Айдар парағына өту

Мемлекет балаларды тегін дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ете ме? Баспаға шығару нұсқасы

Cоңғы өзгеріс: 14.02.2020

Бұл пайдалы ақпарат өзектендіру сатысында

1338893161_1_56.jpgБекітілген Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің шеңберінде дәрілік заттармен және медициналық мақсаттағы бұйымдармен, оның ішінде белгілі бір аурулары (жай-күйлері) бар азаматтардың жекелеген санаттарына амбулаториялық деңгейде тегін немесе жеңілдікпен берілетін дәрілік заттармен және мамандандырылған емдік өнімдердің тізбесіне  сәйкес Қазақстан Республикасының балалары тегін дәрілік заттармен және медициналық мақсаттағы бұйымдармен    қамтамасыз етіледі.  

Қазақстанда  нәрестелер  жаңа туған нәрестелер кезеңіндегі аурулардың алдын алу және емдеу үшін  тегін «Ана мен бала дәрі қобдишасымен», балаларға арналған тамақпен (медициналық айғақтары бойынша ерте жасанды немесе аралас қоректендіру).

Тізбеге сәйкес, балалар республикалық және жергілікті бюджеттен тегін дәрілік заттармен қамтамасыз етіледі.

Мынадай санаттар:

балалар церебралды  сал ауруы, пневмония, бронх демікпесі, темір тапшылығы анемиясы, мешел, жіті фарингит/ тонзиллит/ бронхит, эилепсия, психикалық аурулар.     

Дәрі-дәрметкер тізбесіне:

  • Амоксициллин, капсула, таблетка, оның ішінде диспергирленген суспензия дайындау үшін ұнтақ, ішуге арналған;
  • Парацетамол, суппозиторилер;
  • Ибупрофен, суспензия;
  • Амоксициллин + клавуландық қышқыл, таблетка, ауызға қолданылатын суспензия дайындауға арналған ұнтақ.

1 жасқа дейінгі балаларға күзгі-қысқы кезеңінде ргокальциферол, ауыз арқылы қолданылатын ерітіндімен, ішуге арналған майлы ерітіндімен;
колекальциферол, сулы ерітіндімен мешелдің алдын алу профилактикасы жүргізіледі  

Балаға тегін дәрі-дәрмектерді қалай алуға болады?

Қағидаларға  сәйкес   «Ана мен бала дәрі қобдишасы»  перзентханадан шығарған кезде беріледі. Балаларға тегін дәрі-дәрмектерді беру амбулаториялық-емханалық көмек көрсеткен кезде Тізбеге сәйкес ТМККК шеңберінде фармацевтикалық қызмет көрсететін дәріханалар арқылы, дәрігердің рецепті бойынша науқас адамның жеке басын куәландыратын құжатты ұсынған кезде  жүзеге асырылады

Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.