Айдар парағына өту

«Ашық диалог» порталы. Өтініш беру тәртібі мен функционалы Баспаға шығару нұсқасы

Cоңғы өзгеріс: 22.05.2023

open dialog

«Ашық диалог» порталы мемлекеттік органдар мен қоғам арасында тиімді кері байланысты орнату мақсатында құрылған «Ашық үкімет» жобасының құрамдас бөліктерінің бірі болып табылады.

Бүгін азаматтардың арасында «Ашық үкімет»-тің ең танымал компоненті «Ашық диалог» порталы болып табылады.

Портал азаматтың мемлекетпен тікелей өзара іс-қимылына мүмкіндік береді. Ол:

Кеңейтілген іздеу және фильтр пайдаланушыларға үш негізгі сервисте (МО басшыларының блогтарында, интернет-конференцияларда, сауалнамаларда) түрлі параметрлер бойынша деректерді жылдам табуға мүмкіндік береді.

«Ашық диалог» сервистерін қолдану

  • eGov.kz порталында авторлану қажет – Ашық үкіметтің барлық компоненттері электрондық үкімет порталымен біріктірілген.
  • Егер сіз eGov.kz порталында әлі тіркелмеген болсаңыз сізге ЭЦҚ алып тіркеу процедурасынан өту қажет. Осыны жүзеге асыруға сізге "Порталда алғаш рет" бөліміндегі нұсқаулар көмектеседі.

Мемлекеттік органдар басшыларының блог-платформасы

2009 жылы Қазақстан Республикасының Премьер-министрінің бастамасымен құрылған мемлекеттік органдардың басшыларының ресми блог-платформасы. Азаматтарда орталық мемлекеттік органдардың бірінші басшылары және облыстардың әкімдеріне мәселелерімен және ұсыныстарымен жүгіну мүмкіндігі пайда болды.

Өтініш беру тәртібі

Өтінішті жасау үшін сізге блог-платформаға өтіп, басшыны таңдап "Өтініш беру" батырмасын басу қажет. Осыдан кейін келісімнің шарттарын қабылдап "Әрі қарай" батырмасын басу қажет. Ашылған терезеде келесі сауал санаттарының бірін таңдаңыз (санаттар тізімі толықтырылуы мүмкін):

  • Руханият және дін;
  • Халықты жұмыспен қамту;
  • Денсаулық сақтау;
  • Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар;
  • Ипотека;
  • Мәдениет және ақпарат;
  • Шағын және орташа бизнес;
  • Жастар саясаты;
  • Ғылым;
  • Ұлттық компаниялар;
  • Білім беру;
  • Мемлекеттік органдардың жұмысы туралы (мемлекеттік қызмет көрсету);
  • Құқық қорғау органдары;
  • Мемлекеттік тілді дамыту;
  • Аймақтар;
  • Еркін тақырып;
  • Ауыл шаруашылығы;
  • Әлеуметтік қамтамасыз ету;
  • Спорт;
  • Құрылыс, үлескерлер, тұрғын үй мәселелері;
  • Көлік;
  • Туризм;
  • Қаржы.

Санатты таңдағаннан кейін өтініштің мәтінін жазғаннан кейін, қажет болса, әрбіреуінің көлемі 10 Мб-қа дейін бірнеше файлды қоса тіркеуге болады. Рұқсат етілген форматтар - doc, docx, rtf, pdf, jpg, jpeg, bmp, png, tif, xls, xlsx. Осылайша қалыптасқан сауал ЭЦҚ немесе SMS-код арқылы расталады (eGov.kz порталының профилімен өзінің телефон нөмірі байланған жағдайда). Сауалды бергеннен кейін өңдеу нәтижесі бейнеленеді.

Өтінішке жауап алуды жылдамдату үшін сұрақтың мәніні нақты, түсінікті және егжей-тегжейлі түрде мазмұндау ұсынылады. Шағын кеңес – өтініш берер алдында портал бойынша іздеуді пайдаланып көруге болады, өйткені сіздің сұрағыңызға жауап беріліп қойған болып шығуы мүмкін.

Барлық берілген өтініштер модерациядан өтетіні туралы айта кету керек, осыған байланысты олардың блог-платформада шығуы белгілі бір уақыт алуы мүмкін. Модерация этика қағидалары және дұрыс жазу ережелеріне сәйкес келесідей түзетулерді қоса алғанда, бірақ олармен шектелмей жүргізіледі:

  • Өтініш мәтінінен құрамында жала жабу, кір келтіретін мәліметтер және абыройына, қадір-қасиетіне және іскерлік беделіне зиян келтіретін өзге де мәліметтер бар қорлайтын сипаттағы немесе диффамация мақсатында пайдаланылатын мәліметтер алынып тасталуы мүмкін.
  • Өтініш мәтінінен оның әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, тектік-топтық және рулық араздықты тұтандыру және насихаттауға бағытталған, сондай-ақ құрамында Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күштеп өзгертуге және аумақтық тұтастығын бұзуға шақырулар бар, халықтың қауіпсіздігіне, өміріне, денсаулығына, адамгершілігіне қауып туғызатын құрамдас бөліктері, мәліметтер алынып тасталуы мүмкін.

Құрамында балағат сөздер, оқылмайтын мәтін және түсініксіз қысқартулар бар өтініштер қаралмайды.

Өтініштер ашық қол жетімділікте қалып олардың әрқайсысы жеке бетте жариялатыны блог-платформаның ерекшеліктерінің бірі болып табылады. Сауалдың өзектілігі жоғалып сізге оны жасыру қажет болған жағдайда мемлекеттік органға хабарласу қажет.

Мемлекеттік органдардың берілген өтініштерге жауаптарын бағалау тетігі деректерді жинауға және порталдың басты бетінде мемлекеттік органдар мен санаттар бөлінісінде статистика түрінде шығаруға мүмкіндік береді. Осымен қоса қызмет арқылы заңды тұлғаның атынан өтініш беруге болады.

Интернет-конференциялар

Сауалнамалар

 

Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.