағалау жүйесін құру болып табылады. 

Бағалы қағаздар нарығы ұйымдастырылған және ұйымдастырылмаған нарықтардан тұрады.

Бағалы қағаздардың ұйымдастырылған нарығы – мәмілелері қор биржасының ішкі құжаттарына сәйкес жүзеге асырылатын эмиссиялық бағалы қағаздар мен өзге де қаржы құралдарының айналыс саласы. Қазақстан Республикасының ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығының мүддесін Қазақстан қор биржасы (KASE) білдіреді, оның сауда алаңында мәмілелерді клиенттердің, жеке және заңды тұлғалардың есебінен және тапсырмасы бойынша немесе өз атынан және өз есебінен брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымдар (бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушылары) жүзеге асырады.

Ұйымдастырылмаған бағалы қағаздар нарығы - бағалы қағаздармен және өзге де қаржы құралдарымен, оның ішінде шетел валюталарымен және туынды қаржы құралдарымен мәмілелер қор биржасының ішкі құжаттарында белгіленген талаптарды сақтамай жүзеге асырылатын бағалы қағаздар мен өзге де қаржы құралдарының айналыс саласы.

Эмиссиялық бағалы қағаздармен ұйымдастырылған және ұйымдастырылмаған нарықтарда жасалған мәмілелер уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде көзделген тәртіппен орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде тіркеледі.

 

Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.