Айдар парағына өту

ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясына қалай түсу керек? Баспаға шығару нұсқасы

Cоңғы өзгеріс: 08.09.2020

Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы 2005 жылы 31 мамырда Қазақстан Республикасы Президентінің Жарғысымен мемлекеттік қызметкерлердің біліктілігін арттыру және даярлау/қайта даярлау мақсатында құрылған

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы – мемлекеттік қызметшілерді даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыруды іске асыратын еліміздің жалғыз жоғары оқу орны.

Мемлекеттік басқару академиясында оқудың артықшылықтары

  1. Академияда оқу уақыты мемлекеттік қызмет өтілі болып есептеледі.
  2. Академияда оқитындар соңғы жұмыс орнындағы еңбекақы мөлшеріне сәйкес стипендия алады.
  3. Академияда оқу үшін халықаралық ұйымдардан және қорлардан білім грантын алуға болады.
  4. Академияда білім алушылар жыл сайын шетелдік тағылымдамадан Maxwell School of Citizenship and Public Affairs – Сиракуз университеті (АҚШ), Колумбия университеті (АҚШ), Нью-Йорк университеті (АҚШ), DBB Academie (Германия), Ұлттық адами ресурстарды дамыту институты (Оңтүстік Корея), Скандинавия академиялық ұтқырлық институты (Финляндия), Вена дипломатиялық академиясы (Австрия), Мұхаммед Бин Рашид атындағы мемлекеттік басқару мектебі (БАӘ), «Clingendael» Нидерланд халықаралық қатынастар институты (Нидерланд), Саяси және дипломатиялық зерттеулер орталығы (Ұлыбритания), сондай-ақ шетелдегі Сыртқы істер министрлігінің дипломатиялық өкілдіктерінде өтеді.

Академияда оқу қандай бағдарламалар бойынша жүзеге асырылады?

Магистратура:

Бір жылдық оқу мерзімімен:

  • «Мемлекеттік менеджмент»;
  • «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат»;
  • «Халықаралық қатынастар»;
  • «Адами ресурстарды басқару»;
  • «Өңірлік даму»

Екі жылдық оқу мерзімімен:

  • «Мемлекеттік басқару»;
  • «Мемлекеттік саясат»;
  • «Экономика»;
  • «Өңірлік даму»
  • «Өңірлік көшбасшылық»

Докторантура:

Үш жыл оқу мерзімімен:

  • «Мемлекеттік басқару»;
  • «Экономика»;
  • «Халықаралық қатынастар».

Академияға кім түсе алады?

Магистратураға жоғары білімнің кәсіби оқу бағдарламаларын меңгерген, ал докторантураға магистратураның кәсіби оқу бағдарламаларын меңгерген адамдар қабылданады.

Түсу үшін қандай құжаттар қажет?

  1. Өтініш.
  2. Жоғары білім туралы құжаттың көшірмесі қосымшасымен.
  3. IELTS немесе TOEFL тестін тапсырғаны туралы сертификаттың көшірмесі немесе APTIS тестін тапсыруға арналған тіркеу формасы.
  4. Еңбек қызметін растайтын құжат (мемлекеттік қызметшілері үшін істеген қызметтерінің тізімі немесе басқа тұлғалар үшін еңбек кітапшасының көшірмесі).
  5. 086-У нысандағы медициналық анықтама.
  6. Мемлекеттік органнан жолдама (мемлекеттік қызметшілер үшін).
  7. Магистратура бағдарламаларының талапкерлері үшін екі эссе, докторантура бағдарламаларының талапкерлері үшін эссе, зерттеу жұмысының жоспары (research proposal) және ғылыми еңбектердің тізімі бар болған жағдайда.

Егер сіз мемлекеттік тапсырыс бойынша түсетін болсаңыз

Егер сіз заңды немесежеке тұлғалар есебінен түсетін болсаңыз   

 APTIS дегені не

Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.