Қоғамдық қолжетімді орындары Баспаға шығару нұсқасы
Cоңғы өзгеріс: 18.01.2023Пайдалы сілтемелер:
Сондай-ақ қараңыздар:
Қоғамдық қолжетжізу пункттері (ҚҚП) - мемлекеттік қызметтер алуға мүмкіндік беретін сыртқы банкоматқа немесе мультикассаға ұқсас қабылдау құрылғы. ҚҚП арқылы электрондық анықтамаларды қашықтықтан алу үшін қажет:
-алмалы-салмалы тасығыштағы электрондық-цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) ,
- бір реттік пароль (нөмір мобильдік азаматтар базасында тіркелуі тиіс (БМГ))
- биометриялық деректер.
Қоғамдық қолжетімдік орындары арқылы көрсетілетін қызметтер тізілімі
ҚҚО-ларда электрондық цифрлық қолтаңбаны (ЭЦҚ) пайдалануға арналған usb-панельдер орнатылған. ЭЦҚ арқылы сіз келесі мемлекеттік қызметтерді бірнеше минутта ала аласыз:
- Паспорт алу үшін мемлекеттік баж алым
- Жеке куәлік алу үшін мемлекеттік баж алым
- Сотталғандығы болуы не болмауы туралы анықтама беру
- Жеке тұлғалардың алдағы салық төлемдерін қарау және төлеу
- Жеке тұлғаның заңды тұлғаларға, филиалдар мен өкілдіктерге қатысуы туралы мәліметтерді ұсыну
- Шет елге шығуы шектелген, борышкерлер тізілімі және атқару өндірісі бойынша борышқорлар тізілімі бойынша шет елге шығуға тыйым салынғандығының бар болуын тексеру
- Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшысының (алушысының) зейнетақы жинақтарының (инвестициялық кірістерін ескере отырып) жай-күйі туралы ақпарат беру
- Заңды тұлғаның басқа заңды тұлғаларға қатысуы туралы мәліметтерді ұсыну
- Өтініш берушінің (отбасының) атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілігін растайтын ақпарат беру
- Мектепке дейінгі ұйымдарға жіберу үшін мектеп жасына дейінгі (6 жасқа дейін) кезекке қою
- Әкімшілік айыппұлдарды және жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін айыппұлдары іздеу және төлеу
- Жұмыссыз ретінде тұлғаларды тіркеу
- Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын айқындау бойынша анықтама алу
- Жылжымайтын мүлiктiң болмауы (болуы) туралы ақпарат беру
- Тіркелген заңды тұлға, филиал немесе өкілдік туралы мәліметтерді ұсыну
- Заңды тұлғаның филиалдары мен өкілдіктерінің болуы туралы мәліметтерді ұсыну
- Заңды тұлғаларды тіркеу (қайта тіркеу) туралы, олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама беру
-
Заңды тұлғаның барлық тіркеу әрекеттері туралы мәліметтерді ұсыну
Қолдану бойынша нұсқаулық
ҚҚО – сенсорлық дисплеймен, экрандық пернетақтамен, принтермен және дыбыстық құрылғымен, тачпадпен жабдықталған толыққанды компьютер. ҚҚП-да usb ажыратқыш, жеке куәліктен деректерді оқуға арналған картридер, фингерпринтер (биометриялық деректерді оқуға арналған) орнатылған. Ақпаратты алу үшін сенсорлық экранда сол жақ жоғарғы бұрышында көрсетілген қосымша графикалық элементтерді (түймелерді) пайдалану қажет:
- 1-түймеше — «Алға»
- 2- түймеше — «Артқа»
- 3- түймеше — «Тоқта»
- 4- түймеше — «Сеансты аяқтау».
Usb ажыратқышын пайдалану үшін:
- Электрондық жадты USB ажыратқышына салу
- Оң жақ жоғарғы бұрышта кіру панелін басу керек
- Сенсорлы дисплейде сақтау орнын көрсету диалогтық терезе шығады (электрондық кілтті саусақпен басу керек)
- Кейін сенсорлық панельде паролін көрсету шығады (құпия сөзді жазу орнына басу арқылы, электрондық пернетақта шығады), оның құпия сөзі жазылады.
- Парольді енгізгеннен кейін енуді басу керек (оң жақ жоғарғы бұрышында Т. а. ә. көрсетіледі) бұл электрондық кілттің астына кіруді растайды.
Картридерді пайдалану үшін:
- Жеке куәлікті чипті жағынан жоғары қаратып ҚҚП қою
- Оң жақ жоғарғы бұрышта кіру панелін басу керек
- Сенсорлық дисплейде диалогтік терезе шығады, онда пароль жазылады (құпия сөзді жазу орнына басып, электрондық пернетақта шығады), онда пароль жазылады.
- Парольді енгізгеннен кейін енуді басу керек (оң жақ жоғарғы бұрышында Т. Ә. А. көрсетіледі) бұл электрондық кілтпен астына кіруді растайды.
Фингерпринтерді пайдалану үшін (биометриялық деректерді оқуға арналған)
- ҚҚП-да саусақ ізі бойынша деректерді оқуға арналған фингерпринтер орнатылған
- Оң жақ жоғарғы бұрышта кіру панелін басу керек
- Сенсорлық дисплейде кіру үшін диалогтық терезе шығады (биометриялық деректер көрсетіледі)
- Жүйеге кіру үшін фингерпринтерге саусақты басу керек және 2 секунд ішінде ұстап тұру керек.
- Жүйеге кіргеннен кейін (оң жақ жоғарғы бұрышында Т. Ә. А. көрсетіледі) бұл кіруді растайды.
Қоғамдық қолжетімділік пунктері алғаш рет 2006 жылы пайда болды. Олардың саны жыл сайын арта түсуде. Қоғамдық қолжетімділік пунктері Қазақстан халқы арасында Интернетті дамыту, мемлекеттік және өзге ақпараттық ресурстарға тең құқылы қолжетімділікті қамтамасыз ету мақсатында құрылды. ҚҚП-лар мегаполистер мен ауылдық аудандар арасында ақпараттық теңсіздік шекараларын жояды.