Айдар парағына өту

Өсиетнаманы қалай құрастыру керек? Баспаға шығару нұсқасы

Cоңғы өзгеріс: 25.01.2022

қалам және өсиетӨсиетнама  - жиналған мүлікке және өзге де меншікке қайтыс болғаннан кейін басшылық етудің жалғыз тәсілі. Мүлікті мұрагерлерге өсиетке: басқа азаматтарға немесе заңды тұлғаларға қалдыруға болады.

Адам кез келген өзінің, соның ішінде болашақта сатып алатын  мүлкі туралы өсиет жазуға құқылы. 

Өсиет жазбаша түрде құрастырылады және оны құрастыру орны, күнімен уақытын көрсетумен нотариалды расталады.

Оны өсиет беруші жеке құрауы тиіс, өкіл арқылы өсиет құрастыруға жол берілмейді. Өсиетті рәсімдеу үшін нотариусқа куәлікпен келуі тиіс (екеуінің де жеке куәлігі немесе паспорты болуы тиіс). Бұл жерде мұрагердің өзінің қатысуы талап етілмейді, ол тіпті өсиетнаманың құрастырылуы туралы білмеуі де мүмкін.

Азамат барлық өзінің мүлкiн немесе оның бөлігін заң бойынша мұрагерлер тобына кіретін және кірмейтін бірнеше адамдарға, сондай-ақ заңды тұлғаларға және мемлекетке өсиетке қалдыра алады.

Өсиетнамаға өсиет жасаушы және куәгер қол қояды. Нотариус өсиет қалдырушының сөзінен жазған өсиетнама нотариус және куәгердің қатысуымен қол қойғанға дейін оқылады. Егер өтініш беруші өзінің физикалық кемшіліктері, ауруы немесе сауатсыздығына байланысты өсиетті өзі оқи алмаса, оның мәтінін нотариустың қатысуымен куәгер оқиды, ол туралы өсиетнама мәтінінде өсиет қалдырушы өсиетнаманы оқи алмаған себептерді көрсетумен куәландыру жазбаларына дейін тиісті жазба жүргізіледі.

Егер өсиет қалдырушы физикалық кемшіліктер, ауруы немесе сауатсыздығына байланысты өсиетнамаға өзі қол қоя алмаса, оның өтініші бойынша өсиетберуші өсиетнамаға жеке қол қоя алмаған себептерді көрсетумен өсиетнаманы құрастыратын басқа азамат, нотариус немесе өзге тұлғаның қатысуымен оның өтініші бойынша қол қоюы мүмкін.

Өсиетнаманы құрастыруда куәгерлер бола алмайды:

  • өсиетнаманы куәландыратын нотариус немесе өзге тұлға;
  • оның пайдасына өсиетнама немесе өсиетнамалық бас тарту құрастырылған мұрагер, оның зайыбы, балалары, немерелері мен шөберелері, сондай-ақ заң бойынша өтініш берушінің мұрагерлері;
  • толық әрекетке қабілетсіздікке ие емес азаматтар;
  • өсиетнаманы оқуға қабілетті емес сауатсыз және басқа адамдар;
  • жалған түсінік бергені үшін соттылығы бар адамдар.

Өсиетнама екі данада құрастырылады, олардың бірі оны рәсімдеген нотариуста сақталады және соңынан сақтауға нотариалдық палатаға немесе мемлекеттік мұрағатқа беріледі. Екінші дана өсиет қалдырушыға беріледі, ол оны өзінде қалдыра алады немесе мұрагерге береді.

Өсиетанаманы құрастыру үшін қандай құжаттар болуы қажет? Өсиетке қалдырылатын мүлікке құжаттардың болуы міндетті емес, бірақ өсиет беруші өсиетке қалдырылған мүлікке өзінің құқықтарын дәлелдеуге міндетті емес, алайда өсиетнаманы құрастыру үшін осы құжаттар болса дұрыс болады. Нотариус, өсиетнама мәтінін құрастыра  отырып, мұраға қалдырылатын мүлікті көрсетуге құқылы, бірақ мұраға қалдырылатын мүлікті сәйкестендіретін белгілерді мүмкіндігінше нақты сипаттау керек,  ол өсиетнаманы түсіндіру мүмкіндігін әлде біреуге болашақта оны жоққа шығару себебі ретінде пайдалану болдырмау үшін қажет. Мысалы, жер учаскесі оның ауданымен, кадастрлық нөмірімен, жер санаты және рұқсат етілген қызметтің түрімен, дәл мекенжаймен, бақша шаруашылығының атауымен немесе саяжай кооперативімен сәйкестендіріледі. Осы мәліметтерді жерге құжаттар болмағанда дәл жүргізу мүмкін  емес.

Сондай-ақ өсиетнамада талаптар болуы мүмкін, бұл мұрагер мұраны осы талапты орындағаннан кейін алатын талап анықталған өсиетнама болып табылады. Мұрагерді тағайындау немесе мұра құқығынан айыру туралы тапсырмаға қосылған құқыққа қайшы талаптар - жарамсыз. Егер өсиетнама мұрагер үшін оның денсаулығы немесе өзге объективті себептерге байланысты орындалмайтын талаптарды қамтитын болса, мұрагердің талабы бойынша жарамсыз деп танылуы мүмкін.

Өсиетнама қалдырушының қалауы бойынша өсиетнаманы нотариус оның мазмұнымен танысусыз куәландыруы мүмкін. Бұл сияқты өсиетнама құпия өсиетнама деп аталады.  
Оның жарамсыздық қаупіне байланысты құпия өсиетнама қолмен жазылуы және екі куәгердің және нотариустың қатысуымен өтініш берушімен қол қойылуы және куәгерлер өз қолдарын қоятын конвертке жапсырылуы тиіс. Куәгерлер қол қойған  конверт куәгерлердің және нотариустың қатысуымен басқа конвертке салынады, оған нотариус куәландыру қолын қояды.

Өсиетнаманы кім даулай алады?

Көбінесе өсиетнамамен оның нәтижесінде мұраға толығымен немесе ішінара құқықтардан айрылатын мұрагерлер келіспейді.

Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 1056-бабының 2-тармағына сәйкес сотқа талапты өсиетнаманы жарамсыз деп тану, құрастырудың белгіленген тәртібін бұзу салдарынан, өсиетнамаға қол қою және куәландырудан мүліктік салдарларға ие болатын адам ғана ұсынуға құқылы, яғни өсиетнама жарамсыз деп танылғанда мұраға құқылы болатын адам ғана ұсынуға құқылы.

Өсиетнаманы жоюға немесе өзгертуге бола ма?

Өсиетке қалдырылған мүлікті алу

 

Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.