Кодекстің 41 бабына сәйкес ерлi-зайыптылар неке шартымен Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген бiрлескен ортақ меншiк режимiн өзгертуге, ерлi-зайыптылардың барлық мүлкiне, оның жекелеген түрлерiне немесе ерлi-зайыптылардың әрқайсысының мүлкiне бiрлескен, үлестiк немесе бөлек меншiк режимiн белгiлеуге құқылы. Осылайша, Неке шарты ерлi-зайыптылардың бірлескен немесе жеке қолда бар мүлкiне қатысты да, болашақтағы мүлкіне де, сондай-ақ онымен жасалатын операцияларға да қатысты болуы мүмкін.
Некені бұзған кезде мүлікті бөлу үнемі неке шартын жасасудың басты себебі бола бермейді, өйткені неке шартының мәні ретінде көптеген мүліктік жағдайлар болуы мүмкін.
Неке шартына ерлі-зайыптылар:
- өзара күтiп-бағу жөнiндегi өз құқықтары мен мiндеттерiн;
- бiр-бiрiнiң табыстарына қатысу тәсілдерін;
- өздерінің әрқайсысының отбасылық шығыстар шығару тәртiбiн айқындауға;
- неке (ерлі-зайыптылық) бұзылған жағдайда ерлi-зайыптылардың әрқайсысына берiлетiн мүлiктi айқындауға;
- неке шартына ерлi-зайыптылардың мүлiктiк қатынастарына қатысты өзге де кез келген ережелердi;
- осы некеден (ерлі-зайыптылықтан) туған немесе асырап алынған балалардың мүліктік жағдайын енгізуге құқылы.
Ерлi-зайыптылар өз мүлкiне бiрлескен, үлестiк немесе бөлек меншiк режимiн белгiлеуге немесе оларды жекелеген мүлік түрлеріне қатысты үлестіруге құқылы. Шартта ескерілмеген мүлік жалпыға бірдей белгіленген заңды режимге бағынады.
Бұл ретте Неке шартында көзделген құқықтар мен мiндеттер белгiлi бiр мерзiмдермен шектелуi не белгiлi бiр жағдайлардың туындауына немесе туындамауына қарай қойылуы мүмкiн екенін есепке алу қажет. мысалы ата-нанасы ажырасқаннан кейін бала жылжымайтын мүлікке құқығын, егер бұл немесе ерлі-зайыптылардың білгенінше өзге талаптар шартта көрсетілген болса, тек 18 жасқа толғанда алады.
Неке шарты мүліктік мүдделерге қатысты болғандықтан және оларды реттеу үшін жасалатындықтан, онда тиісінше өзге сипаттағаы талаптарды көрсетуге болмайды.
Неке шарты ерлi-зайыптылардың құқық қабiлеттiлігін немесе әрекетке қабiлетiн, олардың өз құқықтарын қорғау үшiн сотқа жүгiну құқығын шектей алмайды; ерлi-зайыптылар арасындағы мүлiктiк емес жеке қатынастарды, ерлi-зайыптылардың балаларға қатысты құқықтары мен мiндеттерiн реттей алмайды; еңбекке қабiлетсiз мұқтаж жұбайдың күтіп-бағу қаражатын алуға құқығын шектейтiн ережелерді және Қазақстан Республикасы неке-отбасы заңнамасының негiзгi бастауларына қайшы келетiн басқа да жағдайларды көздей алмайды
Кодекстің 41 бабы 3 тармағына сәйкес неке шарты:
- ерлi-зайыптылардың құқық қабiлеттiлігін немесе әрекетке қабiлетiн, олардың өз құқықтарын қорғау үшiн сотқа жүгiну құқығын шектей алмайды;
- ерлi-зайыптылар арасындағы мүлiктiк емес жеке қатынастарды, ерлi-зайыптылардың балаларға қатысты құқықтары мен мiндеттерiн реттей алмайды;
- еңбекке қабiлетсiз мұқтаж жұбайдың күтіп-бағу қаражатын алуға құқығын шектейтiн ережелерді көздей алмайды;
- Қазақстан Республикасы неке-отбасы заңнамасының негiзгi бастауларына қайшы келетiн басқа да жағдайларды көздей алмайды.
Бұл сіз неке шарты арқылы үй шаруасын жүргізу қағидаларын, некеде және ажырасқан жағдайда балалармен қатынасу тәртібін (кездесулер уақытын және ұзақтығын – үлкі ретінде), бірлескен өмірінің аспектілерін заңнамалық бекіте алмайтындығыңызды білдіреді.