Айдар парағына өту

Нұр-Сұлтанда қалай волонтер бола аласыз Баспаға шығару нұсқасы

Cоңғы өзгеріс: 14.05.2021

қолдарВолонтёрлік (лат.voluntarius — ерікті) — бұл өзара көмек пен дербес көмектің дәстүрлі түрлерін, барша жұртшылықтың игілігі үшін ақшалай сыйақыны есептеусіз, ерікті жүзеге асырылатын қызметтерді ресми көрсету және азаматтық қатысудың басқа да түрлерін қоса алғандағы кең ауқымды қызмет. 

Осылайша, волонтерлік – бұл басқалардың игілігі үшін төленбейтін саналы, ерікті қызмет. Басқалардың игілігі үшін саналы да риясыз еңбек еткен кез келген адам волонтер болып аталады.

Волонтерлік қызметке мыналар жатады: экологиялық қозғалыстар, ағаштар, гүлдер отырғызу, халықтың қауқарсыз тобына: кәрі адамдарға, мүмкіндіктері шектеулі адамдарға, үйсіздерге көмек; СӨС насихаттау; ірі қалалық, халықаралық іс-шаралар, фестивальдар, интернет-еріктіліктерді ұйымдастыруға көмек.

Волонтерлік еңбекақыны көздемейді, бірақ көптеген артықшылықтар береді:  адамның жеке тұлға ретінде қалыптасуына, тәжірибе мен жаңа машықтарға үйренуіне, өзін қызметтің түрлі салаларында байқап көру мүмкіндігін береді.

Нұр-Сұлтандағы белсенді волонтерлік қозғалыс ресми VII Қысқы Азия ойындарынан басталды. Бүгінгі таңда Нұр-Сұлтанда волонтерлік мәдениетті қалыптастыру және қолдау мақсатында 2010 жылы құрылған  Ұлттық Волонтерлік Желі бар. Үш жыл ішінде ҰВЖ волонтерлерді оқыту бойынша көп жұмыс атқарды. 2010 жылы ЭСКАТО елдері конференциясының волонтерлері үшін тренингтер өткізілді, 2011 жылы году Ұлттық Волонтерлік Желі 200-ден астам волонтер-лидерлерді VII Қысқы Азия ойындарына оқытты. Сондай-ақ ЕҚЫҰ форумы үшін еріктілерді даярлады, 2012 жылы Қазақстан халқы Ассамблеясының кезекті сессиясына, Нұр-Сұлтан қаласында өткен 2019 World PARA Powerlifting Championships және басқа да көптеген іс-шараларға волонтерлер үшін іріктеу және тренингтер ұйымдастырылды.  Бұдан басқа, тұрақты түрде Волонтерлер мектебі өткізіледі.

Ұйымдастырушылық волонтерліктен басқа әлеуметтік те бар. "Best For Kids" қоғамдық қоры балалар үйіндегі балаларды әлеуметтендіру үшін құрылған. Қор волонтерлері Нұр-Сұлтан қаласынан 120-140 шақырым жерде орналасқан  Ақкөл және Жолымбет екі балалар үйіне мастер-класстар, тренингтер, спорт және мәдени іс-шаралар өткізеді. Волонтер болу үшін көмектесуге және қоғам игілігі үшін жақсы істер атқаруға ниет болса жеткілікті. Еске салайық, 2020 жыл Қазақстан Республикасында еріктілік жылы болып жарияланды.

ЮНИСЕФ-тің волонтерлік бағдарламасы

Егер сіз бакалавр деңгейіне ие болсаңыз, бірнеше жылдық жұмыс тәжірибеңіз болса және дамушы елдерде ұзақ мерзімді волонтерлікке қызығушылық танытсаңыз, Біріккен Ұлттар Ұйымының Еріктілер Бағдарламасына (UNV) тіркелуіңізге болады.

Бұл Біріккен Ұлттар Ұйымының БҰҰ жүйесінің әр түрлі ұйымдарында, оның ішінде ЮНИСЕФ-тегі түрлі тапсырмаларды орындау үшін еріктілерді жалдайтын Бағдарламасы. Өтінімдер мен процедуралар туралы ақпарат UNV веб-сайтында орналастырылған.

ЮНИСЕФ стипендиялар мен гранттар бермейді.

Ұйымдар атауы

Миссиясы

Қызмет саласы

Заңды мекен-жайы

Басшының аты-жөні, байланыстары

«ASTANA» Жастар даму орталығы» ҚБ

Біз жастарды достық пен өзара көмектің жалпы қағидалары арқылы, біздің әріптестеріміз, достарымыз бен өз ісінің мамандарының волонтерлік және дамумен тығыз байланысты жобаларда белсенді қатысуы арқылы тәжірибесінен идеялар мен жақсы үлгілердің көмегімен дамытамыз

Қоғамның оң дамуына бағытталған волонтерлік және басқа да жастар бастамаларын дамыту және ілгерілету

Нұр-Сұлтан қ., 01000, Тілендиев к., 15/4-198

Шабаев Никита Юрьевич 

+7 701 935 60 32

In-fo@ydc.kz

http://vk.com/astanaydc

«Best For Kids» ҚҚ

Ерікті бастамамен балалар үйінде тәрбиеленетіндерді әлеуметтік бейімдеу бойынша жобаны іске асыру

Балалар үйі, сондай-ақ тәрбиеленушілер оқитын колледждер

«Best For Kids» ҚҚ, Нұр-Сұлтан, Қазақстан

Шабаев Никита Юрьевич 

+7 701 935 60 32

Алия Пистаева

+7 701 531 57 18

info@bestforkids.kz

«Океан - Арт» Арт-терапия шығармашылық орталығы» ҚБ «Океан - нАрт»

Қазақстандағы арт-терапияны дамыту. Замануи технологияларды қолданып, мәдени, сауықтыру және экологиялық іс-шаралар деңгейін байыту

Мүмкіндіктері шектеулі балаларды оңалту

Нұр-Сұлтан қ., Кабанбай батыр к., 4

Татенова Гульмира Сайлаубековна

+ 7 701 473 70 61

Kerei69@mail.ru

«Үнсіз әлем/ Безмолвный мир» қоғамдық қоры

Есту қабілетттері шектеулі адамдарды, саңыраулығы бойынша екі ата-анасы да мүгедек балаларды қолдау

Шеберханалар ашу. Мүгедек кәсіпкерлерді қолдау, «Сурдоаударма диспетчерлік қызметі»;

Саңыраулығы бойынша екі ата-анасы да мүгедек балаларды қолдау

Нұр-Сұлтан қ., Абылай-хан даңғ. 49/3

Тулепбергенова Мария Лукпановна

8 (7172)44 76 49

+7 707 057 77 77

Surdo.m@mail.ru

«ДОС» Тәуелсіздік өмір» орталығы» мүгедектердің қоғамдық бірлестігі

Нұр-Сұлтан қаласындағы мүмкіндіктері шектеулі адамдардың құқықтарын қорғау және мүдделерін ілгерілету

Мүмкіндіктері шектеулі адамдарды қоғам өміріне белсенді қатысу үшін тартуға бағытталған жобаларды іске асыру

Нұр-Сұлтан қ., 5 ш-а., 9 үй, 1 п.

Брусиловский к. 17/3, 407 кеңсе

Ердилдинова Дина

8 (7172) 46 65 68, 56  97 71

Cnch_dos@mail.ru

«Нұр Әлем Қазақстан» қоғамдық қайырымдылық қоры

Қазақстан Республикасында қайырымдылық мәдениетін дамыту

Қауқарсыз отбасының балалары, БЦП және мүгедек балалары бар отбасыларға

Нұр-Сұлтан қ., Петров к. 32/1

Қажымұқан к., 14

Коновалова Н.Б.

8 (7172) 35 41 20

fondn@mail.ru

«Адам денсаулығы Институты» жастар қоғамдық бірлестігі

Жұртшылықты ағартушылық

Денсаулық сақтау және экология

Нұр-Сұлтан қ., Сығанақ к., 9 үй, 17 п.

8 (7172) 44 59 41

Dima41082@mail.ru

Global Shapers Community in Nur-Sultan – Нұр-Сұлтан қаласының Жас көшбасшылар қоғамы.

Қаламыздың тұрғындары мен қонақтарына оңтайлы қалыптасуына бағытталған жасөспірімдер бастамалыры қалыптастыру және қолдау

Қаламыздың тұрғындары мен қонақтарына оңтайлы қалыптасуына бағытталған жасөспірімдер бастамалыры қалыптастыру және қолдау

Нұр-Сұлтан қ.,  Кабанбай батыр д., 53, С3 блогы, 3,007 кеңсе.

Айман Едигеева a.kayirbek@gmail.com,

Инна Филипович i.filipovich@gmail.com

www.globalshapers.org astanashapers@gmail.com

 

Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.