Айдар парағына өту

Әскери қызметкерлерге арналған жеңілдіктер Баспаға шығару нұсқасы

Cоңғы өзгеріс: 02.08.2022

әскери шеру

Мемлекет шамадан тыс жүктемеде, сондай-ақ қолайсыз ауа-райы шарттарында әскери қызметті атқаруға байланысты әлеуметтік қызметкерлер үшін әлеуметтік қолдауды көздейді. Біздің ел әскери қызметкерлердің өздеріне де, сондай-ақ олардың отбасы мүшелеріне де қажетті көмекті көрсетуге тырысады. Қазақстанда нормативтік құжаттарға сәйкес әскери қызметкерлерге белгілі бір жеңілдіктер бар. Осы жеңілдіктерді біз осы мақалада толық сипаттап береміз. 

Әскери қызметшілерді тұрғын үймен қамтамасыз ету 

Осы Заңның мақсаттары үшін арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің немесе әскери қызметшілердің отбасы мүшелеріне:

      1) зайыбы немесе жұбайы;

      2) ортақ немесе ерлі-зайыптылардың біреуінің баласы (балалары);

      3) ортақ немесе ерлі-зайыптылардың біреуінің он сегіз жасқа толғанға дейін мүгедек болған он сегіз жастан асқан баласы (балалары) жатады.

Мемлекет есебінен әскери қызмет мерзіміне тұрғын үймен қамтамасыз етіледі.

Әскери қызметшілерді тұрғын үймен қамтамасыз ету «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген тәртіппен жүргізіледі.

Әскери қызметкерлерге медициналық қызмет көрсету

Әскери қызметшілерді әскери-медициналық мекемелерде (ұйымдарда, бөлімшелерде) медициналық қамтамасыз ету бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

Әскери қызметшілердің әскери қызмет өткеру орнында немесе тұрғылықты жерінде әскери-медициналық мекемелер (ұйымдар, бөлімшелер) немесе оларда тиісті бөлімшелер, мамандар не арнайы жабдық болмаған кезде медициналық көрсетілімдер бойынша әскери қызметшілерге медициналық көмекті денсаулық сақтау субъектілері:

      1) "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде;

      2) "Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде көрсетеді.

      Әскери қызметшілерге осы тармақтың бірінші бөлігінің 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген медициналық көмекті көрсету бойынша денсаулық сақтау субъектілерінің көрсетілетін қызметтеріне ақы төлеуді әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры жүзеге асырады.

      Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде әскери қызметшілерге медициналық көмек көрсету бойынша денсаулық сақтау субъектілерінің көрсетілетін қызметтеріне ақы төлеуге әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының шығындарын өтеу денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органға көзделген бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

    Әскери қызмет міндеттерін атқару кезінде жараланған, контузия, жарақат алған, мертіккен немесе ауырған әскери қызметшілер, құрылымында олар әскери қызметті өткеретін Қарулы Күштердің қаражаты есебінен санаториялық-курорттық емделуге жіберіледі.

       Мерзімді қызметтің әскери қызметшілері және әскери оқу орындарының курсанттары медициналық көрсетілімдер болған кезде мемлекет есебінен санаториялық-курорттық емделумен қамтамасыз етіледі.

Әскери қызметшілерді әлеуметтік қамсыздандыру

Әскери қызметшілердің барлық санаттары әскери қызмет міндеттерін орындағаны үшін Қазақстан Республикасының Президенті келісімі бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін мемлекеттік бюджет есебінен қамтылатын Қазақстан Республикасы органдары қызметкерлерінің еңбегіне ақы төлеудің бірыңғай жүйесі негізінде белгіленетін ақшалай үлеспен қамтамасыз етіледі.

Ақшалай үлес ақшалай қаражатты (лауазымдық айлықақыны және әскери атағы бойынша айлықақыны), қызмет өткерудің ерекше жағдайлары үшін үстемеақыларды және қолданыстағы заңнамада көзделген басқа да үстемеақыларды қамтиды.

Келісімшарт бойынша әскери қызметшілердің лауазымдық айлықақылары қызмет өтілі ескеріле отырып айқындалады.

Келісімшарт бойынша әскери қызметшілер лауазымдық айлықақыларының және әскери атақтар бойынша айлықақыларының мөлшері тиісті лауазымдардағы мемлекеттік қызметшілер лауазымдық жалақыларының мөлшерінен және тиісті арнайы атақтар мен сыныптық шендерге қосымша ақылар мөлшерінен төмендетілмей белгіленеді.

Әскери қызметші әскери қызметте дәлелсіз себептермен болмаған жағдайда оған болмаған күндері үшін ақшалай үлес төленбейді.

Ақшалай үлесті, жәрдемақылар мен басқа да төлемдерді төлеу тәртібін уәкілетті органдар белгілейді.

Әскери қызметшілерге жарылу қаупі бар заттарды және өзге де жарылғыш құрылғыларды іздеу, тасымалдау, залалсыздандыру және жою жөніндегі жауынгерлік міндеттерді орындаған кезде уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен тәулігіне бір айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде жәрдемақы төленеді.

Радиоактивті материалдарды, иондаушы сәулелену көздерін, аса жоғары жиілікті және (немесе) зымыран отынының құрамдастарын пайдаланумен, сақтаумен байланысты лауазымдарда қызмет өткеретін, сондай-ақ көрсетілген жұмыстарға және объектілерде радиоактивті материалдарды, иондаушы сәулелену көздерін, аса жоғары жиілікті және (немесе) зымыран отынының құрамдастарын пайдаланумен, сақтаумен байланысты авария салдарларын жою жөніндегі жұмыстарға уақытша тартылатын әскери қызметшілерге нақты жұмыс істеген уақытына тепе-тең ұзақтығы жылына он екі тәулікке дейін қосымша демалыс беріледі.

Келісімшарт бойынша әскери қызметшілерге жабық және оқшауланған әскери қалашықтарда, шекара заставаларында және комендатураларда тұратындарды қоспағанда, коммуналдық қызметтерге арналған шығыстарды төлеу үшін уәкілетті органдардың бірінші басшылары айқындайтын тәртіппен, тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген мөлшерде ақшалай өтемақы төленеді.

Әскери қызметшілер мемлекет есебінен бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша уәкілетті мемлекеттік органдардың бірінші басшылары бекіткен нормалар бойынша және уәкілетті органның бірінші басшысы айқындайтын тәртіппен заттай мүлікпен қамтамасыз етіледі.

Әскери қызметшілер бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық мемлекеттік органмен келісу бойынша Қазақстан Республикасы уәкілетті мемлекеттік органдарының бірінші басшылары белгілейтін нормалар бойынша мынадай жағдайларда:

1) жауынгерлік кезекшілікті атқарған кезде;
2) қарауылдағы қызметті атқарған кезде;
3) тәуліктік нарядты атқарған кезде;
4) далалық шығуларға (теңізге шығуларға) қатысқан кезде;
5) орналасқан орындарда дауылға қарсы әзірлік кезіндегі іс-шараларды жүзеге асырған кезде;
6) маяктарда вахтада тұрған кезде;
7) суасты міндеттерін (жұмыстарын) орындаған кезде;
8) парашютпен секірген кезде;
9) әскери эшелондарға ілесіп жүрген кезде;
10) әскери-медициналық мекемелерде (ұйымдарда) стационарлық емделуде болған кезде;
11) гауптвахтада ұсталған кезде;
12) бітімгершілік операцияға қатысқан кезде, сондай-ақ бітімгершілік операция жүргізу аймағына (ауданына) бару және кері қайту кезінде тамақтандырумен қамтамасыз етіледі.

Ұшқыштар құрамының әскери қызметшілері әскери қызмет өткеру уақытында тамақтанумен қамтамасыз етіледі.

Авиациялық техникаға қызмет көрсетуге және ұшуларды қамтамасыз етуге рұқсат етілген инженерлік-техникалық құрам ұшуларды дайындау және орындау кезеңінде тамақтанумен қамтамасыз етіледі.

Әскери қызметшілер мемлекет есебінен қызметі бойынша ауысқан, әскери қызметтен шығарылған кезде, стационарлық емделуге барған және кері қайтқан кезде теміржол, әуе, су және автомобиль көлігімен жол жүруге, сондай-ақ қызметі бойынша ауысқан және әскери қызметтен шығарылған кезде он тоннаға дейін жеке мүлікті тасымалдауға құқылы.

«Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» ҚР Заңда көзделген жағдайларда әскери қызметшілерге Қазақстан Республикасының аумағы бойынша көлікте жол жүруге және пошта жөнелтілімдеріне арналған басқа да шығындар өтеледі.

Келісімшарт бойынша әскери қызметшілер қашықтығы 100 шақырымнан астам бір елді мекеннен басқасына қоныс аударуға байланысты қызмет бабымен ауысқан кезде (оның ішінде әскери бөлім немесе бөлімше құрамында) оларға әскери қызметшінің өзіне екі айлық ақшалай қаражат және онымен бірге қоныс аударған әрбір отбасы мүшесіне айлық ақшалай қаражаттың жартысы мөлшерінде көтерме жәрдемақысы төленеді.

 

Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.