Айдар парағына өту

«7-20-25» ипотекалық тұрғын үй кредиттеу бағдарламасы Баспаға шығару нұсқасы

Cоңғы өзгеріс: 22.09.2023

«7-20-25» бағдарламасы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 31 мамырдағы № 107 қаулысымен ипотекалық кредит беру бағдарламасы «7-20-25. Әр отбасы үшін баспана сатып алудың жаңа мүмкіндіктері».

7-20-25 дегеніміз не?

«7-20-25» - бұл Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін ипотекалық бағдарлама. Бағдарлама Елбасының Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты халыққа Жолдауында айтылған «Әр отбасы үшін баспана сатып алудың жаңа мүмкіндіктері» алғашқы бастамасының міндеттерін іске асыру шеңберінде әзірленді.

«7-20-25» Қазақстан Республикасының азаматтары үшін қолжетімді кредит беру шарттарымен әрбір қазақтандық үшін тұрғын үй жағдайын жақсартудың жаңа мүмкіндіктер береді.

Қазақстанда алғаш рет қатысушысы бағдарламаны өзі таңдайтын салушыдан тек бастапқы нарықта есептелгентұрғын үй бағдарламасы қабылданды.

«7-20-25» бағдарламасының операторы - «Қазақстанның тұрақтылық қоры» АҚ.

Кім бағдарламаға қатыса алады?

Тұрғын үй заемы ұлттық валютада беріледі, және еңбек және (немесе) кәсіпкерлік қызметтен түскен, сондай-ақ меншік құқығында баспанасы жоқ кез-келген қазақстандық бағдарламаға қатысуға құқылы.

7-20-25 бағдарламасы несімен тиімді?

Қазіргі уақытта 7-20-25 бағдарламасы қазіргі кезеңде төмен проценттік мөлшерлемемен тиімді ипотекалық бағдарлама - 7% (ЖТСМ - 7,2%) болып табылады, алғашқы төлем мөлшері тұрғын үй құнының 20% мөлшерінде анықталады (тұрғын үйдің максималды құны) – Астана, Алматы (қала маңындағы аудандарды қоса алғанда), Ақтау, Атырау, Шымкент қалаларына - 25 млн. теңге, Қарағанды қаласы үшін - 20 млн. теңге және басқа өңірлер үшін - 15 млн. теңге, қарызды жабу мерзімі 25 жылға дейін ұлғайтылды. Қарыз алушыдан қарызды ұсынғаны және қызмет көрсеткені үшін ешқандай комиссия алынбайды.

Сондай-ақ, кепілзат пен қарыз алушының өмірін сақтандыру міндетті емес, сақтандыру қажет болса, барлық шығындарды несие берген банк көтереді.

«7-20-25» бағдарламасы бойынша қарыз алу үшін жеке тұлға келесі талаптарға жауап беруі тиіс:

  • Қазақстан Республикасының азаматтығы
  • Меншік құқығымен Қазақстан Республикасының аумағында тұрғын үйдің болмауы
  • Кәсіпкерлік немесе еңбек қызметінен тұрақты расталған кірістің болуы
  • Ипотекалық кредиттері жоқ

«7-20-25» бағдарламасының серіктес банктері

«7-20-25» бағдарламасы шеңберінде әрбір қарыз алғысы келетіндер, ынтымақтастық туралы келісімдері бар «Қазақстанның тұрақтылық қоры» АҚ-мен серіктес банктерге жүгіне алады:

Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.