Айдар парағына өту

Бүгінгі таңдағы ипотекалық кредиттеу Баспаға шығару нұсқасы

Cоңғы өзгеріс: 10.03.2023

алақандағы үй

Ипотека көптеген қазақстандықтар үшін  жеке тұрғын үй сатып алу немесе тұрғын үй жағдайын жақсарту тәсілі болып табылады. Дегенмен,  ипотека, кез келген кредит сияқты үлкен жауапкершілік екенін есте ұстаған жөн. Оны рәсімдеуден бұрын қаржылық мүмкіндіктеріңізге талдау жүргізіп алу керек.

Ипотекалық кредит ресімдеу кезінде бірінші кезекте не нәрсеге ерекше назар аудару керек? Әр түрлі банктердің шарттары, сондай-ақ ипотеканы рәсімдеуге қажетті құжаттардың тізімдері мен нысандары қандай? Бұл бөлімде ипотекалық кредиттің басты кезеңдері туралы ақпарат берілген.

Ипотека дегеніміз не?

Ипотека - екінші деңгейлі банктердің жылжымайтын мүлік сатып алуға  беретін кредит Ипотекаға қойылатын кепіл - ол сіз сатып алатын тұрғын үй. Ипотекалық кредит тұрғын үй құнының белгілі бір бөлігіне беріледі. Ал пәтер құнының қалған бөлігін қарыз алушы өз қаражатынан төлеуі керек және ол  бастапқы жарна деп аталады. Дегенмен, әрбір әлеуетті қарыз алушы кредитті толығымен төлегенге дейін сатып алатын мүлік банктің меншігі екенін есте ұстауы керек. Егер сіз ай сайынғы төлемдеріңізді төлемесеңіз, банк пәтеріңізді немесе үйіңізді алып өзіне алып,  қарызды жабу үшін мүлікті өз сатып жібере алады.

Бүгінгі таңда ипотекалық кредитті коммерциялық банктер және тұрғын үй құрылысын үнемдеу жүйесін жүзеге асыратын бір мемлекеттік мамандандырылған банк ұсынады. Ай сайынғы төлем сомасы бастапқы жарнаға, кредит мерзіміне және пайыздық мөлшерлемеге байланысты.

Ипотекалық кредиттеуді рәсімдеу қадамдары

Ипотекалық кредитті рәсімдеу кезінде не іздеу керек? 

Ипотеканың оң және теріс жақтары 

Ипотекалық қарыз алушылардың құқықтарын қорғау үшін не істеу керек

 

 

Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.