Айдар парағына өту

Жер салығын төлеу: қайда, қалай және қанша Баспаға шығару нұсқасы

Cоңғы өзгеріс: 07.04.2023

ер адам қағазға жазып, бір қолымен үй ұстап отыр

Мынадай:

1. жеке меншiк құқығында;
2. тұрақты жер пайдалану құқығында;

3. бастапқы өтеусiз уақытша жер пайдалану құқығында салық салу объектiлерi бар тұлғалар жер салығын төлеушiлер болып табылады.

Салық салу объектiсi

Жер учаскесi (жер учаскесiне ортақ үлестiк меншiк кезiнде – жер үлесi) салық салу объектiсi болып табылады.

Салықтық база

Жер салығын айқындау үшiн жер учаскесiнiң және (немесе) жер үлесінің алаңы салықтық база болып табылады.

Елді мекендердің жеріне арналған базалық салықтық мөлшерлемелер

Елді мекендердің жеріне (үй жанындағы учаскелерді қоспағанда) арналған базалық салықтық мөлшерлемелер алаңның бір шаршы метріне есептегенде мынадай мөлшерде белгіленеді:

Р/с

Елді мекеннің санаты

Тұрғын үй қоры, соның ішінде оның жанындағы құрылыстар мен құрылысжайлар алып жатқан жерді қоспағанда, елді мекендердің жеріне арналған базалық салықтық мөлшерлемелер (теңге)

1

2

3

 

Қалалар:

 

1.

Алматы

28,95

2.

Шымкент

9,17

3.

Астана

19,30

4.

Ақтау

9,65

5.

Ақтөбе

6,75

6.

Атырау

8,20

7.

Жезқазған

8,20

8.

Көкшетау

5,79

9.

Қарағанды

9,65

10.

Қонаев

6,75

11.

Қостанай

6,27

12.

Қызылорда

8,68

13.

Орал

5,79

14.

Өскемен

9,65

15.

Павлодар

9,65

16.

Петропавл

5,79

17.

Семей

8,20

18.

Талдықорған

9,17

19.

Тараз

9,17

20.

Түркістан

7,79

21.

Алматы облысы:

 

22.

облыстық маңызы бар қалалар

6,75

23.

аудандық маңызы бар қалалар

5,79

24.

Ақмола облысы:

 

25.

облыстық маңызы бар қалалар

5,79

26.

аудандық маңызы бар қалалар

5,02

27.

Облыстық маңызы бар қалған қалалар

облыс орталығы үшін белгіленген мөлшерлеменің 85 пайызы

28.

Аудандық маңызы бар қалған қалалар

облыс орталығы үшін белгіленген мөлшерлеменің 75 пайызы

29.

Кенттер

0,96

30.

Ауылдар

0,48

 

Салықты есептеу тәртібі мен төлеу мерзімдері

Салықты есептеу әрбiр жер учаскесi бойынша жеке-жеке салықтық базаға тиiстi салық мөлшерлемесін қолдану арқылы жүргiзіледi.

Жер учаскесiн иелену құқығы немесе пайдалану құқығы тоқтатылған жағдайда жер салығы жер учаскесiн пайдаланудың іс жүзіндегі кезеңi үшiн есептеледi.

Жер салығы бюджетке жер учаскесiнiң орналасқан жерi бойынша төленедi.

Ортақ үлестiк меншiктегi салық салу объектiлерi бойынша салық осындай объектілердің жалпы алаңындағы әрбір меншік иесінің үлесiне пропорционалды есептеледi.

Заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлердің салықты есептеу тәртiбi мен төлеу мерзiмдерi

Салық төлеушілер жер салығының сомаларын салықтық базаға тиiстi салық мөлшерлемесін қолдану арқылы өз бетінше есептейдi.

Шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлерді қоспағанда, заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлер жер салығы бойынша ағымдағы төлемдердi салықтық кезең iшiнде есептеуге және төлеуге мiндеттi.

Ағымдағы төлемдердің мөлшерi салықтық кезеңнiң басында болған салық салу объектiлерi бойынша салықтық базаға тиiстi салықтық мөлшерлемелерді қолдану арқылы айқындалады.

Шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимдерін қолданатын дара кәсіпкерлерді қоспағанда, салық төлеушілер ағымдағы салық төлемдерінің сомаларын салықтық кезеңнің 25 ақпанынан, 25 мамырынан, 25 тамызынан және 25 қарашасынан кешіктірмей тең үлестермен төлейді.

Салық салу объектiлерiне құқықтар салықтық кезеңнің iшiнде берiлген жағдайда салық сомасы жер учаскесiне иелік етудің іс жүзіндегі кезеңi үшiн есептеледi.

Салық төлеушi салықтық кезең үшін декларацияны ұсыну мерзiмi басталғаннан кейiн күнтізбелік он күннен кешiктiрмей түпкілікті есеп айырысуды жүргiзеді және жер салығын төлейдi.

Шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлер салықтық кезең үшін декларация ұсыну мерзімі басталғаннан кейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей жер салығын төлейді.

Салықтық кезең

1 қаңтар – 31 желтоқсан аралығындағы күнтізбелік жыл жер салығын есептеу үшiн салықтық кезең болып табылады.

Салықтық есептілік

Кәсіпкерлік қызметте пайдаланылатын (пайдалануға жататын) жер учаскелері бойынша дара кәсіпкерлер (шағын бизнес субъектілеріне арналған арнаулы салық режимiн қолданатын дара кәсiпкерлердi қоспағанда) және заңды тұлғалар жер учаскелерінің орналасқан жерi бойынша салық органдарына салықтық кезеңнің басындағы жағдай бойынша айқындалған салықтық міндеттемелер бойынша ағымдағы салықтық кезеңнің 15 ақпанынан кешіктірмей жер салығы бойынша ағымдағы төлемдердің есеп-қисабын ұсынады.

Салық төлеуші ағымдағы төлемдерді кезекті (салықтық кезең ішінде) төлеу мерзімі басталғанға дейін күнтізбелік он күннен кешіктірмейтін мерзімде:

  • ағымдағы төлемдердің есеп-қисабын – ағымдағы төлемдерді төлеудің соңғы мерзімінен кейін туындағандарды қоспағанда, салықтық кезең ішінде салықтық міндеттемелер туындаған кезде;
  • ағымдағы төлемдердің мөлшерлерін тиісті түзетумен және оларды алдағы төлеу мерзімдеріне тең үлестермен бөле отырып, осындай төлемдердің қосымша есеп-қисабын – салықтық кезең ішінде жер салығы бойынша салықтық міндеттемелер өзгерген кезде ұсынады.

Ағымдағы төлемдерді төлеудің соңғы мерзімінен кейін салықтық міндеттемелер туындаған кезде салық төлеушілер ағымдағы төлемдердің есеп-қисабын ұсынбайды.

Декларацияны жер учаскелерінің орналасқан жері бойынша салық органдарына есепті салықтық кезеңнен кейінгі жылдың 31 наурызынан кешіктірілмейтін мерзімде:

  1. заңды тұлғалар;
  2. дара кәсіпкерлер – кәсіпкерлік қызметте пайдаланылатын (пайдалануға жататын) жер учаскелері бойынша айқындалған салықтық міндеттемелер бойынша;
  3. жеке тұлғалар (оның ішінде жеке практикамен айналысатын адамдар) – кәсіпкерлік қызметте және (немесе) осындай жеке практикаға байланысты қызметте пайдаланылатын (пайдалануға жататын) жер учаскелері бойынша айқындалған салықтық міндеттемелер бойынша ұсынады.
Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.