Өтініш берушілерге «Баланың туылуы» белсенді қызметін көрсету бойынша нұсқаулық Баспаға шығару нұсқасы

Cоңғы өзгеріс: 12.01.2021

Қызметін көрсету бойынша нұсқаулық:

  1. Сіз құттықтаумен SMS-хабарлама алған кезде, Сізге қызмет алу үшін тілді таңдап алуыңыз керек, ол үшін нөмірмен SMS хабарлама жіберу керек:

«1» - казақ тілін таңдау үшін;

«2» - орыс тілін таңдау үшін.

  1. Белгілі бір уақыт өткеннен кейін баланың тегі, аты және әкесінің аты (егер бар болса) туралы сұратылған келесі SMS-хабарламаны аласыз. Сіз SMS-хабарламаға келесі форматта жауап беруіңіз керек: Тегі Аты Әкесінің аты (бар болса).
  2. Тегі, аты және әкесінің аты (егер бар болса) SMS-хабарламасын жібергеннен кейін Сіз білім деңгейі, кіріс көзі және тіркеу органы туралы ақпарат беру үшін рет-ретімен SMS-хабарламалар аласыз. Осы сұрауларға жауап ретінде сіз сәйкес нөмірлермен SMS хабарламалар жіберуіңіз керек. (Мысалы, 1).
  3. Жоғарыда аталған барлық ақпаратты ұсынғаннан кейін электрондық өтінім қалыптастырылып, таңдалған тіркеу органына тіркеуге жіберіледі.
  4. Тіркеу процесін жүзеге асырғаннан кейін Сізге дайын құжатты алу орны көрсетілген SMS-хабарлама жіберіледі. Сондай-ақ, бұл SMS-хабарламада куәлікті  алуға туу туралы медициналық анықтаманың қажеттілігін көрсетіледі.
  5. Сізге хабарлағаннан кейін арнайы санаттағы балабақшаға кезекке қою үшін жеңілдіктер санатының бар-жоғын анықтау үшін тағы бір сұрау салу түседі. Егер жеңілдікке тиесілі болмасаңыз, онда жеңілдіктердің болмауын көрсетіңіз және сұрау салу балабақша кезегіне қою үшін әкімдікке автоматты түрде жіберіледі. Әйтпесе, Сізге әкімдікке жеңілдік кезегіне қою үшін жүгіну ұсынылады. Жауап кіріс SMS сұранымына сәйкес ресімделуі керек.
  6. Содан кейін сізден елді мекенді таңдауды сұрайды. Жауап бұрын жіберілген хабарламалардағыдай ресімделуі керек.
  7. Кезекке қою процесі аяқталғаннан кейін кезек нөмірі бар SMS-хабарлама жіберіледі.
  8. Жоғарыда аталған барлық әрекеттерді орындағаннан кейін сізге баланың туу тәртібін растау туралы SMS-хабарлама келеді, өйткені жәрдемақы мөлшері балалар санына байланысты. Алынған SMS-сұрауға сәйкес туылған баланың реттік нөмірі көрсетілген жауап хабарламасын жіберу қажет.
  9. Егер деректер дұрыс болса, жәрдемақы мен төлемдер тағайындау  үшін банк шотының нөмірін растау / енгізу үшін SMS-сұрауын аласыз. SMS-хабарлама арқылы банк шотының нөмірін растаңыз немесе енгізіңіз.
  10. Бұдан әрі уәкілетті органдардың қарауына түсетін электрондық өтінім қалыптастырылады, нәтижесінде жәрдемақы тағайындалады және ол сізге SMS арқылы хабарланатын болады.
  11. Осы кезеңде белсенді қызмет аяқталады, мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді пайдаланғаныңыз үшін рахмет!

Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.