Айдар парағына өту

Азаматтар өтініштерін қабылдау тәртібі Баспаға шығару нұсқасы

Cоңғы өзгеріс: 02.12.2020

Азаматтардың негізгі құқықтарының бірі олардың құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделерін іске асыру және қорғау мақсатында мемлекеттік органдарға және жергілікті өзін өзі басқару органдарына жеке өтініш беру құқығы болып табылады   

Өтініш  өтініште қойылған мәселелерді шешу оның құзыретіне кіретін субъектіге немесе лауазымды тұлғаға жіберілуге тиіс. Жеке тұлғаның өтінішінде оның тегі, аты, сондай-ақ қалауы бойынша әкесінің аты, почталық мекен-жайы, заңды тұлғаның өтінішінде - оның атауы, почталық мекен-жайы, шығыс нөмірі мен күні көрсетіледі. Өтінішке арыз иесі қол қоюы не ол электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылуға тиіс.

Шағым жасалған кезде іс-әрекетіне шағым жасалып отырған субъектінің атауы немесе лауазымды тұлғалардың лауазымы, тегі және аты-жөні, өтініш жасау себептері мен талаптары көрсетіледі.

Субъектіге тікелей жазбаша өтініш жасаған арыз берушіге тіркелген күні мен уақыты, өтінішті қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні көрсетілген талон беріледі.

Берілген өтініштер міндетті түрде қабылдануға, тіркелуге, есепке алынуға және қаралуға тиіс. Өтінішті қабылдаудан бас тартуға тыйым салынады.

Мыналар қарауға жатпайды:

  • мұндай өтініште дайындалып жатқан немесе жасалған қылмыстар туралы не мемлекеттік немесе қоғамдық қауіпсіздікке төнетін қауіп туралы мәліметтер бар және мемлекеттік органдардың құзыреттеріне сәйкес оларға дереу жіберілуге тиіс жағдайларды қоспағанда, иесі бүркемеленген өтініш;
  • мәселенің мәні баяндалмаған өтініш.

Өтініш құзыретіне өтініште қойылған мәселелерді шешу кіретін субъектіге немесе лауазымды тұлғаға жіберілуге тиіс. Өтініште қойылған мәселелерді шешу құзыретіне кірмейтін субъектіге немесе лауазымды тұлғаға келіп түскен өтініш үш жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде бұл туралы арыз берушіге хабарланады.

Өтініштерді қарау нәтижелері бойынша мынадай шешімдердің бірі қабылданады:

  • өтінішті толық немесе ішінара қанағаттандыру туралы;
  • осындай шешім қабылдауды негіздей отырып, өтінішті қанағаттандырудан бас тарту туралы;
  • өтініштің мәні бойынша түсінік беру туралы;
  • өтінішті қарауды тоқтату туралы.

Өтініштерге берілетін жауаптар Қазақстан Республикасының заңнамасына сілтеме жасай отырып, мазмұны бойынша негізделген және дәлелді, мемлекеттік тілде немесе өтініш берілген тілде болуға, арыз берушінің қабылданған шешімге шағым жасау құқықтарын түсіндіре отырып, оның дәлелін жоққа шығаратын немесе растайтын нақты деректерді қамтуға тиіс.

Өтініштерді қарау мерзімдері 

Жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдау

 

Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.