Айдар парағына өту

Аударма бюросын және тіл курстарын ашу Баспаға шығару нұсқасы

Cоңғы өзгеріс: 19.12.2023

Жер шары қолында

Аударма қызметтерінің нарығында сұраныс күннен күнге артып келеді. Қазақстанда қазақ тілінен орыс тіліне және орыс тілінен қазақ тіліне, сондай-ақ ағылшын тіліне аудармашылардың қызметтері неғұрлым көп сұранысқа ие. Соңғы кездері қытай-орыс аудармашыларына немесе үштілді аудармашы – қазақ, орыс, қытай тілінің аудармашыларына да сұраныс молаюда.

Аударма бизнесін шет тілін кем дегенде ауызекі сөйлеу және жазу деңгейінде білетін адамға ашқан жөн. Бірақ бұл бизнесті тиісті білімсіз де ашуға болады. Сонымен, аударма бюросын ашу үшін не керек, атап айтқанда қандай да бір рұқсат құжаттары талап етіле ме?

«Рұқсаттар және хабарламалар туралы» ҚР 2014 жылғы 16 мамырдағы № 202-V Заңына сәйкес қызметтің аталған түрін жүргізу үшін мемлекеттік органнан қандай да бір  рұқсатты алу талап етілмейді.

Аударма бойынша ақылы қызметтерді көрсету үшін сізге жеке кәсіпкер ретінде тіркелу  және салықтарды уақытылы төлеу жеткілікті. Қызметтің аталған түрін жүргізу үшін,егер жылдық табыс Салық Кодексінің 429-бабында белгіленген 300 АЕЖ аспаса, патент негізінде арнайы салықтық режимді қолданумен жеке кәсіпкерлікті ұйымдастыру ұсынылады.

Егер жалдамалы қызметкерлердің еңбегі пайдаланылатын болса, оңайлатылған декларация негізінде арнайы салықтық режимді қолданумен жеке кәсіпкерлікті ұйымдастыру ұсынылады.

Бизнесті кеңейту қажеттілігі жағдайында кәсіпкер «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған» бағдарламасының аясында мемлекеттен қолдауға үміт артуға болады.   Бағдарлама аясында несие алу үшін кәсіпкер бағдарламада белгіленген экономиканың басым секторларында жобаларды іске асыруы тиіс. Олар 50 астам салаларды қамтиды, бұл – өңдеу өнеркәсібі, тағам өнімдерінің өндірісі, киім, тоқыма бұйымдары өндірісі, білім, медицина саласындағы қызметтер, аударма ісі, ғылыми-техникалық қызмет және т.б. 

Тіл курстарын жүргізу

Білім саласында лицензиялауға қызметтің тек мынадай түрлері ғана жатады:

  • бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беретін жалпы білім бағдарламалары;
  • техникалық және кәсіби білімнің кәсіби бағдарламалары, соның ішінде мамандықтар және кәсіптер бойынша;
  • ортадан кейінгі, жоғары, жоғары білімнен кейінгі кәсіби бағдарламалар, соның ішінде мамандықтар бойынша;
  • рухани білім бағдарламалары.

Осылайша, қосымша білім қызметтерін ұсынатын, соның ішінде тіл курстарын оқытатын ұйымдар лицензиялауға  жатпайды. Осындай ұйымда лицензиялаудың болмауы оны оқудан өту туралы сертификатты беру құқығынан айырмайды. Яғни сіз тіл курстарын сертификат берумен немесе сертификатсыз ұйымдастыра аласыз, бірақ сізге берілген сертификат тыңдаушыға оқыту құқығын ұсынбайды, бірақ тілді белгілі бір уақыт ішінде меңгеру айғағын тыңдаушының деңгейін және балдарын көрсетумен растайды.

Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.