Айдар парағына өту

«Ашық бюджеттер» порталы. Бюджеттік бағдарламалардың жобаларын талқылауға қалай қатысуға болады Баспаға шығару нұсқасы

Cоңғы өзгеріс: 23.05.2023

Ашық бюджеттер порталы«Ашық бюджеттер» порталы (budget.egov.kz) – «Ашық үкімет» жобасының компоненті, мөлдір бюджетті қалыптастыруды қамтамасыз ету және бюджет қаражатының шығысына қоғамдық бақылауды дамыту үшін  құрылды.

«Ақпаратқа қол жеткізу туралы» Заңына сәйкес» биліктің заң шығарушы, атқарушы және сот тармақтарының, жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқарудың мемлекеттік органдары мен мекемелері порталда бюджеттік есептілік, шоғырландырылған қаржылық есептілік, мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау нәтижелерін орналастырады, сондай-ақ бюджеттік бағдарламалардың жобаларын және оларды іске асыру туралы есептерді жария талқылау жүргізіледі.

Түсініктемелер, ескертулер мен ұсыныстарды бюджетті жұмсау мәселелерінде мүдделі Қазақстан Республикасының әрбір азаматы қалдыра алады.

Порталмен жұмыс жасау 

Бюджеттік бағдарламаларды іске асыру туралы ақпаратпен танысу үшін «бюджеттік бағдарламалар» қосымша бетіне басып тиісті бөлімшені таңдау қажет: «Жоба», «Бекітілген бағдарламалар» немесе «Іске асыру туралы есептер».

Ашылған терезеде таңдалған санаттағы барлық қол жетімді құжаттар тізімі пайда болады, оларды орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар бойынша сүзуге болады.

Қызықтыратын бюджеттік бағдарлама бетіне өтіп сіз оның толық сипаттамасымен танысасыз, оның әрбір пункті түсініктеме үшін қол жетімді. Сондай-ақ, мұнда бастапқы құжатты Excel форматында жүктеуге болады.

Түсініктеме беру үшін авторизация қажет, ол өз кезегінде eGov.kz электрондық үкімет порталында тіркеуді талап етеді. Бұл рәсімнің егжей-тегжейі электрондық үкімет порталының «Порталда алғаш рет» бөлімінде сипатталған.

«Материалдар» бөлімінде шоғырландырылған қаржылық есептілік, мемлекеттік органдардың бюджеттік есептілігі, және де мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау нәтижелері туралы ақпарат бойынша деректер жиналған.

Шоғырландырылған қаржылық есептілік өз кезегінде мынадай құжаттардан тұрады::

  • Шоғырландырылған бухгалтерлік баланс;
  • Қаржылық қызмет нәтижелері туралы шоғырландырылған есеп;
  • Ақша қозғалысы туралы шоғырландырылған есеп (тікелей әдіс);
  • Таза активтердің/капиталдың өзгерістері туралы шоғырландырылған есеп;
  • Шоғырландырылған қаржылық есептілікке түсіндірме жазба.

Бюджеттік есептілік мыналарды қамтиды:

  • Жергілікті бюджеттердің атқарылуы туралы есептер;
  • Республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есептер;
  • Мемлекеттік бюджеттің атқарылуы туралы есептер;
  • Шоғырландырылған бюджеттің атқарылуы туралы есептер;
  • Облыс бюджеттерінің атқарылуы туралы есептер;
  • Бюджеттік бағдарламаларды іске асыру туралы есептер;
  • Стратегиялық жоспарды іске асыру туралы есептер;
  • ҚР Ұлттық қорының түсімдері мен пайдаланылуы туралы есептер.

Есеп бетінде Бюджеттің түрі, МО атауы, бекітілген және өзектілігі күні, есептің өзі, құжаттарды жүктеу сілтемесі көрсетіледі.

«Мұрағат» бөлімінде жария талқылау өткен барлық жобалар, бекітілген бағдарламалар және бюджеттік бағдарламаларды іске асыру туралы есептер жиналған.

«Ашық үкімет» курсы бойынша семинар бағдарламасы бойынша дәріс

Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.