Айдар парағына өту

Заңгерлерді / заңды тұлғаларды қалай табуға болады және онлайн-кеңес алу Баспаға шығару нұсқасы

Cоңғы өзгеріс: 07.12.2023

құқықтық көмек беруҚазақстан Республикасының «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» 2018 жылғы 5 шілдедегі №176-VI Заңының 24 – бабын орындау мақсатында «Ұлттық ақпараттық технологиялар» акционерлік қоғамы «Заң көмегінің бірыңғай ақпараттық жүйесін» (бұдан әрі – «Е-Заң көмегі») әзірледі.

«Е–Заң көмегі» жобасының мақсаты халықты онлайн режимде білікті заң көмегіне мұқтаж ету, адвокаттық қызметті және заң консультанттарының қызметін автоматтандыру болып табылады.

«Е-Заң көмегінің» артықшылықтары:

  • азаматтарға «Е–Заң көмегі» арқылы жеке және заңды тұлғалар туралы деректерді енгізу арқылы консультация көрсету сатысында пәрменді құқықтық көмек көрсету мүмкіндігі;
  • адвокаттар мен заң консультанттарын сот процесі шеңберінде жеке және заңды тұлғалар туралы деректерді тексерудің заманауи құралдарымен қамтамасыз ету;
  • қорғаушы немесе өкіл ретінде өз міндеттерін орындау кезінде дәлелдемелер жинау бойынша жұмыс процесін жеделдету;
  • онлайн режимінде мемлекеттік кепілдендірілген заң көмегін көрсетуді және есепке алуды автоматтандыру;
  • соттар мен құқық қорғау органдарына адвокаттар мен заң консультанттарының мәртебесі мен өкілеттіктерін онлайн режимде тексеруге мүмкіндік беру;
  • заң консультанттары палатасына мүшелік тізілімін жүргізу;
  • заң консультанттарының электрондық тізілімінен үзінді көшірме алу мүмкіндігі;
  • міндетті мүшелікке (қатысуға) негізделген өзін-өзі реттейтін ұйымның қызметін жүзеге асыруды бастағаны туралы қабылданған хабарлама туралы өзін-өзі реттейтін ұйымдардың тізілімінен үзінді-көшірме алу мүмкіндігі);
  • адвокаттық қызметті және Заң консультанттарының қызметін жүзеге асыру үшін қажетті мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарға мәліметтерге сұрау салу бойынша ақпараттық өзара іс-қимыл жасау;
  • аумақтық адвокаттар алқасы мен заң консультанттары палатасының веб-порталдарын жүргізу;
  • заңнамаға байланысты кез келген проблеманың оңтайлы шешімін тез табуға мүмкіндік беретін құқықтық ақпарат кешені, сондай-ақ ақпараттың үлкен көлемін талдау мүмкіндігі бар анықтамалық-құқықтық жүйе.

Жоғарыда атап өтілген артықшылықтардан Сіздің назарыңызды мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету мен есепке алуды автоматтандыруға аударғым келеді.

Бұл автоматтандыру мыналарды қамтамасыз етеді:

  • адвокаттық қызметті цифрландыру шеңберінде қағазсыз құжат айналымына көшу;
  • адвокаттарды сотқа дейінгі тергеу органдары мен соттармен тағайындаудың ашықтығы;
  • тапсырмаларды бөлуді біркелкі етеді және адвокаттардың тағайындау бойынша қорғаушы ретінде заңгерлік көмек көрсетуге қол жетімділігінде тең құқықты қамтамасыз етеді;
  • жеке және заңды тұлғаларға құқықтық ақпараттандыру түрінде құқықтық көмек көрсетудің қолжетімділігі.

Қызметті https://eup.adilet.gov.kz/ сайтыеда пайдалануға болады, сондай-ақ, сіз «Zan komegi» мобильді қосымшасын Play Market немесе App Store арқылы жүктей аласыз.

Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.