Айдар парағына өту

Туристік шығу визалары Баспаға шығару нұсқасы

Cоңғы өзгеріс: 19.09.2023

ҚР азаматтарына шетел елдерге шығу үшін виза қажет екендігі баршаға мәлім. Виза – бұл қандай да бір мемлекеттің шекарасына бару құқығын ұсынатын рұқсат беру құжаты екенін еске саламыз. Бұл іскерлік сапар, еңбек келісімшарты, туризм, отбасымен қосылу болуы мүмкін. Қазір біз визалар, олардың түрлері мен санаттары  қандай болатынының басын ашамыз.

Алдымен қолданыс мерзімі тұрғысынан визалар қандай болатынын қарастырамыз. Оларды 2 санатқа шартты түрде бөлуге болады:

Бір мәртелі - виза алушыға визада белгіленген мерзімге, мақсатқа және талапқа сәйкес Қазақстан Республикасына бір мәрте кіруге, оның аумағы арқылы өтуге, онда болуға және Қазақстан Республикасынан шығуға құқық береді.

Көп мәртелі - виза алушыға визада белгіленген мерзімге, мақсатқа және талапқа сәйкес Қазақстан Республикасына көп мәрте кіруге, оның аумағы арқылы өтуге, онда болуға және Қазақстан Республикасынан шығуға құқық береді. 

Қазақстан Республикасы аумағынан кетуге арналған визалар виза алушыға визада белгіленген мерзімге және талапқа сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында болуына және Қазақстан Республикасынан шығуға құқық береді.

Бір мәртелі де, көп мәртелі де визалар тобына мынадай түрлер кіреді:

А санаты

Дипломатиялық, қызметтік, инвесторлік виза.

В санаты

Іскерлік сапарға арналған, халықаралық автомобилдік тасымалдарын жүзеге асыруға арналған, әуе, теңіз, өзен кемелері экипаждары мен поезд бригадараларының мүшелеріне арналған, діни іс-шараларға қатысуға арналған, оқу практикасынан немесе тағылымдамадан өтуге арналған, Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға арналған, жеке сапарға арналған, Қазақстан Республикасының азаматтарын асырап алуға арналған, туристік мақсатпен келетін, транзитпен өту үшін, Қазақстан Республикасының аумағынан шығуға арналған виза.

С санаты

Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға арналған, отбасын біріктіруге арналған, еңбек қызметін жүзеге асыруға арналған, миссионерлік қызметті жүзеге асыруға арналған, гуманитарлық уәждер бойынша, білім алуға арналған, жеке сапарға арналған (этникалық қазақтар), кәмелетке толмаған азаматтарға арналған, емделуге арналған виза.

Олардың белгілі бір түрлері бір мәрте кіруге құқық беруге мүмкін, сондай-ақ ұзақ мерзім ішінде бірнеше рет пайдаланылуы мүмкін. Туристтік визаны рәсімдеу үдерісін жеңілдету үшін, сіз  белгілі бір жарнаны төлеп, қалаңыздағы визалық қолдаумен айналысатын кез келген туристтік агенттікке жүгіне аласыз.

Егер,  визаның қандай түрі  керек екенін анықтап білгіңіз келсе және сіз жүріп жатқан елге виза керек екенін білу үшін, сіздің жүріп жатқан еліңізбен Қазақстан Республикасының визалық режимін тексеру қажет. Бұл ақпаратты ҚР басқа мемлекеттермен визалық режимі мақаласынан табуға болады.

Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.