Айдар парағына өту

Ақылы ҰБТ: өткізу форматы, мерзімі және орны Баспаға шығару нұсқасы

Cоңғы өзгеріс: 24.06.2020

2019 жылдан бастап ҰБТ ақылы негізде ЖОО-ға түсу үшін жылына 4 рет өткізіледі (қаңтар; наурыз; маусым; тамыз).

Бұл ретте білім беру грантын тағайындау конкурсына қатысу үшін оқуға түсушілер маусым айында өтетін ҰБТ-ны тапсыруы қажет.

Бұл норма жоғары білім алуға қолжетімділікті арттыру мақсатында енгізілді.

Ақылы ҰБТ құжаттарды қабылдау мерзімі алдын ала белгіленген талапкерлердің бірнеше санаты үшін белгіленген күндері өткізіледі. Төмендегі кестеде күндер мен санаттар бойынша толық ақпарат берілген.

Өтініштерді қабылдау мерзімі

2019 жылы ҰБТ өткізу мерзімі

Қатысушылар

Өткізу түрі

1 желтоқсаннан 15 желтоқсанға дейін

15 қаңтардан 20 қаңтарға дейін

1) жоғары оқу орнына ақылы негізде қабылдау үшін орта білім беру ұйымдарының 11(12) - сынып бітіруші білім алушылары қалауы бойынша

ақылы*

2) бірінші академиялық кезең аяқталғанға дейін ақылы негізде күндізгі оқу нысаны бойынша жоғары оқу орындарына қабылданған тұлғалар

ақылы*

3) шығармашылық дайындықты талап ететін және білім беру бағдарламаларының басқа топтарына ауысқысы келетін білім беру бағдарламалары тобы бойынша жоғары оқу орындарының білім алушылары

ақылы*

1 ақпаннан 15 ақпанға дейін

24 наурызан 29 наурызға дейін

жоғары оқу орнына ақылы негізде қабылдау үшін орта білім беру ұйымдарының 11(12) сынып бітіруші білім алушылары қалауы бойынша

ақылы*

1 сәуірден 10 мамырға дейін

20 маусымнан 5 шілдеге дейін

1) республикалық бюджет немесе жергілікті бюджет қаражаты есебінен білім беру грантын тағайындау конкурсына қатысу үшін және (немесе) жоғары оқу орнына ақылы негізде қабылдау үшін ағымдағы жылғы орта білім беру ұйымдарының түлектері

тегін

2) республикалық бюджет немесе жергілікті бюджет қаражаты есебінен білім беру грантын тағайындау конкурсына қатысу үшін және (немесе) жоғары оқу орнына ақылы негізде қабылдау үшін өткен жылдардағы орта білім беру, техникалық және кәсіптік немесе орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарын бітірушілер

ақылы*

3) республикалық бюджет немесе жергілікті бюджет қаражаты есебінен білім беру грантын беру конкурсына қатысу үшін қысқартылған оқу мерзімдерін көздейтін жоғары білімнің білім беру бағдарламалары бойынша түсетін техникалық және кәсіптік немесе орта білімнен кейінгі білім түлектері

ақылы*

10 мамырдан 5 маусымға дейін

20 маусымнан 5 шілдеге дейін

халықаралық оқушылар алмасу желісі бойынша шетелде оқыған орта білім беру ұйымдарының түлектері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын, оқу орындарын шетелде бітірген ұлты қазақ тұлғалар республикалық бюджет немесе жергілікті бюджет қаражаты есебінен білім беру грантын тағайындау конкурсына қатысу үшін және (немесе) қалауы бойынша жоғары оқу орнына ақылы негізде қабылдау үшін

ақылы*

25 шілдеден 3 тамызға дейін

17 тамыздан 20 тамызға дейін

1) ағымдағы жылғы орта білім беру ұйымдарының түлектері жоғары оқу орнына ақылы негізде қабылдау үшін қалауы бойынша

ақылы*

2) жоғары оқу орнына ақылы негізде қабылдау үшін өткен жылдардағы орта білім беру, техникалық және кәсіптік немесе орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының түлектері

ақылы*

3) халықаралық оқушылар алмасу желісі бойынша шетелде оқыған орта білім беру ұйымдарының түлектері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын, жоғары оқу орнына қабылдау үшін шетелде оқу орындарын ақылы негізде бітірген ұлты қазақ тұлғалар қалауы бойынша

ақылы*

4) шығармашылық дайындықты талап ететін және білім беру бағдарламаларының басқа топтарына ауысқысы келетін білім беру бағдарламалары тобы бойынша жоғары оқу орындарының білім алушылары.

ақылы*

* - ҰБТ өткізу құны - 2242 теңге. (дереккөз – Ұлттық тестілеу орталығы)

Бірыңғай ұлттық тестілеуге қатысу үшін төлемді Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінің барлық кассаларында мынадай деректемелер бойынша жүргізуге болады:

ҚР БҒМ "Ұлттық тестілеу орталығы" РМҚК

010011 ж. Нұр-Сұлтан Жеңіс даңғ., 60

БСН 000140001853

ИИК KZ536010111000001515

БИК HSBKKZKX КБЕ 16

"Қазақстан Халық Банкі" АҚ

Төлемнің мақсаты – "Кешенді тестілеу үшін" (2242 теңге).

Сондай-ақ "Қазақстан Халық Банкі" АҚ терминалдары арқылы ғана ақы төлеуге жол беріледі.

Ақылы ҰБТ форматы – стандартты, яғни 5 пән бойынша тестілеуден өту қажет, оның 3-і – міндетті, ал 2-і – бейінді.

Ұлттық бірыңғай тестілеуді тапсырудың жалпы рәсімі туралы біз "Қазақстандағы ҰБТ: дайындық және өткізу тәртібі" атты жеке мақаласында айтып өттік.

Өтініш беру үшін қажетті құжаттар

Ағымдағы жылғы орта білім беру ұйымдарының түлектеріне өтініштерді (құжаттарды) қабылдау пункттерінің және Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу пункттерінің тізбесі 

 

Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.