Айдар парағына өту

«Ашық деректер» порталы. Ашық деректер жиынтығын қолдану функционалы және мүмкіндіктер, мысалдары Баспаға шығару нұсқасы

Cоңғы өзгеріс: 09.11.2022

Ашық деректер порталы«Ашық деректер» порталы (data.egov.kz) - Ашық үкімет компоненттерінің бірі, мүдделі азаматтарды Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарынан шығатын әртүрлі деректер жиынтығына толық қол жеткізумен қамтамасыз ету мақсатында құрылған.

"Ақпаратқа қол жеткізу туралы" Заңға сәйкес, ашық деректер – бұл машинамен оқылатын түрде ұсынылған және одан әрі пайдалануға, өзгеріссіз түрде қайта жариялауға арналған жалпыға қолжетімді электрондық ақпараттық ресурстар. Басқаша айтқанда, бұл машинамен оқылатын форматтағы, авторлық құқықпен шектелмей жалпыға ортақ пайдалануға арналған ашық ақпарат. 

Деректер жинағы жарияланатын машинамен оқылатын форматты негізінен әзірлеушілер түрлі қосымшалар мен веб-сервистерді жасау үшін бастапқы материал ретінде пайдаланылады. Бұдан басқа, ашық деректер журналистер мен талдаушылар жүргізетін әлеуметтік-экономикалық және ғылыми зерттеулерде қолданылуы мүмкін.

Ашық деректер жиынтығын қалай табуға және жүктеуге болады

Бүгінгі күні data.egov.kz порталында келесі ақпарат иелері орналастырылған 3 мыңнан астам деректер жиынтығы бар:

  • ҚР орталық мемлекеттік органдары;
  • ҚР Жергілікті атқарушы органдары (облыстардың және Астана, Алматы қалаларының әкімдіктері);
  • ҚР басқа ұйымдары.

Жарияланған жинақтарды жасау және жаңарту күні бойынша сұрыптауға болады, сондай-ақ сайтта кеңейтілген іздеу механизмі жұмыс істейді.

Ең танымал деректер жиынтықтарының бірі – Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық объектілерінің қазақ және орыс тілдеріндегі атаулары, типтері, деңгейлері мен кодтары бар әкімшілік-аумақтық объектілер жіктеуішісінің (ӘАОЖ) бет үлгісін қарастырайық.

«Паспорт» қойындысында деректер жиынтығының қысқаша сипаттамасы, санаты, жауапты мемлекеттік орган, өзектілік мәртебесі, сондай-ақ оны орналастыру және жаңарту күні көрсетілген.

«Деректер» қойындысы арқылы оларды бетке 5, 10, 20 жазбаның тізімін шектей отырып, қалыпты, кестелік түрде көруге болады.

«Жүктеу» батырмасы бойынша ауысқанда сізге келесі пішімдер түрінде барлық деректер жинағын жүктеу ұсынылады: excel, docx, json, xml және csv.

«Версия» қойындысының көмегімен көрсетілген деректер жиынтығының әртүрлі нұсқаларымен танысуға болады.

Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.